№2(7730) газет 1940 жылғы 1 қыркүйектен шығады



жүктеу 422.4 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата08.02.2017
өлшемі422.4 Kb.
1   2   3   4

Ерлік пен елдік сыны

Тарих  сахнасына  екпіндей  кіріп,  жарты 

әлемге  танылып  үлгерген  Қазақ  хандығы 

Қасым  хан  қайтыс  болғаннан  соң  өзінің 

ішкі-сыртқы  саясатында  біршама  тоқырау 

кезеңін  бастап  өткерді.  Қырсық  шалғанда, 

ұлы  таққа  отырған  Қасым  ханның  баласы 

Момыш хан (1522-1523) бір жыл өтпей жатып, 

қанды  соғыстардың  бірінде  қаза  тапты. 

Енді  ұлы  таққа  Қасым  ханның  ағасы  Әдік 

сұлтанның  ұлы  Тайыр  (1523-1533)  отырды. 

Тарихшылардың  айтуынша,  Тайыр  әскери-

саяси істерге шорқақ, дипломатиялық дарыны 

төмен, мінезі қытымыр адам болса керек. Ол 

ішкі  бақталастық  қырқысуларды  өршітумен 

бірге,  төңіректегі  елдердің  бәрімен  жауласып 

үлгереді.  Қазақ  хандығымен  үнемі  жауласып 

келген  Шайбани  әулетімен  ғана  емес, 

мемлекеттің  сенімді  одақтасы  болып  келген 

Ноғай  ордасындағы  маңғыт  мырзаларымен 

де,  Моғолстан  хандарымен  де  текетіреске 

түсті. Ішкі билікте халыққа рақымсыз қаталдық 

көрсету,  сыртқы  саясатта  дос  пен  қасты 

айырмай  жаппай  елмен  жауласу  Тайыр 

ханның түбіне жетті.

Қарауындағы 

халықтың 

наразылығы 

күшейіп, 

маңайында 

аз 

ғана 


әскері 

қалған  Тайыр  хан  Қасым  заманынан  бері 

қазақтармен  бір  ұлыс  болып  келе  жатқан 

қырғыздардың  арасына  барып  паналайды. 

Тарихшы  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың, 

Тарих-и-Рашиди»  атты  еңбегіндегі  деректер 

бойынша:  «Алғашқыда  Тайыр  ханның  қол 

астына  қараған  1  миллион  халықтан  кейін 

400 мыңдай адам ғана қалған, бастапқыда 10 

лек болған әскерден 2 лек әскер ғана қалған. 

Ақыры  ол  қырғыздарды  ғана  билеп  қалған». 

1533  жылдар  шамасында  Тайыр  хан  қайтыс 

болды.  Енді  Қазақ  Ордасының  ұлы  ханы 

болып Әз-Жәнібектің тағы бір немересі, Жәдік 

Сұлтанның баласы Тоғым (1533-1537 жылдар) 

ақ  кигізге  көтерілді.  Алайда,  осы  кезеңде 

Тайыр  хан  билік  құрған  он  жыл  ішіндегі 

келеңсіз істер ел ішіне терең іріткі салып, ұлы 

хандықтың іргесі шайқалып, әрбір өңірде жеке 

хандар  билік  құра  бастады.  (Мәселен,  Әдік 

сұлтан ұлы Бұйдаш хан Жетісу өңірін билесе, 

Жаныш  сұлтан  ұлы  Ахмет  хан  Сырдария 

маңында билік құрды).

Тайыр  ханның  дарынсыз  билігі  Қазақ 

хандығының  өркендеу  дәуірін  тежеп,  елдің 

дамуына  үлкен  нұқсан  келтірді.  Дегенмен, 

бір  кездегі  Керей  мен  Жәнібек  негізін  салып, 

Бұрындық  хан  мен  Қасым  хан  әрі  қарай 

нығайта шыңдалған Қазақ мемлекетінің елдік 

қасиеті өзінің көшелі арнасынан әлі де жаңыла 

қойған жоқ еді. Тоғым хан «қар жастанып, мұз 

төсене»  жүріп,  береке-бірліктен  айырылып, 

бытырай бастаған қазақ ұлыстары мен қырғыз 

елінің  басын  қосып,  қайтадан  бір  арнаға 

ұйыстырды.  Қазақ  хандығының  әскери-саяси 

әлеуетін  қайтадан  қалпына  келтіру  үшін  жан 

аямады.  Тоғым  ханның  талайым  тағдырына 

орай,  Қазақ  мемлекетін  тарих  сахнасынан 

біржола  өшіріп  жіберуге  ұмтылған  жаулары 

–  бір  жағынан  қалмақ,  бір  жағынан  моғол, 

бір  жағынан  өзбек  тоқтаусыз  соғыс  салып, 

қыспаққа алды.

Қазақ  Ордасының  күлін  көкке  ұшыруды 

көксеп,  өзара  одақ  құрған  өзбек  ханы 

Ұбайдолла  мен  моғол  ханы  Әбдірәшид  1537 

жылдың жазында бірі Мәуеренахр жақтан, бірі 

Шығыс Түркістаннан лап қойды. Жау хабарын 

естіген  Тоғым  қазақ  пен  қырғыздың  біріккен 

жасағымен  шеп  құрды.  Моғол  мен  өзбектің 

жер  қайыcқан  әскері  Ыстықкөл  маңында 

қосылды.  Тарих  бойынша,  944  жылы,  18 

сафар,  яғни  1537  жылдың  27  шілдесінде 

Тоғым ханның тас түйін әскері басқыншыларға 

қарсы  шайқасқа  шықты.  Бірақ  күш  тең  емес 

еді. Өзбек пен моғолдың біріккен әскері қазақ-

қырғыз жасағынан әлденеше есе көп еді.

Жау  әскерінің  сан  жағынан  сөзсіз  ба-

сымдығын біле тұра, Тоғым хан ерлік пен елдік 

сынға  түскен  ұлы  шайқасқа  тайсалмай  түсті. 

1537 жылдың 27 шілдесінде таң азаннан, түн 

қараңғылығына  дейін  созылған  қиян-кескі 

шайқаста қазақ-қырғыз жасағы түгелге дерлік 

қырғынға  ұшырады.  Елінің  еркіндігі  жерінің 

азаттығы жолында көзсіз ерлікке барған қазақ-

қырғыз жасағының барлық әскер басы – Тоғым 

хан бастаған 37 сұлтан ұрыс даласында мерт 

болды. Оның ішінде Тоғым ханның тоғыз ұлы 

бірдей қыршын кетті…

Халқымыздың  тарихындағы  толып  жатқан 

ақтаңдақтың бірі – елінің ертеңі үшін ондаған 

мың боздақтар жер жастанған осынау Санташ 

соғысы.  Тарихшылар  осы  бір  сұрапыл 

жылдардың ақиқатын ашып, кіндігінен тараған 

тоғыз  ұл,  бүкіл  әулетімен  қазаға  ұшыраған 

Тоғым  ханның  өшпес  ерлігінің  шежіресін 

жасауы  керек.  Ел  тәуелсіздігі  жолында  шейіт 

болған  ұландар  өрлігін  ұрпаққа  ұлағат  ету 

парыз.


Орнында  бар  оңалар.  Тарих  сахнасында 

өзінің  орнын  ойып  алған  Қазақ  хандығының 

алғашқы 

жүзжылдық 

даму 

кезеңіндегі 



қайтадан  дәуірлеу  жылдары  басталды. 

Қазақ  хандығының  қайтадан  нығаюы,  Қасым 

хан  заманындағы  дәрежесіне  көтеріліп,  сол 

замандағы  ірі  де  іргелі  мемлекетке  айналуы 

–  Хақназар  (Ақназар)  ханның  есімімен 

байланысты.

Хақназар – қасқа жолды Қасым ханның бел 

баласы. Ол билік құрған кезеңде (1538-1580) 

ел  іргесін  кеңейтіп,  мемлекеттің  беделін 

арттырып, халқының сенімін нығайтып, Қазақ 

Ордасын берік ұйыстырды. Ол ел басқаруда, 

мемлекеттің  әскери-саяси  істерін  жүргізуде 

қабілеті мол қайраткерлік танытты. Сонымен 

бірге,  аса  күрделі  сыртқы  жағдайларда 

дипломатиялық  дарыны  мол  майталман 

екенін  көрсетті.  Қасым  хан  заманында 

пайда  болған  қазақ-қырғыз  одағын  үздіксіз 

нығайтты.  Тіпті  сол  заманның  тарихи 

деректерінде  Хақназар  хан  «Қазақтар  мен 

қырғыздардың  патшасы»  (Хайдар  иби  Әли 

әл-Хұсайн Рази «Тарих-и-Хайдари») деп атап 

көрсетілген.

Хақназар  хандық  құрған  дәуірде  Қазақ 

хандығының  сыртқы  жағдайында  аса  ірі 

тарихи  оқиғалар  орын  алды.  Бұл  кезеңде 

Қазақ  мемлекетінің  батысындағы  орыс 

патшалығы  тым  күшейе  бастаған  еді. 

Орыс 


патшалығы 

шекарасын 

шығысқа 

қарай  кеңейту  мақсатындағы  соғыстарды 

сәтті  жүргізді.  1552  жылы  Қазан  хандығы, 

1556  жылы  Астрахань  хандығы  тізе  бүгіп, 

Ресейге  бағынды.  Орыс  шапқыншылығының 

салдарынан 

Ноғай 

ордасы 


ыдырай 

бастады.  Хақназар  хан  билігіндегі  Қазақ 

хандығының күшеюі және халық тұрмысының 

жақсаруы  Ноғай  ордасына  қарасты  көшпелі 

тайпалардың 

бір 


бөлігі 

– 

қаңлылар, 



қыпшақтар  және  басқалар  Қазақ  хандығына 

қосылуымен 

тұспа-тұс 

келді. 


Хақназар 

еліне  келіп  қосылған  тайпаларды  құшақ  жая 

қабылдады.  Онымен  ғана  шектелмей,  қажет 

кезінде  Ноғай  билеушілерімен  ашық  соғыс 

жүргізіп, Қазақ хандығының батыс шекарасын 

Еділ  мен  Жайықтың  сағасына  дейін  созды. 

Ыдыраған  Ноғай  ордасы  бірнеше  топқа 

бөлінді.  Мәселен,  Ысмағұл  мырзаның  тобы 

–  Мәскеу  княздығына  қосылуға  ұмтылды,  ал 

оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға күш 

салды. Осы жағдайды пайдаланып, Хақназар 

хан  Ноғай  ордасының  бірқатар  ұлыстарын 

(олардың  көпшілігі  алшын  одағына  кіретін 

қазақ тайпалары болатын) өзіне қосып алды. 

1557 жылы Ысмағұл орыс патшасы IV-Иванға 

хат жазып: «Менің туыстарым қазір Жайықтың 

арғы  жағында,  бізден  қалып  қойып,  қазақ 

патшасына  қосылып  кетті»  (В.Веньяминов-

Зернов  «Қасым  хандығын  зерттеу»)  деп 

шағымданды.

1569  жылы  Ноғай  одағы  мемлекет  ретінде 

өмір  сүруін  тоқтатты.  Бұрын  Ноғай  одағына 

қараған қазақ тайпалары өздерінің этникалық 

атамекені  қазақ  хандығына  бірікті.  Ноғай 

одағының  астанасы  болып  келген  Сарайшық 

қаласы  да  Қазақ  хандығының  құзырына 

өтті.  Орыс  патшалығы  мен  Қазақ  хандығы 

арасындағы  ұлан-ғайыр  өңірді  алып  жатқан 

Ноғай  одағының  құлауы,  Шығысқа  қарай 

кеңейіп  келе  жатқан  орыс  мемлекетінің 

шекарасын  қазақ  мемлекетінің  шекарасымен 

жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының 

билігін  тартып  алған  Көшім  хан  қазақтарға 

қарсы  соғыс  ашты.  Моғол  билеушілері  де 

қуаты артқан Қазақ хандығына шабуылдауын 

қоймады. Осындай күрделі жағдайларды жете 

түсінген  Хақназар  хан  мемлекетінің  сыртқы 

саясатын өзгертті. Қазақ хандығының бітіспес 

жауы  –  Мәуреннахрдағы  Шайбани  әулетімен 

одақтастық  байланыс  орнатуға  ұмтылды. 

Сөйтіп  Шайбани  әулетінен  шыққан  Бұхара 

ханы  Абдолла  ІІ-мен  дипломатиялық  қарым-

қатынас  орнатты.  Екі  мемлекет  арасындағы 

соғыс  қимылдары  біраз  уақыт  тоқтады. 

Осы  кезеңдегі  Хақназар  ханның  жеңісті 

жорықтарының  нәтижесінде  бүкіл  Шығыс 

Түркістанды  иеленіп  отырған,  күні  кеше 

Жетісуға  ауыз  салған  Моғолстан  мемлекеті 

күйрей  жеңілді.  Енді  ол  Қазақ  елі  үшін  қатер 

болудан  қалды.  Моғол  қонысы  Тәңіртаудың 

арғы 

бетіне 


ысырылды. 

Оқтын-оқтын 

тұтанып  жорықтар  ұйымдастыруды  әдетке 

айналдырған  қалмақтарды  ойсырата  жеңіп, 

бетін қайтарды.

Осылай  Қазақ  хандығының  саяси  ахуалын 

нығайтып,  халықаралық  жағдайын  қалпына 

келтірген  соң  Хақназар  хан  мемлекетінің 

болашағы  үшін  үлкен  қауіп  болып  отырған 

Өзбек-Бұхар хандығына қарсы жүйелі күресін 

бастады.  Бұл  кезде,  Бұхара  ханы  Абдолла 

ІІ-нің  тұсында  Ташкент  маңайын  Норозахмет 

(Барақ)  ханның  баласы  Баба  сұлтан  биледі. 

Ол Бұхараға бағынбай, үнемі Абдолла ханмен 

соғысты.  Хақназар  хан  өзбек  билеушілерінің 

өзара  қырқысында  біресе  Абдоллаға,  біресе 

Баба  сұлтанға  жақтас  болып,  олардың 

бодандығында  болған  Түркістан,  Сауран 

сияқты  бірқатар  қалаларды  қайтарып  алды. 

Абдолла  ханға  қарсы  ұйымдастырылған 

шешуші  соғыс  қимылдары  басталған  1580 

жылдың 


көктемінде 

Қазақ 


Ордасының 

одақтасы,  Ташкент  әміршісі  Баба  сұлтан 

опасыздық  жасап,  бірге  аттанған  жорық 

жолында  хан  шатырына  тұтқиылдан  шабуыл 

жасап, Хақназар ханды қапыда өлтіреді. Осы 

опасыздық  салдарынан  Қазақ  хандығының 

бірқатар  әскербасы,  оның  ішінде  Хақназар 

ханның екі ұлы, інісі Жалым сұлтан және оның 

екі ұлы өкінішті қазаға ұшырайды.

Қазақ хандығының төрт құбыласын кеңейтіп, 

мерейін  өсірген  Хақназар  ханның  кенеттен 

болған  қазасы  артындағы  халқын,  жорық 

үстіндегі  қалың  әскерін  үлкен  дағдарысқа 

тап  қылады.  Осындай  күйзелісті  кезеңде 

қайрат  танытып,  қалың  қолды  жауға  қарай 

бастаған  Шығай  сұлтан  болды.  Кешікпей 

Жәдік сұлтанның баласы, Әз-Жәнібек ханның 

немересі Шығай сұлтан ақ киізге салынып, хан 

сайланды.

Шығай хан (1580-1582) опасыздық жасаған 

Баба  сұлтаннан  кек  қайтаруды  мақсат  етті. 

Шығай  хан  мен  оның  ұлы  Тәуекел  сұлтан 

Абдолла  ханмен  бірлесе  отырып,  бірнеше 

жорық  жасады.  1582  жылы  қазақ-өзбек 

әскері  Баба  сұлтан  әскерін  ойсырата  жеңді. 

Осы  ұрыста  Шығай  хан  мерт  болды.  Сол 

жылдың маусым айында Түркістан қаласының 

түбіндегі  қанды  шайқаста  Тәуекел  сұлтан 

бастаған  қазақ  қолы  Баба  сұлтан  әскерін 

толық талқандап, Баба сұлтанды өлтірді. Қас 

жауын  жойғанға  риза  болған  Абдолла  хан 

Самарқанд  өлкесіндегі  Афойкент  уалаятын 

Тәуекелге  тарту  етті.  Сонымен  бірге, 

Сырдария  бойындағы  Сауран,  Түркістан, 

Отырар,  Сайрам  сияқты  қала-бекіністер  де 

Қазақ хандығының құрамына берілді.

Шығай  хан  соғыста  шейіт  болғаннан  кейін 

Қазақ  хандығының  тағына  оның  ұлы  Тәуекел 

сұлтан  отырды.  Тәуекел  әкесі  Шығайдың  тірі 

кезінде-ақ  қол  бастаған  дарынды  баһадүр 

еді.  Тарихшы  Хафиз  Таным  өз  еңбектерінде: 

«Бүкіл Дешті-Қыпшаққа даңқы шыққан Тәуекел 

сұлтан ерлігі жөнінен де, мәрттігі жөнінен де, 

қажыр-қайраты жөнінен де әлемде теңдесі жоқ 

дара  туған  жан»,  –  деп  сипаттайды.  Тәуекел 

хан кезеңінде (1582-1598) Қазақ хандығы мен 

Ресей  патшалығы  арасында  дипломатиялық 

қарым-қатынас 

күшейе 

түсті. 


Ресейдің 

мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір 

билеушісі Көшім ханға қарсы күресу, Тәуекел 

хан мен Иран шахы Аббас І арасында Бұхара 

хандығына  қарсы  одақ  құрғызу  еді.  1595 

жылы Тәуекел хан В.Степанов бастаған орыс 

елшілігін  қабылдады.  Сөйтіп,  Қазақ  хандығы 

мен  Орыс  мемлекеті  арасында  Сібір  ханы 

Көшімге және Бұхара ханы Абдоллаға қарсы 

одақ қалыптасты.



Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

(Жалғасы бар).

17.01.2015ж.  № 2 /7730/

А ќ ќ у   ‰ н і

6

Жәһаннамнан алыстап, жәннатқа кіру жолдары

Иманның  негізгі  шарттарының  бірі 

–  Қиямет  күніне  сену.  Кімде-кім  «Мен 

мұсылманмын» деп тұрып, Қиямет күнінің 

болатынына  сенбеймін  десе,  ол  діннен 

шығады, яғни кәпір болады.

Қазіргі  заманғы  ғылым  да  бір  күні 

тіршіліктің  тоқтайтынын  дәлелдеп  отыр. 

Қиямет  күнінің  болатын  уақытын  Алла 

тағала  белгілеп  қойған,  ол  кешікпей-

ді  әрі  өзгермейді.  Қай  күні  болатынын 

Алла  тағаладан  басқа  ешкім  білмейді, 

тек Құран Кәрімде Жаратқан Иеміз оның 

белгілерін айтқан.

«Расында,  билік  күні,  белгілі  болған 

бір  мерзім.  Сұр  үрілген  күні  топ-топ 

келесіңдер.  Көктер  сетінеп  есіктер 

пайда  болады.  Таулар  жүргізіліп,  сағым 

болады»,  –  дейді  «Нәба»  сүресінің 

17-19-аяттарында. Міне, Алла тағала осы 

аяттарда Қиямет күнінің үлкен белгілерін 

айтты. Яғни, ол күні Исраил періште сұр 

үргенде  бүкіл  жаратылыс  барлығы  топ-

топ  болып  Алла  тағаланың  құзырына 

жиналады.  Аспанның  есіктері  ашылып, 

таулар  ауа  сияқты  сағым  болып  ұшады. 

Ізгі  амал  істегендер  үшін  жәннат,  ал 

залымдар  үшін  тозақ  алдынан  шығады. 

Бұл  Алла  тағаланың  бекіткен  өзгермес 

заңдылығы.  Олай  болса,  Қиямет  күні 

жәһаннамнан  алыстап,  жәннатқа  кіру 

үшін  бұл  жалған  әлемде  ізгі  амалдарды 

істеуіміз  керек,  жәннатқа  кіру  жолдарын 

пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  өзінің 

хадис-шәріптерінде 

егжей-тегжейлі 

айтып кеткен.

Имам  Термизиден  жеткен  хадисте 

былай дейді:

«Муаз  ибн  Жабал  айтты:  «Мен 

Расулалламен  (с.ғ.с.)  бірге  сапарға 

шыққан  едім.  Кетіп  бара  жатқанымызда 

Расулаллаға (с.ғ.с.) жақындап:

–  Я,  Алланың  Елшісі,  мені  жәннатқа 

кіргізетін және тозақтан алыстататын істің 

хабарын берші, – дедім.

–  Шын  мәнінде  ұлы  нәрсені  сұрадың. 

Ол  Алла  лайықты  қылған  адам  үшін 

өте  оңай:  Аллаға  ғибадат  қылуың,  Оған 

еш  нәрсені  серік  қоспауың,  намазға 

тұруың,  зекет  беруің,  Рамазан  айында 

ораза  ұстауың,  қажылық  қылуың,  –  деді 

Расулалла (с.ғ.с).

Кейін  Ол  (с.ғ.с.):  «Саған  жақсылық 

есіктерін  көрсетіп  қояйын  ба?  Ораза  – 

сақтаушы.  Садақа,  су  отты  өшіргендей, 

қателеріңді  өшіреді.  Адамның  түнде 

оқыған  намазы  –  салихтардың  ұраны», 

–  деді  де:  «Жамбастары  жатар  жайдан 

ажырайды», – аятын оқыды.

Сосын  менен:  «Саған  істің  басы, 

омыртқасы  және  өркешінің  шоқысы 

жөнінде  хабар  берейін  бе?»,  –  деп 

сұрады.


– Әрине, Алланың Елшісі, – дедім.

– Істің басы – Ислам. Оның омыртқасы 

–  намаз.  Өркешінің  шоқысы  –  жиһад,  – 

деді пайғамбар (с.ғ.с.).

Кейін:  «Саған  осылардың  барлығына 

қатысты нәрсенің хабарын берейін бе?», 

–  деді.  Мен:  «Иә,  Алланың  Елшісі»,  – 

деп жауап қаттым. Сонда Ол (с.ғ.с.) тілін 

нұсқап: «Мынаны тый», – деді.

– Я, Алланың пайғамбары, біз сөйлеген 

сөзіміз үшін де сұраққа алынамыз ба?

–  Ей,  Муаз.  Адамдарды  тілдерінің 

жамандығы 

тозаққа 


жүзімен 

не 


тұмсығымен түсірмесе, басқа не түсіреді? 

– деп жауап берді пайғамбар (с.ғ.с)».

Осы  хадисте  әрбір  момын  білуі  және 

амал етуі тиіс үлкен істерге үндеу жатыр. 

Ардақты  сахабалар,  сондай-ақ,  Муаз 

ибн  Жабалдың  салих  пенде  болуға 

талпынғанын көреміз және біз де олардан 

үлгі алуымыз керек.

Хазіреті 

Муаз 


ибн 

Жабалдың 

пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқан өтінішіне 

назар 


аударайық: 

«Мені 


жәннатқа 

кіргізетін және тозақтан алыстататын істің 

хабарын  бер»,  –  дейді.  Демек,  мақсат  – 

қалай да болса жәннатқа кіру ғана емес, 

мақсат  –  жәннатқа  тозақтан  алыстаған 

күйде, яғни оған жақындамай кіру.

Бүгінде  көп  адамдар:  «Пәлен  істі 

орындаса,  жұмаққа  кіреді  екен,  біз  де 

орындағанбыз», – деп өмірінде бір мәрте 

айт  намазына  барғанын  немесе  бір  істі 

істегенін  айтып  жатады.  Дұрыс,  осы 

орындаған  амалы  үшін  оған  бір  уақыт 

намаз сыйлығы болуы мүмкін.

Бірақ,  олар  тәрк  қылған  әрбір  парыз 

бен уәжіп үшін, оқылмаған әрбір ракағат 

намаз, тұтылмаған әрбір күннің оразасы, 

берілмеген  әрбір  тиын  зекет  үшін 

қаншама тозақта жатуы мүмкін екендігіне 

көңіл бөлмейді.

Кез келген момын мұсылман жәннатқа 

бастайтын  әр  амалды  орындап,  тозаққа 

апаратын  әр  нәрседен  қашуы  керек. 

Енді Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жоғарыдағы 

хадисінде  айтқан  тозақтан  алыстаған 

күйде  жәннатқа  кіру  жолдарына  қарап, 

талдап көрелік:

1.  «Аллаға  ғибадат  қылуың,  Оған 

еш  нәрсені  серік  қоспауың».  Демек, 

сенімді  де,  амалды  да  жалғыз  Алла 

тағаланың өзіне жасау, иман келтір деген 

нәрселеріне  иман  келтіру,  қайтарған 

істерінен  қайту,  бір  Жаратқан  Жаппар 

Иеге ғана сену міндет.

2.  «Намазға  тұруың».  Демек,  пенденің 

тозақтан  шеттеп,  жәннатқа  кіруі  үшін 

маңызды  да  міндетті  амалдардың  бірі  – 

намазға тұру, яғни оны толық оқу. Намаз 

адамға  парыз  болғаннан  бері  өмірдің 

ақырына  дейін  оның  бір  рәкағатын  да 

қалдырмай оқу қажет. Ал намаз оқымаған 

адам бұл бақытқа лайықты бола алмайды. 

Сондай-ақ, тек айт намазын немесе жұма 

намазын  оқып  жүргендер  де  толық  бес 

уақыт  намазға  тұрғандардың  қатарына 

қосыла алмайды.

3.  «Зекетті  беруің».  Малы  нысап 

мөлшеріне  жеткен  мұсылман  адам  үшін 

зекет  беру  дәл  иман  келтіру  мен  намаз 

секілді  парыз.  Зекетті  мойындамаған 

адам  кәпір  болады.  Жәһаннамнан 

шеттеп,  жәннатқа  кіруді  қалаған  пенде 

басқа  ғибадаттар  сияқты  зекетті  беруі 

міндет.

4. «Рамазан оразасын ұстауың». Алла 



тағала  парыз  қылған  Рамазан  айының 

оразасын 

иман-ықыласпен 

тұту 


– 

жәһаннамнан алыстаған күйде жәннатқа 

жету  амалдарының  бірі.  Бұнысыз  оған 

тура жол жоқ.

5.  «Қажылық  қылуың».  Мүмкіндігі 

болған  мүміндерге  өмірінде  бір  мәрте 

қажылық жасау парыз етілген.

Жәннатқа  тозақтан  алыс-таған  күйде 

кірмекші  болған  әрбір  пенде  Исламның 

бес  рүкініне  амал  қылуы  міндет.  Ислам 

–  Алла  тағаладан  жіберілген  кәміл  дін. 

Мұсылман – осы кәміл дінге кәміл толық 

амал қылатын адам.

Муаз 


ибн 

Жабалдың 

өтінішіне 

пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  не  үшін  «Кәлима 

шәһадатын айтуың» деп жауап беріп қоя 

салмады? Тіпті «Намаз оқысаң, жұмаққа 

кіресің», 

«Ораза 


ұстасаң, 

жұмаққа 


кіресің»,  «Қажылық  қылсаң,  жұмаққа 

кіресің»  деген  де  хадистер  бар.  Және 

бір  хадисте  мысықты  өлімнен  құтқарып 

қалғаны үшін әйелдің жәннатқа кіретіндігі 

туралы  айтылған.  Бірақ,  бұл  басқа 

амалдарды,  ғибадаттарды  орындамай-

ақ қойса болады деген сөз емес. Ол сол 

амалдарға адамдарды қызықтыру болып 

табылады.

Сол сияқты, адамдар арасында пәлен 

істі орындасаң, мақсатыңа жетесің деген 

өсиеттер айтып жатады. Бұл да дүниеде 

осы  бір  іспен  ғана  бәріне  жетесің, 

басқаны  істемей-ақ  қой  деген  ой  емес. 

Тек  сол  істің  адам  үшін  маңызды  екенін 

аңғарту ғана.

Сондай-ақ,  пенде  жәннатқа  кіргізетін 

және тозақтан алыстататын бес парызбен 

шектеліп  қалмауы  тиіс.  Сол  үшін  де 

жоғарыдағы  хадисте  пайғамбарымыз 

(с.ғ.с.)  Муаз  ибн  Жабалға:  «Саған 

жақсылық  есіктерін  көрсетіп  қояйын 

ба?»,  –  деп  өсиеттерін  жалғастыра 

түседі. 


Момын 

мұсылман 

адамға 

әрдайым жақсылық есіктерін іздеп тауып, 



оған  кіру  міндет.  Ол  есіктерді  хадисте 

пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі көрсетіп тұр:

1.  «Ораза  –  сақтаушы».  Парыз  ораза 

бұған  дейін  айтылғандықтан,  бұл  жерде 

нәпіл  (қосымша)  ораза  туралы  сөз 

болып отыр. Демек, мүмін пенде өзі үшін 

жақсылық  есіктерінің  ашылуын  қаласа, 

тек  парыз  оразамен  шектеліп  қалмай, 

нәпіл оразаны да тұтуы керек.

Өйткені, ораза жаман істерден, ғайбат 

сөздерден,  жаман  мінез-құлықтан,  әр-

түрлі аурулардан, нәпсіден сақтайды.

2.  «Садақа,  су  отты  өшіргендей, 

қателеріңді  өші-реді».  Демек,  күйдіріп 

бара  жатқан  отты  су  өшірген  тәрізді, 

адамдардың  екі  дүниесін  күйдіріп  бара 

жатқан 

күнәларын 



садақа 

өшіреді 


екен.  Біліп-білмей  жасаған  қателіктерім 

жойылсын  деген  адам  мұқтаждарға, 

жетім-жесірлерге  садақа  қылып  тұруы 

керек. Міне, сонда мақсатқа жетеді.

3.  «Кісінің  түнде  оқыған  намазы  – 

салихтардың  ұраны».  Парыз  намаз 

пендені  тозақ-тан  алыстатып,  жәннатқа 

дайындаса, түнде оқыған нәпіл намаз оны 

салихтар  дәрежесіне  көтереді.  Иә,  түн 

жарымында  адамдар  ұйқыға  жатқанда, 

Аллаға ілтипат қылып, таһажжуд намазын 

оқу  пендеге  жақсылық  есіктерінің  бірін 

ашқан болады. Мұндай пенделерін Алла 

тағала өзі мақтаған.

Сол  үшін  де  Алланың  Елшісі  (с.ғ.с.) 

Муаз  ибн  Жабалға  «Жамбастары  жатар 

орындарынан  ажырады»  аятын  оқып 

берді. Яғни, мұндай жандар жамбастарын 

рахат  жайға  салмай,  таһажжуд  намазын 

оқумен болады.

Мүмін  адам  өзін  жәннатқа  кіргізу, 

тозақтан құтылу және өзі үшін жақсылық 

есіктерін  ашу-мен  шектеліп  қалмауы 

керек.  Сол  үшін  сүйікті  пайғамбары-

мыз  (с.ғ.с.)  хадисте  Муаз  ибн  Жабалға: 

«Саған  істің  басы,  омыртқасы  және 

өркешінің шоқысы жөнінде хабар берейін 

бе?», – деді.

1. «Істің басы – Ислам». Бассыз денеге 

еш  нәрсе  арзымағандай,  Исламсыз 

болған әрбір іс те ештеңеге арзымайды. 

Олай  болса,  әрбір  әрекетіміз  Исламға 

лайық, ислами болуы шарт.

2.  «Оның  омыртқасы  –  намаз». 

Тірі  мақұлықтың  бәрі,  адам  баласы 

да 


омыртқасыз 

қозғала 


алмайды, 

омыртқасыз  тұра  алмайды.  Намаз  істің 

омыртқасы  екендігін  пайғамбарымыз 

(с.ғ.с.)  айтып  тұрғаннан  кейін,  әрбір  жан 

мұны ойлауы тиіс.

3.  «Өркешінің  шоқысы  –  жиһад». 

Демек,  мұсылман  адам  ең  жоғарғы 

мәртебелі Алла жолында бар мүмкіндігін 

салу  арқылы  осы  шоқыға  шығуды 

өзінің  биік  мақсатының  бірі  қылып  қоюы 

керек.  Сонымен  қатар,  пайғамбарымыз 

Мұхаммед  (с.ғ.с.)  Муаз  ибн  Жабалға: 

«Мынан тый», – деп тілін көрсетті.

Расында,  пенденің  тілі  басына  бәле 

болуы  мүмкін.  «Басқа  бәлі  –  тілден» 

деп  бекер  айтылмаған.  Тілін  тыймаған 

адам  күпір-күнә  сөздерді  айтып  қойып, 

иманнан шығуы мүмкін. Сондай-ақ, тіліне 

ерік  берген  адамның  оқыған  намазын, 

тұтқан 


оразасын, 

берген 


зекетін, 

орындаған  қажылығын  заяға  кетіруі  де 

өте  оңай.  Сондықтан,  мұсылмандар 

тіліне аса ықтият болуы керек. Әрдайым 

имандылық,  әдепке  жататын  сөздерді 

сөлеуі қажет.

Шынайы  момын-мұсылман  болып, 

тозақтан алыстаған күйде жәннатқа кіруді 

қаласақ, осы хадиске амал етуіміз міндет.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 422.4 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет