№2(78)/2015 Серия педагогика


Орыс жəне ағылшын тілдеріндегі «əдептілік» концептісінің ерекшеліктері  жəне



жүктеу 5.04 Kb.
Pdf просмотр
бет24/45
Дата04.05.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45

Орыс жəне ағылшын тілдеріндегі «əдептілік» концептісінің ерекшеліктері  жəне 
оның шет тілді жəне мəдениетаралық құзыреттердің қалыптасуына ықпалы 
Мақалада  орыс  жəне  ағылшын  тілді  сұхбаткерлердің  өмір  сүру  мəнмəтіні  мен  тұратын  еліне 
байланысты  ағылшын  тілді  лингвомəдениеттердегі  əдептіліктің  берілуінің  түрлі  жолдары, 
практикалық  зерттеу  бойынша    нəтижелері  ұсынылған.  Орыс  жəне  ағылшын  тілдерінде  «əдептілік» 
ұғымын мəдени алғышарттар негізінде анықтайтын əр түрлі көзқарастарға  талдау жасалған. Алынған 
нəтижелер бойынша  негіздеме беріліп, салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасалған жəне олардың  
мəдени ерекшеліктері, сонымен қатар пайда болуының ықтимал себептері ашылды. Қорыта айтқанда, 
шетел тілдерін оқыту үдерісінде тілдік жəне мəдениетаралық құзыреттердің қалыптасуы шеңберінде 
пайдалануға болатын тəсілдер сипатталған. 
 
И.Н.Мартынова  
Особенности концепта «вежливость» в русском и английском языках и его 
влияние на формирование иноязычной и межкультурной компетенций 
В данной статье представлены результаты практического исследования различных способов выраже-
ния  вежливости  в  русскоязычной  и  англоязычной  лингвокультурах  в  зависимости  от  контекста  и 
страны  проживания  англоязычных  респондентов.  Проведен  анализ  различных  подходов  к  определе-
нию понятия «вежливость» в  русском и английском языках на основе культурных предпосылок. При-
водятся обоснование и сравнительно-сопоставительный анализ полученных результатов, раскрывают-
ся их культурно-специфические особенности, а также возможные причины возникновения. В заклю-
чение  описываются  приёмы,  которые  могут  быть  использованы  в  процессе  обучения  иностранным 
языкам в рамках формирования языковой и межкультурной компетенций. 
 
 
References 
1  Sternin I.А. Essay on the American communicative behavior / I.А. Sternin, Z.D. Popova, Voronezh: Istoki, 2001, 194 p. 
2  Formanovskaya N.I. Culture of communication and speech etiquette / N.I. Formanovskaya, Мoscow: IKAR, 2002, 217 p.  
3  [ER]. Access mode: www.ldoceonline.com/dictionary/polite 
4  [ER]. Access mode: http://www.oxfordlearnersdictionaries.com/definition/english/polite 
5  [ER]. Access mode: http://www.macmillandictionary.com/dictionary/british/polite 
6  [ER]. Access mode: http://dictionary.cambridge.org/dictionary/british/polite?q=polite# 
7  Belyayeva Е.I. Foregn languages at school, 1990, 1, р. 43–47. 
8  Honkanen M. Successful management in Russia /  M. Honkanen, A. Mikluha, Finland, 1998, 178 p. 
9  Larina Т.V. Category politeness in English and Russian communicative cultures: monograph / Т.V. Larina, Мoscow: RUDN 
press, 2003, 315 p. 
10  Sternin I.А. Practical rhetoric / I.А. Sternin, Мoscow: Akademiya, 2005, 215 p. 

Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
167 
ƏОЖ 37.01.004.14 (574) 
А.Қ.Болатбекова, А.С.Жантуғанова  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(E-mail: Bolatbekova58@mail.ru) 
Педагогикалық ғылым мен практиканың өзара  
қатынасы туралы мəселе 
Мақалада  педагогика  мен  практиканың  жалпы  өзара  заңдылықтары  қарастырылды.  Авторлардың 
пікірінше,  педагогикалық  практика  теорияға  негізделуі  керек.  Бұл  мəселеде  зерттеушілер  практика 
мен теория біртұтас ұғымды қалыптастырады деген қорытындыға келді. Тəжірибе көрсетуі бойынша, 
негізгі тапсырма адамзатқа білім беру болып табылады. Оқушылардың тұлғалық жəне оқытушы мен 
оқушы  арасындағы  гуманистік  сенім  қарым-қатынас  құруды  сақтау  оқытудың  басты  міндеті  болып 
табылады. 
Кілт  сөздер:  ғылым,  білім,  тəрбие,  болмыс,  əдіс,  зерделеу,  адамиландыру,  практика,  тəжірибе, 
педагогикалық қызмет. 
 
Педагогика  ғылымы  мен  практиканың  өзара  қатынас  мəселесі,  олардың  өзара  байланысы — 
педагогиканың ең жалпы, ғаламдық мəселесі. Ол мəселенің шешілуі педагогика ғылымының дамуы 
мен  педагогикалық  инновациялардың  сапасына,  сондай-ақ  білім  беруді  қайта  құрудың  жетістігіне 
(табысы), ең соңында білім беру жүйесінің тиімділігіне де байланысты болып келеді [1]. 
Білім берудің əлеуметтік қызметі іске асып жатқан педагогикалық практика ғылыми негізделген 
болуы  керек,  осы  практикаға  байланысты  теориялық  жұмыс  бұдан  əрі  дамытылуы  тиіс.  Біздің 
уақытымызда оқыту мен тəрбиенің осы жəне басқа түрлерінің, əдістерінің, құралдарының мүмкін бо-
латын  тиімділігін  «көзбен  мөлшерлеп»  анықтауға  болмайды.  Педагогика  ғылымы  оқу  үрдісіне 
ендірілетін жаңа əдістерді, оқу материалдарын жəне т.б. нəтижелерін алдын ала көріп білу тəсілдері 
туралы білімді береді. Ал практикалық қызметкерлердің əрекетіне нақты ғылыми негіз қажет. 
Педагогтар  арасында  əрбір  педагогикалық  зерттеу  оқытушының  барлық  жұмыстарының  нақты 
қиындықтарын  ескеріп,  əрбір  оның  қадамын  «тəптіштеп»  жазып  көрсетуге  бағытталу  керек  деген 
пікір бар. Бұл көзқарасқа сəйкес кез келген дидактикалық немесе əдістемелік зерттеу университеттегі 
тікелей  жұмыс  үшін  жасалымдар,  ұсыныстар  белгілеуі  қажет,  ал  оқытушының  міндеті  осы 
ұсыныстарды  дəл  орындауға  тірелуі  керек [2]. Мұндай  жасалымдар  оқытушының  белсенділігі  мен 
шығармашылығын шектейді, ал ғылым болса, педагогикалық үрдістің мəні жəне бала психикасының 
даму  заңдылықтары  туралы  білім  беруі  керек,  ал  оқытушы  болса,  бұл  білімді  қалай  қолдану 
керектігін біліп алады, өйткені оның шеберлігіне бəрі байланысты болып табылады. 
Өткен  уақытта  педагогика  ғылымының  ең  басты  жəне  бірден-бір  міндеті  оқытушылардың 
тəжірибесін  жинақтап  қорыту  деген  де  көзқарас  болған.  Басқа  жағынан,  педагогика  ғылымының 
сипаттау  деңгейінен  теорияға  көшетін  уақыты  жетті.  Ол  үшін  жинақталған  тəжірибе — арнайы 
талдауға  қажет  материал.  Шындығында,  педагогика  ғылымының,  əсіресе  оның  теориялық  бөлігінің 
əсер  ету  саласы  тек  оқытушы  əрекетінде  пайдаланылуымен  шектелмейді.  Əлеуметтік  практиканың 
кең  аясында  білім  беруді  реформалаудың  стратегиясы  жасалынады,  білім  беру  стандарттары  жəне 
т.б.  даярланады.  Ғылымның  міндеті — барлық  осы  материалдарды,  соларға  сəйкес  материалдарды 
жəне тұтас əрекеттерді негіздеу. Бұл негіздемеге енетін білімдердің жинақталуы ең жоғары дəрежеде 
болу керек жəне онымен теориялық білімге деген мұқтаждық анықталады. 
Осындай  пікірлердің  көпдауыстылығы  мен  күмəндерге  анықтылық  енгізуге  ғылымдағы, 
қоғамдағы жəне білім саласындағы жағдаятты байсалды талдау арқылы қол жеткізуге болады. Біздің 
өзара байланыс мəселесін зерделегенімізде қызықтыратын негізгі жəне ешкімге талас тудырмайтын 
тезис — теория мен практиканың бірлігі туралы болжау [3]. 
Бірақ қарастырып отырған салада тек осындай бірлік бар деп қана айтып қою жеткіліксіз болар 
еді. Оны болмыстың материалы негізінде бірлікте айырмашылықты — айырмашылықта бірлікті көре 
білу арқылы мазмұн жағынан қарастырып көріңіз. Бірлік ұқсастық емес, екеуі бір нəрсе емес. Су — 
бұл сутегі жəне оттегінің бірлігі. Егер еркек пен əйелдің айырмашылықтары болмаса, отбасы бірлігі 
мүмкін болмас еді. Бұл бірлік сол айырмашылықтар арқасында өмір сүріп тұр. 

А.Қ.Болатбекова, А.С.Жантуғанова 
168 
Вестник Карагандинского университета 
Білім  саласындағы  ғылым  мен  практика  арасындағы  бірлік  пен  айырмашылық  неден  тұрады 
жəне қалай іске асады? 
Бұл  сұраққа  негізді  түрде  жауап  беру  үшін  педагогика  ғылымының  аумағынан  шығып  жəне 
оның  практикамен  байланысына  басқа  жақтан  қарау  қажет.  Педагогикалық  əрекеттің  бірнеше  түрі 
болады:  практикалық,  əкімшілік,  ғылым  нəтижелерін  практикаға  жеткізу.  Бұлардың  барлығы,  оның 
ішінде практикалық əрекет те, ғылым əрекет те, ең соңында, жеке əрбір адамның мəдениетін баулу, 
оның тұлғасын дамыту арқылы өскелең ұрпақты қоғам өміріне қатысуға даярлық қызметін атқарады. 
Білім  беру  саласындағы  ғылым  мен  практиканың  бірлігінің  көрінісінің  өзі  де  осы  болатын.  Біз 
осындай  бірлік  туралы  айта  отырып,  біз  əрекеттің  екі  түрінің  бірлігін  айтамыз:  ғылыми  жəне 
практикалық.  Басқа  түрі — педагогика  ғылымының  практикаға  əсері  жəне  практиканың  ғылыми 
білімнің болуы, олардың өзара байланысының бірыңғай жүйесі. 
Ғылым  мен  практиканы  кез  келген  əрекеттің    сипаттамалары:  а)  объектілері  бойынша; 
б) құралдар бойынша; в) нəтижелері бойынша салыстырайық. 
Практикалық педагогикалық əрекеттің объектісі өзімiз оқытатын жəне тəрбиелейтін адам болып 
табылады.  Сонымен  қатар  ол,  əрине,  субъект,  яғни  əрекеттесуші  жағынан,  дегенмен,  ол  субъект 
ретінде қарым-қатынастың басқа жүйесінің субъекті болып табылады. Тəрбиеленушілеріне əсер ету, 
оларда  жеке  тұлғаның  белгілі  бір  сапаларын  дамыту  үшін  жауапкершілік — бұның  бəрі 
педагогтардың  үлесінде  қалып  отыр.  Педагогикалық  басшылық  алынып  тасталынған  жоқ,  оның 
беделді қана болмауы — бұл басқа мəселе [4]. 
Соңғы жылдардың жаңалықтары тербиеленушілер санасын билеп алудан, талқылауға келмейтін 
ұғымдарды  практикаға  əкелуден  бастартуға  бағытталған.  Ең  өзекті  меселе  білім  беруді 
«адамиландыру»,  яғни оқушы тұлғасын сақтауға, педагогтар мен оқушылар арасындағы гуманистік 
сенім  көрсету  қарым-қатынастарын  орнатуға  бағытталған  отандық  жəне  шетелдік  педагогиканың 
қағидаларын  практикаға  енгізу  мəселе  болып  отыр.  Оның  ең  көкейкесті  нəтижелері  білім  беруді 
«адамиландыруға»,  яғни  оқушы  мен  педагог  арасындағы  қатынасты  оқу-пəндік  тəсілден  жеке 
бағдарланған тəсілге көшіру болып табылады. Балаға жеке тұлға деп қарау оның өз бетінше жұмыс 
істей  алуы  мен  белсенділігін  басумен  əрқашан  байланысты  тəсілмен  екеуін  ауыстыруға  болмайды. 
Бірақ өтпелі кезеңге тəн педагогикалық басшылықтың əкімшілік стиліне түсінбеушіліктерден қашып 
құтылу мүмкін болмады. 
Іргелес ғылыми пəндердің өкілдері арасында кеңінен тараған шағын бөлшектенген тəсілдер мен 
шараларды  сөзсіз  орындау  керектігіне  құрылған  беделге  басшылықты  кез  келген  педагогикалық 
əдіспен ұқсастыру қате болып табылады. Бірақ əсер ету педагогикалық үрдісте орын алмауға тиісті 
адамға зорлық жасап, оны мазақ ету емес. Бұған қазіргі уақытта субъект-объект парадигмасы орнына 
келетін  субъект-субъект  парадигмасын  жақтаушылар  қарсы  шығуда.  Бірақ  қатаң  педагогикалық 
басшылықтан  бастарту  дегеніміз  ол  педагогикалық  əсер  ету  мен  басшылықтан  жалпы  бас  тарту 
дегенді  білдірмейді.  Педагог  пен  тəрбиеленушілер  арасындағы  қарым-қатынас  тек  субъект-
субъектілік қана болмайды. Біз оқытып жəне тəрбиелеп отырған адам жоғарыда айтылған белгілі бір 
қатынаста — объект, ал басқасында ол — субъект [5]. 
Оқытушы  мен  студент  оқу  үрдісіндегі  дара  əрекеттесуі  туралы  айтқанда,  біз  олардың  түрлі 
бағыттағы  қарым-қатынастарының  құны  тең  деп  отырғанымыз  жоқ.  Студенттің  оқытушыға  əсері 
оқытушының студентке əсерімен бірдей емес. Оқытушы студенттің өзі əсер етпейді, ал оның қалай 
оқитыны,  оның  оқудағы  жетістігі  немесе  жетістігінің  жоқтығына  байланысты  оқытушы  өз 
əсерлерінің  жүйесін  құрастырады.  Əрине,  студент  педагогикалық  қатынастардың  əр  түрлі 
жағдайында  субъект  бола  алмайды.  Қысқаша  айтсақ,  ол  оқытушы  емес,  студент  ретінде  қызмет 
жасайды. Педагогикалық əсер жүйесінің ішінде тұрып, студенттің оқытушы тұлғасын қалыптастыру 
туралы мақсатта бағытталған бағдарламасы жоқ деген жай шындықты дəлелдеп жатудың қажеті жоқ. 
Оған  педагогикалық  басшылық  қызметі  жүктелмейді.  Онда  педагогты  бір  нəрсеге  үйрету  мақсаты 
жоқ.  Педагогикалық  басшылық  жақсы  жолға  қойылған  кезде  студент  өзін  біреудің  басқарып 
тұрғанын  сезбейді.  Басшылықтың  объектісі  бола  тұра,  ол  шынымен-ақ  өмір  сүреді,  бұл  уақытта 
педагог  үшін  тəрбиеленушінің  «университеттік»  өмірі  тəрбиеленушіні  университет    қабырғасынан 
тыс  жүріп  жатқан  «үлкен»  өмірге  даярлау  болып  табылады.  Студенттің  танымдық  жəне  басқа  да 
өздігінен  жұмыс  істеу  қабілетін  қалыптастыра  отырып,  жақсы  педагог  басқару  жолдарын 
көрінбейтін, сезілмейтін етеді. Бұл оларды жоғалып кетеді дегеніміз емес [6]. 
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында білім беру, біріншіден, адам баласы 
мүддесі,  екіншіден,  қоғам  мүддесі,  үшіншіден,  мемлекет  мүддесі  үшін  іске  асырылады  деп 

Педагогикалық ғылым мен практиканың… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
169 
көрсетілген сілтемеде осы екі көзқарастар арасындағы анық үйлесім көрсетілген. Адам — қоғам — 
мемлекет ретінде тізілген реті де қажет. Ең алдымен — адам мүддесі. 
Ғылыми-педагогикалық  əрекеттің  объектісі  туралы  мəселе  де  күрделі.  Бір  қарағанда,  бұл 
студентке  тəрбиеленушіге  өз  ретінде  педагогикалық  əсер  жəне  педагогика  ғылымы  тұрғысынан 
зерделеу  объектісі  екендігін  бір-ақ  нəрсе  деп  тану  түсінбеушілікке  алып  келеді.  Педагогикалық 
зерттеудің  объектісін  педагогикалық  əсер  етудің  объектісімен,  яғни  баламен,  оның  психикасымен, 
ұқсастыра отырып, біз педагогика мен психологияның — екі ғылымның объектілері жəне пəндерімен 
алмастыруға  барамыз.  Психология  ғылымы  педагогика  үшін  практиканың  объектісі  болып 
табылатындығын  зерделейді.  Егер  педагогика  ғылым  ретінде  психология  айналысатын  нəрсемен 
айналысуы  керек  болса,  онда  осы  екі  ғылымның  біреуінің  қатысы  жоқ  болып  қалып,  оның  үлесіне 
басқа  ғылымға  «практикалық  қосымша»  ретінде  қалады.  Сонымен,  ол  (педагогика,  өте  оңай 
ойластыруға болатын); өзінің зерттеу пəнінен жəне өзінің ғылыми мазмұнынан айырылады. 
А.С.Макаренконың ғылыми педагогика тұрғысынан зерттеу объектісі студент болмау керек, ал 
педагогикалық  факт  (құбылыс)  болуы  керек  деген  пікірін  келтірдік.  Педагогикалық  фактілер  кең 
педагогикалық  мағынасында  тəрбие  мен  оқыту  үрдістерін  қамтитын  тəрбие  немесе  білім  берудің 
(Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»  Заңындағыдай)  практикалық  əрекетінде  пайда 
болады. Бірінші сөз де, екіншісі де адамның психикасын емес, практикалық əрекетінің ерекше түрін 
бейнелейді.  Сондықтан  ғылыми-педагогикалық  əрекеттің  объектісін  кең  көлемде  айтатын  болсақ, 
мынадай педагогика ғылымының зерделеу объектісі — бұл педагогикалық практика. Педагогикалық 
теорияны  белгілі  бір  мағынада — педагогикалық  əрекеттің  теориясы  деп,  дəлірек  айтсақ, 
практикалық педагогикалық əрекеттің теориясы деуге болады. 
Дидактикалық  шындықтың  бір  бөлігін  көрсететін,  дидактикалық  зерттеу  объектісі — оқыту 
əрекеті де, ал студент оқытудың объектісі жəне білім алудың субъектісі болып табылатын педагогика 
мен психологияның, педагогика ғылымы мен практиканың аясындағы арақатынасы, яғни оқушы бір 
мезгілде  əрі  объект,  əрі  субъект  болып  табылатыны  дəлелденді.  Осы  уақытқа  дейін  де  бала 
педагогика  ғылымының  объектісі  емес  дегенмен  бəрі  келісе  бермейді.  Оған  дəлел  үшін  кейде 
К.Д. Ушинскийдің адамды барлық жақтарынан тəрбиелеу үшін оны барлық жақтарын зерттеу керек 
деген сөзін келтіреді. 
Ушинский  ғылым  жəне  ғылыми-педагогикалык  зерделеу  «зерделеу»  жайлы  емес,  тəрбие,  яғни 
практика  туралы  айтқан-ды.  Шын  мəнінде,  ғылымдағы  зерделеу  мен  практикалық  əрекет 
барысындағы  зерделеуде  айырмашылық  бар.  Ғылымдағы  зерделеу  ғылымның  арнайы  бөлінген 
объектілері туралы жаңа ғылыми білім алумен байланысты. Физика ғылымы үшін мұндай объектілер: 
мысалы,  барлық  қыздырылған  денелерге  тəн  жылулық  болмыстың  объектілері  болып  табылатын 
жылу батареясы, күн қыздырған үйдің шатыры жəне т.б. Физика олардан абстракцияланады, оларды 
зерделемейді.  Ол  осы  ғылымның  зерттеу  объектісі  ретіндегі  жылулық  туралы  жаңа  білімді  алады. 
Сондай-ақ  педагогика  өз  объектілерін,  мысалы,  ғылыми  зерделеуге  қажет  оқыту  əдістерін  ғылыми 
зерделеу  мақсатында  бөліп  көрсетеді.  Баланың  психикасын,  оның  жас  ерекшеліктерін  өзінің  жеке 
объектісі  ретінде  басқа  ғылым  зерделейді.  Педагогика  міндетті  түрде  мұңдай  зерделеудің 
нəтижелерін  пайдалануы  керек,  бірақ  та  өзі  басқа  туралы  жаңа  білім  алады.  Нақты  студентті  жан-
жақты  тəрбиелеу  үшін  оқытушының  нақты  балаларды  зерделеуі  басқа  іс.  Əрине,  ол  өзінің 
студенттерін, олардың мінездерінің ерекшеліктерін, өмірді қабылдауын, қабілеттерін білуі керек. Бұл 
зерделеу, əрине, жаңа білім алу, ғылым туралы айтқанды зерделеу емес. Практикалық іс дұрыс жүруі, 
өз тəрбиеленушілерін дұрыс түсіну үшін оқытушы бар ғылыми білімдерді пайдаланады. 
Сонымен, «зерделеу» деген сөздің мағынасы шын мəнінде əр түрлі түсіндіріледі. Біреуі — басқа 
ғылымның объектілерін зерттеушінің зерделеуі, басқасы — болмыстың объектілерін ғылымнан тыс, 
практикалық мақсаттарға байланысты пайдалану. 
Барлық  айтылғандардан  практика  мен  зерттеуші  арасындағы,  өте  алмайтын  шекара  жоқ  екені 
анық.  Оқытушы  əрқашан  зерттеушінің  бағытын  ұстай  алады.  Тек  бағыттарды  өзгертудің  не 
əкелетінін  көз  алдыңа  елестетуі  керек.  Қызмет  түрі  өзгергенде,  оның  объектілеріде  өзгеріске 
ұшырайды. 
Бір  жағынан,  ғылымда,  ал,  екенші  жағынан,  практикалық  педагогикалық  əрекеттерге 
қолданылатын  құралдар  ғылыми  танымның  жəне  адамдардың  тікелей  практикалық  əрекетінің 
құралдары болып табылады. Мысалы, бұл құралдар педагогикалық практика үшін «мұраты (идеалды)» 
— əдістер, тəсілдер, оқыту мен тəрбиелеудің ұйымдастыру формалары жəне материалдық құралдар — 
көрнекі құралдар, техникалық құралдар жəне басқалар. Ғылым үшін — бақылау, жазылым, үлгілеу, 

А.Қ.Болатбекова, А.С.Жантуғанова 
170 
Вестник Карагандинского университета 
болжамдар жасау, теориялар жасау, оларды эксперимент жолымен тексеру, эксперименттік жұмысты 
материалдық жабдықтау жəне т.б. 
Бұл айырмашылық түсінікті де, анық болғанмен де  бұны ғылыми əрекет жолына түскен жəне 
зерттеуші-педагог мəртебесіне ұмтылушы ылғи да сезіне бермейді. Көбінесе практикалық əрекеттен 
ғылыми  əрекетке  көшу  ырғақты  қозғалыс  іспетті,  оқытушы  өз  білім  қорын  толықтырып,  тез  арада 
жақсы  зерттеуші  болады  деген  түсініктер  бар.  Мұндай  жалған  түсінулер,  яғни  уақытты  жаңа  білім 
алуға  жұмсамай,  түрлі  ғылымдардағы  шындықтарды  ғылыми  жұмыстың  тиімділігін  дəлелдеу  үшін 
ғылыми  негіздемесіз-ақ,  интуиция  мен  жеке  шеберлікке  сүйеніп-ақ  жасауға  болады  деген  пікірлер 
арқылы жас зерттеушінің уақытын босқа кетіре ме деген қауіптер де жоқ емес. Бүкіл жұмыс шынайы 
ғылыми білім арқылы қайта құруларға негізделмей, қазіргі практикалық тиімділігі мен қажеттілігін 
дəлелдеумен шектеледі. Ғылыми жұмыстың айнасы бұл жағдайда жоғалып кетеді. Қазіргі жəне өткен 
тəжірибе  көрсеткендей,  ғылыми  білім  құрамында  əрқашан  практика  үшін  кез  келген,  тіпті  өрескел 
ұсыныстарды  да  табуға  болады.  Соңғы  жылдары  ғылыми  дəрежеге  ұмтылушылардың  көбісінің 
белгілі  бір  білім  беру  мекемелеріндегі  өздерінің  жеке  əрі  жақсы  жұмыс  туралы  есептерін  қорғауға 
алып шыққан жұмыстарын ғылыми еңбектер деп тану мүмкін емес. Мұндай жұмыстарда ең бастысы 
жоқ:  қойылған  мақсаттарды  орындауға  ұсынылған  əрекет  тəсілдері  оңтайлы,  қажет жəне жеткілікті 
екендігінің дəлелі [7]. 
Мұндай  олқылықтарды  болдырмас  үшін  практикалық  əрекет  саласында  тəжірибе  жинақталу 
барысында ғылыми əрекетке өту өзінен-өзі болады деп түсінбеу керек. Өзінде бар ғылыми білімдерді 
пайдалана  отырып  жүргізген  мұғалімнің  байқаулары  ондағы  білім  қорын  толықтыруға  жəне  оның 
кəсіптік  біліктілігі  деңгейін  көтеруге  əкеледі.  Бірақ  бұл  өлі  ғылыми  жұмыс  емес.  Алынған  ғылыми 
білімді  пайдалану,  бір  жағынан,  жаңа  білім  алу  (жасау)  жəне,  басқа  жағынан, «екі  үлкен 
айырмашылықтар» деп айтылады. Педагогика ғылымын білу де, практикалық тəжірибе де ғылыми-
зерттеушілік сияқты арнайы дайындықтың алғышарты бола тұра, оны айырбастауға болмайды. 
 
 
Əдебиеттер тізімі
 
1  Ахметова Г.К., Исаева З.Ə., Əлқожаева Н.С. Педагогика. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2006. — 79-б. 
2  Бабаева С.Б., Оналбек Ж.К. Жалпы педагогика. Əдебиет. — Алматы, 2005. — 105-б.  
3  Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2004. — 91-б.  
4  Құдиярова А.М. Педагогика. Дарын. — Алматы, 2004. — 67-б.  
5  Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ə.У., Ильясова Р.К. Педагогика. — Астана: Фолиант, 2007. — 90-б. 
6  Байжанова З.Т. Жалпы педагогика. — Алматы: Таймас, 2008. — 98-б. 
7  Аленов Ш. Педагогика. — Алматы: Рост, 2001. — 119-б. 
 
 
А.К.Болатбекова, А.С.Жантуганова  
К вопросу о взаимодействии педагогической науки и практики 
B  статье  рассматриваются  общие  закономерности  взаимодействия    педагогики  и  практики. 
По мнению авторов, педагогическая практика должна основываться на теории. Исследователи данной 
проблемы пришли к выводу, что практика и теория образуют единое целое. Как показывает опыт, ос-
новными задачами при обучении являются человечность образования, сохранение уважительного от-
ношения  к  личности  учащегося  и  создание  гуманно-доверительных  отношений  между  педагогом  и 
учащимся.  
 
A.K.Bolatbekova, A.S.Zhantuganova  
To the question of interaction of pedagogical science and practice 
In the article discusses the general patterns of interaction between pedagogy and practice. In the author’s 
opinion, pedagogical practice must be based on theory. The researchers of this problem came to the conclu-
sion that the practice and theory forms a coherent whole. Experience shows that the main task is a humanity 
education. Saving the individual student and the creation of a humane relationship of trust between teacher 
and student is the main task of learning. 

Педагогикалық ғылым мен практиканың… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
171 
References 
1  Akhmetova G.K., Issayeva Z.A., Alkozhayeva N.C. Pedagogy, Almaty: Publ. Kazakh University, 2006, p. 79. 
2  Babayevа S.B., Onalbek Zh.K. General pedagogy. Literature, Almaty, 2005, p. 105. 
3  Koyanbayev Zh.B., Koyanbayev R.M. Pedagogy, Almaty: Publ. Kazakh University, 2004, p. 91. 
4  Kudiyarova A.M. Pedagogy. Daryn, Almaty, 2004, p. 67. 
5  Kurmanalina Sh.Kh., Mukanova B.Zh., Galimova A.U., Iliassova R.K. Pedagogy, Astana: Foliant, 2007, 90 p. 
6  Baizhanova Z.T. General pedagogy, Almaty: Taimas, 2008, 168 p. 
7  Alenov Sh. Pedagogy. Almaty: Rost, 2001, 304 p. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ  372.8:004 
Б.Қ.Шəушекова, Б.Дəлелхан  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(E-mail: shaushekova@mail.ru) 
Бастауыш мектепте «Информатика» пəнін оқытудың маңыздылығы 
Мақалада  бастауыш  мектепте  оқытылатын  информатика  пəнінің  рөлі,  ақпарат  туралы  алғашқы 
түсініктерін  қалыптастыру,  компьютермен  жұмыс  жасау  жолдары  баяндалған.  Авторлар  бастауыш 
сынып  мұғалімдерінің  сабақты  қызықты  өткізу,  бастауыш  мектеп  оқушыларының  сабаққа  деген 
қызығушылықтарын көтеру мəселесін қарастырған. Білім беру жүйесіне үлкен өзгерістер алып келген 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  түрлері  мен  құралдары  сараланған.  Оқушылардың 
танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру  мазмұнын  анықтауға  негіз  болатын  оқытудың  жалпы 
дидактика негіздерінің тиімді жолдары көрсетілген. 
Кілт сөздер: ақпараттық технология, бастауыш мектеп, информатика, ақпараттық-коммуникациялық 
технология,  компьютер,  кіші  мектеп  жасындағы  балалар,  компьютерлік  технология,  информатика 
курсы, бастауыш сынып мұғалімі, ойын. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында: «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті — 
ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 
оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу», — делінген болатын
 
[1]. 
Қазіргі  уақытта  адам  өмірін  есептеуіш  техника  құралдарынсыз  елестету  қиын.  Компьютер 
еңбекті  жеңілдетеді,  бос  уақытты  толтырады,  уақытты  үнемдейді  жəне  алыс  арақашықтықты 
қысқартады, есептейді,  жазады,  ақпаратты  сақтайды  ғаламтор  арқылы  бүкіл  əлеммен  тілдесуге  жол 
ашады. Бүгінгі таңда компьютер арқылы  көркем туындылар жасалынады, музыкалар жазылады жəне 
кинофильмдер  түсіріледі.  Компьютер  ғылыми  аспаптан  тұрмыстық  техникаға  айналады,  ал  онымен 
жұмыс жасау дағдысы мектеп оқушыларынан бастап үлкен жастағы адамдарды да баулиды. 
Компьютерлер  білім  жүйесінде  кеңінен  қолдана  бастағаннан  бастап, «оқытудың  жаңа 
ақпараттық технологиясы» термині пайда бола бастады. Кез келген педагогикалық технология — бұл 
ақпараттық  технология,  себебі  оқытудың  техникалық  үдеріс  негізінде  ақпарат  пен  оның  қозғалысы 
(өзгеріс) жасалынады.  
Ақпараттық  технология  арқылы  оқыту  тəжірибесі  деп  арнайы  техникалық-ақпараттық 
құралдарды  пайдалануды  айтады.  Компьютердің  білім  жүйесінде  кең  түрде  қолдана  басталуынан 
бастап, жаңа ақпараттық технология арқылы оқыту термині пайда болды. 
Компьютерлік  технологиялар  оқытуды  жоспарлау  идеясын  дамытып,  қазіргі  заманға  сай 
компьютердің  жəне  телекоммуникацияның  бірегей  мүмкіндіктерімен  байланысты  оқытудың  əлі 
зерттелмеген,  жаңа  нұсқасын  ашады.  Компьютерлік  (жаңа  ақпараттық)  оқыту  технологиясы  бұл 
компьютер көмегімен дайындық үдерісі мен ақпаратты білім алушыға жеткізу болып табылады. 

Б.Қ.Шəушекова, Б.Дəлелхан 
172 
Вестник Карагандинского университета 
Ал  солардың  ішінде  кейінгі  уақытта  бастауыш  мектептің  білім  мазмұнына  информатика  пəнін 
енгізу туралы ой толғаныстар болып жатыр. 
Мектепте оқылатын информатика пəні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының 
мазмұнын  құрайтын  сан  алуан  мəліметтердің  бəрін  қамти  алмайды.  Дегенмен,  мектеп  пəні  ретінде 
жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мəнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен 
мəліметтерді,  терминдерді  қамтып,  мектепте  оқушыларды  басқа  ғылымдардың  негізін  оқып  үйрену 
үшін, сонымен  қатар жастарды  заманауи  ақпарат құралдары  туралы  мəлімет,  өмірге  сүруге қажетті 
білім, біліктілік, дағдылармен қаруландыруы тиіс. 
Қазіргі  заманғы  дидактика  жалпы  білім  беру  мазмұнын  анықтайтын  принциптер,  ғылым 
логикасы  мен  оқу  пəнінің  бірлігі  жəне  қарама-қайшылығы  принципін  ерекше  атайды.  Осыған 
байланысты,  Б.Т.  Лихачев  айтқандай, «ғылым  логикасы  мен  оқу  пəнін  құрастырудың  бірлігі  мен 
қарама-қайшылық идеясы ғылымның қайшылықтарымен дамитындығын негіздеген». Ол ескішіліктер 
қат-қабатын  бұза  өзіне  жол  ашып,  алға  қарай  секіріс  жасайды,  орнында  табандап,  тіпті  артқа  да 
шегінеді [2]. 
Бастауыш  мектепте  оқитын  балаларға  жаңа  нəрсе  ұсынса,  олардың  қызығушылықтары  оянып, 
талапшыл,  тапқыш  болатындары  белгілі.  Осыған  сəйкес  жаңа  ақпараттық  технологияларды  кез 
келген сабақта қолдануға итермелейді. Дəстүрлі сабақ кезінде компьютерді қолдану оқушыларға оқу 
материалын  түсіну  мен  есте  сақтау  үдерісін  тездетеді,  ең  бастысы,  балалардың  оқуға  деген 
қызығушылығын айтарлықтай көтереді. 
«Информатика»  пəнін  бастауыш  сыныптан  бастап  оқуға  болатындығы  жəне  оның  тиімділігі 
дүниежүзілік тəрбие негізінде дəлелденіп отыр. Ғалымдардың, практик-мұғалімдерінің пікірінше, бұл 
курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналалар: 
• бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу; 
• ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту; 
• бастауыш  мектеп  оқушыларының  ақпараттық  мəдениетін  қалыптастыра  отырып,  əлемдік 
ақпараттық білім кеңістігіне даярлау
 
[3]. 
Бастауыш мектепте кез келген пəнді оқыту жалпы бастауыш сыныптың мақсатына сəйкес болуы 
жəне өзінің пəндік шеңберінде бастауыш білім берудің ортақ міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс. 
Бастауыш мектепте жалпы білім алу білімді игеру деңгейі кейінгі оқу процесі кезінде табысты 
болуды қамтамасыз ететін шеберлік пен дағдының құрылымы болып табылады. 
Сонымен  қатар  бастауыш  мектепте  информатиканы  оқыту  келесі  мақсаттарға  жетуге 
бағытталған  базалық курсты оқыту міндеттерін шешуі тиіс: 
• базалық білімдер жүйесін меңгеру; 
• ақпараттарды  жинау  мен  талдау  кезінде  компьютерлік  технологияларды  қолдана  білу 
шеберлігі; 
• əр түрлі оқу пəндерін оқу барысында танымдық қызығушылық пен информатикалық əдістерді 
қолданудың дамуы; 
• ақпараттық  қызметте  этикалы  жəне  құқықтық  шаманы  сақтауға  жауапкершілікпен  қарауға 
тəрбиелеу. 
Сонымен  қатар  бастауыш  мектепте  информатиканы  оқыту  білім  беру  тəсілінен  бірлесіп  алған 
білім парадигмасы арқылы инновациялық тəсілдер негізінде өткізілу керек екендігі айқын. 
Информатиканы  оқытудағы  перспективті  тəсіл  келесідей  мақсаттарды  жүзеге  асыруға 
бағытталуы тиіс: 
• əлемнің ақпараттық көрінісі туралы түсінігін дамыту; 
• қоғамда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны  туралы түсініктерін қалыптастыру; 
• ақпаратты алу мен өңдеуде тұрақты дағдыларды қалыптастыру; 
• қызмет ортасында өзеріп отыратын ақпараттық қоғамға  тез бейімделу қабілеттерін дамыту; 
• өмір бойына ақпараттық дайындығын ары қарай жетілдіріп отыру. 
Кіші  мектеп  жасындағы  балаларда  болашақта  табысқа  жеткізетін  оқуға  деген  талпыныс  пен 
қызығушылық,  ең  берік  білім  мен  əдет  қалыптасып,  ойын  жинақтай  бастайды.  Осы  арқылы  да 
бастауыш сыныпта информатика пəнінің негізгі ұғымдарын оқу керектігін түсінуімізге болады. 
Информатика  курсын  жоғарғы  сыныптардан  төменгі  буынға  көшіру  қажеттіліктерін  осы 
бағыттағы  жүргізілген  ғылыми  зерттеулер  көрсетті.  Бұған  дəлел  ретінде  информатиканы  төменгі 
сыныптарда  оқыту  жөнінде  жүргізіліп  жатқан  мұғалімдердің  эксперименттері  мен  жарияланып 

Бастауыш мектепте информатика… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
173 
жатқан  мақалалары,  сондай-ақ 1–4 сыныптар  үшін  информатикадан  ұйымдастырылған  үйірме 
жұмыстары мен факультатив сабақтарды айтуға болады. 
Информатика  курсының  бастауыш  сыныптарда  оқытылуы  жөнінде  шетелдерде  жəне  Тəуелсіз 
Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде бірқатар жинақталған тəжірибелер бар. 
Көптеген əдіскер-ғалымдар мен оқытушылар информатиканы пəн ретінде жоғарғы сыныптарда 
оқыту оқушылардың компьютерді пайдалану дағдысының қалыптасуын кешеюілдетеді, бұл пəнді оқу 
барысында қалыптасатын дағды бір ғана пəнге тəн емес екенін, жалпы білім беретін мəні бар болып 
есептелетінін атап көрсетеді
 
[4].
 
Біздің  балаларымыздың  ертеңгі  күні — бұл  ақпараттық  қоғам.  Компьютермен  жұмыс  жасау, 
толықтыру,  қисындау  жəне  керек  ақпаратты  іздей  білу  қажет.  Жылдан  жылға  өздерінің  дербес 
компьютерлері бар оқушылардың саны артуда. Балалардың компьютердің мүмкіндіктерімен танысуы 
үлкендердің  басшылығымен  болғаны  дұрыс  (ата-ананың  немесе  мұғалімнің).  Бірінші  сынып 
оқушысы  алғаш  рет  мектеп  табалдырығын  аттатағанда  көп  жаңалықты  ашу  керек  болатын  білім 
əлеміне  түседі.  Əрбір  бастауыш  сынып  мұғалімі  баланы  шығармашылық  үдеріске  тартудың  тиімді 
жолдарын білуі қажет. Олар: 
• ойын; 
• жағымды эмоционалдық жағдай туғызу;  
• топпен жұмыс;  
• проблемалық оқыту. 
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын жəне ойын 
жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тəрбиесіне де əсер етеді. Сонымен қатар əр 
түрлі  педагогикалық  мəселерді  де  шешуге  көмектеседі.  Информатиканы  əр  түрлі  ойын  əдістемесі 
негізінде  өткізу  өте  пайдалы.  Себебі  бұл  өзіне  барлық  жұмыс  түрлерін  қосып  баланың 
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді. 
Ойындар  оқушылардың  ой-өрісін  дамытып,  ойлау  қабілетін  арттырумен  қатар,  үйретілген, 
өтілген  тақырыптарды  саналы  да  берік  меңгеруге  үлкен  əсер  етеді.  Ойындар  оқушылардың 
шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға 
да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай 
мағынада  қолданылатынын  да  біледі.  Ойын  оқу  пəндерінің  мазмұнымен  тығыз  байланыста 
жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді.
 
Жаңа ақпаратты іздеу үшін адамнан білім мен дағдының дамуын талап ететін қоғамға қызметтің 
жаңа əдіс-тəсілдері керек, оның өңдеуінің, басқа адамдарға көрсету, жаңа нысанның жəне үдерістің 
модельдеулері,  өзіндік  жоспарлау  мен  өз  əрекетін  құрастыру.  Бірінші  сыныптан  бастап  оқу,  жазу 
дағдысымен  қатар,  компьютерлік  техниканы  күнделікті  өмірде  оқу  құралы  ретінде  пайдалануды 
үйрету өте маңызды. 
Бастауыш  мектепте  қазіргі  ақпараттық  технологиянының  мүмкіндіктерін  сауатты  игеру  ықпал 
етеді:  танымдық  қызметтің  белсенділігіне;  оқушылардың  сапалы  үлгерімінің  көтермелеуіне;  қазіргі 
бастауыш  мектептің  сабақтарында  пайдалануға  арналған  электрондық  оқу  материалдардың 
көмегімен оқытудың мақсатына жету; кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік оқу жəне өз-өзін 
бақылау  дағдысын  дамыту;  сабақта  отырғандарда  белсенділік  пен  талапшылдықтың  көтермеленуі; 
оқушыларда  ақпараттық  ойлаудың  дамуы;  ақпараттық-коммуникациялық  құзыреттіліктің 
қалыптасуы; бастауыш сынып оқушыларының компьютерде жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін 
сақтау дағдысын қалыптастыру. 
Мектепте оқылатын информатика пəні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының 
мазмұнын  құрайтын  сан  алуан  мəліметтерді  қамти  алмайды.  Дегенмен,  мектеп  пəні  ретінде  жалпы 
білім  беру  қызметін  атқара  отырып  ғылымның  мəнін  ашатын,  өте  елеулі  іргелі  ұғымдар  мен 
мəліметтерді,  ұғымдарды  қамтып,  мектепте  оқушыларды  басқа  ғылымдардың  негізін  оқып  үйрену 
үшін  сонымен  қатар  жастарды  заманауи  ақпараттық  қоғамдағы  болашақ  қызмет  пен  өмірге 
дайындауға, қажет білім, біліктіліктерімен, дағдыларымен қаруландыруы тиіс [4]. 
Информатика  оқушы  қолына  ақпаратты  өңдеу,  сақтау  жəне  тасымалдау  құралын  беретін  пəн 
болып  табылады.  Сондықтан  информатиканы  дербес  компьютерде  жұмыс  істемей  үйрену  мүмкін 
емес. Оқушылардың компьютерде өзіндік тапсырмаларды орындап, жеке жұмыс істеуі тиімді түрде 
өтуі  үшін  əр  түрлі  деңгейдегі  тапсырма,  карточкалардың  көлемді  базасы  болу  керек.  Осы 
карточкалық базаларды тұрақты түрде пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін-
өзі  бақылауын  арттырып,  практикалық  сабақтардың  да  санын  көбейтуге  мүмкіндік  береді.  Ол 

Б.Қ.Шəушекова, Б.Дəлелхан 
174 
Вестник Карагандинского университета 
оқушылардың білім сапасын жетілдірудің негізі деуге болады. Компьютерлік бағдарламалар арқылы 
əр  түрлі  есептер,  ойындар,  жобалар,  суреттер  салуға  компьютерді  меңгерген  кез  келген  адамның 
мүмкіндігі  болады.  Пəнге  қызыққан  оқушы  ғана  белсенділік  танытатыны  бəрімізге  белгілі, 
сондықтан  оқушылардың  сабаққа  ынтасының  жоғары  болуы,  жоғарғы  деңгейде  көрінуі  ұстазға 
жүктелетін  міндет.  Қазіргі кезде  оқушылардың  компьютерге  деген қызыңушылығы басым.  Сабаққа 
алғаш келген күннен бастап компьютер туралы көп білгісі келеді. Бала үшін компьютермен жұмыс 
жасау, олардың жаңа технологияларды меңгеріп, сауатты жазып үйренуіне, компьютердің құрылысы 
туралы алғашқы ұғымдарды білуге жетелейді. 
Бастауыш  мектепте  информатика  жəне  ақпараттық  технологияны  оқыту  келесідей  мақсаттарға 
жеткізеді: 
• қоршаған ортаның ақпараттық тасқындарын бағалау дағдысының дамуы; 
• ақпараттың тəжірибелік əдісін меңгеру: ізденіс, талдау, өзгеріс, жіберу, ақпаратты сақтау жəне 
оны оқу барысында немесе күнделікті өмірде қолдану; 
• алғашқы компьютерлік сауаттылықтың жəне ақпараттық мəдениет элементтерінің қалыптасуы; 
• ақпараттармен  алмасу  дағдысының  дамуы,  бар  техникалық  құралдармен  жұмыс  жасау 
(телефон, компьютер т.б.). Кіші жастағы мектеп оқушыларына мақсатты түрде тек қана компьютерлік 
сауаттылықта  ғана  үйретіп  қоймай,  информатика  негіздері  туралы  алғашқы  білімдер  беру,  негізгі 
білімдерін қалыптастыру жəне  жұмыс істеу əдісін үйрету; 
• ақпаратты  өңдеу  аймағындағы  компьютердің  мүмкіндіктері  туралы  түсінік  қалыптастыру 
(компьютер сурет салуда, есептеуде, жазуда), ақпараттарды сақтау (компьютер суреттерді, сандарды, 
мəтіндерді  сақтап  қалады)  жəне  ақпараттарды  жіберу  (адамнан  компьютерге,  компьютерден 
компьютерге, компьютерден адамға); 
• негізгі ұғымдармен танысу: ақпарат, тіл, білім, қалып, алгоритм, құрылым жəне т.б.; 
• пернетақтамен  жұмыс  істеу  дағдысын  қалыптастыру  (мəтін  теру,  сандарды  теру,  қозғалысты 
жəне нысанның дисплей экранындағы тіркелімін басқару, мəзір бойынша жұмыс істеу тəртібін таңдау). 
Информатиканың  əдістерін  көрсететін  жұмыстың  əдіс-тəсілдерін  меңгеру:  формалдауды 
(компьютерде  орындалуын  бағдарлаумен  тапсырманың  шарты  мен  оны  шешуді  сипаттау), 
алгоритмдеуді («тарамдау», «талғам», «топтама»  сияқты  қарапайым  құрылымдық  жауаптар), 
компьютерді  қолдану  арқылы  қарапайым  тапсырмаларды  шешу  (ауа  райын,  өсімдіктер  мен 
жануарлар өмірін бақылау барысында компьютерлік күнделік жасау). 
Компьютерді  оқыту  білім  алушыларға  компьютерлік  сауаттылықты  үйретумен  ғана  шектеліп 
қалмай,  алгоритімдік  ойлау,  логикалық  ойлау  дағдысын  қалыптастырады.  Бастауыш  сыныпта 
информатика курсын оқытуда оқу-əдістемелік жинақтамалармен жүргізілетін түрлі жолдары бар. 
Бастауыш сыныпта информатика пəнінде оқытушылар əрбір оқушының жеке мүмкіншіліктерін 
ескере  отырып,  оқу  үдерісін  тиімді  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін  келесідей  əдістер  мен  сабақ 
түрлерін ұсынады: 
• диалогтар; 
• топпен жұмыс; 
• ойын əдістері; 
• ақпараттық минуттар; 
• эвристикалық тіл табу. 
Жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы 
зерттеушілік, эвристикалық сипаттағы іс-əрекетіне байланысты жүзеге асыруға болады. Оқушылардың 
есте  сақтау  зейіндік  қабілеттерін  дамыту,  пəнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында 
сабақты  шығармашылық,  ізденушілік  жұмыстары  арқылы  өткізген  өте  тиімді.  Ол  үшін  оқушылар 
алдын  ала  берілген  тақырып  бойынша  ізденіс  жұмысын  жүргізеді.  Оқушылар  берілген  тақырыптар 
бойынша  өз  беттерімен  ізденіп,  алған  білімдерін  бір-біріне  түсіндіре  отырып,  компьютерде 
тапсырмалар  орындайды.  Əр  сабақта  жеке  бағалау  парағы  бойынша  барлық  оқушылардың  білімі 
бағаланады [5]. 
Компьютерлік технологияны қолдану сабақ мазмұнын кеңейтуге мүмкіндік береді. Нəтижесінде 
кіші жастағы мектеп оқушыларында шаршағыштық сезімі төмендеп оқу үдерісі еркін түрде жəне тез 
өтіп  кетеді.  Бала  шығармашыл,  бастамашыл  болады,  оқу  үдерісінің  жақсы  өтуіне  ықпал  ететін 
психикалық үдерістер (ойлау, қабылдау, көңіл аудару, жадыда сақтау, қиял) іске қосады. Балада білім 
алуға көмекші құрал ретінде компьютерді пайдалануға деген қажеттілік қалыптасады. 
 

Бастауыш мектепте информатика… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
175 
Бұдан ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу 
жəне бейнелеуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық тізбекке біріктірілген əдістер, өндірістік 
үдерістер  жəне  программалық  техникалық  құралдар  жиынтығы,  ол  өз  кезегінде  ақпараттық 
ресурстарды  пайдалану  үдерісінің  оңтайландырады,  сондай-ақ  оның  сенімділігі  мен  жылдамдығын 
арттыратын  құралдар  болып  табылатынды  дей  келе,  оған  Д.Н.  Исабаева  төмендегідей  анықтама 
береді: «Ақпараттық-коммуникациялық технология  құралдары компьютерлік техника мен желілерді 
қолдану  негізінде  ақпараттық  үдерістерді  жүзеге  асыруға  бағытталған  аппараттық  жəне 
программалық құралдар» [6].  
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарды аппараттық  жəне 
бағдарламалық  құралдарға  бөлуге  болады.  Төмендегі  кестеде  аппараттық  жəне  бағдарламалық 
құралдардың түрлері көрсетілген. 
К е с т е    

жүктеу 5.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет