№29 №29 (367) (367) 18 шілде 2014 жыл



жүктеу 245.81 Kb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата13.02.2017
өлшемі245.81 Kb.
1   2   3

Біздің қонысымыз

020500, Бұланды ауданы, 

Макин қаласы, С. Сейфул-

лин көшесі, 18 «б». Тел./

факс: 8 (716 46) 2-11-63. 

e-mail: vesti_bulandy@mail.ru.



                 Жауапты хатшы: З. ЖАЙНАРБЕК                                                 Корректор: Б.КҮЛАЙХАН.                                              

 

                                              Газетті беттеген: А. КУСАИНОВ

Редактордың міндетін 

атқарушы

АЙГҮЛ АМАНЖОЛОВА

Аптасына  бір  рет,  жұма  күні  шығады. 

Таралымы: 400 дана.  № 36 өтініш, 2829 

тапсырыс. Көлемі 1,5 баспа табақ.

...Ел  басына  қауіп  тудырған  сол  сұрапыл  соғыс  басталғанда 

ауданымыздың  сан  мыңдаған  жастары    Қызыл  Армия  қатарына 

алынып,  қан  майдан  даласында  Отан  қорғаудың  ерлікке  толы 

үлгісін көрсетті.

Иван Куприянович Скуридин бұрынғы Макинск (қазіргі Бұланды), 

Целиноград  (Ақмола)  облысына  қарасты  Отрадное  селосындағы 

шаруа  жанұясында 1914 жылдың 21 тамыз  айында  дүниеге  келді.

Балалық  шағында  дене  шынықтырумен  айналысып,  әр  түрлі  ой-

ындар  ойнауды  ұнататын.  Жанұяда  әкесінен  ерте  айырылып, 

жесір  шешесінің  сенімді  көмекшісі  болды.  Селолық  мектепте 

төрт жылдық білім алып, есеп-шот курсын тәмамдады. Колхозда 

еңбекке ерте араласып, кейін Макин қаласындағы «Астық дайын-

дау» кеңсесінде есепші болып қызмет атқарды.

Қызыл  Армия  қатарына 1936 жылы  шақырылды.  Алғашқыда 

НКВД  сапында  қызметін  өтеді.  Осы  қызмет  орнында  жеті 

жылдық мектепті бітіріп және тау кен техникумының студенті 

болды.  Рота  комсоргі  болып  сайланып, «саяси  және  жауынгерлік 

үздігі»  белгісімен  марапатталды.  Қызметін  қиыр  шығыста 

жалғастырды. Әскери міндетін Магаданда атқарды.

Ұлы  Отан  соғысын  Иван  Скуридин  шыныққан  әрі  тәжірибелі 

жауынгер қалпында қарсы алды. 1941 жылдың 15 тамыз күні 310-ы 

атқыштар дивизиясы құрамында Ленинград майданына аттанды.

Ленинград  майданы 67-і  армиясының 98-і  атқыштар  дивизиясы-

на  қарасты 4-ші  атқыштар  полкінің  командирі  болып  қызмет 

атқарды.

1943  жылдың  көктемінде  Иван  Скуридин  ауыр  жараланып,  Са-

ратов  қаласындағы  госпитальге  емдеуге  жіберілді.  Оның  қандай 

ұл    және  батыл  жауынгер  болғанын  хат  жолдары  бейнелейді: 

«Сәлеметсіз бе , сүйікті анашым! Ұлыңыз сізге жауынгерлік сәлем 

жолдайды.  Бізде  қазір  өте  ыстық.Фашистерді  аяусыз  ұрудамыз. 

Газет  беттері  мен  радиодан  тындаңыздар.Жауынгерлік  табы-

старымыз қомақты.Біздің жеңісімізбен бірге қанішер фюрерді жа-

залайтын уақыт жақын.»

Қымбатты анашым! Маған тағдыр не бұйырса да,  сен налыма. 

Майданда бәрі де болуы мүмкін. Ұлың Скуридинның коммунистер 

қатарында болғанын, сержант әрі рота комсоргі болғаның айтып 

жүрерсіз. Ленинград қоршауында болғанымды да әңгімелеп беріңіз. 

Біздер  жайлы  талай  газеттерге  жариялап,  өлең  шығаратын 

уақыт таяу қалған сияқты. Біздің заман өкілдерінің осындай ауыр 

сын сағаттарда жасаған жауынгерлік ерлікке толы жорықтарына 

қуанамын.  Ардақты  анашым!  Күні  бұрын  күйінбе,  мүмкін  саған 

қайтып  оралармын,  мүмкін  бәрі  де  орнына  келер.  Немерелерінді 

күтіп,  тәрбиелейтін  боларсың.Туыстар  мен  достарыма  сәлем 

айтыңыз.  Баршаңызды  сүйемін.  Ұлыңыз  Иван. 1944 жылдың 16 

қаңтар  айы.»Бұл  оның  ақырғы  жолдаған  хаты  болатын.14-17 

қаңтар  күндері  Ленинград  майданы  шешуші  шабуылға  шыққанда 

оның  алдынғы  шебінде  рота  комсоргі  Иван  Скуридин  болды.  Со-

кули деревнясы үшін болған қанқұйлы ұрыста шабуылға шыққан 

жауынгерлерді  жау  дзоты  бас  көтертпеді.  Қаһарлы  жаудан  өлім 

таяу болатын ұрыста бас көтеруге ұмтылғандарды жау оғы жоқ 

қылды.  Дзотты  жою  жайлы  жауынгерлердің  әрекеті  нәтижесіз 

болды.


Сол  сәтте  Иван  дзотқа  еңбектей  жетіп,  бірінен  соң  бірінен 

бірнеше гранат лақтырды. Амбразура саңлауы өшпеді, пулеметтің 

оғы  жауынгерлерге  жаңбырша  жауды.  Жауынгер  жедел  шешімге 

келді-бөлімшенің жауынгерлік тапсырмасын орындап, Иван Скури-

дин өз өмірін сарп етуге бекем бел буып, жау дзотының амбразу-

расын өзінің денесімен жауып, жауынгерлерге жол ашты.

Жауынгерлік  тапсырманы  ерлікпен  орындағаны  үшін  және 

неміс-фашист басқыншыларына  күресте ерекше ерлігі үшін 1944 

жылдың 13 ақпан айында И.К.Скуридинге  Совет Одағының Баты-

ры  атағы  берілді.  Ерлікпен  қаза  тапқаннан  кейін  оны  Ленинград 

облысы,  Ломоносов  ауданына  қарасты  «Гостилицкий»  бауырла-

стар  зиратына  жерледі.  Ол  туралы  естеліктер  ғасырлар  бойы 

сақталады. «Вильповицы» кеңшарында аталған облыстың Гатчин 

ауданында  мемориалды  тақтайша  орнатылды.1975  жылдың 21 

қаңтарында СССР теңіз флотының «Иван Скуридин» жүк тепло-

ходы суға түсірілді. СССР байланыс министірлігі И.К.Скуридиннің 

портреті бейнеленген көркем маркировланған конверт шығарды. 

1967  жылы  Магадан  қаласындағы  Спортивная  көшесі  Скуридин 

бұрылысы деп аталды.

  Совет  дәуірінде  батырдың  Отаны  Отрадное  селосындағы 

орта  мектепке  батырдың  есімі  берілді.1980  жылы  жауынгерлік 

Даңқ бұрышына Ұлы Отан соғысының ардагерлері материалдары 

қойылып,  пионер  дружинасы  И.К.Скуридинның  жауынгерлік  жол-

дасы  И.Н.Дмитриевпен  және  Ленинград  қаласының  жауынгерлік 

Даңқ мұражайымен жазбаша байланыс жұмысы жүргізілді.

Макинск  қаласында  батыр  атына  көше  беріліп,  Даңқ  аллея-

сында  оның  есімі  жазылған  мемориалды  тақташа  орнатылды. 

Макинск  қаласында  Бұланды  ауданының  мұражайы  бұрынғы  ба-

лалар шығармашылығы үйінде ашылып, оған жерлес батыр аты 

берілді.  Оның  жерлесі  Геннадий  Киркин  батырдың  жауынгерлік 

ерлігін баяндайтын, «Өшпейтін» (Бессмертие) деп аталатын по-

эма жазды.



Б.Жумадилова,

Бұланды ауданының мұрағатының басшысы  

Совет Одағының Батыры жауынгер жерлесіміз 

Иван Куприянович Скуридинның туғанына 100 

жыл толуына арналған əскери естелік.

Жетекпен соғу

Шөкең өзі ақын, балуан болғандықтан сал-серілер құсап қыста 

мойнына түйе жүннен тоқылған ұзын бөкебай  орап жүреді екен. 

Ол жүрген жерде қарашекпенділер соқтығысып маза бермейтіні 

түсінікті.  Олар  соқтыққан  соң  төбелес  болады,  әрі  бірлі-  жары-

мы бата алмайды, қарасыны көбейгенде барып қана жабылатын 

көрінеді. Қыстың күні осы бөкебай көп кедергі болатын көрінеді, 

төбелес  басталғанда  әлі  келмейтінін  білетін  қарашекпенділер 

бөкебайдың  екі  жағынан  ұстап  қылғындыруға  тырысады  екен. 

Бірде ескі Мәтен, қазіргі Прогрестің қасында 15 шақтысы жабы-

лады.  Жақындағанын  бір  пергеннен  сұлатып  салатын  Шөкеңе 

бетпе-бет  келуге  батылдары  жетпеген  соң  бөкебайдың  екі 

жағынан ұстап қылғындырамыз дегенде бір жағындағысын олай, 

екінші жағындағысын былай жапырып алысып жатқанын көрген 

бір қазақ жігіті биесін жегіп жіберіп көмекке барады. Бара өзінің 

қауқары  жетпейтінін  сезген  ол  биесін  доғарып  жіберіп  жетегін 

Шөкеңе  ұстата  қояды,  сөйтіп  құдайы  берген  Шөкең  әлгілерді 

жетекпен жусатып салыпты.



Құлаққалған

Шөкеңе  мына  жақта  қарашекпенділер  маза  бермеген  соң  ата 

жұрты  Тараз  жаққа  барып  бірер  жылдай    жүріп  қайтып  келеді. 

Сонда  елінен 4-5 жігіт  ере  шықса  керек.  Бірақ  жолшыбай  көбі 

қалып  қойып  біреуі  ғана  еріп  келеді.  Арқаның  аязды  қысында 

Шөкең бөрікпен ғана жүреді екен де, құлағы аяздан қызарып кет-

кенде  қамшымен  бір  қағып  қойып  жүре  беретін  көрінеді.  Бірде 

оңтүстіктен  еріп  келген  жігіт  те  Шөкеңе  еліктеп  құлағын  қағып 

қалғанда  үсіп  тұрған  құлақ  түсіп  қалса  керек,  содан  әлгі  жерді 

«Құлаққалған» деп атап кетіпті.



Балуан Шолақтың  кейіннен табылған өлеңдері. 

Балуан  Шолақ  бала  кезінде-ақ  ел  көзіне  түсіп,  ауызға  іліге 

бастаған. Бірде ауыл балаларымен бірге ойнап жүрсе, Көкі деген 

елдің  Сатыпалды  деген  сыншысы  оларға  қарап  тұрып, «Мына 

балалардың арасында оңбайтыны да, болмайтыны да бар екен»,– 

депті. Сол жерде тұрған үлкендердің бірі «Бұлардың болмайтыны 

қайсысы?»,– деп сұрайды. Сонда Сатыпалды  «Міне, мына бала»,– 

деп Шолақты көрсетеді. «Е, оны қалай болжап, қайдан білдіңіз?», 

– деген сұраққа сыншы «Жүгіргенде екпіні желдей есіп, артынан 

шаң бұрқырап отырады екен»,–деп жауап береді. Айтқанындай, 

Шолақ  он  жасқа  келер-келместе-ақ  көзге  түсіп,  ауызға  іліне 

бастапты.  Ол,  әсіресе,  қиянатшыл,  зорлықшыл  әкімдерді  ащы 

әзілмен, өткір өлеңмен түйреп, ел алдында масқаралап отырған. 

Мұндай өлеңдері ел ішінде көп-ақ. Бірақ, соның бәрі толық жина-

лып,  бір  жүйеге  келтірілген  жоқ.  Егде  тартқан  кезінде  Шолақты 

болыс,  билер  мен  байлардың  озбырлығы,  ағайынның  күншіл 

алауыздығы,  ұлықтардың  зорлықшыл  заңы  мен  түрмесі  әбден 

қажытады. Сол кездерде Шолақ былай деп шырқаған екен: 

Мен, Шолақ, жас күнімде болдым баяу, 

Жол іздеп Қараөткелде жүрдім жаяу. 

Жаласы сексен өгіз маған ауып, 

Алдында жалғыз оқтың тұрдым таяу. 

Япырмау, мен не қылдым жақыныма, 

Жақыным бір көнбейді ақылыма. 

Жатқанда абақтыда бір келмеді,

Мұжық қол батқан екен тақымына.

Қаражар өте алмадым, өткелің саз,

Алдырмас қаршығаға топтанған қаз.

Елу үй үйсін бұл күнде екі айырылып,

Қайтейін, талабым көп, қайратым аз.

Ши қаптал ақ айылмын, арқам жауыр,

Өкпе жоқ, ішім толған бәрі бауыр.

Дұшпанның алыстағы найзасынан,

Туыстың жақындағы инесі ауыр.

Керей-төрт ауылнай ел емес пе,

Тілеулі-дұшпан аспас бел емес пе.

Бұл елдің бірлігіне ұйтқы болған,

Ақылды шын кемеңгер шер емес пе.

Жүремін Торыайғырдың қалқасымен,

Есімбек, ойнама Тілеулінің қалтасымен.

Тар жерде зарыққанға жәрдем еткен,

Жегулі атын беріп сәнкесімен.

Көкіде Қожамберген елдің жұты,

Жанбота ежелден-ақ даудың құты.

Тоқсанбай әйел көрсе шырылдайды,

Түбіне жетеді оның әйел заты.



Жазып алған А. Бейсекеев.

Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл

Трактор  Т-16, шалғы және тырнауышпен. Хаб.: Қараөзек 

ауылы, тел.  ( 8 716 46) 3-85-09, 8-705-293 16 28 



4-бөлмелі  пәтер, 59 кв.  м;  аристон,  балконның    есік-

терезелері пластикалық. Хаб.: Тас Карьері, 12-13, тел; 4-00-14,



дереу! 3-бөлмелі  үй,.  Компьютер,шаңсорғыш,  кілемдер. 

Хаб.:2-16-84, 8- 701 611 20 97,



3-бөлмелі  пәтер,  орталықта, 74 кв.  м,  Сейфуллин 

к-сі, 9-30, 1қабат,  күн  жағы,2  лоджия,  дүкен  не  офис  ашуға 

қолайлы. Хаб.: 2-10-64, 8-701 409 70 96,

2-бөлмелі пәтер. Спортивная к-сі, 22-17, 60 кв. м, 1 қабат, 

жиһаздар,  аристон,  телефон,  спутниктік  ТВ.  Хаб.; 4-06-58, 

8-707 110 78 35,

2-бөлмелі  пәтер.  Спортивная  к-сі, 12-15. Хаб.: 8-702 508 

99 25, 8-950 702 69 47,

 

а/к  «Ауди-80» 1987 ж.ш, 3200 ш.б.(саудаласам). Скутер 

150 куб. Хаб.: 2-16-84, 8-701 611 20 97,



«Урал»  мотоциклі,  жақсы  жағдайда,  құжатсыз, 55000 

теңге. Хаб.: 8-701 303 68 76,



Трактор  «МТЗ-82»,тіркеме  ПТС-4,  кун.  Хаб.: 8-777 192 

96 316 8-777 253 40 94,



Трактор  «Т-25», жақсы жағдайда. Хаб.: 36-3-436 8-777475 

02 84,


Трактор «ЮМЗ», тіркеме, соқа, қымбат емес. Хаб.:5-13-59,

Кун «МТЗ», трактор «Т-40». Хаб.: 8-777 100 47 67,

а/к «Москвич-412» . Хаб. : 4-00-64,

пәтер.Фурманов  к/сі 7, 4500ш. б. Хаб.:2-13-17,

пәтер. Амангелді к/сі , 94, қолданылған жиһаздар.  Хаб. 

: 8-771 166 99 57,



дереу!  Пәтер  РЭС  №10.  Хаб.: 2-15-31, 8-777 041 08 95, 

8-702 763 69 27,



пәтер, (айырбастаймын) қымбат емес. Хаб.: 5-13-65,

а/к «Лада-Калина» 2012 ж. ш., саңырауқұлақтар: грузди, 

маслята,  лисички,  белые,  подберезовики,  жидектің  тосабы. 

Хаб.: 2-23-90, 8-701 641 87 25,

тоңазытқыш «LG» 2 камералы 35000 тг., тоңазытқыш 

«Samsunq» 55000 тг.,  диван 20000тг.  Хаб,; 8-705 426 20 28, 

8-702 833 74 76,

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕМІЗ

Барлық түрдегі суреттерге түсіру, кең форматты, сапа-

лы. Мерейтойларда бейнебаянға түсіру. Попов к-сі, 8 «Ақжан» 

фотостудиясы 



АЙЫРБАСТАЙМЫН

5-бөлмелі  үйді 1-бөлмелі  орталықтан  жылытылатын 

пәтерге. Хаб.: Дзержинский к-сі, 19-2, тел,; 2-12 -66,



ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ!

«Макинск МЖД» ЖШС: жүргізуші, тракторшы, күзетші, 

әр түрлі жұмысқа. Хаб.: 2-25-22,



дәнекерлеуші  (еңбек  өтілінсіз,  оқытамыз),  әр  түрлі 

жұмыстар. Хаб.: 8-701 121 96 69,



Атбасар ауданына әр түрлі жұмысқа. Тұрғын үй, тамақ 

тегін. Еңбекақысы 100 000 тг. Хаб.: 8-702 763 32 15, 8-777 882 

78 62,

Даяшы, ас үй жұмысшылары. Хаб.: 2-25-42, 5-05-62,

САТЫЛАДЫ

Ұлылығың ұланғайыр Нұрекем!

Киелісің, қадірлісің,

Қасиеттісің, қамқорымсың.

Қара қылды қақ жарасың,

Қасиетіңнен айналайын

Нұрекем!


Ұлығымсың, ұланымсың,

Ұранымсың ұмытылмас.

Ұлағатты ұлысыңа ұйытқысың

Ұлылығың ұланғайыр 

Нұрекем!

Даламыздың дидарысың,

Қаламыздың ажарысың.

Тұяқтының тұлпарысың,

Қанаттының сұңқарысың.

Нұрекем!


Қазағымның жүрегінің қанысың,

Қазақ десе шығып кетер жанысың.

Алты алаштың аға тұтқан, дана тұтқан,

Алып тұлға, асыл туған Нұрекем!

Қазағымның ұлағатты ұлысың,

Қазағыма көктен түскен нұрысың.

Қазағымның маңдайдағы бағысың,

Қазағымның қадап айтар жырысың, Нұрекем!



А. Көбікейұлы.

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 245.81 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет