№3 (211) 17 ақпан 2015 жыл Құттықтаймыз! «Таңғажайып сәт»



жүктеу 0.56 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6

айбибі еркін

№10 ЖОББ мектептің 3 «И» сынып оқушысы



«Анамның алтын қолдары»

      


 Менің анамның аты – Шынаргүл. Ол мектепте мұғалім 

болып жұмыс жасайды. Анамның қолдары алтын. Себебі 

екі қолы болса да, бәріне үлгереді. Ол  оқушыларға сабақ 

түсіндіреді,  қарындасымның  шашын  жинайды,  бізге 

тамақ  пісіреді,  сабағымызды  қарайды.  Үйді  де  жинап, 

киімдерімізді реттейді. Кейде анам бәріне қалай үлгереді 

деп  ойлаймын.  Мен  үшін  анам  бәрінен  де  артық.  Оны 

күнге  де,  алтынға  да,  нұрға  да  теңеймін.  Анама  ұзақ 

бақытты өмір тілеймін. Мен Сізді мақтан тұтамын.

 бекарыс тоғаЙ

№ 46 ЖОББМ-нің2 «Д» сынып оқушысы

Ізгі арманым

Мен кішкентай кезімнен әр нәрсеге қызығып жүретінмін. Өлең 

айтып,  би  билегенді  ұнатамын  және  де  спорттық  шараларға 

қатысқанды  жақсы  көремін.  Алайда,  қазақ  ақындары,  қазақ 

батырлары  сияқты  өз  іздерін  халқына  паш  етіп  қалдырсам  не 

арман.  Мен  осыдан  кейін  ойланып  болашақта  үлкен  бір  маман 

иесі атанып, сол маман иесімен халыққа қызмет етіп, халқымның 

ризашылығымен  баталарын  алсам  деймін.  Мен  осылай  өмірде 

армандаған өз жолыммен, өз ізіммен жүргім келеді.

ислам баЙболат 

                                    Подстепный №1 мектептің 2 «ә» сынып 

оқушысы

 Теректі ауданы



Өз   ізім

Өмірде,  қазақ  еліне  өшпес  із 

қалдырған  адамдар  көп  екен.  Оны 

бізге  ұстазымыз  айтты.  Әлихан 

Бөкейханұлы,  Ахмет  Байтұрсынұлы, 

Міржақып 

Дулатұлы, 

Жүсіпбек 

Аймауытұлы аталарымыз еліміздің көп 

оқыған білімді адамдары болыпты. 

Менің  де  үлкен  арманым  – 

қазақ  елінің  азаматы  болу.  Өз  ізімді 

қалдырып,  еліме  пайда  әкелу.  Мен 

ақын  және  суретші  болғым  келеді. 

Қазір  бір  кішкене  төрт  шумақ  өлең 

шығарып жүрмін. Абай Құнанбаевтың 

өлеңдерін оқимын. Ақындар айтысын 

теледидардан  сүйіп  тыңдаймын. 

Сурет салғанды қатты ұнатамын. Өзім 

шығарған төрт жол шумақ өлеңім.

Білім аламын,

Кішкентай баламын.

Мен де ер жетіп,

Суретші боламын.

 

 

 



 мерхан аЙдынғали

Подстепный №1 мектептің 2 «ә» сынып оқушысы

Теректі ауданы

Менің анам

Менің  анам  өте  ерекше 

жан.  Талай  түн  ұйқысын 

төрт  бөліп,  мені  өсірсе 

де  әлі  күнге  дейін  менің 

алаңсыз  жақсы  оқуыма 

жағдай  жасап,  шыр-пыр 

боп  жүреді. Мектепке жылы 

сөзімен  шығарып  салып, 

дәмді тағамын әзірлеп күтіп 

алады.  Мен  де  анамды 

қуантқым кеп, «5» деген баға 

алып  келуге  тырысамын. 

Жақсы  баға  алып  келсем, 

анам 


мені 

еркелетіп, 

құшағына  алады.  Анамның 

ыстық  құшағы  маған  әркез 

күш-қуат  береді.  Анамның 

ыстық  құшағы  мен  мейірімі  арқасында  жақсы  оқып,  

алаңсыз  өсіп  келе  жатқан  бақытты  баланың  бірімін. 

Анамды  келе  жатқан  мейрам  күні  қалай  қуантсам  деп 

ойлап жүрмін. Бастысы, анам әркез күлімдеп, жанымда 

жадырап аман жүрсе екен.



            айгерім елЮбаеВа

№34 мектеп-гимназиясының 2 «в» сынып оқушысы,

  Менің 

сыныбым


      Мен 1-сыныпта оқимын, 

сыныпта  15  оқушы  оқимыз.   

Оқушылардың  барлығы  тату, 

ұйымшыл.  Сабағымыз да жақсы.  

Сыныбымыздың 

оқушылары 

тәртіпті,  білім      алуға  құштар. 

Біз  мектебімізде  өтетін  барлық 

шараларға  қалыспай  қатысып 

жүреміз.


Сынып  жетекшіміз  –  Алма  Қуантайқызы.  Ол  біздің  екінші  анамыздай.  Сынып 

жетекшіміздің  денсаулығы  зор  болып,  әрдайым  бізбен  бірге  болса  екен  деп 

тілейміз.

саят марат

С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің

4 сынып оқушысы Мәстексай ауылы, Жаңақала ауданы

Ұстазымдай 

болсам деймін


№3 (211)    17.02.2015 ж.

15

«Буын ұйқасын 

құру»

Ру,-ру,-ру,



Өте сұлу ару

Жа,-жа,-жа

Ауырады жара.

Қу,-қу,-қу.

Әдемі сондай аққу.

Ра,-ра,-ра

Ұшып жүр ара.

Ла,-ла,-ла

Ақылды екен бала

а.тілекҚабылоВа

Сатыбалды ОЖББМ-нің оқушылары                                                                                                                                     

Казталов ауданы

Бабалар жолы 

Бұрынғы өткен заманда,

Жан-жақтан жау шапқанда,

Ел намысын қорғаған,

Жер намысын қорғаған,

Батырлар мәңгі жасасын!

Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен,

Ел үшін жанын құрбан еткен,

Біз үшін қанын көлдей төккен,

Ерлердің аты өшпесін!

Ел қуанышын, қайғысын,

Ел мұңы мен зарлы дауысын,

Барша алаштың қамытын

Көтерген қайсар қазақ ұлдары,

Жүректе мәңгі сақталсын!

Келешек ұрпақ білсін деп,

Тарихты саралап жүрсін деп,

Бабалар салған жолдарды

Өз көзімен көрсін деп,

Қолыма қалам алғанмын!



                        бекжан ГапуоВ

№4ЖББОМ 8 «б» сынып оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

Қадірін 


қадірлеген бір 

қызыңмын


Қадыр ақын кітап болып көзің қалды,

Жас ұрпаққа өлмейтұғын сөзің қалды.

Қадыр жыры аспанымда жаңғырып,

Әуеніне кетті әлемді таң қылып. 

                * * *

Жыр оқысақ Бөгенбаймыз батырмыз,

Қадыр, Жұбан, Ақұштаптай ақынбыз.

Әр сөзіңнен ғибрат алам мен мәңгі,

Ізіңізді жалғастырып жатырмыз.

                         * * *

Қадыр ақын ана тілді түзеткенсің,

Қадыр ақын ар-ұятты күзеткенсің.

Ұрпақтың қамын ойлап, заманында

Қадыр аға жанынды мұз еткенсің.

 

ақбаян балғабаеВа      

  Қаршы ОЖББМ-нің оқушысы, 

Ақжайық ауданы

Ана


Ақ мамам ау, ақ мамам,

Саған бәрі таң қалған.

Сенсіз күнім болмайды,

Ұмытылып қалмайды.

Сен ақылды анасың,

Бала үшін қиясың.

Бар жаныңды саласың.

Ақ сүт беріп біздерге,

Аялаған анашым.

Жақсы көрем мен оны,

Ол да сүйеді баласын.

Мені күтіп баптаған,

Сан қатерден сақтаған.

Асыл анам сенімен,

Мені әр кезде мақтанам.

                                         ажар уағап

Хамза Есенжанов атындағы жалпы 

орта білім беретін мектептің 

5 «а»сынып оқушысы

Теректі ауданы

  Жан ана

Аналардың жүректері жыр болсын,

Әр қашанда өмірлері гүл болсын.

Аналардың құрметіне ағайын,

Шапалақтап қолды соға қағайын.

Аналар ғой бізді  бағып өсірген,

Аналар ғой киімінде кигізген.

Аналар ғой ардақты  да сымбатты,

Арқа сүйер жан анашым қымбатты.

Аналардың  армандарын орындап,

Жүрейікші қуанып бір жалындап.

Аялайық аналарды мәңгілік,

Аналарға құрметпен бас иейік.



                                                                                                   

Қарақат ғалымжаноВа

Хамза Есенжанов атындағы жалпы 

орта

білім беретін мектептің 



5 «а»сынып оқушысы

Теректі ауданы



Туған жерді 

сүйемін

Әсем әрі көрікті

Саған еш жер жетпейді.

Мен өзіңе сүйсініп,

Жазам өлең көп мейлі.

Қазбаларға қойны бай,

Жері де бар көркі сай.

Туған жерді сүйемін

Қысы – қатал, жазы – жай.

                                 Гүлнұр  даВлятЬяроВа

 М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ  

3 «в» сынып оқушысы

  ҚазаҚстан

Елім менің тәуелсіз Қазақстан,

Көк байрағы көгінде асқақтаған.

Баршаға сая болған байтақ жері,

Бұл менің туған жерім Қазақстан!

Өрісі кең өркен елім,

Бар қызығым сенде менің.

Байлығы мол дара елім

Аларым көп сенен менің.

ақгүл телЬман 

№44 орта мектетің оқушысы

Тәуелсіздік 

мерекесі


Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,

Тәуелсіздік – шаттығы ғой елімнің.

Қолға қонған бақ құсындай аялаған,

Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.

 

                                                            

жанерке ҚанатҚалиеВа

                                         №44 орта мектептің 

4 «а» сынып оқушысы

 Ана тілім

Ана тілім – ардақты айбаттым,

Қадіріңнен айналайын, қайраттым.

Сенің мерей, беделіңді көтерем,

Ана тілім, мені осылай сайраттың.

Ана тілім – ойымның нық қазығы

Ана тілім – жүректің жан азығы.

Ана тілім – арманы мол бабамның

Домбыраға қосып кеткен наз, үні.

         

мадина мҰхатаЙ

 №10 ЖОББМ-нің 4 «а» сынып орқушысы



туған тілім 

Туған тілім әдемі сөйлегенде,

Қадыр тұтып,пір қылып жүргеніңде.

Туған тілім әдемі мәңгілікке,

Тастамайық қасымыздан бір сәтке де.

Туған тілім әдемі сендерменен,

Мақтау айтып күнде сен күлгеніңнен.

Туған тілім әдемі біздерменен,

Жаңғыртайық біз тағы сіздерменен.

                      алма жексеноВа

№1 жалпы орта білім беретін мектептің 

                            7 «а»сынып оқушысы

             Чапаев ауылы,Ақжайық ауданы



анам менің

Анам менің әрқашан,

Әдемі боп жүреді.

Қуантсам мен анамды,

Жадырап бір күледі.

Анам менің әрқашан,

Мені жақсы көреді.

Мені ойлаған анамды,

Менде жақсы көремін.

Анам маған әрқашан,

Бақыт тілеп жүреді.

Анамды мен әмәнде,

Қуантқым әркез келеді.

айымгүл ерсаЙыноВа

       Хамза Есенжанов атындағы 

жалпы орта  білім беретін 

мектептің  5 «а» сынып оқушысы   

Теректі ауданы      

Анама

Анашым, асыл, анам, қамқор анам,

Сіз үшін аспандағы айды алам.

Көңіліңе сөз келтірсем кешіріңіз,

Кей кезде ойланбайды тентек балаң

Жұдырықтай жүрегім, әділдікті сүйеді

Амандығы өзіңнің балаңның тек тілері.

Ынтымақ,  ырыс  болып елімде

Тыныш болсын аналардың жүрегі.

                                                                                         

бекжан Қами

Кеңсуат орта жалпы білім беретін мектебінің 

оқушысы Кеңсуат ауылы, Ақжайық ауданы

Анаң сенің жүрегің

Анаң сенің жүрегің

Өмірдегі тілегің

Баршаға да ұнайтын

Баршаны да сыйлайтын

Түн ұйқысын төрт бөліп

Еркелететін біздерді 

Әрдайымда біздердің

Қасымызда жүретін.

раушан едГина

Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта  

         білім беретін мектептің 5 «а»сынып оқушысы   

               Теректі ауданы               

  Астана

Астанам, менің Астанам

Астана – менің бас қалам.

Қызыға сені еске алам,

Астанам, менің Астанам.

жансая сатҚали

№10 ЖОББМ-нің 

2 «ж» сынып оқушысы

 Бақыт деген..



..

 Бақыт деген-ата-ананның шаттығы,

Бақыт деген-арайлап атқан таң нұры,

Бақыт деген-балалықтың ұмытылмас сәттері,

Бақыт деген-жарқыраған күн көзі.

дана ерсаЙын

   №1 жалпы орта білім беретін мектептің

7 «а»сынып оқушысы

Чапаев ауылы,Ақжайық ауданы

Ауылым менің

Тихонов елді – мекені 

Қиыны алыс екені, 

Сеті бар, свет, оты бар. 

Жолында аз ғана бейнеті.

Қысымыз бар қап – қатты, 

Бораны әбден шаршатты. 

Көктеміміз шуақты,

Смородинамыз тәп – тәтті. 

Жазымызда қызықты,

Ойында сол кез қызыпты. 

Жаз артынан күз келер, 

Көңіл – күй де өзгерер. 



 дильназ ғадылбекоВа

Тихонов мектеп – балабақша кешенінің 

5- сынып оқушысы, Тихонов ауылы, Бөрлі ауданы

Туған жер

Сүйемін сені, туған жер. 

Қымбатсың маған туған жер. 

Өсіп, өскен, өлкем менің

Батыр - бабам өскен жер. 



 азиза жоламан

Тихонов мектеп – балабақша 

кешенінің 

5 сынып оқушысы

Тихонов ауылы, Бөрлі ауданы

аяулы 

анашым

Аяулы анашым,

Өмірген жеткізген.

Қанша  сәт ренжесе,

Мен оны кешірген.

                берқайыр саменоВ

Хамза Есенжанов атындағы жалпы 

орта білім беретін мектептің 

5 «а»сынып оқушысы

Теректі ауданы

    Астана

Астанам менің бас қалам

Болғанына қуанам.

Барлық әлем тамсанған

Әсем қалам Астанам.

Астанамның жүрегі

Есіл өзен тірегі

Барша адам осында

Жиналады көреді.



данагүл избаноВа

«Сәулет» мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы

Тасқала ауданы

Жаңа жыл


Көктен жауған аппақ қар,

Неткен сұлу,әдемі!

Аяз ата, Ақшақар

Алыс жақтан келеді!



е.ибраЙмоВ

         Сатыбалды ОЖББМ-нің 

оқушысы , Казталов ауданы

Өтірік өлең

Инелікке міне алмай бір жыл жүрдім.

Етігімді кие алмай өзім күлдім.

Қысты күні гүл теріп сая бақтан

Ақ қардан анама арнап көрпе тіктім

                                                                   

а.сансызбаеВа

                  Сатыбалды ОЖББМ-нің 

оқушысы

Казталов ауданы



 Өлеңім

Өсіп-өніп толамын,

Мен ақылды баламын.

Өскен кезде елімнің

Кәдесіне жарармын.

Білім болар термегім

Намысты мен бермедім.

Кітап оқып, ілім ап,

Өлең болар ермегім

                               

    әліби  жәрдем

№1 Подстепный ЖОББМ-нің 

2 «ә»сынып оқушысы

Қауырсын қалам


№3 (211)    17.02.2015 ж.

16

Менің қарындасым!

Менің  кішкентай  сүйкімді  қарындасым  бар.  Ол  былтыр  ғана 

дүниеге келді. Қазір ол 10 айлық. Оның аты-Аделя. Аделя-шыншыл 

деген  мағынаны  береді.  Ол    еңбектейді,  отырады,  тұра  алады, 

тамақ іше алады, ата, тәте, папа деп сөйлей алады.  Мен оны қатты 

жақсы көремін. Мен 5-сыныпта оқимын. Мен сабақтан келгенде оны 

сағынып келемін, оның исінен  бөпенің исі шығып тұрады. Ол тек 

күле береді, бәрімізді алдайды. Мен сіздердің газеттеріңізге коптен 

бері жазылып келемін. Сондықтан сіздерге сүйікті қарындасымның 

фотосын жіберуді жөн көрдім. Сіздер бұны газетке шығарсаңыздар, 

ол өскенде осы газетті оған міндетті түрде көрсететін боламын. 

оралхан  тӨлеГеноВ

Айдархан ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы

Жаңажол ауылы,Жаңақала ауданы

Ме

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат 

министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж

№ 9661 – Г куәлігі берілген

Индексі: 65771

Газет айына бір рет  шығады

Таралым 2 500 дана

Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.

 

Бас редактор:



Сүндетов Жұмажан Қадимұлы

Ұялы тел: 8-701-687-58-86

Газет ЖШС 

«

Полиграфсервис



»

 

баспаханасында басылады.



Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1

Тел.: 51-41-99 

Редакция мекен-жайы:

Орал қаласы, пр. Евразия 

89/79, Факс: 26-93-62 

samal-gazets@mail.ru 



16

Самал сенің газетің

 айнара меңдіҚҰл

 Т.Жароков атындағы 

ОМ-нің 

1 «ә» сынып оқушысы



Жәнібек ауданы

 

давлетьяров арсен ағамның туған күніне арнаймын!

Арсен ағам қорғаушы

Қанат қағып өмірге

Алаңы ғып аяқ доп

Асыр салады төрімде

    Арсен ағам қорғаушы

    Әр кұн сайын таласып

 Доп тебеміз тынымсыз

Аға нағыз футболшы

нурдаулет даВлетЬяроВ

№1 ЖОББМ-нің 1 «а» сынып оқушысы

Теректі ауданы

арнұр урынбек,Тихонов мектеп – 

балабақша кешенінің 5- сыныпоқушысы, 

Бөрлі ауданы

әділхан керееВ 

Тихонов мектеп – балабақша 

кешенінің 

5- сынып оқушысы

Тихонов ауылы, Бөрлі ауданы 

дильназ ахмадиеВа,

А.Тихоненко атындағы 

ЖОББМ-нің оқушысы 

Лубен ауылы, Шыңғырлау ауданы



Диас Еламанов , Теректі ауданы

Чапаев бастауыш мектебіні

ң

4-сынып о



қушысы

Батыр қыз Әлия

Қазақтың батыр қызы Әлия

Жас болса да фашистермен соғысты

Ерлігімен қазақ халқын құтқарып

Сол майданда ажалға да жолықты.



мағзомов мағжан мағзомоВ

Егіндікөл ЖОББ-нің 3-сынып оқушысы 

Қаратөбе ауданы

Амирлан  

МҰХАМБЕТКАЛИЕВ

алихан самиғолла

Ж. Молдағалиев атындағы № 

2ЖОББМ-нің

1»ә»  сынып оқушысы

   Ана

Анам менің ардақты,



Мінезі оның салмақты.

Балаларды оқытар,

Білім беріп жан-жақты. 

нұрсезім ғаЙнолла

Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы,  «ЖЕТКІНШЕК» 

балабақшасы 4 жаста

Атам туралы естелік

Бұл  менің  атам  - 

Амангелдінің  әкесі  Мукашов 

Айтқали.  Мен  атамды  көрген 

емеспін,  бірақ  ол  туралы  көп 

естідім. Атам ақылды, байсалды, 

мейірімді  кейде  қатал  да 

болған.  Көп  жылдар  бойы  ауыл 

шаруашылығында  еңбек  еткен, 

егін  жинаудан  алдыңғы  қатарлы 

комбайыншы  болған.  Еңбегі 

бағаланып,  жыл  сайын  әртүрлі 

бағалы  сыйлықтарға  ие  болған. 

Атам  Шыңғырлау  ауданы,  Қарағаш  ауылында  туған.  Ол  1900  жылы 

дүниеге келіп,1986 жылы 21-сәуірде қайтыс болды. 1942 жылы әскер 

қатарына  шақырылып,  ал  1943  жылдың  сәуірінен  бастап,  Оңтүстік 

Батыс, 3-Украина, 1- Белорус майдандарында неміс басқыншыларына 

қарсы  ұрыстарға  қатысып,  1944жылы  жараланып  соғыстан  келіпті. 

Ол  кісінің  есімі  ауылымыздағы  Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлеріне 

арналған құрмет тақтасында жазылған. Мен олар туралы естігенімді еш 

уақытта ұмытпаймын, кейін іні,сіңлілеріме айтып жүремін. Мен соғысты 

көрген жоқпын, көргімде келмейді. 

Міне, биыл ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл толғалы 

отыр. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмтылмайтыны сияқты, соғыста ұмтылмастай 

ізін қалдырды. Соғыс... Осы сөзді естісем, бойымда қорқыныш пайда 

болады.  Соғыс!  Жалғыз  ғана  сөз.  Соғыс  дегеніміз-қайғы  –  қасірет, 

қантөгіс, өлім-жетім, күн сайын туған-туыстан, жақындардан айырылу. 

«Ер  бақыты  ел  қолында,  ел  бақыты  ер  қолында»,-деп  батыр  атамыз 

Бауыржан  Момышұлы  айтып  кеткендей,  ардагерлер-Қазақстан 

халқына  бейбітшілік,  тыныштық,  береке,  бақыт  орнатқандардың  бірі 

-деп  білемін.    9-мамыр  Жеңіс  күні  мен  үшін  ерекше  мереке.  Себебі, 

әр  адамды  толқытатын  ерекше,  әрі  айтулы  күн.  Сондықтан  осы  Ұлы 

мерекені ерекше қабылдаймыз. Біздің ауылымыз шағын болса да әр 

жыл сайын Ұлы мереке жоғары деңгейде тойланып тұрады. Бірақ жыл 

өте ардагер ата-әжелеріміз азайып бара жатыр. Біздің міндетіміз –бұл 

күнді еске сақтау, ардагерлерімізді ұмытпау. Оларға  әрдайым  көмек  

көрсету  біздің    парызымыз.Мен  өз  атамның  ерлігін  сыныптастарыма 

мақтанышпен  айтып  жүрмін.  Ендеше  әрқашанда  елімізді,  жерімізді 

қорғаған,  еңбек  еткен  ата-әжелерімізді  ұмытпайық!  Ұлы  Жеңістің  70-

жылдығы құтты болсын!

ару аманГелдиеВа

Приурал мектеп-балабақша кешенінің 4 «а» сынып оқушысы



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.56 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет