№3 (149 ) наурыз



жүктеу 491.5 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата07.05.2017
өлшемі491.5 Kb.
  1   2   3   4   5

 

 

№3 



(149



НАУРЫЗ 

2015 

МАРТ 

 

М 



ақсаты  –  кәсіби  және 

техникалық  білім  беру  ұйымдары-

ның  педагогикалық  қызметкер-

лерінің  біліктілігін  арттыру  жүйе-

сіндегі  инновациялық  педагогика-

лық тәжірибені тарату және дамыту. 

Конференцияға  Бозымбаев 

Болатжан  Даулетович,  «Өрлеу» 

БАҰО»  АҚ  КжТББ  бөлімінің  

бастығы,  Тобатаева  Кульзия  Кадыровна,  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  филиалы  

ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың бөлім бастығы модераторларлық басқару жүргізді. 

Конференцияға  отандық,  шетелдік  кәсіби  және  техникалық  білім  беру 

ұйымдарының әріптестері: басшылар, оқытушылар, әдіскерлер, өндірістік білім 

беру шеберлері қатысты.  

Конференция  барысында  Қазақстанның  барлық  облыс  педагогтерінің 

баяндамалары  тыңдалып,  Беларусь,  Ресей,  Тәжікстан,  Өзбекістан  және 

Қырғызыстан  педагогтері  де  белсенді  қатысты.  Бас  қосуда  дуалды  оқытуды 

КжТББ жүйесіне енгізу, әлеуметтік әріптестік сұрақтары талқыланды. 

Конференция барысында «Модульное и дуальное обучение в профессио-

нально-техническом образовании» атты әдістемелік құралдың тұсаукесері өтті. 

Конференция соңында К. Тобатаева шеберлік сыныбын өткізді. Конферен-

ция жұмысын аймақтық баспа және электронды БАҚ жариялады. 



 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  

ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың 

баспасөз орталығы  

2015 жылдың 18 наурызында 

«Электротехнический колледж» КМҚМ негізінде  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ  

«Кәсіби және техникалық білім берудегі дуалды оқытуды енгізудің  

көкейкесті сұрақтары басқару және инженерлік-педагогикалық  

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі әлеуметтік  

әріптестік институтын нығайтушы факторы» атты кәсіби және  

техникалық білім беру қызметкерлерінің  

ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді 

 

В 



 связи с этим 16-17  марта  2015  года  тренеры 

АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Восточно-Казахстанской 

области  провели  обучающий  семинар-тренинг  по подго-

товке учащихся школ области к международному иссле-

дованию PISA. 

Основными областями для оценки образовательных 

достижений  станут  естественнонаучная  грамотность  как 

приоритетная область оценки, на которую отведено две 

трети  времени  тестирования,  а  также  математическая 

грамотность и грамотность чтения.  

Цель  семинара-тренинга  –  развитие  профессио-

нальных  компетентностей  педагогов  по  стратегиям  ак-

тивного  обучения  учащихся  и  подготовки  их  к  выполне-

нию заданий программы PISA. 

В  работе  семинара  приняли  участие  46  учителей. 

Это сотрудники «Восточно-Казах-станского регионально-

го центра новых технологий в образовании», региональ-

ного  центра  «Шығыс»  Управления  образования  ВКО. 

Работа  велась  по  3  направлениям:  по  грамотности  чте-

ния,  математической  грамотности,  естественнонаучной 

грамотности.  Участники  семинара  отметили  актуаль-

ность и необходимость данных тренингов, позволяющих 

использовать стратегии обучения на практике. 

 

Д. КУСАИН,  

ст. преподаватель кафедры  

ИТиМПЕНГД 

С  3  по  18  апреля  2015  года  восточноказах-

станские  15-летние  учащиеся  примут  участие  в  

очередном международном исследовании PISA. 

 

Б 



айқау  мақсаты:  шығармашылықпен  жұмыс  іс-

тейтін, кәсіби қызметінде жоғары жетістіктері бар, жоғары 

кәсіби деңгейде құзыреттілігін көрсетіп жүрген бастауыш 

сынып  мұғалімдерін  ынталандыру  және  педагог  мәрте-

бесін арттыру, оларды қолдау және көтермелеу. 

Байқауға облыстың барлық аудандары мен қалала-

рынан  еңбек  өтілі  3  жылдан  кем  емес  19  бастауыш  

сынып мұғалімдері қатысты. 

Байқау  барысында  бастауыш  сынып  педагогтері 

«Менің мамандығым — менің мақтанышым» таныстыры-

лымын  және  өзінің  өзекті  тақырыбы  бойынша  шеберлік 

сыныптарын көрсетті. 

Байқау соңында әділқазылар байқаудың қатысушы-

ларына әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады. 



Байқаудың қорытындысы бойынша: 

1-орын  –  Канапина  Асель  Альмухановна,  

Өскемен  қаласы  әкімдігінің  №45  орта  мектебінің  

бастауыш сынып мұғалімі. 

2-орын  –  Муканов  Жәнібек  Сағымжанұлы,  Ұлан 

ауданы,  Б.Ахметов  атындағы  орта  мектебінің  бастауыш 

сынып мұғалімі; 

2-орын  –  Валеева  Надежда  Александровна,  

Бородулиха  ауданы,  Камышенка  орта  мектебінің  бас-

тауыш сынып мұғалімі; 

3-орын  – Федорова  Светлана  Викторовна,  ШҚО 

ББ,  Дарынды  балаларға  арналған  «Восток»  дамыта 

оқыту ғылыми-зерттеу мамандандырылған орталығының 

бастауыш сынып мұғалімі. 



3-орын  –  Жамантаева  Ельмира  Тургалиевна, 

Жарма ауданы, Н.Крупский атындағы орта мектептің бас-

тауыш сынып мұғалімі. 

 

3-орын  –  Юрочкина  Виктория  Анатольевна,  

Өскемен  қаласы,  Дарынды  балаларға  арналған  №34 

мамандандырылған  мектеп-лицейінің  бастауыш  сынып 

мұғалімі. 



Номинациялар бойынша: 

«Шығармашыл  ұстаз»  -  Ажахметова  Зульфира 

Битановна, Тарбағатай ауданы, М.Әуезов атындағы орта 

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; 

«Шебер  ұстаз»  -  Қалиева  Дария  Ақатайқызы, 

Күршім  ауданы,  Қаратоғай  орта  мектебінің  бастауыш 

сынып мұғалімі; 

«Зерттеуші ұстаз» - Шмурыгина Ольга Викторовна, 

Риддер  қаласы,  №1  мектеп-лицейінің  бастауыш  сынып 

мұғалімі; 

«Тәжірибелі  ұстаз»  - Жакашпаева Айнаш Аскерга-

зиновна,  Көкпекті  ауданы,  Көкжайық  орта  мектебінің 

бастауыш сынып мұғалімі; 

«Жаңашыл  ұстаз»  - Петлеванная Татьяна Никола-

евна, Зырян ауданы, №1 бастауыш мектебінің бастауыш 

сынып мұғалімі; 

«Ізденімпаз  ұстаз» - Татаркина Лариса Константи-

новна,  Глубокое  ауданы  Белоусовка  бастауыш  мектеп-

балабақша кешенінің бастауыш сынып мұғалімі. 

Бұл  кәсіби  байқау  шығармашылық  потенциалды 

ашуға,  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  үздік  жұмыс 

тәжірибелерін анықтауға мүмкіндік берді.  



 

 

Шығыс Қазақстан облыстық  

білім басқармасының 

баспасөз орталығы 

Шығыс  Қазақстан  облысы    білім  басқармасының  «Шығыс»  өңірлік  орталығы  жылдық  жоспарына сәйкес 

2015 жылдың 27 наурызында Өскемен қаласы әкімдігінің №35 орта мектебі базасында «Үздік бастауыш сынып 

мұғалімі» облыстық байқауын өткізді. 



№3 

(149) 

наурыз 

2015 

март 

Е 

л  дегенде,  ойыма  туған  ата-анам 



түседі.  Мен  ата-анамды  қалай  сүйсем,  туған 

елімді  де  солай  сүйемін.  Себебі  Отанымның 

отбасынан  басталатынына  алған  тәрбием  куә. 

Бүгінгі  ұрпақ  «Менің  Қазақстаным»  деген  сөзді 

кеуде  кере,  зор  мақтанышпен  айтады.  Туған 

елдің арқасында бақытты ұрпақ атандық. Бақы-

тымыздың бастауы - кемел еліміз Қазақстан. 

«О, туған ел, қасиетті топырағың, 

Сендік махаббатымның оты – жалын 

Сені қалай сүюдің керектігін, 

Мен  ешқашан  кітаптан  оқымадым»,    -  деп 

Фариза  ақын  айтқандай,  туған  елге  деген 

сүйіспеншілік  сезімі  әке  қанымен  берілетінін 

бәріміз де жете түсінеміз. 

Менің  естіп,  біліп,  ұққаным  –  туған  елім 

Қазақстанның  нұрлы  да  жарқын  өмірінің  күн 

санап  сән-салтанат  құруы.  Өмірдің  сан  алуан 

бағыт-бағдарында  елімде  болып  жатқан  өрге 

басушылықты  түсінем  де,  сезінем  де.  Әрине, 

біз  бұл  заманға  кездейсоқ  келген  жоқпыз.  Ата-

бабаларымыз,  аға,  апаларымыз  осы  бақытты 

өмір  үшін  аянбай,  қан  мен  тер  төгіп,  күш-

жігерлерін  сарыққаны  сөзсіз.  Еліміздің  бүгінгі 

тамаша  өмірін  мақтан  ете  отырып:  «Сан-

саналы өміріміздің нәрі - халықтың ынтымағын-

да,  бірлігінде,  бейбіт  өмірінде»,  -  деп  ойлай-

мын. Біздің еліміз - қазақ халқы және жүздеген 

ұлт  пен  ұлыс  өкілдерінің  ынтымағы  жарасып 

отырған  мемлекет.  Елімізде  өзге  мемлекеттер 

қызыға қарайтын береке, тыныштықтың болуы - 

өзара  достық  қатынастың  жемісі.  Қазақстан 

Конституциясында  атап  көрсеткендей,  әркімнің 

ана  тілі  мен  төл  мәдениетін  пайдалануына 

құқығы  бар:  қай  ұлт  өкілдерінің  де  өз  тілін, 

мәдениетін,  дәстүрін  дамытуға  жан-жақты 

жағдай  жасалған.  Сондықтан  да  республика 

халқының  көңілі  көтеріңкі,  тұрмысы  жақсы. 

Соңғы  жылдары  Қазақстан  ТМД  көлемінде 

демократиялық  оң  өзгерістер  жүргізуде  ал-

дыңғы  орынға  шықты.  Бұл  неге  қуантпасын 

бізді?  Сондықтан  елімнің  бақытты  аспанында 

көк  Байрағымыздың  жылы  шуағын  шашып, 

Әнұранымыз  асқақтап,  Елтаңбамыз  жарқырап 

тұрғанын  кім  қаламайды?  Кім  одан  шапағат 

алмайды? Бақыт та, байлық та еліміздің нұрлы 

да  жарқын  өмірінің  негізгі  нәрі  -  халқымыздың 

рухани достығында, - деп білемін. 

Менің  елім  Қазақстанда  тәуелсіздікпен 

қатар  аталатын  қадірлі  де  қастерлі  бір  тарихи 

тұлға  бар.  Ол  -  Қазақстанның  тұңғыш  Прези-

денті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев. 

«Халқымның  тәуелсіздік  таңы  атқанда,  Көрінді 

көш  алдында  дара  тұлғаң»,  -  деп  ақын 

айтқандай,  мен  кейде  Қазақстанды  алып  кеме, 

Президент  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевты 

оның капитаны  сияқты  елестетем.  Елін  сүйген, 

елі сүйген Президентім менің! Сіз қазақты бар-

лық  жерге  таныттыңыз.  Оған  төбеміз  көкке 

жетуге аз-ақ қалып отырады. Осындай Елбасы-

мыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

арқасында  бүгінгі  күні  Қазақстан  -  еңселі 

Қазақстан, мәртебесі биік, шоқтығы да биік ел!  

Біздер  2030-дың  іргетасын  қалаушылар-

мыз.  Өмірдің  сан  қилы  сынақтарынан  өтеміз. 

Қай  кезде  болсын,  менің  елім  Қазақстанның 

басқа  мемлекеттер  алдында  мәртебесі  биік 

тұратынына  сенім  білдіре  аламын.  Өйткені, 

бүкіл  әлемге  достықты  паш  ететін,  ынты-

мақшыл, бірлікшіл, бейбітшіліктің қамалын берік 

ұстайтын  ұлы  Қазақстан  мемлекетінде  біз 

сияқты ұрпақтар өсіп келеді… 

Арман РАИМБЕКОВ,  

Өскемен техникалық колледжінің тәрбиешісі 

М 

енің  кіндік  қаным  тамып,  алғаш  тәй-



тәй  басқан,  алғаш  «ана»  деп  күлім  қаққан, 

апама  еріп  қой  баққан  елім,  киелі  жерім,  ата 

мекен  –  Жерұйығым  бар.  Халық  даналығы 

«Әркімге  өз  туған  жері  –  Мысыр  шаһары»  деп 

бекерге айтпаған. 

Туған  жерін  жырға  қоспаған,  туған  жері 

жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетін-

де жоқ шығар. 

Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы 

төсіңде  еліміздің  сан  ғасырлық  шежіресін  ба-

яндайтын  шынайы  да  анық,  дәлелді  тарих  жа-

тыр.  Тамыры  тереңге  бой  тартқан  сара  жолы-

мыздың  «Тәуелсіздік»  атты  бабалар  аңсаған, 

біздер  қолдап,  қорғаған  теңізде  көш  жалғасты-

руы  –  біздерге,  келер  ұрпаққа,  беріліп  отырған 

«баянды бақыт» дер едім. 

Қазақстан  –  кең-байтақ  өлке,  ұлан-ғайыр 

жеріміз  табиғат  ресурстарына,  шикізат 

көздеріне,  тіпті,  бай.  Бұл  ерекшеліктер 

«Тәуелсіздік»  атты  қасиетті  ұғымға  қол  ұшын 

жеткізудің  бір  бағыты  болды,  бүгінде  біз  басқа 

да  дамыған  елдермен  тереземізді  теңестіру 

жолындамыз. 

Біздің  мемлекетімізде  жүзден  астам  ұлт 

өкілдері  өмір  сүреді.  Әрқайсысының  жағдайын 

ойлап,  басын  біріктіріп,  елімізде  тыныштықты, 

бейбітші-лікті  сақтап  отырған  Елбасымыз  - 

Нұрсұлтан  Әбішұлындай  «бақ  атамыз»  барда 

біз  бақыттымыз,  қазақстандықтар  тату-тәтті 

өмір сүреді. 

Тәуелсіздіктің  бет  бұрған  жолында 

еліміздің  ұлттық  рухани  асыл  қазынасы,  эконо-

микасы,  саясаты,  мәдениеті  дамып,  гүлденуде, 

біз  санаулы  жылда  адам  айтқысыз,  айтса  

сенбейтін  жетістіктерге  жетіп  отырмыз.  Ең  бас-

тысы  –  тіліміз  мемлекеттік  мәртебесін  алып,  

ата-бабамыздың рухы бір серпіліп қалды, қаси-

етті  аманатты  уыстан  шығарып  алмай,  дер 

кезінде тұғырына бағыттай, бекіте білдік. 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарба-

евтың халыққа арналған Жолдаулары, еліміздің 

өркендеу  мақсатында  қалыптасқан  аталмыш 

«заңдар»  -  халықтың  тұрмыс-тіршілігін,  бола-

шаққа деген сенімін нығайта түсті. 

Есімің Ай – әлемге тұрақталып, 

Келіпсің Сарыарқаға жұмақты алып. 

Көзіме көрінерсің жас Астана, 

Есілге  қонған  аққу  сияқтанып,  -  дегендей, 

аспанмен  таласқан  зәулім  «Бәйтерегі»  бар 

Астана  –  бүгінде  біздің  мақтанышымыз.  

Шетелдіктердің  орталық  Астанамызға  қызыға 

қарайды. 

Иә,  кешегі  тәй-тәй  басқан  еліміз,  қазіргі 

таңда  аяғын  нық  басатын,  қадамы  алшақ,  өз 

бағытына сенімді, мығым елге айналып отыр. 

Көгілдір  аспан.  Күн  шайдай  ашық.  Зәулім 

көкте  қыран  құс  қанатын  тіке  кең  жайып,  еш 

уайымсыз қалықтап ұшып жүр. Еліміз – тыныш, 

халқымыз – бақытты. Басқа кейбір елдердегідей 

лаңкестік  әрекеттердің  біздің  жерімізден  мүлде 

алшақ  болуын  біз,  келер  ұрпақ,  халық,  бар-

шамыз жатпай-тұрмай тілейміз. Бұл – Қазақста-

нымның болашақ белестері деп түсінемін. 

Мен  Қазақстанымды  Заңғар  Көкке 

теңеймін.  Ал,  Президентіміз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевты аспан әлемімен халыққа 

нұрын сеуіп тұрған күннің көзіне теңеймін: «Жүзі 

үнемі  шырайлы,  жылу  береді,  ең  бастысы  – 

мәңгілік». 

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 

халыққа арнаған Жолдауындарындағы қасиетті, 

киелі  ойлар  республикамыздың  түкпір-

түкпірінде іске асырылып, жандануда. Біз бірлік, 

ынтымақ, бауырмалдық, татулықтың арқасында 

ғана  – бақыттымыз.  «Бірлік  болмай,  тірлік бол-

мас», — деген даналықтың түп қазығы осында. 

Біздің облысымызда да елеулі өзгерстер болып, 

«еңбек  майданы»  қызу  қарқынмен  әр  сала 

бойынша ерекше дамуда. 

Не жетсін өмір сүргенде! – деп ақиық ақы-

нымыз  Мұқағали  Мақатаев  жырлағандай,  мен 

шетсіз  де  шексіз,  бай,  рухани  құндылықты  нәр 

тұтқан, киелі, қайсар, қасиетті жерім үшін, ерен 

елім үшін қызмет етуге бүгінгі күні-ақ дайынмын. 

Тарыдай  болып  кірген  алтын  ұя  -

мектебімнен  таудай  болып  шығатын  сәт 

жақындаған  сайын  алдыма  қойған  мақсат-

міндеттерім айқындала түсуде. Қазақ атты елім 

барда,  Нұр  ағадай  елбасым  барда  мен  жаңа 

өмір  есігін  сеніммен  ашамын,  алғашқы  қада-

мымды нық басамын! 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

қолдауымен  әр  жыл  ел  дамуына  ерекше  орын 

алатын  бағыттарға  арналып,  тарихымых  

таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, 

денсаулық  саласы  нығайып  келеді.  Сол  жақсы 

үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да 

парыз болып саналады. 



Балауса АКИМЖАНОВА, 

Технико-экономикалық колледжінің тәрбиешісі 

К 

ак  известно  без  прошлого  нет 



настоящего,  нет  и  будущего,  ведь  оно 

совершается  на  основе  прошлого.  Изучение 

истории своего народа формирует у учащихся 

историческое сознание, культуру, дает картину 

о  прошлом  нашего  Отечества.  А  самое 

главное,  формирует  чувство  гражданствен-

ности,  что  является  основой  деятельности 

любого  казахстанца,  способного  анализиро-

вать  и  оценивать  сложные  и  разные  истори-

ческие события и явления.  

В истории всегда есть место событиям, не 

замеченных  раньше  в  силу  разных  обстоя-

тельств, а иногда просто «умалчивания». Но в 

какой – то момент они обретают свое место и 

значимость,  приобретая  смысл  именно  как 

части  исторического  опыта  человеческого 

сообщества и истории народа в целом. 

Уже  два  десятилетия  наш  Казахстан  – 

суверенное независимое  государство,  уверен-

но  идущее  вперед,  достигшее  высот  цивили-

заций. 

Остановимся  на  становлении  Казахского 



ханства. Одним из важнейших вопросов нашей 

истории  является  именно  образование  Казах-

ского ханства – как первого единого политиче-

ского устройства. В этом году созданию Казах-

ского  ханства  –  550  лет,  и  оно  обрело  свое 

достойное  место  в  истории  нашего  государ-

ства,  неся  консолидирующую  роль  в  сохране-

нии  исторического  и  культурного  наследия. 

Возникновение  Казахского  ханства  –  это  зако-

номерный итог социально - политических про-

цессов, происходящих в тот период. Единение  

 

всех  казахских  родов  и  племен,  сложение  ка-



захской народности создали предпосылки к об-

разованию  Казахского  ханства,  как  государ-

ственной  организации.  Согласно  датировке 

Мухаммеда Хайдара Дулати, время образова-

ния  Казахского  ханства  – 1465-1466  годы.  Ос-

нователями Казахского ханства стали Жанибек 

и  Керей,  именно  они  стали  выразителями  ин-

тересов  объединения  всех  слоев  и  не  только 

казахского общества, создав стабильную этни-

ческо-территориальную государственность.  

Несмотря  на  тяжелое,  порой  несправед-

ливое, наследие предшествующих эпох, боль-

шой и трудный путь прошел казахский народ к 

своему  заслуженному  праву  –  строить  свою 

государственность на своей исконной земле. 

Через призму всех событий исторического 

прошлого  мы  по  -  новому  смотрим  на  этот 

исторический опыт создания нашими предками 

первой  политической  государственности,  име-

нуемой Отечественной историей. 

Цель учителя истории Казахстана – доне-

сти до каждого учащегося истину, что история 

нашего  суверенного  государства  –  результат 

деятельности всех поколений, живших и живу-

щих  на  территории  Казахстана,  наших  праде-

дов и отцов, и задача новых поколений  – этот 

результат сохранить и преумножить. 

 

А. АЛМАТОВА, 

преподаватель общеобразовательных 

 и социально-экономических  

дисциплин «Восточно-Казахстанский  

сельскохозяйственный колледж» 

2015  год  для  Казахстана  особенный,    он  знаменателен  великими  историческими 

датами:  20  лет  Ассамблеи  народа  Казахстана,  20-летие  Конституции  РК,  

70-летие  Великой  Победы,  170-летие  Абая  кунанбаева,  180-летие  Шокана  Уалиханова  и 

550-летие Казахского ханства. 

С 

ырттай  бағалау  әрбір  деңгейді  аяқтау 



бойынша  білім  алушының  оқу  жетістіктерінің 

мәлімделген  нәтижелерге  (ҰБТ,  ОЖСБ  және 

т.б.)  сәйкестігіне,  сондай-ақ  халықаралық 

зерттеулерге  (TIMSS,  PISA  және  PIRLS)  

қатысуы арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Іштей  бағалау  нақты  тұлғалық  жетістік-

терді  белгілеу  үшін  оқу  пәні  бойынша  оқыту 

сапасын  диагностикалау  арқылы  және  МЖБС 

өлшемдеріне  сәйкестігі  (аралық  және  қоры-

тынды бағалау) арқылы жүзеге асырылады. 

Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-

өзі  ұйымдастыру  және  өзін-өзі  жетілдіру  үшін 

жеке жетістіктерін (білім алушының өзін-өзі ба-

ғалауы  және  жетістіктерін  есепке  алуы  үшін 

портфолио)  бағалау  арқылы  жүзеге  асыры-

лады. 


Критериялық  бағалау  жүйесі  енгізілетін 

болады:  білім  алушының  оқу  жетістіктерінің 

МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелер-

ге (өлшемдерге) сәйкестігін бағалау. Бағалауға 

МЖБС-да  және  оқу  бағдарламаларында  мә-

лімделген  барлық  білім  беру  нәтижелері, 

сондай-ақ  негізгі  және  пәндік  құзыреттіліктер 

жатады. 


Мониторинг  нәтижелері  білім  алушының 

функционалдық  сауаттылығының  даму  ди-

намикасын,  мектеп  оқушыларының,  мұғалім-

дер мен мектептердің жетістіктерін бағалауды, 

сондай-ақ  стандарттарды,  оқу  бағдарлама-

лары  мен  оқулықтарды  жаңарту  іс-шаралары-

ның тиімділігін қамтамасыз етеді. 

Қазақстанның  аталмыш  халықаралық 

зерттеуіне  қатысуы  біздің  оқушыларымыздың 

дайындық  деңгейлерін  әлемнің  басқа  да 

елдерінің  оқушыларының  дайындық  дең-

гейімен  салыстыруға,  білім  беру  сапасын 

бағалауда  соңғы  әлемдік  жетістіктерге  сәйкес 

келетін  зерттеулердің  нәтижелерін  сараптау 

мен  оқу  жетістіктерін  бағалау,  сонымен  қатар 

кросс-ұлтты  зерттеулерді  жүргізудегі  жетекші 

мамандармен  әзірленген  әдістемелерге  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді. 

Білім  беруді  жаңарту  оқушы  білімін  ғана 

емес,  оларды  қолдану  дағдыларын,  атап 

айтқанда  функционалдық  сауаттылығын  қа-

лыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік 

білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде 

өзін-өзі  жан-жақты  таныту  үшін  білімін  пайда-

лана  білу  дағдыларын  қалыптастырады  және 

қоғамға пайда келтіреді. 

 

Функционалдық  сауаттылық  –  білім  беру-



дің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік 

бағдарлануы.  Қазіргі  тез  өзгермелі  әлемде 

функционалдық сауаттылық – оқушының әлеу-

меттік  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қыз-

меттерге  белсенді  қатысуына,  сондай-ақ  өмір 

бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық 

фактор.  ХХІ  ғасырдың  жан-жақты,  зерделі, 

дарынды,  талантты  адамдарды  қалыптасты-

руда  білім  беру  мәселесі,  оның  оқыту  жүйесін 

заман  талабына  сай  үйлестіре  алу  міндеті 

туындап, жаңа талаптар қойылуда. 

Соған  орай  ұстаздардың  алдында  тұрған 

міндет:  табысты  және  әрекетке  дайын  қабі-

летті,  әлеуметтік  рөлін  сезінетін  құзырлы  тұл-

ғаны  қалыптастыру.  Оқушының  сыни  ойлауын 

дамытуға  бағытталған  жаңа  инновациялық 

«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» 

жобасының  да  басты  міндеттерінің  бірі  – 

ұстаздардың  жаңаша  ойлай  алатын,  өз  мәсе-

лесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәр-

демдесуі. Ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден 

өзгеруiне,  балаға  бағытталған  сабақ  процесiн 

ұйымдастыра алуы,  сабағын белсендi,  оқушы-

мен  тең  құқылы  дәрежеде  жүргiзуі,  жобаның 

философиясын  терең  меңгерген  ұстаздардың 

шәкiрттерiн  өз  пiкiрiн  ашық  айтып,  өзара 

шынайы  сұхбат  жүргiзетiн,  рухани  жағынан 

дамыған  жеке  тұлға  ретiнде  дамуына  ықпал 

жасауы болып табылады. 

Бағалау  –  оқыту  нәтижесін  анықтау  үшін 

қолданылатын  тәсіл.  Бағалау  «оқыту  үшін 

бағалау»  және  «оқытуды  бағалау»  деп  екіге 

бөлінеді.  Формативті  бағалау  әр  сабақта 

жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ 

барысындағы  барлық  іс-әрекет  бойынша 

оқушының  білім,  білік  деңгейіне  қоса  дербес 

ойлауы,  түсінігі,  тіпті  тәртібі  т.б.  бағаланады. 

Ал,  сумативті  бағалау  немесе  жиынтық  баға-

лау  оқушының  белгілі  бір  кезеңдегі  бақылау-

лар,  білімді  тексеру  тестісі  кезінде  көрінетін 

білім  деңгейінің  өлшемі.  Жалпы,  бағалаудың 

барлық түрлері төмендегілерді қамтиды: 

1. Бақылау; 

2.  Алынған  мәліметтердің  интерпрета-

циясы; 

3.  Бұдан  арғы  іс-әрекетті  анықтау  үшін 



қолданылуы  мүмкін  шешімдерді  қорытын-

дылау. 


 

(Басы. Соңы  5-бетте) 

Каталог: images -> files -> publikacii -> 2015PedMir
publikacii -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
publikacii -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
publikacii -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Название курса: Іскерлік коммуникация
files -> Шолпан айнабаева
2015PedMir -> Асқарма басшысы Асқар Нұрғазиев өз баяндамасында жылдың көрсеткіштеріне
publikacii -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
publikacii -> Атысушылардың пікір алмасуы Жал пыұлттық идея Мәңгілік ел, тәуелсіздігіміздің
publikacii -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін

жүктеу 491.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет