№2(7730) газет 1940 жылғы 1 қыркүйектен шығады



жүктеу 422.4 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата08.02.2017
өлшемі422.4 Kb.
  1   2   3   4

17.01.2015ж.  № 2 /7730/

А ќ ќ у   ‰ н і

2015 ж.

№2(7730)

газет 1940 жылғы 1 қыркүйектен шығады

 

 



 

Береке. Бірлік. ынтымақ.

 

17

Еркін баға

қаңтар

сенбі

Қазақстан-Германия: 

Сындарлы саяси үнқатысу орныққан елдер

Көліктердің 

медициналық 

қобдишасы туралы 

Жарлық күшіне енді

Жас келсе, іске...

Елбасы 


Нұрсұлтан 

Назарбаев 

Германияның 

Федералдық 

канцлері 

Ангела 


Меркельмен 

кездесті,  деп  хабарлады  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер  барысында  екі  жақты  экономикалық 

қарым-қатынасты  жандандыру  мәселелері,  сондай-

ақ,  Украинаның  шығысындағы  ахуалды  Украина, 

Ресей,  Германия  және  Франция  басшыларының 

таяуда  Астанада  өтуі  ықтимал  кездесуі  аясында 

реттеу шаралары талқыланды.

Екі 


мемлекеттің 

көшбасшылары 

Минск 

уағдаластығын  қатысушы  тараптардың  мүлтіксіз 



жүзеге  асыруы  қажеттігін,  мұның  тезірек  бейбіт 

реттеуге  және  сенімді  нығайтуға  септігін  тигізетінін 

атап айтты.

Тараптар  екі  ел  арасында  белсенді  әрі  сындарлы 

саяси  үнқатысу  орнағанына  тоқталды,  сондай-ақ, 

2012  жылы  ақпанда  қол  қойылған  Қазақстан  мен 

Германияның  Шикізат,  өнеркәсіп  және  технология 

салаларындағы  серіктестік  туралы  үкімет  аралық 

келісімін  нақты  іске  асырудың  маңыздылығын  атап 

өтті.


Сонымен 

қатар, 


инновациялық-инвестициялық 

ынтымақтастық  аясын  кеңейтудің  бірқатар  қырлары 

және  Астанада  өтетін  халықаралық  ЭКСПО-2017 

көрмесіне дайындық барысы қарастырылды.

Елбасы,  сондай-ақ,  Германияның  Федералдық 

сыртқы  істер  министрі  Франк-Вальтер  Штайнмайер 

мен  де  кездесті.  Бұл  кездесу  Ф.В.  Штайнмайердің 

былтыр қарашада Қазақстанға жасаған ресми сапары 

аясында болған әңгіменің жалғасы ретінде өтті.

Келіссөздер  барысында  екіжақты  қарым-қатынас-

тың  басым  тұстары  мен  Украинаның  шығысындағы 

ахуалды  реттеу  шаралары  талқыланды.  Украина 

мен  Ресей  президенттерінің  таяуда  ГФР  Канцлері 

А.Меркель  мен  Франция  Президенті  Ф.Олландтың 

қатысуымен  өтуі  ықтимал  екі  жақты  кездесуінің 

бірқатар  алғышарттары  жөнінде  байыпты  пікір 

алмасылды.

Тараптар,  сондай-ақ,  сауда-экономикалық  ын-

тымақтастық  тағы  болашағы  бар  жобалар  мен 

екі  елдің  мәдени-гуманитарлық  саладағы  өзара 

іс-қимылы  туралы  да  сөз  қозғады.  Германия 

Федералдық  сыртқы  істер  министрі  екі  жақты 

экономикалық  қатынастар  оң  қарқында  дамып  келе 

жатқанына  тоқтала  отырып,  Қазақстанның  Орталық 

Азиядағы «тұрақтылық тұтқасы» болып саналатынын 

атап айтты.



Суретті Президенттің

баспасөз қызметі ұсынды.

Қазақстандықтар 

автокөліктерінің 

алғашқы 


медициналық  көмек  қобдишасының  жаңа  құрамын 

Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және 

әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жаңартуы 

қажет, - деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз 

қызметі.

Автомобильдегі 

алғашқы 

медициналық 

көмек 

қобдишасының жаңа құрамына кіргендер:



сутегі 

тотығының 

3% 

ерітіндісі 



(1 

флакон), 

зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана),

зарарсыздандырылмаған  дәке  бинті  5м  *10  см  (1 

дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 

дана),


зарарсыздандырылған  медициналық  дәке  сал-

феткалар (1 дана), зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 

дана),

зарарсыздандырылған  медициналық  гигроскопиялық 



мақта 50 г. (1 дана),

қан 


тоқтатқыш 

жгут 


(1 

дана), 


бактерицидті 

лейкопластырь (5 дана),

медициналық лейкопластырь (1 дана),

эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден),

зарарсыздандырылмаған  медициналық  қолғаптар  (1 

жұп),


доғал ұшты қайшылар (1 дана).

Естеріңізге  сала  кетейік,  2014  жылғы  18  қарашада 

«Автомобильдегі 

алғашқы 


медициналық 

көмек 


қобдишасының  дәрілік  заттары  мен  медициналық 

мақсаттағы  бұйымдарының  тізбесін  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің 

2014  жылғы  2  шілдедегі  №  368  бұйрығына  өзгерістер 

енгізілген.

Жас  мемлекетіміздің  жастары 

қоғамның  айнасы  іспетті.  Себебі, 

іскер  жастардың  атқарған  қызметі 

арқылы  елдің  болашағын  болжай 

аламыз.  Бүгінде  өз  күшімен  кәсіп 

ашам  деген  әр  отандасқа  жол 

ашық.  Жас  келсе,  іске...  демекші 

жерлесіміз Расул Бейбітұлы бүгінде 

жас  кәсіпкер.  Жиырма  үш  жасар 

кейіпкеріміз  компьютерлік  техника 

саласын  меңгеріп,  бүгінде  шағын 

кәсібін дөңгелетуде. Жас маман күні 

кеше  ғана  Орал  қаласында  Отан 

алдындағы  борышын  абыроймен 

атқарып  келді.  Ендігі  кезекте  ел 

игілігі  үшін  қызмет  жасамақ  ниетте. 

Бизнес  мамандығы  мен  техника-

ның  қыр  сырын  меңгерген    Расул 

бауырымыз    өз  кәсібін  ұлғайтып  

аудан  орталығында  шағын    кеңсе 

ашты.  Мұнда  көрсетілетін  қызмет 

компьютерлер  мен  телефондар-

ға  жөндеу  жұмыстарын  жүргізіп, 

компьютерді  вирустардан  тазарту, 

картридж  толтыру  және  интернет 

желісін  орнату  сынды  жұмыстар 

атқарады.  Инновацияның  қарыш-

тап  дамуындағы  дамылсыз  дүние 

техникамен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  мұндай 

орталықтар  халық  үшін  өте  қажет  орындардың 

қатарында екені сөзсіз.

Алып елді, Қазақстанды алға қарай сүйрейтін де,  арт-

қа қарай шегіндіретін де жастар десем, қателеспеймін.

Өз  елінің  жанашыры  екенін  тек  сөзбен  емес,  ісімен  

дәлелдейтін  азамттардың  ішінде  жастардың  кәсіп 

ашуға бет бұруы көңіл қуантады. Замандастарына үлгі 

болар Расулдай жастарымыз көп болса, ешбірі жұмыс 

іздеп сандалмасы анық.

С.Кәрім.

Кәсіпкерлік

Жаңалықтар


17.01.2015ж.  № 2 /7730/

А ќ ќ у   ‰ н і

2

Мәуліт мерекесінің маңызы мен мәні

Мәуліт  –  бүкіл  әлем  ынтыға  күт-

кен  Мұхаммед  пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с.) дүние есігін ашқан күні. Мәуліт 

– ел боп, көпшілікпен аталып өтілетін 

мұсылмандар үшін елеулі де ерекше 

мереке.  Қазіргі  таңда  бұл  мейрам 

көптеген 

мұсылман 

елдерінде 

бар.  Мысалы,  Египетте,  Түркияда, 

Пәкістанда, Үндістанда және көптеген 

араб  елдерінде  осы  айда  ғылыми 

жиындар  өткізіледі.  Өйткені,  бұл 

–  Алла  Тағала  барша  адамзатты 

ширктен  (Аллаға  серік  қосудан), 

қараңғылық 

пен 

надандықтан 

құтқару  үшін  екі  дүниенің  сәруәрі, 

барша 

пайғамбарлардың 

абзалы 

болған Мұхаммедті (с.ғ.с.) әлемдерге 

рахмет етіп жіберген қасиетті ай.

Хақтың  да,  халықтың  да  ыстық 

ықыласына  бөленген  сүйікті  елші 

Мұхаммед  (с.ғ.с.)  Меккеден  Мәдинаға 

көшкен кезде ел-жұрт оны қанша күн са-

рыла  жолын  тосқаны  мәлім.  Сағыныш-

тарын әнге қосып: «Бізге толықсыған ай 

туды,  бұған  қалай  шүкір  етпессің?»,  – 

деп тебіренді. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) 

көру  үлкен  думанды  мерекеге  ұласты. 

Сүйікті  елшінің  Мәдина  қаласына 

келуінің  өзі  үлкен  мереке  болса,  Оның 

әлемге  келуі  қалайша  қуаныш-мереке 

болмасын десеңізші!

Дегенмен,  қазіргі  күні  осы  раббиул-

әууәл  айында  аталып  өтетін  Мәуліт 

мерекесіне  қарсы  шығып  жүргендер 

бар,  сондықтан  пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с.)  мәулітін  атап  өтуге  байланысты 

мұсылмандар 

арасында 

бірқатар 

қарама-қайшылықтар  туындап  жүргені 

рас.  Кейбіреулер  оны  адасушылыққа 

апаратын  бидғат  санап,  мәулітті  атап 

өтетін 


жұртшылықты 

адасқандар 

қатарына  жатқызады.  Бұлай  кесіп 

үкім  жасау  әсте  дұрыс  емес.  Мұндай 

көзқарастар мен пікірлердің туындауына 

діни  шала  сауаттылық  пен  білімсіздік 

себепші боп отыр.

Мәулітті 

атап 

өтуді 


бидғат, 

адасушылық  деп  санайтындар  имам 

Әбу 

Даудтың 


жеткізген 

хадисіне 

сүйеніп,  соны  дәлел  ретінде  алға 

тартады.  Ирбад  бин  Сария  атты 

сахабадан 

пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с.):  «Жаңа  істерден  сақ  болыңдар. 

Өйткені,  әрбір  жаңа  іс  –  бидғат.  Әрбір 

бидғат  –  адасушылық»,  –  деп  айтқаны 

жеткізіледі. 

Насаидің 

риуаятында: 

«Әрбір  бидғат  тозаққа  жетелейді», 

–  делінген  хадис  те  бар.  Алайда, 

бұл  хадистердің  астарында  үлкен 

мағыналар  мен  үкімдер  жатқанын 

ескеру  керек.  Себебі  пайғамбарымыз 

(с.ғ.с.):  «Әрбір  бидғат  –  адасушылық», 

–  деп  Исламға,  яғни  Құран  мен 

сүннетке  қарсы  келетін  жаңалықтарды 

айтқан.  Сондықтан  да  бұл  жоғарыда 

айтып  кеткен  хадистердің  сыртқы 

мағынасын алып, астарлы мағынасына 

мән  бермесек,  басқа  сахих  хадистерге 

қарсы  шыққан  боламыз.  Мысалы 

Имам  Мүслім  Жарир  ибн  Абдулла  әл-

Бәжәлиден пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): 

«Кім  Исламға  жақсы  жол  салса  (жол 

түзсе),  ол  үшін  оған  және  соған  амал 

еткендердің  де  сауабы  жазылады, 

олардың 

ешқайсының 

сауаптары 

кемімейді.  Кім  Исламға  жаман  жол 

салса,  ол  үшін  оған  да,  қасына 

ергендерге  де  күнә  жазылады,  бірақ 

ешқайсысының күнәлары кемімейді», – 

деген хадисін жеткізеді. Демек, ардақты 

пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  мәулітін 

атап  өту  шариғатымызда  мақұлданған 

жақсы  амалға,  яғни  салынған  жақсы 

жолға жататынын айтуымыз керек.

Осы  мағынада  Айша  анамыз  (р.а.) 

жеткізген 

хадисте 

пайғамбарымыз 

(с.ғ.с.):  «Егер  де  біреу  біздің  дінімізге 

сай  келмейтін  жаңалық  енгізсе,  ол 

жаңалық тәрк етіледі», – дейді (Бұхари, 

Мүслім).  Бұл  жерде  дінімізге  «сай 

келмейтін»  жаңалық  дегені  шариғатқа 

қарсы  келген  болса,  оның  тәрк  етілуін, 

ал  шариғатқа  сай  келетін  жаңалықтың 

қабылданатынын меңзейді деп түсінген 

дұрыс.

Бидғаттың бәрі жаман ба?

Бидғаттың  араб  тіліндегі  мағынасы 

«жаңалық»  деген  ұғымды  білдіреді.  Ал 

шариғи  терминде  –  пайғамбарымыз 

өмірінде  істемеген  жаңа  істі  істеу 

деген 


мағынаға 

саяды. 


Бірақ, 

бидғаттың  барлығына  түбегейлі  тыйым 

салынбаған.  Олар  екіге  бөлінеді:  1) 

бидғатүн  саийә  (жаман  бидғат),  яғни 

адасуға 

жетелейтін 

жаңалықтар. 

Бидғаттың  бұл  түрі  Исламның  негізі 

–  Құран  мен  сүннетке  қарсы  келетін 

адасушылыққа 

алып 

барады; 


2) 

бидғатун  хасана  (жақсы  бидғат),  яғни 

тура жолдан тайдырмайтын, Құран мен 

сүннетке  қарсы  келмейтін  жаңалық. 

Бидғат  жайында  Ислам  ғұламалары 

дәйекті ой айтып бір тұжырымға келген. 

Мысалы, имам әл-Бәйһақи «Манақиб әш 

–  Шафиғия»  (Шафиғи  ғұламаларының 

өмір  деректері)  атты  кітабында  имам 

Шафиғидің  сөзін  сенімді  санад  (тізбек) 

арқылы  жеткізді:  «Барлық  жаңалықтар 

(бидғаттар)  екі  түрге  бөлінеді.  Бірінші: 

Құран  мен  сүннетке  және  әсарға 

(сахабалардың тұжырымы немесе олар 

жеткізген  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) 

сөздері мен іс-әрекеттері) және ижмаға 

қарсы  келетіндері.  Екінші:  Жоғарыда 

аталғандарға  (Құран,  сүннет,  әсар, 

ижмаға)  қарсы  келмейтіндері,  мұндай 

жаңалықтар айыпталмайды».

Имам Ахмад риуаятындағы хадисте: 

«Көпшілік  мұсылмандар  жақсы  деп 

санаған  іс  –  Алла  Тағала  алдында  да 

жақсы», – делінген. Демек, мұсылмандар 

бір  істі  жақсы  деп  санаса,  ол  іс 

Алланың құзырында да жақсы іс болып 

табылмақ.  Көпшілік  Ислам  ғұламалары 

Мәуліттің  атап  өтілуін  бірауыздан 

құптап,  жоғары  баға  берген.  Солардың 

қатарында  Хафиз  әс-Суюти,  ибн  әл-

Хажар  әл-Асқалани  және  оның  шәкірті 

әл-Хафиз әс-Сахауий сияқты ғалымдар 

да  бар.  Мысалы,  Жалалуддин  әс-

Суюти (р.а.): «Бір үйде немесе мешітте 

пайғабарымызға  (с.ғ.с.)  мәуліт  оқылса, 

сол  үйдің  немесе  мешіттің  адамдарын 

періштелер  қоршап  алады.  Олардың 

барлығына  Алланың  рахметі  болады. 

Себебі,  періштелер  пайғамбарымызға 

(с.ғ.с.)  мәуліт  оқылғаны  үшін  ол 

адамдарға  салауат  айтып  тұрады»,  – 

деген. Сондай-ақ, Хасан әл-Басри (р.а.): 

«Менің  Ухут  тауындай  алтыным  болса, 

оны  Расуллаланың  (с.ғ.с.)  мәулітін 

оқытуға  жаратқан  болар  едім»,  –  деп 

айтқан. Ал Жүнайд Бағдади: «Кімде-кім 

пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  мәулітіне 

қатысып, оны ұлықтаса, ол шынында да 

иманды», – дейді. Имам Науауи: «Жыл 

сайын пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған 

күніне  сәйкес  келетін  осы  күндерде 

істелетін  садақалар,  әмір  мағруф 

және  адамдардың  бойынан  көрінетін 

көркем мінезділік пен қуанышты істер – 

заманымыздың ең жақсы жаңалығы», – 

деп өз ойын тұжырымдаған.



Мәулітті атап өту тарихы

Мәуліттің  атап  өтілуі  Мысырды 

Фатимидтер  басқарып  тұрған  кезден 

бастау  алады.  Осыдан  сегіз  ғасыр 

бұрын  Мысырды  билеуші  Салахуддин 

әл-Аюбидің  күйеу  баласы  Мұзаффар 

әд-Дин  патшаның  кезінде  Мәулітті 

тойлау  өте  кеңінен  жайылып  өріс 

алған.  Соңынан  Салахуддин  Аюбидің 

қолдауымен 

алғаш 

рет 


жоғары 

Месопотамиядағы  Ирбил  қаласында 

1207  жылы  аталып  өткен.  Осы  іс-

шараны  әһли  сунна  уәл-жамағаның 

ғұламалары 

жақсы 


деп 

санап, 


қолдау  көрсеткен.  Жоғарыда  айтып 

өткеніміздей,  олардың  ішінде  Хафиз 

әс-Суюти, ибн Хажар әл-Асханали және 

оның  шәкірті  әл-Хафиз  әс-Сахауий  де 

бар.  Мысалы,  әл-Хафиз  әс-Сахауий 

«Пәтуалар» деген кітабында және имам 

ибн  Касир  «әл-Бидая  уа  ән-Ниһая» 

атты еңбегінде Мұзафардың жыл сайын 

Рабиул  аууал  айында  Мәулітті  атап 

өтуді  қалыптастырғаны  туралы  айтқан. 

Оның айтуынша, патша өте жомарт әрі 

әділ болған.

Сондай-ақ,  андалустік  (Испания) 

Абул Хаттаб бин Дихия «Әт-Тануир фи 

маулид әл-Башир ән-Назир» (қуантушы 

әрі 


ескертуші 

пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с.) нұрлы мәуліті) атты еңбегін пай-

ғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулітіне арнап, 

оны  Мұзаффар  патшаға  оқып  беріп 

сыйға  тартады.  Патша  Бин  Дихияны 

бұл  еңбегі  үшін  мың  алтын  динармен 

марапаттайды  әрі  ол  осы  кітапты 

мұсылмандар арасына таратуға жарлық 

берген.


Бұл мереке 16-17 ғасырларда Осман 

империясының  ресми  мейрамы  болып 

бекітіледі.

Мәуліт өткізудің маңызы мен мәні

Мәулітті  атап  өту  арқылы  сүйікті 

пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  ғибратқа 

толы  өмір  жолы  мен  өнегелі  істерін 

еске 

алып, 


Аллаға 

мадақ, 


пайғамбарымызға  салауат  айтудың 

тәрбиелік,  адамгершілік  маңызы 

өте  зор.  Мәуліт  өткізудегі  басты 

мақсат  –  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) 

өмірбаяны  мен  асыл  қасиеттерін 

халыққа  жеткізіп,  өмірінен  және 

мінез-құлқы  мен  жүріс-тұрысынан 

үлгі-өнеге  алу.  Ендеше,  мәулітті 

ерекше атап өту – пайғамбарымызға 

(с.ғ.с.)  деген  сүйіспеншілік  пен 

махаб-батымызды  арттыра  түссе 

керек.


Бұхари  мен  Мүслімде  келген 

хадисте 


пайғамбарымыз 

(с.ғ.с.): 

«Сіздердің  ешқайсыларыңыз  мені 

өз 


балаларынан, 

ата-анасынан 

және 

барлық 


адамдардан 

ар-


тық 

сүймейінше 

иман 

келтіре 


алмайсыздар  (имандарың  кәміл 

болмайды)»,  –  деген.  Ал  Мәулітте 

пайғамбарымыздың  өнегелі  өмірі 

мен  асыл  қасиеттерін  естіген  ад-

амның 

пайғамбарымызға 



(с.ғ.с.) 

деген сүйіспеншілігінің артатындығы 

анық.  Демек,  Мәулітті  атап  өту 

пайғамбарымызға 

(с.ғ.с.) 

деген 


сүйіспеншіліктің 

артуына 


үлкен 

септігін тигізеді.



Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат

Пайғамбарымызға 

(с.ғ.с.) 

салауат  айтып,  сәлем  жолдау  – 

имандылығымыздың  белгісі.  Мәуліт 

мерекесінің  бір  пайдасы  да  –  бұқара 

халықтың  арасында  Расулаллаға  де-

ген  сүйіспеншілікті  арттырып,  салауат 

айтуға ынталандыру болып табылады.

Құранда  Алла  Тағала:  «Шынында 

да  Алла  мен  оның  періштелері 

Пайғамбарға  салауат  жолдайды.  Әй, 

иман  келтіргендер,  сендер  де  оған 

шын  жүректен  салауат  айтып,  сәлем 

жолдаңдар!», – деп бұйыруда («Ахзаб» 

сүресі, 56-аят).

Пайғамбарымыз  да  (с.ғ.с.)  өзіне 

салауат 


айтудың 

маңыздылығын 

былайша  білдіреді:  «Қиямет  күнініде 

маған ең жақын болатын кісі – маған ең 

көп  салауат  айтқан  адам»  (Тирмизи); 

«Кім маған бір салауат оқыса, Алла оған 

он рақым мен сый береді» (Нәсәи, сәһу, 

55);  «Жер  бетін  аралайтын  Алланың 

періштелері  үмбетімнің  салауаты  мен 

сәлемін  маған  сол  сәтте  жеткізеді» 

(Нәсәи, сәһу, 46).

Бүкіл  әлемге  рақым  етіп  жіберілген 

сүйікті елші ең үлкен дұғасын ақыретке 

сақтаған. Ізіне ерген үмбетіне ақыретте 

шапағат  етеді.  Біз  жолдаған  салауат 

пен  сәлем,  өзіміз  күнәлі  болған  күннің 

өзінде  Оның  шапағат  етуіне  себепкер. 

Пайғамбарымыз 

өзі 

де: 


«Менің 

шапағатым  –  үмбетімнің  арасынан  ең 

үлкен  күнә  жасағандарға»,  –  деген  жоқ 

па  еді?!  Ол  үшін  Пайғамбарымызға 

деген  жүрегімізде  махаббат  болуы 

шарт.  Ақыретте  Оның  желбіреген  ақ 

байрағының  астына  жиналып,  кәусар 

бұлағынан қана ішуді нәсіп етсін! Әумин!



Амантай   СӘДИЕВ,

А. Қаттани мешітінің 

наиб имамы.

Имандылық

Лебяжі ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

Аққу ауылы                                №388/12                2014 жылғы   31  желтоқсан

Лебяжі  ауданы  әкімдігінің  2013  жылғы  27  желтоқсандағы  «Қоғамдық 

жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық 

жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы»

 № 384/73 қаулысының күші жойылды деп тану туралы  

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  «Қазақстан 

Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 

Заңының  37-бабының      8-тармағына,  Қазақстан  Республикасының  1998  жылғы 

24  наурыздағы  «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  Заңының  43-1  бабына, 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  25  тамыздағы  «Нормативтік 

құқықтық  актілердің  құқықтық  мониторингін  жүргізу  қағидасын  бекіту  туралы»  № 

964 Қаулысына  сәйкес, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес 

келтіру мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Лебяжі  ауданы  әкімдігінің  2013  жылғы  27  желтоқсандағы  «Қоғамдық 

жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық 

жұмыстардың  түрлерін  белгілеу  туралы»  №  384/73  қаулысының  күші  жойылды 

деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2014 

жылғы 22 қаңтарда № 3672 тіркелген,  2014 жылғы 1 ақпанда «Аққу  үні - Вести 

Акку» газетінің № 4 санында жарияланған).  

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 



Аудан әкімі                                                                  С. Жанғазинов

17.01.2015 ж.  № 2  /7730/

А ќ ќ у   ‰ н і

3

ШАРАПАТЫ МОЛ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ



Имандылық

Мәуліттін қазақша мағынасы «туылған уақыты» 

дегенді  білдіреді.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед 

Мустафа (с.ғ.с.) осы қасиетті Рабиул-әууәл айының 

12-сінде дүниеге келді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  

туған күні бүкіл мұсылмандардың мейрамы болып 

есептеледі. Яғни Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған 

уақытына  байланысты  тойланатын  мейрамды  – 

мәуліт мерекесі деп атайды. Қазіргі таңда Мәуліт 

мерекесі  көптеген  мұсылман  елдерінде  атап 

өтіледі. Бұл – дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты 

имандылыққа,  жақсы  мінез-құлыққа  шақырудың 

орайлы бір сәті. Мәуліт жасаудын басты мақсаты 

Алла Тағаланың кәламы – қасиетті Құран оқылып, 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен 

жырлар,  салауаттар  айтылып,  сәлем  жолданады. 

Пайғамбарымыздың  өнегелі  өмір  баянын  қыр-

сырымен  насихатталып,  үмбетінің  Алла  елшісіне 

(с.а.у.)  деген  сүйіспеншілік  сезімдері  одан  әрі 

күшейтіле  түседі.  Аллаһ  ризалығы  үшін  мәуліт 

жиындары ұйымдастыру, мәуліт оқу, салауат айту, 

халыққа  дәмді  тағамдар  ұсыну,  жақсылықтар 

жасау мүстахаб болады. Бұл күні Құран кәрім оқу, 

қаза  намаздарды  оқу,  садақа  беру,  дұға  оқу  және 

Хақ  Тағаладан  күнәларіміздің  кешірілуін  тілеу 

керек.


  «Мәуліт  оқу»  дегеніміз  -  Пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с.)  дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы 

айту, оны еске алу, оны мадақтау дегенді білдіреді. 

Алла  Тағаланың  өзі  қасиетті  Құран  Кәрімде 

Пайғамбарымызды(с.ғ.с.) мақтаған:

«Біз  сені  әлемдерге  рахмет  –  мейірімділік  етіп 

жібердік.» (Әнбия 107)

«Біз  сені  бүкіл  адамдарға  сүйінші  беруші  және 

ескертуші ретінде жібердік» (Сәбә 28)

«Сен үшін бітпейтін, шексіз сауап бар. Әлбетте 

сен ең үстем мінез-құлыққа иесің.» (Қалам 3-4)

«Раббың саған (көп ниғмет) береді, сен де разы 

боласың!» (Духа 5)

«Аллаһпен  періштелері  Нәбиге  (пайғамбарға) 

салауат  айтуда,  ей  иман  келтіргендер  сендер  де 

салауат айтыңдар!» (Ахзаб 56)-делінген.

Және  де  Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)  өз  үмбетіне 

осылай  өсиет  қалдырған:  «Кімде-кім  таңғы 

және  кешкі  уақыттарда  маған  арнап  он  рет 

салауат айтып, сәлем жолдаса, қиямет күні менің 

шапағатыма бөленеді», – деген.  

Яғни «Салауат» сөзі – истиғфар, кешірім сұрау, 

дұға, береке, намаз секілді мағыналарды қамтиды. 

Ал  ислам  ғалымдары  мәуліт  түніне  қатты  мән 

берген.  Хазретті  Мәулана  деген  ғалым  «Мәуліт 

оқылған  жерден  бәлелер  кетеді»  десе,  хазіретті 

Жүнайд:  «Кiмде-кiм  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) 

мәулiтiне қатысып, оны ұлықтаса, ол шынында да 

иманды,– деген.

Ал  Мәуліт  айынын  ерекшелігі  жайлы  ислам 

ғалымдары  қадір  түнінен  кейінгі  ең  қадірлі  түн 

мәуліт  түні  деген.  Тіпті  мәуліт  түнінің  қадір 

түнінен де құнды екенін айтқан ғалымдар да бар.

Расында,  Мәуліт  айы  –  ислам  дінінде 

өзіндік  орны  бар  ерекше  мерекелердің  бірі. 

Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)  өз  ата  –  анамызды 

танығандай  тануымыз  –  баршамызға  міндет. 

Өйткенi Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Кімде 

–  кім  менi  өз  ата  –  анасынан,  балаларынан  және 

барлық  адамдардан  артық  көрмейiнше,  иманның 

кемелдігіне  жете  алмайсыңдар»  делінген.  Қазіргі 

танда  Пайғамбарымызды  (с.а.у.)  танымайтын 

адамдарда  аз  емес.  Сондықтан  да  Қазақстан 

мұсылмандары  діни  басқармасы  елімізде  Мәуліт 

айының дәстүрлі түрде және барынша кең ауқымда 

мерекеленуіне үлкен үлес қосып отыр.

Осындай  қасиетті  Мәуліт  мерекесі  14-ші 

қаңтар  күні  ауданымыздың  Мәдениет  үйінде 

аталып  өтті.  Сағат  11  ден  басталған  мереке 

алдымен  ауданымыздың  бас  имамы  Ибраев 

Мақсат Сансызбайұлының оқыған қасиетті Құран 

Кәріммен  ашылды.  Аудан  әкімнің  орынбасары 

Бейімбет  Танатұлы,  Оспанова  Дәметкен  қажы 

апамыз  жиылған  халықты  қасиетті  Мәуліт 

мерекесімен  құттықтады.  Кештің  Жүргізуші 

Қуаныш  Шарманов  жиналған  жамағаттарға 

Пайғамбарымыз  Мұхаммед  Мустафаның    (с.а.у.) 

қайырымдылығы  мен  жасаған  әсерлі  ғибадат 

амалдары  жайлы  уағыз-насихат  айтты.  Мерекеде 

Оразбек  Саяхат  пен  Абзал  Қайратұлы  есімді  жас 

ақындарымыздың  айтысы,  аудандық  әншілердің 

ана, әке, туған жер жайлы өлендерімен термелері 

шырқалды. Соныңда Жамбыл ауылының молдасы 

Мадине  ақсақал  бата  беріп,  аудан  имамы 

мешітімізге  атсалысып  қайырымдылық  көмек 

жасап жүрген аға - апайларымызға алғыс хаттарын 

табыстады.

Осы  қасиетті  шарапаты  мол  Мәуліт  мерекесі 

баршамызға  құтты  болсын!  Мәуліт  мерекесінде 

айтылған  салауатымыз  бен  жасап  жатқан 

құлшылық  ғибадаттарымыз,  дұға-тілектеріміз 

қабыл  болғай!  Хақ  тағала  баршамызды  өзіне 

сүйікті  құл,  хазреті  Мұхаммедке  (с.ғ.с.)  шынайы 

үмбет болуды нәсіп еткей Әмин!



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 422.4 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет