3 деңгейлі смж құжаты поәК Е поәК 042-14-4-05. 20. 24/03- 2009 ж. ПoәК ««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»



жүктеу 459.7 Kb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата28.03.2017
өлшемі459.7 Kb.
1   2   3   4   5

Дәріс № 7 

Тақырыбы:. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары. 

Мақсаты:  Қазақстанның  ұлттық  парктердің  және  қорықтардың  құрылу 

тарихын,  олардың  ерекшеліктерін,  оларда  қорғалатын  тірі  организмдердің 

негізгі  түрлерін  және  географиясын  оқып  білу.Қазақстан  табиғатын  ұлттық 

саябақ  пен  ескерткіштерінің,  заказниктерін,  өсімдік  және  жануралар  әлемінің 

қорықтарын, физико-географиялық жағдайын, тарихи дамуын оқу. 

Жоспар 


1) Зоналардың географиялық орналасуы және олардың табиғи климаттық 

ерекшелігі. 

2) Өсімдік және жануарлар әлкемі. 

3) Мемлекеттік табиғи қорықтар 

4) Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер 

5) Мемлекеттік табиғи резерваттар 

6) Мемлекеттік зоологиялық парктер; Мемлекеттік ботаникалық бақтар; 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 20 бет 

 

7) 


Мемлекеттік  дендрологиялық  парктер;  Мемлекеттік  табиғат 

ескерткіштері; 

8) Мемлекеттік табиғи қаумалдар; Мемлекеттік қорық аймақтары. 

 

Мемлекеттік  табиғи  қорық  –  табиғат  қорғау  және  ғылыми  мекеме 



мәртебесі  бар  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ,  оның  қызметінің  мақсаты 

өзінің  аумағындағы  табиғи  процестер  мен  құбылыстардың  табиғи  барысын, 

өсімдіктер  мен  жануарлардың  жекелеген  түрлері  мен  қауымдастықтарын, 

әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды 

қалпына келтіру болып табылады. 

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – ерекше экологиялық ғылыми, тарихи-

мәдени  және  рекреациялық  құндылығы  мемлекеттік  табиғи  –  қорық  қорының 

бірегей  табиғи  кешені  мен  объектілерінің  биологиялық  және  ландшафтық 

саналуандылығын  сақтауға,  оларды  табиғат  қорғау,  экологиялық  – 

ағартушылық,  ғылыми,  туристік  және  рекреациялық  мақсаттарда  пайдалануға 

арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын 

табиғи аумақ. 

Мемлекеттік  табиғи  резерват  –  табиғи  кешендердің  биологиялық 

саналуандылығын  және  олармен  байланысты  табиғи  және  тарихи  –  мәдени 

объектілерді  күзетуге,  қорғауға,  қалпына  келтіруге,  сақтауға  арналған  жердегі 

және  судағы  экологиялық  жүйелерді  табиғат  қорғау  және  ғылыми  мекеме 

мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 

Мемлекеттік зоологиялық парктер – мәдени – ағартушылық, ғылыми, оқу 

және  табиғат  қорғау  қызметіне,  тектік  қорды  сақтауға  және  әдеттегі,  сирек 

кездесетін  және  жойылып  кету  қаупі  бар  жануарлар  түрлерін  жасанды  орта 

жағдайында өсіруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар 

ерекше қорғалатын табиғи аумақ 

Мемлекеттік  ботаникалық  бақ  -  өсімдіктер  дүниесін,  соның  ішінде 

өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, 

молықтыру  және  пайдалану  жөнінде  зерттеулер  мен  ғылыми  талдамалар 

өткізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше 

қорғалатын табиғи аумақ. 

Мемлекеттік  дендрологиялық  парк  –  ағаш  және  бұта  тұқымдарын 

қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аумақтар бойынша белгіленген 

күзет  режимдері  бар  табиғат  қорғау  және  ғылыми    ұйымдар  мәртебесі  бар 

ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 

Мемлекеттік  табиғат  ескерткіш  –  экологиялық,  ғылыми,  мәдени  және 

эстетикалық  тұрғыдан  алғанда  жекелеген  бірегей,  орны  толмайтын,  құнды 

табиғи 


кешендерді, 

сондай-ақ 

мемлекеттік 

табиғи-қорық 

қорының 

объектілеріне  жатқызылған  шығу  тегі  табиғи  және  жасанды  объектілерді 

қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 

Мемлекеттік  табиғи  қаумал  –  мемлекеттік  табиғи  –  қорық  қорының  бір 

немесе  бірнеше  объектілерін  сақтауға  және  молықтыруға  арналған 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 21 бет 

 

шаруашылық  қызметтің  тапсырыстық  режимі  немесе  реттелмелі  режимі  бар  



ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 

Мемлекеттік қорық аймағы – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік 

ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар мен резервке қойылған 

жер  учаскелері  мен  су  айдындарында  мемлекеттік  табиғи  қорық  қорының 

объектілерін  және  биологиялық  алуандылықты  сақтауға  және  қалпына 

келтіруге  арналған  іздестірілген  күзет  режимінің  түрлері  бар  ерекше 

қорғалатын табиғи аумақ. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1.Мемлекеттік табиғи қорығына анықтама беріңіз. 

2.Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимі. 

3.Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызметті ұйымдастыру мен жүргізу 

тәртібі қандай? 

4.Мемлекеттік  табиғи  қорықтардың  күзет  аймақтарында  қандай  шаруашылық 

қызмет түрлеріне тыйым салынған. 

5.Мемлекеттік  табиғи  қорықтардың  күзет  аймақтарында  қандай  шаруашылық 

қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады? 

6.Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге анықтама беріңіз 

7.Мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парктер  аумағын  аймақтарға  бөлу,  оны  күзету 

және пайдалану режимі. 

8.Мемлекеттік табиғи резерваттарға анықтама беріңіз 

9.Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимі аймағының режимі 

10.Мемлекеттік зоологиялық парктерге анықтама беріңіз 

 

 

 



Дәріс № 7 

Тақырыбы:. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары. 

Мақсаты:  Қазақстанның  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарымен 

танысу, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі 

түрлерін  және  географиясын  оқып  білу,  өсімдік  және  жануралар  әлемінің 

қорықтарын, физико-географиялық жағдайын, тарихи дамуын оқу. 

Жоспар 

1) Алматы қорығы. 



2) Наурызым қорығы. 

3) Қорғалжын қорығы 

4) Марқакөл қорығы 

5) Барсакелмес қорығы 

6) Үстірт қорығы 

7) Батыс Алтай қорығы 

8) Алакөл қорығы 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 22 бет 

 

Алматы қорығы 

      Іле  Алатауының  төрінен  орын  тепкен  Алматы  мемлекеттік  қорығы 

қаламыздың небәрі 25  шақырым қашықтықта жатыр.  Бұл  қорық 1934 жылы 6 

мамырда  құрылды.  Бастапқыда  қорық  ұйымдастырған  жердің  көлемі  15  мың 

ғана  гектар  алқапты  қамтыса,  кейіннен  оған  көптеген  жерлерді  қосуға 

байланысты  40-шы  жылдардың  басында  Алматы  қорығының  жалпы  аймағы 

857  мың  гектарға  жетіп,  ол  ерекше  маңызы  бар  қорықтар  қатарына  енді.  Сол 

кезде,  оның  қамтыған  аймағы  бүкіл  Іле  Алатауын,  сонау  Сөгеті  жазығынан 

Каскелең  өзені  аңғарына  дейінгі  аралықты  алып  жатқан  болатын.  Оның 

құрамына  Іле  өзенінің  жағалауы  да  кірген  еді.  Алайда,  соғыстан  кейінгі 

жылдары  түрлі  себептерге  байланысты  қорықтың  көлемі  бірнеше  рет  өзгеріп, 

тіпті  кейіннен  жабылып  та  қалды.  Содан,  Алматы  қорығы  1960  жылдың  11 

қаңтарында Іле Алатауының орталық бөлігіндегі таулы аймақта қайта құрылды. 

Қорықтың  таулы  бөлігінің  алып  жатқан  жер  көлемі  71 681  гектар.  Оның  ең 

төменгі нүктесі 1000 метрлік биіктіктен басталып 5017 метрлік Талғар шыңына 

дейінгі  аралықты  қамтиды.  Бұл  негізгі  бөліктің  батыс  шекарасы  сол  жағы 

Талғар  өзенінің  арнасымен  өтсе,  солтүстіктегі  оң  жағы  Талғар  өзенінің 

арнасымен  және  Есік  көлі  қазан  шұңқырымен  шектеледі. Ал  шығысында  Есік 

өзенімен бойлай барып, Шелек өзенінің бастауына, Қырғыз елінің шекарасына 

барып тіреледі. 

        Сонымен  қатар,  қорық  аймағына  Іле  өзенінің  оң  жақ  жағалауындағы  шөл 

далада  жатқан  Үлкен  және  Кіші  Қалқан  таулары  да  кіреді.  Қорықтың  бұл 

бөлігінің аймағы 17850 гектар. Аталған тау аралығында орналасқан, аты әлемге 

әйгілі «Әнші құм» да қорықтың осы бөлігінде. 

        Қорық  жерінде  табиғаттың  барлық  белдеулері  анық  байқалады.  Мұнда, 

аптабы ыстығы бар шөл даланы да, тынық орманды белдеуді де және мәңгілік 

мұз  болған  тундраны  да  кездестіруге  болады.  Осыған  байланысты  қорық 

жеріндегі өсетін өсімдіктер мен мекендейтін хайуанаттар дүниесі түр жағынан 

бай келеді. Мәселен, қорық аймағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 590 түрі, 

мүктердің  107  түрі,  қынаның  77  түрі  және  саңырауқұлақтардың  190-ға  жуық 

түрі  өседі.  Ал,  құстардың  170  түрі,  сүтқоректілердің  60  түрі,  баурымен 

жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі қорықтың хайуанаттар дүниесін құрайды. 

Олардың қоры да әркелкі. Кәсіптік маңызы бар аңдардың қорықта: еліктің 500 

басы, 300 қабааааан, мыңға жуық арқар, 60 марал, 40 аю және санаулы қасқыр 

тіршілік етеді. Қоры тым аз болғандықтан сиреп кеткен аң мен құс түрлері де аз 

емес.  Алматы  қорығында  халықаралық  табиғат  қорғау  одағының  «Қызыл 

кітабында»  жойылып  кету  қаупі  бар  аң    ретінде  тіркелген  барыс,  қарақұйрық 

мекендейді.  ТМД  және  респуликалық    «Қызыл  кітапқа»    тіркелгендерден-  ақ 

тырнақты  аю,  арқар,  сілеусін,  сабаншы,  шұбар  күзен,  сақалта,  бүркіт  сияқты 

хайуанаттар  қорық  жерін  қоныстанса,  осы  аймақта  өсімдіктер  дүниесінің  - 

Мушкетов түйесіңірі, Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы сияқты өкілдері 

өте сирек кездеседі. 



ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 23 бет 

 

       Іле  өзенінің  бойында  жатқан  қорық  филиалының  аймағында  шөл  және 



шөлейтті аймаққа тән өсімдіктер мен хайуанаттар түрлері таралған. Кіші және 

Қалқан  тауларының  аралығында  аңның  43,  құстардың  85, қосмекенділердің 3, 

бауырымен  жорғалаушылардың  3  түрі  тіршілік  етеді.  Сонымен  қатар,  осы  екі 

тау аралығында, табиғаттың өзі жасаған ғажайып туындысы « Әнші құм» атты, 

биіктігі  150  метр,  ұзындығы  3  километрге  жуық  құмды  төбе  орналасқан.  Күн 

ашық  кезде  сәл  ғана  жел  тұрса,  осы  құмтөбедегі  құмдар  бір  орнынан  екінші 

орынға  сусып  жылжып,  күшті  дыбыс  шығарады.  Сол  сусыған  құм  дыбысы 

кәдімгі реактивті самолеттің дыбысына ұқсас келеді. Егер, күшті жел тұрса, сол 

дыбыстың  әсерінен  3  километрдей  жерде  орналасқан  үйлердің  терезе  әйнегі 

сылдырлайды. Мұндай дыбыс шығарушы қасиет құрғақ кремнезем қоспасы бар 

жақты,  сусымалы  таза  құмдарда  ғана  болатының  қазір  ғылым  анықтап  отыр. 

Табиғаттың басқа да құбылыстары  және қорықтың өсімдіктері мен хайуанаттар 

дүниесін, 

олардың 


экологиясын 

зерттеу 


жұмыстарына 

Қазақстан 

Республикасының ғылым академиясы бағыт беріп, қадағалап отырады. Барлық 

ғылыми-  зерттеу  жұмыстарының негізгі халықаралық    «Адам және  биосфера» 

(МЭБ) бағдарламасына сай, аң-құстардың, өсімдіктердің шыршалы ормандарға 

тигізер  әсерін,  пайдасы  мен  зиянын  қадағалау  тұрғысында  табиғат 

байлықтарын  қорғай  отырып  жүргізіледі.  Ғылыми  жұмыстар  нәтижесінде, 

соңғы  он  жыл  ішінде,  қорықтың  ғылыми  қызметкерлерібаспасөз  беттерінде 

800-ден  астам  ғылыми-көпшілік  мақалалар  жарияланған  екен.  Көпшілік 

арасында  қорықтың  маңызын,  оның  табиғат  қорғау  ісіндегі  алатын  орнын 

кеңінен  насихаттауда  1962  жылы  ұйымдастырылған  қорық  музейінің  алатын 

орны  ерекше.  Мұнда  қорық  жөніндегі  мәліметтердің  барлығы  дерлік 

жинақталған. 

 

Наурызым қорығы 

      Наурызым  мемлекеттік  қорығы  1959  жылы  ұйымдастырылды.  Бұл  қорық 

ұйымдастырылғаннан бергі уақыт ішінде талай-талай өзгерістерге де ұшырады. 

Алпысыншы  жылдарға  дейін  қорық  бірнеше  рет  жабылып,  артынша  қайта 

ашылып отырған кездер де болды. Тек 1966 жылдың 18 қыркүйегінен бастап ол 

мемлекеттік  қорық  ретінде  жұмыс  істей  бастады.  Ал  1968  жылдан  Наурызым 

қорығы  республикалық  экология    және  табиғат  ресурстары  министрлігінің 

қарауына  енеді  .  Арада  өткен  талай  өзгерістер  қорық  жерінде  із  қалдырмай 

кеткен жоқ. Мұнда шаруашылық жұмыстары кең етек алумен қатар, қарағайлы 

орман алқаптарының едәуір жерін өрт те шарпыды. Дегенмен, соңғы жылдары 

жүргізіліп  келе  жатқан  жұмыстар  бұл  аймақта  қорықтық  режимнің 

сақталатындығын байқатады. 

        Наурызым  қорығының  қазіргі  уақытта  алып  жатқан  жер  көлемі  87 694 

гектар.  Соның  17 662  гектары  немесе  19,5  пайызы  орманды  алқаптардың 

үлесіне тиеді. Олар- Терсек, Сыпсың  және Наурызым реликтілі қарағай орман 

алқаптары.  Сонымен  қатар,  қорық  жерінде  Жаркөл,  Ақсуат,  Сарымойын  атты 

көлдер  бар.  Аталған  көлдер,  әсіресе,  көктем  мен  күз  айларында  нағыз  құс 



ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 24 бет 

 

базарына  айналады.  Мұнда  солтүстікте  тіршілік  ететін  құстар  жылы  жаққа 



барар және қайтар жолда дем алуға отырады. Селеу өскен жазық далалар мен 

ормандар  арасында    аң  мен  құстардың  көптеген  түрлері  кездеседі.  Жалпы 

қорық  аймағында  құстар  200-ден  астам,  сүт  қоректілердің  30,  қос  мекенділер 

мен    бауырымен  жорғалаушылардың  10-нан  астам  және  омыртқасыздардың 

700-ге  жуық  түрі  мекендейді.  Ал,  өзен-көлдерде  балықтың  10-ға  жуық  түрі 

мекен  етеді.  Жүргізіліп  отырған  ғылыми  жұмыстардың  дені  реликтілі  қарағай 

ормандары,  өсімдіктер  дүниесі  мен  тұзды  көлдерде  мекендейтін  қанаттылар 

экологиясын зерттеуге бағытталған. Қорықта жан-жақты жабдықталған табиғат 

музейі  де  жұмыс  істейді.  Қостанай  облысының  Наурызым  және  Семиозер 

аудандарының  аймағында  жатқан  Наурызым  мемлекеттік  қорығы  табиғаттың 

қайталанбас  бір  бұрышының  көркін  бұзбай  сақтап  қалу  тұрғысында  өзіне 

жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып келеді десе де болады. 

 

Қорғалжын қорығы 

        Теңіз  –  Қорғалжын  көлдер  жүйесін  және  далалы  аймақтың  біраз  бөлігін 

қамтитын  Қорғалжын  мемлекеттік  қорығы  1968  жылы  ұйымдастырылған  еді. 

Алайда,  үш  жылдан  кейін  ол  орман-аңшылық  шаруашылығына  айналды  да, 

кейіннен қайтадан қорық болып құрылды. Бастапқыда 15 мың гектардай жерді 

алып  жатқан  болса,  қазіргі  уақытта  Қорғалжын  қорығының  аймағы    235661 

гектарға  тең.  Оның  көп  бөлігін  көлдер  алып  жатыр.  Мұнда  көктем  мен  күз 

айларында  көл  беті  қанаттылардан  көрінбей  кетеді.  Себебі  алыс  сапар  шегіп 

бара жатқан құстар тынығу үшін бұл көлдерде біраз қонақтайды. Жылдың қай 

мезгілі  болмасын,  қорық  аймағы  қанаттылардың  құтты  қонысы.Сол  себепті 

Қорғалжын  мемлекеттік  қорығы  ЮНЕСКО  белгілеген  халықаралық  маңызы 

бар  сулы-батпақты  резерваттар  қатарына  жатқызылған.  Қорық  аймағында 

құстардың 225 түрін, сүт қоректілердің 30түрін, қос мекенділер мен бауырымен 

жорғалаушылардың оншақты түрлерін кездестіруге болады. Олардың барлығы 

да қамқорлыққа алынған. Әсіресе, дүние жүзі бойынша сиреп кеткен қоқиқазды 

қорғап,  қорын  молайтуда  қорықтың  алатын  орны  ерекше.  Колония  құрып 

тіршілік ететін қоқиқаздар қорық жеріне ұя салып, жұмыртқа басады. Ұяларын 

балшықтан  соғып,  оны  жерден  биіктеу  етіп  салады.  Соңғы  жылдары  көл  суы 

деңгейінің  төмендеуіне  байланысты,  қоқиқаздар  колониясының  саны  азайып 

барады.  Мәселен,  қорық  алғаш  ұйымдастырылған  жылдары  қоқиқаз  саны  50 

мың шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 10 мыңға жетер-жетпес. 

          Сыйдиған  ұзын  сирағы  мен  имектеу  тұмсығы  болмаса,  қоқиқаз  бір 

көргенде  алыстан  аздап  аққуға  ұқсайды.  Тек  оның  басты  өзгешелігі-  қоқиқаз 

қанатының  қызғылт  түсті  болуы.  Сол  себепті,  бұл  қанаттыны  кейде, 

қызылқанат немесе қызылқаз деп те атайды. 

         Қоқиқаздан  басқа  қорық  жерінде  өте  сирек  кездесетін  аққу,  бұйра 

бірқазан, қызыл жемсаулы қарашақаз, аққұтан, дуадақ, безгелдек сияқты құстар 

тіршілік  етеді.  Жүргізіліп  келе  жатқан  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  басты 

назар  көл  суларында  мекендейтін  қанаттыларға  аударылады.  Көл  суы 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 25 бет 

 

деңгейінің  төмендеуінің  табиғатқа  тигізер  әсері  де  ұдайы  ескеріліп  отырады. 



Келешекте көлдер деңгейін қалпына келтіру үшін Ертіс-Қарағанды каналынан 

қорыққа су бұрудың мәні зор. 

 

Марқакөл қорығы 

     1976жылы  4  тамызда  ұйымдастырылған  Марқакөл  мемлекеттік  қорығы 

Шығыс  Қазақстан облысындағы  Күршім  мен  Азу  аралығында  жатыр.  Осы  екі 

қыратпен  көмкеріліп,  айдыны  күн  бетіне  шағылысқан  Алтайдың  ару  көлі  – 

Марқа  адам  қамқорлығына  алынды.  Бұл  тұщы  көл  теңіз  деңгейін  1500  метр 

биіктікте  орналасқан.  Оның  жалпы  аумағы  544  километр,  ұзындығы  38, 

көлдеңені  19  километрге  дейін  жетеді.  Ең  терең  жері  25  метрге  жуық.  Көлге 

тұс-тұстан  27  өзен  мен  бұлақ  келіп  құяды  да,  бір  ғана  Қалжыр  өзені  ағып 

шығады. 

Марқакөл  мемлекеттік  қорығының  аумағы  71 369  гектар.  Шалқып  жатқан 

Марқа жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Ақ қайын тал, 

көктерек,  үйеңкі,  долана,  мойыл  көздің  жауын  алады.  Тауға  таяу  және  оның 

баурайында  көкке  тік  шаншылған  балқарағай  бой  түзеді.  Жайқалып  өскен 

шөптесін  өсімдіктер  дүниесі  де  өте  бай.  Көлде  балықтың  бірнеше  түрі  бар. 

Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар «Қызыл қашаған» деп атап кеткен майқан 

немесе  қаяз  балығы,  хариус,  талма,  теңге  балық  (пескарь)  ойнақ  салады. 

Қорықтың  хайуанаттар  дүниесі  де  сан  алуан.  Мысалы,  мұндағы  көл  айдыны 

мен оның жағалауындағы тоғайларда сүт қоректілердің 40, құстардың 200-ден 

аса  түрі  мекендейді.  Биологиялық  өнімділігі  жағынан  біздегі  тау  көлдерінің 

бірде-бірі  Марқакөлге  тең  келе  алмайды.  Өсімдіктер  мен  хайуанаттар 

дүниесінің ерекшелігімен қатар ол жергілікті ауа райын реттеп отырады. 

      Таяуда  ұйымдастырылған  Марқакөл  қорығы  өзінің  алғашқы  қадамын 

жасауда.  Кенді  Алтай  өлкесінің  көркіне  көз  тоймас  осынау  көрікті  бұрышын 

сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған  Марқакөл мемлекеттік қорығының 

келешегінен мол үміт күтуге болады.  

 

Барсакелмес қорығы 

       Арал  теңізінің  солтүстік-батыс  бөлігіндегі  өзі  аттас  шөлейтті  аралда 

орналасқан.  Аралдың  жалпы  көлемі  шамамен  200-250  км

2

.  Қорық  1939  жылы 



ұйымдастырылған, ондағы мақсат-жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып 

бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Десе де, сонғы жылдары 

Арал  теңізі  деңгейінің  төмендеуіне  байланысты  Аралдың  жер  бедеріне  едәуір 

өзгерістер  енді.  Ондағы  көлдер  кеуіп,  олардың  орнына  үлкен  көлемді  сорлар 

пайда болды. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік 

етуіне күшті әсерін тигізіп отыр. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 

250-ден  аса  түрі  өссе,  соңғы  кезде  олардың  саны  тіпті  азайып,  кейбіреулері 

жойылып  кету  қаупінде.  Бидайық,  жусан,  сексеуіл  сияқты  өсімдік  сиреп 

барады.  Қорыққа  шөлде  аймақққа  тіршілік  етуге  бейімделген  жануарлар  тән. 

Негізгі  қорғалатын  аңдар:  ақбөкен,  қарақұйрық  және  құлан.  Алғашқыда  бұл 



ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 26 бет 

 

қорық  ақкөбенді  қорғау  үшін  құрылған  еді.  Өйткені,  мұнда  бұл  аңды 



жерсіндіргенге дейін оның бар болғаны 4-5 ешкісі ғана бар болатын. Одан кейін 

бұл  жерге  ақкөбеннің  6  текесі  мен  ешкісі  жіберілді.  Олар  оңай  жерсініп, 

жылдан-азайып  кеткен  қарақұйрық  сияқты  бағалы  аңдарды  көбейту  үшін  оны 

осы  аралға  1930  жылы  жерсіндіру  жұмыстары  жүргізілді.  Нәтижесі  табысты 

болып,  бұл  жануарлар  саны  да  өсті.  1953-1964  жылдар  аралығында  19  құлан 

Түркменстанның  Бадхыз  қорығығынан  осында  әкелініп  жіберілген. 

Мамандардың  алдында  олардың  саны  өскендіктен  Қазақстанның  басқа  шөлді 

аумақтарынан Маңғыстау  және  Алматы  облыстарында  жерсіндіру  жұмыстары 

қолға  алынды.  Барсакелмес  қорығы  аса  бағалы  хауанаттар:  құлан,  ақбөкен, 

қарақұйрықтарды  қорғап,  олардың  саның  көбейтудегі  мақсатын  орындап 

шықты.  Қанаттылардан  қорықта  –  қарабауыр  бұлдырық,  итала  қаз,  қарақал, 

ителгі,  бөктергі,  бозторғайлар  мекендейді.  Бауырымен  жорғалаушылардан 

жұмырбас  және  жүгіргіш  кесірткелерді,  ысылдағыш  гекконды,  қалқантұмсық 

жыланды  ұшырастыруға  болады.  Көп  жылдар  бойы  қорықта  тұяқты 

жануарларды  зерттеу  жұмыстары  жүргізілді.  Жиналған  материалдар  бойынша 

100-ден  астам  ғылыми  еңбек  жарық  көрді.  Арал  теңізінің  қазіргі 

проблемаларына  байланысты  бұл  қорықты  сақтау,  ондағы  қазіргі  күнде  жүріп 

жатқан  табиғи  даму  процесстерді  және  болып  жатқан  өзгерістерді  ғылыми 

зерттеу ғалымдардың міндеті. 

 

Үстірт қорығы. 

 Қорық  1984  жылы  Батыс  Қазақстандағы  Маңқыстау  аймағы  Ералиев 

ауданында құрылған еді. Қорықтың жалпы көлемі 223,3 мың гектар. Орталығы 

қорықтан  200  шақырым  жердегі  Жаңа  Өзен  қаласы.  Қорықтың  алып  жатқан 

жері Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы тегіс жазықтық пен көтеріңкі 

үстірттерден  тұрады.Суға  тапшы  келеді.  Жер  үсті  сулары  жоқ.  Құрылуының 

негізгі  мақсаты  –  шөл  белдемдеріндегі  ерекше  табиғи  ландшафттарды,  сирек 

кездесетін  жануарлар  дүниесін,  табиғаттың  қайталанбайтын  көне  дәуір 

ескерткіштерін  сақтап  қалу  болды.  Қорық  аймағында  Қазақстанның  «Қызыл 

кітабына»  енген  түз  тағыларының  12  түрі  кездеседі.  Әсіресе,  халықаралық 

деңгейде  қорғауға  алынған  қарақұйрық,  үстірт  қойы  (муфлон),  қабылан, 

қарақалдардың тіршілік етуі ерекше орын алады. Сол сияқты қорық аймағында 

құлақты  кірпі,  құм  тышқандары,  қосаяқтар,  кесірткелер  мен  жыландардың  да 

көптеген  түрі  сақталған.  Аталған  хауанаттардың  біразы  қазіргі  кезде  түрлі 

себептермен  сиреп  бара  жатқаны  өкінішті-ақ.  Ғалымдардың  зерттеулері 

бойынша  Үстірт  қорығы  өзінің  жер  қыртысының  (рельефінің)  ерекшелігімен 

қатар  көне  дәуір  ескерткіштеріне  аса  бай.  Үстірт  жазығындағы  кенеттен 

кездесетін  тақтайдай  жазықтар,  известі  топырақтан  тұратын  әр  түрлі  түсті 

керіштер кәдімгі ертегідей түрлі мүсіндерді елестетіп, ерекше әсер қалдырады. 

Кейбір  үстірттер  200-250  м.  биікке  көтеріліп  алып  платолар  түзеді.  Оның 

формалары,  рельефі,  түстері  бейне  бір  табиғат  сұлулықтарымен  үйлесімділік 

тауып,  қолдан  жасаған  ғимараттардай  көрініс  береді.  Көне  дәуірде  Үстірт 


ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009 

«__»____ 200__ ж. 

№ ___ басылым 

44 беттен 27 бет 

 

теңіздің  түбі  болғандығының  айғағы  ретінде  мұнда  теңіз  хауанттарының  тіс, 



сүйек, қабыршақ т.б. қалдықтарын жиі ұшыратуға болады. 

Қорықтың өсімдіктер жамылғысы да ерекше. Мұнда қатаң климатқа биімделген 

қара сексуілді ормандар, изен-жусанды жайылымдар, жыңғыл, күйреуік, сораң, 

байалыш,  эфемерлер  өседі.  Ал,  тоқтау  суларда,  бұлақтар  төңірегінде  қамыс, 

қоға жайқалып тұрады.  

Қорықта  жиі  ұшырасатын  құмды  алқаптардың  табиғаты  ерекше  келеді.  Онда 

өсімдіктерден еркек шөп, жүзген, жоңышқа, түйетікен, жусан, ебелек, жыңғыл, 

қара сексеуіл кездеседі. 

Қазіргі  кезде  Үстірт  қорығында  үстірт  қойының,  қарақұйрық,  үнді  жайрасы, 

қарақал, қабыландардың табиғаттағы саны өсіп әрі тұрақтанып келеді. Бірақта, 

соңғы  жылдары  қорықта  аталған  хауанаттардың  саны  азаюы  байқалған. 

Мәселен,  1960  жылдары  Үстіртегі  қарақұйрықтың  саны  100  мың  басқа  жетсе,  

ал, 2000 жылдары күрт азайып, жүздеген бас қалды деп саналды. Оның негізгі 

себептері:  олардың  табиғи  тіршілік  ортасының  бұзылуы,  таралуы  және 

броконьерлік жағдайлар. Ал, үстірт қойлары 1960 жылдары 1300-1500 бас деп 

есептелсе, қазір бірнеше үйірлері ғана қалған. Кезінде Үстірт жазығында құлан 

да кездесетіні тарихта белгілі. 

Қазір  барлық  түз  тағылары  құрып  кету  алдында.  Қорық  қызметкерлерінің 

алдындағы  міндет-сирек  аңдар  мен  құстарды  өсімдіктер  әлемін  қорғап  қалу. 

Оның үстіне  Үстірт  қорығына,  құлан,  қабылан,  қарақұйрық,  ақбөкен,  қарақал, 

т.б.  аңдарды  қайтадан  жерсіндіру,  сақтап  қалу  бағытында  ғылыми-зерттеу 

жұмыстары жүргізілуде. 

 


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 119/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Математиканы оқыту теориясы 5B010900-Математика мамандығына арналған студенттерге арналған пәннің ОҚу бағдарламасы
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Оқу-әдістемелік материалдар «Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»
umkd -> Бағдарламасы «Дискретті математикалық логика»
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым
umkd -> «тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің

жүктеу 459.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет