23 желтоқсан



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата19.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5

Қадырбек БӨРІБЕКОВ,

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі 



Техникалық және кәсіби білім беру 

департаментінің директоры: 

– Әр оқу орнына 350 мың доллар-

дан грант есебінде бөлініп беріледі. 

Оған жеке оқу орындарының да қаты-

суы на мүмкіндік бар. 

Осылайша, аламанға ат қосып отырған 

жайы бар. Әрине, еліміз дипломды жұ-

мыс сыз дардың қатарын көбейте берген-

ше, тапшы мамандардың қорын молайт-

қаны – дер кезінде қолға алынған шаруа. 

Таш кенттің электромедициналық оқу орын-

дарымен тайталаса алмаспыз, дегенмен 

тапшы мамандарды өзімізде оқытып, өз 

қоты рымызды өзіміз қасуға мүмкіндік мо-

лайып тұр. Әрі дер кезінде қолға алын-

ғаны қуантады. Бүгінде елімізде құрылыс 

саласы да, медицина, жалпы барлық са-

лада ілгерілеушілік бар. Оған білімді де 

білікті мамандар қажет. Қашанғы шетелге 

жал тақтай береміз?! Шетелдік қондырғыны 

шығару қолдан келмесе де, оны жөндей 

алсақ – ұтқанымыз. 



Гүлжан КӨШЕРОВА

Бірінші жағдай Көкпекті ауданында тір-

келді. Су жағасынан шамамен 200 метр 

қашықтықта «ВАЗ-2121» көлігі су астына 

түсіп кетті. Жүргізуші мен жолаушы салон-

нан шығып үлгерген, олардың екеуі де – 

Өске мен қаласының тұрғындары. Қазіргі 

уақытта алдын ала жасалған болжамдар 

бойынша көлік 10 метр тереңдікте жатыр.

Үш сағаттан кейін осыған ұқсас оқиға 

тағы да тіркелді. Күршім ауданы жағынан 

жағадан 1,5 км қашықтықта мұз астына 

«Фольксваген Т4» маркалы микроавтобус 

түсіп кеткен. Облыстық төтенше жағдай-

лар департаменті баспасөз қызметінің 

тарат қан деректеріне сенсек, зардап шек-

кен еш кім жоқ. Жүргізуші мен жолаушы 

машинадан шығып үлгерген. 

Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүр-

гізілуде. Сүңгуірлер мұздың опырылған 

жер леріне  белгілер  орнатты.

Азамат ҚАСЫМ, 

Өскемен

МӘСЕЛЕ


ТӨТЕНШЕ ОҚИҒА

Электромедициналық 

мамандарға сұраныс 

күшейіп тұр

Күршімде екі көлік мұз астына кетті

 

Байқоңырдағы қазақстандық азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?



Нұра 

ТЫНЫСҚЫЗЫ, 

заңгер:

Гүлшат 

НҰРЫМБЕТОВА, 

саясаттану 

ғылымының докторы, 

профессор:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Бүгінде кейбір жағдайларда байқоңырлық қандастарымыздың қағажу көріп 

отырғаны жасырын емес. Тіпті сол өңірдегі қалыптасқан ахуал ға орай жұмысқа 

тұрып, түрлі артықшылықтарға қол жеткізіп, әлеу меттік көмектер алу үшін қазақ-

стандықтардың Ресей азаматтығын алуға ұмтылып отырғандығы да – жанды ауыртар 

жайт. Алайда біз Қазақстанның басқа аймағынан бөле-жарып, Байқоңырдағы қағажу 

көріп отырған бауырларымызға арнайы әлеуметтік көмек тағайындап немесе жаңа 

туған баласын Ресейдің «материнский капиталы» үшін сол елдің азаматы деп жаз-

дырмасы үшін әлеуметтік жәрдемақыны басқа өңірдегі аналарымыздан жоғары 

тағайындай алмаймыз. Бұл заңға қайшы. Сондықтан біз бұл мәселені екі елдің 

келісімшарттарын ескере отырып, қайта қарас тыруымыз қажет. Азамат тарымыздың 

құқықтарының аяқасты болмауын қамтамасыз етуіміз керек. Сондай-ақ өз азамат-

тарымызды басқа елдің әлеуметтік жәрдемақысына көз сүзгізбей, республика бойын-

ша әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың көлемін ұлғайту жағын ойласты-

руымыз қажет.

– Өкінішке қарай, Байқоңырдағы қазақ-

стандық аза маттардың Ресей азаматтығын 

алуға ұмтылуы – күрделі мәселе. Мұның бәрі 

мәжбүрліктен туындап отыр. Байқоңырды 

Қазақстан Ресейден емес, Ресей Қазақстаннан 

жалға алып отыр ған дықтан, қазақстандық 

азамат тарға  қатысты  алалау шы лық,  теңсіздік 

болмауға тиіс. Сондықтан, менің ойым ша, 

мәселе екі ел арасындағы келісімшарт негізін-

де шешілуі тиіс. Келісімшарт негізінде бай-

қоңыр лықтар дың  әлеумет тік  мәселе лерін 

толықтай қайта қарасты руымыз қажет. Жалпы, 

біз бұл мәселеге жеңіл-желпі қара мауымыз 

керек. 

Дайындаған 

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

ДЕРЕК

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына еліміздің нөмірі бірінші урологі 

Мырзакәрім Кәрімұлы Алшынбаев арнайы ат басын бұрған. Облыстық ауруха-

нада ол «Ерлердің денсаулығы күні» атты акция өткізді. Дәрігердің 

қабылдауына келушілердің саны көп болды. Ол азаматтарға мұндай арнайы іс-

шараларды күтпей-ақ кез келген уақытта дәрігерге көрінген абзал екендігін, 

дәрігерлер олардың қандай аурумен ауыратынын құпия сақтайтынын жеткізді.

ТҮЙТКІЛ


Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо

то)


Басы 1-бетте

Дос КӨШІМ, 

«Ұлт тағдыры» 

қозғалысының 

төрағасы, саясаткер:

– Ны сан ды ғана жалға беріп, қалған 

басқару меха низ мін өз қолымыздан 

шығармауымыз керек. Сон да азаматта-

рымыздың қалаға кіріп-шығуы, оқу-

шылардың білім алуы, жұмысқа тұруы 

секілді әлеу меттік, құқықтық мәселелер 

кездеспейді. Бүгін де ондағы азамат-

тары мыздың құқы бұзылып отыр. Сон-

дықтан Байқоңыр қала сын дағы азамат-

тардың әлеуметтік проблемалары ең 

ал дымен мемлекеттік тұрғыда шешілуі 

керек деп ойлаймын.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№227 (679) 23.12.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

НАРЫҚ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Құжатын ауыстырмағандарға айыппұл салынады



Белгілі бір себептерге байланысты жеке басымды куәландырушы куәлікті ауыстырған 

жоқпын. Құжатымда жеке идентификациялық нөмір жоқ еді. Енді не істеуім керек?

Әлжаппар, Талдықорған қаласы  

Шикізат тасымалы арзандамақ

Нақтырақ айтқанда, Ресейдің тариф жө-

нін дегі  федералдық  қызмет  басқар ма сы-

ның шешіміне сәйкес, «Транснефть» АК» 

ААҚ магистралдық құбыр желі сінің жү йесі 

бойынша Қазақстан мұнайын тасы мал -

дау қызметінің құны 2012 жыл дың 1 қаң-

тарынан бастап ресейлік компа ния лар үшін 

белгіленген  тарифке  сәй кес тен ді ріледі.  Де-

мек, біз үшін бұрынғыға қа рағанда шикі-

затты  сыртқы  на рық қа  та сы малдау  қызметі 

әлдеқайда арзанға түседі.

Алдында Бірыңғай экономикалық 

ке ңіс тік құру бойынша іс-қимыл жос-

парын жүзеге асыру мақсатында 2010 

жылдың 9 желтоқ санында ЕурАзЭҚ мем-

лекетаралық кеңесінің шешімімен 2012 

жылдың 1 қаң тарынан бас тап өз кү ші не 

енетін Қазақ стан, Ресей және Бе ло рус-

сияның ортақ мұнай және мұнай өн ім-

дері нарығын ұйым дастыру, басқару жә-

не дамыту тәртібі туралы келісімге қол 

қо йылған-тұғын. Бұл келісімге сәйкес, 

тасы мал қызметін көрсететін елдің ішкі 

компания ларына белгіленетін тариф Ке-

ден одағы мемлекеттері үшін ортақ бо-

лып саналады. 



Кеден одағына енгеннен кейін РФ арқылы сыртқа тасымалдайтын 

мұнайымыз Ресейдің ішкі тарифі бойынша есептеледі дейді. Бұл бізге 

қаншалықты тиімді?

Ерзат ҚҰРМАНҒАЗИН, студент

Таяудағы он-лайн сұхбаты ба ры сында Көші-

қон полициясының халықты құжаттандыру және 

тіркеу басқармасының бастығы Галина Сәрсенова: 

«ЖИН-і жоқ қазақстан дықтар уақытында құжатын 

ауыс тырып үлгермесе, айыппұл төлейді, ал құ-

жат тары жарамсыз болып саналады», – деп мә-

лімдеді. 

Сондықтан уақытты кешеуілдет пей, жеке басы-

ңызды куәлан 

ды 

рушы куәлікті ауыстырғаныңыз 



жөн.

Жалпы, елімізде бүгінгі таңда жеке идентифи-

кациялық нөмірі жоқ құжатты ауыстырмағандар 

саны 200 мыңды құрайды екен. Г.Сәрсено ва ның 

айтуынша, егер қандай да белгі лі бір себептерге 

байланысты Халыққа қызмет көр сету орталығына 

келе алмайтын дарға (мәселен, қатты сырқаттанып 

жатқандарға немесе шалғай ай 

мақ 

тарда тұра-



тындарға) мемле кеттік орган қызметкерлері құ-

жатты тіркеу үшін үйлеріне бара алады.

2007 жылдың 12 қаңтарындағы «Идентифи ка-

циялық нөмірлерді ұлттық тіркеу туралы» ҚР Заңы-

на сәй кес, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап 

иден ти фи кациялық  нөмір лер  қолданысқа  енгізі-

ле ді. Бұл нөмір алдындағы әлеуметтік жеке кодты 

(СИК) және салық төлеушінің тіркеу нөмірін (РНН) 

алмас тыратын  болады.

Отандық қаржыгерлердің 20 жыл бойғы тәжірибесі 

дағдарысқа қарсы иммунитет бола алады

– Елбасымыз өз сөзінде «жылжы-

май 

тын мүлік нарығындағы үлес-

кер 

лер мәселесі міндетті түрде ше-

ші 

леді» деп мәлімдеген еді. Соңғы 

кездері Қазақстан қаржыгерлері қа-

уым 

дастығы проблемалық үлескер 

мәсе лесі бойынша билік аралығында 

ара 

ағайындық танытуда. Осы істің 

нәтижесі туралы айта отырсаңыз...

– Елбасының үлескерлер мәселесін 

шешу туралы саяси еркі Үкіметтің қар жы 

нарығының ипотекалық сегментін қолдау 

бойынша бағдарламасын жү зе ге асырудағы 

нәтиженің басты факторы болып табылады. 

Осыған де йін ипоте ка лық несие бойынша 

қарыз ға қызмет көрсетудегі салмақты тө-

мен дету үшін республикалық бюджет тен 

120 млрд теңге бөлінген-тұғын. Соның 

арқасында 34 мыңға жуық аза маттың бо-

рышын өтеу бойынша же ңіл дік жасалды.

Расында, Қазақстан қаржыгерлері қа-

уым дастығы Қаржылық қадағалау коми-

тетінің Тұтынушылар құқығын қорғау де-

партаментімен бірлесе отырып, пробле ма-

лық ипотекалық борышкерлер мен екінші 

деңгейдегі банктер арасындағы даулы жә-

не күрделі жағдайларды шешуде ара-

ағайындық танытушылардың бірі болып 

табылады. Негізі, бұл – көп тер төгуді қажет 

ете тін ауқымды жұмыс. Себебі мұндай 

жағ дайда борышкердің әрі кредитордың 

мүд десі ескерілетіндей өзара ымырадағы 

ше шімді іздестіруде әрбір несиелік оқи ға-

мен жекелей жұмыс істеуге тура келеді. 

Осы мақсатта біздің қауымдастық жаны-

нан арнайы омбудсмен институты құрыл-

ған. Оның басты міндеті – даулы мәселе-

лерде әділ әрі оңтайлы шешімді анықтау.

Қалай дегенмен де, аталған мәселе ше-

ші мі бір кезеңде атқарылатын акцияға жат-

пайды. Өйткені үлескерлердің жағдайы әр-

қи лы, сондықтан борышкер мен креди тор-

дың өзара келісімі бойынша шешімге қол 

жет кізу үшін өте жіті сараптама жасау қа жет.

Бүгінгі таңда қажетті заңнамалық алғы-

шарттар дайын, қажетті ресурстық қамту-

лар жүргізілуде, үлескерлердің креди тор-

лармен өзара келісімі кезіндегі мүдде лері 

ескерілді. Тіпті Үкіметтің жоғарыда аталған 

бағдарламасын жүзеге асыруда алғашқы 

нә тижелерге де қол жеткізіп жатырмыз.

Жалпы, әлемдік тәжірибеде борышкер 

мен кредитор мүддесін тоқайластыра оты-

рып бір шешім қабылдау, сол шешім шық-

қанға дейінгі араағайындық қызмет көр-

сету тәсілінен тиімдісі жоқ. Сондықтан бұл 

жұмысты әрі қарай жалғастыра беру ке-

рек. Дағдарыс жылдарында оған деген 

қа жет тілік тағы арта түсуі ықтимал.

– Ал алда болжанып отырған келесі 

әлемдік қаржылық дағдарысқа отан дық 

банк секторы қаншалықты да йын?

– Алдындағы әлемдік қаржылық дағ-

дарыс аяқталған жоқ, ол ғаламдық эконо-

түсу керек. Қазақстандық қаржыгерлер 20 

жыл бойында қомақты тәжірибе жинақтап, 

дағдарыс кезеңіндегі басқару ісінен көп 

сабақ алды. Ол дағдарыс кезеңінде имму-

нитетті сақтау үшін негізгі күш бола алады 

деп есептеймін.

– Бүгіндері Үкімет Ұлттық банк әзір-

леген екінші деңгейдегі банктер дің ак-

тивтер сапасын жақсарту туралы кон-

цепцияны қарастырып жатыр. Жал пы, 

осы концепция туралы айтса ңыз...

– Кез келген концепцияны жүзеге асы-

руда қол жеткізілген нәтижелер бо йынша 

баға беру оңайырақ болады. Бұл арада 

банк пен кәсіпорындар активтерінің сапа-

сын жақсарту мәселесі көптеген ше шім нен 

тұруы мүмкін. Мәселен, борышкер лерді 

әлдеқайда жеңілдік жағдайымен қайтадан 

қаржыландыру, капиталын арт тыру, кәсіп-

орындардың іскерлік белсенді лігін жан-

дандыру үшін жағдай жасау деген секілді. 

Меніңше, аталған бағдарламаны тезірек 

жү зеге асыру керек, өйткені кәсіпо рын мен 

банкті қолдауды кешеуілдеткен сайын 

мем лекет пен салық төлеушілердің шығы-

ны жоғарылай береді. Мұндағы қаржы-

лан дыру көзі немесе арналардың сызбасы 

мен пішіні өндірістік сипатқа ие.

Жалпы, банктер экономиканы белсен-

ді несиелендіріп, кәсіпорындар бәсекеге 

қабілетті сапалы өнім шығара бастаған 

кез де қандай да бір концепция немесе 

ми када өз жалғасын табуда. Қазір біз дегі 

банктердің өтемпаздық деңгейі өте жо-

ғары. Бұл – дағдарыс кезеңіндегі ма ңыз ды 

артықшылық. Дегенмен біз елімізге қажет-

ті барлық инфрақұрылым мен кәсіп орын-

дарды салып біткен жоқпыз, сон дықтан 

банк секторының ел экономи касын неси-

елендіру бойынша міндетін то лық тай өте-

мегенін дұрыс түсінуіміз керек. Бастысы, 

төтенше жағдай туғызып алмау немесе 

тепе-теңдікті бұзбау шарт. Жоспарға сәй-

кес, рационалдық тұрғыда өсу жолына 

бағ дарлама жалпы ел экономикасына, 

соның ішінде банк секторына маңызды 

әсер етті деп айта аламыз.

– Бұл арада осы концепция негізін-

де банктер жанынан ашылатын стрес-

тік активтерді басқаратын еншілес 

ұйым жайына кеңірек тоқтала отыр са-

ңыз. Біздің білуімізше, олар банк активі 

сапасын жақсартып, үмітсіз активтер 

бойынша банкроттық жариялап, оны 

стра 

тегиялық әріптеске сата алады. 

Бұл «банктің тұтынушының келісімінсіз 

кепілдегі мүлікті сатуына болмайды» 

деген заң нормасына қайшы келетін 

әрекет емес пе?

– Аталған үдерісті реттеуші нормалар 

міндетті түрде заңнамалық сараптамадан 

өтеді. Сондықтан қолданыстағы заңға қай-

шы келетін тұстар бұл жобаның жүзеге 

асы рылуына дейін жойылуы керек деп 

есеп теймін. Міне, сол кезде оның тиімділігі 

туралы сөз етуге болады.



– Әлемдік қаржылық дағдарыстың 

бірінші толқыны кезеңінде көптеген 

маман жылжымайтын мүлік нарығын-

дағы баға екі-үш жылдан кейін қай-

тадан қарқын алады деп болжам жа-

сап еді. Одан бері болжанған мерзім 

өтті. Сіз дің ше, тұрғын үй нарығындағы 

баға қымбаттауы мүмкін бе?

– Мен жылжымайтын мүлік нарығының 

сарапшысы емеспін. Дегенмен бұл арада 

қаржыгер ретінде жылжымайтын мүлікке 

деген сұраныс бірнеше фактормен тығыз 

байланысты екенін баса айта кетейін. Мы-

са лы, халықтың өсу деңгейі, қордаланған 

тапшылық, баспанаға деген сұраныс, құ-

ры лысты тұрғызу қарқыны, ең ақыры са-

ланы қаржыландыру деген секілді фак-

торлар. Егер халқымыздың басым бөлігі 

сапалы баспанамен қамтамасыз етілме-

генін ескерсек, нарықтың белгілі бір сег-

мент терінде тұрғын үй бағасы қымбаттауы 

мүмкін деп болжауға болады.

Медет САРТБАЕВ, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры:

ШАҒЫН СҰХБАТ



– Отандық банк секторында жыл 

өткен сайын шетелдік меншіктің үлесі 

артып келеді. Ұлттық экономикалық 

қауіпсіздік тұрғысынан бұл туралы 

кезінде Мәжіліс қабырғасында да 

мәселе көтерілген болатын. Бұл ретте-

гі сіздің пікіріңіз қандай?

– Аталған жағдайда «ұлттық қауіпсіздік» 

термині қандай мағынада қолданылып 

отыр? Ұлттық қауіпсіздік аясында біз кімнің 

мүддесін қорғағымыз келеді? Мемлекеттің 

бе, банктің жекеменшік иесінің бе, әлде 

банк менеджментінің бе, не болмаса банк 

қызметін тұтынушылардың ба? Негізі, 

осын  дағылардың бір категориясына жа та-

тын тұлғаларға «жақсы» деген сөз басқа 

та рап тарға да ыңғайлы дегенді білдірмей-

ді. Сон дықтан сіздің бұл сауалыңызға екі-

жақ ты жауап беруге болады. 

Жалпылай алғанда, банк секторындағы 

шетелдік капиталдың теріс және оң әсер-

лері болуы мүмкін. Оң әсерге жататын 

факторлар: бәсекелестіктің артуы, тұтыну-

шыларға қызмет көрсету сапасының жақ-

саруы, тұрақты жаңа қаржыландыру көз-

дерінің пайда болуы, жаңа бизнес техно-

логияларын енгізу және Қазақстан қаржы 

секторының инвестициялық тартымдылы-

ғының өсуі. Ал теріс қыры: шетелдік ин вес-

торлардың рентабельділігі төмен және көп 

капиталды қажет ететін жобаларды қаржы-

ландыруға қызығушылығының болмауы, 

мысалы, ауыл шаруашылығы өндірі сінің 

инфрақұрылымдарына деген дей. Бірақ 

мұндай жобаларға шетелдік ин вес тор-

ларды тарту үшін біздің тарапымыз дан жо-

балық тәуекелдерді бөлісу, ынта лан дыру 

және шетелдік инвестицияны қор ғау бо-

йынша шаралар қабылдануы тиіс. 

Сондай-ақ дағдарыс белгілері пайда 

болған жағдайда банк капиталының ин-

вес тордың отанына кері ағылып кетуі де 

кә дімгідей  қауіп-қатер  төндіреді.

Сұхбаттасқан Кәмшат САТИЕВА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 

мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау 

бойынша сайлау науқанының барысы туралы

2011 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламен-

ті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөніндегі саяси 

партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін 

бекітті.


Ортсайлауком Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың 

жалпы санының 1 пайызы резервін қоса алғанда дайындалуы және 

сайлау учаскелеріне жеткізілуі тиіс сайлау бюллетеньдерінің санын 

белгіледі.

 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының 

кезектен тыс сайлауы жөнінде – 9 398 154, ал Қазақстан Респуб-

ликасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөнінде 

17 423 313 сайлау бюллетені дайындалатын болады. 

Жаңаөзен қаласының аумағында Парламент Мәжілісі депутатта-

ры мен мәслихаттар депутаттарын сайлау бұрын белгіленген мер-

зімде, яғни 2012 жылғы 15 қаңтарда өтеді, өйткені Президенттің 

бұл аумақтық-әкімшілік бірлікте төтенше жағдай енгізу туралы 

Жарлығымен сайлауды өткізуге тыйым салынбаған.

Осыған байланысты Ортсайлауком Жарлықпен белгіленген шек-

теулерді ескере отырып, кандидаттар мен сайлаушылардың құқық-

тарын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қа был дауда. 

 Бұл адам құқығы саласындағы Қазақстан Республикасы қол 

қойған халықаралық құжаттарға қайшы келмейді. Өйткені ен-

гізілген шектеулер адамның Азаматтық және саяси құқықтар 

жөніндегі халықаралық пакт бекіткен «абсолюттік» құқықтары 

мен бостандықтарын шектемейді. Тек сайлауалды үгіт жүргізу 

тәсілдерінің аясын белгілі бір дәрежеде тарылтады. Және бұл 

ретте барлық саяси партия мен мәслихат депутаттығына канди-

даттар тең, дегенмен үгіт жұмысын жүргізудің нысандары мен 

әдістерін таңдауда белгілі бір дәрежеде шектеулі жағдайда бо-

лады. 


Атап айтқанда, қала аумағында негізінен сайлауалды үгітті бей-

біт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрация-

лар өткізу арқылы жүргізу шектеледі.

Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт науқаны толық 

көлемде өткізілетін болады. Осыған байланысты Ортсайлауком 

мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кез-

десулер өткізуіне бюджеттен бөлінген қаражатты бұқаралық ақпарат 

құралдарында қосымша үгіт материалдарын жариялау және баспа 

өнімдерін шығару үшін пайдалануына рұқсат береді.

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға қатысатын саяси 

партиялардың үгіт материалдары Жаңаөзен қаласы тұрғындарына 

республикалық және жергілікті теле-радио арналар мен бұқаралық 

ақпарат құралдары арқылы жететін болады.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар баспа 

өнімдерін әзірлеу үшін облыстық типографияның қызметін пай-

далана алады. 

Қалалық сайлау комиссиясы штаттық режимде жұмыс істеуде. 

Комиссияның қарамағында барлық қажетті әдістемелік материал-

дар мен құжаттар бар.

 Сайлау науқаны барысын байқауды ұйымдастыруға келетін 

болсақ, байқаушылар мен сарапшыларға, соның ішінде шет мем-

лекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне бұл өңірге бару 

мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ олар сайлау 

бары сы, сайлау органдарының жұмысы, барлық сайлау процесі-

не қаты су шылардың қызметі туралы ақпаратпен де қамтамасыз 

етіледі. 

Сондай-ақ Ортсайлауком басшысы, сайлау туралы заңға 

сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттар мен саяси 

партиялардың сайлау науқанын объективті жариялауға міндетті 

екенін ескертті. Бұл ретте кандидаттар мен саяси партиялардың 

ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан 

келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан 

аулақ болу керек. 

Барлық кандидат пен партиялық тізімдерін ұсынған саяси 

партиялардың сайлауалды үгіт жүргізу үшін бұқаралық ақпарат 

құралдарына тең жағдайда қол жеткізуі кепілдендірілуі тиіс.



Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды 

тіркеу қорытындылары туралы

20 желтоқсанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тір-

кеу аяқталды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсынылған 10 мыңнан астам 

үміткердің 9165-і мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде тір-

келген.


Соның ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәс-

лихаттарына – 1752; аудандық мәслихаттарға – 5523; қалалық 

мәслихаттарға – 1890 кандидат.

Тіркелген кандидаттардың 3446-сы – Нұр Отан» халықтық 

демократиялық партиясының, 264-і – Қазақстанның «Ақ жол» 

демократиялық партиясының, 99-ы – Қазақстанның Коммунис-

тік халық партиясының, 57-сі – «Әділет» демократиялық пар-

тия 


сының, 50-і – Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» 

пар тиясының, 22-сі – «Руханият» партиясының, 11-і – Қазақ-

стан ның Патриоттар партиясының, 9-ы – Жалпыұлттық социал-

де мократиялық партия ның, 3-еуі – Қазақстанның «Азат» демо-

кра тиялық партиясының, 1-еуі – Қазақстанның Коммунистік пар-

тиясының мүшелері. 

Барлық тіркелген кандидат 21 желтоқсаннан бастап сайлауалды 

үгіт жұмысына кірісе алады.



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет