№2(58)/2010 Серия филология


Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде сандарды қолданудың когнитивті негіздері



жүктеу 5.04 Kb.
Pdf просмотр
бет15/17
Дата12.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде сандарды қолданудың когнитивті негіздері  
Мақалада ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі номинативті бірліктерге негізделе отырып, мазмұнында 
сандарға сарап жүргізу арқылы қоршаған ортаға əсері жан-жақты зерделенген. 
G.I.Baygunisova 
Cognitive basis of the usage of numbers in English, Kazakh and Russian languages 
In given clause on the basis of the analysis of the English, Kazakh and Russian nominative units containing in 
the names of names of numbers, the specific moments of perception of world around by carriers of the speci-
fied languages through a prism of the philosophy of a life are revealed. 

128 
ТІЛ МЕН ƏДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ   
МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ 
 
ƏОЖ 811.512.122:378.096 
Г.Х.Əбдірахманова 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Кредиттік  жүйедегі  қазақ  тілін  деңгейлеп  оқыту  тəжірибесінен 
Мақала қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің бірі болып табылатын, оқытудың көп деңгейлі жүйесіне 
арналған. Осы мақсатта деңгейлі оқытудың міндеттері, қағидалары мен ерекшеліктері қарастырылды. 
Мысал  ретінде  ҚарМУ-да  арнайы    қазақ  тілі  бойынша  оқытудың 1,2 жəне 3 деңгейлеріне  арналып 
жасалған  оқу-əдістемелік  кешендер  салғастырылды.  Нəтижесінде  деңгейлеп  оқытудың  тиімділігі 
анықталды.  
Кілтті  сөздер:  кредиттік  жүйе,  қазақ  тілін  оқыту,  деңгейлеп  оқыту,  деңгейлеп  оқыту  тəжірибесі, 
тілдерді оқыту əдістемесі, лексикалық минимум, грамматикалық минимум. 
 
Тілдерді  оқытудың  əдістемесі  ғылымында  оқытудың  тиімділігін  арттыру  үшін  көптеген  жаңа 
бағыттар іздестіріліп, олардың қорытындысында сатылы деңгейлеп оқыту əдісі енгізілгені белгілі. 
Қазір біздің университетте де осы əдістеме деңгейлеп оқыту деп енгізіліп, тəжірибеден өтуде. 
Жалпы  əдістемеші-ғалымдар  бұл  тəсілді  үш,  бес,  тоғыз  деңгей  деп  беріп  жүр.  Ал  біз  бүгінде 
кредиттік  жүйедегі  осы  үш  деңгейлі  оқыту  əдістемесімен  химия  факультеті  студенттерін  оқытып, 
тəжірибеден өткізудеміз. 
Деңгейлеп  оқытудың  басты  ерекшелігі — білім  беру,  оқыту,  үйрету  үрдісін  топтап,  жіктеп 
бөледі,  əр  деңгейдің  өзінің  лексикалық,  грамматикалық  минимумы  болады,  үйренушінің  əрбір 
деңгейдегі  білімін  өзі  бақылайды,  оқу  материалдары  бір  деңгейден  екінші  деңгейге  қарай  күрделі 
болып, яғни қарапайымнан күрделіге қарай өтіп, отырады [1]. 
Деңгейлеп  оқытудың  негізгі  принципі — тілдік  материалдарды  кəдімгі  өмір  шындығындағы 
жағдайлардың негізінде ұйымдастырып қолдану. 
Тілді кəсіби ептілікке үйрету бағытындағы жүйе 0-ден жоғары деңгейге дейін белгіленеді. 
Ал  біздің  тəжірибемізде  ол  сөйлеу  деңгейін  анықтай  отырып  топталады.  Өйткені  біздің 
студенттер — мектеп  табалдырығында  қазақ  тілін  оқып,  арнайы  бағдарлама  бойынша  үйреніп 
келгендер. Сондықтан біз алдымен 1-курс студенттерін тест жəне сөйлесім арқылы тексеріп, соның 
нəтижесі бойынша үш деңгейге бөлеміз. 
Бірінші  деңгей  студенттерінің  сөздік  қоры  аз.  Сұрақтарға  қысқа  жауап  береді.  Жай  сөйлем 
құрай  алады.  Сөйлем  құрағанда  оңай  сөздерді  қолданады.  Түсінеді.  Жауап  беруде  қиналады.  Сұрақ 
қою үшін көп ойланады. Ерекше дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Жазуда қателер жібереді. 
Екінші  деңгей  студенттері  өзі  білетін  тақырыптар  бойынша  сұрақтарға  жауап  береді.  Сөздік 
қоры  біршама  бар.  Қарапайым  сұрақтарға  еркін  жауап  береді.  Түсінуі  жақсы,  бірақ  ойын  жеткізу 
үшін  қиналады.  Өзі,  отбасы  жəне  достары  туралы  қысқаша  айта  алады.  Олар  жөніндегі  сұрақтарға 
жауап береді. Грамматикадан біршама хабары бар. Жазуда қате жібермеуге тырысады. 
Үшінші деңгей студенттері — бұл топқа көбінесе орыс тілді қазақ студенттері кіреді. Сонымен 
қатар  мектепте  қазақ  тілін  жақсы  меңгерген  студенттер  осы  топқа  бөлінеді.  Олар  өзара  сұхбаттаса 
алады. Сұрақтарға еркін жауап береді. Дыбыстауда қателесуі мүмкін. Жақсы түсінеді. Грамматиканы 
біршама жақсы меңгерген. Өз ойын толық жеткізуге тырысады, бірақ кейде қателеседі. Тез сөйлеуге 
сенімсіз.  Қарапайым  сөздермен  қатар  күрделі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  пайдаланып,  асықпай 
сөйлеуге тырысады. 
Жалпы деңгейлеп оқыту тілді қалай меңгергенін анықтап отыруға мүмкіндік береді. 

129 
Ғалым Қ.Қадашева деңгейлер арасындағы критерийді (белгіні) былай көрсетеді [1]: 
1. Деңгейлер бір-бірінен жекеленбейді, тілдік «бөліктер», олар бір-біріне өте жақын байланыста 
болады. 
2.  Деңгей  бойынша  оқытудың  ең  негізгі  бағыты — дайын  үлгідегі  жекелеген  сөздер  мен  сөз 
тіркестері арқылы ойын айтудан бастап, өзі мəтін құрып, өз сөзімен белгілі бір тақырыпты кеңейтіп, 
дамытып айтуға дейін жеткізу. 
3.  Деңгейлік  оқытудың  негізінде  үнемі  сөйлеу  іс-əрекетінің  төрт  түрі  анықталады.  Тыңдау — 
сөздік  қордың  алғашқы  қадамы,  құпиясын  ашатын  кілті.  Тыңдау  бірінші  деңгейден  бастап-ақ  іске 
асуы  керек.  Тыңдауға  арналған  мəтіндер  үйренушінің  қабілетіне  қарай  ұсынылуы  керек.  Ғалымдар 
бастауыш деңгейдің барлық сатыларында оқу мен жазуды кейінге қалдырады. 
4.  Деңгейлік  оқытуда  интервью  алу,  ақпарат  беру,  прагматикалық  төрт  сəйкестік:  ой, 
грамматика, пайымдау, сөзді қолдануға төселдіру қарастырылады. 
5. Білімін бағалау баллдық жүйемен жүзеге асырылады. 
6. Тілді үйрету деңгейі спиральді түрде жүзеге асады. 
7.  Деңгейдің  негізгі  белгілерінің  бірі — жандандыру,  яғни  көрнекілік,  оқу  материалдарын 
меңгеру,  оқу  мен  тəрбиенің  бірлігі  жəне  жүйелілік  пен  жалғастықты  үнемі  қолдану.  Фонетикалық 
минимум,  коммуникативтік  минимум,  грамматикалық  минимум,  етістік  минимум,  лексикалық 
минимум жəне оның сыртында ең қажетті міндетті іс (функция), контекст, тақырып немесе мазмұн, 
сөйлеудің дұрыстығы мен мəтін типтері. 
Біздің  тəжірибемізде  кредиттік  жүйедегі  деңгейлеп  оқыту  үшін  арнайы  оқу-əдістемелік 
кешендер  дайындалды.  Бұл  кешендер  əр  деңгейге  қойылатын  талаптарды  ескере  отырып, 
студенттердің сол деңгейдегі сөйлесімін ескере отырып жасалды. 
Химия  факультетіндегі  оқу-əдістемелік  кешенді  жасау  барысында  кəсіби  бағытқа  көп  көңіл 
бөлгенімізді айта кеткен жөн. Əр деңгейдегі сабақтарды мультимедиалық сабақ түрінде өткізу де өте 
қолайлы.  Мысалы,  кредиттік  оқыту  жүйесіндегі  тілді  деңгейлеп  үйретудің  химия  факультетіндегі 
сабақ үлгілерін қарастырайық. 
I-деңгей. 
Тақырып: Қарым-қатынас мəдениеті. Танысу. Отбасы. Туыстық атаулар [2]. 
Грамматика:  қазақ  тілінің  грамматикалық  ерекшеліктері,  сұраулық  шылаулар,  сұрау 
есімдіктері, сұраулы сөйлем, дыбыстардың жіктелуі, тəуелдік форма. 
Сұхбат-мəтін. 
Танысу. 
Лексикалық  минимум.  Сəлем!  Сəлеметсің  бе?  Сəлеметсіз  бе?  Амансыз  ба?  Амансың  ба? 
Ассалаумағалейкум,  уағалейкумассалам,  ат,  есім,  аты-жөні,  мекенжайы,  көшесі,  ықшам  ауданы, 
жұмыс орны, телефон нөмірі, ұялы телефон, ғимарат, СОӨЖ, сабақ кестесі, ауысым. Қайырлы таң! 
Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Кеш жарық! Қайырлы түн! 
 
І. — Сəлем! (Қайырлы таң!) 
 Халің қалай? 
 Мына кісі кім? 
 Бұл менің досым. 
ІІ. Танысу. 
 Танысып қояйық, менің атым — Баян. 
 Мен Динарамын. 
 Танысқаныма қуаныштымын. 
 Сен қайда оқисың? 
 Мен мектепте оқимын. 
 Мен Қарағанды мемлекеттік университетінде оқимын. 
 Өте жақсы. 
ІІІ. Қайда оқисың? 
 Амансың ба, Айнаш? 
 Хал қалай, Айнұр? 
 Сен осында оқисың ба? 
 Иə, мен химия факультетіне оқуға түстім. 
 Тамаша. Мен қуаныштымын. 

130 
VІ. Сабақ кестесі. 
 Сəуле, сабақ кестесін қайдан көруге болады? 
 Сабақ кестесі 3-қабатта, деканаттың жанында ілулі тұр. 
 Мен жазып алайын. 
V. — Жадыра, мен сабақ кестесін алдым. Аптасына алты күн оқимыз. 
 Қай ауысымда оқисың? 
 Таңертеңнен түске дейін. 
 Сабақ нешеде басталады? 
 Сағат 8 
30
-да басталады. 
 Қай ғимаратта оқисыңдар? 
 Бас ғимаратта. 
 Қазақ тілі аптасына неше рет болады? 
 Алты рет. Үш сабақ жəне үш СОӨЖ. 
 Қандай жақсы! 
VІ. Ертеңгі сабақ. 
 Ертең қандай сабақтар болады? 
 Ертең бірінші сабақ — Қазақстан тарихы. 
 Ағылшын тілі бар ма? 
 Жоқ, ағылшын тілі жұма күні болады. 
 Ертең қазақ тілі жəне менеджмент пəндері болады. 
 
Тапсырмалар: 
1. 
 Сұхбатты үнтаспадан тыңдаңыз. 
2. Біліп алыңыз: 
Ер  адамдар  бір-бірімен  «Ассалаумағалейкум»  деп  амандасады.  Бұл  сөз  «Сізге  Алланың  нұры 
жаусын» деген мағынаны білдіреді. Бұған «Уағалейкумассалам» деп жауап береді, оның мағынасы — 
«Сізге де Алланың нұры жаусын». 
3. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
 Сіздің (досыңыздың) аты-жөніңіз кім? 
 Сіз (досыңыз) қайда тұрасыз? 
 Сіздің (досыңыздың) мекенжайыңыз қандай? 
 Үй телефоны (ұялы телефон) бар ма? 
 Оқу орнының мекенжайы қандай? 
4. Кестеге таныстарыңыз туралы жазыңыз. 
 
Р/с
№ 
 
Аты- 
жөні 
Мекен-
жайы 
Үй  
телефо-
ны 
Оқу ор-
ны 
Оқу орны-
ның ме-
кенжайы 
Жұмыс 
орны 
Жұмыс 
орнының 
мекенжайы 
Ұялы теле-
фоны 

   
 
  
   

   
 
  
   

   
 
  
   
 
5. Сіз Астана қаласына конференцияға келдіңіз. Қонақ үйдегі бөлмелес адаммен танысыңыз. 
6. Сұхбаттарды жатқа біліңіз. 
 
Менің отбасым 
Лексикалық минимум: отбасы, ата, əже, əке, ана, шеше, ата-ана, аға, жеңге, сіңілі, əпке, жезде, 
қарындас, іні. 
Біз Қарағанды қаласында тұрамыз. Біздің отбасымыз үлкен. Менің атам, əжем жəне əке-шешем 
бар. Атам 65 жаста. Əжем 62 жаста. Атамның аты — Есен. Əжемнің аты — Зере. Олар зейнеткерлер. 
Ал  əкем — Қанат,  шешем — Гүлнəр.  Əкем  осы  қалада  кенші.  Шешем — дəрігер.  Менің  екі  ағам, 
əпкем жəне қарындасым бар. Үлкен ағам Серік үйленген. Ол — экономист. Жеңгем Сəуле — есепші. 
Екінші ағам — студент. Ол Алматыда оқиды. Ал əпкем Əлия мен жездем Мақсат Теміртауда тұрады. 

131 
Олар  Тұран  Əлем  банкісінде  жұмыс  істейді.  Қарындасым  Əсел  мектепте 10-сыныпта  оқиды.  Мен 
Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқимын. 
 
Тапсырмалар: 
1. 
 Мəтінді тыңдаңыз. 
2.  Мəтінді мəнерлеп оқыңыз. 
3.  Төмендегі сөздердің оқылымына, айтылымына, жазылымына көңіл аударыңыз: əже, əке, аға, 
жеңге, əпке, сіңілі, қарындас, іні. 
4.  Сызбаны пайдаланып, досыңыздың отбасы туралы əңгімелеңіз. 
5.  Еске түсіріңіз. Тəуелдік жалғау. 
 
Сөздің жекеше түрде тəуелденуі 
 Сөздің соңғы  
дыбысы 
Жақ 
Дауысты дыбыс болса 
Дауыссыз дыбыс болса 
1. Менің (-м) балам (-м) əкем (-ым) досым (-ім) үйім 
2. Сенің (-ң) балаң (-ң) əкең (-ың) досың (-ің) үйің 
2. Сіздің (-ңыз) балаңыз (-ңіз) əкеңіз (-ыңыз) досыңыз (-іңіз) үйіңіз 
3. Оның (-сы) баласы (-сі) əкесі (-ы) досы (-і) үйі 
4. Буын 
Жуан 
Жіңішке 
Жуан 
Жіңішке 
6.  Сұхбатты толықтырып, жалғастырыңыз. 
 Əсем, сенің отбасың шағын ба? 
 Жоқ, ——— отбасым ——— емес, ———. 
 Əсем, ——— атаң бар ма? 
 Иə, менің ——— бар. ——— зейнеткер. 
 Сенің ——- бар ма? 
 Жоқ, менің —— жоқ. 
7.  Көп нүктенің орнына өз туыстарыңыздың есімдерін жазыңыз: 
... — əпкемнің  үлкен  ұлы....,... — əпкемнің  қыздары.... — ағамның  кіші  қызы.... — ағамның 
ұлы.... — інімнің қызы.... — інімнің ұлы. 
8.  Бейнетаспадағы отбасы туралы жазыңыз жəне ауызша əңгімелеңіз. 
9.  Ситуациялық ойынды дамыт. Сенің досың Мəскеуден келді. Досың құрбыларыңмен отбасын-
да отыр. Танысыңыздар. 
II-деңгей. 
Тақырып: Менің отбасым. Туыстық атаулар. Визиттік карточка [3]. 
Грамматика:  Қазақ  тілінің  грамматикалық  ерекшеліктері,  сұраулық  шылаулар,  сұрау 
есімдіктері, сұраулы сөйлем, тəуелдік жалғау. 
Мəтін: 
Қарым-қатынас — белгілі бір əлеуметтік ортадағы адамдардың өзара түсіністігінен туындайтын 
күрделі  қоғамдық  үрдіс.  Қарым-қатынастың  жүзеге  асуының  бірнеше  жолдары  бар.  Соның  ішінде 
тілдік  қатынастың  орны  ерекше.  Адам  қарым-қатынасындағы  ерекше  орын  алатын  сəлемдесудің  өз 
əдебі,  жөн-жосығы  бар.  Қазақ  дəстүрінде  сəлемдесудің  бірнеше  түрі  қалыптасқан.  Мəселен,  жасы 
кішілер үлкендермен, ақсақалдармен кездескенде əдетте «ассалаумағалейкум» деп қол алысады. Оған 
жауап, яғни сəлемді қабылдау ретінде, «уағалейкумассалам» сөзі қолданылады. 
«Ассалаумағалейкум» — Ей,  бауырым!  Бейбітшілік,  тыныштық,  сенім,  бақыт,  көркем  суретте 
болған əр нəрсе сенікі болсын дегені. «Уағалейкумассалам» — өзіңізге де тыныштық, бақыт болсын 
дегені. 
«Сəлем»  сөзі  негізінен  арабша,  бой  ұсынушылықты,  бейбітшілікті,  сенімді  баяндайтын 
мағынадан  тұрады. «Сəлем» — адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты,  достықты,  адалдықты 

132 
арттыратын құралдың бірі. Сəлем — алғанның да, сəлем бергеннің де қауіпсіздікте болатындығының 
кепілі. 
Көптен кездеспеген ағайын-туыс, аға-іні, құда-жекжат, дос-жаран құшақтасып амандасады. 
Менің отбасым 
Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда жеті адам бар. Олар: атам, əжем, əкем, шешем, 
апам, ағам, қарындасым жəне мен. 
Менің  əкем  Қарағанды  қаласындағы  Диагностикалық  орталықта  дəрігер.  Шешем — № 23 
мектепте  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  пəнінің  мұғалімі.  Əпкем — техникумда  оқытушы.  Ол  əлі  тұрмыс 
құрған  жоқ.  Ағам  жұмыс  істейді.  Ол — Теміртауда  металлургия  зауытында  бас  есепші.  Ағам 
үйленген. Жеңгем Халық банкінде менеджер болып қызмет атқарады. Қарындасым Жайна мектепте 
9-сыныпта  оқиды.  Ағамның  екі  баласы  бар — Қанат  жəне  Самат.  Олар  да  мектепте  оқиды.  Мен 
Қарағанды мемлекеттік университетінде химия мамандығында оқимын. Менің атам жəне əжем ауыл-
да тұрады. Олар бірнеше жылдан бері зейнеткерлер. Менің басқа да туыстарым көп. 
Тапсырмалар: 
1.  Жаңа  сөздерді  оқып,  есте  сақтаңыз,  жазып  алыңыз:  орталық,  əлі,  тұрмыс  құрған  жоқ, 
үйленген, бас есепші, туыстарым, бірнеше жылдан бері. 
2. 
Мəтінді тыңдаңыз. 
3.  Мəтінді мəнерлеп оқыңыз. 
4.  Мəтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз. 
5.  Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: дəрігер, мұғалім, есепші
6.  Тəуелдік формадағы сөздерді теріп жазыңыз. 
7.  Досыңызбен отбасы туралы сұхбат құрыңыз. 
8.  Берілген сөздердің сыңарларын табыңыз. 
 
 
 
9.  Сұхбатты оқыңыз, аударыңыз. Онда не туралы айтылған? 
 Апа, қазақта «Əр адамның үш жұрты бар», — дейді ғой. Ол не деген сөз? 
 Үш  жұрт  деген:  бірінші — өз  жұрты  (əкеңнің  туыстары),  екінші — нағашыларың  (анаңның 
туыстары),  үшінші — қайын  жұрт  (болашақ  əйеліңнің  туыстары  немесе  қыз  балаға — 
күйеуінің туыстары). 
 Енді түсіндім. Рахмет. 
10. Отбасы туралы жəне туысыңыздың үш жұрты туралы толық əңгімелеп беріңіз. 
11. Досыңызға өзіңіз, отбасыңыз туралы хат жазыңыз. 
 
әп-
ке 
ата 
қарын-
дас 
жеңге 
іні 
жез-
де 
әже 
аға 
Нәтиже АРТ 
«Нәтиже АРТ» шығармашылық тобы 
Тойбекова Асыл 
Өндіріс және өткізу менеджері 
тел/факс: 8 (7212) 43 29 41 
үй тел. 8 (7212) 50 99 22 
е-mаіl: АРТ grооpе@tор mаіl. kz 

133 
12. Төмендегі визиткамен танысыңыз. Өзіңіздің визиткаңызды дайындаңыз. 
III-деңгей. 
Тақырып: Қарым-қатынас мəдениеті. Отбасы. Туысқандық. Достық. Жолдастық [4]. 
Грамматика: Сын есімдер. Антоним. Омоним. Синоним 
 
Мəтін: Қарым-қатынас мəдениеті. Достық. Жолдастық 
Халқымыздың  дамуында,  халық  болып  қалыптасуында  қарым-қатынас  мəдениетінің  алатын 
орны  ерекше.  Қарым-қатынас — белгілі  бір  əлеуметтік  ортадағы  адамдардың  өзара  түсіністігінен 
туындайтын  күрделі  қоғамдық  үрдіс.  Қарым-қатынастың  жүзеге  асуының  бірнеше  жолдары  бар. 
Соның ішінде тілдік қатынастың орны ерекше. Себебі адамдар бірінің айтқан сөзін екіншісі жай білу 
ғана  емес,  олар  бір-бірімен  түсінісу  үшін  қарым-қатынастық  бірлікке  ұмтылады.  Адам  қарым-
қатынасындағы ерекше орын алатын сəлемдесудің өз əдебі, жөн-жосығы бар. Əр халықтың сəлемдесу 
үрдісінде өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, айн халқы /Хоккайда аралында тұратын халық/ бір-
бірінің  құлағынан  ұстап  амандасса,  самоастар  бір-бірінің  беттерін  иіскеу  арқылы  сəлемдеседі. 
Сонымен  қатар  лаонга  қауымы  қол  соғу  арқылы,  үнділер  екі  алақанын  біріктіріп,  бас  ию  арқылы 
амандасады. Осының бəрі əрбір ұлт мəдениетінің ерекшелігін көрсетеді.  
Мəтін. Отбасы жəне менің туыстарым (күрделі мəтін беріледі). 
Мəтін. «Дос», «жолдас» ұғымдары (толық беріледі) [5]. 
Тапсырмалар: 
1.  Жаңа  сөздерді  оқып,  есте  сақтаңыз,  жазып  алыңыз:  əлеуметтік,  түсіністік,  əдеп,  ақсақал, 
бейбітшілік,  орталық,  əлі,  тұрмыс  құрған  жоқ,  үйленген,  бас  есепші,  туыстарым,  бірнеше 
жылдан бері. 
2.  Мəтінді тыңдаңыз. 
3.  Мəтінді мəнерлеп оқыңыз. 
4.  Досыңызбен қарым-қатынас мəдениеті, отбасы туралы сұхбат құрыңыз. 
5. «Дос», «жолдас»  ұғымдары  мəтінін  оқып,  пікіріңізді  айтыңыз.  Өзіңіздің  досыңыздың  жақсы 
қасиеттеріне тоқталыңыз. 
6. Мына сөздердің қандай баламасы бар? Жазыңыз. 
Ана —  
Ата-ана —  
Тұрмысқа шығу — 
Əпке —  
Туысқан —  
Жұмыс істеу — 
Бөбек —  
Үй иесі —  
Туылды — 
7. Отбасы мүшелерінің жағымды, жағымсыз мінездерін сипаттайтын сын есімдерді топтап, екіге 
бөліңіз. 
8. Мына кестеге туыстық атауларды толтырыңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
9. Мына  сөздердің  сөздіктен  аудармасын  табыңыз:  немере,  келін,  жеңге,  жиен,  тума,  ағайын, 
күйеу бала, балдыз, құда, құдағи, нағашы апа, нағашы аға т.б. 
10. Төмендегі  нұсқаны  пайдаланып, «Кім  жақын?  Не  қымбат?  Не  қиын?»  Қазыбек  бидің 
жауаптарын айтып көріңіз. Мына сөйлемдердің екінші сыңарларын табыңыз: 
 
«Кім жақын?» 
Тату болса —  
1) Апайың жақын 
 2) 
Ағайын жақын 
 3) 
Досың жақын 
Ақылды болса —  1) Інің жақын 
Отбасы 

134 
 2) 
Туысың жақын 
 3) 
Нағашың жақын 
Сыйлас болса —   1) Шөберең жақын 
 2) 
Келінің жақын 
 3) 
Нағашың жақын 
Өз ұрпағың —  
1) Шөберең жақын 
 2) 
Досың жақын 
 3) 
Əйелің жақын 
 
«Не қымбат?» 
Алтын ұяң —  
1) Атаң қымбат 
 2) 
Анаң қымбат 
 3) 
Елің қымбат 
Мейірімді —  
1) Апаң 
 2) 
Атаң 
 3) 
Жерің 
Туып-өскен —  
1) Жерің 
 2) 
Атаң 
 3) 
Елің 
 
«Не қиын?» 
Таусылмайтын —  1) Сөз 
 2) 
Дау 
 3) 
Дерт 
Өзің түскен —  
1) Серт 
 2) 
Жау 
 3) 
Дерт 
Жазылмаса —  
1) Серт 
 2) 
Дерт 
 3) 
Дау 
 
11. Сіз өзіңіздің жеті атаңызды білесіз бе? Олардың атын үлгіге қарап жазыңыз: бала, əке, ата, 
арғы ата, баба, түп ата, тек ата. 
 
Осы  үш  деңгейдегі  оқытуды  салыстырып  қарастырсақ,  əр  деңгейдің  принциптерін  сақтай 
отырып,  берілетін  сөздердің  күрделілігіне,  сұхбаттардың  шағындығына,  ұзақтығына,  мəтіннің 
құрылымына ерекше көңіл бөліп отыру керек. 
Жоғарыдағы  үлгіде  бірінші  деңгейде  шағын  сұхбаттар  алынып,  студенттердің  сөйлесімін 
жеңілдетуге  тырыстық.  Сонымен  қатар  берілген  мəтіннің  сөздері  оңай  айтылатын,  сөйлемдері 
қарапайым. Екінші деңгей мəтіні одан күрделірек. Үшінші деңгейде əдеби сөздерді көбірек қолдануға 
тырыстық. 
Мысалы, бірінші деңгей — шағын сұхбаттар, берілген тапсырмалары жеңіл. 
Екінші  деңгейде,  мысалы,  туыстық  атауларға  мына  сөздер  алынған:  ата,  əже,  əке,  бала,  ана, 
шеше, ата-ана, аға, жеңге, сіңілі, əпке, жезде, қарындас, іні, бауыр т.б. 
Үшінші  деңгейде  осы  сөздермен  қатар:  немере,  жиен,  ағайын,  тума,  келін,  күйеубала,  балдыз, 
құда, құдағи, нағашы аға, нағашы апа т.б. сөздері қоса берілген. Сол сияқты жеті ата, Қазыбек бидің 
шешендік сөздерінен мысалдар келтірілген. 
Осы  сияқты  əр  деңгейдегі  сəлемдесудің  түрлері  жеңілден  күрделіге  қарай  дамып  отырады. 
Тапсырмалар да сұхбаттар мен мəтіндерге байланысты жəне қосымша сөйлету мақсатында беріледі. 
Бұл сабақтарда орындалған жұмыстардан басқа оқу-əдістемелік кешендегі (ОƏК) тақырыптарға 
сай  қосымша  студенттердің  оқытушымен  бірге  орындайтын  тапсырмалары  беріледі  (СОӨЖ).  Сол 
сияқты  осы  тақырыптар  бойынша  студенттер  өздік  жұмыстар  орындайды  (СӨЖ).  Аралық  бақылау 
тестік тапсырмалар арқылы жүргізіледі. Бұл тапсырмалар  əр  деңгейге  арналып  бөлек  жасалады. Ал 
қорытынды  білімді  бақылау  оқытудың  төрт  əрекеті — жазылым,  оқылым,  тыңдалым,  сөйлесім 
арқылы ауызша формада болады. 
 

135 
Əдебиеттер тізімі 
1  Қадашева Қ.Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді əдістемелері. — Алматы: ҚазМЗА, 2000. — 167 б. 
2  Айтбаева Б.М., Əбдірахманова Г.Х. Қазақ тілі ОƏК. Бастапқы деңгей. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. — 101-б. 
3  Айтбаева Б.М., Əбдірахманова Г.Х. Қазақ тілі ОƏК. Орта деңгей. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. — 102-б. 
4  Айтбаева Б.М., Əбдірахманова Г.Х. Қазақ тілі ОƏК. Жоғары деңгей. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. — 116-б. 
5  Мырзабаев А.Б. Оқушылар шығармашылығын дамыту. — Қарағанды: Санат, 2002. — 192-б. 
 
 
 
Г.Х.Абдрахманова  
Из опыта многоуровневого обучения казахскому языку по кредитной системе 
Статья  посвящена  одной  из  актуальных  проблем  сегодняшнего  дня — многоуревневой  системе 
обучения.  Рассматриваются  задачи,  принципы  и  особенности  уровневого  обучения.  В  качестве 
примеров  автор  сопоставляет  учебно-методические  комплексы  по  казахскому  языку,  специально 
разработанные  в  КарГУ  для 1, 2 и 3 уровней  обучения.  В  результате  определяется  эффективность 
уровневой системы обучения. 
G.Kh.Abdrakhmanova 
From experience of multilevel Kazakh language teaching in the credit system 
Article is devoted to one of the most pressing issues of our day — tiered system of education. According to 
this purpose, the objectives, principles and some features of tier education. As an example, in the article the 
educational-methodical complexes on the Kazakh language are being compared, they are specially designed 
in KSU for the 1st, 2nd and 3d levels of learning. As the result, the effectiveness of tiered system of education 
is determined. 
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет