№29 №29 (367) (367) 18 шілде 2014 жыл



жүктеу 245.81 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата13.02.2017
өлшемі245.81 Kb.
  1   2   3

№ 29

№ 29

  

(367)

(367)

18 шілде  2014 жыл

18 шілде  2014 жыл

Президент

Үкімет

Комиссия  отырысы  тұңғыш  рет  кеңейтілген  форматта, 

облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің, сондай-

ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  жөніндегі өңірлік комиссия 

мүшелерінің  онлайн-режім  арқылы  қатысуымен  өтті.  Отырысқа 

«Нұр  Отан»  партиясының,  Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасының, 

Қазақстанның  азаматтық  альянсының  жетекшілері, «Транспа-

ренси Интернешнл Қазақстан»  ұйымының өкілдері шақырылды.

Білім  жүйесіндегі,  сондай-ақ  Ақтөбе  облысындағы  сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  шаралардың  тиімділігі  мәселелері 

қарастырылып,  бұл  бойынша  министр  А.Сәрінжіпов  пен  әкім 

А.Мұхамбетов есеп берді.

Комиссия  Білім  және  ғылым  министріне,  сондай-ақ  Ақтөбе 

облысының 

әкіміне 

сыбайлас 

жемқорлыққа 

қарсы 


күрес 

жұмыстарын  ұйымдастырудағы  кемшіліктерін  атап  көрсетіп, 

анықталған бұзушылықтарға жол берген адамдарға түбегейлі ша-

ралар қолдануды ұсынды.

Қорытындылай келе, Мемлекеттік хатшы облыстар және Аста-

на, Алматы қалалары әкімдерінің назарын сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес жұмысында жіберілген кемшіліктердің  біркелкілігіне 

және жалаңдықты жоюға, азаматтық қоғам институттарымен 

тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз етуге аударды.

Комиссия  Премьер-Министрдің  Кеңсесіне  бір  ай  ішінде  сыбай-

лас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтары  анықталған  жергілікті 

атқарушы органдар басшыларының жауапкершілігін қарауды тап-

сырды.

Облыстар  және  Астана,  Алматы  қалалары  әкімдеріне 



мемлекеттік сатып алулар саласында ішкі аудит тиімділігін арт-

тыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Ә.Жақсыбеков  атап  өткендей,  қазіргі  уақытта  Мемле-

кет  басшысының  тапсырмасы  бойынша  саяси  мемлекеттік 

қызметшілерге  қатысты  тәртіптік  істерді  қараудың  ережесі 

пысықталуда.  Оларды  бекіткеннен  кейін  Комиссия  өңірлердің 

және  орталық  мемлекеттік  органдар  басшыларының  сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласындағы  ахуалға,  сондай-ақ 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнамалар  мен  қызметтік  эти-

ка  нормаларын  сақтауға  қатысты  жұмыстарға  деген  дербес 

жауапкершіліктерін  қарау  жөнінде  өзінің  құзыреттерін  белсене 

пайдалануға ықтиярлылық танытып отыр.



Қазақстан Ресаубликасы Президентінің ресми 

сайтынан

Мемлекеттік хатшы Əділбек 

Жақсыбековтің төрағалығымен 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 

жөніндегі Қазақстан Республикасы 

Президенті жанындағы комиссияның 

отырысы өтті

2015  жылы ұялы байланыс желілерінде нөмірлердің ауыспалылығы 

енгізіледі.

Бұл  туралы  бүгін  елордада  Байланыс  саласындағы  өңірлік 

ынтымақтастықтың  Байланыс  әкімшілігі  кеңесінің 49-шы 

бірлескен  отырысы  және  БСӨЫ  жанындағы  ақпараттандыру 

бойынша  ТМД-ға  қатысушы  елдердің  Үйлестіру  кеңесінің 

20-шы  бірлескен  отырысы  кезінде  ҚР  Премьер-Министрінің 

бірінші 

орынбасары 

Бақытжан 

Сағынтаев 

мәлім 

етті.


Оның  атап  өтуінше,  бүгінгі  таңда  елімізде  «Ақпаратты 

Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  инновациялық 

коммуникациялық  инфрақұрылымға  қолжетімділікті  қамтамасыз 

ету,  ақпараттық  орта  қалыптастыру,  отандық  ақпараттық 

кеңістікті  дамыту  бағытындағы  міндеттер  қарқынды  шешілу 

үстінде.


«Ұялы  байланыс  нарығындағы  бәсекелестікті  күшейту  үшін 

біз  ұялы  байланыс  желілерінде  нөмірлердің  ауыспалылығын  енгізу 

бойынша  жұмыстарды  бастадық.  Біз  Қазақстан  абоненттері 

2015 жылдан бастап бұл қызметті пайдалана алатын болады деп 

күтудеміз», - деді Б.Сағынтаев.

Сонымен  қатар  бірінші  вице-министр  өз  сөзінде  бүгінде 

еліміздің  әрбір  екінші  тұрғыны  сандық  эфирлік  телевидениемен 

қамтылғанын баса атап өтті.

«Қамту көлемі шамамен  51 пайызды құрайды. Бағдарлама  2015 

жылы аяқталып, қамту көлемі  95 пайызға жетеді», - деді ол.

Өткен жылы көрсетілген байланыс қызметтері 4,7 млрд. АҚШ 

долларына дейін өсті.

«Қазақстан  үшін  тиімді  ақпараттық-коммуникациялық  сала-

ны  дамыту,  әлемдік  желіге  бірте-бірте  ықпалдасу  экономикалық 

өсімнің айқындаушы факторы болып саналады. Елдің ЖІӨ-дегі бай-

ланыс саласының үлесі шамамен  2,5 пайызды құрайды. 2013  жылы 

көрсетілген байланыс қызметтері 4,7 млрд. АҚШ долларына дейін 

өсті», - деді ол.

Бұл 

ретте 


Б.Сағынтаевтың 

айтуынша, 

ақпараттық-

коммуникациялық  технологиялар  саласын  дамыту  бағытында 

жүргізілген  жүйелі  шаралар  әлемдік  рейтингтегі  Қазақстанның 

ұстанымын жақсарта түсуіне септігін тигізді. Мәселен, БҰҰ-ның 

«адамдар  үшін  электронды  үкімет»  рейтингінде  Қазақстан 2013 

жылы 190 елдің  ішінде 28-орынға тұрақтады. Ал 2012 жылы еліміз 

38-орында еді. «Желілік дайындық» индексі бойынша  Дүниежүзілік 

экономикалық форумның ақпараттық технологиялар рейтингінде 

Қазақстан әлемнің 140 елі ішінен 38-орынға көтерілді.

«Егер ұялы байланыс тарифіне қатысты айтар болсам, біз қазір  

17-орындамыз. 2012 жылы  42-орында едік. Ал белгіленген интернет 

бойынша 8-орындамыз», - деді бірінші вице-премьер.



ҚазАқпарат

Байланыс əкімшілігі кеңесінің 49-шы

бірлескен отырысы кезінде ҚР Премьер-

Министрінің бірінші орынбасары 

Бақытжан Сағынтаев мəлімдеме жасады

Апта 


басында 

аудан 


әкімінің  атынан  Журавлёвка 

селосының  тұрғыны,  соғыс 

және  еңбек  ардагері  Иван 

Дмитриевич 

Христичті 

аудандық 

мәслихаттың 

хатшысы Ш. Б. Құсайынов пен 

Журавлёвка  ауылының  әкімі 

А. И. Фролов 90 жасқа толған 

мерейтойымен  құттықтады. 

Иван  Дмитриевич  Христич 

1924  жылы 14 шілде  күні 

Ақмола 


облысы 

Калинин 


ауданындағы 

Оксановка 

селосында 

дүниеге 


келген. 

Оксановка 

селосындағы 9 

кластық  мектепті  аяқтаған 

соң 18 ге толған бозбаланы әскерге шақыртады. Ұлы Отан 

соғысының  екінші  жылы    Кеңес  Одағына  оңай  болмағаны 

белгілі.  Оны  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Петропавловск 

қаласындағы  байланысшыларды  даярлайтын  №44  арнайы  

мектепке  оқуға  жібереді.  Оқуды  ойдағыдай  аяқтаған  соң 

үшінші  Украин  майданында  бірінші  механикаландырылған 

гвардиялық    дивизияның  құрамындағы  байланысшылардың  

бөлімше  командирі  ретінде  ұрысқа  қатысады.  Австрияның 

Вена  және  Румынияның  Будапешт  қалаларын  неміс 

фашистерінен азат етуге қатысады. Шығыс Еуропа елдерін 

фашис  терден  азат  етудегі 

ұрыстарға    қатыса  жүріп, 

1945  жылы  мамыр  айында  жа-

раланып,  госпитальға  түседі. 

Жазылып  шыққан  соң    да 

әскер 


қатарында 

қызмет 


атқарып 1947 жылдың    9  ма-

мырында елге оралады.

1949 

жылы 


үйленіп, 

жұбайымен екі бала тәрбиелеп 

өсіреді.  Ел  экономикасы  мен 

мәдениетін  өркендетуге  өз 

үлесін қосып түрлі қызметтер 

атқарады.  Калинин  аудандық 

атқару  комитетінде,  әскери 

комиссариатта, 

мәдениет 

үйінің    директоры  сияқты 

лауазымды қызметтерде абыройлы еңбек етіп, туған ауылы 

Журавлёвкаға  қайтып  оралып  жүргізуші  болып  жұмыс 

атқарып  зейнеткерлікке  шығады.  Отан  алдындағы  еңбегі 

еленіп көптеген орден, медальдармен марапатталған. 

Қазіргі  таңда  Журавлёвка  селосында  тұрып  жатқан 

ардагер  ақсақалын  ардақтаған  аудан  әкімшілігіне  алғысын 

айта отырып,  еліміздің жеткен табыстарына ризашылығын 

білдіре  келе    Қазақстанның  аспанында  бейбітшілік  заманда 

көк байрағымыз желбірей берсін деген тілегін білдірді.

А. Бейсекеев.

Ардагерге құрмет көрсетілді

Астана  күні  қарсаңында    Макинск    қаласында  тағы  бір  жаңа 

кәсіпорын өз жұмысын бастады. Ол бұрынғы ағаш өңдеу зауытының 

өндірістік  базасы  негізінде  құрылған.  «TransTechMash LTD»  ЖШС     

бұл жаңа кәсіпорынның  ресми атауы.  Кәсіпорын ағаш өңдеумен және 

шпал жасаумен айналысады.  Өзі тектес кәсіпорындар арасында бұл 

зауыт  Республикда    бірегей  десек  те  болады.  Себебі  ол  техникалық 

Макинск қаласында жаңа кəсіпорын ашылды

құралдардың соңғы үлгілерімен жабдықталған. 

Зауыт  директоры  С.  Алексеенконың  айтуынша 

жұмысшылардың  орташа  айлығы 60 мың  теңгені 

қүрайды  Кәсіпорын  жылына 300 мың  текше  метр 

ағаш  шпалдар  мен    5  мың  текше  метр  тақтай 

өнімдерін шығаруға мүмкүндігі  бар. Қазірдің өзінде 

кәсіпорын өнімдеріне сұраныс зор. Республика бой-

ынша  ғана  емес  көрші  елдерден  де  шпалдар  алуға 

ұзақ мерзімдік шарт жасалған. 



Фото Т. Дюсенбай. 

«Нұр  Отан»  партиясының  аудандық  филиалы  жанындағы 

партиялық 

бақылау 


комиссиясының 

мүшелері 

Макинск 

қаласындағы  маңызды  құрылыс  нысандарын  аралады.  Нысанға 

барудағы мақсат  құрылыс жұмыстарымен танысу және мердігер 

компания өкілдерімен кездесу.

Нұротандықтар  Макинск  қаласындағы 18-пәтерлі  тұрғын  үй 

құрылысымен  және  қалалық  № 3 орта  мектебінің  спорттық 

залының  құрылысымен  танысты.  Өндірістік  егжей-тегжейлері 

жайында  комиссия  мүшелерін  құрылыс  учаскілерінің  басшылары 

таныстырды. Жалпы, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары керекті 

деңгейде жүріп жатыр, бірақ бұл жұмыстар кестеден қалып келеді. 

Кездесу  барысында  құрылыс  нысандарын  аралаған  «Нұр  Отан» 

партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 

Б. Т. Қажақанов және «Солнышко» бастауыш партия ұйымының 

төрайымы Л. А. Ширинская қаладағы маңызды құрылыс нысандар-

да  париялық  бақылау  үнемі  жүргізіліп  отыратыны  туралы  айта 

кетті.


А. АМАНЖОЛОВА.

Маңызды құрылыс нысандарында «Нұр 

Отанның» бақылауы жүргізіледі

Бұл  материалдың  авторы  Қарағандының  Тәттімбет  атындағы 

Бұл  материалдың  авторы  Қарағандының  Тәттімбет  атындағы 

өнер  колледжінің,  Алматыдағы    Жүргенов  атындығы  өнер 

өнер  колледжінің,  Алматыдағы    Жүргенов  атындығы  өнер 

академиясының  түлегі,  бүгінде  Президенттің  телерадио  кешенінде 

академиясының  түлегі,  бүгінде  Президенттің  телерадио  кешенінде 

режиссер  болып  қызмет  атқарып  жүрген  жерлесіміз.  Мақаланың 

режиссер  болып  қызмет  атқарып  жүрген  жерлесіміз.  Мақаланың 

қысқартылған нұсқасы «Бәйтерек» журналында басылған. Автордың 

қысқартылған нұсқасы «Бәйтерек» журналында басылған. Автордың 

келісімімен    біз    бұл  мақаланы  аудандық  газетке  жариялауды  жөн 

келісімімен    біз    бұл  мақаланы  аудандық  газетке  жариялауды  жөн 

санадық.  Өйткені  мақала  кейіпкерлерінің  тағдыры    оқырманды 

санадық.  Өйткені  мақала  кейіпкерлерінің  тағдыры    оқырманды 

мейірім мен қатыгездік туралы ойға еріксіз жетелейді.

мейірім мен қатыгездік туралы ойға еріксіз жетелейді.

Біздің  шеберханамыз  «деректі  кино  шеберханасы»  деп  атал-

ды.  Ұстаздарымыз 5 жыл  бойы  біздің  кино  туралы  түсінігіміздің 

аясын  кеңейтумен  болды.  Біз  қысқа  метражды    көркем  фильм, 

телебағдарлама, телефильм түсірдік. Біздің профиль – деректі фильм, 

кинематография  саласындағы  ең  қиын  да  жан-жақты  және  қызықты 

жанр болып табылады.

Өнер  академиясындағы  соңғы  оқу  жылының  соңғы  семестрі. 

Диплом  қорғайтын  уақыт  та  жақындап  қалды  ал  мен  болсам 

дипломдық  жұмыстың  тақырыбын  анықтай  алмай  ойым  сан  сақта 

болып  жүрдім.  Менің  ұзаққа  созылған  шығармашылық  ізденісім  

ұстаздарым  ды  да  алаңдата  бастады.  Шынымды  айтсам,  бір 

тақырыптан  екінші  тақырыпқа  ауысумен  уақыт  өткізіп  жүргеніме 

өзім  де  іштей  мазаланумен  болдым.  Себебі  ештеңе  де    маған  әсер 

ететіндей болмағандықтан болар. Шешім қабылдауыма ұстазым Әсия  

Мақтайқызы  Байғожинаның  кеңесімен  интернеттен  көрген  Тараз 

қаласындағы  көпбалалы  отбасы  туралы  телерепортаж  себепші  бол-

ды.  Сол үшін де ұстазыма мың алғыс. 

 «…Енді бұлар менің балаларым, оларды мен ешкімге де бермеймін» 

– Зульфия апайдың телерепортажда айтқан сөзі сол күні кешке мені 

мазалап  көпке  дейін  ұйықтатпады.  Осы  туралы  бір  жылдан  асқан 

уақыттан  кейін  есіме  алсам,  осы  сөздер  мен  үшін  драматургиялық 

байламның  бірі  болып,  бәрі  де  содан  басталғанын  кенеттен 

түсінгендеймін. Сол уақытта Зүльфия апайдың жеке басының  траге-

диясы  бір  ауыз  сөзде  жасырын  жатқанын  бағамдамай,  ол  сөздерді  

қалай айтқаны мені қызықтырып, сөздерінің шындығына күмәнді едім. 

Мүмкін  бұған,  риясыздық,  шынайылық  және    мейірімділік  бүгінде 

көп кездесе бермейтін асылдардың бірі екендігі, кездесе қалса оның 

жасанды еместігіне сену қиындығы себеп болды деп ойлаймын.

  Келесі  күні  мен  дипломдық  жұмысымның  тақырыбын  тапқандай 

күйде  болдым.  Ол  кезде  мені  алға  жетелеген  бір  ғана  мақсат,  сурет-

теп  айтсақ  жылтыраған  «алтынды»  тіске  басып  көру  еді    «Адамның 

болмысы құпия әлем. Оны шешу керек, егерде оны өмір бойы шешу-

мен  өтсең,  уақытым  зая  кетті  деме;  мен  осы  құпиямен  айналысуда-

мын,  себебі  мен  адам  болғым  келеді...» -  Достоевскийдің  осы  сөзін 

ұстазымыз Владимир Викторович Тюлькин бізге жиі айтатын, мүмкүн 

осы  сөздер  де  менің  киноға  деген  көзқарасымды  қалыптастырған 

болар...

Таразға  бағыт  алған  жолға,  бұрын  көрмеген  адамдарды  киноға 

түсіріп  олардың  жан  дүниесіне  үңілуге  ынтызар  болып  шықтым.  

Алдымдағы  кездесуге  дайындалуға  тырыстым.  Зүльфия  апайға 

қоятын  сауалдарды  дайындап,  қалай,  нені  түсіретінімді  қағазға 

жазып,  тіпті    болашақ  фильмді  қалай  құру  керектігін  ойыма  алу-

мен    болдым.  Бірақ  Зүльфия  апайдың  үйіне  келген  соң  жарты  сағат 

өтпей  дайындаған жоспарымнан бас тартуға тура келді.  Өйткені өмір 

шындығы  менің небір асқан топшылауымнан асып түскен еді.  Менің 

дипломдық фильмді түсіру үшін бар болғаны жеті күнім бар еді. Жеті 

күн ішінде, кинооператор Мейірбек Бесбаев екеуміз осы отбасының 

бір  мүшесіндей,  балалардың  ағаларындай  болып  кеттік.  Шыным-

ды  айтсам,  Зүльфия  апайдың  отбасында  өткен  осы  жеті  күн  ішінде  

мен  парасаттылықтың  ғұмырлық  сабағын  алғандаймын  десем  артық 

айтқандық емес.

«Отбасы – табиғаттың бір көркем туындысы.» 

Джордж Сантаяна

Бұл  жанұяның  отағасы  Бақыт,  зейнет  жасындағы  полиция  лейте-

нанты. Оның бірінші  жұбайы  көпке созылған науқастан көз жұмып, 

Бақыт  кәмелетке толмаған үш баламен қалады. Балаларға ананың жан 

жылуы қажет екенін Бақыт түсінетін

Балдызының  туған  күн  кешінде  Бақыт  өзінен  он  бес  жас  кіші 

жиырмадағы  Зульфиямен  танысады.   Бірінші  күйеуі  Зүльфияны 16 

жасында  алып  қашқан,  артынша  көп  кешікпей  күнара  мас  болып  

өзіне  қол  жұмсай  бастағасын  онымен  айырылысуға    бел  буып,  ол 

мақсатына  қиындықпен  жетеді.  Есесіне  ол  ұлдарынан  айырылады. 

Бұрынғы    күйеуі    ұлдарының  анасымен  кездесуіне  үзілді  –кесілді  

тиым салып, олардың санасына аналары  тастап кетті деген аңызды 

құюмен  болған.Ана  бақытынан  айырылған – Зүльфия,  үш  баланың 

екінші  анасы  және  өзіне  жұбай  болу  туралы    Бақыттың  ұсынысын 

қабылдау сыры осында.

Жылы  жүзді  Зүльфияны  Бақыттың  балалары  өз  анасындай  көріп 

тез бауыр басады, кешікпей Бақыт пен Зүльфияның Диас деген бала-

сы  дүниеге  келеді.  Бірақ,  жаңа  туған  балаға  дәрігерлер  дауасы 

табылмаған «Дауын синдромы» деген диагноз қояды.

Зүльфиямен  қатарласа,  шекесі  торсықтай  ұл  балаға  босанған  жас 

келіншек шаранадан безіп, перзентханадан қашып кетеді.  Дәрігерлер  

ауру баланың орнына анасы тастап кеткен сау баланы алуды ұсынады. 

Зүльфия ол ұсыныстан бас тартып, «қандай болса да, тіпті өмір бойы 

арқалап  жүрсем  де,  өз  балам  көзімнің  алдында  жүруі  тиіс»  деген 

сөзбен туған баласын алып үйге келеді.

«  Неге  ол  баланы  да  алмадым?  Сондай  сүйкімді  еді,  осы  күнге 

дейін  есімнен  кетер  емес?» -  перзентханадағы  тастанды  бала  тура-

лы  Зүльфия маған әңгіме барысында осылай дейді.  Екі ұлынан тірідей 

айырылуы,  үшінші  ұлының  айықпас  дерті  болуы  мүмкін  Зүльфияны  

көптеген адам бас тартқан жұмысқа орналасуына себеп болған шығар.

  Бес  жыл  бойы  Зүлфия    мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған 

мекемеде күтуші болып жұмыс істейді.  Осы уақыт аралығында ол өз 

қолымен сегіз баланы соңғы сапарға аттандырған.  Өзі бағып - қаққан 

әр  баланың  өлімі    оның  жанына  батқаны  сондай  жұмыстан  шығуды 

ойлайды, бірақ келесі күні тағы да  сол мекемеге бара жататын. Тіпті   

балалар үйіндегі мүгедек жетімдерді үйіне алып бағу туралы ой келе 

бастайды.  Зайыбы  Бақытпен  ақылдасып  көріп  еді,  ол  біраз  уақыт 

келісімін бермей жүрді.  Бәрі де Қырғызстан азаматтарының жетімдер 

үйіне  өткізіп  беруін  сұрап 4 жасар  балалары  Бағдатты  Зүльфияның 

үйіне алып келгенде басталды. Себебі мұндай мекеме Қырғызстанда 

жоқ еді.

Туа біткен сал ауруы, сынған омыртқа тағысын тағы бір бума диа-

гнозы бар  Бағдатқа түгелдей адам күтімі қажет. Бағдаттың ата-анасы-

мен бірге  Зүльфия  бюрократиялық кедергілерді ала алмай таулары 

шағылады.  Бәрінің  алға  тартқан  дәйегі –  Бағдат  өзге  елдің  азаматы.  

Осыдан соң зайыбының қолдауына ие болған Зүльфия  батыл қадамға 

бел буып  Қырғызстанға сапар шегеді. Қажетті құжаттарды толтырып,  

баланың  азаматтығын  ауыстырып    Зүльфия    асырауына  алған  бала-

сы Бағдатты өз үйіне алып келеді. Жүйелі түрде жасалған уқалаудың 

арқасында жарты жылдан соң Бағдат өз еркімен отыра алатын болды, 

оған дейін ол тек қана жататын.

Зүльфия  балалар  үйінен  шығып    «патронаттық  отбасы» 

мемлекеттік бағдарламасы бойынша  тағы да балалар алуға шешім 

қабылдайды.  Ол  жетімдер  үйін  аралап  жүріп,  ешкім  алмайтын 

жарымжан  балаларды  сұрастыра  бастайды.  Сондай  балалардың 

бірі Нышан. Ол қоян ерін, қасқыр ауыз болып туғанынан қорыққан 

ата-аналары  одан  бас  тартқан.  Зүльфия  Нышанға  көз  салғанда  ол 

мұның ойынан бейхабар еді.  Оның жанынан бір қадам қалмайтын 

ең  жақын  досы  сары  шашты  Леонидті  де  бірге  алуға  шешім 

қабылдайды. Нышанның түсініксіз сөзін тек қана осы сары шашты 

дені сау орыс баласы ғана түсінетін.Бірақ Леонидтің мылқау әпкесі  

Маргаританы да інісінің өтініші бойынша алуға тура келді. Нышан 

болса басында Зүльфияны өзін тастап кеткен туған анасы екен деп 

баруға  бас  тартумен  болады.  Нышанға  қателесіп  тұрғанын  айтып 

түсіндіріп,  Маргаритаға  оның  атын  да,  ұлтын  да  өзгертпейтінін 

айтып үш баланы ертіп үйіне қайтады.

Нұрболдың  ойлы  да  терең  көзқарасы    айналаңды  ғана  емес 

өмірдің  өзін  қайта  бағамдауға  мәжбүрлегендей.  Сол  көзқарас 

Зүлфияға Нұрболды үйіне алуына себеп болды.

Нұрболдың  туғаннан  екі  қолы  жоқ.  Оның  анасы    мүгедек  бала-

дан туысымен бас тартқан. Бір көргеннен Нұрболдың ерекше  жан 

екеніне  Зүльфияның  көзі  жеткен.  Егер  сау  бала  жығылып  құласа 

тұра  салып  жүгіреді.  Сөйтіп  жүріп  өссе  Нұрболдың  олай  істеуге 

мүмкүндігі жоқ. «Ол затты қолымен ұстап көре алмайды,  қоршаған 

әлемді  ол  басқаша  қабылдайды,  Алла  тағала  оған  іздемпаз  ақыл 

мен асқан ойшылдық қабілет берген» –дейді  Зүльфия Нұрбол тура-

лы.

Зүльфия  өз  қолын  артына  байлап  Нұрболға  аяғымен  қасық 



ұстауды  көрнекі  түрде  үйретеді.  Қазір  Нұрбол  алты  жаста,  ол 

аяғымен сурет салып, киімін киіп, бетін жуа алады.

Зүльфия  Нұрболды  үйіне  әкетіп  бара  жатқанда,  Нұрболаттың 

ата-анасы  жетімдер  үйіне  өткізуге  әкелген  болатын.  Қолы  мен 

аяқтарының  сүйегі  қисайып  туған  баласын  олар  да  Зүльфияның 

қолына  барғанын  қалайды.  Сонымен  сол  күні  Зүльфия  үйіне    үш 

жасар  Нұрбол мен екі жасар Нұрболатты  алып келеді. 

Бұл  отбасындағы  кенже  бала  Әділхан.  Биыл  ол 4 жасқа  толады. 

Оның өмірбаяны да өзгелердікінен  еш айырмасы жоқ. Анасы  оны 

туысымен қоқыс тастайтын контейнердің ішіне салып кеткен. Айт-

са  сенгісіз  оқиға.  Ол  күшіктерін  емізген  қаншықтың  бауырында 

күшіктермен  бірге  иттің  сүтін  еміп    тірі  қалған.  Полицияның  айту-

ынша ол  иттің бауырында  бір аптадай жатқан.  

    Әділхан  отбасының  кенжесі  болғандықтан    осы  үйдің  еркесі.   

Егер  ол  ашуланса  тістеп  алатын  әдеті  бар. «Бұл  әдет  оған  иттің 

сүтімен  келген» -дейді  Зүльфия    әзіл-шыны  аралас.  Әділхан    Лео-

нид сияқты асырап алған балалардың ішінде дені сау, он екі мүшесі 

түгел екі баланың бірі.

Асырап алған балалардың ең үлкені Нұрбек. Оны Таразға мәлім 

болған тастанды балалардың анасы  Зүльфияның үйіне әкесі ертіп 

келген.  Нұрбектің  диагнозы – идиопатикалық  сколиоз.  Ол  егіз 

туған  сыңары,  ағасы  қайтыс  болған  соң 13 жасынан  бастап  кенет-

тен  омыртқасы  майыса  бастайды.  Дәрігерлер  оған  ота  жасап 

омыртқаның  арасына  металл  шыбық  орнатады.  Нұрбекке  сол 

себептен де 5 килограмнан артық жүк көтеруге болмайтын.

Әкесінің  Нүрбекті  Зүльфияның  үйіне  ертіп  келу  себебі  де  оның 

өз  туыстары  арасында  аласталғандығы  еді.  Әке  –шешесі  оның 

бес  жасында  ажырасқан.  Туған  анасы  оны  көргісі  де  келмейді, 

өйткені  оның  жаңа  отбасы  бар,  ал  өгей  шешесі    болса  кемтар 

балаға  күн  көрсетпеген.  Содан  соң  атасы  мен  әжесін  паналап 

барса  немересінің  кемтарлығынан  ұялған  олар  мұны    кісі  көзіне 

түспесін деп қорада ұстаған. Малдың қиын шығарып жүмыс істеуге 

мәжбүрлеген, қарсылық көрсетсе үйден қуған. Ал Нұрбектің бара-

тын  басқа  ешкімі  жоқ.  Нұрбектің  айтуынша  ол  өзін  не  мал  емес, 

не  адам  емес  бір  мақұлық  ретінде  сезінген.  Өмірдің    мағынасын 

көрмеген  ол  бірнеше  рет    өзіне  қол  салмақшы  болады,  тек  қана 

құдайдан қорыққандығынан ол қадамға бармағанын айтады. 

Бұл  үйде    Тұрарды  балалар  өздерінің  үлкен  ағасы  санайды.  Ол 

бұл  үйге  әскерден  соң  екі  жыл  бұрын  келген.  Тұрар  Зүльфияның 

бірінші  некеден  екінші  туған  баласы.  Ата-анасы  ажырасқанда  ол 

не бары екі жаста еді. Ағасы екеуі балалық шақтарын өскесін ана-

мызды  іздеп  табамыз  деген  арманмен  өткізеді.  Егер  іздеп  таба 

қалса  анасына  «бізді  неге  тастап  кеттің?»  деген  жалғыз  сауалды 

қоймақшы еді.  Тұрардың ағасы Аманға анасымен кездесу бақыты 

жазбаған.  Тұрар  қазір  жиырма  төртте.  Ол  анасын  өзі  тауып  оған 

көптен  дайындаған  сауалын  қояды.  Содан  бері  осы  үйде  тұрып 

жатыр.

Бұл отбасында  әкелері Бақыт пен шешелері Зүльфияны есепте-



генде он екі жан тұрып жатыр. Бұл үй қарама-қайшылыққа толы. Өз 

ойын қолымен түсіндіретін мылқау  Маргаританың  жіті қимылына 

қызыға  қарайтын  қолы  жоқ  Нұрбол,  елгезек  әрі  билегенді  жақсы 

көретін,  түрінің  қорқынышты  болуы  себептен  тағдыры  тәлкекке 

түскен Нышан, оның  бала кезінен бауыр басқан ең жақын досы сары 

шашты Леонид. Жас кезінде анасының жылы алақанын көрмеген ал 

бүгінде  анасының бөтен балаларды құшақтап бауырына басқанын 

көріп отырған Тұрар. Ал ерке Әділхан кемтар ағалары Нұрбол мен 

Нұрболатты ренжітіп ойыншықтарын алып қойса, енді бір мезетте 

дастарқан  басында  ебедейсіз  қимылымен  қолы  жоқ  Нұрболға  нан 

ұсынып жатады.  Өзбек, дүнген. қырғыз, орыс, қазақ - ұлт өкілдері 

осы отбасында табылады.

Осы  үйде,  өзінің  үнсіздігімен  шешендігі    асқан,  іс-қимылымен 

сұлулығы  жарасқан  көптеген  адам  сенгісіз  көріністің  куәсі  бол-

дым.  Осындай  қарама-қайшылыққа  қарамастан  бұл  үйде    кере-

мет  жарасымдық,  бір  біріне  деген  қамқорлық  пен  сүйіспеншілік   

билік  құрған.  Қамқорлық  кейде  балаға  тән  ебедейсіз  болса  да 

шынайы. Бір апта ішінде мен олардың, әсіресе балалардың көзінен 

ұшқындаған  парасаттылыққа тәнті болдым.

Бұл адамдар жекелей алғанда тағдыр сындырған шыныдай, ал бәрін 

бі рге  алғанда  шамалы  сюрреализм  болса  да,  шынайы    жылулыққа 

толы    кестелеп  тоқыған  сурет  тәріздес.  Олар  бірге  үлкен  бір  отба-

сы.  Олардың  үлгісі    адамгершілік  пен  қатыгездіктің  табиғаты  туралы  

ойландырады.  Сонда осы шынайылықтың  шегі қайда...  



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 245.81 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет