№2(78)/2015 Серия педагогика


Особенности перехода на 12-летнее обучение в Республике Казахстан



жүктеу 5.04 Kb.
Pdf просмотр
бет20/45
Дата04.05.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45

Особенности перехода на 12-летнее обучение в Республике Казахстан 
В статье отмечено, что за последние годы сделаны значительные шаги по обновлению системы обра-
зования.  Показано,  что  осуществлены  разработка  и  внедрение  Государственных  общеобязательных 
стандартов  образования,  внедрено  вариативное  образование,  начата  работа  по разработке  критериев 
оценки  качества  образования,  внедрена  трехступенчатая  модель  высшего  образования  на  основе  кре-
дитной технологии. 
 
 
 

М.Т.Баймұқанова, Т.М.Омашева 
140 
Вестник Карагандинского университета 
M.T.Baymukanova, T.M.Omasheva  
Features of passing to 12-years-old educating in Republics of Kazakhstan 
In the article, with a 12-year education in Kazakhstan. In recent years, significant steps have been taken to up-
grade the education system. So, executed the development and implementation of the state compulsory educa-
tion standards, the introduction of diversified education, work began on the development of criteria for evaluat-
ing the quality of education. But the results do not provide full development of human capital. Transforming to 
the 12 year education will be the important news in the scientific and educational sphere. Kazakh secondary 
school in recent years significantly changed. Made major steps to support the upgrading of the education system, 
including the development and implementation of the state compulsory education standards, the introduction of a 
three-stage model of higher education on the basis of the credit technology, the introduction of diversified educa-
tion, work has begun on the development of criteria for assessing the quality of education. 
 
 
References 
1  Smagulova G.K. Vestnik KazNU named after. Al-Farabi, Almaty, 2012 р. 
2  Karibaeva A.A. Journal of KazNPU Abay. Ser. The languages of the peoples of the world, 2006, 1 (8), p. 87–89. 
3  Druzinski A.N. Proceedings of International scientific-practical conference «Scientific support to the functioning of a 12-
year secondary education», Almaty, 2007, April, 20–21, 1, p. 45–49. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 374.317.59.1 
Г.С.Əшімханова, А.С.Құдаринова, Н.А.Сəдуақасова  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті  
(E-mail: banu_asyl@mail.ru) 
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі 
балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыстық кемшіліктерді түзету мəселелері 
Мақалада  инновациялық  технологияларды  қолдану  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сөйлеу 
тіліндегі  дыбыстық  кемшіліктерді  түзету  мəселелері  жайлы  қарастырылған.  Мүмкіндігі  шектеулі 
балалармен  жұмыс  істеу  кезінде  ең  басты  əрекеттердің  бірі — ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды тиімді пайдалану мəселелері бойынша кəсіптік міндетін жəне педагогтық шеберлігін 
көтеру.  Инновациялық  технологияны  меңгеру  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың    интеллектуалдық, 
кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі 
əсерін  тигізетіндігі,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тəрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектесетіндігі 
жайлы аталып өткен. 
Кілт  сөздер:  мүмкіндігі  шектеулі,  сөйлеу  бұзылыстары,  инновациялық  технологиялар,  оқу, 
дискуссия,  ақпарат,  дыбыс,  əдіс-тəсіл,  инновация,  бинарлы,  медициналық,  педагогикалық, 
психологиялық, жаңашыл, жаңа əдіс, өзгеріс, əдістеме. 
 
Қазақстан  Республикасында  кемтар  балаларды  əлеуметтік  жəне  медициналық-педагогикалық 
түзеу  арқылы  қолдау  туғанынан  бастап  баланы  кəмелеттік  жасқа  толғанға  дейін  жаппай  кешенді 
медициналық,  педагогикалық,  психологиялық  жəне  əлеуметтік  тексеру  мен  кəсіби  диагностика 
жүргізу,  оңалтудың  жеке  бағдарламасын  əзірлеу,  медициналық,  педагогикалық,  психологиялық, 
əлеуметтік қызметтер көрсету жəне еңбекке баулу арқылы жүргізіледі деп атап көрсеткен [1]. 
Мемлекет  басшысы  Н.Ə.  Назарбаевтың  «Жаңа  онжылдық — жаңа  экономикалық  өрлеу — 
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 2010 жыл 20 қаңтардағы халыққа Жолдауына байланысты Білім 
жəне  ғылым  министрлігі  Қазақстан  Республикасындағы  Білім  беруді  дамытудың 2011–2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламаның  жобасын  əзірледі. 2010 жыл 19 наурыз  № 957 
Жарлығында баяндағандай: 

Инновациялық технологияларды қолдану… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
141 
Мақсаты:  экономиканың жəне  азаматтардың  əл-ауқатының  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ететін 
білім  беру  жүйесінің  бəсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  адами  капиталды  дамыту  үшін  оны  түбегейлі 
жаңғырту. 
Міндеттері:  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  əдістемесін  əзірлеу  жəне  оны  білім  беру 
ұйымдарына  енгізу,  білім  берудегі  менеджментті  жетілдіру,  педагог  мамандығының  мəртебесін 
көтеру,  оқу  үрдісін  автоматтандыруды  енгізу,  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  желісін  арттыру, 12 
жылдыққа көшу, шағын жинақты мектептердің санын қысқарту, мектептерде инклюзивті білім беруді 
жетілдіру, техникалық жəне кəсіптік білім беруді еңбек нарығың сұраныстарына сəйкес кадрлармен 
қамтамасыз  ету,  еліміздің  индустриалды-инновациялық  даму  жобаларын  жоғары  жəне  жоғары  оқу 
орнына  кейінгі  білімді  кадрлармен  қамтамасыз  ету,  еуропалық  аймаққа  жоғары  білімнің  кірігуін 
қамтамасыз  ету,  ғылым  жəне  білімнің  кірігуін  қамтамасыз  ету,  интеллектуалды  меншік  өнімдерін 
коммерциялизациялау үшін жағдай жасау [2]. 
Осыған  орай  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  танымдық  қабілеттерін  арттыру  жолында 
инновациялық  технологияларды  қолдану,  оның  ішінде  компьютерлік  технологияларды  пайдалану, 
арқылы  оқыту  процесін  дифференцияцияландыруды  жəне  индивидуалдандыруды  қажет  ететін 
логопедиялық түзету жұмыстарында маңыздылығы айқындалады.  
Мүмкіндігі  шектеулі  баламен  жұмыс  істеу  кезінде  ең  басты  əрекеттердің  бірі — ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  тиімді  пайдалану,  мəселелері  бойынша    кəсіптік  міндетін жəне 
педагогтық шеберлігін көтеру. Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-əрекетімен эмоциялық 
ерікті  жағының  кемшіліктерін  еңсеру,  өз  бетімен  өмір  сүруде,  балаларды  қазіргі  қоғамдық 
жағдайларда  əлеуметтік  бейімделуге  дайындау,  осы  балаларды  оқыту  процесіне  заманауи 
əдістемелер мен технологияларды енгізу. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тілінің дыбысталу 
жағын түзету де инновациялық технологияларды қолдану, мүмкіндігі шектеулі  балалардың сөйлеу 
тіліндегі  кемшіліктерді  түзетуге  өз  септігін  тигізеді.  Себебі  адамдардың  əрбір  іс-əрекеті  кеңістікте 
бағдарлану қабілетімен тығыз байланысты. Еркін кеңістікте бағдарлану əдістерінің негізі мүмкіндігі 
шектеулі  балаларға,  арнаулы  мектеп  бітірушілерінің  өзіндік  тəрбиесін,  өздерінің  біріккен  əлеуетті 
мүмкіндіктерін  жүзеге  асыра  алуына  жағдай  жасайды.  Жоғарғы  сыныптарда  мүмкіндігі  шектеулі 
балалар кеңістікте бағдарлану ілім біліктерін меңгеріп шығады. Себебі онсыз интернат жағдайында 
балалардың өмірге бейімделуі мүмкін емес. Бірақ меңгеру дəрежелері əр түрлі.  
Кейінгі  жылдары  жиі  пайдаланылып  келе  жатқан  жаңа  ұғымдардың  бірі — инновация. 
Инновацияны  жете  түсініп,  инновациялық  əдіс-тəсілдерді  мектеп  өміріне  кеңінен  енгізу  жас 
ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты болып табылады. 
«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама əлі де жасала қойған жоқ. «Инновация» — 
бұл  нақты  қойылған  мақсатқа  жетуде  ойға  алынған  жаңа  нəтиже.  Оқу  мақсатының  жүйесінде 
берілген  мақсаттың  негізгі  категорияларын  пайдалана  отырып,  педагог  өз  еңбектерінің  нəтижесі 
туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нəтиже — жаңалыққа бет бұрудың кілті. 
Инновациялық  үрдістің  негізі — жаңалықтарды  қалыптастыру,  қолдану,  жүзеге  асырудың 
тұтастық қызметі. Кез келген жаңа əдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір 
мұғалім үшін табылған жаңа əдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тəрізді. 
Инновацияны «жаңашыл», «жаңа əдіс», «өзгеріс», «əдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық 
үрдісті «жаңа əдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай 
туғызады. 
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-
жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Инновациялық  технологияны  меңгеру  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың    интеллектуалдық,  кəсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  жəне  басқа  да  көптеген 
адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  əсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тəрбие  үрдісін  тиімді 
ұйымдастыруына  көмектеседі.  Инновациялық  педагогикалық  технологияларын  шығармашылық 
қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады [3]. 
Информатиканы оқыту əдістемесі сабағын қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды əдіс-
тəсілдерді  қолдану,  оқыту  əдістемесін  жаңартып  отыруына  байланысты.  Қазіргі  таңда  əдістеме 
пəнінің  мұғалімдері  инновациялық  жəне  интерактивтік  əдістемелерін  сабақ  барысында  пайдалана 
отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 
Оқу-тəрбие  үрдісінде  қолданып,  айтарлықтай  нəтиже  беріп  жүрген  инновациялық 
педагогикалық технологиялар мыналар:  
 

Г.С.Əшімханова, А.С.Құдаринова, Н.А.Сəдуақасова 
142 
Вестник Карагандинского университета 
 дамыта отырып оқыту əдістемесі; 
 оза отырып оқыту; 
 тірек жəне тірек конспектілер арқылы оқыту; 
 деңгейлеп оқыту технологиясы; 
 тесттік жүйемен оқыту; 
 имитациялық əдіс; 
 мультимедиа мүмкіндіктерін қолданып оқыту; 
 ойын технологияларын қолдану; 
 дискуссия сабақтары; 
 интеграциялық сабақ; 
 топпен жұмыс; 
 панорама сабағы; 
 проект əдісі (жоба); 
 рольдік ойындар; 
 критикалық ойлау технологиясы; 
 «Алты қалпақ» технологиясы; 
 лекция-семинар сабақтары; 
 «мозаика» сабақтары; 
 проблемалық оқыту əдісі; 
 «миға шабуыл» əдісі; 
 эвристикалық əңгіме əдістемесі; 
 бинарлы сабақ; 
 экскурсия сабағы; 
 қашықтықтан оқыту технологиясы; 
 ынтымақтастық технологиясы. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балалар  үшін  жоғарыда  көрсетілген  инновациялық  педагогикалық 
технологияларды  жан-жақты  қызықтыра  қолдану  өте  тиімді.  Заман  талабына  сай    мүмкіндігі 
шектеулі  балалардың  сөйлеу  тіліндегі  кемшіліктерін  компьютерлік  технологияларды  пайдалану, 
арқылы түзете-дамыту мəселелері жайлы болмақ.   
Оқыту,  білім  беру  тəжірибесі  педагогикалық  үрдістің  сапасын  үнемі  арттырып  отыруды  талап 
етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мəселесі маңызды болып саналады. 
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың 
қажеттілігі  көрінеді.  Сондықтан  білім  беру  саласы  да  өзінің  дамуы  үшін  жаңа  қадамдарға  баруда. 
Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын 
оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.  
Жаңа  ақпараттық  технологиямен  орындалатын  қызмет  өзінің  кез  келген  нақты  формасында 
тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. 
Ұрпақ  үшін  кітаптың  маңызы  қандай  болса,  компьютер  де  оқушы  үшін  қоршаған  əлемді 
танудың  табиғи  құралы  болып  табылады.  Олай  болса,  барлық  сабақтарды  компьютерлердің 
қуаттануымен жүргізуді үйрену — бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мəселелерінің бірі.  
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде 
жүзеге  асырылуда.  Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  ақпараттық  технология  дегеніміз — оқу  жəне  оқу-
əдістемелік  материалдар  жинағы,  оқу  қызметіндегі  есептеуіш  техниканың  техникалық  құралдары, 
олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін жəне оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру 
үшін  оларды  қолдану  формалары  мен  əдістері  деген  анықтама  беруге  болады.  Яғни,  ақпараттық 
технология — білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы əдістер мен формалар 
жəне балаларға білім беруші құрал. 
Ақпараттық  технология  қызметінің  құралы  ретінде  жаңа  ақпараттық  технологияның 
компьютерлік  құралдары  қолданылып  жүр,  алайда  заман  талабына  сай  компьютерлік  техниканың 
дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды дені сау балаларға 
жасау  керек  болса,  ал  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  үшін  олардың  іс-əрекетінің  интеллектуалды 
құрылысымен сəйкес келуі тиіс. 

Инновациялық технологияларды қолдану… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
143 
Педагогикалық  жəне  əдістемелік  əдебиеттерде  оқытуда  ақпараттық  технологияларды 
пайдаланудың  бірнеше  бағыттары  көрсетілген,  солардың  ішінде  мектептегі  оқу  практикасында 
қажеттілерінің  негізгілері  мыналар:  компьютер — оқушы  білімін  бағалау  құралы;  компьютерлік 
модельдеуді  қолданатын  зертханалық  практикум;  мультимедиа-технология,  жаңа  материалды 
түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы. 
Бастауыш мектепте білім берудің негізгі мақсаты əр балаға белгілі бір уақыт аралығында белгілі 
ақпараттар көлемін меңгертіп оны практикада қолдануға үйрету. Мұғалімге мұндай міндетті шешуде 
оқытудың  дəстүрлі  əдістер  мен  заманауи  ақпараттық  технологиялар,  оның  ішінде  компьютерлік 
технологиялар  көмектеседі.  Сабақта  компьютерлік  технологияларды  қолдану  оқыту  процесін 
дифференцияцияландыруды  жəне  индивидуалдандыруды  қажет  етеді.  Бұл  əсіресе  логопедиялық 
түзету  жұмыстарында  өте  маңызды.  Бастауыш  мектептерде  сабақта  компьютерді  қолдану 
қажеттілігінің бірнеше маңызды себептерін атап өту қажет [4].  
Біріншіден,  оқыту  процесін  бастауыш  мектеп  жасындағы  балалардың  физиологиялық  жəне 
психоэмоционалды  ерекшеліктеріне  сəйкес  ұйымдастыру.  Мысалы:  психологтар  жеті  жастағы  бала 
үшін тұрақты жұмыс пен керемет мансаптың маңызды емес екендігін дəлелдеген. Бастауыш мектеп 
жасында  балаларға  алдына  баланы  оқыту  процесіне  белсенді  қатысуына  ынталандыру,  оқып  білім 
ағызу  өте  қиын.  Сондықтан  дəстүрлі  оқытушылар  үшін  баланың  ынтасын  жоғарылатуда  келесідей 
мақсаттарды қоюды үйретеді: қасындағы парталасынан тезірек оқуға үйрету; анасын ренжітпеу жəне 
т.б. Мұндай əдістер қолданылмаған жағдайда балалар барған сайын инфантильді бола түседі.  
Кіші  мектеп  жасындағы  балалар  үшін  ойын  əрекеті  маңызды  екенін  ескере  отырып,  тек 
компьютердің интерактивті мүмкіндігі арқылы жоғарыда аталған мəселені шешуге болады. Оқытуда 
мамандандырылған компьютерлік технологияларды қолданудың бір ерекшелігі түзету сабақтарында 
баланың ынта, түрткі дайындығын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Оның шеңберінде бала өзі шешім 
қабылдай алу мүмкіндігін дамыта отырып, бастаған ісін аяқтауға дағдыланып, өз əрекетін өз бетінше 
жүзеге асыра алады.  
Компьютермен  қарым-қатынас  оқушылардың  қызығушылығын  тудырады,  басында  ойын 
түрінде,  кейін  келе  оқу  əрекеті  ретінде  жүзеге  асады.  Мұндай  қызығушылықтарға  балалардың 
танымдық  ынтасын,  саналы  ес  пен  зейінін  жатқызуға  болады.  Ал  балалардағы  мұндай  сапалар 
баланың мектепте оқуға деген психологиялық дайындығын қамтамасыз етеді.  
Екіншіден,  əр  баланың    толық  көлемде  бағдарлама  материалдарын  меңгеру  мақсатындағы 
оқушылардың  əр  түрлі  дайындық  деңгейін  ескеру,  ес,  зейіннің  даму  деңгейін  ажырату  арқылы 
индивидуалды жəне дифференциалды оқытудың техникалық процесінің шынайы мүмкіндіктері. Бұл 
баланың ойлау əрекетінің жоғарғы немесе төмен деңгейде екендігін анықтауға мүмкіндік береді.  
Үшіншіден, сабақта компьютерлік тестерді жəне диагностикалау кешенін қолдану мұғалімдерге 
оқытылған  материалды  баланың  қанша  уақытта  меңгергендігі  туралы  нақты  мағлұмат  алуға 
мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологиялар, əсіресе тіл кемістігі бар балаларды түзету-дамыту 
жұмыстарында перспективті құрал бола алады. 
Сөйлеу  тілінің  жалпы  жетілмеуін  түзету  мен  оқыту  мəселесіне  арналған  зерттеулер  сөйлеу 
тілінің  жетілмеуін  жүйелі  түзету  қиын  да  ұзақ  процесс  екендігін  көрсетеді.  Сондықтан  да  СТЖЖ 
балалардың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын ескере отырып, оқыту-түзету процесінде арнайы 
компьютерлік технологияларды қолдану түзету жұмыстарының тиімділігін арттырып, мектеп жасына 
дейінгі  балалардың  дайындық  процесін  тездетіп,  оларды  екінші  ауытқуның,  жазба  тілдің 
бұзылуының  алдын  алып  жəне  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  əлеуметтік  дезадаптациясы 
қауіпін төмендетеді.  
Ғылыми  əдебиеттерді  талдау  нəтижесі  компьютерлік  құралдар  коррекциялық  сабақ  мазмұны 
емес,  ол  тек  бала  дамуындағы  ауытқуды  түзетуге  мүмкіндік  беретін  қосымша  құрал.  Өз 
жұмыстарында  компьютерлік  технологияларды  қолданатын  логопедтер  үшін  арнайы  оқытудың  екі 
негізгі  міндетін  шешу  қажет.  Яғни,  балада  компьютерлік  технологияларды  қолдану  дағдысын 
қалыптастыру  жəне  компьютерлік  технологияларды  олардың  психофизиологиялық  ауытқуларын 
түзету мен дамыту үшін қолдану машығы пайда болады.  
Дамуында 
ауытқуы 
бар 
балалардағы 
түзету-дамыту 
жұмыстары 
үшін 
арнайы 
мамандандырылған  немесе  бейіндендірілген  компьютерлік  бағдарламаларды  қолдану  ұсынылады. 
Оларды  қолдану  тиімділігі  мұғалімнің  кəсіби  құзыреттілігі  мен  жаңа  мүмкіндіктерді  қолдану 
дағдысына  байланысты.  Сондай-ақ  мұғалім  жаңа  инновациялық  технологияларды  енгізуде 
балалардың мотивациясын жоғарлатып, психологиялық қолайлы жағдайлар туғыза білуі шарт. 

Г.С.Əшімханова, А.С.Құдаринова, Н.А.Сəдуақасова 
144 
Вестник Карагандинского университета 
Арнайы  педагогикадағы  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  басым  міндеті — 
балалардың  өздері  үйренген  негізгі  технология  мен  есептеуіш  технологияны  оқыту  емес,  олардың 
өмір  сүру  ортасына  кешенді  түрленген,  баланың  белсенді  шағармашылық  əрекетін  дамытуда  жаңа 
ғылыми негізделген құралдарды енгізу.  
Сөйлеу  тілінің  əр  түрлі  кемістіктері  бар  балаларды  оқыту  тиімділігі  компьютерлік 
бағдарламалардың,  əдістемелердің  оқу  процесіне  сəйкестік  дəрежесіне  байланысты.  Соңғы  кезде 
мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сөйлеу  тіліндегі  кемістіктерді  жоюда  жаңа  технологияларға  мəн 
берілуде.  Компьютерлік  технологиялар  күшті  əрі  тиімді  түзетуші  құрал  ретінде  қолданылады. 
Компьютерлік  технологиялар  дəстүрлі  индивидуалды  логопедиялық  сабақтар  құрамына  қосымша 
инновациялық  элементтер  ретінде  енгізілді.  Өз  жұмыстарында  компьютерлік  технологияларды 
қолданушы логопед компьютердің балаға  аз да болса кері əсер  ететіні жайлы да ұмытпағаны жөн.  
Коррекциялық  курста  компьютерлік  ойындар  қолданатын  индивидуалды  бағдарламаларды 
дайындауда  зерттеу  нəтижелері  қарастырылады.  Онда  ең  алдымен  компьютерде  жұмыс  жасаудың 
қауіпсіздігі,  бір  баламен  сабақтың  ұзақтығы,  оқушылардың  компьютермен  орындайтын  жұмысқа 
деген  психологиялық  дайындығы  ескерілуі  керектігі  көрсетіледі.  Мұнда  ең  маңыздысы — 
компьютерлік  ойындарды  дұрыс  таңдай  білу,  яғни  баланың  физиологиялық  жəне  жас 
ерекшеліктерінің мүмкіндіктерін ескеру қажет [5]. 
Қорыта  келгенде,  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сөйлеу  тіліндегі  кемістіктерді  түзету 
процесінде компьютерлік технологияларды қолдану түзету жұмыстарының нəтижесін арттыра түседі. 
Сөйтіп,  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  оқудағы  жетістіктеріне  жол  ашады.  Компьютерлік 
технологияларды  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сөйлеу  тіліндегі  кемістіктерін  логопедиялық 
түзетуде  қолдану  түзету-дамыту  жəне  білім  беру  міндеттерін  қатар  жүзеге  асыра  алады,  əрі 
оқушылардың психологиялық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін де ескереді.  
Түзету  процесінде  компьютерлік  технологияларды  қолдану  баланың  зақымданбаған  қабылдау 
қабілеттері  негізіндегі  компенсаторлық  механизмдерін  белсенділендіруге  септігін  тигізеді.  Сөйлеу 
тілі  кемістіктерін  түзету  жəне  оқушылардың  көру  жəне  есту  арқылы  қабылдау  мүмкіндіктеріне 
сүйенеді. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу 
тіліндегі  дыбыстық  кемшіліктерді  түзету  мəселелерін  қарастыру  жолдарын  жан-жақты  ашуға 
мүмкіншіліктер күннен күнге жоғарлауда. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Садовникова И.Н. Нарушения письменной речи и их преодоление у младших школьников. — М.: Владос, 1997. — 256 с. 
2  Коррекционная  педагогика  в  начальном  образовании:  Учеб.пособие  для  студ.  средних  пед.  учеб.  заведений / 
Г.Ф. Кумарина, М.Э. Вайнер, Ю.Н. Вьюнкова и др. / Под ред. Г.Ф. Кумариной. — М.: Академия, 2003. — 320 с.  
3  Игнатьева С.А.  Коммуникативная  культура  будущих  учителей-логопедов  как  условие  становления  их  профессио-
нальной компетентности // Воспитание и обучение детей с нарушениями в развитии. — 2006. — № 6. — С. 3–7.  
4  Основы логопедической работы с детьми / Под ред. Г.В. Чиркиной. — М.: Аркти, 2002. — 240 с. 
5  Лурия А.Р. Психологическое содержание процесса письма // Хрестоматия по логопедии. — М.: Владос, 1997. — Т. 2. 
— С. 326–333. 
 
 
Г.С.Ашимханова, А.С.Кударинова, Н.А.Садвакасова  
Роль инновационных технологий в коррекционной работе по исправлению 
звукопроизношения у детей с ограниченными возможностями  
В статье описаны инновационные технологии в коррекционной работе по исправлению звукопроиз-
ношения у детей с ограниченными возможностями. Рассмотрены также особенности применения ин-
формационно-коммуникативных технологий и совершенствование педагогического мастерства. В на-
стоящее время, отмечают авторы, наблюдается все большее увеличение медиа-инновационных техно-
логий, особенно сильно действующих на ребенка, который с большим удовольствием смотрит телеви-
зор, чем читает книгу. Авторами отмечено, что мощный поток информации, рекламы, распростране-
ние игровых приставок, электронных игрушек и компьютеров оказывают большое влияние на воспри-
ятие ребенком окружающего мира. 

Инновациялық технологияларды қолдану… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
145 
G.S.Ashimhanova, A.S.Kudarinova, N.A.Sadvakasova  
The role of innovative technologies in correctional work to remedy 
zvukoproiznoshenija children with disabilities
 
This article describes the innovative technologies in correctional work to remedy zvukoproiznoshenija chil-
dren with disabilities. Also in the features of the application of information and communication technologies 
and the improvement of pedagogical skills. Currently, there is a growing increase in the media - innovative 
technologies for human, especially strong effect on the child who is with great pleasure watching TV than 
reading a book, a powerful flow of information, advertising, distribution of video game consoles, electronic 
toys and computers has a great influence on his perception of the world. 
 
 
References 
1  Sadovnikova I.N. Violations of writing speech and their overcoming for junior schoolchildren, Мoscow: Vlados, 1997, 256 p. 
2  Correction pedagogics is in primary education, studies.manual for Student AV pedagogical educational establishments, 
G.F. Coumarinа, M.S. Vainer, Yu.N. Viyunkova et al., under edit. G.F. Coumarina, Мoscow: Academy, 2003, 320 p.  
3  Ignat’eva S.А. Education and educating of children with violations in development, 2006, 6, p. 3–7.  
4  Bases of speech therapy work with children / Under edit. G.V. Shircina, Moscow: Arkti, 2002, p. 240. 
5  Luria A.R. Reading-book on logopedi, Мoscow: Vlados, 1997, 2, p. 326–333. 
 
 
 
 
 
УДК 378.147 
Г.Д.Бабушкин
1
, Н.А.Шакина
1
, Н.Р.Рамашов

1
Сибирский государственный университет физической культуры и спорта, Омск, Россия; 
2
Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова  
(E-mail: gena41@mail.ru) 

жүктеу 5.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет