3 I. Педагогика туралы жалпы ұғым



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/10
Дата04.03.2022
өлшемі0.54 Mb.
#17792
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ынтымактастык педагогикасы Курстық жұмыс
Тірек сигналдар конспектісі негізіндегі оқу технологиясы курстык жумыс, білім алудағы педагогикалық технология ұғымы мен мәні курс жұмыс, Білім алудың дамыту технологиялары курстық жұмыс, білім алудың компьютерлік технологиясы курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ


Кіріспе………………………………………………………..…………......................3


I. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1 Педагогика пәні…………………………………………………….......................5
1.2 Педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы……………………………........................7
1.3 Педагогиканың казіргі кезеңдегі міндеттері…………………............................9


II.Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
2.1 Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым……………………….......................11
2.2 Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары……………..…...................17
2.3 Ата – аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы……………........................22
2.4 Мұғалімдердің ынтымақтастығы………………………………………………24


Қорытынды………………………………………………………….…......……….28
Пайдаланылған әдебиеттер………………..……………………..…....………….30


КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға - ұстаз. Білімді ұстаз ғана білімді, білікті шәкірт тәрбиелей алады. Ұлы Абай айтқандай білімімен теңессе ғана ұлттар теңесе алады .


Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының (атқарушының) тұлғасын қалыптастыру. Сондықтан жаңа технологияның негізі саналатын ізгілендіру мен демократияландыру - мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты ұстанымдары:
- баланың болашағына, қабілетіне сену, ынтымақтастық қарым-қатынас шеберлігі;
- тікелей қысым көрсетпеу;
- баланы ынталандыру;
- баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету.
Қарым - қатынасты демократияландыру дегеніміз - мұғалім мен оқушының тең құқықты әрі оқушының еркін таңдауына құқығы болуы;
- қателесу құқығы;
- өзіндік көзқарас құқығы;
- тыйым салмау - бағыт беру, зорламау - ұйымдастыру, шектемеу - еркін таңдау мүмкіндігін беру.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:
- қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы;
- Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;
- Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін - ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі - әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы;
- Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы;
- Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы;
- Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы;
- Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық таныта алатындығын зерттеу проблемасы;
- әртүрлі пәндерді оқып-үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау, оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық байланыстарын зерттеу проблемасы;
- тарих төрінен орын алып келе жатқан жаңа дәуір мұғалімнің кәсіби педагогикалық еңбегінің ерекшелігін зерттеу проблемасы;
- ұлттық мектептерді дамыту және оның білім беру мазмұнын жаңарту проблемасы;
- оқу-тәрбие процесін дербестендіру және даралау проблемасы;
- нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдерді өмірге, еңбекке дайындау, кәсіптік іскерлігін арттыру проблемасы.
Аталған мәселенің шешу жолдарын зерттеу қажеттілігі бұл курстық жұмыстың өзектілігін айқындап тұр.
Зерттеу мақсаты: Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми - педагогикалық негіздерін теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде талдау.
Зерттеу міндеттері:
- Ынтымактастық педагогикасы жайлы ұғымды қарастыру
- Ынтымактастық педагогикасының негізгі идеяларын талдау
- Ынтымақтастық педагогикасының казіргі кезеңдегі міндеттерін саралау
Зерттеу әдістері: Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген ресми құжаттары (заңдар, қаулылар), Білім және Ғылым министрлігінің халық педагогикасын, ұлттық мұраны дәріптеуге байланысты тұжырымдамалар, оқулықтар, мектеп ұстаздарының қазақ халық педагогикасының шығармалары мен отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының еңбегін қолдана отырып орындалды.
Зерттеу пәні: Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми - педагогикалық негіздерін дамыту процесі.
Зерттеу объектісі: Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми - педагогикалық негіздерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет