23 желтоқсан


Шет мемлекеттер мен халықаралық



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата19.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5

Шет мемлекеттер мен халықаралық 

ұйымдардың 

байқаушыларын аккредиттеу туралы

21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сай-

лау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 

депутаттары мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына шет 

мемлекеттер мен халықаралық ұйымның тағы 14 байқаушысын 

аккредиттеді.

Қазіргі сәтке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер 

министрлігінің ұсынуы бойынша барлығы 61 байқаушы аккредит-

телді.

Олардың 46-сы – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының, 11-і – ТМД-дан 



байқаушылар миссиясының өкілдері, 4-еуі – шет мемлекеттердің 

байқаушылары.



Ортсайлаукомға келіп түскен өтініштер туралы

2011 жылғы 16 қараша мен 21 желтоқсан аралығындағы 

кезеңде Ортсайлаукомға 56 өтініш келіп түскен. Олардың 38-і –  

сайлау науқанының әртүрлі аспектілері бойынша өтініштер, тағы 

14-і сайлау комиссияларының, сайлау үдерісіне қатысушылардың 

және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты. 



Қазақстан Республикасының

Орталық сайлау комиссиясы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№227 (679) 23.12.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Аңдардың кейбірі неге ұйықтамайды?



Қыста неге аңдардың кейбіреулері ұйықтайды, ал кейбіреулері ұйықтамайды? 

Жасұлан ЕРЛІК, Талғар қаласы

Аңдардың қысқы ұйқыға кету құбылысы – 

табиғаттың үлкен құпияларының бірі. Нақтырақ 

айтқанда, бұл механизм ғалымдарға аз-кем 

түсінікті болғанымен, «ұйықтайтындардың» 

таңдалу принципі мүлде жұмбақ. Мысалы, тиін 

тұқымдастарға жататын суыр мен сарышұнақ 

індерінде жарты жылдап ұйықтаса, тиіндердің 

өздері қыста сергек те тың жүреді. Табиғатта 

мұндай мысалдар көптеп кездеседі. 

Аңдар ғана емес, құстар мен ұсақ жәндіктер, 

бауырмен жорғалаушылар және ірі сүт қорек-

тілер арасында да қыста ұйықтайтындары 

кездеседі. Жалпы, теориялық тұрғыдан алғанда, 

жануарлардың барлығы, сондай-ақ адам да 

ұйқыға кете алар еді. Мысалы, кемірушілер 

отбасына жататын кішкентай жануарлардың 

кейбірін зертхана жағдайында, сусыз, тамақсыз, 

қараңғы әрі суық бөлмеге қамап қойса да, ұзақ 

ұйқыға кетеді. Ал ұйықтап жатқан суырдың 

жүрек соғысы әдеттегі 200-300-ден минутына 

1-4-ке дейін түседі, бір сағат бойы бір рет те 

тыныс алмай жата береді, ал мидағы қан 

айналысы шамамен 90 пайызға төмендейді. 

Қатып жатқан хайуанат денесінің қатты әрі суық 

болатыны соншалық, ол сырттай қарағанда түкті 

тасқа ұқсайды. 

Табиғи шырша пайдалы ма?



Жаңа жылды шыршамен қарсы алуға 

тырысатынымыз белгілі. Естуімше, үйге қойылған 

табиғи шырша тек әдемі ғана емес, сонымен бірге 

пайдалы көрінеді. Себебі қылқан иісі организмге 

жағымды әсер ететін болса керек.

Нұрғанат ДӘУРЕНБЕК, 

Талдықорған қаласы

Ертеде шыршаның қыл-

қаны үйдің ішін зарар-

сыздандыру үшін пайда ла-

нылған. Өкпе ауруына шал-

дыққандарды шыршаның 

бұтақтарын жағып, соның 

түтінімен аластап емдеп, ал 

ауыр науқастар жатқан үйдің 

еденіне шырша қылқанын 

төсеп тастайтын болған. 

Шыр 


ша құрамында эфир 

майлары мен анти бактериал-

дық қасиетке ие, биологиялық 

белсенді табиғи заттар бар.



«Әлемнің жеті кереметінен» қалыспайтын небір кереметтер 

Жамбыл облысында да табылады. Жуырда облыстық мәдениет 

басқармасы облыс аумағында орналасқан ғажайыптарға арнап 

арнайы байқау өткізген болатын. Жалпыхалықтық дауыс беру 

арқылы өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша облыстың 

басты кереметі болып Хибатулла ат-Тарази мешіті танылды. 

Керекуліктер жас жұбайлардың қол ұстасып, неке қияр 

күні жасайтын рәсімдерін өзгертіп, мазмұн жағынан байытып 

отырғанды ұнатады. Мәселен, биыл Ертіс өзені үстіндегі көпірге 

«махаббат құлып сияқты берік болсын» деген ниетпен құлып ілу 

дәстүрі енгені белгілі. 

Белгілі көсемсөз шебері, қарымды қаламгер, республикалық 

«Нұр-Медиа баспа үйі» ЖШС директоры, «Дала мен қала» 

газетінің бас редакторы Сапарбай Парманқұлов Кентау қаласының 

құрметті азаматы атанды. Қаламгерге бұл құрмет белгісін 

Алматыдағы арнайы кеште «Президент және Халық» газетінің бас 

редакторы Марат Тоқашбаев пен белгілі кәсіпкер, Алматы Сауда 

палатасының президенті Ізбасар Бозаев салтанатты түрде табыс 

етті.

Байқауда «бағын сынауға» бұдан 

бөлек, алты бірдей ғажайып нысан да ұсы-

нылған болатын. Олар XI ғасырда тұрғы-

зылған «Айша бибі» кесенесі, Ақыртас, 

Қарахан мавзолейі, қорғандары мен 

балбалтастарымен таңғалдыратын Меркі 

ғибадатханасы, Көксай шатқалы, XVIII 

ғасырда тұрғызылған Ақ кесене бар. Сан 

ғасырлар сорабынан өтіп, бүгінге жеткен 

ғажайыптардың бәрін де 2009 жылы 

тұрғызылған облыстың бас мешіті басып 

озып кетті. Облыс тұрғындары өзіне ұнаған 

кере мет деп санайтын нысанын ұсынуға 

мүм кіндігі бар болатын. Байқауды ұйым-

дас тырушылардың  айтуынша,  200-ден 

астам кереметке ұсыныс түскен. Байқаудың 

қорытындысы бойынша альбом шығару 

қолға алынбақ. Оған сондай-ақ «Жерұйы-

ғым – Жамбылым» атты байқауда жүлдеге 

іліккен еңбектер де енгізілмек. Бұл байқау 

әдеби, мәдени, бейнелеу өнері мен музы-

ка лық шығармаларға арналған болатын. 

Оның жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар 

та бысталды. 

Гүлжан КӨШЕРОВА

Бұл да үйреншікті жайтқа айналып бара 

жатыр еді, алайда той дәстүрлері тағы да 

жаңғырды: бұдан былай жастар жақында 

ғана тұсауы кесілген «Мәңгілік махаббат» 

ескерткішіне барып, гүл қоятын болады. 

Бұл ескерткіш Павлодар қаласының Усол 

шағынауданындағы саябақта орналасқан. 

Екі метрлік арканың ортасында күнге қарай 

қанат қаққан қос тырна бейнеленген 

ескерткіш темірден қақталып жасалған. 

«Мәңгілік махаббат» мүсіндік компози-

циясын қала тұрғындарына «Құс жолы» 

қайырымдылық қоры тарту етті. 



Жанаргүл ҚАДЫРОВА, 

Кереку

Сапарбай Нұрпейісұлы осынау мәрте-

белі марапатқа кіндік қаны тамған қаланың 

рухани өміріне қосқан зор үлесі үшін, 

сонымен бірге республикалық кеңістіктегі 

мәдени-қоғамдық құбылыс тарға қажырлы 

араласып, мінсіз еңбек етіп, шығармашылық 

сүбелі табыстарға жеткені үшін ие болды. 

Бұл ретте Кентау қаласының әкімі Нұржігіт 

Қалмұрзаев: «Бұл мәртебе қаламы қа-

рымды публицист жазушының әлеуметтік 

өмірге, халықтың мәдениеті мен рухани 

байлығына қосқан ерекше еңбегі үшін 

мәслихаттың шешімімен беріліп отыр», – 

дейді. 

Бала кезінен-ақ «Қазақстан пионері», 



«Лениншіл жас» газеттерінде қаламын 

шыңдаған Сапағаң бүгіндері отандық жас 

журналистердің бір буынын тәрбиелеп, 

ұлттық көсемсөзде өзіндік мектеп қалып-

тастырып отырған кәсіби сөз зергері екені 

анық. 


Бірдің емес, мыңның ықылас-нұрына 

бөлену – қашанда халқы үшін еңбек еткен 

адамға ғана тән атақ-абырой. Асылы, ел 

сенімін арқалаудың өзі азаматтың бары 

мен нары, ары мен иманының тазалығына 

тікелей байланысты болса керек. Ендеше, 

біз де «Дала мен қала» газетінің көшін өрге 

сүйреп келе жатқан қарымды қаламдас 

ағамызды биік атақтарымен құттықтап, 

жаңа белестерден көріне беруіне тілектестік 

білдіреміз. 

Серік ЖҰМАБАЕВ

БАЙҚАУ


РӘСІМ

МЕРЕЙ


Жамбыл облысының 

«жеті кереметі»

«Мәңгілік махаббат» 

ескерткіші ашылды

Сапарбай Парманқұлов  

Кентау қаласының 

Құрметті азаматы атанды

«Біз сізді сағындық қой, қайран Зеке!»

ТАҒЗЫМ


Әні мен күйі шалқыған, сыры мен 

жыры тасыған ғажайып сұлу сахара – 

Атырау өл кесінде дүниеге келген Зейнолла 

Қабдолов тірі болса, бұл күнде, яғни 

желтоқсан айының 12 жұлдызында сеңгір 

сексеннің төртеуіне келер еді. Осыдан бес 

жыл бұрын, 2006 жылдың 26 маусымында 

бұл дүниемен қоштасып, алыс сапарға 

аттанған заңғар тұлғаның алып бейнесі 

қазақ халқының мәңгі жадында. 

Елімізде Зейнолла Қабдоловты еске 

алып, мәңгілік мұрасын жаңғырту мақ-

сатында көптеген іс-шаралар атқарылып 

келеді. Солардың бірі – М.Өтемісов атын-

дағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни-

верситетінде өткен «Біз сізді сағындық қой, 

қайран Зеке!» атты әдеби-танымдық кеш. 

Барады ғұмыр ағып,

Сан алаудың бірі өшіп, бірі жанып.

Бірақ менің әлемдей көңілімде,

Сен шырақсың, мәңгілік 

нұры жарық, – деп ақын ағамыз 

жырлағандай, әдеби-сазды 

кешке Қабдолов сынды ұлы 

ғұлама ның алдын көріп, тәлімін 

алған шәкірт терінің, Зейнолла 

ағаның ең жақсы іні лерінің бірі 

университет ректоры, академик 

Асхат Сәлімұлы Иманғалиев 

кеш шымыл дығын ашып, сөз 

зергері жайында сүбелі ойы мен 

әдемі естеліктерімен бөлісті. 

Қазақ тілі мен әдебиеті бөлі-

 мінің студенттері дайын даған 

«Менің Әуезовім» атты әдеби 

композиция кеш шы 

райын 

кіргізді.



Әр ортаның жарық жұлдызы 

секілді төңірегіне шұғыла ша-

шып, жарқырап тұратын ай-

рықша асыл тұлғаның бейнесін 

Зейнолла Қабдолов сынды ұлы 

ғұламадан, заңғар жазушыдан 

көруге болады. Асылы – 

алтынның сыны ғындай, ескінің 

сарқытындай болған зама-

нының сөз зергері, сан мың-

даған ұлыларды тәрбиелеп 

шығарған ұлағатты ұстаз З.Қаб-

доловтың өнегелі өмірі мен 

өміріне арқау еткен туындылары 

ұрпаққа үлгі. 

«Ер есімі – ел есінде» деп 

жанұшыра жанайқайға баспай, 

жүрек таразысына салып, 

санамызды саралап қараған 

күннің өзінде Зейнолла Қабдоловтың 

заман көлеңкесінде қалмай, ғасырмен 

бірге жаңарып, ғасырмен бірге жасарып, 

ғасырмен бірге жасап келе жатқан ғұмырлы 

мұрасының салмағын бағамдау бұл кейінгі 

ұрпақтың еншісіне тиетін үлес екендігін 

аңғарамыз. Ұлыларын ұлықтауды қашанда 

өзіне парыз санаған саналы ұрпақтың өсіп 

келе жатқаны – көңіл қуантарлық 

жағдай.

Қазақ әдебиетінің дамуына өзінің 



сүбелі үлесін қосқан Зейнолла Қабдолов 

ағамыз қашанда адами арлы қалыптан 

айнымай өткен нағыз Азамат бейнесінде 

де халықтың жадында ғасырлар бойы 

сақталмақ. Ел тарихында есімдері алтын 

әріптермен жазылуға лайық тұлғалы 

талант тардың талайымен аралас-құралас, 

дәмдес болғанының өзі заңғар жазушының 

қасиеті мен көрегендігін көрсетіп тұрғаны 

анық. Ерлерін ардақтаған елдің ұлы ретінде 

осы кештің ұйымдастырушысы, БҚМУ 

профессоры Серікқали Шарабасов ұстазы 

жайында сырлы әңгімелерін ортаға салып, 

саңылауы бар санаға ұғымды етіп жеткізген 

ұлы сөздерін жолдады. Университеттің жас 

ақын қызы Мұрсалова Жұмагүл кеш бары-

сында ақын рухына арнап «Айналайын» 

атты өз өлеңін оқыды.

Көсемсөздің зергері, сұңғыла ойдың 

сардары Зейнолла Қабдолов – халқына 

шын жаны ашып, елім деп еміреніп өткен 

есіл ер, жан азабынан ар азабын жоғары 

қойған абзал азамат. Бұл кеште біздер 

ұлылықтың өзін көрмесек те, көзін көріп, 

тәлімін алған жандармен жүздескендейміз. 

Өзінің мағыналы да мазмұнды өмірінде 

артына өшпестей мұра қалдырған 

Зейнолла ағамыздың рухына бағышталған 

әдеби-танымдық кеш осындай әдемі 

әңгімемен, әуезді әнмен аяқталды.

 

Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА,

БҚМУ-дың баспасөз хатшысы

Қазақ мемлекеттігінде 

аталықтардың маңызы зор болған 

– Арыстан, барқы, нияздар қай хан-

дардың аталығы болды екен?

– Алтайдан тарайтын сайдалы деген 

рудан Арыстан аталық туады. Ол кезінде 

Хақназар ханның аталығы болған. Одан 

кейін Арыстанның ұрпағы Барқы Тәуке 

ханның аталығы болған. Ал Барқының 

ұрпағы Нияз батыр Әбілмәмбет ханның 

аталығы екен. Сонда бұл институттың 

көне лігі сондай – сонау Хақназар ханнан 

бас тау алады деген сөз. Былайша айтқанда, 

бір әулеттен тараған аталықтар институты 

300 жылдай уақытты қамтыған көрінеді. 

Өкінішке қарай, біз осыны әлі күнге дейін 

білмей келдік. 



– Не себепті?

– Өйткені бізде хандық жүйе жойылды. 

Бізді отарлау үшін, жою үшін тарихи сана-

ны жою керек болды. Сондықтан да хан-

дарды алауыз, бір-бірімен қырықпышақ 

етіп көрсетті. Хандардың өзі тарихи сахна-

дан жойылып жатқанда, аталықтар тіптен 

жоғалды десек те болады. Қазіргі кезде 

ата лықтар әулетінің жарыққа шығуы ар-

қылы қазақ тарихына қан жүгіріп, жан кіре 

бастайды.

– Омар аға, осы жақында елімізге 

белгілі тарихшы Жамбыл Омаридің 

«Аталықтар әулеті: Арыстан, Барқы, 

Нияз» деген кітабы жарық көрді. Сол 

кітаптың тұсаукесерін өзіңіз басқарып, 

жүргізген едіңіз. Соған қарағанда, бұл 

кітап сізге жақсы таныс болар деп ой-

ладық. Осы орайда, «аталықтар инс-

титуты деген не?» деген сұрақ туын-

дайды. Сондықтан да ең әуелі «аталық» 

дегенді түсіндіре кетсеңіз. 

– Жалпы, біз бұрын «аталық» деген 

сөзді хандардың баласын тәрбиелейтін 

адам деген ұғыммен байланыста ғана 

қабылдап келдік. Оны да көп адам біле 

бермейтін. Ал мына төл мәдениетімізден 

ажыраған жаһандану заманында «аталық» 

сынды көне атауларды санада жаңғырту 

қиынның қиыны болайын деп тұр.

Жамбыл Омаридың айтуынша, ата лық-

тар институты сонау көне заманнан бері келе 

жатыр. Аталық мәртебесіне жүз дің белді, 

белгілі деген рулары ие болады екен. Қазақта 

«Арғын болсаң алтай бол, алшын болсаң, 

адай бол...» деген сөз бар. Осы сөздегі 

руларға неге ерекше ба сым дық берілді екен 

деген сұраққа көп тен бері жауап таппай жүр 

едік. Неге аға баласы арғын ішіндегі алтай 

атасын осын дай деңгейге көтердік деген 

сұрақ көкейді тесетін. 

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің «Қазақ 

шежіресінде»: «Тышқанның да сәуірі бола-

ды деседі. Алтай арғынның сәуірі болады 

екен», – дейді. Біз ғылыми сөздіктерден 

осын дағы «сәуір» сөзін қарап едік. Сөйтсе, 

«сәуір» сөзі араб тілінен аударғанда «бұқа» 

және «торпақ шоқжұлдызы» деген мағы-

наны береді екен. Сонда арғынның мық-

тысы, «бұқасы» болған алтай руынан ата-

лықтар шығуына байланысты осындай 

мәртебеге көтерілген деген тұжырым шы-

ғады. Ал аталықтар ханның қалқаны бол-

ған, баласын тәрбиелеген, былайша айт-

қанда, ханның бас уәзірі, кеңесшісі қыз-

метін атқарған, тек сыртқы ғана емес, ішкі 

саясатына да, одан қала берді хан сарай-

ының ішкі жұмыстарына да араласып 

отырған. Хан аталықтарын дипломатиялық 

қарым-қатынастарына да жұмсаған. Қыс-

қасы, аталықтар ханның жолында ісін, 

күшін сарп еткен. 

ТАНЫМ


– Аталықтар институтына ұқсас ин-

ституты бар елдер бар ма? Әлде 

мұндай институт бізде ғана ма?

– Мұндай институт жапондарда да бар. 

Оларда да императорға берілген, пат ша 

үшін жанын пида ететін рулар болған. 

Олар император жолында өздерін құрбан

-

дыққа шалуға дейін барады. Сондай жан-



кештілік танытқан бізде осы аталықтар 

әуле ті екен. Жалпы, кітаптың жарық көруі 

тарихымызға үлкен жаңалық әкеліп отыр. 

– Еңбек, негізінен, қандай дерек-

терге сүйеніп жазылған?

– Бізде кеңестік кезеңде тарихымыз 

көбіне орыстың, араб-парсының жазбала-

рына сүйену арқылы жазылатын. Бұл кі-

тапта да араб-парсы жазбаларына сүйене-

ді, бірақ мұнда қазақтың төл шежіресі мен 

ауыз әдебиетіндегі деректер бірінші орын-

ға қойылған. 

Қазақ тарихының да өзіндік дәстүрі 

бар. Ол түрік шежіресін жазған сонау Әбіл-

ғазыдан, Қадырғали Жалайридан бастау 

алып, Мәшһүрдің шежіресімен жал ғасын 

табады. Міне, осылардың еңбе

 

гі, яғни ше-



жі ре мен ауыз әдебиетке негіз делген тарих 

қазақтың дәстүрлі тарихы атанды. Сол 

дәстүрлі тарихтың ең соңғы өкілі Ермахан 

Бекмаханов еді. Бекмаха нов репрессияға 

ұшырағаннан кейін қазақ тың дәстүрлі та-

рихы тоқтап қалып еді. Енді сол үзіліп қал-

ған желіні Жамбыл аға мыз жалғастырды 

десе де болады. Бұл кітап тың тағы бір құн-

дылығы осында. 

– Бұл аталықтардың ұрпағы қай 

жерде қоныс тепкен?

– Барқының әулеті Түркістан мен 

Ташкенттің маңайында қоныс тепкен екен. 

Кейін шекара бөліскенде олардың біраз 

бөлігі Өзбекстан территориясында қалып, 

олардың ішінде өзбек болып жазылып кет-

кендері де бар көрінеді. Кітаптың тұсау-

кесеріне бұл аталықтар әулеті де келді. 

Кітап шыққаннан кейін олардың санасын-

да үлкен өзгерістер пайда болып, өздерінің 

тегін танып, қазақтыққа қайта оралып 

жатқан жайы бар. Бұл кітап тек бір әулетті 

ғана айтып қоймайды, қаншама тарихты 

қамтиды. Қазақтың басын құрауға үлкен 

септігін тигізіп жатыр. 

Сұхбаттасқан 

Салтан СӘКЕН 

Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ, абайтанушы:

ӨРКЕНИЕТ


Бес күндік ғұмырдан 

құйрықты жұлдыздай 

кімдер ағып өтпеді?! 

Солардың санатындағы 

салиқалы сардар тұлға 

болып қана қоймай, 

қазақ әдебиетінің сөз 

ділмарына, көсемсөздің 

зергеріне айналған 

Зейнолла Қабдоловтың 

қазақ әдебиетіндегі орны 

ойып аларлықтай. Дүниеде 

теңіз терең емес, адам 

жанының терең екендігін 

дәлелдеумен өткен осы 

бір заңғар алып тұлғаның 

өзгелерден қашанда оқ 

бойы озық тұруы, қазақ 

әдебиетінің шоқтығы 

биік саңлағына айналуы, 

біздіңше, табиғи заңдылық.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№227 (679) 23.12.2011 жыл, жұма     



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Алматы – Үрімжі рейсі туралы 

мағлұмат берсеңіздер екен

Алматыдан Үрімжіге «Эйр Аста-

на» ұлттық әуе тасымал 

даушы-


сының «ЭйрбасА320» жолаушылар 

ұшағы аптасына үш рет қатынайды. 

Былтыр жазда ашылған жаңа әуе 

сапары – аймақаралық транзиттік 

жолау 

шылар үшін негізгі бағыт. 



«Эйр  Астана» АҚ мамандарының 

айтуын ша, бұл рейс бойынша ұшу 

ұзақтығы – 1 сағат 50 минут. 

Әуежайдың алым дары мен басқа 

да төлемдерін қоспағанда, әуе 

билеттерінің құны – 27 мың 

теңгеден, ал бизнес клас 

тағы 


орындар құны 140 мың теңгеден 

басталады.



Алматы мен Қытайдың Үрімжі қаласына қатынайтын әуе 

рейсі жөнінде мәлімет берсеңіздер екен. Сапарлардың қатынау 

жиілігі қандай, билет құны ше?

   

Жадыра 

СЕРІКҚЫЗЫ, Алматы облысы

– Ерлан Мұхтарұлы, жалпы, қандай 

игілікті істің болмасын басы-қасынан 

сізді көреміз. Таяуда Павлодар облы-

сындағы әулиелі Ақкөл-Жайылмада 

осы өңірге ислам дінін таратушы 

Исабек ишанға кесене ашылды. Ке-

сенедегі құрылыс жұмыстарына сіз де, 

университет те елеулі күш жұм са ды-

ңыздар. Әулиелерді елдің бәрі мойын-

дап құрметтегенмен, оларды насихат-

тауға уақытын, қаржысын жұмсайтын 

адам көп емес қой...

– Жалпы, Қазақстанның қай өлкесіне 

барсаңыз да, есімдері тарихқа алтын әріп-

пен жазылатын, артына үлгілі із қалдырған, 

халық пір тұтатын жандардың атын аз 

естімейсіз. Маңғыстауға барып көріңізші. 

Тұрғындары тіпті көліктеріне дейін «362» 

деген нөмір таққанды жақсы көреді. Себебі 

олар сол өлкеден 362 әулие шыққанын 

жатқа біледі, мақтан тұтады. Кереку өңірі 

де қасиетті адамдардан кенде емес, әйтсе 

де «Неше әулие шыққан?» деген сұраққа 

ешкім мандытып жауап бере алмайды. 

Әулие дегенді «сиқырлы күштің иесі» деп 

біржақты түсіну дұрыс емес. Әулиелер 

 

елге қамқор, қорған болған, жеке адам-



дарға ғана емес, дүйім халыққа рухани 

тұрғыда қызмет еткен адамдар. Павлодар 

облысында Мәшһүр Жүсіп әулиені бәрі 

жақсы білгенімен, Шалдайда жатқан 

 

Уахыт хазіретті көп кісі біле бермейді. Ұлы 



Конфуций «Ең мықты заңдар – халықтың 

дәстүрлері» деген екен. Ал халық әулие-

лерді ешкімнің үгіттеуінсіз, өз жүрек қа-

лауы мен мойындайды, олар жатқан орын-

дарды іздейді. Осы аймақта ел тағзым 

жасайтын негізгі жерлер: Мәшһүр Жүсіп 

кесенесі, қожалар мекені – Ақкөл-Жайыл-

мадағы Иса бек ишан кесенесі, Баянауыл-

дағы Қо 

ңыр әулие үңгірі деп білемін. 

Жұрттың осы орындарға кедергісіз барып 

тұруына жағ дай туғызу – азаматтардың 

парызы. Маған әулие лерге кесене орнату 

кейінге қалдыру ды күтпейтін, заңды түрде 

орындалуы тиіс нәрседей көрінеді. 

Баянауылда, мәселен, Бұқар жыраудың 

жерленген жері бар. Бұқар жырауды ел 

әулие деп айтып жүрмесе де, өз басым 

оны пайғамбар деп те айтар едім. 

Мәшһүрдің аузына түкіріп, «Мәшһүр 

боласың» деп үкі таққан, ағарту шы, аға 

сұлтан болған Мұса Шорман жа тыр сол 

Баянда. Кереку топырағында кешегі Естай 

ақын мен әнші Майра мәңгілік қоныс 

тапқан. Сәбит Дөнентаев деген кере мет 

ақын – осы өңір тумасы. Бірақ қа зір аты 

аталмай кетті. Баянауылды «Қаныш елі» 

дейміз, алайда Қаныштың зиратын іздеп 

барып, құран бағыштап жатқан кім бар? 

Солардың қайда жерленгенін біліп, жұрт 

дұға қылып жүруі үшін этнографиялық 

экспедициялар ұйымдастыру қажет. «Өлі 

риза болмай, тірі байымайды» демей ме 

қазақ. Осы мақсаттағы жұмыстардан шар-

ш а мауымыз керек. Кеше ғана біз қазақ 

ғылымының іргетасын қалаған Әбікен 

Бектұровтың 110 жылдығына байланысты 

конференция өткіздік, себебі ол кісіні іздеп 

жатқан ешкім жоқ. Қазір мерейтой көбейді 

ғой, көп болғаны өте жақсы, соларды ұлы-

ларымыздың еңбегін насихаттап қа луға 

пайдаланбасақ болмайды. Керек десеңіз, 

біз Қаныштың 111 жылдық тойын да 

өткізіп жібердік. Өйткені Қаныштың атын 

білгенімен, жасаған еңбегін айтып беруге 

шорқақпыз. Осы шараны пайдала нып, Қа-

ныш ағаның сегіз томдық жинағын басып 

шы ғардық. Кітаптарда неткен ойлар, нет-

кен сөздер тұнып тұр десеңізші! 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет