№2(7730) газет 1940 жылғы 1 қыркүйектен шығады



жүктеу 422.4 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата08.02.2017
өлшемі422.4 Kb.
1   2   3   4

Мұхтар Сайтов.

Уағыз

Жылдан – жақысылық, айдан – амандық

Қазақ  халқы  адамның  өміріне 

байланысты  бірінші  мүшелді  ананың 

құрсағындағы 

мерзімді 

есептеп 


13  деп  алған  да,  қалған  өміріндегі 

маңызды  қосып,  25,37,  49,  61,  73, 

85  т.б.  жастарды  адамның  өміріндегі 

маңызды  жылдар  деп  есептеген. 

Адам  баласы  туғаннан  бастап,  өсіп-

жетілу  кезеңінде  қатерлі  жылдар 

болатындығын  айтып  келеді.  Оны 

мүшел жас деп атайды. 

Алғашқы  мүшел  13  жас  –  бұл 

адамның  балалық  шақтан  ересектік 

шаққа  дейінгі  кезеңі.  Ол  кезде  ер 

балалардың  дауыстары  өзгеріп,  қыз 

балалардың  дене  бітімі  сүйкімді 

бола  бастайды.  Он  үш  кейбір  нәзік 

балалар үшін қауіпті, өйткені баланың 

бойындағы  өзгеріс  кезеңі  жәйімен 

өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір 

балалар  жүрек  жүйке  ауруларына 

ұшырауы  мүмкін  деседі.  Осындай 

мүшел есік қаққанда: «О, Құдірет мені 

осы  мүшелден  қатерсіз  өткізе  гөр!»  - 

деп  Аллаға  жалбарынатын.  Жиырма 

бес жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. 

Ол кезде ер жігіт садақа беріп, келесі 

мүшелге  дейін  аман-есен  болайын 

деп ниет етеді. Отыз жеті жас – адам 

өміріндегі басты мүшел. Бұл мүшелде 

адам 


жігітшіліктен 

мосқалдау 

кезеңге  өтіп,  ақыл  тоқтатып,  дүниеге 

қызығады  да,  қызғана  да  қарайтын 

кез. Қырық тоғыз жас – бұл адамның 

даналыққа  аяқ  басатын  кезеңі.  Бұл 

мүшелде  кейбіреулері  немере  сүйсе 

де,  кәрілікке  мойын  бұрмай,  «маған 

кәрілік  келмесе  екен,  әлі  де  болса 

ойнап  күліп  қалайыншы»  дейтін  кезі. 

Алпыс  бір  жас  –  адамның  даналығы 

артып,  өзінен  туған  балаға  сын 

көзбен  қарап,  басқан  ізін  аңдып, 

жаман-жақсысын  ажыратып,  өзі  де 

тәрбиеге  келетін  кезеңі.  Жетпіс  үш 

жас  –  бұлкәріліктің  мойынға  мініп, 

аяғын  тұсап,  отырса  тұруы,  тұрса 

отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның 

діңкесі  құрып,  «айхай,  жас  кезім-ай» 

деп  көкірегі  қарыс  айырыла  күрсініп, 

дөңбекшіп  барып  ұйықтайтын  кез. 

Сексен  бес  жас  –  бұл  мүшелде 

кәрілік  жеңіп,  өзінен  кейінгілермен 

бала  құсап  ұрысып,  жеген  тамағын 

жеген  жоқпын  деп,  өкпешіл  болатын 

кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең 

кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар 

жетпеген  де  бар  деседі.  Адамның 

өмірінде  әрқилы  жағдайлар  болады. 

Ол: үйлену, балалы болу, отбасының 

қуанышы  және  мүшел  тойлар.  Әр 

адам  баласы  мүшел  жастан  өткен 

сайын садақа беріп, жеті нан үлестіріп 

келеді. 


Мүшел жастары:

1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау)

2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас)

3 - мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)

4 - мүшел – 49 жас (орта жас)

5 - мүшел – 61 жас (кемел жас)

6 - мүшел – 73 жас (қарттық)

7 - мүшел – 85 жас (кәрілік)

8 - мүшел – 97 жас (қалжырау)

9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)

10 - мүшел – 121 жас (немене сүю)

....Ырым етеді,

Ырымы қырын кетеді

10  жасқа  дейін  –  қозы  жас  деп 

қозы-лақ  бақтырған.  10  мен  20  жас 

аралығын  қой  жасы  деп  қой,  ешкі 

бақытрған.  20  мен  30  жас  аралығын 

жылқы жасы деп жылқы бақтырған. 30 

жас – орда бұзар. 40 жас – қылыш жас, 

қырықта  қамал  алар.  50  –  ел  ағасы, 

ердің жасы. 60 жас – пайғамбар жасы, 

алпыстың  асқары,  алпыстың  асуы, 

асқаралы  алпыс.70  жас  –  жетпістің 

белесі. 80 жас сексеннің сеңгірі.



Дайындаған С.Карим.

17.01.2015ж.  № 2 /7730/

А ќ ќ у   ‰ н і

7

«Дәуренай» тобына 10 жыл

Ғасырлар  бойы  халық  әндерін  сақтап,  дамыт-

ып,  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізе  білген  жыршы-

лар,  әншілер,  ақындар  –  өнер  тудыра  отырып 

адамдарды  «халық  әндеріне»  ортақтастырған. 

Халық әндерін нақышына келтіріп орындай білген 

және  көрермен  қөшеметіне  ие  болып  жүрген  

Қазы  ауылындағы  «Дәурен-ай»  тобына  10  жыл 

толды.  Топ  мүшелерінің  орындауындағы  халық 

әндері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп 

жүргенін жеткізу мүмкін емес.

Шығармашылық  топ  әр  түрлі  өнер  додасында 

қатысып,  өнерлерін  паш  етіп  келеді.  Атап  айтсақ 

Ұлы  Отан  соғысының  70-жылдығына  орай 

фестивальға  қатысып,  гала-концертке  жолдама 

алды. Соғыс ардагерлеріне арналған фото-альбом 

жасауға  үлестерін  қосты.  Сондай-ақ,  облысымыз-

да  өтетін  «Қымызмұрындық»  мерекесіне  жыл 

сайынғы  қатысушылары.  Өнермен  ұштастыра 

білген  әжелердің  қолөнер  шеберлігі  мақтанарға 

тұрарлық.  Олардың  көрпелерімен  қоржындарда 

орналасқан  оюларының  бейне  мен  түстерді  

үндесіп, ой-қиял ғажап әлемге жетелегендей.

«Дәурен-ай»  тобының  саусағынан  өнер  тамған 

мүшелерінің  қол  өнерлеріне  көрермендері  тәнті 

болуда.


Ардақты  әжелеріміз  аудан,  облыс  орталығында 

өтетін  іс-шараларына  белсенді  қатысып,  әр  түрлі 

марапаттардың иелері.

Мәдениет  үйінің  меңгерушісі  ретінде  ауыл, 

аудан, облыс көлемінде 10 жыл бойы сахна төрінде 

ұлттық  өнерді  насихаттап  жүрген  өнерлі  ұжымды 

мерейтойларымен шын жүрегімнен құттықтаймын. 

Ұжымға  зор  денсаулық,  шығармашылық  табыс, 

отбасылық  бақыт  тілеймін.  Аталмыш  топқа  әр-

дайым  қолдау  көрсетіп  жүрген  мәдениет  үйінің 

қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін.

М.Акказенов. 

Қазы ауылы.

Алғыс 

Әр күнге арналған 10 

пайдалы кеңес

Оқырмандарының  назарына  күнделікті  орындап  тұрса  зиянынан  пайдасы  мол  10  кеңес 

ұсынамыз.

1.  Біріншіден,  таңертең  өте  ерте  ояныңыз.  Өйткені  ғалымдар  ерте  ұйықтап,  ерте  оянатын 

адамдардың  өмір  жасы  ұзақ  болатындығын  бұрын  да  дәлелдеп  қойған.  Сонымен  қатар,  ерте 

тұратын адамдардың еңбегі де өнімді болады.

2. Екіншіден, таңертеңгі асты тойып ішіп алу керек. Себебі таңертеңгі аспен біз бір күнге қуат 

жинап аламыз. Екі бутерброд пен бір шынаяқ кофе сізге ас болмайды. Таңертеңгі ас барынша 

құнарлы әрі тойымды болса, түскі ас пен кешкі асты жұмыс күніңізге қарай ішесіз.

3.  Таңертең  кішігірім  жаттығу  жасауды  ұмытпаңыз.  Таңғы  жаттығу  денеңізді  шынықтырып, 

ұйқыңызды ашады.

4. Таныстарыңызға да, жай көшеде кетіп бара жатқан адамдарға да күлімсіреп жүріңіз. Ешкім 

сізді  «ақымақ»  деп  қабылдамайды.  Керісінше,  сізді  күлімсіреп  жүретін  және  «өміріне  риза 

адам» деп қабылдайтын болады. Ал ер кісілерге күлімсіреп жүрген тіпті пайдалы екен. Себебі 

психологтар  күлімсіреп  жүретін  жігіттер  сымбатты  болмаса  да  әйелдерге  көңілсіз  сымбатты 

жігіттерге қарағанда көбірек ұнайтындығын дәлелдеген.

5. Ақуызы мол тамақты көбірек, тәтті мен холестерині бар тамақты азырақ жеуге тырысыңыз. 

Ақуыз  ет  пен  балықта  ғана  емес,  көкөністер  мен  жұмыртқада  да  көп.  Сонымен  қатар,  тұзды 

тағамдарды да аз қолдануға тырысыңыз. 

6. Тамақ ішердің алдында аш қарынға бір стақан су ішу қажет. Көптеген диетологтар суды көп 

ішетін  адамдардың  емделуге  жиі  келмейтіндігін  айтады.  Осыдан-ақ  суды  көп  ішудің  пайдасы 

қандай екендігін аңғару қиын емес. 

7.  Барлық  жаңалықтардан  хабардар  болып  жүруге  тырысыңыз.  Ол  сізге  қажет  болмаса  да 

жаңалықтарды  білетін  адам  әрдайым  жақсы  әңгімелесуші  және  кез-келген  ортаның  сүйікті 

қонағы болады. 

8.  Күнделікті  аздаған  уақытыңызды  өзіңіздің  хоббиіңізге  арнаңыз.  Ол  1-2  сағат  сізге 

теледидардан құр бағдарлама немесе жарнама көргеніңізден әлдеқайда жақсы әсер етеді. Егер 

хоббиіңіз болмаса, өзіңізге ұнайтын іс тауып алып, күнделікті соған аздаған уақытыңызды бөліп 

тұруға тырысыңыз.

9.Күн  сайын  өзіңізді  кемелдендіруден  талмаңыз.  Ұзақ  болмаса  да  күнделікті  кітап  оқыңыз. 

Өйткені біз кітап оқи отырып өзіміздің дүниетанымымызды жетілдіріп, есте сақтау қабілетімізді 

жақсартамыз. Сонымен қатар кітап ақпараттың қайнаркөзі.

10.  Ұйықтар  алдында  таза  ауада  серуеңдеңіз.  Балаларыңызбен  немесе  итіңізбен  бірауық 

жүріп қайтсаңыз ұйықтар алдында ағзаңызға көбірек оттегі жиналады және де бұл ұйқыңызды 

шақырады. Тиісінше, таңертең оянуыңыз да жеңіл болады.

Егер осы кеңестердің бірнешеуін күнделікті орындап тұрсаңыз, бір айдың көлемінде сіздің 

өміріңізде өзгерістер бола бастағанын байқайсыз, әрине, тек жақсы жағына қарай өзгерістер 

орын алатын болады.

Лебяжі ауданы тұтынушылардың  құқықтарын қорғау басқармасы 

аптаның  әрбір  бейсенбі  күні  тұрғындарға  тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау сұрақтары мен сауалнамалары бойынша «Ашық 

есік» күнін жариялайды..Осы іс-шарада  мамандарың қатысуымен 

құқықтық кеңес беру жұмысы қарастырылған.



Хабарландыру

Аққу  аулының  тұрғыны  адал  жар, 

аяулы ана, асыл әже Қабдрахманова 

Айжан  Ботайқызы  50  жасқа  толу 

мерейтойымен құттықтаймыз.

Зор  денсаулық,  ұзақ  та  баянды 

ғұмыр,  өзендей  өмір,  көлдей  көңіл, 

жемісті еңбек тілейміз.

Бақытты күн дейікші, бүгін анық,

Шаттана бер анашым, бал – бұл 

жанып.

Мерейтойың  өсірсін  мерейіңді, 

Ортамызда  жұлдыз  боп  жүрші 

жанып.

Құтты  болсын,  туған 

күнің думаның,

Отбасың мен тойлай берсін, туғаның.

Дәл осы күн шашу болып төгілсін,

Өмір бойы қуанышқа жиғаның .

Тілек  білдірушілер:  жұбайы  Нұрлан, 



балалары Азбек – Гүлдана. 

Құттықтаймыз!

Аққу ауылының кішкентай тұрғыны 

сүйікті  немерем,  аяулы  сіңліміз 



Жәнібек  Индира  20-шы  қаңтарда 

5  жасқа  толған  туған  күнімен  шын 

жүректен құттықтаймыз. 

Нұрлы  үмітті  ертеңге  жалғады 

әлем,

Толды 5 жасқа Индира бал немерем.

Өмір дейтін осынау ұзын жолда,

Төгілсін қадамыңа ән мен өлең.

Куәсі етіп бақытты күндерімнің,

Ұрпағым шаттанғанда бірге 

күлдім.

Қызығымның 5 жасқа толуында,

Тілейін  есендігін  неме-

ремнің.

Тілек білдірушілер: атасы 



Жәнібек, Айнұр-Қуандық, 

Дина, Мерген, Дария.

Жаңа  жыл  мерекесіне  орай    Шәмші  ауылындағы  «Бүлдіршін»  шағын  орталығының 

тәрбиеленушілері  бұл  ғажайып  мерекені  «Қош  келдің,  жаңа  жыл»  атты  ертеңгілігімен 

атап өтті. Ертеңгілікті  мектеп директоры Турганбекова Салтанат Сәулетқызы жылы лебіз 

білдірді. 

Аяз  ата  мен  Ақшақарды  асыға  күткен  бүлдіршіндер  мерекелік  ертеңгілікті  «Қош, 

келдің,  жаңа  жыл»  әнін  шырқап,  өз  тақпақтарын  айтты.  Сондай-ақ,  «Санта-Клаус»  биі 

мен кішкентай тәрбиеленушілер «Көбелек» биін орындады. Ойын-мектеп жасына дейінгі 

бөбектердің  негізгі  іс-әрекеті  болғандықтан,  «Кім  жылдам?»,  «Ұлпа  қарларды  жина» 

ойындарды  ойната  білген  Клоунның  рөлін  сомдаған  Қарлығаш  атты  ата–анаға  және 

балалар үшін осындай мәнді де сәнді шараны ұйымдастыра білген тәрбиешілер Жанерке 

Сансызбайқызы  мен  Жангүл  Тюлюбайқызына  ризашылығымыз  шексіз  болды.  Сонымен 

қатар демеушілік етіп, балаларға жаңа жыл мерекесіне орай сыйлықтар ұсынған Дәурен 

Ыбырайұлына алғысымыз мол. 

Жаңа жыл баршамызға жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін демекпін.

К.Серікбаева,

Абай атындағы орта мектептің кітапханашысы.

Қош келдің, жаңа жыл

Редакцияға хат


17.01.2015ж.  № 2 /7730/

А ќ ќ у   ‰ н і

8

Редактор

А.Қ.БИЖАНОВА.

Лебяжі ауданының әкімдігі.

Меншік иесі: “Лебяжі ауданы әкімдігінің “Аққу үні” - “Вести Акку” Лебяжі аудандық 

газетінің редакциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Газет  Қазақстан  Республикасының  Байланыс  және  ақпарат  министрлігінде  2011 

жылғы 1 желтоқсанда тіркеліп, тіркеу туралы №12152-Г куәлігі берілген.

Мекен-жайымыз:

Павлодар  обл.,  Лебяжі  ауда-

ны,  Аққу  ауылы,  Амангелді 

көшесі,69/2.

е mail: Akku_yni @ mail.ru

Газеттің нөмірі «Аққу үнінің» 

компьютер орталығында

теріліп, беттелді.

Басылым Павлодардың «ДОМ ПЕЧАТИ» ЖШС баспаханасында 

басылады, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143 үй.

Газеттің сапалы басылуына баспахана  жауап береді.

Телефоны: 61-80-31. Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен 

суреттер  рецензияланбайды  және  қайтарылмайды.  Редакция 

оқырмандардан  түскен  барлық  хаттарға  тегіс  жауап  беруді 

міндетіне  алмайды.  Жарнамалық  материалдардың  мазмұнына 

жарнама берушілер жауап береді, автордың пікірлері редакция 

ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі мүмкін.

Тапсырыс: 729                               Таралымы:1133 дана.

Қ ұ р ы л т а й ш ы л а р :

Телефонымыз: 21-0-82. 

Газет  аптасына  бір 

рет  қазақ  тілінде  әр 

сенбіде шығады. 

Баспа индексі: 67361

Лебяжі ауданының әкімі Серік 

Хасенұлы Жанғазиновтың

2015 жылы тұрғындармен есеп 

беру кездесулерінің

К Е С Т Е С І

р/с

Ауылдық округтің, 

ауылдың атауы

Өтетін күні, 

уақыты

Өтетін орны

1

Баймолдин ауылдық округі



Баймолда ауылы

02.02.2015 

10.00

Ауылдық клуб



2

Қызылағаш ауылдық округі Бесқарағай ауылы

02.02.2015

15.00


Әкімдік ғимараты

3

Ямышев ауылдық округі 



Ямышев ауылы

03.02.2015

15.00

Ямышев орта мектебі



4

Шақа ауылдық округі

Шақа ауылы

04.02.2015

10.00

Мәдениет үйі



5

Майқарағай ауылдық округі

Майқарағай ауылы 

04.02.2015

12.00

Мәдениет үйі



6

Малыбай ауылдық округі 

Малыбай ауылы

04.02.2015

15.00

Ауылдық клуб



7

Шарбақты ауылдық округі

Шарбақты ауылы

05.02.2015 

10.00

Ауылдық клуб



8

Жамбыл ауылдық округі 

Жамбыл ауылы

05.02.2015 

15.00

Мәдениет үйі



9

Қызыләскер ауылдық округі

Черное ауылы

06.02.2015

10.00

Потанин атындағы 



орта мектеп

10

Лебяжі ауылдық округі



Аққу ауылы

06.02.2015

15.00

Лебяжі орта мектебі



11

Қорытынды кездесу

Аққу ауылы

09.02.2015

11.00

Аудандық Мәдениет 



үйі

******Аудан  әкімінің  есептік  кездесулер  кестесінің  өзгеруіне  байланысты    «Аққу 

уні» газетінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №52 (182) санында бұрын жарияланған 

кесте жарамсыз болып есептелсін.

Балаға  ақылшы,  қамқор  әке, 

туысқа  жанашыр,  адал  жар 

бола  білген  Аипов  Жанат 

Қанатұлының  мәңгілікке  көз 

жұмып,  Жер-Ананың  бауырына 

кіргеніне 1 жыл толып отыр.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда,

Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.

Өзімізді санаушы едік бақытты,

Жанатбегіміз ортамызда болғанда.

Жатқан жерің жұмақта болсын,

Иманың әрдайым жолдас болсын.

Сағынып еске аламыз бүгінгі күн,

Бір жылдық дұға Құран қабыл болсын.

Еске  алушылар: 

анасы,  жұ-

байы,  апасы,  балалары,  күйеу 

баласы, туған-туысқандары.

Хабарландыру

2015 

жылдың 

24-ші 

қаңтарында сағат 12-00-де Аққу ауылындағы «Ғабдул-Уахит хазірет» атты 

орталық мешітінде марқұмның жылына орай Құран бағышталып, Құдайы ас 

беріледі.

Ардақты  анамыз,  аяулы  қызымыз 

фәниден  бақиға  озғанына  40  күн 

толды.  Анамыздың  жылы  жүрегі, 

жарқын  бейнесі  біздің  жүрегімізде 

мәңгі сақталады.



Анажан, шаңыраққа болдың пана,

Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.

Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,

Сағындық, ана, сізді баршамыз да.

Өміріңіз сіздің неге болды тым қысқа?

Анашым, топырағыңыз торқа болсын,

Жатқан жеріңіз, жан ана, нұрға толсын.

Жамылған топырағыңыз мамық болып,

Жұмақтың  төрінен  Аллам  сізге  орын 

берсін.

Еске  алушылар:  анасы,  жұбайы, 



балалары,  бауыры,  күйеу  баласы, 

келіндері, туған-туысқандары.

Хабарландыру

2015  жылдың  24-ші  қаңтарында  сағат  12-00-де  Шәмші  ауылында 

анамыздың қырқына орай Құран бағышталып, Құдайы ас беріледі.



Аипов Жанатбек 

Қанатұлын еске аламыз

Шалабаева Алтын 

Атайқызын еске аламыз

Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 9 

қаңтарда мемлекеттік тіркеу нөмірі №4254 тіркелді

Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің

ШЕШІМІ

Жамбыл ауылы                №1       2014 жылғы 29 желтоқсан

Жамбыл ауылдық округі

Жамбыл ауылының 

Қазақстанның 40 жылдығы көшесінде

шектеу іс-шараларын енгізе отырып

ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік 

басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, 

Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  10  шілдедегі  

«Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі 

ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының 

ұсынысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ 



ЕТТІ:

1.  Жануарлардың      құтыру  ауруының  анықталуына  бай-

ланысты  Жамбыл  ауылдық  округінің  Жамбыл  ауылындағы 

Қазақстанның 40 жылдығы көшесінде шектеу іс-шараларын 

енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.

2.  Осы  шешімнің  орындалуын  бақылауды  өзіме 

қалдырамын.

3.  Осы  шешім  алғаш  ресми  жарияланғаннан  кейін  он 

күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Ауылдық  округ

әкімі                                                                Н.Айтуғанов

Қарақала  ауылының  тұрғыны  Қалиев  Мұхтархан  Қаирденұлы  дүниеден  өткеніне  үш  жыл 

толады. Асыл бауырым бейнең көз алдымнан кеткен жоқ. Қамқоршы болған аяулы бауырым, сені 

сағына еске ала отырып, төмендегі өлең шумақтарын арнаймын.

Еске  алушылар:  апасы  Меруерт,  қарындасы  Дариға,  жиендері  Тұрсын,  Гульмира,  Үміт, 

Шынар, Қымбат, Рустам, Айдана, Гүлжан, Елнұр, Елдар, Ельнар, Гүлнұр, күйеу балалары 

Мұрат, Болатбек.

Алла салды басымызға сынақты,

Сағындым өзіңді бауырым.

Түсіне алмай қалдым ғой,

Қайда кетті бұл бауырым деп?

Есте қалды сенің бейнең мәңгілік.

Ұмытпаймын өзіңді,

Күнде ойласам да кеттін ғой.

Мәңгілік үйіңе,

Қайғысы мен қызығы көп бұл өмірді,

Бір-ақ күнде тауымызды құлатты.     

Жатқан жерің нұрға толсын.

Топырағын мамық болсын,

Іші жарық болсын.

Қалиев Мұхтархан Қаирденұлын 

еске аламыз

Әлімқұлов Әділет Ермұратұлын 

еске аламыз

Аққу  ауылының  тұрғыны  болған,  сүйікті  ұлымыз 



Әлімқұлов  Әділет  Ермұратұлы  өмірден  озғанына 

40  күн  толады.  Асыл    ұлымыз  тағдырдың  жазуымен 

арамыздан  ерте  кетті.  Оның  жарқын  бейнесі  жү-

регіміздің төрінде. Рухына дұға бағыштап, жатқан жері  

жайлы, топырағы торқа  болсын деп тілейміз. 

          Шаңырақтың сен едің ғой ардағы,



          Шырқау биік еді – ау арманың.

          Көре алмай дархан өмір қызығын,

          Аллам саған бақилыққа жол ашыпты ұзаққа.

          Алла ісі, амал да жоқ, шамамыз,

          Жанымызға орнағандай қара күз.

          Жатқан жерің, жайлы болсын құлыным,

          Жұмақта болсын жан – тәнің.

Еске алушылар:   әкесі, анасы, туған - туысқандары.

                     Хабарландыру

2015 жылдың  25- ші қаңтарында сағат 12.00 -  де Аққу ауылындағы Ғабдул 

-  Уахит  хазірет  атты  орталық  мешітінде  ұлымыздың  қырқына  орай  Құран 



бағышталып, Құдайы ас беріледі.   

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 422.4 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет