27 наурыз 2017 ж Қармту газеті



жүктеу 365.98 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата24.04.2017
өлшемі365.98 Kb.
1   2   3   4

тын. Сондай-ақ дәрісте студенттерге 

жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық 

халықтардың арманы өзара түсіністік 

пен сыйластық екенін түсіндіріліп,  ұл-

қыздарымызды жеке өзімен және өзін 

қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір 

сүруге талаптандырылды. 

Студенттер алдын-ала берілген тап-

сырма бойынша «Менің сүйікті  анам!» 

тақырыбында эссе жазып, сабақ ба-

рысында үлкен белсенділік танытты. 

Ашық тәрбие сағатында білімімен 

көзге түскен К16-1 тобының студент-

тері алғыс хаттармен марапатталды.

Алтын жүректі

анамыз!

«Қыз елдің көркі» деген сайысқа қатысушы арулардың сұлулығын сөзбен 



айтып жеткізу мүмкін емес. Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі емес 

пе? Сайысқа қатысқан барлық арулар «Көктем аруы» атағына лайықты еді.

ҚарМТУ инновациялық технологиялық колледжінің К9-16 КОПЖТ тобының 

студенті Арайлым Қаниева осы сайысқа қатысып, ақылына көркі сай сұлу 

бойжеткендердің арасынан оза шығып, жүлделі 3-ші орынға ие болды. Осы 

сайыс арқылы тағы да біз қазақ қыздарын ең сұлу, ең ақылды мәртебесі биік 

екенін айтып мақтана аламыз.

ҚарМТУ инновациялық технологиялық колледжі

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


|

19

27 наурыз 2017 | №12(1559) |



За политехнические знания

9

Победа нашего студента на 



Республиканском конкурсе

научных работ

С 18 февраля по 6 марта в Аста-

не проходил  VІІІ Республиканский 

конкурс на лучшую научную работу 

«Ғылым шарайнасы». Формат про-

ведения турнира был заочный, не 

требующий личностного присутствия 

участников. Все материалы на кон-

курс были представлены в электрон-

ном виде в столичный научно-методи-

ческий центр «ZIAT».

Целью данного конкурса является выявле-

ние и привлечение молодежи, ориентирован-

ной на исследовательскую деятельность, к 

решению актуальных проблем науки и практи-

ки; развитие у учащейся молодежи интереса 

к научному наследию; содействия процессам 

формирования лидеров образования, способ-

ных к проектированию инновации и их реали-

зации. 

Студент 1 курса Колледжа инновационных 



технологий Валерий Бочкарев представил 

на суд конкурсной комиссии  проект на тему: 

«Анализ и совершенствование патриотиче-

ского воспитания молодежи в современных 

условиях». Научным руководителем данного 

проекта является директор научно-исследо-

вательского института патриотического воспи-

тания Динара Джакупова , которая в период 

подготовки оказывала теоретическую и пра-

ктическую помощь студенту в написании кон-

курсной работы.

Смежные темы, в основе которых заложена 

единая мысль, вдохновили на участие в кон-

курсе студентов со всех областей страны, но, 

несмотря на огромное количество представ-

ленных работ и жесточайшую конкуренцию 

конкурсная работа политеховцев получила за-

служенную награду. В итоге именно их проект 

занял 3 –е место конкурса.

Молодежная благотворительная 

организация «Ақниет» продолжает 

свою деятельность, направленную 

на психологическую и эмоциональ-

ную поддержку детей, нуждающихся 

в помощи.

Так, 3 марта активисты движения прове-

ли благотворительную акцию «Коробка хра-

брости» в поддержку детей, находящихся на 

лечении в областном центре травматологии 

и ортопедии им. Х.Ж. Макажанова. Вся мо-

лодежная общественность КарГТУ приложила 

все усилия, чтобы это мероприятия запомни-

лось детям надолго. Были собраны забавные 

плюшевые игрушки, которые по окончанию 

акции были подарены детям.

Была разыграна сценка, в ходе которой  

волонтеры «Ақниет» в виде сказочных персо-

нажей показали мини-спектакль и провели 

небольшую викторину для малышей. Всем 

тридцати маленьким пациентам были подаре-

ны игрушки и сладости.

Через восемь дней, 11 марта волонтёры 

МБО «Ақниет» совместно с активистами про-

фбюро студентов ФИЭМ организовали выезд 

в детский дом «Таңшолпан». Переодевшись в 

пиратов, активисты движения показали ма-

леньким зрителям увлекательный спектакль с 

интересным веселым сюжетом. Кроме сценки 

волонтеры подарили воспитанникам детского 

дома сладости и игрушки.

Эти выезды стали доброй традицией. Во-

лонтеры «Ақниета» активно участвуют в со-

циально жизни нашего города и  постоянно 

оказывают поддержку всем, кто в этом по-на-

стоящему нуждается.

Для тех, кому нужна помощь

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫМЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ

2017 жылдың 18-ақпанында «Көркем» қыздар клубының қатысушылары 

және «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер 

«Жетім көрсең жебеп жүр» атты қайырымдылық концертпен «Таңшолпан» 

жетімдер үйіне барып қайтты.

«Таңшолпан» жетімдер үйі

Тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-

ананың қарауынсыз қалған балаларға 

бір сәт болсын қуаныш, мейірілімділік 

сыйлау арқылы жастардың бойында 

қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең 

ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеу осы 

сапардың басты мақсаты болатын. 

«Таңшолпан» жетімдер үйінің 

қызметкерлері студенттерді қуана қарсы 

алып, балалардың тұрмыс-тіршілігімен 

таныстырып, шағын экскурсия жүргізді. 

Аталған экскурсиядан кейін сту-

денттер күмбірлеген қазақтың қара 

домбырасының жетегінде  балаларға 

арнайы дайындап барған ән мен 

күйден базарлықтарын тарту етті. Жет-

кіншектермен бірге түрлі ойындар ой-

нап, студенттердің өз күшімен жинаған 

қаражаттарына алынған сыйлықтар та-

бысталды. Осы сапарды ұйымдастыруға 

ұйтқы болған ҚарМТУ-дың «Көркем» 

қыздар клубының мүшелері: «Сапары-

мыз сәтті болды деп ойлаймыз. Әсем ән 

мен әуезді күй, шағын сыйлықтар ұсынып 

қана емес, ең бастысы, балалармен біре-

гей қарым-қатынас жасап, аз да болсын, 

олардың көңілін семіртіп, жандарына 

жылулық, көңілдеріне қуаныш сезімін 

сыйлап қайттық деген сенімдеміз» - дейді.

Айнұр Серикова, 

«Серпін-2050» оқу орталығының 

әдіскері


 

|

| №12(1559) | 27 наурыз 2017



За политехнические знания

10

ҰЛТ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ 



Ұлттық тәрбие тағылымы

Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі – 

халқымыздың ғасырлар бойы бойымызға 

салт-дәстүрмен берілген ұлттық тәрбие 

тағылымы. Қазақ халқының даналығы, 

тәрбие тағылымы – тамыры тереңде 

жатқан асыл қазына. Жастардың тілін 

шұбарландырмай тектілікпен, жан-жақты 

тәрбиелеу әр оқытушының бүгінгі күнгі 

басты мақсаты, міндеті.

Оқытушылар тарапынан жастарға сапа-

лы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай 

кезде де маңыздылығын жоғалтқан емес. 

Ерте заманнан ата-бабаларымыз өскелең 

ұрпақты елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық 

құндылықтарымыз – салт-дәстүрмен сусын-

датуды басты мұрат тұтқан-ды.

Ұлы философ, ғалым Әбу Насыр Әл-

Фараби тәрбие жөнінде артында көптеген 

даналық сөз қалдырған ғұламаларымыздың 

бірі: «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың 

бойына білімге негізделген этикалық игілік-

тер мен өнерлерді дарыту деген сөз» десе, 

келесі бір тәрбие туралы даналық сөзінде: 

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру 

керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың 

қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат 

әкеледі», - деп айтқан еді. Жастарымызды 

парасатты, ақылды азамат етіп қалыптастыру 

үшін, ең алдымен, ұлттық тәрбиенің рөлі ере-

кше деп білеміз. Қазақ елінің өсіп- өркендеуі, 

бәсекеге қабілетті дамыған елдер қатарынан 

мықтап орын алуы кейінгі ұрпақтың қолында.  

Сондықтан біздер бүгінгі күндері қазақ 

қоғамында жас ұрпаққа тәрбиелік сипаты 

айқын болатын білім беруге басымдылық  

беруіміз тиіс.

Қазақтың ақиық ақыны, «Педагогика» 

оқулығының авторы Мағжан Жұмабаев: 

«Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт 

тәрбиесі. ...Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сына-

лып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай 

жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші (ұстаз де-

гені) сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға 

тиіс. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының 

арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын 

болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың 

тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» - де-

ген еді. Қай халықты алмаңыз, өзінің кейінгі 

ұрпағының заманына лайық  азамат  болуы-

на, жан-жақты тәрбие алуына қамқорлық 

жасаған. 

Бала тәрбиесі жөнінде ұлы  Абай: «Адамның 

жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, 

ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алу-

ан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, 

ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың 

қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», 

- деп, осы үшеуінен баланың болашағы 

шешілетінін ескерткен. 

Ата-бабамыз мұраға қалдырып кеткен 

рухани дүниетанымымызды  басшылыққа 

ала отырып, университет қабырғасында да 

жастарға тәрбие беру барысында  ұлттық 

құндылықтарды енгізуге  күш салып келеміз.

Біздің  техникалық университеттің қазақ 

тілі және мәдениеті кафедрасы жанынан 

құрылған «Ұлттық тәрбие тағылымы» атты 

мәдени-этнографиялық студенттердің 

ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс істей ба-

стады. Үйірменің күнтізбелік жоспарына 

сәйкес «Ұлттық тәрбие тағылымы» (2014) 

атты әдістемелік нұсқаулармен бірге 

2015 жылы «Ұлттық тәрбие тағылымы» оқу 

құралы да жарыққа шықты. «Ұлттық тәрбие 

тағылымы» үйірмесінің   мақсаты: «Ұлт 

дәстүрі мен мәдениеті» тақырыптарына 

байланысты тәрбиелік, танымдық сабақтар 

арқылы ұлттық құндылықтарымызды оқытып, 

ақылды, парасатты, патриот, ұлттық мінезді, 

ұлттық ойы саналы тұлғаны қалыптастыру. 

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде 

теңдесі жоқ тәрбие. «Ұлттық» деген сөздің 

астарында елге, жерге, тілге, ділге деген 

құрмет жатқандығы баршаға аян. 

Жаһандану кезеңінде халқымыздың ұлттық 

құндылықтары саналатын мәдениеті, өнері, 

этнографиясы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып 

асыл қасиеттерін білім беру үрдісіне енгізу 

арқылы жастардың қадір-қасиетін, ұлттық 

дүниетанымын кеңейтеміз.

Елбасының «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың 

генетикалық коды. Біз өзіміздің ұлттық 

мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр 

алуандығымен және ұлылығымен қосып 

қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді 

бөлшектеп болса да, жинастыруымыз ке-

рек» – деген құнды ойы салт-дәстүрімізді, 

мәдениетіміз бен өнерді сақтауға, туған жер 

мен ел алдындағы перзенттік парызымызды 

айқындауға бағыттайды. 

Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін 

қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі 

тым тереңнен басталады. Ұлттық тәрбие 

қайнарынан қанып сусындаған ұрпақ  дені 

сау, ақылды, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, 

кішіпейіл болып өседі. Халықтың өмір 

тәжірибесінен, рухынан, өнерінен, ділі 

мен тілінен, ұлттық мінезінен туатын ішкі 

заңдылықтарды дұрыс түсіндіре білу – 

жастарымыздың  тәрбиесіне оң әсерін 

тигізбек. Ұлттық үлгідегі аса көңіл бөліп 

отырған мәселеміз – мемлекетшілдік ны-

шандарды дамыту, оны ұрпақ тәрбиесімен 

ұштастыру және осы арқылы жастардың 

отаншылдық рухын ояту. Олай болса, 

елдің, ұлттың мәңгілік болуы оның уақытқа 

бағынбайтындығында, халқын, елін, жерін 

шексіз сүйетін азаматтарды қалыптастырып, 

тәрбиелеуде жатқаны айқын (Пірәлиев 

С. «Егемен Қазақстан» 19.11.13).  Ұлттық 

тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ 

маман жастарды тәрбиелеуге негізделген 

білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде 

қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі 

қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне 

үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен 

жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара 

ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды 

тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз 

жөн. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы 

қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патри-

отизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса 

керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының 

технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға 

ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық 

тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта ала-

мыз.


Ғабиден Әбілқасов,

Қазақ тілі және мәдениеті 

кафедрасының аға оқытушысы, 

педагогика ғылымдарының магистрі, 

«Ұлттық тәрбие тағылымы» 

үйірмесінің ғылыми жетекшісі



|

21

27 наурыз 2017 | №12(1559) |



За политехнические знания

Ұлттық тәлім-тәрбиенің басты 

мақсаты – адамгершілік, бауырмалдық, 

қайырымдылық, туысқандық, әдептілік, 

әдемілік, қонақжайлылық болып табыла-

ды. Әрбір халық, ең алдымен, өз халқының 

ұлттық құндылықтарын, мұрасын, өнерін, 

мәдениетін тани білу керек. Атал-

мыш мақаламызда қазақ халқының 

қонақжайлылығы туралы сөз етеміз. 

Қазақ халқы өте қонақжай, көпшіл, бауыр-

мал келеді. Халқымыз: «Қонақ келсе, құт 

келер» деп мақалдаған. Келген қонаққа 

төрден орын ұсынып, бар жылы-жұмсағын 

қонағының алдына қойған. Кез келген жо-

лаушы қазақ үйіне құдайы қонақпын деп 

келе береді. Келген қонаққа арнайы мал 

сойылып, дастархан жасап, құрметпен 

күтеді. Оған дәлел төмендегі ақын

Е. Зікібаевтың «Ата салт» өлеңінің жолда-

ры куә: 

Қажытып әбден жол жырақ –

Бейтаныс үйге тоқтайсың келіп қалжырап.

Түн қатып жүрген мынау өңірде бір жан жоқ,

Төңірек түгел ұйқыға кеткен маужырап.

Туралай келіп тірейсің-дағы ат басын,

Мазасын алып қағасың тағы қақпасын.

Басты қатырып ойланып тегі жатпайсың

Қылығың жұртқа жағарын яки жақпасын.

Тұрасың сосын:

«Құдайы қонақ едік!» - деп,

батырдай қайтқан осы үйдің жауын жеңіп кеп.

Жұбайың-дағы қосады бір сөз төтеннен

ырқыңа сенің еліктеп.

Келгенше қонақ,

келген соң енді ол қысылып,

бәйек боп жатыр қазанды оттан түсіріп,

дастарқан жайып, бір дәмін саған ұсынып...

Атаның жолы –

далаға, сірә, қонбайсың.

Осы бір үйдің тұрсаң да, жайын түсініп.

Аттанар сәтте тағы да сені қимайды,

ойлайды тұрып қошамет жайлы, сый жайлы.

«Бір көрген – біліс» –

бабадан қалған мирас бұл,

 – Құдайы қонақ, бұйымтай айт! – деп қинайды,

айылын тіптен жимайды!

Бабалар баста қалдырған жол ғып артына,

дарқандық солай дарыпты мына халқыма.

Тілеймін мен де ұрпағым берік болса деп

атаның осы салтына.    

                        

Қазақ — халқының қонақжайлылық 

дәстүрі, түптеп келгенде  этносты біртұтас 

әлеуметтік организм ретінде іштей 

үйлестіре реттеп отыратын ең пәрменді 

тетіктердің бірі болған. 

Қазақта әрбір дәм-тағамды өзінің 

қасиетіне байланысты қадірлеу немесе кие 

тұту, әрбір адамның туыстық қатынасына 

орай немесе қоғамдағы орнына байла-

нысты сыбағалы тағам дайындау, әрбір 

дәм тағамды тұтынуға қатысты жасала-

тын ырым-жоралар мен салт-дәстүрлер 

мәдениеттің ең бір жарқын айғағы болып 

табылады. Қазақтың қонаққа шақыру, 

қонақ күту дәстүрі бүгінгі күнге дейін 

 

берік сақталған. Кез келген қазақ ауы-



лында, қалада тұратын қазақтар сыбағаға 

шақыру, ерулік беру салт-дәстүрін ұмытпай 

жаңғыртып келеді. 

» Туыс-туғанға, жекжат-жұрағатқа, 

құрметті қонаққа арнайы  берілетін кәделі  

етті, яғни, мал мүшелерін  «сыбаға» дейді. 

Сыбағаны көбінесе соғымға сойылған 

малдың  кәделі  мүшелерін арнайы сақтап 

жүріп, елейтін адамдар  үйге келгенде  

асады    немесе сол елеулі  адамдар  жыл 

уақытында   келмесе,  арнайы сәлемдеме 

етіп   беріп жібереді. Мұндайда, әсіресе, 

қарт кісілер  риза болып, батасын беріп, 

елеп-ескерген үйдегі келіншектің атына   

мадақ сөз айтады.

Мұның өзі төңірегіндегі естіп-

көрген жастарға  кісіліктің  жолындай, 

бауырмалдықтың   дәнекеріндей  өнеге бола-

ды. Сондай-ақ, елеулі  адамдар үйге келген-

де  де  қазанға кәделі   мүшелерден ет асы-

лып  немесе арнайы қой сойылып, сыбағалы 

табақ тартылады.  Үйге тосын келген немесе 

арнайы шақырылған қонақтың  қоғамдық-

әлеуметтік  орнына қарай  сойылған малдың  

бас,   шеке, жамбас, жал, жая, қазы, қарта, 

телшік,  үлпершек,  тоқпақ жілік, асықты 

жілік,  кәрі жілік,  төс, құйрық, бауыр сияқты 

мүшелерді таңдап асып, сыбағалы табақ тар-

тады. Кәделі мүшелер тиісті   адамға арнап 

пісірілгенде  кімнің қандай мүшені ұнататыны  

немесе қандай  тамақты   ұнататынын  еске-

руден гөрі қалыптасқан  дәстүрді қатаң 

сақтауға  көбірек мән беріледі.

» Мәселен, ең сыйлы деген адамға 

 

қойдың басы немесе   қара малдың шекесі  



тартылады. Сонда бас пен шекеге қарағанда  

әлдеқайда дәмді де майлы  мүшелердің бар 

екенін   білмейді емес. Біледі. Немесе, кәрі 

жілікті «қартайғанша отырып қаласың» деп   

қызға бермейді, миды «мидай былжырап 

кетесің» деп  балаға бермейтін,  толарсақты 

«толғағың қатты болады» деп   жас келіншек-

ке  бермейтін ырым-дәстүрлер бар. Демек, 

әрбір  адамның  әлеуметтік-туыстық орнына  

немесе жынысы-жасына  қарай  тиісті кәделі 

мүшелерді ұсынуға   жөн-жоралғылық, эти-

кеттік сыйпат басым.

Қазақта туыс-туғанға, жекжат-жұрағатқа, 

құрметті  қонаққа берілетін  сыбағалы 

тамақты  

сый табақ,  құда табақ,  құдағи 

табақ,  құрдас табақ, жеңге табақ,  күйеу 

табақ,  келін табақ,  қалжа табақ, қыз табақ,  

бала табақ,  беташар табақ , т.б. деп  айырып 

атайтын  және    сол әрбір табаққа  арнайы  

мүшелер салатын дәстүр бар. 

» Мәселен,  әрбір табақта  адамдардың 

құрамына байланысты   сыйлы адамға 

арналған бас,  құда-құдағиларға арналған 

құйрық-бауыр,  күйеу балаға арналған төс,  

дос-құрдасқа арналған жауырын,  қыз-

келіншекке арналған үлпершек,  балаларға 

арналған бүйрек сияқты  кәделі мүшелердің 

болуы шарт. Бұл мүшелердің әрқайсысы 

сыйлы адам  үшін – «елге бас-көз болып 

жүр», құда-құдағи үшін – «бауырдай бауыр-

мал, майдай сіңімді бол», дос-құрдас үшін 

– «құшағымыз  жауырындай жазылмасын», 

қыз-келіншек үшін – «үлпершектей жұғымды 

бол», «балалар үшін –  «бүйректей сүйкімді 

бол» деген және т.б. емеурінді білдіреді.

Қазақтың тағы бір қонақ күту салт-

дәстүрлерінің бірі ауылға, көрші боп жаңадан 

қоныстанған үй иелеріне  көрсетілетін сый – 

ерулік. Малшы қауымы  жайлауын жайлап, 

күзеуін күздеп, қыстауын қыстап, көктеуін 

көктеп, үнемі малдың    қас-қабағына 

 

қараумен көшіп-қонып  жүретіні мәлім. 



Осындайда  бір ауылды  жанай өтсе  неме-

се  бір бұлақтың  басына тізгін тартса, бұрын  

жеткені бар, соң жеткені бар, өздерінше  

шүпірлесіп,  қоңсы болып қалады. Немесе 

қойдың  отын қандырып, бабын табамын  

деп  отарын  шырқата жайған  күні шопан-

дар   өрісте ұшырасып  та  шұрқырасып жа-

тады. Бұлайша  аралас-құралас  болу, қоңсы 

қонысу, әсіресе, жаз айларында жиі болады. 

Міне, осындайда көнеден  келе жатқан  игі 

дәстүр  бойынша соңғы келіп қонған   үйге 

бұрын  жайғасқан   үй ерулік ас береді. Бұл 

–  мәні терең, парасаты мол дәстүр.

» Біріншіден,  көш-қонның  абыр-сабыр  

қиындығын көріп, шаршап-шалдығып  жеткен 

ауыл үйі  қашан орнығып  жайғасқанша  олар-

дан бұрын келіп  орныққан   ауыл үйлерінің  

дастарқан жайып демегендегісі.  Екіншіден, 

жаңа жұртта   жақсы  тілек  тоғыстырғаны. 

Үшіншіден, қотандасып-қораласып, көңіл-

ниет  жарастырып  отырудың  мал жайы-

на  көп пайдасы тиеді. Төртіншіден,   ауыл 

үй адамдары,  қыз-келіншек, жігіт-желең, 

бала-шаға   бір-біріне  бауыр басып, кейін   

қыстауға  көшерде  жылап айырылысатын-

дай  болады.

Көршіге  көрсетілер  сый-құрметтің 

 

көшпелілер үшін  өмірлік мәні бар.  Олар 



сондықтан да «көрші хақысы – Тәңір хақысы» 

деген  кісілікті уәжге  қалтқысыз  бағынған. 

Осынау  жөн-жоралғылардың қай-қайсысы 

да  табақ тартылып, дәм татқан  адамдарды  

өзінің   жөн-жолымен  елеп-ескергендіктің 

айғағы ретінде риза етеді. Жай ғана риза 

болып қоймайды, әркім өзінің  әлеуметтік-

туыстық  орынын  тереңірек сезініп,  әлгі 

елеп-ескеріп  дәм берген  үйге қатысты  

қарым-қатынасын  бұрынғыдан да  шыңдай 

түседі. Міне, көшпелі қазақ қоғамын   іштей 

реттеп,   үйлестіріп   отыратын  пәрменді  

тетіктердің бірі осындай. 

Келген қонақтар дастарханнан дәм татып, 

қонақ кәде орындалғаннан кейін келген 

қонақтардың жасы үлкені дастарханға бата-

тілек береді.

Ғабиден  Әбілқасов,

«Ұлттық тәрбие тағылымы» 

мәдени-этнографиялық ғылыми

  үйірмесінің жетекшісі 

Қазақ деген қонақтарын құт көрген,

Құшақ жайып, орын берген, нық төрден.

Малын сойып, етін асып, дәм беріп,

Бақ-дәулетті тәңірінен, күтті елден.

(Қ.Мырзалиев)

11

«Қонақ келсе, құт келер»



АТА ДӘСТҮР – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

 

|

| №12(1559) | 27 наурыз 2017



За политехнические знания

25 полезных сайтов, повышающих

уровень интеллекта

12

Порой мы бесполезно проводим 



свободное время, переписываясь 

с друзьями в социальных сетях или 

выкладывая в Инстаграм очеред-

ную фотку. Вместо этого AdMe.

ru предлагает вашему вниманию 

подборку из необычайно полезных 

для саморазвития сайтов.

• Coursera

 — это образовательная 

платформа, которая предлагает всем 

желающим онлайн-курсы от ведущих 

университетов и организаций мира.

• Универсариум

 — глобальный про-

ект, предоставляющий возможность по-

лучения качественного образования от 

лучших российских преподавателей и 

ведущих университетов для миллионов 

российских граждан.

• Khan Academy

 — бесплатный образо-

вательный ресурс содержит коллекцию 

из более чем 4200 бесплатных микро-

лекций по всевозможным дисциплинам 

— от литературы до космологии.

• Udemy


 — ярмарка знаний, в которой 

на сегодняшний день зарегистрировано 

свыше 10 миллионов студентов со всего 

мира. В программу входят более 40 ты-



жүктеу 365.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет