3 тірек-сызба дәріс Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орны


«Педагогика ғылымның әдіснамасы» түсінігі



жүктеу 304.5 Kb.
бет10/47
Дата14.02.2022
өлшемі304.5 Kb.
#17247
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
ЖМП Дәріс тезистері 2022
Практ 2
3. «Педагогика ғылымның әдіснамасы» түсінігі.

Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Ең алдымен “теория” педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып табылады және ол әдістеменің көмегімен табылған деректердің арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құрудың тәсілі яғни әдісі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен әдіс-тәсілдер жүйесі, осы жүйені танудың жолы.

Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда теориялық болжамдар, мысалы, Д.И.Менделеевтің химиясы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердің ашылуын болжаған.

Осылайша Нептун ғаламшарының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны көре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады. Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді.

Таным теориясы - тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен

жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың әдіс-тәсілдерін іздестіреді.



Әдіснама дегеніміз- әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипаты, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалық фиолософияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.

«Әдіснама» түсінігі ең көп мағыналы ең бір анықталмаған және тіптен педагогикалық талас тудыратын түсінік. Әдетте ғылымның әдіснамасы деп – қоғамдық және табиғи құбылыстарды зерттеудің негізінде жатқан және осы құбылыстардың теориялық түсінігінде көрінс беретін философиялық идеялардың бастапқы жиынтығы деп түсініледі. Ұзақ уақыт философияның құрамды бөлігі болған педагогика философиялық-әдіснамалық тұжырымдаманың арнасында дамиды және ол өзінің дамуын жалғастыруда.

Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құрылған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады.



Барлығы бірігіп ЖМП-ның әдіснамалық негізін құрайды

1. Тұлға теориясы

2. Іс-әрекет теориясы

3. Таным теориясы

4. Басқару теориясы

5. Жүйе теориясы

Тұлға теориясы – жеке адамның өзіндік адамгершілік-әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Тұлға теориясы философиялық тұрғыда – адамды «адам» ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, дәлдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Адам тұлға болып тумайды, әлеуметтену үрдісінде тұлға болып шығады. Ол дамумен тікелей байланысты. Даму – адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нәтижесі. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішінде морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тән – дене дамуынан көрінеді. Ал әлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.

Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады. «Адам» ұғымынан өзгеше «тұлға» түсінігі адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі тиіс.




жүктеу 304.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет