№22 (155), қараша 2013 жыл



жүктеу 430.74 Kb.

бет5/5
Дата09.01.2017
өлшемі430.74 Kb.
1   2   3   4   5

Динара ӨМІРБЕК,

Филология факультетінің 

ФҚТ-41 тобының студенті

Болашақтың іргесін Елбасымен бірге қалаймыз!

мүмкіндіктерін пайдаланып, әр түрлі 

программаларын  іске қосып, гүлді жойып 

жібермекші  болды. Бұл кезде мен гүліме 

таңдана қарап қалдым: ол өзінің жапырақтарын 

кеңірек ашып, қызыл-сары сәулелерді шығара 

бастады.  Сол сәтте робот жоқ болып  кетті. 

Оның  орнында ешнәрсе қалмады. Бұл көрініс 

жасанды және табиғи құбылыстардың 

арасындағы, соңында табиғат жеңген күрес 

сияқты байқалды. Мен гүлімнің мүмкіндіктері 

жайлы  білген де жоқпын. Ішімнен  осыны 

мақтан тұтып, риза да болдым. Сонда жасыл 

өсімдігім маған қарап:

– Жүр  тезірек, уақыт тығыз, – деді. Мен 

бір сәтте есімді жиып, сапарды жалғастырдым. 

Гүліммен бірге ел басының резиденциясына 

жеттім. Ел басына болған жағдайды түсіндірдім, 

жолда  кездескен робот жайлы да айттым. 

Ел ағасы бұны тыңдап, бір  мезет бұған сене 

қоймағандай барлай қарады, күліп те алды. 

Тек гүлді өз көзімен көргеннен кейін, табиғат 

болмысына қатты қиянат жатқанына анық көзі 

жетті. Тез арада шара қолданып, бұл мәселені 

қолға алу  керектігін түсініп, табиғатты қорғау 

саласын өзгертуге тырысты. Бірақ Елбасына 

тағы да компьютерлер қарсылық көрсетті. 

Сонда Президент менімен  бірге басқа 

адамдарды іздеп, халықты жинап, роботтардың 

адам өміріне, табиғатқа тигізер әсерлерін 

жою  жолдарын қарастыруға тапсырма  берді. 

Біраз адамдар бір бөлмеде жиналып, барлығын 

талқылап жатқан кезде,  кіші роботтардың бірі 

кірді.  Кейбір  адамдар бұған ашулана қарады, 

қолындағы заттарымен қарсыласты жоюға 

дайын  болды. Бірақ «кіші» робот зиянсыз, 

мейірімді байқалды. Ол:

–  Адамдар, мен сіздерді түсінемін. Мен 

сіздерге көмектесу үшін келдім. Барлығының 

да шегі болу керек. Мен басқа роботтар үшін 

сіздердің алдарыңызда өте ұяламын. Олардың 

мақсаттары маған ұнамайды. Робот ең алдымен 

адамға қызмет ету  керек. Сондықтан мен 

сіздерге келіп отырмын, – деді. 

Олар «кіші» роботтың көмегін қабылдады. 

Робот компьютерлерді қалай дұрыс өшіру 

керек екенін түсіндірді. «Кіші» робот – басқа 

компьютер-адамдардың ішінде ең ақылдысы, 

ақкөңілі болды.  Кез  келген қоғамдағыдай, 

әр жұртта жаманы да жақсысы да болады 

екен.  Сонда адамдар жиналып жаңағы өздері 

шығарған роботтарымен қарсы күреске шығып, 

олардың программаларын өшіріп, елді өз 

қолдарына алды. Сол кезде барлығы бір жақсы 

рақат сезімге бөленді, олар өздерінің әр жасаған 

ісіне  жауапты  екенін  еске түсірді. Адамзат 

ол  кезде суды, тамақты, киімді – барлығын да 

табиғаттан алатындарын ұмытып та қалған еді. 

Осы кезде, мен барлық қауымның жиналғанын 

пайдаланып, бұрыннан елге  жеткізе  алмай 

жүрген ойымды айттым: 

«Жаңа технологиялық жетістіктер, 

әрине, қуантады, елімізді жоғары дәрежеге 

жеткізеді, бірақ біз ешқашан адамгершілігімізді 

ұмытпауымыз қажет, әйтпесе жаңағы роботтар 

сияқты болып қаламыз. Біз өзіміздің бар 

дүниемізді сақтауға үйренейік. Ол үшін әр 

адам табиғаттың сырын түсінуге тырысудан 

бастасын».

Сол  мезетте мен шырт ұйқымнан оқыс 

оянып  кеттім. Осы оқиға түсіме кіргенін 

түсіндім. Бірақ әлгі гүл жүрегімде үлкен ой 

қалдырды. Далаға шығып, көкірегіммен кең 

дем алып, табиғатқа таңдана қарап, табиғаттың 

жайнап, жарқырап тұрғанына, күн сәулесі 

шуағын төгіп тұрғанына дән риза болдым. 

Бұрын үйімнің ауласындағы өсіп тұрған 

ағаштар мен гүлдерге еш мән бермеппін. 

Енді қазір ауламдағы гүлдерге жақындасам, 

түсіме енген гүлге ұқсас гүлді кездестірдім. 

Ол өзге гүлдерге қарағанда ерекше көзге 

түсіп тұр екен. Қуанышымда шек  болмады. 

Сол уақыттан бастап, ауладағы гүлдер мен 

өсімдіктерге күтім жасауға бел будым. 

Кітапханаларға барып, «Табиғатты қорғау» 

мүмкіндіктері  туралы  іс  жобаны  жазып, газет 

беттеріне мақалаларымды жарыққа шығардым. 

Сыныптас достарымды осы іс-шараға қатысуға 

шақырдым. Ғаламтордағы Елбасының сайтына 

осы жинаған мәліметтерімді жібердім. Бұл 

жобама  Елбасы қолдау көрсететіне сенімді 

болдым.  Себебі, түсімде Елбасы маған қол 

ұшын бергені осы уақытқа дейін көз алдымда. 

Болашақта бар әлемдегі адамдар 

табиғатты қорғауға қатты көңіл бөліп, елдерін 

көркейтуге тырысса  деп  армандаймын. 

Қазақстанның табиғатын, экономикасын, 

сыртқы қатынастарын дамыту біздің, яғни, жас 

ұрпақтың қолында. Бұл  шараны  Елбасымен 

бірге ғана жүзеге асырамыз.



Гүлдана Ахметжанова

ЖжСФ, КЖ-21 тобы

12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

 

ДИРЕКТОР – 



БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Базарбек ТҮКІБАЙ

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Серік  ОРЫНБЕКОВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ИП “Старков С.А.”

баспаханасында басылды.

Таралымы-1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, Қазақстан 

Республикасының Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс №2927

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5-үй, 

336 бөлме. Тел: 709485, 31325 (ішкі байланыс)

j.a.p.1971@.mail.ru

Pernebekova_ja@enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

Кезекші редактор: Мақсұтбек ОТАШЕВ

ӨНЕР

жүздескен едік...

 «ЖЕЗКИІКПЕН» 

Көк сеңгір көкке құлаш керген талай,

Келесіз жігер қайрап өрге қарай.

Серік етіп талап пенен мол қайратты,

Өсіпсіз ғой сан құндылық бойға жинай.

Бұлақ боп таудың жартас, жотасына,

Тақырдың дарын бітпес тасасына.

Асыл аға, өзіңізді білемін мен,

Ақын деп шаң жуытпас шашасына.

Мақсат тұтып арайланған таңды анық,

Жеттіңіз де асқан жігер,  талаптанып.

Кешегі арман, тілек, ойларыңыз,

Ақиқатқа айналды енді түсі қанық.

8-қараша күні универ-

ситетіміздің Президент ау-

диториясында «Кәусар» 

мәдени-танымдық бірлестігінің 

ұйымдастыруымен Мемлекет 

және қоғам қайраткері, ақын 

Кәкімбек Салықовпен кездесу 

өтті.

Қазақтың желқанатты жез-



кигімен жүздесуді ҚР еңбек 

сіңірген әртісі, өнертану про-

фессоры, бірлестік жетек-

шісі Кенжеғали Мыржықбай 

жүргізіп отырды. Кеште 

ақынның өмірбаяны та-

ныстырылып, филология 

факультетінің  студенттері 

К.Салықовтың   өлеңдерін 

оқып, жас ақын Кәмшат 

Жұбатхан өзінің жыр 

шумақтарын арнады. Сондай-

ақ, Фариза Жылқайдарова, 

Адам Кәкім, Біржан Есжанов, 

Қапаш Құлышева және Серік 

Оспанов ақын сөзіне жазылған 

«Жезкиік», «Үш арыс», 

«Ақан сері», «Оқжетпес», 

«Көкшетау», «Бір ауыз сөз» 

сынды оннан астам әндерді 

нақышына келтіріп орындады.

Іс-шараның екінші 

бөлімі – сұрақ-жауап түрінде 

жалғасты. Студенттер тара-

пынан қойылған сауалдарға 

кеш қонағы  тұшымды жауап 

қайтарып, реті  келгенде әзілдеп 

те қойды. 

Кеш соңында универ-

ситет проректоры Дихан 

Қамзабекұлы сөз алып, ақынға 

және қатысқан өнерпаздарға 

кәделі сый-сияпат жасады. Ал 

өз кезегінде сөз алған ақын аға 

университет ұжымына алғыс 

білдіріп, ұйымдастырушыларға 

жаңа шыққан кітабын 

қолтаңбасымен қалдырған еді-

ау... 

Данияр ҚАЙЫРТАЕВ,

журналистика және сая-

саттану факультетінің

2-курс студенті

Арнау

Оқу ордамызда белгілі 

каррикатурашы-суретші Ер-

кін  Нұразханның «Шарж ше-

руі» атты кітап-альбомының 

тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге 

Әлібек Асқаров, Несіпбек 

Айтұлы, Баянғали Әлімжанов, 

Тұрлыбек Мәмесейітов, Көпен 

Әмірбек сынды үзеңгі жол-

дастары – ақын-жазушылар 

қатысып, кітап-альбомның 

авторы, оның өмір жолы мен 

шығармашылығы туралы 

кеңінен сөз қозғады. Сондай-

ақ, шара барысында кітаптың 

шығу тарихы, баспаға дайын-

дау,  әзіл суретте-

гі кейіпкерлердің 

түр-тұлғалары мен 

оқырмандардың ой-

пікірлері де ұмыт 

қалмады.

Еркін Нұраз-

ханның 2003 жылы 

«Ұлт пен рух» атты 

мақалалар жинағы 

(Алматы, «Өнер» 

«ШАРЖ ШЕРУІ» - УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ

баспасы), 2005 жылы «Кімге 

күлеміз?» сатиралық суреттер 

альбомы (Алматы, «Елнұр» 

баспасы), «Ерліктің ерен 

тұлғасы»  («Шығыс-ақпарат»,  

2013), «Өз елім менің – өзегім 

менің» («Қазығұрт»,  2013) 

кітаптары жарық 

көрген. Өскемен, Се-

мей, Алматы, Астана 

қалаларында жеке 

көрмелері өтіп, су-

ретші туындылары 

ҚР Тұңғыш Прези-

денті музейінде, ҚР 

Ә.Қастеев атындағы, 

Ө с к е м е н , 

Семей қала-

л а р ы н д а ғ ы 

бейнелеу өнері, 

Тарбағатай аудандық 

тарихи 

өлкетану мұражай-



ларында сақтаулы тұр.

Университет 

проректоры Ди-

хан 


Қамзабекұлы  

қазақ бейнелеу өнерінде 

каррикатура, шарж (достық 

әзілді портрет) жанрының 

қалыптасып, дамуына өзіндік 

қолтаңбасын қосып жүрген Ер-

кін Ыбырайымұлының бүгінде 

танымал, көшбасшы  сурет-

шіге айналғандығын 

айта келіп, 

шығармашылығына  

зор      табыстар тіледі.

1982 жылдан бері 

әдебиет, өнер, қоғам 

қайраткерлерінің 

әзіл портреттер га-

лереясын жасап келе 

жатқан қылқалам 

шебері еліміз 

тәуелсіздік алған жылдар ішін-

де әлеуметтік-экономикалық, 

саяси өміріміздегі келеңсіз 

құбылыстарды сынға алған 

сатиралық суреттер топта-

масын дүниеге әкелген. Бұл 

кітапқа 2005-2011 жылдар 

арасында жасалып, көпшілікке 

танымал болған туындылары 

топтастырылыпты.

– Сурет 


әлемінің шарж 

дейтін кірпияз са-

ласында бейнелей-

тін кейіпкерінің 

сыртқы ұқсастығын 

дәл беру өз алды-

на, оның ішкі тыл-

сымын көре білу, 

тіпті кейіпкердің 

өзі байқай бермейтін болмашы 

ғана ерекшелікті дөп басып, 

дабырайта көтере білу – кез 

келген суретшінің маңдайына 

біте бермейтін бақыт, – дейді 

Баянғали Әлімжанов,  –  оның 

үстіне, сурет мін-

детті түрде күлкі 

шақыруы керек 

екенін  қаперге 

алсақ, шарждың 

бәсі өз-өзінен арта 

бермек. Оның уыт-

ты каррикатурадан 

айырмасы тағы бар. 

Шұбата коммен-

тарий жасауды мүлде 

көтермейтін шарж шір-

кінді қазақта Еркін 

Нұразхандай игергендер 

некен-саяқ. Бұл жинақты 

парақтай отырып, кейіп-

кермен қосыла күлеріңізге 

шүбә жоқ.

Е.Нұразхан Қазақ-

стан Суретшілер 

одағы мен Журналистер 

одағының мүшесі. «Мәдениет 

қайраткері» төсбелгісімен, 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен 

марапатталған. Өз кезегінде 

сөз алған каррикатурашы-су-

ретші осындай шараны 

ұйымдастырған универ-

ситет басшылығы мен 

«Фолиант» баспасына 

алғыс білдіріп, бояуы 

кеппеген «Шарж ше-

руі» кітабын естелікке 

сыйға тартты. 

«Еуразия-ақпарат»

РЕДАКЦИЯДАН:  Ел есінде халқына жасаған адал қызметімен, 

керемет өлең-жырларымен өшпес із қалдырған Кәкімбек Салықов 

ағамыз кеше ғана университетіміздің Президент аудиториясында студент- 

жастармен кездесу өткізген еді. Сахнадан  әсерлі ән шырқалып, жас 

ұрпақтың көкейінде  жүрген көптеген сұрақтарға жан-жақты жауаптар 

берілді. Тіршіліктен көргені көп, бергені мол ағамыздың жан-дүниесі ерекше 

толғанысқа толып, кездесуден алған тамаша әсер құшағында шығарып салған 

болатынбыз. 

Тәуелсіз елінің білімді жастарына риза болған абыз ағамыздың пейіште 

нұры шалқып, жаны жанатта болсын.

Әр адам өмірінің қожайыны,

Жаныңа серік істің жоқ айыбы.

Сексеннің сеңгіріне шығып бұл кез,

Боп отырсыз оқырман көзайымы.

Асыл аға, жырың маған тұмар таққан,

Әр өлеңнен ақыл ұғам тұнып жатқан.

Бас қосқан игі жақсы тілегіндей,

Құтты болсын кешіңіз думандатқан!



Кәмшат  ЖҰБАТХАНОВА

ФФ-нің студенті


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал