3 –ші аптаға арналған Тәжірибелік тапсырмалар


Физика пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі



жүктеу 35.92 Kb.
бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі35.92 Kb.
#17066
түріСабақ
1   2   3   4   5
3 апта
Физика пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі,әрі қиындығы жоғары деп саналатын техникалық циклдағы оқу пәндерінің ішіндегі физика пәні болып жүр. Оны бүгінгі талапкер мен мектеп оқушыларының ЖОО орындарына тапсырған талапкерлердің басым көпшілігі техникалық циклдағы оқу пәндеріне қарағанда гуманитарлы пәндерді таңдайды,онда да жалпы балды техникалық емес гуманитарлық пәндер есебінен жинақтайды.

Бұның бәрі жоғары оқу орындарына келетін талапкерлердің мектеп қабырғасында жеткілікті дәрежеде білім алмайтындығын көрсетеді.

Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады. Пәнаралық байланыс–оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін көрсетеді.


Пәнаралық байланыстарды қамтыған физика сабақтарының екі типі болуы мүмкін: аралас пәндерден оқушылардың кейбір білімдерін тарту сабақтары және қорытындылаушы сабақтар.

Физиканың пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары:

Оқушыларға келесі сабақта қарастырылатын сұрақтарды түсінуге қажетті пәндер бойынша бұрын өткен материалдарды қайталау бойынша үй тапсырмалары ұсынылады. Физика мен басқа пәндері бойынша материалдарды қайталауға арналған тапсырма нақты болу керек. Мұндай материалды қайталауды ұйымдастырудың өз ерекшелігі бар. Осылай тапсырма бере отырып, алдын ала бекіту материалымен қалай жұмыс істеуді түсіндіру керек (оқу және меңгеру: суреттелген кұбылысты физика оқулығында айтылғанмен салыстыру; дәптерге анықтаманы көшіріп жазу; сұрақтарға жауап беру және т.б.).

Физиканы оқытудың мақсаты, ол бір ғана оқытудың міндеті нәтижесінде жету емес екенін айта кету керек. Сонымеп физикадағы әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытатындай жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың бастысы ол - нәтижеге жетуге ынталандыру.

Нәтижеге оқушы өзіндік қызмет жасаудағы әдіс-тәсілдәрі арқылы жетуі мүмкін. Мәселен жас сәби өзі жүре бастағанда өзіндік әдістер қолдана бастайды, бір нәрседен ұстау арқылы жүре отырып келесі затқа жету.

Әрбір оқушы ертеңгі сабаққа тиянақты дайындалуға тақырыпты меңгеруге өз әдісін қолданса, оқушыға сабаққа дайындалу қиынға соқпайды.

Мұғалімнің өзіндік әдісі бар, әрбір сабағын бір-біріне ұқсамайтын жан жақтылықпен өткізуге ізденеді, соны жүзеге асыру тәсілдерін, әдістерін іздейді.

Оқушыны үй тапсырмасын орындауда өз әдіс-тәсілін қолдануға үйрете отырып, кей жағдайда мұғалім де оқушыдан акпарат алу мүмкіндігі болады (мүмкіндігі мол оқушылардың интернеттен алған хабарламалары, мазмұнды қымбат кітаптардан, физикалық энциклопедиядан алған мәліметтерінен). Баланың әуесқойлығы мен талаптылығы білімнің мәнін түсіне бастағанда және оларды белгілі бір практикалық мақсатқа пайдаланып, қолдана бастағанда, білуге құмартуға айналады.

Төрт жастағы бөбек жүздеген сұрақ береді. Ол барлығында білгісі келеді: ағаш неліктен қозғалады, найзағай, жел неліктен қайық жүзеді, ал тас батып кетеді, от неге күйдіреді, т.с.с. Бұл сұрақтардан бас татртуға болмайды. Ер жеткенде білесің немесе түсініксіз жауаптармен жоқты айтып баланың басын қатыруға да болмайды. Олай еткенде баланың құмарлануы сөніп қалады.

Бала оқушы болғанда, кітаппен жұмыс істеуге шындап кірісе бастайды. Ол тапсырылған сабақ бойынша тек оқулыкты ғана оқымай, оның білуге құштарлығы білім шеңберін кеңейте түсетін басқа да кітаптарды оқуға жетелейтін болуы керек.

Физика пәніне қызығушылықты оятудың тағы бір тәсілдерінің бірі - басқада пәндермен байланыс сипаттағы есептерді шешу болып табылады. Материалды бекіту үшін пәнаралық пәпімен байланысты есептерді шешу болып табылады. Материалды бекіту үшін басқа пәндермен байланыс мазмұндағы 1-2 есептерді шешкен тиімді. Бұл жағдайда физика сабағында оқушыларға басқада пәндер бойынша оқулықтарды пайдалануға рұқсат беріледі. Мысалы, 7-сыныпта оқушыларға табиғаттану, физикалық география және еңбекке баулудан белгілі фактілер (табиғаттағы су айналымы, жыл мезгілімен ауа райының ауысуы, дәнекерленгендей қалайының балқуы және т.с.с.) негізінде оқушылардың қызығушылығын белсендетуге және молекула-кинетикалық теория негізінде құбылыстар физикасын айқындауға болады.

Пәнаралық байланыс – оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп-салдарлы функциональдық байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды.




жүктеу 35.92 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет