3 тірек-сызба дәріс Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орны



жүктеу 304.5 Kb.
бет7/47
Дата14.02.2022
өлшемі304.5 Kb.
#17247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
ЖМП Дәріс тезистері 2022
Практ 2
Шығармашылық іс-әрекет - мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.

3 тақырып. Қазіргі әлемдегі жоғары білім беру жүйесі

Жоспар:

1. Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі.



2. Білім беру ұғымының мағынасы

3.Білім берудің құндылық сипаты


Дәрістің мақсаты: қазіргі әлемдегі жоғары білім беру жүйесінің әлемдік деңгейде жетістіктері, адами капиталдың даму деңгейіндегі орны, білім берудің анықтамалары.

Негізгі ұғымдар: «білім беру», білім беру философиясы, білім беру құндылық ретінде, білім беру жүйе ретінде, үдеріс және іс-әрекет, нәтиже.
XXI ғасырда адамзат үлкен ғылыми-техникалық жетістіктерімен құнды. Адамдардың құндылық бағдарының өзгеруі, азаматтық сана-сезімі мен әлеуметтік жауапкершіліктің жеткіліксіз дамуы салдарынан адами ресурс сапасын жақсарту мақсатында білім беру ұғымына деген көзқарас әлем деігейінде өзгере бастады. Себебеі, білім беру – мемлекеттің адами капиталын қалыптастырудың іргетасы; әр тұлға үшін, қоғам үшін, баға жетпес құндылық, адамның тұлғалық және кәсіби дамуының басты факторы.

Педагогика ғылымында білім берудің бірнеше анықтамалары бар.

Кең мағынада білім беру – жеке тұлғаның өз өмірлік жолын құзырлы таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге және өзін-өзі дамытуға бағытталған үдеріс (Г.А. Асмолов).

Білім беру – жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын, оның қабілеттері мен мінез-құлқын жетілдіру үрдісі және нәтижесі (ЮНЕСКО).

Білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендір үрдісі (Педагогикалық энциклопедия).

Білім беру – адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту үрдіісі (В.А. Сластенин).

Білім беру философиясы. Шығыстың әйгілі философы, ғұлама ғалымы Әбу насыр әл-фараби жалпы педагогика ғылымынының өзін тәжірибелік философия немесе қолданбалы философия ретінде қарастырған.

Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В. Краевский, В.В. Кумарин, Б.С. Гершунский.

Ғалымдар білім беру философиясын үш тұрғыдан қарастырады:


  • Білім беру философиясы – қолданбалы философия.

  • Білім беру философиясының мазмұны педагогика ғылымдарының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріліеді.

  • Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын шынайы заңдылықтары құрайды.

Білім беру философиясының мәні – адам өмірінің түрлі кезеңдерінде оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы құндылық-бағдарлық, мазмұндық-процессуалдық, нәтижелік компоненттері жайлы аралық білімдер жүйесі.

Б.С. Гершунский білім беру ұғымын төрт аспектіде қарастырады:

- білім беру құндылық ретінде;

- білім беру жүйе ретінде;

- білім беру , үдеріс ретінде;

- білім беру іс-әрекет ретінде;

- білім беру нәтиже ретінде.

Білім берудің құндылық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады:



Білім туралы Заң. Жүйе ретінде өзара бірлескен іс-әрекет.

Әр түрлі типтегі мектептер, жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары.



Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық – білімділік – кәсби құзыреттілік – мәдениет – діл (менталитет). Бұл білім берудің нәтижелік тізбегіндегі діл ең жоғарғы сатысында тұрады, басқа бөліктердің жалпы мазмұнын анықтайды.

жүктеу 304.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет