28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата19.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №4 (1239)  28 қаңтар 2015 

жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

„



«...Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай» дейді Абай. Желтоқсан жайлы 

болғанымен, қаңтардың соңын ала қалаға қар түсті. Бұл көшелерді 

тазалаумен айланысатын мекемелерге ауыр түскені анық. Шараға 

жауапты «Жасыл ел-Тараз» ЖШС қызметкерлері алғашқы күні-ақ тазалық 

жұмыстарына бел шеше кірісті. Атап айтқанда, қаңтардың 23-25 күндері 

75 көшені тазалауға мекеменің 90 жұмысшысы мен 40 техника күш 

салды. Тіпті кей көшелерді күніне бірнеше қайтара тазалауға тура келді. 

Көк тайғақтың алдын алуда 70 тонна тұз бен 418 текше метр құм себілді.



қысқы қарбалас

адам ағзасының 

ардақтысы

 

„



Жүрек-қан  тамыр  ауруына 

тұқымқуа лаушылықтың  да 

әс ері  бар.  Бірақ  бұл  әке сі 

ауырса,  баласы  да  ауырады 

деген сөз емес.                                             

 

 



     

  9  бет.



Дені сау ұрпақ үшін

 

„



Демеушілердің  ықпалымен 

облыс  орталығында  тағы  бір 

жаңа спорт кешені бой көтерді.                                                                                                                                         

                                               

 

     


 

 

            10 бет.



 Ел аузындағы екі іс...

 

„



Б о л а ш а қ   д ә р і г е р л е р д і ң 

мәселесі енді Алматы сотында 

қ а р а л а д ы .   Б ұ л   ж а й ы н д а 

облыстық сотта өткен жиында 

белгілі болды. 

 

 



 

     


                    16  бет.

Хандық тарихына 

арналған еңбек

қала аумағы 

кеңейіп келеді

 

„



Бұл  - Қазақ 

хандығы туралы 

тұңғыш кітап. Ғалым 

бұл еңбекті жиырма 

жыл бойы зерттеп 

жинақтаған екен. Енді  

монографиялық еңбек 

жергілікті студенттер 

үшін таптырмас оқу 

құралына айналмақ.                                                                                                                                        

                                   

 

 



    

                            

 

 

                                   5  бет.



 

„

Қала шекарасы 



кеңейген сайын, 

тұрғындар талабы 

да артатыны сөзсіз. 

Қала әкімі Нұржан 

Календеровтің халық 

алдындағы алғашқы 

есебінде осы және өзге 

де мәселелер сөз болды.                                                                                                                                           

                                            

 

 



    

                            

 

 

                                    3  бет.



қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №4 (1239), 28 қаңТар 2015 Жыл 



«Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалында облыс 

әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия 

Тұрмаханбетова 2014 жылы атқарған жұмыстары мен 

алға қойылған басты міндеттері жөнінде есеп берді. 

Облыс әкімінің орынбасары Ерғанат Манжуовтың 

төрағалық етуімен өткен  жиынға облыс әкімдігінің 

салалық  басқарма  басшылары,  Қазақстан  халық 

Ассамблеясы хатшылығы, Тараз қаласы мен аудан 

әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық 

ішкі саясат бөлімдері мен аймақтық БАҚ басшылары, 

үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері және зиялы 

қауым  өкілдері  қатысты.  Жиын  барысында  сөз 

алған  басқарма  басшысы  Рахия  Сейтбекқызы 

ел  ішіндегі  тұрақтылықтың  іргелі  негізі  Елбасы 

саясаты  болғандықтан,  осы  тарапта  атқарылып, 

идеологиялық менеджмент саласындағы жұмыстың 

тиімділігін арттыру мен аймақтық деңгейде ішкі саяси 

процестерді топтастыруға бағытталған басқарма 

жұмыстарының бірсыпырасына  жіті тоқталып өтті. 

Мемлекеттік құндылықтар мен Елбасының «Қазақстан 

- 2050» Стратегиясын халыққа кеңінен түсіндіру 

бойынша ақпараттық саясат  - ақпараттық топтардың 

қызметі  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарына 

мемлекеттік тапсырыс арқылы жүргізілетіндіктен, 

өткен  жылы  құрамында  қоғам  белсенділері  бар 

түрлі  деңгейдегі  79  ақпараттық  топ  (АТ)  облыс 

аумағында 2114 кездесу өткізіпті. Жыл ішінде 2 рет 

ақпараттық пойыз бен автокеруен ұйымдастырылып, 

олар  12 бағыт бойынша елді мекендерде болған. 

Облыс орталығынан бастап ең шалғай ауылдарға 

дейін ат шалдырған ақпараттық топтың мазмұнды 

кездесулері 180 мың адамды қамтыған екен. Сондай-

ақ, республикалық деңгейде  жасақталған ақпараттық 

топтар облыс елді-мекендерінде 78 кездесу өткізіп, 

оған 17 мыңнан аса адам қатысқан. 

Басқармамен  аудандардағы  көрнекіліктерге 

жүргізілген  зерделеу  нәтижесі  бойынша  барлық 

ескірген, тозған ақпарат құралдарын ауыстыру немесе 

жаңалау тапсырылған екен. Алайда, Талас, Сарысу,  

Байзақ, Т.Рысқұлов, Шу аудандары бұл тапсырманы 

толық орындамапты. Көрнекілікті  жаңартуға және 

ауыстыруға 2014 жылы 78,8 млн.теңге, ал  2015 жылы 

75,3 млн.теңге қаражат бөлінген. Кейбір аудандарда 

көрнекіліктерге бөлінген қаражат едәуір көбейсе, 

Тараз қаласында керісінше азайып отыр. 

-   Қазіргі уақытта облыста 614 үкіметтік емес 

ұйым тіркелген, оның 200-ге жуығы өңірдің қоғамдық 

өміріне  белсенді  араласуда.  Облыс  бойынша 

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі жыл сайын 

артып келеді. Мәселен 2014 жылы үкіметтік емес 

ұйымдардың әлеуметтік жобаларына облыс көлемінде 

222,8 млн. теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен 

салыстырғанда 88,4 млн.теңгеге немесе 60,3%-ға 

артып отыр. Облыс бойынша 112 ҮЕҰ барлығы 147 

әлеуметтік жоба жүзеге асырып, жобалар аясында 

2000-ға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Әлеуметтік 

қызмет көрсетумен 160 мыңға жуық адам қамтылды,  

- деді Рахия Сейітбекқызы. Сонымен қатар, ішкі 

идеология майданында БАҚ өкілдерінің алар орны 

ерекше болғандықтан, жиын барысында жиырма 

жылдай қаланың тыныс тіршілігінен сыр шертіп келе 

жатқан  «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы 

Эльмира Мырза-Ғали сөз алып, бірталай жылдар бойы 

қазақ, орыс, татар, еврей, кәріс ұлттарының өкілдері 

б і р   ұ ж ы м   б ол ы п 

қызмет етіп келе жатқан редакцияның жыл бойы 

атқарған жұмыстарымен таныстырып өтіп, ұтымды 

ұсынысымен де бөлісті. – Үстіміздегі жыл атаулы 

даталарға өте бай жыл болып отыр. Журналистердің 

біліктілігін арттыру - күн тәртібіндегі өзекті мәселенің 

бірі болғандықтан, осы даталарға орайластырып 

аймақтық  немесе  республикалық  деңгейде 

журналистерге арнап іс-шара ұйымдастыруға болар 

еді.  Мәселен,  Қазақ  хандығының  550  жылдығы 

аясында  республикалық  журналистер  турнесі 

өткізілсе  құба-құп.  Бұл  шара  аясында  диалог 

алаңдары ұйымдастырылып, әр облыстан келген 

журналистер өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып 

қана қоймай, тарихи құндылықтарымызбен танысып, 

еліміздің түкпір-түкпіріне ақпарат таратып жатса, 

туристік кластеріміздің дамуына да септігін тигізетіні 

сөзсіз, - дейді Эльмира Иниятқызы. Сонымен қатар, 

бүгінгі таңда тың мамандыққа айналып бара жатқан 

газет  бетін  әрлеуші  дизайнерлердің  біліктілігін 

арттыратын арнайы курстар ашылса деген ұсынысын 

да ортаға салды. Осы және өзге де бірқатар мәселелер 

мен ұсыныстар айтылған шарада Ерқанат Нұрбапаұлы 

әрбір аудандарда қоғамдық кеңес ұйымдарының 

болуын тапсырумен қатар, алда тұрған міндеттер мен 

атқаратын жұмыстардың көп екендігін баса айтып, 

жиынды қорытындылады.

Теолог мамандар жетіспейді

Облыс әкімдігі дін істері басқармасының өткен 

2014 жылғы жұмыстарының нәтижесі мен облыстағы 

діни ахуалдың жай-күйі тыңдалды. Аталмыш жиынға 

облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, «Нұр 

Отан»  партиясының  өкілдері,  Тараз  қаласы  мен 

аудан әкімдерінің орынбасарлары және ішкі саясат 

бөлімінің басшылары, облыс және қала мекемелерінің 

басшылары,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

хатшылығы  мен  этномәдени  орталықтарының 

өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 

мен діни бірлестік басшылары қатысты. Дін істері 

басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле 

Байбатшаева  сөз  алып,  атқарған  жұмыстардың 

барысына жіті тоқталды. Оның айтуынша, өңірімізде 

діни бірлестіктер мен филиалдардың саны 324, оның 

ішінде 280 – мешіт, 8 – орыс-православ шіркеуі, 1 – 

Рим-католик шіркеуі, 34 – протестант шіркеуі және 

1 – орыс-православ шіркеуінің өкілдігі бар. Діни 

бірлестіктердің жұмыстарын зерделеу мақсатында 

ғибадат үйлерін аралау, уағыздарын талдау, діни 

рәсімдерге қатысу жұмыстары ұйымдастырылуда. 

Негізінен, жыл ішінде мемлекеттің тұрақтылығына 

конфессияаралық және этносаралық төзімділікке 

шақыратын фактілер орын алған жоқ. 

-  Басқарма тарапынан түрлі бағытта 21 іс-шара 

өткізілді. Жүргізілген сауалнама жұмыстарының 

нәтижесіне  сәйкес,  респонденттерінің  91,8%-

ы  облыстағы  конфессияаралық  қарым-қатынас 

бейбітшілік пен келісімде, шиеленіссіз дамуда деп 

көрсеткен.  2014  жылдың  ІІ  жартыжылдығында 

облыс  әкімдігінің  «Дін  проблемаларын  зерттеу 

орталығы» құрылып, жыл соңына дейін 162 іс-шара 

өткізген. Орталықтың іс-шараларының негізгі бағыты 

ақпараттық-түсіндіру, діни ахуалды зерделеу және 

Жұмыс біреу,

ырыс ортақ

 

„



Жыл басталғалы аймақтағы бірнеше 

басқарма және департамент басшылары 

ұзатылған жылы атқарылған жұмыстардың 

есебін беріп, қорытындысын шығарды.

теріс ағымның ықпалына түскен азаматтарға діни-

психологиялық кеңес беру арқылы көмек көрсету 

жұмыстары болып табылады. Сондай-ақ ағымдағы 

жылы облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен 

байланыстар жөніндегі  кеңестің  4 отырысы өтіп, онда 

түрлі тақырыптар сараланған. Жалпы, атқарылған 

жұмыстың  нәтижесінде,  облыстағы  діни  ахуал 

тұрақты деңгейде. Дегенмен бүгінгі күні көтеріліп 

отырған басты мәселе – теологтардың және діни 

мамандардың жетіспеуі. Осы мәселе төңірегінде 

қазіргі таңда біршама жұмыстар жүргізілуде, - деді 

Сәуле Байбатшаева.

Жиын  соңында    Дін  проблемаларын  зерттеу 

орталығының басшысы Гүлжаһан Мамешова, Қордай 

ауданы әкімінің орынбасары Бейбіт Бегәділұлы және 

«Жийде» қоғамдық қорының дінтанушысы Таңжарық 

Тұрғанқұлов тиісінше сөз кезегін алып, облыстағы 

діни ахуал турасында ой қозғап, тұшымды пікірлер 

айтты. 

Тіл құрметі үшін 

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының 

өткен жылға атқарған жұмысы және алдағы міндеттері 

туралы есебі болып өтті. Аталмыш басқарманың 

басшысы Үртай Сапақованың айтуынша, қашанда 

тіл мәдениетін дамытуда тер төгіп жүрген басқарма 

өткен жылы облыстағы мүдделі мемлекеттік органдар 

және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, өңірде 

мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік 

тілдің мерейін көтеруге байланысты белгіленген 

құзірет аясында барлығы 51 іс-шара ұйымдастырылып 

өткізіліпті. Яғни, 2 дөңгелек үстел отырысы, 14 

облыстық  байқау  мен  олимпиада  мемлекеттік 

тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін және тіл 

жанашырларын қолдау мақсатында «тіл керуені», 

«әлеуметтік зерттеу», мемлекеттік тілді білу деңгейін 

анықтау мақсатында «ҚАЗТЕСТ» байқау сынағы 

ұйымдастырылып,  көрнекі  ақпараттардағы  тіл 

тазалығын  зерделеуге  бағытталған  11  рейд,  10 

тексеру  жұмысы  жүргізілген.  Есепті  мерзімде 

басқарма  дәстүрлі  іс-шаралардан  бөлек  жаңа 

бағыттағы шараларды өткізіп, тың бастамаларды 

да қолға алыпты. Атап айтқанда, 2014 жылы тұғыш 

рет ұлттық тәрбие арқылы келешек ұрпаққа ұлттық 

құндылықтар мен туған тілдің құдіретін ұғындыру 

мақсатында «Әженің сөзі – тәрбие көзі» атты әжелер 

байқауы,  қазақтың  қара  өлеңінде  өз  өрнегімен 

орын алған жерлес ақын Нарша Қашағанұлының 

шығармаларын насихаттауды жандандыру  межесімен 

«Нарша әлемі»,  этномәдени бірлестік өкілдерінің 

арасында  «Менің  Қазақстаным»  атты  облыстық 

патриоттық ән байқауы – кароке-шоу тұрғысынан 

ұйымдастырылған. Сонымен қатар, басқарманың 

тапсырысы бойынша тұғыш рет «Innovation Research»  

әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігінің 

10 аудан мен Тараз қаласындағы тілдік ахуалды 

зерделеу және облыстағы 348 елді мекен мен 27 

станция бойынша дайындаған Жамбыл облысының 

әлеуметтік картасы әзірленген. Нәтижесінде облыс 

бойынша мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі – 

95 пайызды құрап отыр екен. 

Нан бағасы көтерілмейді

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи 

монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау 

комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің 

2014 жылғы қорытындылары туралы  алқа мәжілісі 

болып өтті. Жиында департамент басшысы Мүслім 

Қасымов  сөз  алып,  атқарылған  жұмыстарға 

қысқаша тоқталып өтті. Оның айтуынша, халықтың 

күнделікті өмірде ең көп тұтынатын нан бағасы 

айдың соңында күрт өскен болатын. Оның басты 

себебін нан өндірушілер коммуналдық қызметтердің 

қымбаттағанымен  байланыстырып  түсіндірген. 

Осы  мәселе  төңірегінде  мониторинг  жасап, 

тиісті  құжаттарды  тексере  келе,  нан  бағасының 

қымбаттауына еш негіз жоқ екенін дәлелдеп берген. 

Сол себептен коммуналдық қызметтердің бағасы 

қанша өскенімен нан бағасы қымбаттамайды. Және 

екінші бір сала – жанар-жағар май бойынша , өткен 

айда  дизельдік  отын  мен  АИ-80  бензині  талон 

бойынша қымбаттап, оған шектеу қойылған-ды. 

Аталған мәселе бойынша Тараз қаласы әкімінің 

ұсынысымен мобильдік топтар құрылып, қала аумағы 

және аудандарға шыға отырып бірқатар жұмыстар 

атқарылған. Соның нәтижесінде бұл мәселе дер 

кезінде өз орнына келтірілген. Тағы айта кетерлігі, 

«ҚазМұнайГаз» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Эврика 

нефтепродукт»  ЖШС  сынды  ірі  кәсіпорындар 

мемлекеттік  тіркелімге  кіргізілген.  Енді  алдағы 

уақытта  тиісті  заң  бұзушылықтар  анықталған 

жағдайда тез арада қалпына келтіріледі. Өткен жыл 

жұмысының жай-жапсарына қысқаша тоқталған сала 

басшысы әлі де болса жұмысты күшейтетіндіктерін  

жеткізді.  

Алқа мәжілісінде одан әрі аталған департаменттің 

бөлім басшыларының да есебі де тыңдалды. Есепте, 

2014 жылы департаментке табиғи монополиялар 

субъектілерінен  57  тариф  бойынша  57  өтінім 

келіп түскен, оның ішінде 3 жалпы тәртіппен, 4 

оңайлатылған тәртіппен, 12 төтенше реттеуші шара 

ретінде бекітілген, 32-і  қараудан бас тартылған және 

шекті деңгейлі тариф бойынша 5 өтінім қаралуда 

екен. Сондай-ақ, заңнаманың сақталуын бақылау 

мақсатында 2014 жылдың  қорытындысы бойынша 

Департаментпен 13 тексеру жүргізіліп, оның ішінде 

5 жоспарлы және 8 жоспардан тыс тексерулер болып 

табылған. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 

тиісті түсіндіру және әкімшілік шаралар қолданылған. 

Тексерулердің нәтижелері және прокуратурадан 

түскен  әкімшілік  істер  бойынша  Департамент 

тарапынан 10 субъектіге 21 миллион 434 мың 696 

теңгедей сомаға әкімшілік айыппұл салумен 13 қаулы 

шығарылған, бюджетке түскен айыппұлдар сомасы 16 

миллион 434 мың 296 теңгені құраған. 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ,

Наурызбек САРША,

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ


қала-қарбалас

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №4 (1239),  28 қаңТар  2015 Жыл 



қала аумағы кеңейіп келеді

 

„



Жыл сайын қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуде нақты бағдарламалар 

жүзеге асуда. Дегенмен, қала шекарасы кеңейген сайын, тұрғындар талабы да артатыны 

сөзсіз.

Ерман ӘБДИЕВ

Кеше  қала  әкімі  Нұржан  Календе-

ров  2014  жылы  атқарылған  жұмыстар 

қорытындысы  бойынша  №1  округте 

алғашқы есебін берді. №53 орта мектептің 

мәжіліс залында өткен жиынға ҚР Пре-

зидент әкімшілігі мемлекеттік инспекто-

ры Василий Крылов және қала әкімдігі 

бөлім басшылары, облыс және қалалық 

мәслихаттың  депутаттары,  ҮЕҰ,  саяси 

партия  өкілдері,  тұрғындар  қатысты. 

Есеп  беру  жиынын  Тараз  қалалық 

мәслихатының хатшысы Балабек Нарбаев 

ашып, жүргізіп отырды. 

Атап  кетерлігі,  өткен  жылы  осы 

аумақтық  округта  өткен  есепті  кездесу 

барысында 11 азамат шығып, 21 ұсыныс 

пікірлерін білдірген екен. Есепті мерзімде 

оның  5  мәселесі  толық  орындалып,  14 

сұраққа дер кезінде түсінік берілген. Және 

қазіргі таңда 2 сұрақ бойынша жұмыстар 

жүргізіліп  жатыр.  Ал  басқосуда  сөз 

алған Нұржан Сәбитұлы есепті мерзімде 

атқарылған жұмыстар ауқымын тарқатып, 

алдағы межелерге де тоқталды.

-  Құрметті жерлестер! Жыл басталар 

тұста бас қосып, өздеріңізді болашақтың 

жоспар-жобасымен таныстыру - бүгінгі 

күні игі дәстүрге айналды. Өткен жылдың 

қараша  айында  Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Назарбаев  «Нұр  Отан»  партиясы  сая-

си  кеңесінің  кеңейтілген  отырысында 

«Нұрлы  жол  -  болашаққа  бастар  жол» 

атты Қазақстан халқына кезекті Жолдау-

ын жария етті. Елбасы жаңа Жолдауында 

осы уақытқа дейінгі реформаларды ілгері 

бастырып,  әлеуметтік  саланы  қолдау 

және  халықтың  күнкөріс  әлеуетін  арт-

тыру,  жастарға  жағдай  жасау  секілді 

бірқатар стратегиялық қадамдар жасауды 

алға  қойды.  Елбасының  Жолдауынан 

бастау  алатын  игі  істердің  барлығы 

еліміздің дамуына, халықтың мүддесіне 

бағытталады.  Бүгінгі  есепті  кездесуде 

өздеріңізді  Тараз  шаһарының  тынысы-

мен таныстырып, келешегінен хабардар 

етуге рұқсат етіңіздер! Қалада атқарылған 

жұмыстар мен оның нәтижелері туралы 

толық ақпарат «Жамбыл-Тараз» газетінің 

2015-жылғы 14-қаңтардағы санында жа-

рияланды.

Құрметті  жиынға  қатысушылар! 

Сіздердің  аумақтық  округ  бойынша 

өткен жылы Рахимов, Ұлбике ақын, Төле 

би  даңғылы  бойындағы  8  көпқабатты 

тұрғын  үйлердің  аула  алаңдары  абат-

тандырылып,  көріктендірілді.  Рахимов 

көшесі № 2 қалалық аурухана маңындағы 

2 аялдама қайта жаңғыртылды. Жамбыл 

даңғылы  (Ниетқалиев  көшесінен  Пуш-

кин  көшесіне  дейін)  күрделі  жөнделді. 

Мүгедектерге арналған дыбыстық белгі 

беретін жаяулар бағдаршамы орнатылды. 

Қала келбетінің бір сәні – қаланы сыртқы 

жарықтандыру.  Аумақтағы  Жалаири, 

Бөлтірік  шешен,  Баласағұн,  Мичурин, 

Достоевский,  Рахимов,  Ұлбике  ақын, 

Әл-Фараби, Рысбек батыр, Ниетқалиев, 

Тәуке хан, С.Датұлы көшелері, Төле би, 

Жамбыл даңғылдары қалпына келтірілді. 

Рахимов көшесінің сыртқы жарықтандыру 

желілері  қайта  жаңғыртудан  өткізілді. 

Есепті кезеңде округтің 28 тұрғыны қала 

әкімінің  жеке  қабылдауында  болып,  4 

адам жер, 6 адам баспана және 18 адам 

басқада әлеуметтік мәселелер көтерген. 

Барлығының да заңды талаптары назардан 

тыс қалған жоқ. Біз  сондай-ақ, бұл аймақта 

қордаланып қалған бірқатар проблемалық 

мәселелердің  барын  да  жақсы  білеміз. 

Ең басты мәселе - «Төрткөл» алқабының 

электр жүйесін қайта жаңғырту, жолдарға 

күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары, Рыс-

бек батыр көшесіндегі №6 жатақхананың 

жөндеу  жұмыстарын  жүргізу  болып 

табылады.  Біз  биыл  осы  жұмыстардың 

шешу жолдарын зерделеп, нақты шаралар 

қолданатын боламыз, - деген қала әкімі 

алдағы  атқарылар  жұмыстардың  негізгі 

шоғырына  тоқталды.  Биылғы  жылы 

Жамбыл  өңірінде  Қазақ  хандығының 

550  жылдығын  кең  көлемде  атап  өту 

жоспарлануда.  Осыған  орай,  Үкіметтен 

нысандарды  жөндеуден өткізуге, жалпы 

дайындық  жұмыстарына  қажетті  қаржы 

қарастырылған.  Олардың  қатарында 

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының 

инженерлік жүйелер құрылысын салу ны-

санына» ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік 

сараптамадан  өткізуге  47,0  млн.теңге, 

мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін 

сатып алуға 2 млрд. 805 млн. 928 мың теңге 

қарастырылыпты.

-  Қаланың ауқымы өскен сайын жарық, 

жол,  су  жетпеген  жерлердің  бар  екенін 

де  білемін.  Тұрғындардың  өтініштерін  

айтатын жері де, талап ететіні де әкімдік. 

Қала әкімінің есеп беру барысында (2007-

2014 жж.) тұрғындар тарапынан айтылған 

өтініштерді,  қалалық  депутаттардың 

сауалдарына  және  2015-2017  жылдар 

аралығында «Тараз қаласының газ тарту 

желілерін жаңғырту» жобасын ескере оты-

рып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 

қала  көшелерін  күрделі  және  орташа 

жөндеу  жұмыстарына  1  млрд.  928  млн. 

589 мың  теңге қарастырылды. Ұлы Отан 

соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына 

орай «Даңқ» аллеясын, «Мәңгі алау» және 

Сүлейменов  көшесіндегі  Ы.Сүлейменов 

ескерткішін көркейту жұмыстарына 170 

млн.  теңге  қарастырылды.  Сонымен 

қатар,  бүгінгі  күнге  арамызда  жүрген 

130  Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлері  мен 

мүгедектеріне 150 мың теңге көлемінде, 

237  бұрынғы  Кеңес  дәуірінің  ордендері 

мен  медальдарымен  марапатталған  тыл 

ардагерлеріне  10  мың  теңге  көлемінде 

біржолғы жәрдемақы қарастырылып отыр, 

-  деді  Нұржан  Сәбитұлы.  Қала  әкімінің 

есебінен кейін жарыссөзге шыққандардың 

дені – осы округтің тұрғындары болды. 

Бірінші  болып  сөз  алған  «Кварталдық 

комитет  төрағалары»  ҚБ-нің  төрағасы 

Ергеш Нұралиев қала әкімдігі және округ 

инспекторы  Мақсат  Нұржанның,  осы 

аймақтан сайланған облыс және қалалық 

мәслихаттың  депутаттары  тарапынан 

атқарылып  жатқан  жұмыстарға  жоғары 

баға  берді.  Дегенмен,  Ергеш  Нұралиев 

Ниетқалиев  көшесіндегі  газ  желілерін 

ауыстырып жатқан мердігерлердің көшені 

жөндеп кетуін өтініп, Тілендиев көшесінде 

тау болып үйіліп жатқан күл-қоқыстың қала 

сыртына шығарылуына қала тазалығына 

жауапты мекеме ат салысса деді. Қазіргі 

күні тек осы округте ғана емес, қала бой-

ынша  газ  желілерін  ауыстырып  жатқан 

мердігерлердің  тарапынан  қазылған 

көшелерді жөндеу жайы ортақ мәселе бо-

лып отыр. Бұған баса назар аударған қала 

әкімі алдағы күндері жөндеу жұмыстары 

толық  аяқталған соң,  ол  жұмыстың  ша-

рапатын  қала  тұрғындары  көретіндігіне 

сенім  білдірді.  Ал,  «Астана»  мөлтек 

ауданы  №27  үйдің  тұрғыны  Аманкелді 

Шәкірәлиев осындағы №23-27 үйлердің 

аулаларында балалар алаңы болса деген 

өтінішін жеткізді. Сондай-ақ, Көшербай 

Тастанбек «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы 

көпірдің  маңы  абаттандырылып,  осын-

да  тігілген  көшеттерді  жаз  айларында 

тұрақты суарып тұру үшін, арнайы көліктің 

қарастырылуына  назар  аударылса  екен 

деген тілек айтты. Осындағы «Төрткөл» 

иініндегі кей көшелер соңғы 60 жылдың 

көлемінде  жөнделмегендігі  тілге  тиек 

еткен аумақ тұрғыны Серғали Ембердиев 

осы шаралар да назарға ілінсе екен деді. 

Аумақтағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі 

сексеннің сеңгіріне шығып отырған қария 

Қамбарбек  Іңкәрбекұлы  Ы.Сүлемейнов 

көшесі жөнделсе, осындағы аялдамалар 

әлеуеті артырылса, жаяу жүргіншілер жолы 

төселсе  және  №18  бағыттағы  қоғамдық 

көліктің  қатынау  жиілігі  реттелсе  де-

ген  тұрғындардың  өтінішін  жеткізді. 

Сондай-ақ,  қария  учаскелік  полиция 

инспекторларының  жұмысына  көңілі 

толмайтындығына  қынжылыс  танытып, 

776  үйі  бар  №40  кварталға  қатынайтын 

қоғамдық көліктің тағы бір бағытын ашуды 

сұранды.  Тұрғындар  өтінішінің  түйінін 

тарқатқан облыстық мәслихаттың депута-

ты Асаубай Майлыбаев «Төрткөл» иінінің 

тұрғындары негізінен өз-өздерін тұрғын 

үй мен жұмыспен қамтып отырғандығын 

алдыға  тартты.  «Мұндағы  мәселелерді 

мен былтырғы есепте де айтып өтіп едім» 

деген халық қалаулысы ағымдағы жылы 

осы мәселелердің күрмеуі шешілетіндігіне 

сенім білдірді. Жиынды қорытындылаған 

қала әкімі ағымдағы жылы Ы.Сүлейменов 

көшесіне  жөндеу  жүретіндігін  жеткізді. 

«Өйткені, өздеріңізге белгілі «Батыс Еуропа 

– Батыс Қытай» автобаны қаланы айналып 

өтеді. Қостөбе ауылының маңынан өтетін 

айналмадан қалаға кіретін көліктердің легі 

– осы Сүлейменов көшесімен қалаға кіреді. 

Сондықтан,  мұнда  жөндеу  жұмыстары 

жүреді» - деді. Сондай-ақ, осы күні ҚР 

Президенті  әкімшілігінің  мемлекеттік 

инспекторы  Василий Крылов №53 орта 

мектепте осы округ тұрғындарына жеке 

қабылдау  өткізді.  Онда  бірнеше  аумақ 

тұрғындары әлеуметтік мәселелер бойын-

ша қайырылды.


мәңгілік ел

4

//   «ЖАМБЫл - ТАРАЗ»  //  №4 (1239),  28 ҚАңТАР 2015 ЖЫл 



бағыт айқын, 

бағдар нақты

 

„

Елбасының «Нұрлы жол – 



болашаққа бастар жол» атты 

Жолдау бұған дейінгі Жолдаулардан 

ерекше жағдайда жолданды. Бұрын 

Парламентте жасалатын мәлімдеме 

бұл жолы «Нұр Отан» партиясы 

Саяси кеңесінің кеңейтілген 

отырысында халыққа жол тартты. 

Мұның ерекше болатындығы да 

сол – дәл қазір халықаралық ахуал 

саяси мағынаға кеңінен бой алдырған 

тұста елдегі саяси партия мінберінен 

халыққа сөз бағыттау көп жағдайда 

мәселеге тереңірек назар аударта 

түседі.


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> Хандықтың тойы халықтың тойы №41 (1276)

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет