3 тірек-сызба дәріс Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орны


дәріс Кәсіби оқыту процессінің мәні



жүктеу 304.5 Kb.
бет34/47
Дата14.02.2022
өлшемі304.5 Kb.
#17247
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
ЖМП Дәріс тезистері 2022
Практ 2
10 дәріс Кәсіби оқыту процессінің мәні.

1. Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың атқаратын қызметі және негізгі категориялары.

  • Дидактика –педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ( dіdaktіkas-оқытушы, dіdasko- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

  • Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің “Ұлы дидактика” еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша , дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген сұраққа жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда , неге оқыту.

  • Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

  • Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқу әдістемесі деп аталады.

  • Дидактика әрі теориялық , әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми- теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен змңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін , ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың ққолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.

  • Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын ( тәрбие, педагогтік іс- әрекет, білім беру) пайдаланады.

  • Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар : білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік .

  • Оқыту –оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

  • Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықталған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол- оқытудың нәтижесі болатын білім , білік, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.


жүктеу 304.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет