3 тірек-сызба дәріс Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орны



жүктеу 304.5 Kb.
бет12/47
Дата14.02.2022
өлшемі304.5 Kb.
#17247
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
ЖМП Дәріс тезистері 2022
Практ 2
Білімдік құзырлықтар:

1) Құндылық түсінігі құзырлылығыбұл оқушының құндылық бағдары, қоршаған әлемді көре білуі мен түсіну қабілеті, өзінің ондағы рөлін сезінуі, өз іс-әрекетінің мәнділік және мақсатты ұстанымының болуы, шешім шығара білуі. Бұл құзырлылықты меңгерген оқушы оқу және басқа іс-әрекетте өз білімі мен біліктерін жүзеге асыра білу қабілетіне ие болады, нәтижесінде оқушының жеке білімдік кеңістігі және оның өмірлік әрекет бағдарламасы қалыптасады.

2) Жалпымәдени құзырлылықтаным мен жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық мәдениет аймағындағы адамның іс-әрекет тәжірибесі, адамзат қоғамы мен жеке халықтардың, адам өмірінің рухани-адамгершілік түсінігінің болуы. Оған адам өміріндегі ғылым мен діннің ролі, әлеуметтік құбылыстар мен дәстүрлер, отбасы мәдениеті, олардың қоршаған әлемге әсері, оқушының оны игеруі мен мәдени тұтастықты сезінуі.

3) Оқу-танымдық құзырлылық – оқушының дербес танымдық іс-әрекет арнасындағы құзырлылықтар жиынтығы: білім мен мақсаткерлік, жоспарлау, талдау, оқу-танымдық әрекетті өзіндік бағалау. Оқушы жаңа шығармашылық әрекет дағдыларын меңгереді: нақты жағдайда іс-әрекет тәсілдерін біледі, мәселені шешуде эвристикалық әдістерді қолданады. Бұл құзырлылық аумағында оқушының сауаттылық талаптары анықталады: шындықты, фактіні анықтай білу, өлшеу дағдыларын игеру, статистикалық, мүмкіндік және басқа таным тәсілдерін білуі.


жүктеу 304.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет