3 –ші аптаға арналған Тәжірибелік тапсырмалар


Физиканы химиямен байланыстыра оқыту



жүктеу 35.92 Kb.
бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі35.92 Kb.
#17066
түріСабақ
1   2   3   4   5
3 апта
Физиканы химиямен байланыстыра оқыту

Физика мен химия ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отыратыны мәлім. Өйткені бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталуы және айналу заңы, т.б жататыны мәлім.

Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде бірдей: молекулалық-кинетикалық және электрондық теорияны, атом құрлысы теориясын, т.б оқып үйренуде айқын көрініс алады. Атомдық-молекулалық теорияның элементтерін 7 класта оқып үйренеді, мұның өзі химияны оқытуға елеулі көмек көрсетеді. Молекула ұғымы кейін атомдар, химиялық элементтер мен валенттілік туралы ұғымдардың негізінде 8 класта дамытылады. Атом мен молекула туралы ұғымдарды дамыту үшін химиялық формулаларды енгізудің, заттардық және химиялық реакциялардың химиялық қасиетін оқып үйренудің маңызы бар.

Физикадан есеп шығарғанда кейде химиялық формула бойынша есеп шығаруға тура келеді. Сондай есептердің бір мысалы: молекулалық салмақты есептеп шығару, күрделі заттарға қосылған элементтердің мөлшерін анықтау. Міне, осындай есептерді өрнектеп жазғанда физика мен химияға ортақ жазу түрінің, ортақ жұмыс жүргізу ретінің, ортақ қысқартылған белгілердің және басқалардың болуы үлкен маңыз атқарады. Бұл жөнінде бірдей қалып жоқ, дегенмен фихикалық-химиялық ұғым беретін әріптерді және таңбаларды біркелкі жазу дәстүрін сақтау керек, қалай болса солай жазуға болмайды. Қысқартып жазғанда физика мен химияға ортақ мынадай қысқарту таңбаларының қолданылатыны белгілі.

А- атомдық салмақ, мысалы АFe= 56 о.б.

М- молекулалық салмақ, мысалы МСО2 = 44 о.б.

Р - заттың салмағы, мысалы Н2= 2 г.

С - ерітіндінің проценттік концентрациясы, мысалы С=5°/о



Жай және күрделі заттардың молекулалық салмағын есептеп шығару жөніндегі есептер оқушыларға олар физика формулаларының мәнін түсінгеннен кейін және оларды оқуға шамалы дағды алғаннан соң берілуге тиіс. "Молекулалық салмақ” ұғымына мынадай жеңіл мысал арқылы кірісуге болады: ол үшін оқушыларға 0 белгісі нені білдіретіндігін естеріне түсіріңдер делінеді. Одан кейін тақтаға оттегі молекуласының формуласы жазылады және оттегі бірлігімен өлшенген атомдық салмағын біле отырып, оттегі молекуласының салмағын сол өлшем бірлігімен есептеп шығаруға бола ма деген сұрақ қойылады. Оттегі бірлігімен өлшенген атом салмағы, атомдық салмақ деп аталатындығы анықталады. Содан соң, оттегі бірлігімен өлшенген зат молекуласының салмағы қалайша аталады деген сұрақ қоюға болады. Сөйтіп, "Молекулалық салмақ" де-ген түсінік тұжырымдалып шығарылады. Әрине, молекулалық салмақ тәжірибе арқылы табылады, дегенмен заттың формуласы белгілі болса, молекулалық салмақты молекула құрамына кірген барлық атомдар салмағының жиынтығы ретінде есептеп шығаруға болады. Бұл анықталып отырған ұғымдар, шамалар физикадағы негізгі ұгымдар. Сөйтіп химия физикалық кейбір шамалар мен ұғымдардың түсінігін кеңірек ашып беруге көмектеседі.
жүктеу 35.92 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет