№24 С. Ерубаев атындағы лицей мінездемесі



жүктеу 0.71 Mb.
бет1/17
Дата13.05.2022
өлшемі0.71 Mb.
#19849
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
практика пример Мырқат А
Шалдар Алтынай Диплом 2022ж, Кәсіптік окыту әдістемесі лекция

МАЗМҰНЫ



1

Кіріспе

10

2

№24 С.Ерубаев атындағы лицей мінездемесі

11

3

Жеке тапсырма: Гобелен тоқу технологиясы

12

3.1

Қолөнерді халық тұрмысында пайдалану ерекшеліктері

19

3.2

Гобеленнің тарихы және матаның композициясының ерекшеліктері

21

3.3
3.4
3.5
3.6
3.7
4

Гобелен маталарының құрамы
Гобеленмен қапталған матаның негізгі артықшылықтары
Матаны күту гобеленінің ерекшеліктері
Гобелендерге күтім жасау ережелері
Ашық сабақ: Бұйым өру
Қорытынды

22
23
24
28
30
44

5

Қолданылған әдебиеттер тізімі

45

6

Қосымшалар




КІРІСПЕ
Университеттің №137-28/273 бұйрығына сәйкес, дипломалды практикамды 2021 жылдың 22 наурызынан 30 сәуір аралығына дейін Шымкент қаласы №24 С.Ерубаев атындағы лицейінде өттім. Дипломалды практика кезінде №24 С.Ерубаев атындағы лицейінде оқу орнымнан алған теориялық және тәжірибелік білімдерін бекіту, сондай-ақ нақты мамандық бойынша еңбек нарығына бейімдеу мақсатында жүзеге асырылады. Тек ұзақ мерзімді практикада студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз білім алу факторы туындайды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешеді. Студенттердің іс-тәжірибесі жоғары оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады. Болашақ маманға университет қабырғасында білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет.


Диплом алды практиканың мақсаты ретінде ғылыми кәсіби мамандандырылудағы білімдер мен дағдыларды тереңдету, кәсіби функцияларға байланысты жаңа білімдерді игеруін, мақсатты алдына қою және міндеттерді шешу икемдерін іздеу қабілетін, оларды шешу үшін игерілген ғылымдардың әдістерін пайдалану қабілетін дамыту болып табылады.
Ғылыми-зерттеу сипаттағы міндеттер мәдениеттанулық пәндердің ішінен бәр пән бойынша нақты дипломдық тақырыпты дайындау және орындау үрдісінде іске асырылады.
Практиканың ғылыми-зерттеу бағыты студентті дипломдық жұмысты орындауға дайындаудан, жұмыстың тақырыбын таңдау және нақтылау үрдісін ұйымдастырудан, зерттеу материалын жинақтаудан, негзгі әдебиетті жүйелеуден, жұмыстың жалпы логикасы мен концепциясын анықтаудан, жұмыстың толыққанды жоспарын құрастырудан, зерттеу жұмысты қолжазбалық нұсқада орындау бойынша студентті ұйымдастырудан құралады. Практикаға жіберілген әрбір студент диплом алды практика бойынша бекіту конференцияда практика бағдарламасына сәйкес жалпы және жеке тапсырма алады. Практика бойынша бекіту конференцияны кафедра меңгерушісі практиканың басталуына дейін бір жұма бұрын өткізеді.
Жалпы тапсырма дипломдық жұмысты дайындаудың қажетті параметрлерін: жұмыстың әдіснамалық базасын, жұмыс идеясының пәндік мазмұнын, жұмыстың ғылыми аппаратын сипаттауды қамтиды. Жеке тапсырма орындалатын жұмыс тақырыбының ерекшелігімен анықталынады.
Практиканың аяқталуынан кейін дипломдық жұмсытарды алдын-ала қорғау ұйымдастырылады, мұнда студенттер өз жұмысының қорғауға дайындығы туралы есеп ұсыну керек.

жүктеу 0.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет