3 деңгейлі смж құжаты поәК Е поәК 042-14-4-05. 20. 24/03- 2009 ж. ПoәК ««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»



жүктеу 459.7 Kb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата28.03.2017
өлшемі459.7 Kb.
1   2   3   4   5

Батыс Алтай қорығы. 

   Батыс  Лениногор,  Алтай  қорығы  Шығыс  Қазақстан  облысының  және  Зырян 

аудандарының  аймақтарын  қамтиды.  Ол  1992  жылы  құрылған.  Жер  көлемі 

30,73 мың га. Қорық қазақстандық Алтайдың Линей, Холзум, Кокшин атты тау 

сілемдерін  алып  жатыр.  Қорық  аймағында  Ақ  және  Қара  Уба  өзендері  мен 

Кедрово және Щербакова көлдері, т.б. кішігірім су жүйелері бар.  

   Қорықтың  климаты  Азия  және  Оңтүстік  Сібір  аймақтарына  тән  құбылып 

отырады.  

   Қорық  негізінен  табиғат  белдемдерінің  тау  етегінен  бастап  субальпі,  альпі 

биіктігіндегі  табиғаттың  сан  алуан  тайгалы  аралас  орманды  ландшафттарын 

қорғауға  бағытталған.  Қорық  өсімдіктерін  түрінің  және  дәрілік  өсімдіктердің 

көптігімен ерекшеленеді. Мәселен, мұнда орманның 25 типі, қылқанжапырақты 

ағаштардың көп түрі шоғырланған. Әсіресе, бағалы самырсын, май қарағайдың 

орны ерекше. 

   Батыс Алтай қорығында табиғат белдемдері сан алуан. Олар: шалғынды дала, 

бұталар,  самырсынды,  шыршалы  тайга,  субальпі,  алпі  және  биік  таулы 

тундрадан тұрады.Әрбір табиғат белдемдерінің өзіне тән фаунасы мен флорасы 

бар.  Орман  іші  шипалы  жеміс-жидек  беретін  ағаштарға,  дәрілік  өсімдіктерге 

өте  бай.  Әсіресе,  субальпі  белдемдерінде  дәрілік  өсімдіктерден  марал  оты, 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 28 бет 

 

алтын  тамыр  және  алтай  срағалдақтарын,  бәйшешектердің  тұнып  тұрған 



популяцияларын кездестіруге болады.  

   Альпі  белдемдерінің  де  өсімдік  жамылғысы  сан  алуан.  Мұнда  шөптесін 

көпжылдық  өсімдіктер  басым.  Топтала  өскен  аласа  қайың,  алтай  тиындағы, 

алтын тамыр, маралоты, т.б. өсімдіктер кездеседі.  

    Биік  таулы  тундра  2000-2200  м биікте  жатыр. Бұл  белдемде жатаған  бұталы 

өсімдіктер, осоктар, альпі мүгі, қырықбуыны, альпі сутегіні, мойыл, т.б. өседі. 

   Батыс  Алтай  фаунасы  да  ерекше  болғанымен  ғылыми-зерттеу  жұмыстары 

жанадан қолға алынуда. Осы аймақтың фаунасын зерттеуші Б. В. Щербаковтың 

мәліметі бойынша құстар өте тіршілік етеді. Кәдімгі бүркітті, қаршыға, лашын, 

ителгі,  сақалта,  ақ  құр,  саңырау  құр,  кекілік,  шіл,  бөдене,ақ  дегелек,  үкі, 

жапалақ, көкек сияқты құстарды жиі ұшыратуға болады.  

   Сүтқоректілерден  алтай  бұғысы,  елік,  құндыз,  қоңыр  аю,  бұлан,  кабырға 

(құдыр), бұлғын көптеп кездеседі. 

   Батыс  Алтай  қорығының  ғылыми,  экскурсиялық,  танымдық  мәні  зор. 

Болашақта  қорық  экологиялық  мониторингтік  және  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының ошағына айналатынына сенім мол. Себебі, табиғи ландшафттар 

әлі де болса өзінің алғашқы сипатын сақтаған экожүйелер болып табылады. 

 

Алакөл қорығы. 

   Алакөл  қорығы  Алматы  облысының  Алакөл  ауданының  аймағында 

орналасқан.  1998  жылы  құрылған  ең  жас  қорық.  Көлемі  73,3  мың  га.  Қорық 

солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық пен Майлы, оңтүстігінде Жоңғар 

тау  жоталарымен  қоршалған.  Батыста  Балқаш  көлі  ойысымен  шектелсе, 

оңтүстік-шығысында  Жоңғар қақпасына  тіреледі.  Қорықтың  көлді бөлігін суы 

тұщы Сасықкөл, ащылау келген Ұялы және ащы сулы алакөл алып жатыр.  

    Қорықтың климаты қатаң. Әсіресе, қыс айларында «сайкан» және «ебі» атты 

күшті  желдер  үзбей  соғып  тұрады.  Көлде  су  өсімдіктерінің  22  түрі  өседі. 

Олардың негізгілері сары дүңгіршек, атқы жапырақ, су тұңғиығы.  

    Алакөл  қорығының  фаунасы  да  сан  алуан.  Мұнда  сүтқоректілердің  28  түрі 

кездеседі.  

   Сүтқоректілерден:  қабан,  елік,  түлкі  кездессе,  ал  су  айдынында  құстар 

жыртылып айырылады. Құстардың 180 түрі тіркелген. Оларды сулы-батпақты, 

су  жағалауында  тіршілік  ететіндер  деп  топтауға  болады.  Әсіресе,  шағалалар, 

бірқазандар,  жабағайлар,  тырналар,  көкқұтандар,  аққу  жиі  кездеседі.  Мұнда 

соңғы  жылдары  ғылымға  тіркелген  реликті  шағаланың  орны  бөлек.  Ол  ТМД 

елдерінің қызыл кітабына енген құс.  

Алакөл  қорығының  болашағы  зор.  Оның  су  құстарын  қорғауға,  кәсіптік 

балықтарды көбейтуге пайдасы тиер сөзсіз. Соңғы жылдары Алакөлге шетелдік 

туристер  ағылуда.  Болашақта  қорық  ғылыми-зерттеу  лабораториясы  болумен 

қатар еліміздің әлеуметтік, мәдени танымдық орталығына айналатын күн алыс 

емес.  


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 29 бет 

 

Қазақстанда  қорықтармен  қатар,  қорыққорлар,  ұлттық  парктер,  табиғат 



ескерткіштерінің  көпшіліктің  экологиялық  білімін  мәдениетін,  сауатын  ашуда 

маңызы зор. 

Десе  де,  көпшілік  жұрт  ерекше  қорғалатын  жерлер  туралы  біле  бермейді. 

Қазақстандағы ерекше қорғалатын жерлер туралы оқушыларға дәл мәліметтер 

беріліп  келген  жоқ.  Осыған  орай,  ерекше  қорғалатын  аймақтар  туралы 

материалды жинақталған ықшамды кесте түрінде беруді жөн көрдік. 

Оның мектептер мен колледждер, т.б. оқу мекемелерінде «Табиғат қорғау және 

экология» кабинетін жабдықтауға немесе көркемдеуге себі тиері сөзсіз. 

Қорғалатын  аймақтар  туралы  мәліметті  және  кесте  үлгісін  Ж.  М. 

Мырзабековтың (2000 ж.) еңбегінен қысқартылып алынды. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1.Мемлекеттік зоологиялық парктерді пайдалану ерекшеліктері 

2.Мемлекеттік зоологиялық парктерді  аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың 

ерекшеліктері 

3.Мемлекеттік ботаникалық бақтарға анықтама беріңіз 

4.Мемлекеттік ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың 

ерекшеліктері. 

5.Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшеліктері. 

6.Мемлекеттік дендрологиялық парктерге анықтама беріңіз. 

7.Мемлекеттік дендрологиялық парктерді аймақтарға бөлу, оларды күзету мен 

пайдалану ерекшеліктері. 

8.Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне анықтама беріңіз. 

9.Мемлекеттік табиғи қаумалдарға анықтама беріңіз. 

10.Мемлекеттік қорық аймақтарына анықтама беріңіз. 

 

 



Дәріс № 8, 9 

Тақырыбы:  Қазақстандағы  өсімдіктер  және  жануарлар  әлемі. 

Олардың экологиялық мәселелері. ҚР-ң Қызыл кітабы. 

 

Мақсаты: Қазақстандағы өсімдіктер және жануар әлемінің ээкологиялық 

мәселелерімен танысу. 

Жоспар 

1) Қазақстандағы өсімдіктер  әлемінің экологиялық мәселелері. 



2) Қазақстандағы жануарлар әлемінің экологиялық мәселелері. 

3) Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлар әлемі қорғау. 



 

Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау. ҚР-ң Қызыл кітабы. ҚР-ң Қызыл 

кітабының  құрылымы.  Жануарлар  мен  өсімдіктерді  ҚР-ң  Қызыл  кітабына 

енгізу және одан алып тастау тәртібі 



ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 30 бет 

 

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «Жануарлар дүниесін қорғау, 



өсімін  молайту  және  пайдалану  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына 

сәйкес бекітіледі және Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар мен 

өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің жай – 

күйі  туралы  мәліметтер  жиынтығын,  оларды  зерделеу,  қорғау,  өсімін  молайту 

және  орнықты  пайдалану  жөніндегі  қажетті  шараларды  қамтитын,  жануарлар 

мен  өсімдіктердің  сирек  кездесетін  және  құрып  кету  қаупі  төнген  түрлері 

тізбесінің  суретті  басылымы  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының 

Қызыл  кітабы  сонымен  бірге  мезгілді  жануарлар  мен  өсімдіктер  әлемі 

мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады. 

 

Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабы  жануарлар  (омыртқалылар 



және  омыртқасыздар)  мен  өсімдіктердің  (жоғары  және  төмен)  Қазақстан 

Республикасының  аумағында  құрғақта,  суда,  атмосферада  және  топырақта, 

сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  құрылықтағы  қайраңын және  айрықша 

экономикалық  аймағын  тұрақты  немесе  уақытша  табиғи  еркіндік  жай-күйінде 

мекендейтін  сирек  кездесетін  және  құрып  кету  қаупі  төнген  түрлері  (шағын 

түрлері, популяциялары) енгізіледі. 

 

Саны  және  орнықты  тіршілік  ету  жағдайлары  олардың  өсімін  молайту 



мен  табиғи  еркіндік  жай-күйінде  тектік  қорын  сақтау  қаупін  болдырмайтын 

шегіне  дейін  қалпына  келтірген  жануарлар  мен  өсімдіктердің  түрлері  (шағын 

түрлері,  популяциялары)  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабынан  алып 

тастауға жатады. 

 

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының құрылымы

 

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы екі томнан тұрады: жануар (1-

том)  және  өсімдіктер  (2-том).  Әр  том  бір  кітап  немесе  бірнеше  бөліктер 

(бөлімдер  топтары  немесе  жеке  бөлімдер  бойынша)  түрінде  шығарылуы  және 

қосымша ретінде - жануарлар мен өсімдіктердің құрып кеткен түрлерінің және 

шағын  түрлерінің  аннотация  жазылған  тізбесін,  Қазақстан  Республикасының 

Қызыл  кітабы  туралы  ереженің  және  жануарлар  мен  өсімдіктердің  сирек 

кездесетін  және  құрып  кету  қаупі  төнген  түрлері  жөніндегі  басқа  да 

нормативтік құқықтық кесімдердің мәтіндерін қамтуы мүмкін. 

 

Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабы  мемлекеттік  және  орыс 



тілдерінде шығарылады, кез келген шетел тіліне аударылуы мүмкін. 

 

 Жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сипаттау тәртібін тиісінше Қазақстан 



Республикасының  Қызыл  кітап  жөніндегі  Зоологиялық  және  Ботаникалық 

комиссиялары  (бұдан  әрі  -  Зоологиялық  және  Ботаникалық  комиссиялары) 

белгілейді. 

 

Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  жазылған  жануарлар  мен 



өсімдіктердің  әрбір  түрі  (шағын  түрі,  популяциясы)  үшін  мынадай  негізгі 

деректер  келтіріледі:  түрдің  латын,  қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  атауы; 

мәртебесі;  сыртқы  түрінің  бейнеленуі;  Қазақстан  Республикасында  картаға 

түсірілген,  бұрын  және  қазіргі  таралуы;  саны  және  оның  өзгеру  үрдісі; 

лимиттеудің  негізгі  факторлары  және  саны  мен  ареалының  өзгеру  себептері; 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 31 бет 

 

жасанды, еріксіз және мәдени жағдайларда өсіру мүмкіндігі туралы мәліметтер; 



Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтін популяцияның, түрдің тетік 

қорын  сақтаудағы  рөлі;  қорғаудың  қабылданған  және  қажетті  шаралары; 

ақпарат  көздері.  Қажет  болған  жағдайларда  сондай-ақ,  организм  дамуының 

жасы  мен  маусымдық  ерекшеліктеріне  тән  (құрт,  жұмыртқа  салу,  қуыршақ, 

өсімдік бөліктері және басқалар) бейнелеуде келтіріледі. 

Жануарлар  мен  өсімдіктерді  Қазақстан  Республикасының  Қызыл 

кітабына енгізу және одан алып тастау тәртібі. 

Жануарлар  мен  өсімдіктердің  сол  немесе  өзге  де  түрін  Қазақстан 

Республикасының Қызыл кітабына енгізу және оның мәртебесін айқындау үшін 

оның  санының  қауіпті  түрде  қысқаруы,  ареалының  азаюы,  тіршілік  ету 

жағдайларының  қолайсыз  өзгерістері  туралы  деректер  немесе  оны  қорғау  мен 

өсімін  молайту  жөнінде  шұғыл  шаралар  қабылдау  қажеттігі  туралы 

куәландыратын  кез  келген  басқа  да  деректер  негіз  болады.  Халықаралық 

табиғат  қорғау  одағының  жануарлар  мен  өсімдіктердің  сирек  кездесетін  және 

құрып  бара  жатқан  түрлерінің  тізіміне  енгізілген  және  Қазақстан 

Республикасының  аумағын  мекендейтін  жануарлар  мен  өсімдіктердің  түрлері 

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына бірінші кезекте енгізіледі.  

Зоологиялық 

және 

Ботаникалық 



комиссиялар 

жануарлар 

мен 

өсімдіктердің  түрлерін  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізу 



одан алып тастау туралы, сондай-ақ олардың әрқайсысына қандай да бір мәрте 

беру  жеке  және  заңды  тұлғалардың  ұсыныстарын  қарайды.  Жекелеген 

мәселелерді  қарау  кезінде  Зоологиялық  және  Ботаникалық  комиссиялар 

жазбаша  қорытынды  әзірлеу  үшін  де,  Зоологиялық  және  Ботаникалық 

комиссиялар  отырысына  қатысу  үшін  де  зоология  мен  ботаниканың  әртүрлі 

бөлімдері бойынша мамандарды тартады. 

Жануарлар  мен  өсімдіктердің  сол  немесе  өзге  де  түрлерін  Қазақстан 

Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізу  туралы  ұсынымдарды  Зоологиялық 

және Ботаникалық комиссиялар жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін 

және құрып кету қаупі төнген түрлері тізбелерінің жобалары түрінде олардың 

мәртебесін  көрсете отырып, жануарлар  дүниесін  қорғау  өсиетін молайту  және 

пайдалану саласындағы уәкілетті органға енгізіледі. 

Уәкілетті  орган  жануарлар  өсімдіктердін  сол  немесе  өзге  де  түрлерін 

Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізу  немесе  одан  шығару 

туралы  Зоологиялық  және  Ботаникалық  комиссиялардың  ұсынымын 

белгіленген  тәртіппен  қарағаннан  кейін  жануарлар  мен  өсімдіктердің  түрін 

сирек  кездесетін  және  құрып  кету  қаупі  төнген  түр  санатына  жатқызу  немесе 

сирек  кездесетін  және  құрып  кету  қаупі  төнгендерді    басқа  санатқа  ауыстыру 

туралы  шешімнің  жобасын        Қазақстан  Республикасының  Үкіметіне  бекіту 

үшін енгізеді. 

Комиссия: 

Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабының  зоологиялық  және 

ботаникалық бөлімдерінің құрылымы туралы


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 32 бет 

 

Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабының  зоологиялық  және 



ботаникалық бөлімдеріндегі ақпарат көлемі туралы

Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабы  томдарының  бөліктерін 

шығарудың 

және 


Қазақстан 

Республикасының 

Қызыл 

кітабының 



дубликаттарының  қайта  шығарудың  орындылығы  туралы  мәліметтерді 

қарайды. 

Осы  мәселелер  жөніндегі  ұсыныстарды  Зоологиялық  және  Ботаникалық 

комиссиялар уәкілетті органға жібереді. 

Зоологиялық  және  Ботаникалық  комиссиялардың  құрамына  олардың 

жұмыс  орындарына  қарамастан,  зоологиялық  құрылымның  және  ботаникалық 

ғылымның негізгі бөлімдері бойынша жетекші мамандар кіреді. 

Зоологиялық 

және 

Ботаникалық 



комиссиялардың 

қызметін 

ұйымдастыруды Уәкілетті орган жүзеге асырады. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.ҚР-ң Қызыл кітабына не кіреді? 

2.ҚР-ң Қызыл кітабының құрылымы қандай? 

3.Жануарлар  мен  өсімдіктерді  Қазақстан  Республикасының  Қызыл 

кітабына енгізу және одан алып тастау тәртібі қандай? 

4.ҚР-ң Қызыл кітабы қай жылы қабылданды? 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 33 бет 

 

 

III. Практикалық сабақтар  



Лабораториялық  сабақта  кейбір  күрделі  сұрақтарды  оқып  білу  және 

студенттердің өздік жұмысының қорытындысы болып табылады. Практикалық 

сабақта  студенттер  көкейкесті  мәселелерді  дұрыс  жеткізе  алуға  және  өз 

ойларын,  пікірлерін  ортаға  салып,  емін  еркін  айта  алады.  осының  бәрі  қазіргі 

уақыт талабына сай жақсы маман болуда зор үлес қосады.  

 

№ 1 - Практикалық сабақ 



Тақырып.

 

Кіріспе.  Пәннің  мақсаты  мен  міндеті.  Қоршаған  ортаны 

қорғау. 

 

Сабақтың мақсаты:

 Пәннің негізгі

 ұғымдарын меңгеру. Құрлық және 

су  экожүйелерінің  жіктелуін  оқу.  Өсімдік  және  жануарлар  әлемін  қорғаудың 

негізгі шараларын қарастыру. 

Жоспар: 

1.

 



Сабақтың пәні және сұрағы. 

2.

 



Табиғатты қорғаудың негізгі сұрағы. 

3.

 



Экожүйе туралы ұғым. 

4.

 



Ю.Одум бойынша экожүйенің жіктелуі. 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Сабақтың негізін атаңыз? 

2.

 



Биоценоз, биогеценоз, экожүйе ұғымдарына анықтама беріңіз? 

3.

 



Ос, табиғи орта, ООС ұғымдарына анықтама беріңіз? 

4.

 



Экожүйе жіктемесін беріңіз? 

 

Әдістемелік нұсқаулар: 

Материалды оқып, ұғымдардың ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Олардың 

мағынасын  есіңізге  сақтаңыз,  экожүйелер  жіктелуін  беріп  оны  есіңе  сақтау 

қажет. 


Әдебиеттер:

 

1.Коробкин  В.И.  Передельский  Л.В.  Экология  Учебник  для  вузов-м: 



Феникс,2001 

2.Каимов К. Любите и берегите животных.- Алма-Ата: Мектеп, 1984-135с. 

3.Экология  и  природопользование.  Учебник  Сулеев  Д.К.,  Сагитов  С.И.,  П.И., 

4.Жумагулов К.К.,-Алматы. Ғылым,2004.-392с. 

 

 

 

 

 

 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 34 бет 

 

№ 2 - Практикалық сабақ 

Тақырып.

 

Табиғатты  қорғау  іс-әрекетінің  заң  шығарушы  және 

нормативтік құқықтық базасы

 

Сабақтың  мақсаты:  Қазақстан  Республикасындағы  табиғатты  қорғау  іс-

әрекетінің заң шығарушы және нормативтік-құқықтық базасымен танысып оны 

меңгеру. 

 

Сабақтың мінездемесі:  танымды – түсіндірмелік. 

 

Сабақтың мазмұны: 

 

I.

 

  Мәліметтерді талқылайтын сұрақтар: 

 

1.



 

Мемлекеттік экологиялық саясат. 

2.

 

Табиғатты  қорғау  іс-әрекетінің  басқарылуы,  ұйымдастырылуы, 



координациясы. 

3.

 



Табиғатты қорғау заңдарының орындалуына бақылау жүргізу.  

 

II.



 

Дәптермен жұмыс. 

 

1.



 

7  шілде  2006  жылдан  бастап  шыққан  №175-  III  ҚРЗ  «Ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтары туралы» деген Қазақстан Республикасының 

заңын оқып білу. 

2.

 

Оның негізгі жағдайларын қысқаша дәптерлеріңе конспектілеңдер. 



 

III.

 

Мәліметті жалпылау және дәптер тексеру. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 

 

1.

 



Заповедное дело в Казахстане – Алма-ата: Наука, 1982 – 216 с. 

2. 


«Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтары  туралы»  Қазақстан 

Республикасының заңы. 

3.Қазақстанның Қызыл кітабы. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 35 бет 

 

№ 3 - Практикалық сабақ 

Тақырып. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи қорықтары. 

 

Сабақтың  мақсаты:  Қазақстанның  ұлттық  парктердің  және  қорықтардың 

құрылу  тарихын,  олардың  ерекшеліктерін,  оларда  қорғалатын  тірі 

организмдердің  негізгі  түрлерін  және  географиясын  оқып  білу.Қазақстан 

табиғатын  ұлттық  саябақ  пен  ескерткіштерінің,  заказниктерін,  өсімдік  және 

жануралар  әлемінің  қорықтарын,  физико-географиялық  жағдайын,  тарихи 

дамуын оқу. 

 

Сабақтың мінездемесі: танымды – түсіндірмелік. 

 

Сабақтың мазмұны: 

 

      I.  Мәліметтерді талқылайтын сұрақтар: 

 

    1. Қазақстанның қорықтары. 



    2. Қазақстан заказниктері. 

    3. Қазақстанның ұлттық парктері. 

    4. Қазақстанның табиғат ескерткіштері. 

 

II. Дәптермен жұмыс. 

 

   1.    Республиканың  қорықтарын  қарастыра  отырып,  кестені  толтырыңдар. 



Бірінші  бағанға  қорықтың  ашылған  күнін,  оның  көлемін,  орналасқан  жерін 

көрсетіңдер. 

Қорық  туралы  қысқаша 

мағлұматтар 

Сирек  кездесетін  өсімдік 

түрлері 


Сирек 

кездесетін 

жануарлар түрлері 

 

 



 

   2.    Қазақстанда  қорықтар  мен  ұлттық  парктер  0,32%,  табиғат 

ескерткіштері мен заказниктері мен бірге  – 1,2% территорияны алып жатқаны 

белгілі.  Салыстыруға:  Украинада  14  қорық  1%  территорияны  алып  жатыр,  ал 

Грузияда 17 қорық 2% территорияны алып жатыр, көбінесе өркениетті елдерде 

ерекше  қорғалатын  табиғи  қорықтарға  6-12%  территория  белгіленген.  Сендер 

қалай  ойлайсыңдар,  республшикада  табиғи  шарттардың,  ландшафтардың, 

биологиялық әртүрлілігінің сақталуына қатысты олардың ауданын қорғау үшін 

қанша адам қажет? 

   3.  Картадан 9 қорықтың орналасқан жерін белгілеңдер. 

 

III. Мәліметті жалпылау және дәптер тексеру. 

Бақылау сұрақтары: 

1.Қазақстан қорықтарын атаңыз. Оларға мінездеме беріңіз. 

2.Заказниктердің қандай түрлерін білесіз, оларға мінездеме беріңіз. 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 36 бет 

 

3.Табиғи заказниктердің физико-географиялық жағдайы. 



4.Қазақстан табиғи саябақтарын атаңыз, оларға мінездеме беріңіз. 

5.Қазақстан орман резерватын атаңыз және ерекшеліктерін атаңыз. 



Әдістемелік нұсқаулар: 

Республика  қорықтарын  оқып,  бірінші  бағанада  қорық  туралы  қысқаша 

мәліметтерді  жазып,  өсімдік  және  жануарлардың  сирек  кездесетін  түрлерін 

кестеге жазу, Қазақстан картасында қорықтардың орналасу жерін белгілеңіз. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1.  Заповедники  СССР:  Справочник/под  ред.  Н.Г.  Васильева  и  др.-М.: 

Лесн.пром-сть,1983-248 с. 

2.Заповедники Средней Азии и Казахстана-М,:Мысль, 1990-399 с. 

3. Заповедное дело в Казахстане- Алма-Ата: Наука, 1982-1216 с. 

4. Каимов К. Любите и берегите животных- Алма-Ата:Мектеп, 1984-135 с. 

5.Заповедники  СССР.  Справочник  Н.Г.  Васильев,  т.б.  М;  Лесная 

промышленность,1983. 

6.www.geosite.com. 

 


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 119/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Математиканы оқыту теориясы 5B010900-Математика мамандығына арналған студенттерге арналған пәннің ОҚу бағдарламасы
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Оқу-әдістемелік материалдар «Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»
umkd -> Бағдарламасы «Дискретті математикалық логика»
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым
umkd -> «тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің

жүктеу 459.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет