№2(66)/2012 Серия филология


ТІЛ  МЕН  ƏДЕБИЕТТІ  ОҚЫТУ  ƏДІСТЕМЕСІ



жүктеу 5.04 Kb.
Pdf просмотр
бет16/17
Дата24.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ТІЛ  МЕН  ƏДЕБИЕТТІ  ОҚЫТУ  ƏДІСТЕМЕСІ 
МЕТОДИКА  ПРЕПОДАВАНИЯ  ЯЗЫКА  И  ЛИТЕРАТУРЫ 
ƏОЖ 81362:221 
Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды  
пайдалану — заман талабы 
Кервенова М.М., Абенова К.М. 
Ə.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық  
мамандандырылған мектеп-интернат, Қарағанды 
В статье рассматривается использование инновационных технологий в обучении иностранному языку 
и их воздействие на развитие устной речи учащихся. Исследуются навыки формирования у учащихся 
критического мышления и умений творчески мыслить, анализируются эффективные методы и формы 
работы  с  использованием  возможностей  интернета  и  компьютерной  технологии,  способствующие 
достижению  результативности  учебного  процесса.  Авторы  дают  полную  оценку  эффективности 
применения стратегий программы «Критическое мышление через чтение и письмо» на проведенных 
уроках. 
This article «Using new technologies in school process is the nowadays condition» is considered the ways of 
using new technologies in teaching foreign languages and their influence on the development of students oral 
speech. It is researched students skills to make critical and creative thoughts, analyzed effective methods and 
forms of working with using the possibilities and importance of multimedia techniques of Internet and com-
puter technologies in formation of students intercultural communicative skills and to get good results, success 
in school process. The authors give the fruitful estimation of using effectively the strategies of «Critical 
thoughts through reading and writing» program on practical English lessons. 
 
XXI  ғасыр — озық  технологиялар  ғасыры.  Сондықтан  білім  беру  жүйесінде  жаңа 
технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. 
Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, 
есту  арқылы  тіл  қолданушылардың  мəдениетін  тезірек  сезінеді.  Яғни  өзінің  де  сол  тілді 
меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі [1]. 
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның 
жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға 
дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. 
Жаңаша  оқыту  технологиясы — белгіленген  мақсатқа  нəтижелі  қол  жеткізуді  қамтамасыз  етуде 
оқытудың  формасы,  əдістері  мен  құралдарын  ашып  көрсетіп,  оқу  бағдарламасында  белгіленген 
оқытудың  мазмұнын  жүзеге  асыру  тəсілі.  Оқытуды  жаңаша  ұйымдастыруда  мына  міндеттерді 
қамтуы тиіс: 
1) оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру; 
2) ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету; 
3) деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту. 
Міне,  осы  міндеттерді қамтитын  «дамыта  оқыту»  жүйесі  даму  заңдылықтарын  ескере  отырып, 
теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы 
мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі 
негізінде  баланы  өз  іс-əрекетінің  субъектісі  етуге  ұмтылады,  мақсатты  оқу  іс-əрекеті  барысында 
нақты  оқу  міндеттерін  шеше  отырып,  даму  педагогикалық  ықпалдың  алдын  алатын  іс-əрекеттік 
оқыту  тəсілі  арқылы  балада  ақпараттық  жəне  жалпы  біліммен  қатар,  амалдар  мен  құндылықтар 

Білім беру жүйесінде… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
125 
жиынтығын,  біліктілігін  қалыптастырады [2]. Жаңаша  оқыту  технологиялардың  бірі — «Оқу  мен 
жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  технологиясы — технологиялардың  ішіндегі 
шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология
Бізді,  ағылшын  тілі  пəні  мұғалімдерін, «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды 
дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды: 
 кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен; 
 оқыту  мен  ұйымдастырудың  тиімді  əдістерінің  көптігімен.  Бұл  бағдарламада  жүзге  тарта 
стратегия бар екені  белгілі.  Сол əдіс-тəсілдерді  жақсылап  игеріп,  ішінен қажеттілерін  таңдау 
арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік 
мол. 
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері; 
 сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары.  
Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  сабақтарында  мына  мəселелерге  назар 
аударылады: 
1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. 
2. Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау. 
3. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру. 
4. Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау. 
5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау. 
6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау. 
7. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау. 
8. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. 
Негізгі үш сатының маңыздылығы. Бұл жаңаша оқыту технологиясында барлық стратегиялар үш 
саты бойынша қолданылады. 
І-саты — баланың  қызығушылығын  ояту — ой  шақыру,  бұл  əрбір  сабақта  қажет.  Сатының 
мүмкіндіктері:  қаралып  отырған  тақырып  немесе  проблема  бойынша  оқушының  бар  білім  қорын 
қорыту,  өзектендіру,  оқып  отырған  тақырыпқа  тұрақты  қызығушылық  тудыра  отырып,  оқушының 
оқу іс-əрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін ояту. 
ІІ-саты — мағынаны  ажырата  білу.  Бұл  жердегі  міндеттер  мүлде  бөлек.  Саты  оқушыға  жаңа 
ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік береді, мəтінді 
жан-жақты жəне əр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді. 
ІІІ-саты — ой  толғаныс-рефлексия.  Мұнда,  негізінен,  алынған  ақпаратты  қорыту,  жалпы  ой 
елегінен өткізу; оқушыға жаңа ақпарат, жаңа білім беру, оқып отырған материалға əрбір оқушының 
өзіндік қатынасын қалыптастыру т.б. мəн беріледі. 
«Сын  тұрғысынан  ойлауды дамыту»  бағдарламасының  тағы  бір  маңыздылығы,  жүйенің  кейбір 
ерекшеліктерінде, «тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана 
білім» — деп,  əйгілі  орыс  жазушысы  Толстой  айтқандай,  бұл  жүйенің  бір  ерекшелігі,  кез  келген 
ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. 
Екінші бір ерекшелігі, білім көбіне, «өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білім білім емес» деп 
француз ғалымдары айтқандай, жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні. 
Дамыта оқыту жүйесі сияқты, «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тиімділігі 
негізгі  қағидалары  мен  мақсат-міндеттері  дамыта-тəрбиелей  отырып,  шығармашыл  тұлға 
қалыптастыруға бағытталған. 
Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігінде. Оқу мотивациялары мүлде өзгерді. Бұрын 
сəтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар 
қабылдайтын  оқушылар,  əсіресе  үлгерімі  орташа  деңгейдегі  балалар  адам  танымастай  өзгерді.  Ал 
озат жəне оқу екпінділерінің көпшілігі мадақталу үшін, не өзгелерден жоғары, жаксы болу үшін оқып 
келсе, қазір қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгелермен ой бөлісуге асығатын болды. 
Мұның  бəрі  олардың  табысқа  жиі  жетіп,  өз  күшіне  сенуінің  арқасында  болып  жатқан  өзгерістер. 
Оқушылар  жүргізілген  сауалнамаларға  (шығу  парақтарында)  берген  өз  жауаптарында  жұмысты 
жоспарлау,  жағдайға  бейімделу  нəтижені  нақты  бағалау  сияқты  қабілеттерді,  табандылық,  сынға 
төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады. 
Осы  бағдарламамен  жұмыс  істеу  арқылы  мынадай  жетістіктерге  жеттік: «Сын  тұрғысынан 
ойлау»  сабақтарында  білім  беріп,  икем-дағды  қалыптастырып  қана  қоймай,  ұжымдық 
шығармашылық іс-əрекеттер арқылы бала болашағына ықпал етіп, оның өз білімін жетілдіре отырып, 

Кервенова М.М., Абенова К.М. 
126 
Вестник Карагандинского университета 
өзін-өзі  тəрбиелеп  дамытуына  жағдай  жасауға  болады  екен.  Əр  баланың  танымдық  жəне 
шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып,  оқытуды  жеке  тұлғаға  бағыттау  арқылы  кез  келген 
сабақтың  дамытушылық  жəне  тəрбиелік  мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалану  осы  жүйені  қолдану 
барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастады. 
Əр жаңа технология, жобалар білім саласындағы жаңалықтардың басты мақсат, міндеттері бір-
біріне  жуық,  мəндес  болып  келетіні  бізге  мəлім.  Білім  беру  жүйесі  тиімділігінің  басты 
көрсеткіштерінің бірі — білім сапасы. Осы жобаның пəн мұғалімдері ретінде білім сапасын көтеруге 
қызығушылықтарын  арттыруға  тигізген  əсері  туралы  нақты  мысалдар  келтіріп  тоқталғымыз  келеді. 
Ағылшын тілі пəні мұғалімдері есебінде анық байқағанымыз — «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» 
бағдарламасының  стратегияларымен  өткен  сабақтарда  оқушының  пəнге  деген  қызығушылығының 
артуы. Қызықты болған жерде белсенділік те артады. 2010–2011 оқу жылынан осы жұмыс нəтижесін 
байқау  барысында  бұл  бағдарламамен 8–10-сыныптарда  жүргізіп  келеміз.  Бұл  сыныптарда 
стратегияларды (ассоциация, кластер құру, инсерт əдісі, Венн диаграммасы, пікірталас, ЖИГСО, эссе 
жазу  т.б.)  күнделікті  сабақта  қолданамыз.  Бұл  сыныптар  ағылшын  тілі  сабағында  екі  топқа  бөлініп 
оқылады.  Стратегия  қолданған  топты  стратегия  қолданбаған  топпен  салыстырғанда  оқушыларда 
төмендегі кесте бойынша мынандай өзгешелік анық байқалады: 
К е с т е  
Р/с 
№ 
I-топ оқушылары 
Р/с
№ 
II-топ оқушылары 

Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты 
жақсы жүргізеді 

Оқушылар бірден кірісіп кете алмайды, шулап 
кетеді 

Белсенділіктері жоғары 2 
Орташа 

Оқушының жеке жауапкершілігі басым 3 
Төмен 

Қызығушылықтарын істе байқатады 4 
Бірқалыпты 

Бір-біріне көмек, сыйлау қалыптасады 5 
Қызғаныш басым 

Өз ойларын еркін жеткізеді 6 
Анықтық жоқ 

Сабақта көп жұмыс жасайды 7 
Кейде берілген тапсырмаларды жасауға үлгере 
алмайды 

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері артты 8 
Міндетті түрде мұғалім көмегі керек 

Сабақта ағылшынша сөйлеуге тырысады 9 
Ықылас білдіре қоймайды 
10  Шығармашылық қабілеттері артқан 10 
Бірқалыпты 
 
Бұл — жалпы сыныптар бойынша берілген басты сипаттар. Сабақта оқушылар мəтіннің өзімен 
бірнеше  жұмыс  жүргізе  алуларына  болады.  Мысалы:  жалпы,  СТО  ойлау  бағдарламасында  мұғалім 
жұмысында көбіне топтық, жеке, жұп бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мұғалім əр оқушының білім 
алуға  бағытталған  іс-əрекетін  бақылауға  алады.  Оқушы  жұмыстары  жеке  жинақ,  папкаларда 
көрсетіледі. Мұғалім тек бағыттаушы ретінде қызмет жасайды, оқушылар жаңа сабақ, ақпараттарды 
өз бетінше меңгереді. Сыныптағы оқушылар өзгерісі — оқушылардың жаппай тілдік əрекетке түсуі, 
əрине, таза ағылшын тілінде сөйлемегенмен, көбіне ағылшынша сұрақтар қойып, оған жауап беруге 
тырысады.  Оқушылардың  ойлау  деңгейлері  əлдеқайда  жоғарылайды.  Белсенділік  танытып 
қызығушылықпен жұмыс жасап жатқанда, тіпті кейде қоңыраудың соғылғанын байқамай да қалады. 
Білім сапасы бұл сыныптарда көтеріліп келеді. Сабаққа нашар деген оқушылардың да көзқарасы 
өзгерген,  оларда  талпыныс,  құштарлық,  ынта-жігерлері  қалыптасып  келеді.  Мұғалім  ретінде  қол 
жеткізіп жүрген жетістіктерді осы сыныптар арқылы көрсетіп жүрміз. 
Елбасының  Қазақстан  халқына 2012 жылғы 27 қаңтардағы  Жолдауында  «Қазақстанда  адам 
капиталының  сапалы  өсуі — бұл,  ең  алдымен,  білім  жəне  денсаулық  сақтау.  Оқыту  үдерісіне 
заманауи əдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті 
растайтын тəуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек 
білім  беріп  қана  қоймай,  сондай-ақ  алған  білімін  əлеуметтік  бейімделу  үдерісінде  пайдалануға 
икемделуі керек» делінген [3]. 
Ұстаздың  қоғам  өмірінде  алатын  орны  мен  олар  атқарып  отырған  міндеттердің  айрықша 
маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз 
бөлігі  болып  табылады», — деп  атап  көрсетті.  Əр  мұғалім  күнделікті  сабақта  өз  ісін  зерттеп, 
жаңашыл  əдіс-тəсілдермен  оқушының  білім  сапасын  арттыруы  керек.  Соның  бірі — ақпараттық 
технология. 

Білім беру жүйесінде… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
127 
Ақпараттық  технология — ақпараттарды  жинау,  сақтау  жəне  өңдеу  үшін  бір  технологиялық 
тізбекте  біріктірілген  əдістер — технологиялық  құралдардың  жиынтығы.  Оқыту  үрдісінде 
ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол 
жетпейтін  көрнекіліктерді  пайдалануға,  білім  мен  мəліметтерді  əр  түрлі  формада  ұйымдастыруға, 
қажетті  модульге  тез  арада  қол  жеткізуге  көмектесе  алады.  Қазақстан  Республикасының  «Білім 
туралы»  Заңының 8-бап 7-тармағында: «Оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  міндеті  қойылған [4]. 
Қазіргі  ғылым  мен  техниканың шарықтаған шағында  шетел  тілі  сабақтарында  көрнекіліктердің  қай 
түрі  болсын  молынан  пайдалану  мүмкіндігі  бар.  Яғни,  оқытудың  мұндай  жүйесінің  құралы 
компьютер болып табылады. 
Мектепте  компьютермен  жұмыс  істеу  өте  пайдалы.  Өйткені  нашар  оқитын  оқушының  өзі 
компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке 
келеді. Заман талабына сай техникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану — мұғалім 
жетістігіне апаратын тиімді жол. 
Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды: 
  оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу; 
  оқыту-тəрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау; 
  дайын бағадарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру; 
  ойлау қабілетін дамыту; 
  ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пəндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету. 
Осыған  орай,  оқытудың  жаңаша  əдіс-тəсілдерінің  ең  күрделі  түрі — «Мультимедиалық 
кабинетте  компьютер  жəне  интерактивті  тақта  арқылы  ағылшын  тілінде  сабақтар  өткізу».  Бұл 
оқушылардың пəнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. 
Сабақ үстінде өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы арта 
түседі.  Сабақ  барысында  компьютерді  қолданудың  жақсы  жақтары:  түрлі-түсті  иллюстрациялар, 
аннимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді. 
Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа компьютерлік жүйесін пайдаланудың мынадай ұтымды 
жақтарын атап көрсетуге болады: 
 оқушылардың  ойлану  дəрежесіне,  материалдық  қабылдау  ерекшелігіне  байланысты  əрбір 
оқушы үшін жеке-жеке компьютерда бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс жасауға 
болады; 
 компьютер арқылы нашар оқитын оқушыларды оқытудың тиімділігі артады; 
 компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді; 
 оқушының сабаққа деген қызығуын арттырады. 
Əр сабақта сөз əрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым. Əр 
сабақ төмендегілерді қамтиды: 
 компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас; 
 компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады; 
 оқушымен жекелей жұмысты іске асырады; 
 компьютер  оқытудың  аудио-  жəне  бейнеқұралдардың  мүмкіндіктерін  табысты  байланысты-
рады. 
Компьютерде  мəтінмен  жұмыс  жасау  барысында  тапсырмалар  мынадай  бөлімдерден  болуы 
мүмкін. 
1. Берілген мəтіннің тақырыбын ашу. 
2. Мəтіндегі кейіпкер тобын ажырату. 
3. Мəтін мазмұнында кездесетін қанатты сөздерді жазу. 
4. Мəтін мазмұны бойынша сұрақтар қою. 
5. Мəтіннің əрбір бөліктеріне тақырып қою. 
6. Ұнаған тақырыбына қысқаша өз ойын жазу. 
Өз  жұмысында  компьютерді  қолданған  мұғалім  өзінің  өткізетін  сабағының  сапасын  арттырып, 
оқушылардың  танымдылық  қызметін  ұйымдастыруды  белсенді  түрде  жүргізеді.  Бұл  жағдайда 
ағылшын  тілі  пəні  мұғалімінің  міндеті  оқушыларға  əр  түрлі  жаттығуларды  орындауда  компьютер 
көмегі мен мүмкіндігін көрсету өз бетімен компьютерді қолдануды үйрету болып табылады. Сондай-
ақ  ағылшын  тілін  меңгерту  барысында  компьютерлік  ойындардың  да  тигізер  пайдасы  зор. 

Кервенова М.М., Абенова К.М. 
128 
Вестник Карагандинского университета 
Компьютерлік  ойындар  жаттықтыру,  оқыту  жəне  дамыту  сипаттарын  ескере  отырып  жасалынса, 
олардың  əрбір  оқушының  білім  сапасын  арттыруға  тигізер  пайдасы  зор.  Сабақ  арасында  ойын 
элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, əрі баланың 
бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалім мен оқушының 
арасындағы  психологиялық  кедергіні  бұзып,  теңдік  сезіледі.  Ұялшақ,  жасқаншақ  оқушылар  ойын 
барысында белсенді серік болуға мүмкіндік алады. Ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу 
барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. 
Ақпараттық  коммуникациялық  технологиялардың  бірі — Интернет.  Интернет  оқу  үрдісін 
жеңілдетіп,  сабақты  қызықты,  əрі  тиімді  ұйымдастыруға,  оқу-білім  сапасын  көтеру  үшін  көптеген 
мүмкіндіктер береді: 
1) сұраныс бойынша ақпарат алу; 
2) Интернет тараптарында берілген пəн бойынша тапсырмалар мен жаттығулар орындау; 
3) пəн бойынша əр деңгейде тест жұмыстарын ұйымдастыру; 
4) сабақ тақырыбына байланысты ақпарат көздерін табу; 
5) тақырыптық жобалар дайындау; 
6) шетел авторларының шығармаларымен танысу; 
7) электронды сөздіктерді қолдану; 
8) электронды пошта арқылы шетелдіктермен хат алмасу; 
9) аудио-, бейнематериалдар қолдану. 
Интернет  мүмкіндіктерін  жоба  жасауға  қолданған  да  қызықты.  Мысалы,  мұғалім  қазіргі  кезде 
мазалап  жүрген  мəселелерді  Интернеттен  тауып  алып,  оқушыларға  ұсынып,  тапсырма  береді. 
Берілген мəселе бойынша оқушылар ақпарат жинап өз жобасын құрады, ол жобаға енгізген материал 
бойынша  өз  ойын,  ұсынысын  беріп,  ақпараттармен  келісіп  немесе  келіспей  талқылай  алады.  Əр 
мəселе  бойынша  материалдар  ұсынуға  болады.  Интернеттегі  аудио-,  видеобағдарламаларды 
оқушыларға  сабақта  тыңдатуға,  талқылауға  болады  (мысалы,  президенттік  сайлау,  əлемде  болып 
жатқан  оқиғалар,  білім  беру  жүйесіндегі  жаңалықтар  т.б).  Бұндай  жұмыс  түрлері  оқушылардың 
шығармашылық  белсенділігін  арттырады.  Осыны  айта  келе,  ағылшын  тілі  сабағында  Интернетті 
қолдану арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады [5]. 
Сабақтың  тартымды  өтуі,  ұтымды  тəсілдерді  дұрыс  қолдана  білу  бүгінгі  мұғалімнен  ізденісті 
талап  етеді.  Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттар  ағыны  күшейген  заманда  ақыл-ой 
мүмкіндігін  қалыптастырып,  адамның  қабілетін,  талантын  дамыту  мектептің  басты  міндеті  болып 
тұр.  Ол  бүгінгі  білім  кеңістігіндегі  ауадай  қажет  жаңару  мұғалімнің  қажымас  ізденімпаздыққа, 
шығармашылыққа  тəрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық  технологияны 
меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы керек. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін 
ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 29 мамырда бір топ 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  басшыларымен  кездесуінде  «Тілдердің  үш  тұғырлығы»  мəселесіне 
байланысты  ағылшын  тіліне  деген  өзінің  ой  пікірін  төмендегі  сөзімен  дəлелдеп  берді: «Ағылшын 
тілі — XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, əлемдік деңгейге шығаратын тіл». 
Сондықтан  да  ағылшын  тілін  мектептерде  жүйелі  оқыту  үрдісін  қалыптастыру  бүгінгі  күннің 
басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын 
қалыптастыру  əрбір  мұғалімнің  шеберлігі  мен  шығармашылығына  байланысты.  Мектептердегі 
ағылшын тілі пəні мұғалімдердің мақсаты — оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас 
біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын 
тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру — үлкен істің бастамасы. 
Шетел тілін оқытуда оқушылардың танымдық қызығуын ояту, шығармашылық белсенділікті, өз 
бетінше ізденуді арттыру жолында əр түрлі сабақтан тыс тəрбие жұмыстарының да көп көмегі бар. 
Мұндай тəрбиелік іс-шаралардың оқушылардың сабақ кезінде алған білімін, іскерлік дағдыларын, ой-
өрісін дамытуда маңызы зор. Оқушылардың пəнге деген қызығушылығы сыныптан тыс жұмыстарды 
өткізуде ерекше байқалады. 
Өз  тəжірибемізде  сабақтағы  теориялық  білімді  сабақтан  тыс  шаралармен  ұштастыра  отырып, 
оның өткізілу түріне, тəрбиелік, білімділік, мазмұнына баса көңіл бөлеміз. Себебі оқушылар бойында 
белсенділік,  мақсат  көздеушілік,  ұйымшылдық,  намысшылдық,  жауапкершілікті  сезіне  білу  сияқты 
саналы көзқарас, жақсы қасиет осындай тəрбиелік іс-шараларда қалыптасатыны белгілі. 

Білім беру жүйесінде… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
129 
Ағылшын тілі пəнінен өткізілген апталықтар барысында «Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің 
əдет-ғұрыптары»  тақырыбында  демалыс  кеші  «Ағылшын  тілі  мақал-мəтелдерде», «Полиглот»  атты 
білім сайыстары, «Ұлы Абай» поэзия кеші, «Ағылшын грамматикасының білгіштері» сайысы кезінде 
оқушылар  үлкен  белсенділік  танытып,  жоғарыда  аталған  кештердің  жəне  тағы  да  басқа  іс-
шаралардың өз дəрежесінде өтуіне өзіндік үлестерін қосып келеді. 
Сабақтың соңында туған ой-толғанысымыз келесідей. Сабақтың жаңа жобада өтуі оқушылардың 
еркін  сөйлеп,  ойларын  ашық  жеткізулеріне,  сыншыл  көзқарас  байқатуларына  мүмкіншілік 
туғызғандай  болды.  Бұндай  əрекеттер  сабақтың  үш  сатысында  байқалып  отырды.  Оқушылар 
сабақтың барлық сатысында қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, өз ойларын, пікірлерін қызу 
түрде ортаға салып отырды. Шығу парағын толтыруда оқушылардың көпшілігі «не үйреніп, білдің?» 
деген  сұраққа  «мақсатқа  жетуде  орта  жолда  қалып  қоймай,  жету  керек  екенін  түсіндім»  деп  жауап 
берді. Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларымызға өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын 
көзімен  қарай  отырып,  жаңа,  тың,  идеялар  туындауына  жол  ашты.  Сонымен  бірге  көбіне  қазақтың 
балалары  өз  ойын  кесіп  айтудан  жасқанады  жəне  жеткізіп  айта  да  алмайды.  Сондықтан  «Сын 
тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламаның ұтымды жағын көре отырып, былтырғы оқу жылынан 
оқушылар  шығармашылығын  дамытумен  айналыстық.  Сабақ  барысында  СТО  бағдарламасының 
стратегияларын  қолдана  отырып  əр  түрлі  міндеттерді  шешіп,  проблемалық  сұрақтарды  талқылап, 
дискуссия ұйымдастырдық. Оқушылардың жазған эссесін оқығанда оқуға деген мотивациясы артып, 
ойлау  қабілеті  белсендендіріліп,  креативті,  сын  тұрғысынан  ойлауы  дамыды  деп  айтуға  болады. 
Оқушылардың пікірі бойынша, сабақта алынған білімдері терең бекітіліп қалды. 
Қорыта  келе, «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  бағдарламасын  дер 
кезінде қолға алынған, уақыт талабына сай көтерілген іс-шара деп есептейміз. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. — 2010. — № 2. — 34-б. 
2.  Бабаев  С.,  Қазиева  К.  Педагогикалық  инновациялар  мен  педагогикалық  озат  технологиялар — талапшаң  мұғалім 
еншісі // Бастауыш мектеп. — 2011. — № 4. — 25-б. 
3.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Əлеуметтік-экономикалық  жаңғырту — Қазақстан 
дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы // Егемен Қазақстан., 2012. — № 41–42 (27114). — 28 қаңт. 
4.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі. — 1999. — 23 шілде. — 2–5-б. 
5.  Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. — 2001. — № 3. — С. 56. 
 
 
 
 
 
 

130 
Вестник Карагандинского университета 
УДК 81 
Компетентностный подход к обучению русскому языку и литературе  
в условиях полиязычия 
Темирова А.А. 
Областная специализированная школа-интернат для одарённых детей им. Н.Нурмакова, Караганда 
Мақалада  практикалық  əрекет  барысында  пайдаланылуға  жəне  оқушылардың  жеке  бас  тəжірибесі 
арқылы  қалыптасуға  тиісті  жеке  бас  мінездемелерді,  шеберліктерді,  қабілеттерді  қалыптастырудың 
бір жолы ретінде көптілдік жағдайында орыс тілі мен əдебиетін оқытуға құзыреттілік тұрғыдан келу 
жұмысын өңдеу қарастырылады. 
The subject of this article is elaboration of a competent approach in the education of the Russian language 
and the Russian literature in the context of Poly-linguism as a solution approach for formation of skills, abili-
ties, and personal characteristics, which are to be directly practiced and developed through the personal expe-
rience of students. 
Доказано: успех человека 
зависит от того, насколько 
широк диапазон его компетенции. 
Т.И.Шамова 
 
Время требует от учителей-словесников качественного изменения мотивации учащихся к обуче-
нию,  способствующей  превращению  интереса  в  достаточно  устойчивое  личностное  образование. 
Сейчас важно научить школьников самостоятельно добывать знания, учитель должен идти не со зна-
ниями к ученикам, а с учениками к знаниям, и поэтому на сегодняшний день важнейшей составляю-
щей  педагогического  процесса  становится  личностно-ориентированное  взаимодействие  субъектов 
деятельности — учителя и ученика. 
Новая образовательная парадигма выдвигает на первое место не знания, умения и навыки, а лич-
ность ребенка, ее развитие посредством образования. 
Законом «Об образовании» Республики Казахстан утвержден принцип вариативности в выборе 
форм, методов, технологий обучения, позволяющий учителям, педагогам образовательных учрежде-
ний  использовать  наиболее  оптимальный,  на  их  взгляд,  вариант,  конструировать  педагогический 
процесс по любой модели, включая авторские [1]. 
Характерной чертой современной педагогической науки и является стремление к созданию но-
вых  образовательных  технологий,  ориентированных  на  личностное  развитие  ребенка.  В  настоящее 
время существует множество технологий, полностью или частично меняющих образовательный про-
цесс.  Каждая  такая  технология  имеет  свои  достоинства  и  недостатки,  сильные  и  слабые  стороны. 
Учитель может выбирать ту или иную технологию, которая в наибольшей степени соответствует его 
представлениям об организации процесса обучения и воспитания. В данное время широко известны: 
 технологии  В.М.Монахова,  В.П.Беспалько,  Ж.А.Караева,  А.А.Жунисбекова  и  многих  других 
ученых; 
 технологии укрупнения дидактических единиц (УДЕ) П.М.Эрдниева; 
 технология развивающего обучения Д.Б.Эльконина-В.В.Давыдова; 
 гуманно-личностная технология Ш.А.Амонашвили; 
 технология модульного обучения П.И.Третьякова, К.Вазиной, М.М.Жанпеисовой; 
 технология интенсификации обучения на основе схемных и знаковых моделей учебного мате-
риала В.Ф.Шаталова. 
В условиях казахстанского полилингвизма обучение русскому языку и литературе должно осу-
ществляться с учетом приобщения подрастающего поколения к универсальным, глобальным ценно-
стям, формирования у подростков умений общаться и взаимодействовать с представителями сосед-
них культур в мировом пространстве. В этой связи понимание роли языков в современном мире ста-
вит перед нами вопрос обучения языкам и повышения уровня языковой подготовки учащихся. 
Возможно, компетентностный  подход  в  обучении  как  реальное  требование  времени  станет  од-
ним из путей решения этой задачи. 

Компетентностный подход к обучению… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
131 
В  комплексности  образовательных  компетенций  заложена  дополнительная  возможность  пред-
ставления целей, содержания образования (образовательных стандартов) и образовательных техноло-
гий  в  системном  виде,  допускающем  построение  четких  измерителей  по  проверке  успешности  их  
освоения  учениками.  Образовательные  компетенции  представляют  собой  интегральные  характери-
стики качества подготовки учащихся, связанные с их способностью целевого осмысленного приме-
нения комплекса знаний, умений и способов деятельности в отношении определенного междисцип-
линарного круга вопросов. Формирование компетенций происходит средствами содержания образо-
вания. В итоге у ученика развиваются способности и появляются возможности решать в повседнев-
ной жизни реальные проблемы — от бытовых до производственных и социальных. 
ЕКС предлагает 8 основных компетенций (поведенческих навыков): 
1) уметь общаться на родном языке; 
2) уметь общаться на иностранных языках; 
3) уметь проявлять навыки по элементарной математике и компетенции в науке и технологии; 
4) уметь проявлять дижитальные/информационные компетентности; 
5) уметь учиться; 
6) уметь проявлять межличностные, межкультурные, социальные и гражданские компетенции; 
7) уметь проявлять навыки предпринимательства; 
8) уметь формировать ценности на основе мировой и национальной культуры [2]. 
Казахстанские учёные предлагают следующую классификацию компетенций: 
1) межкультурная; 
2) ценностная; 
3) учебная (интеллектуальная); 
4) коммуникативная; 
5) социальная. 
В XXI в. и новом тысячелетии проблемы образования становятся приоритетными во всем мире, 
так как они определяют будущее каждой страны в отдельности и планеты в целом. Перед нами стоит 
стратегическая задача воспитания образованной и ответственной личности, способной обеспечить не 
только собственное жизнетворчество, но и разумную жизнедеятельность других людей [3]. 
Современный школьник требует нового внимания, понимания со стороны взрослых и педагогов. 
Как учитель русского языка и литературы, на своих уроках я всегда ставлю цель: увидеть, разглядеть, 
не оставить без внимания всё самое лучшее, что в нём есть, и дать импульс к самосовершенствованию. 
Традиционный урок, ориентированный на процесс передачи знаний учителем и воспроизведение 
этого процесса учащимися, не способствует формированию у обучающихся познавательной мотива-
ции  к  изучению  предметов,  ограничивая  возможность  формирования  коммуникативных  и  социаль-
ных  компетенций.  Для  формирования  компетенций  необходимо  выбрать  такую  форму  работы,  при 
которой  обучающиеся  большую  часть  времени  работают  самостоятельно  и  учатся  планированию, 
организации, самоконтролю и оценке своих действий и деятельности в целом. Такую форму работы 
предлагает  педагогам  инновационный  курс  «Компетентностная  педагогика».  Педагогический  инст-
рументарий, предлагаемый учителю, нацелен на то, чтобы совместная работа с учащимися была вы-
соко результативной, так как в основу компетентностного похода к образованию положена деятель-
ность. Уметь учиться, уметь учить. 
Всем известно, что «язык — это самое великое творение человека. …» (Лев Успенский). 
Язык и литература, являясь необходимыми элементами любой нации, представляют собой один 
из каналов, с помощью которого можно получить информацию о внешнем мире и рассказать о себе. 
Стратегической  целью  обучения  другим  языкам  является  гармоничное  развитие  личности  ре-
бёнка. Это предполагает не только овладение навыками общения на изучаемом языке, в данном слу-
чае речь идет о русском языке и литературе, но и приобщение к инонациональной культуре. 
Формирование и развитие полиязычной и поликультурной личности на уроках русского языка мной 
понимается как воспитание учащегося, ориентированного через свою культуру и язык на другие, т.е. за-
интересованного в изучении русского языка и литературы и других мировых языков и культур. 
Повышению мотивации к изучению русского языка и литературы способствует иной подход к 
обучению. Это создание условий для самостоятельного усвоения знаний учащимися. 
Использование таксономии Блюма и техник из пособия «Культура умственного труда, или 101 
техника учения» показало, что ориентация учащихся направлена не на усвоение знаний, а на развитие 
познавательных  способностей  личности  и  познавательных  процессов:  различных  видов  памяти, 

Темирова А.А. 
132 
Вестник Карагандинского университета 
мышления,  внимания,  восприятия  посредством  специально  созданных  учебных  и  познавательных 
ситуаций, а также удовлетворения потребностей личности в безопасности, самоактуализации, само-
утверждении, самооценке. 
Дидактические решения, которые с успехом применяют учителя, позволяют раскрыть потенциал 
каждого  ученика  за  счет  активизации  работы  психофизиологических  механизмов,  обеспечивающих 
восприятие, анализ и систематизацию информации, а также за счет создания благоприятных психоло-
гических условий для полноценной самореализации личности. 
Востребованность тех или иных техник зависит от того, в какой степени педагоги владеют ими. 
Каждый момент урока имеет свою дидактическую цель и в её достижении учащимся помогает знание 
техник. 
Таким образом, компетентностное образование характеризуется целенаправленностью и целост-
ностью. Образовательные компетенции ученика многофункциональны, они проявляются по мере не-
обходимости в школе, в семье, в кругу друзей, в будущих производственных отношениях. 
Научить  русскому  языку — значит  сформировать  лингвистическую,  языковую,  коммуника-
тивную компетенции. 
Языковая  компетенция — способность  учащихся  употреблять  слова,  их  формы,  синтаксиче-
ские структуры в соответствии с нормами литературного языка. 
Лингвистическая компетенция предполагает более глубокое осмысление устной и письменной 
речи, ее законов, правил, структуры; умение анализировать и классифицировать языковые явления. 
Лингвистическая / языковая  компетенция — это  умение  владеть  разными  видами  речевой 
деятельности (монолог, диалог, чтение, письмо), корректно применяя системные знания иноязычного 
языкового кода для целей коммуникации. 
Коммуникативная компетенция — способность к полноценному речевому общению во всех 
сферах человеческой деятельности, с соблюдением социальных норм речевого поведения. 
Как же научить учащихся пользоваться единицами языка, применять полученные знания и уме-
ния в собственной речи, в том числе в профессионально ориентированной сфере? Развивая лингвис-
тическую, правописную, коммуникативную компетенции, я в своей работе применяю некоторые тех-
ники учения из Пособия для учащихся, студентов, педагогов и для всех тех, кто обучается на протя-
жении  всей  жизни  «Культура  умственного  труда,  или 101 техника  учения»,  составителем  которого 
является профессор Г.А.Рудик. Всем известно, что задача педагога сегодня заключается не в снабже-
нии учащегося суммой знаний, а в вооружении инструментом, который можно использовать для по-
лучения этих знаний самостоятельно. 
Предлагаю рассмотреть Карту знаний, составленную по Блюму [4]. 
Карта знаний 7 класс. Тема урока: Союз как служебная часть речи. Ученик/ца__________ 
Уровни 
Вид деятельности 
Баллы 
Ученик/ца 
Учитель 
1 2  3 

1. Знание 
I. 1. Вспомни 
1. Союз — это___________________________________________ 
Союзы, состоящие из одного слова, называются 
____________________________________________ 
Союзы, состоящие из нескольких слов, называются__________ 
Союзы не изменяются и не_______________________________ 
По значению союзы делятся на____________________________ 
Они отличаются от______________________________________ 
 
 
2. Пони- 
мание 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
II. Представь учебный материал в виде схемы «Паучок» 


жүктеу 5.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет