27 наурыз 2017 ж Қармту газеті



жүктеу 365.98 Kb.

бет1/4
Дата24.04.2017
өлшемі365.98 Kb.
  1   2   3   4

БҮГІНГІ

НӨМІРДЕ


ЧИТАЙТЕ

В НОМЕРЕ


№12(1559) 

|

 27 наурыз 2017 ж



ҚарМТУ газеті

1958 жылдан

бастап ай сайын 

шығады


www.kstu.kz

Қарағанды қаласы биыл да Наурыз мейрамын дәстүрлі түрде кеңінен атап өтті. Тамырын тереңге жайған 

осынау мереке – еліміздің күнтізбесіндегі ең берекелі, ынтымақ пен татулыққа негізделген  атаулы күн.

Қаламыздың Орталық саябағындағы сарқырама баспалдақтарын бойлай, өңіріміздің барлық өндіріс орын-

дары, түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар киіз үйлер құрып тастапты. Дәл осы қатарда біздің 

білім шаңырағымыздың да ақ ордасы тігілді. Отау маңында студенттердің көркемөнерпаздар ұжымының кон-

церттік нөмірлері көрсетіліп, қала халқына арнап, әскери кафедра сарбаз асы  – қарақұмық пен консервілен-

ген ет қосылған ботқа үлестірді. Сол күні 600-ден аса адам жауынгер асынан дәм татты. Тәтті ботқа жеп, әсем 

ән мен әуезді күй тыңдап, бойлары жылынған халық мерекелік шеруін әрі қарай жалғастырды. 

Сондай-ақ қала халқы мен қонақтарына арнап, саябақ орталығында үлкен концерттік бағдарлама 

ұйымдастырылды. Халық  ұлттық тағамдар мен тәтті-дәмділерден ауыз тиіп, құмай тазы, қыран бүркіт ерткен 

саятшылардың, ұлттық киім киген әсем ару қыздар мен ер  жігіттердің жанында суретке түсті. «Ұлыстың Ұлы күні 

елімізге бақ-береке, ырыс пен құт дарысын, ағайын!», - деп бір-біріне ізгі тілектерін арнап, жаңа күнді жақсы 

әсермен қарсы алуға тырысты.

/стр. 4

/стр. 6


/стр. 8

/стр. 16-17

8-наурыз:

Ана махаббаты

ҚАРАҒАНДЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАДЫ

Серпін—2050:

Инновациялық 

технологиялық колледжі

Литературная 

страничка:

Жизнь коротка – искусство 

вечно (интервью с профессором 

И.В. Брейдо)

Для наших милых дам

Ал ысым шексіз, хал ыма!

Халы аралы  «Мэрцишор-2017» 

V-фестивалі

«К ктем аруы» бай ауы  тті

Алтын ж ректі анамыз!


 

|

| №12(1559) | 27 наурыз 2017



За политехнические знания

2

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ – НАУРЫЗ!



Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мей-

рамы! Жасай бер, табиғат тәңірі – адам 

мен табиғи ортаның жаңғыру, жаңару 

және жарасым күні! Табалдырығымызды 

аттаған жаңа жыл басымызға бақ, 

астымызға тақ, аузымызға ақ сыйла-

сын! Келген тауық жылы – мерекелі, 

думанды той жылы болсын! Басымызға 

бас, жасымызға жас қосылсын! Өрісіміз 

малға, егісіміз дәнге толсын! Даламыз 

гүлдер жайқалып көңіліміз шаттықтан 

марқайсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол 

болсын! Қайда барсаң, жол болсын! 

Денсаулығымыз зор болсын! Ұйқымыз 

– тыныш, күлкіміз – күміс, Дастарқанға 

наурызда – ырыс толсын!

Наурыз туралы ғалым-этнограф 

Сейіт Кенжеахметұлы «Қазақ әдебиеті» 

газетінің  23.03.2007 №12 санында 

былай деп жазған екен:

Наурыз – ежелгі  мәдениетті, дамыған 

елдің бірі – парсының «Нау» жаңа 

«руз» – күн, яғни, «жаңа күн» деген 

сөзінен шыққаны көпке бұрыннан-ақ 

белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша  

наурыздың 22 жұлдызына сәйкес ке-

леді. Қазақтарда бұл күнді жаңа жыл, 

ырыс, береке, мереке, жыл басы  деп 

есептейді. Бұл күні халық сеніміне орай 

барлық даланы Қызыр ата аралайды.

Наурыз тойында аталарымыз былай 

деп тілек-бата білдірген екен:   

Наурыз батасы

Бақытты ас берсін,

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын.

Қыруар малың өріске толсын,

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаның басылсын,

Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам.  

Басын қосқан сан мың халық,

Дос-жаран мен туыстың,

Қасиетіңнен айналайын – Ұлыс күні!

Барша ағайын, тілегімді қабыл ал,

Құтты болсын Наурыз тойы  Ұлыстың! 

Көктемгі күн мен түннің теңескен 

Наурыз мейрамын Шығыс халықтары 

татуласу, барлық өкпені кешіретін күн 

деп санап, бір-біріне қонаққа барып, 

сыйлықтар берген.

Осы бір көне мереке бүгінгі күні де 

біздер үшін көктемнің, жаңа жылдың 

келген уақыты, өзімен бірге береке ала 

келіп, еліміздің барлық ұлттары мен 

ұлыстарын біріктіретін мереке болып 

қалмақ. Наурыз күні біздің халқымыздың 

ең тамаша қасиеттері – мейірімділігі, 

қайырымдылығы, сезімталдығы, жүрек 

жылылығы анық көрініс табады.

Ол өмірдің жаңа кезеңінің 

басталғанын көрсетіп, көңілімізге үміт 

ұялатып, алдымызға жаңа міндеттер 

қояды.


|

7

27 наурыз 2017 | №12(1559) |



За политехнические знания

3

Ақтың молаятын,



Жарықтың ұзаратын,

Нұрдың молығатын,

Тіршіліктің жаңаратын,

Өмірдің жаңғыратын,

Жер-жаһанның гүлденетін,

Табиғаттың түрленетін,

Пейілдің түзелетін,

Көңілдің кеңитін кезеңі,

Әз Наурыз мейрамы,

Құтты болсын, достар!       

Ұлысымыз ырысты, ырысы көпке 

жұғысты болсын!

Әз-Наурыз. Ұлыс Наурыз, ұлыстың ұлы 

күні атанған ұлық Наурыз.

Наурыз күні әр отбасы иелері өз 

шаңырағында қол жайып, шын ниет-

пен, пәк көңілмен мынадай тілек тілейді 

екен:


«Көк тәңірі нұрыңды аяма,

Жер тәңірі ырысыңды аяма!

Әділ жанды тағынан тайдырма,

Әз халықты бағынан айырма!

Басыма бас қос,

Жасыма жас қос,

Асыма ас қос!

Періштенің құлағына шалынсын,

Алладан қабыл болсын!»

Әз-Наурыз – Ұлыс күні дегеніміз, Ұлы 

істер істейтін күн!

Адамдарды жақындастыратын да, та-

туластыратын да осы күн деп білеміз.

Айтайын Наурыз күні,

Көп-көп тілек.

Босағаға дарысын бақ келіп көп.

Еліміз аман,

Жұртымыз тыныш болсын,

Тілек те Наурызда айтар дұрыс бол-

сын!


Әрбір үйдің төріне бақ ұялап,

Шаңырағына әр үйдің ырыс қонсын!

Той Наурыз, думан Наурыз. Аузымыз-

ды аққа толтырған, бір төлімізді екеу, 

екеуін бесеу қылып, қорамызды малға 

толтырған, төрімізді жанға толтырған 

құт наурыз, береке наурыз, мереке на-

урыз құтты болсын, ағайын! Жаңа жыл-

да зор денсаулық, бақыт пен байлық, 

барлық істе табыстар тілейміз!

Ғабиден Әбілқасов,

Қазақ тілі және мәдениет

 кафедрасының аға оқытушысы, 

педагогика ғылымдарының 

магистрі


 

|

| №12(1559) | 27 наурыз 2017



За политехнические знания

Для наших милых дам

7 марта в актовом зале КарГТУ состоялось торжественное мероприятие, посвященное 

Международному женскому дню. Ректор университета Марат Ибатов поздравил всю 

женскую половину коллектива и поблагодарил за терпение и профессионализм.

«Президент назвал женщин «национальным досто-

янием» нашей Республики. И с этими словами нельзя 

не согласиться. Международный женский день – самый 

лучший повод выразить признательность женщинам 

за доброту и нежность, в очередной раз признаться в 

любви. Вы делаете мир добрее, окружаете своих близ-

ких заботой и вниманием, вдохновляете на новые свер-

шения. Пусть вам всегда сопутствуют успех и удача, в 

вашем доме царят мир, благополучие и взаимопонима-

ние» – отметил Марат Кенесович.

В этом году особо были отмечены ветераны универ-

ситета, которые своими достижениями и профессиона-

лизмом снискали уважение всего коллектива. Им были 

вручены благодарственные письма, денежные премии 

и цветы. Затем на сцену были вызваны 130  представи-

тельниц кафедр и подразделений КарГТУ, которые были 

отмечены в благодарственном письме ректора. 

Мероприятие завершилось выступлением на сцене 

талантливых студенческих коллективов. Национальные 

танцы, пение и большая инструментальная программа 

стали настоящим украшением мероприятия. 

В актовом зале царила аура радости, тепла и красоты, 

которые и являются воплощением этого светлого празд-

ника.

4

Ана – жарық дүниеге өмір сыйлаушы 



жан. Алыптың өзі анадан туады емес пе? 

Ешкім аспаннан түскен жоқ. Кез-келген 

адамның бойындағы алыс қасиеттер мен 

жан-дүние біткеннің сұлулығы, әлпештеп 

ақ сүтін беріп өсірген анадан тарайды. 

Ана біз үшін ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, 

«балам аш жүрмесін, балам тоңбасын, 

балам ешкімнен кем болмаса екен» деп 

күндіз-түні тер төгіп, өзінің денсаулығына 

мән бермей, жан-жылуын бізге ар-

нап әлдилеп-аялап өсірді. Ал кейбір 

адамдар өзінің анасын естен шығарып, 

ана алдындағы парызды ұмытып жа-

тады. «Анасы бар адамдар ешқашан 

қартаймайды». Біз өзімізді ең бай, ең 

бақытты адамбыз деп есептеуіміз керек. 

Себебі, біздің анамыз бар.

Бізге қарап қызығып, «Менің де анам 

болса екен, мен де, осылай анаммен 

қол ұстасып жүргім келеді» деген ба-

лалар қаншама. Ертеңгі күн беймәлім 

дүние, сондықтан да жалғанның жарық 

күндерінде анамыздың жанында болған 

әр сәттен, әр сағаттан, әр минуттан бақыт 

таба біліңіз! 

Балалық шағымда ауырып қалғанда 

анам күндіз-түні жанымда отырып, үстімді 

қалың көрпемен жауып, ұйықтап қалсам 

да, жанымнан кетпейтін. Қазір мен үлкен 

жігіт болып, оң солымды танып білсем 

де, анам үшін әлі сәбимін. Бұл өмірде 

өзгермейтін заттар бар. Соның бірі – ана 

махаббаты!

Анасы бар адамдар шын бақытты. 

Аналарымыз аман болсын! Көктемнің 

алғашқы жауқазын мерекесі барлық ана-

лар мен ханымдар, ару қыздар мен апа-

қарындастарымыз үшін құтты болсын!

Рахат  Тоқтамыс,                                                                      

Инновациялық технологиялар 

колледжінің 2-курс студенті

Ана махаббаты!

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


|

11

27 наурыз 2017 | №12(1559) |



За политехнические знания

ИНФОРМ-БЮРО

5

Первый выпуск бакалавров нефтегазового дела



Всем известно, что на терри-

тории Карагандинской области 

проходят основные участки таких  

крупных магистральных нефте-

проводов как Павлодар-Атасу-

Чимкент, Кенкияк-Кумколь-Ка-

ракоин-Атасу и Атасу-Алашонкоу. 

Их общая протяженность состав-

ляет более 1000 км. К тому же,  в 

ближайшее время планируется 

прокладка важнейшего газопро-

вода Карталы-Кустанай-Астана-

Караганда.

Поэтому открытие в Карагандин-

ском государственном техническом 

университете на кафедре «Разработка 

месторождений полезных ископаемых» 

специальности «Нефтегазовое дело» не 

вызывает ни у кого лишних вопросов.  

Здесь готовят специалистов для рабо-

ты на имеющихся и будущих предприя-

тиях нефтегазовой отрасли и, в первую 

очередь, на объектах транспорта неф-

ти и газа. Ведь большое внушитель-

ное количество специализированных 

объектов в регионе требует и соответ-

ствующего числа профессиональных 

специалистов.

В январе 2017 на кафедре состоял-

ся первый  выпуск бакалавров этой 

важнейшей специальности по заочной 

форме обучения. Дипломы получили 22 

выпускника, большинство которых ра-

ботают в нефтегазовой отрасли. Госко-

миссия отметила высокий теоретиче-

ский уровень подготовки выпускников, 

которые в дипломных работах исполь-

зовали собственный  практический 

опыт. Особо были отмечены работы 

ведущего специалиста АО КазТрансГаз 

А. Уромбаева, инженеров Атырауского 

НПЗ М. Салащенко и О. Ержана,  со-

трудника строящегося газопровода на 

Ямале (Россия) Д. Ищанова и инжене-

ра ТОО Шлюмберже (Атырау) О. Чело-

чева. Несколько работ было посвящено 

таким важным аспектам как: примене-

ние на действующих нефтепромыслах 

Казахстана новых методов и средств 

проведения наклонных, горизонталь-

ных скважин, интенсификация прито-

ка нефти к скважинам с применением 

специальных технологий и реагентов, 

новое оборудование по сбору и  сепа-

рация скважинной продукции.

Конкретную квалифицированную 

консультацию при подготовке диплом-

ных работ оказали ведущие препода-

ватели кафедры М.Н. Шманов Н., Н.А. 

Немова, С. Т.  Курманов, Б.Х. Хусан, А.Н. 

Алдамжар.

Напомним, что к  Карагандинской 

области  так же примыкают перспек-

тивные газонефтеносные провинции 

Тенгизского, Тобольского, Западно-

Сибирского и Балхашского бассейнов. 

По данным исследований ОАО ВНИИ 

Зарубежгеология (Россия) указанные 

бассейны являются потенциальными 

месторождениями на нефть и газ. 

Кафедра продолжает работу по укре-

плению лабораторной и методической 

баз данной специальности, творческих, 

деловых и учебных связей с предприя-

тиями нефтегазовой отрасли области и 

Республики для дальнейшего повыше-

ния качества обучения будущих специ-

алистов.


Т.К. Исабек,

зав.кафедрой РМПИ,

профессор, д.т.н.

На кафедре МДиГ КарГТУ установлена

базовая GPS станция

Базовая GPS станция – это ап-

паратно-программный комплекс, 

предназначенный для формирова-

ния спутниковых дифференциальных 

поправок и передачи полученных 

данных пользователям передвижных 

спутниковых приемников (роверов) 

для определения точных пространст-

венных координат в режиме реаль-

ного времени (RTK).

Пользователи подвижных прием-

ников могут получать дифферен-

циальные поправки по высокоско-

ростным беспроводным сетям (GSM, 

GPRS, CDMA и др.) или через сеть 

Интернет.

Базовые станции находят свое 

применение в самых различных от-

раслях деятельности, например: 

•Геодезия

•ГИС и картография

•Землеустройство

•Управление строительной и 

сельскохозяйственной техники

•Навигация транспортных средств

На данный момент базовая стан-

ция используется в процессе про-

изводства НИР университета, гео-

дезических съемках и проведении 

лабораторных занятий по дисципли-

нам «Инженерная геодезия», «Выс-

шая геодезия» и «Фотограмметрия».

Кафедра МДиГ

В рамках реализации республиканской лаборатории инженерного профиля нашим университетом 

была приобретена базовая GPS станция фирмы Leica Geosystems. Этот новейший комплекс установ-

лен на кафедре МДиГ КарГТУ.


 

|

| №12(1559) | 27 наурыз 2017



За политехнические знания

6

СЕРПІН — 2050



2017 жылдың 28-ақпанында 1 наурыз алғыс 

айту күніне орай №1 жатақханада «Алғысым 

шексіз, халқыма» атты тақырыпта дөңгелек үстел 

өтті. Дөңгелек үстелге «Қарағанды қаласы жа-

стар ресурстық орталығы» КММ жалпы үйлестіру 

және іс-қимыл секторының меңгерушісі А.С. 

Шарипжанова,  «Тәжік диаспорасы» этномәдени 

бірлестігінің жетекшісі Ш.С. Норматов, ҚХА 

кафедрасының оқытушысы Ж.Ә. Нығман, №38 

гимназияның 11-сынып оқушысы К. Хван, ҚХА 

кафедрасының оқытушысы, Рухани-адамгершілік-

ке тәрбиелеу бойынша кеңес төрағасының орын-

басары Ж.А. Тусупбеков және ҚХА кафедрасының 

меңгерушісі А.С. Сағатова және «Серпін-2050» 

бағдарламасының студенттері қатысты.  

 Іс-шара барысында ҚХА кафедрасының 

меңгерушісі А.С. Сағатова «Алғыс пен бірлік —

өркениетке апаратын рухани жол», «Қарағанды 

қаласы жастар ресурстық орталығы» КММ 

жалпы үйлестіру және іс-қимыл секторының 

меңгерушісі А.С. Шарипжанова «Мемлекеттік 

жастар саясатының міндеттері, мақсаттары және 

қағидаттары», «Тәжік диаспорасы» этномәдени 

бірлестігінің жетекшісі Ш.С. Норматов  «Бірлігі 

жарасқан ел ғана озады», ҚХА кафедрасының 

оқытушысы Ж.Ә. Нығман  «Ислам дініндегі толық 

иман немесе адамсүйгіштік категориясы» атты 

тақырыптар төңірегінде студенттерге шағын 

баяндама-шолу жасады. Ал №38 гимназияның 

11-сынып оқушысы К. Хван қазақ тілін қалай 

жетік меңгергендігі туралы әңгімелеп, өз 

тәжірибесімен бөлісті.  

Іс-шара соңында қонақтарға студенттер тара-

пынан дайындалған шағын сыйлықтар табыста-

лып, алғыс білдірілді.

Алғысым шексіз, халқыма!

2017 жылдың 17 наурызы 

күні ҚарМТУ-дың «Серпінде-

стер Ордасы» жатақханасында 

қазақ халқының ұлы мерекесі 

Наурыз мейрамы қарсаңында 

«Серпін-2050» студенттерінің 

ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз  

Наурыз!» атты мерекелік кеш өтті.

Іс-шара барысында студенттерге 

қазақ халқының салт-дәстүрлерін 

жаңғырту тақырыбы төңірегінде 

түрлі танымдық сұрақтар қойылып, 

әсем әндер орындалды. Мере-

келік кеште «Көркем» қыздар клу-

бы «Әз  Наурыз» атты жәрмеңке 

ұйымдастырып, оған өз қолдарынан 

жасаған әшекей-бұйымдар мен 

ұлттық тағамдарды ұсынды.

Қош келдің,

әз Наурыз!

2017 жылдың 5 наурызы күні Қарағанды 

қаласының «Достық» үйінде Қазақстан 

және Румынияның дипломатиялық қарым-

қатынастың орнатылғанына 25-жылдығына 

орай «Дакия» Румын мәдени қоғамының 

Халықаралық «Мэрцишор-2017» V фести-

валі өтті. Аталған фестивальға Қазақстан 

Халықтар Ассамблеясының мүшелері, таны-

мал әртістер, КСРО мемлекеттік сыйлығының 

лауреаты, «Флуераш» халық ансамблі 

қатысты. Халықаралық «Мэрцишор-2017» 

V фестиваліне ҚарМТУ-дың «Серпін-2050» 

бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 

студенттер де қатысып, концерт тамашалап, 

көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

Халықаралық «Мэрцишор-2017» V фестивалі



|

15

27 наурыз 2017 | №12(1559) |



За политехнические знания

7

ПОЛИЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ



Мост китайского языка

Для тех, кто начинает изучать английский, составление во-

просительных предложений – это отдельная сложность.  Для 

того, чтобы этот процесс стал проще, была создана схема 

для обработки вопросов в английском языке на примере 

вопросов с HOW.

Если для вас еще не привычен порядок слов в английских 

вопросительных предложениях, то перед вами идеальный 

способ решить эту проблему.

Схема легко запоминается, за счет ее простоты, ее удобно 

держать в голове и использовать при составлении вопросов.

Принцип прост – мы всегда идем из центра наружу. В цен-

тре вопросительное слово, в нашем случае HOW, далее идет 

наречие, а после - обычное предложение, начинающееся с 

вспомогательного глагола.

Для практики на схеме предлагается заполнить пустые сег-

менты вашими собственными вопросами.

В принципе, на эту же схему можно наложить и другие во-

просы английского языка.

Внутри всегда вопросительное слово (How, What, Where, 

When, Why, etc.), затем наречие, если оно необходимо. И да-

лее – предложение в обычной вопросительной форме (вспо-

могательный глагол, подлежащее, сказуемое).

Поупражняйтесь с этой схемой, когда учите новые слова 

и выражения, составляйте вопросы с этими словами. Очень 

скоро вы доведете процесс построения вопросов в вашей 

голове до автоматизма.

Схема для работы с вопросами на примере HOW

vocabularybooster.ru

   14 марта в Институте Конфуция в КарГТУ со-

стоялся шестой  Карагандинский региональный 

отборочный конкурс «Мост Китайского языка – 

2017». Студенты политеха и ученики карагандин-

ских школ выступили перед компетентным жюри 

из КНР для того, чтобы продемонстрировать 

свое знания языка и культуры Поднебесной.

Кроме своего умения читать, переводить и говорить на ки-

тайском, участники продемонстрировали свое мастерство в 

технике боевого искусства ушу, танца и китайской иероглифи

ческой живописи на рисовой бумаге.

Интерес к китайской культуре во всем мире растет с каждым 

годом и это не случайно. Китай – одна из самых динамично 

развивающих стран мира, к тому же являющаяся ядерной 

державой. А историческое значение Поднебесной даже не 

требует лишней презентации. Бумага, порох, первые деньги – 

вот только первое, что приходит на ум, когда задумываешься 

о том, что дала миру эта страна. А иероглифическое китайское 

письмо стало прародителем письменности для десятков на-

родностей Восточной Азии.

К тому же кухня этой страны является одной из самых по-

пулярных на планете. А дружелюбие и аккуратность китайцев 

стало давно уже просто-таки расхожим клише.  К тому же не 

стоит забывать, что для нашей страны КНР – это один из важ-

нейших политических и экономических партнеров на между-

народной арене.

По итогам конкурса первое место среди студентов получила 

Сабина Шалгимбаева, «серебро» досталось Александре Ка-

занцевой, а Вера Искакова замкнула тройку призеров. 

В соревнованиях между школьниками призовые места рас-

пределились следующим образом:

Первое место: Александр Кузнецов ОСШ № 50;

Второе место: Кирилл Тын ОСШ № 50;

Третье место: Гаухар Жумабаева ОКШИДС № 68.

Институт Конфуция,

Пресс-служба КарГТУ

Как быстро научиться строить вопросы

на английском языке


 

|

| №12(1559) | 27 наурыз 2017



За политехнические знания

8

«Ехро–2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 



аясында қалалық колледж студенттері арасында 2017 жылдың 

15 наурыз күні Кеншілер мәдениет сарайында «Көктем аруы» 

сайысы өтті.

«Көктем аруы» байқауы өтті

6 наурыз күні   Инновациялық 

технологиялар колледжінің  1-курс    

К16-1 тобында «Өзін-өзі тану» 

пәнінен  оқытушы Т. Б. Имашева 

«Алтын жүрек анамыз!» тақырыбында 

ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық 

тәрбие сағатына колледж дирек-

торы Н.А. Смағұлова, колледж 

маманы Б.М. Ауэзова, ҚарМТУ 

кітапханасының қызметкері және 

пән оқытушылары қатысты. 

Сабақтың басты мақсаты – 

Қазақстанның бірінші ханымы, 

«Бөбек» балалар қайырымдылық 

қорының Президенті Сара Алпысқызы 

Назарбаеваның  өмір жолы, жалпы 

адамзаттық рухани құндылықтарға 

бастайтын қайырымдылық іс-шара-

лары, еліміздегі адамгершілік-рухани 

білім беру саласының дамуына қосқан 

өлшеусіз үлесі жайлы әңгімелеу бола-



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал