№22 (155), қараша 2013 жыл



жүктеу 430.74 Kb.

бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі430.74 Kb.
1   2   3   4   5

(Жалғасы. Басы өткен санда.)

Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ

9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

СПОРТ

БАЙҚАУ

КЕЗДЕСУ

Қарашаның 18 күні «Тілеп Қобыз» сарайының концерттік залында «Жыл студенті – 

2013» атты республикалық студенттер байқауының қорытынды кеші болып өтті.

«Қазақстан студенттерінің Альянсы» ұйымдастырып отырған бұл байқауға 

еліміздің ЖОО студенттері мен магистранттарының 150-ден астам жобасы  ұсынылып, 

арнайы тағайындалған сарапшылар арқылы тек 10 жоба ғана әр түрлі аталымдар 

бойынша марапатталды. Олардың қатарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің магистранты Ұртамбаев Талғат Мәжітұлы «Үздік ғалым» аталымын 

жеңіп алды. Салтанатты кештің қадірлі қонағы, ҚР мемлекеттік Елтаңбасының авторы 

Жандарбек Мәлібеков жеңімпазды құттықтап сый-сияпат ұсынды. 

Келесі сахна төріне көтерілген Қазақстан КВН одағы республикалық жастар қоғамдық 

бірлестігінің президенті Есен 

Елеукен мырза «Белсенді 

студент» аталымын Манаш 

Қозыбаев атындағы Солтүстік-

Қазақстан мемлекеттік 

университетінің студенті 

Таңақұлов Мұса Әлібекұлына 

табыстады. 

«Үздік волонтер» 

аталымына Шоқан Уәлиханов 

атындағы Көкшетау 

мемлекеттік университетінің 

студенті Әсемгүл Қазезқызы 

ие болды. «Нұр Отан» 

партиясы «Жас Отан» жастар 

қанатының аппарат басшысы 

Сақышев Аян  Қажымерұлы 

жеңімпазды марапаттап 

естелік суретке түсті.

ҚР Білім және Ғылым 

министрлігі жастар ісі 

жөніндегі комитет төрағасы 

Оспанқұлов Ғабидолла 

Абдоллаұлы «Ең үздік 

студенттік-әлеуметтік жоба» 

аталымын  С.Сейфуллин 

атындағы Қазақ агротехникалық университетінің магистранты Көкеева Әйгерім 

Асхатқызының қанжығасына байлады.

Айта кетер бір жәйт, өзі қатарлас құрбы-құрдастарының, әсіресе қыздардың ойынша, 

«Жыл студенті – 2013» атағына ие болады-ау деп болжанған Темірбек Жүргенов 

атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті, жас актер Асылхан Төлепов 

«Қоғам қайраткері» аталымын қанағат қылды. Бәлкім «Жау жүрек, мың бала» фильмі 

биыл (2013 ж.) түсірілгенде басқаша болар ма еді?!

«Ең үздік студенттік бизнес-жоба» аталымы Шәдіров Азамат Маратұлына (Есенов 

атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің студенті) 

бұйырды. Жеңімпазды Қазақстан жастар конгресінің  атқарушы директоры Құспан 

Роллан Қабылұлы құттықтады.

«Көргені жақсы көш бастайды» деген халық даналығын өмірлік ұстанымына арқау 

етіп, журналистика саласында жеңісті де, жемісті еңбек етуді мақсат тұтқан Тараз 

мемлекеттік-педагогикалық институтының студенті Қапалов Ерғали  Оразгелдіұлы  «Ең 

үздік журналист»   аталымына ие болды. «Айналайын КZ» сайтының бас редакторы, 

Президент жанындағы жастар кеңесінің мүшесі, журналист Жарқын Түсіпбекұлы 

болашақ әріптесіне сәттілік тілеп, жеңімпазды марапаттады.

Сонымен бірге, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің 

студенті Оразалиева Гүлнар Әбілқызы «Сабақ үлгерімі жақсы» деген аталым бойынша 

бас жүлдені алса, М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университетінің студенті 

Темірлан Көлбай «Үздік спортшы» аталымын иеленді. 

Артынша «Қазақстан студенттері альянсының» құрылуына себепкер болған ҚР 

Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова құттықтау сөз сөйлеп, Т.Жүргенов 

атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті, қазақстандық жас әнші Әли 

Оқаповқа «Жыл студенті – 2013» атағын табыстады.

Өз кезегінде бас жүлде иегері ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіре отырып, 

алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Салтанатты жиынның соңында «Қазақстан 

студенттері альянсының» әнұраны биылғы жылғы байқаудың нүктесін қойды.

 

      



Серікбек ЖҰМАБЕК,

студент

«Ізденушілер»  іріктелді 

Осындай атаумен қазақ күресі тарихында алғаш рет «Назарбаев орталығы» 

көпфункционалды ғылыми талдау және гуманитарлық ағарту мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру жөніндегі агенттігі, Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Қазақ күресі федера-

циясы, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының ұйымдастыруымен Астана-

да ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Конференцияның мақсаты –  қазақ күресінің тарихы мен бүгінгі таңдағы ахуалын тал-

дау, даму бағытының болашағын және осы ұлттық спорт түрінің дамуын анықтау, ғылыми 

жетістіктерді қолдана отырып, қалыптасу тарихын зерттеу негізінде бұл спорт түрінің 

алдағы уақытта дамуы мен бағытын анықтау және алдағы міндеттерін талқылау еді. Осы 

шара аясында спорт басшылары мен сала мамандары қоғамның, бизнес құрылымдарының, 

БАҚ назарын ұлттық спорт түрінің дамуы мен оның алға басу міндеттеріне аударып, 

жаңа межелер белгілеуді 

мақсат етіп қойды. Мұнымен 

қоса, өткен жылдарға талдау 

және бүгінгі тәжірибе негізін-

де сараптама жасай отырып, 

қазақ күресінің киімі, кілем, 

белдесу регламенті, ереже 

мен әдіс-тәсілдер, төрешілерді 

жасақтау мәселелері бойынша 

нақты шешімдер қабылдауға 

да баса көңіл бөлді.

Қазақ күресінің 

танымал-дығын арттырып, 

мәртебесін жоғарылатуда 

спорт мектептері мен жеке 

қазақ күресі үйірмелерінің 

атқаратын ролі зор. Олар-

да жаттығу сабақтарын 

жүргізуге, болашақ балуан-

дарды дайындауға, сондай-ақ, 

ауылдық, аудандық, облыстық 

жарыстарды үйымдастыруға 

баса назар аударған жөн. 

«Қазақ күресінің даму тео-

риясы, тарихы, педагогикасы, 

психологиясы, философиясы, 

этнографиясы, ғылыми зерттелу барысы» атты бірінші секцияда Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің профессоры Халық Қожахмет баяндама жасады.

Баяндамада бұл спорт түрінің тарихы мен мәдениеті жайлы айтылды. Сондай-

ақ, Х.Қожахмет тарапынан бұл спорт түріне «жауынгерлік күрес» атты жауынгерлік 

бөлімді енгізу жөніндегі ұсынысы айтылды. Ғалым күрес жүргізу ережелері, техникасы 

мен әдіс-тәсілдері туралы жан-жақты баяндады. Оның негізі олимпиадалық жекпе-жек 

түрлері – бокс, тэквондо, классикалық және еркін күрес, дзюдоның талаптарынан алы-

нып, үздік жетістіктерінен құрастырылған. Киімі (экипировка) – шолақ жең шапан, 

балағы бүрмелі дамбал, дулыға, ұстап-соғатын қолғаптар, аяқ қорғанышына арналған 

қалқан, тіс қабы(капа). 

Бұл ғылыми және техникалық зерттеулердің мақсаты – қазақ күресі спорт түрін 

олимпиадалық деңгейге көтеру. Осыған байланысты жаңа отандық спорт түрі «жауын-

герлік күрес» ойластырылды.

Бұл ұсыныс кенеттен келген жоқ. Қазақстандағы ұлттық спорт түрлеріне толық 

өзгерістер енгізу қажеттігі жасырын емес. Жартастағы суреттемелер негізіндегі 

мыңжылдық тарихы бар спорт түрлері, тек дәстүрлі спорт түрі болып қалмай, жаңа 

эволюциялық қадамдарды талап етеді. Олар – ұлттың жетістігі, біздің мақтанышымыз. 

Айта кететін жәйт, спорт саласының хас шеберлері ұлттық спорт түріне деген жаңа та-

лаптар мен әдістер жайлы жай ғана айтып қоймай, болашақта олимпиадалық спорт түрі 

ретінде сұранысқа ие бола алатын нағыз заманауи шешімдер ұсынып отыр.

«Еуразия-ақпарат»

Қазақ күресінің өткені, бүгіні 

және болашағы

Астанада өткен ғылыми-практикалық 

конференцияда сөз болды

ҰЛТ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТКЕН

мектеп кітапханашылары және 

ғылыми кітапхана қызметкерлері 

қатысты. Кешті ұйымдастырған 

ғылыми кітапхана  және филология 

факультетінің қазақ әдебиеті 

кафедрасы.

Кездесу кешінің барысында 

академиктің өмірбаяны, еңбек 

жолы, прозалық фольклорды 

дамытуға қосқан үлесі зор екендігі 

жайында айтылып, оқырмандармен 

ашық пікір алмасу өтті. Академик 

өзінің өмірбаянын, ғылым жолына 

келгендегі алғашқы қадамын, ірі 

тұлғалармен кездесу сәттерінен, 

Жуырда университетіміздің ғы-

лыми кітапханасында белгілі 

әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, 

академик Сейіт Асқарұлы 

Қасқабасовтың оқырман қауыммен 

«Қазақ ғылымының тарланбозы» 

атты кездесу кеші өтті. Аталмыш 

кешке Сейіт ағаның шәкірттері, 

әріптестері, сондай-ақ, ЕҰУ-дың 

студенттері мен Астана қаласының 

естеліктерінен сыр шертті. 

Шәкірттері мен қызметтес 

достары жылы пікірлерін білдіріп, 

сөз сөйледі. Кештің қадірлі 

қонақтары ретінде академиктің 

әріптестері профессор Т. Жұртбай, 

Р.Тұрысбек, А.Абдысадық келді. 

Кешті академиктің шәкірті доцент 

С.Дүйсенғазин жүргізді.

Қазақстан Республикасы 

ұлттық ғылым академиясының 

академигі, Қазақстан Республикасы 

мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  

Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықгың 

лауреаты, филология ғылымдарының 

докторы, профессор Сейіт Асқарұлы 

Қасқабасовтың, ұлттық әдебиеттану 

ғылымы саласындағы биік орны 

мен ел мойындаған елеулі еңбектері 

бүгінгі тәуелсіз еліміздің рухани 

игіліктерін еселей түсетіндігі сөзсіз. 

Болашақта да көтерілетін белестер 

аз емес. Сол кезеңдерге еркін, 

шаршамай жетіңіз деп тілек айтамыз.

Кітапхана тарапынан кітап 

көрмесі ұйымдастырылып, акаде-

миктің өмірінен сыр шертетін 

фотосуреттері қойылды. 



10

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

ТУДЕНТ

C

Қараңғы, тыныш түннің бірінде  қалың 

ұйқыға жібермеген бір ой мені айрықша маза-

лады. Мазалағаны сонша – қазіргі таңда күнім 

мен түнім ауысып кеткендей. Түнде көзім ілін-

бей, күндіз ұйықтайтын болдым.  Құдды мені сол 

ой жіпсіз байлап алғандай.  Дегенмен ойымды  

жинақтап, мені не екен мазалаған деп ұғынуға 

тырыстым. Сондағы оның нәтижесі «Мен кім-

мін?», «Кеше кім болдым?», «Ертең кім болам?» 

деген сұрақтарға жауап іздеу екен. 

Кеше кім едім? Кеше... Ежелгі Тараз 

қаласында, күздің жайма шуақ күндерінің 

бірінде ұстаздар отбасында дүниеге келіппін. 

Тұстастарымның сәбилік күні қалай қалыптасса, 

менің де сәбилік шағым солай өткен болар. Бесік-

те жату, еңбектеу, алғашқы қадам, тағы сол сияқты 

жайттар...  Екі үлкен ағамның ортасындағы еркесі, 

әкемнің «қызғалдағы», ал анамның «ботақаны» 

болып өстім. Сөйтіп бірінші сыныпқа да бардым. 

Тараз қаласындағы №17  қазақ орта мектебіне 

әкемнің өз қолымен жетектеп алып барғаны, 

сынып жетекшісімен таныстырғаны да әлі күнге 

дейін есімде. 

Мектептің алтыншы сыныбында оқып 

жүргенімде отбасыммен  еліміздің бас ордасы 

Астана қаласына бардым. Әлі бала болғаннан 

кейін бе, онша ештеңе түсінбеймін. Білетінім 

– әкем докторлық  диссертациясын қорғайды. 

Әкем жақсы қорғап шықты. Астанадағы  сол 

қорғау болған күннің кешіндегі мейманханаға 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен аса бедел-

ді, танымал академик, ғалым ағалар жиналды. 

Солардың ішінде жақсы танитыным – академик  

Рымғали  Нұрғали ағай.  Әкемнің жақсы қорғап 

шыққан тойлау кешінде мені елемеген, өз тіле-

гіне қоспаған адам болмады. Кейбірі әкемнің 

артынан еретін мирасы деп, мені орнымнан 

тұрғызып, тілек айтып жатты. Сол тілектердің 

ішінде жүрегімді ерекше елжіреткені  белгілі 

әдебиеттанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың ле-

бізі еді. Әлі бала болсам да, сол айтқан сөздерден 

менің міндетімнің де зор екенін білдім. Осындай 

оймен Астанадан Таразға қуанып оралдық. 

Балалық шақтың тәтті дәмін татып, өмірдің 

ащы-тұщысын әлі сезбей, Астанада айтылған 

сөздердің көбі ұмытылыңқырап, қарапайым 

да ерке қыздардың бірі болып сол мектепте 

бой түзедім. Жетінші сыныптан кейін Жам-

был облысындағы ерекше дарынды балаларға 

арналған «Дарын» мектеп-интернатына оқуға 

түстім. Жаңа мектеп, жаңа ортада жаңа арман-

мақсаттар ояна бастады. Менен екі-үш жас үлкен 

болса да өзге сынып оқушыларымен жарысқа 

түстім және де әрдайым жеңіске жетіп отырдым. 

Оныншы сыныпқа дейін мені ұстаздарым мен 

әкем пән жарыстарына бағыттап жүрсе, соңғы 

жылдары өзім әрекет етіп, қатысатын жарыстар 

іздестіруге тырыстым. Соның бірі – мектептегі 

басқа сынып оқушыларымен таласа барған жа-

рыс – KATEV-тың ұйымдастыруымен болған 

«Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадасы 

еді. Мен ғылыми жұмыс бағытымен барған бола-

тынмын. Облыстан да, республикадан да алғашқы 

орынды жеңіп алдым.  

Алға деген ұмтылысым мықты болды. Қандай 

кедергі болса да тоқтамаймын. Осындай позитив-

ті оймен болашағымды ойлау керек болды.  Келе-

шекті ойлау – алда тұрған аса маңызды іс. Сол 

себепті де «Кім болам?» деп толғандым. ҰБТ-

да бесінші пән ретінде қай сабақты таңдаймын? 

Қазақ әдебиетін таңдап кім болам? Журналист 

болу қолымнан келмейтін секілді, ал филолог? 

Филолог болып мұғалім болам ба? Басқа жанға 

жақын қандай сабақ пен мамандық бар деп ұзақ 

ойға түстім. География деген пәнге икемім бар-

тын. Бесінші пән ретінде географияны таңдап, 

мемлекеттік және жергілікті басқару факультеті-

не түссем дедім. Ендігі бағындыратын жартас 

осы. Сөйтіп, өзімді болашақ мемлекет қызметкері 

ретінде көре бастадым. Тіпті, сыныптас доста-

рым да осыған сенді. Қалай десек те,  бұның бәрі 

балалық қиял, арман еді. Бұл мамандыққа түсу өте 

қиын екенін білдім. Ғаламтордың статистикалық 

мәліметтері де маған  осыны аңғартты. Терең ойға 

батып,  өзімді қайрап, журналист болып халыққа 

қызмет жасаймын деген ойға бекідім. Қазақ 

әдебиетін бесінші пән ретінде таңдап, ғылыми 

жоба жарысына қатыстым. Ғылыми жұмыстың 

тақырыбы өзекті, әрі қызықты еді. Өзім ішіне 

кіріп терең зерттей бастадым. Ақырында «Елба-

сы Н.Назарбаев еңбектеріндегі ұлттық рух және 

тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет мәселелері» 

атты тақырыппен жүлделі орын алып, оқу гран-

тын иелендім. Сөйтіп алға ұмтылып, биікке 

самғауға тырыстым. ҰБТ-ны жақсы тапсырып, 

алтын ұя мектебіммен қоштастым.

Қазіргі таңда мен кіммін?  Бүгінде мен 

Тұңғыш Президентіміз негізін қалаған Астана 

қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің Журналистика және саясаттану 

факультетіндегі баспа ісі мамандығы бойынша 

білім алып жатырмын. Болашақ мамандығым – 

журналист-редактор. Журналистика мамандығы  

болғанымен, біздің мамандық жан-жақты және 

өтетін сабақтарымыз журналистерден әрқилы. 

Мысалға, бізде кітап тарихын білуге арналған 

кітаптану, баспа ісінің құқықтық негіздері, радио 

және тележурналистика, жарнама, дизайн секілді 

сабақтар бар. Өтілген дәрістерімнің ішінде маған 

ең қатты ұнағанының бірі - әскери публицисти-

ка. Бұл сабақтың ерекшелігі - әлемдік, аймақтық 

қақтығыстар, терроризм, саяси жағдайлар жайлы 

жан-жақты біліп тану, қақтығыс жағдайларындағы 

журналист әрекеті.   Бейімділігім тек редакторлық 

қана  емес, саясатқа да қызығам. Сол себепті 

де, мен жан-жақты білім алудамын. Бір досым 

саясаттану мамандығы бойынша болса, тағы 

бір досым PR мамандығының иесі, ал енді бірі 

- журналист, социолог, психолог, экономист, 

заңгер. Сондықтан да мен кезінде армандаған 

болашағым - елімнің саяси қайраткері бола ала-

мын.  

Ертең кім боламын? Алдымен бұл сұрақтың 



жауабын бір Алла Тағала ғана біледі. Ал менің 

жоспарым - шетелдегі үлкен жоғарғы оқу 

орындарының бірінен білім алып, жан-жақты 

жетілген редактор болу. Мүмкін мемлекеттік 

немесе жеке меншік болсын үш үлкен, маңызы 

зор кәсіпкерлік жұмыс ашқым келеді. Оның 

бірі – телеарна ашу, екіншісі – газет-журнал, 

кітап шығаратын редакция-баспа, үшіншісі – 

ғаламторда халық мұңын жоқтайтын сайт ашу. 

Осылар  арқылы үлкен жетістіктерге жету.  

Әрқашанда биікке ұмтылып, биіктен ғана көріну. 

Ал алтыншы сыныпта оқып жүрген кездегі үлкен 

ғалым ағалардың сөзі жерде қалған жоқ, қалмайды 

да. Әкемнің жүрген  баспалдағымен мен де жүрем, 

тек филолог ретінде емес, редактор, саясаткер 

ретінде еліме қызмет жасасам, Тұңғыш Прези-

дент туралы кітап жазсам деймін.

Қалың ұйқыға жібермеген, мені мазалаған 

ой осы екен ғой. Ойымдағының бәрін қағаз беті-

не түсірдім, осыдан кейін ұйқым тыныш болып, 

дұрыс ұйықтайтын шығармын.

 

Ұлпан СӘМЕНҚЫЗЫ,



журналистика және саясаттану 

факультетінің студенті

БОЛАШАҚПЕН СЫРЛАСУ

Аш қалған күн

Студенттік өмір – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, 

адамның есте қалар ерекше кезеңі ғой. Алғашқы кезде үлкен 

қалада ата-анаңнан жырақта болу, жаңа ортаға үйренісу, 

сабақтың қиындығы, ашқұрсақтық қиын болады. Кейін бәріне 

бейімделіп кеткеннен кейін, жаңа достар тауып, қаламен 

танысып қызықтар басталады. Мен үшін «студент» деген 

ұғымның өзі құпиясы тереңнен ашылмай жатқан қазына 

іспеттес?!  Әсіресе жатаханадағы оқиғалар...

Мына бір қызықпен бөлісейін, бірде бөлмеде қалған жарты 

кг вермишельді құрбым пісіріп, "ал, қыздар тамақ дайын, 

дастарханға жақындаңдар" деп тамаққа шақырды да, өзі тамақты 

алып келуге бытовкаға кетті. Бір уақытта жан даусы шыға 

"тамақты ұрлап кетіпті" деп айқай салды. Енді не істедік, оның 

үстіне бөлмедегі соңғы азық-түлік. Әрі қарадық, бері қарадық 

тамақты ыдысымен таба алмадық. Содан басымыз салбырап, 

бөлмеде отырдық. Қанша отырғанымыз белгісіз, сәлден соң 

бытовкаға барсақ, тамақ пісірген ыдысымыз тұр екен. Қуанып 

кетіп қакпағын ашып карасақ, дөңгелене піскен тамақты қақ 

ортасынан бөліп алып қалыпты да, бетіндегі кағазға "Спасибо! 

Было очень вкусно" деп хат жазып тастап кетіпті. Оларға біраз 

ашулансақ та, әбден күліп алдық. Не болса да жаудың алыстан 

келмегенін ішіміз сезген біз кейіннен қазанымыздың қасынан 

ұзамауға бекіндік.



Көбей ШЫРАЙЛЫМ,

ҚЖ-21 тобы студенті

Жатақхана өміріне саяхат

Жатақхана – қарбалас тіршіліктің ордасы және қай 

жағынан алып қарасаң да қызыққа толы оқиғалар мекені 

десек те болады. Таңертең күнмен жарыса оянып, апыр-

топыр жиналып жатақханадан оқу ғимаратына ағыламыз. 

Сыртқа шыққанда бір бағытта ағылып бара жатқан 

жолдастарыңды көресің. Ешкім ешкімге қарамайды, 

ең бастысы, аудиторияға ертерек жетіп, жақсы орынға 

жайғасу. 

Содан кейін сабақ. Дәріс уақыты. Кей кездері сабақ 

үстінде ұйқысы қанбаған достарымыздан  «тәтті ұйқыда 

балқып жатсам арманым болмас еді» деген қиялдарының 

бет-жүзіне қарап, куәсі боламыз. Сабақ біткен соң, үлкен 

бір жұмысты бітірген адамдай мәз болып жатақханаға 

қарай бет аламыз. Артынша кешкі тамақ жасау кезеңі 

басталады. Бірі күйіп-пісіп тамақ жасаса, бірі бөлмеден 

бөлмеге «тұз, май, бұрыш» іздеу мақсатында жорыққа 

шығады. Тіпті кей кездері қыздардың қазандарын 

аңдып, дайын болған астарын қазанымен қоса ұрлайтын 

«арнайы штабты» да байқаймыз. Дайын болған асты 

бөлмедегі сегіз қыздың тамсана, таласа-тармаса жегенін 

айтып тауысу мүмкін емес. Мұның өзі өз алдына қызық 

емес пе?!...

Қарап отырсаңыз, жатақхананың тіршілігі бітпес 

қызық, өзінше бір жеке әлем ғой. Топтасып бірге сабаққа 

барып-келу, бірге ойнап-күліп ас әзірлеу, бірігіп сабақ 

оқудың өзі керемет. Жатақханада уақыттың қалай 

жылдам өткенін кейде байқамай да қаламыз. Содан түнде 

сағат тілі 23:00 ді көрсеткенде, жатақхана есігі жабылады. 

11-ден кешіксең тағдырыңды төменде отыратын 

«вахтерша» апай шешері сөзсіз. Барынша жылы-жылы 

сөздеріңді айтып, әйтеуір қыл көпірден өткендей болып, 

жатақханаға кіргеніңнің өзі зор бақыт. 

Уақыт зулап өтіп жатыр. Міне, менің де жатақханада 

тұрып жатқаныма биыл екінші жыл. Студенттік өмірімнің 

қызықты мекеніне айналған жатақханадағы қуанышқа 

толы сәттерімді ештеңеге айырбастағым келмейді! 

 

      



Жанар АРҒЫНОВА,

ҚЖ-21 тобы студенті

11

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

ТЕРРИТОРИЯСЫ

Президент күні мерекесі қарсаңында филология 

факультетінде «Ойкөкпар» атты интеллектуалды 

ойын болып өтті. Осы ойынды ұйымдастырушылар 

филология факультетінің қазақ тілі мамандығының 

2-курс магистранттары болды. Биылғы жылғы 

магистранттардың тәжірибесі бұрынғы іс-

тәжірибелерден өзгеше болды. Неге десеңіздер, 



Есте қалар ойын болды...

бұған дейінгі өткізілген тәжірибелердің ішінде 

тәрбие сабақтары мен ашық сабақтардың барлығы бір 

сарындас еді. Осы жолғы сабақ ойын сабағы ретінде 

өтті. Ойынды тамашалауға  қазақ тілі кафедрасының 

меңгерушісі Сәрекенова Қарлығаш  Құрманәліқызы 

және кафедраның басқа да оқытушылары келді. 

1 және 4-курс студенттері белсенділік танытып, 

XXI ғасыр. Өмір заман ағымымен, тағдыр 

толқынысымен қызу қарқынды өтіп жатыр. 

Жаңа технологиялар, медицина адымдап алға 

басып келеді. Компьютерлік мүмкіндіктер 

таң қалдырады. Адамзат бұның барлығын 

жетістік деп санап, басқасына көңіл бөлмейді. 

Қоқыстарды далаға тастап, табиғат туралы еш 

ойламайды. Сөйтіп, мыңдаған жылдар өткеннен 

кейін бүкіл дүниежүзінде миллиардтаған 

адамдар табиғатты жойып, өсімдіктердің 

орнын жаңа дизайнды ғимараттар, ал көше 

бойын көп мүмкіндікті роботтар алды. Мен 

«көркейген» қала бойымен жүріп келе жатып, 

тас арасынан қиналып, әрең шығып, өсіп тұрған, 

әдемі, бірақ әлсіз көрінген гүлді кездестірдім. 

Гүлдің сұлулығына көз жетпейді. Бірақ 

жапырақтарында көздің жасындай тамшыларды 

байқап, мен гүлмен сәлемдесіп, неге оның 

сондай көңілсіз екенін сұрадым.  Сонда гүл 

жауап берді: 

– Заман ағымы бұлай болмай тұрғанда біз 

көпшілік назарында болдық. Адамдар бізді 

бағалап, сирек кездесетнімізді қызыл кітапқа 

енгізген еді. Ал қазір ше?! Адамға өзінің жеке 

басының жағдайы маңыздырақ. Табиғатқа 

үлкен қауіп төндіріп, жасыл елді мекендерге 

ғимараттар, зауыт-фабрикалар салып, біз 

туралы адамдар мүлде ұмытып кетті, – деді. 

Сонда мен біраз ойланып:

– Иә, келісемін.  Шынында да солай 

болғаны. Жүр менімен, бұны осылай қалдыруға 

болмайды, – дедім де, гүлді біраз топырағымен 

бірге жолға алдым.  Екеуіміз  жол  бойы сөз 

ауысып,  достасып та қалдық. Қала жолында 

келе жатқанда, маған «көп мүмкіндікті», 

соңғы технология әдісімен жасалған робот 

модельдерінің бірі  кездесті. Робот қолымдағы 

гүлді байқап, ашулы көздерімен маған:

– Бұл не? Оны тез мезетте  жою қажет. 

Біздің қазіргі өмірімізде бұл нәрсенің қажеті 

жоқ. Жер  бетінде мұндайға орын арналмаған, 

– деді де, қолын гүлге қарай соза бастады. Мен 

роботты бар күшімен ары қарай итеріп: 

– Жоқ, сен не деп тұрсың! Барлығы 

біздің қолымызда. Барлығына кінәлі сендер, 

компьютерлер, – дедім де, ойланып қалдым. 

Себебі,  шын мәніне келсек, өмірдің былай 

айналғанына адамзат жауапты ғой. Бір мезгілде 

роботтың жағымсыз, қатты даусы:

– Жан-жағыңа қарасаңшы, ешкімді 

гүлдің тағдыры азат етпейді. Әлем қазір біздің 

қолымызда, – деді де, өзінің компьютерлік 

ойынның қызықты өтуіне бар күш-жігерін салды. 

Бұл ойынның аты да затына сай еді. «Ойкөкпар» 

деген атпен өткен интеллектуалды ойын шынымен 

жоғары деңгейде өткізілді. Сұрақтар студенттің 

инттеллектуалдық біліміне байланысты қойылды. 

Ойында сұрақтар бейне-сұрақ, аудио-сұрақ түрінде 

берілді. Сұрақтарды университетіміздің және басқа 

да оқу орындарындарының оқытушылары қойды. 

Сұрақтардың әртүрлілігі сонша, біреуі тарихпен, біреуі 

мәдениетпен, енді бірі салт-дәстүрмен байланысты 

болды. Демек, осындай ойында адамды тек ғылыми-

теориялық білім ғана алып шықпайды, сонымен қатар 

жан-жақты танымдық ойлау мен интеллектуалды білім 

қажет. Ойын нәтижесінде «Жастар» тобы жеңіске 

жетіп, мақтау қағазымен марапатталды. Барлық 

ойыншыларға сыйлықтар табыс етілді. 

Осындай  тәлім-тәрбиесі мол, берері көп ойындар 

ордалы оқу орнымызда көп бола берсін дегіміз келеді.




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал