№22 (155), қараша 2013 жыл



жүктеу 430.74 Kb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата09.01.2017
өлшемі430.74 Kb.
1   2   3   4   5

БІР ЕЛ. БІР ТАҒДЫР. 

(Соңы. Басы 1-бетте)

7

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

Халықаралық толеранттық күніне орай ұйымдастырылған басқосудың тұсаукесер рәсімі 

университетіміздің «Астана» атриумында өтті. Онда Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығы 

меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко қатысушыларды форум бағдарламасымен 

таныстырып, жиын жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, отандық және шетелдік белді 

журналистер қатысушыларды толеранттық күнімен құттықтады.

Шара халықаралық және қазақстандық сарапшылардың шеберлік сыныптарымен, 

өзара тәжірибе алмасуымен жалғасты. Назарбаев залында дәріс оқыған осы оқу орнындағы 

ЮНЕСКО кафедрасының профессоры, экс-сенатор Әділ Ахметов былай деді: «Қазақстан 

халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылды. Біздің еліміз көпұлтты 

мемлекет. Ассамблеяның атқарып жатқан жұмысы, ішкі сарабдал және сыртқы көпвекторлы 

саясаттың нәтижесінде көпұлтты Қазақстан дамып келеді. Бұл форумның да көздегені – 

осы. Көпұлтты Қазақстан әрі қарай да осы бағыттан таймауы керек». Экс-сенатор атомды 

жеңген адамзат үшін келесі қауіп – этносаралық бүлік екенін баса айтты. Сондықтан, 

бүгінгідей ақпарат тасқынында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі 

зор. Себебі, кез келген теріс ақпарат  жаһандық жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Оның 

пайымдауынша, бұл тақырыпта қалам тербейтін журналистердің кәсіби біліктілігі жоғары 

болуы керек. «Мұсылман елдерінде болып жатқан соғыс өртінің астарында не жатыр?! 

Демократиялық құндылықтарды енгіземіз деп талай елдің быт-шытын шығарды. Ұлттар мен 

ұлыстарды бір-бірімен жақындастыру, мәдениеттердің алмасуы, бірін-бірі сыйлау, сыйластық 

– түсініспеушілікті жоюдың шешімі. Бұл – қазақстандық үлгі,» – деді Әділ Ахметов.

Аталған мәселе бағытында ойларын ортаға салған халықаралық сарапшылар мен 

журналистер этносаралық және дінаралық байланысқа сақтықпен қарау керек деген пікірде. 

Солтүстік Каролина университетінің докторы, жазушы Хэл Фостер де қолдайды мұны. 

«Менің ойымша, бұл медиа форум өтіп жатқан алаң – этносаралық қоғамда БАҚ-тың орнын 

айқындауға септігін тигізеді. Ақпарат таратушылар этникаралық топтардың әртүрлілігі – 

жағдайды ушықтырмайды, керісінше оның пайдасы да зор екенін ұғынуы керек. Бұл – соғыс 

емес, бейбітшілік деп қарауымыз қажет. Тунис пен Мысыр елдерінде болған жағдайды және 

қазіргі Сирияның ахуалын еске түсірудің өзі жетіп жатыр. Сондықтан мынадай алмағайып 

заманда көп ұлтты, әрі тату тұратын Қазақстанның тәжірибесі өте маңызды» деп ағынан 

жарылды ол.

Шара барысында қатысушылар Еуразия ұлттық университетіндегі ашылғанына көп 

бола қоймаған ЮНЕСКО және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларымен танысты. 

Басқосу соңында Ассамблея ұйымдастырған «Аңсар-2013» әдеби байқауының жеңімпаздары 

салтанатты жағдайда марапатталды. Көпшілік елордадағы этномәдени бірлестіктердің 

концертін тамашалады.

«Толеранттық және БАҚ» тақырыбындағы халықаралық медиа форумның қатысушылары 

екінші күні «Қазмедиа» орталығына жиналды. Мұнда Ассамблеяның этникалық БАҚ және 

«Коре Ильбо» газетіне – 90 жыл» көрмелері қойылған.

Басқосудың пленарлық мәжілісін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары 

– Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығы меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, жүргізіп 

отырды. «Әр уақыттың, кезеңнің өз талабы бар. Сол талапқа орай не істеуіміз керек деген 

сұрақ та алдымызда тұр. Міне, осындай өзекті сауалдар төңірегінде ой қаузайтын сәт жетті,»  

– деді Е.Тоғжанов.

Форумға қатысушылар алдында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан 

Майлыбаев сөз сөйледі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алар орны мен елдегі 

тұрақтылыққа қосар үлесі ерекше екенін атап өтті ол алдымен. Әсіресе, этносаралық және 

конфессияаралық татулық Қазақстанның басты құндылығы, бұл құндылықты сақтауда БАҚ 

рөлі ерекше екенін шегелей жеткізді. Бұған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та 

өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында баса назар аударғанын айтты.

«Бүгінде қазақ топырағында жүзден астам этнос өкілдері тату өмір сүруде. Олардың 

ана тілдері мен мәдениеттерін дамытуға барлық жағдай жасалған. Елімізде он бес тілде отыз 

жеті этникалық газет-журнал жарық көреді, республикалық телеарналарда бес бағдарлама 

ашылған. Бұл бағыттағы ақпараттық саясатты жүзеге асыруға мемлекет қазынасынан соңғы 

үш жылда 560 миллион теңге бөлінді. Осының өзі халықаралық қарым-қатынастарға еліміздің 

қаншалықты терең мән беретінін көрсетеді. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын 

табатын болады,» – деді Б.Майлыбаев.

«Бұл медиа форум ақпараттық толеранттылықтың айқын екендігін айқындайды. 

Шара алғаш рет өткізілуде және біздің диалогымызға өз үлесін қосады. Оның алаңында 

қатысушылар бірнеше ұсыныс берді, дәлірек айтсақ, Астанада этникалық мәселелер бойынша 

халықаралық журналист сарапшылар клубын құру мәселесі,» – деді Бағлан Асаубайұлы. Оның 

айтуынша, бұл ұсыныс отандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып келе жатқан 

толеранттылықты нығайтуға көмектеседі.

Форумда Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан кәрістері қауымдастығының 

төрағасы Роман Ким, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика 

факультеті деканының орынбасары Петр Шульцман, халықаралық дипломат Әділ Ахметов 

сынды спикерлер сөз сөйледі.

Форум соңында этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық 

байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты жағдайда марапатталды. 

Айта кетерлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отырған халықаралық медиа 

форум ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 

мерекелерінің аясындағы іс-шараларға ұласатын болады.



Асхат РАЙҚҰЛ

ТОЛЕРАНТТЫҚ – 

ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰТҚАСЫ

және орта бизнес саласында 2 миллионнан 

астам адам еңбек етуде. Сонымен қатар, 

еліміз әлемнің 126 еліне 200-ден астам 

өнім түрін шығаруда. Ұлттық дәулетіміздің 

үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен 

құралуда. Соңғы он жылда эконо ми ка ның 

осы секторының өндірген өнімі 20 есе өсіп, 

шамамен 7 триллион теңгені құрайды.

Бизнесті жүргізу жөніндегі Дүниежүзілік 

банк рейтингінде Қазақстан ТМД-ның 

барлық елдерін соңында қалды 

рып, 

 

47-орынды иеленді. Егер 90-жылдардың ба-



сында өнеркәсіп өнімінің көлемі бар-жоғы 

0,2 миллиард теңгені құраса, 2012 жылы ол 

12 триллион теңгеден асып кетті.

1990 жылы Қазақстан басқа ел дерге 

ештеңе экспорттамаған болса, бүгінде 

Қазақстан экспорты 75 миллиард доллар-

дан асады. Тәуелсіздік жылдарында елімізде 

мұнай өндіру 3 еседен астамға артты. Көмір 

саласы елдің электр қуатының 78 пайы зын 

қамтамасыз етеді.

Еуропа мен Азия арасында 

стратегиялық орын ала отырып, еліміз 

тиімді транзит әлеуетіне ие. Қазір бірегей 

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзитті 

дәлізін жүзеге асыру жүріп жатыр. Трасса-

лар құрылыстарында 50 мың адам жұмыс 

істеуде. Үш жыл ішінде 2700 шақырым сапа-

лы автомобиль жолы іске қосылды.

Бұрын сатылып кеткен активтердің 

бірқатар маңызды бөлігі мемлекет мен-

шігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», 

Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен 

ЕNRС, «Қазақмыс» компаниялары басым 

активтері мемлекет иелігіне қайтарылмақ. 

Осыдан он алты жыл бұрын Арқа төсіне 

ауысқан Астана жаңа Қазақстанның елдік 

белгісіне және шынайы мақтанышына айна-

лып, мемлекетіміздің өмірінде жасампаздық 

белесіне бастау болды, ел экономикасы үшін 

де көп тиімділік берді. Бұл көш – құрылыс 

саласын дамытты, бүкіл елге локомотив 

ретінде үлгі болды. 

Елдің экономикалық жағдайы туралы 

айтқанда экономикалық дамуымызға ере-

кше әсері бар ауыл шаруашылық саласы 

туралы айтпай кетуге болмайды. Бүгінде 

бүкіл әлем бойынша азық түлік тапшылығы 

жыл санап артып, тамақ өнімдеріне деген 

сұраныс арта түсетін болады. Осынша-

ма кең байтақ жері бар біздің елдің бұл 

мүмкіндікті пайдаланып қалуы орынды. 

Осыны ескеріп, Елбасы 2002-2005 

жылдары ауыл жылдары деп жариялап, сол 

мерзімнен бастап ауыл шаруашылығын 

қолдауды еселеп арттырып келеді. Бұл 

салада осы оншақты жылдар ішінде 

біршама істер атқарылды. 2005 жылы 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық 

аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу 

туралы» Заң қабылданды. Бұл заң арқылы 

агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік 

қолдаудың бұрын болмаған жаңа ере-

желері енгізілді. 2006 жылы «ҚазАгро» 

Ұлттық Басқарушы Холдингі құрылып, 

бұрын қалыптасып келген және жаңадан 

ұйымдастырылған 7 акционерлік қоғам 

оның құрамына енгізіліп, ауылға қолдау 

көрсетудің жолдары бірыңғайланып, жүйелі 

түрде жасала бастады.

Таяу онжылдықта азық-түлік қауіпсіздігі 

әлемдік қоғамдастықтың үнемі назар ауда-

ратын саласы болады. Жаһандық рецессия 

азық-түлік бағасының 2007-2008 жылдар-

да байқалған біршама жоғары деңгейімен 

салыстырғанда уақытша төмендеуіне 

алып келді. Сонымен қатар, көптеген ел-

дерде адам саны өсуінің жалғасуы және 

әлемдік экономиканың қалпына келуі 

азық-түлік тауарлары бағаларының ұзақ 

мерзімді өсуіне алып келеді деп болжанып 

отыр. Жер ресурс-  тарына бай, халқы көп 

елдердің ортасында тұрған Қазақстан азық-

түлікке өсіп отырған әлемдік сұранысты 

қанағаттандыруға сай болу үшін отандық 

ауыл шаруашылығын дамытуды ынталанды-

руды қолға ала түспек.

Жақында «Нұр Отан» партиясының 

отырысында Экономика және бюджеттік 

жолспарлау министрі Ерболат Досаевтың 

айтуынша, еліміз жан басына шаққандағы 

ішкі жалпы өнім көлемі бойынша Польша, 

Венгрия, Бразилия, Турция и Малайзия ел-

дерімен теңесті. Осы жылғы 9 айдың ішінде 

ішкі жалпы өнімнің өсуі 5,7 пайызға жетті. 

Еліміздің халықаралық резервтері Ұлттық 

қордағы 66,6 миллиард доллар қаржыны 

қоса есептегенде 90,8 миллиард долларды 

құрады.


Оның айтуынша, 2013 жылдың 1 

қыркүйегінде экономиканы несиелеудің 

көлемі 14,8 пайызға артып, 10,8 триллион 

долларды құраған. Депозиттер 10,2 трил-

лион теңгеге жетіп, 14,4 пайызға артқан. 

Соңғы 3,5 жыл ішінде экономикамыздың 

индустриялық-инновациялық дамуы ая-

сында 563 барлық құны 2,1 триллион теңге 

болатын жаңа жоба іске қосылып, соның 

есебінен 61,7 мың жаңа жұмыс орындары 

ашылған және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі 

еңбек өнімділігі 61,8 мың долларға жеткен. 

Ол ел экономикасындағы өндіріс саласын-

да 15 мың доллармен салыстырғанда 4 есе 

артық. 

Мұның бәрі – Ұлт көшбасшысы бастаған 



еліміздің үлкен жетістігі. Дегенмен, талай 

"тар жол, тайғақ кешуден" өткен халқымыз 

Елбасының басшылығында саясатқа емес, 

экономикаға күш салуының нәтижесінде 

ұтты. Биікке өрледі. Жеңістерге жетті.

БІР КӨШБАСШЫ.

1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ



Мырзагелді КЕМЕЛ, 

 «Менеджмент» 

кафедрасының про-

фессоры, экономика 

ғылымдарының 

докторы 

8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

ЗЕРТТЕУ

Мұстафа Шоқай туралы жаңа 

құжаттар нені меңзейді?

2009 жылы С.-Петербордың мұрағатынан Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы жаңа 

құжаттар табылды. Бұл құжаттар Мұстафаның орыс императоры университетіне түсуі мен оқуы 

жайын, сондай-ақ Әлихан Бөкейханмен ашық әрі құпия байланысы болғанын анықтай түседі.

(Жалғасы келесі санда)

МҰСТАФАНЫҢ ТУУ ТУРАЛЫ 

КУӘЛІГІ

М.Шоқайдың ісіндегі №17 парақта 

мазмұны қызығушылық тудыратын куәлік 

көшірмесі тігілген. Онда патша дәуіріндегі 

бюрократиялық дәстүрге тән әдіспен сөзбе-

сөз былай деп жазылған: 



«1902 жылдың 10 наурызы. Біз, 

төменде қол қоюшы Гродеков болысы 

№3 ауылының қазақтары 1890 жылдың 

желтоқсан айында ауылдасымыз Шоқай 

Торғаевтың заңды әйелі Бақытбикеден 

ұл туып, оған «Мұстафа» деп ат 

қойылғанын растаймыз.

Растап қол қоюшылар: Әліш 

Торғаев, Әбубәкір Әлішев, Шаймұхаммед 

Дүйсеманов және Палмұхаммед 

Айтмұхаммедов. Балаға ат қойған 

молда Әбубәкір Әлішев.

Осы куәлік, маған – халық биі Оспан 

Торғаевқа әкелінді.

Қазақшаға тілмаш, губерниялық 

хатшы Ир. Қасымов аударды»

Мұстафа Шоқайға «1913-1914 оқу 

жылдары С.-Петербордың императорлық 

университетіне кіру үшін» берілген 

студенттік билет. С.-Петербор Орталық 

мемлекеттік тарихи мұрағаты (Ресей). 2009 

ж.

№38 парақта 1910 жылдың 14 



маусымында Ташкентте Сырдария 

облыстық басқармасы («Сыръ-

Дарьинскимъ областнымъ правленіемъ») 

берген №15806 куәліктің көшірмесі тігілген. 

Мұнда да Мұстафа туралы жаңа, қызықты 

деректер келтірілген. Онда былай деп 

жазылған: 

«Куәлік. Бұл куәлік Перовск оязы, 

Гродеков болысы қазағының ұлы 

Мұстафа Шоқаевқа берілді. Ол, Шоқаев, 

Түркістан өлкесінің жергілікті тұрғыны 

ретінде Әскери қызмет туралы 

жарғының 42-бабының негізінде әскери 

қызметке алынбайды...». 

ПЕТЕРБУРГ  

УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ДИПЛОМЫ

Зерттеушілер үшін келесі құжат та 

қызығушылық тудыруы мүмкін. Онда 

жас қазақ студентінің университетте оқу 

барысында қандай курстарды тыңдағаны 

туралы деректер бар. Атап айтқанда, 

куәлікте былай деп жазылған: 

Санкт-Петербор Императорлық 

универ-ситетінің заң факультетін 

Мұстафа Шоқайдың тәмамдағаны 

туралы куәлік (диплом). Орталық 

мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-

Петербор, Ресей. Қыркүйек, 2009 жыл.

«Осы куәлікті ұсынушы Мұстафа 

Шоқайұлы Шоқаев, мұсылман дінінде, 

1890 жылы желтоқсанда дүниеге 

келген қазақтың ұлы. Ол Ташкент 

гимназиясын бітргендігі жөніндегі 1910 

жылы №1035 кәмелеттік аттестатпен 

Санкт-Петербордың Императорлық 

университетінің студенттері 

қатарына алынып, 1910 жылғы шілдеде 

Заң факультетіне тіркелді. Онда 

төмендегі курстарды тыңдады: 

Рим құқығының тарихы, рим 

құқығының догмасы, Орыс құқығының 

тарихы, Мемлекеттік құқық, Шіркеу 

құқығы, Полиция құқығы, Саяси 

экономия, Статистика, Азаматтық 

құқық және Сот өндірісі, Сауда 

құқығы және Сот өндірісі, Қылмыстық 

құқық және Сот өндірісі, Қаржылық 

құқық, Халықаралық құқық, Құқық 

энциклопедиясы, Құқық философиясының 

тарихы бойынша.» 

Төменде заң факультетінің деканы 

В.Удинцевтің және аты-жөні түсініксіз 

жазылған факультет хатшысы мен заң 

факультеті ғылыми кеңесі хатшысының 

қолдары тұр. 

Аталған құжаттың ең төменгі тұсында 

куәлікті 1914 жылдың 29 қыркүйегінде 

алғандығы туралы Мұстафа Шоқайдың өз 

қолтаңбасы бар.



26 ЖАСЫНДА ДУМА 

ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Оқу бітірген Мұстафа Шоқайға берілген 

№782 куәлікте: ««Бұл куәлік оқу бітіруші 

Мұстафа Шоқайға берілген. Оған 1915 

жылдың 20 тамызына дейін С.-Петербор 

қаласы мен оның айналасында, теміржол 

желісі бойында еркін тұруға рұқсат етілді» 

деп жазылған. 

Бұдан ары С-Петербордан 50 шақырым 

(верст) қашықтықта орналасқан қала 

маңындағы елді-мекендердің аттары 

жазылған. 

Бұл жерде айта кететін маңызды бір 

мәселе, жас Мұстафа Шоқайдың Әлихан 

Бөкейханмен кездесуі шамамен 1914-1915 

жылдары болған. Қыр баласы – Ел ағасының 

уәжімен жас Мұстафаның С.-Петерборда 

бөгеліп қалуы әбден мүмкін. 

Өйткені, 1916 жылы Әлихан Бөкейхан 

бірінші жалпыұлттық «Қазақ» газетінің 

бетінде Мұстафаны Ресейдің төртінші 

Мемлекеттік думасының Мұсылман 

фракциясының бюросына хатшылыққа 

ұсынды. 


Сонымен бірге, дәл сол «Қазақ» 

газетінде кейінірек жарияланған 

мақалалардан Әлихан Бөкейханның бұл 

бастамасы сол жылдары С.-Петерборда 

тұрған қазақ зиялыларының шағын тобының 

наразылығын туғызғаны байқалады. Олар 

Мұстафа Шоқайды «саясат үшін әлі жас әрі 

тәжірибесі жоқ» деп есептеген. 

Мұстафаның қаншалықты «жас әрі 

тәжірибесіз» болғанын арада бір жыл 

өткен соң, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен 

кейін Қоқанда болған тарихи бетбұрысты 

оқиғалар көрсетіп берді. Мұнда оның 

бастамасымен және тікелей басшылығымен 

Қоқан автономиясы деген атпен белгілі 

Түркістан Мұхтариатының құрылғандығы 

жарияланды. Шамасы, алғашқы ұстазы 

Әлихан Бөкейханның саяси сабақтары мен 

тәжірибесі бекер кетпеген сияқты. 

Ал, Алты Алаш көсемі оны мұсылман 

фракциясының хатшылығына ұсынған 

1916 жылдың күзінде Мұстафа әлі 26 жасқа 

да тола қоймаған еді. Ол 1890 жылдың 

желтоқсан айында дүниеге келген-ді. 



МҰСТАФАНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ 

МЕН ӨМІРІ БЕЙТАРАП ӘРІ ЖІТІ 

ЗЕРТТЕУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Жоғарыда айтылған барлық мұрағаттық 

құжат пен ондағы жаңа деректер Мұстафа 

Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеушілер 

үшін нақты деректер береді. 

Бүгінде Қазақстанда, Ресейде және өзге 

де бірқатар елдерде Мұстафа Шоқайдың 

өмірі мен қызметі туралы қаншама зерттеу-

мақаланы табуға болады. Тек Қазақстанның 

өзінде Мұстафа Шоқайдың «Түркістан 

Советтердің үстемдігі астында», 2 томдық 

«таңдамалылары», «Түркістандағы 

төңкеріс. Ақпан дәуірі» атты белгілі 

еңбектері жарияланды. 

2002 жылы Мәскеуде шыққан «Ресейдегі 

азамат соғысы: оқиғалар, пікірлер, бағалар» 

деген кітапта оның «Орта Азиядағы ұлттық 

қозғалыс» атты еңбегі жарияланды. 

Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Кавказ 

елдерінің, Түркияның және Батыс 

Еуропаның газеттерінде түрік, француз, 

ағылшын, неміс тілдерінде жарияланған 

Шоқайдың толып жатқан мақаласы әлі күнге 

дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылған 

жоқ. Олар өз зерттеушілерін күтіп жатыр. 

Алайда, Мұстафа Шоқай өмірінің ең бір 

маңызды, әсіресе 1910-1917 жылдары оның 

қоғам қайраткері және көсемсөзші ретінде 

қалыптасқан С.-Петербор кезеңі жайындағы 

замандастарының зерттеулерінен талай 

кемшілікті байқауға болады. 

МҰСТАФАҒА МӘҢГІЛІК ҰСТАЗ 

БОЛҒАН ӘЛИХАН

Қазақ және шетелдік ғалымдардың азын-

аулақ зерттеулерінде Алаш қозғалысының 

көсемі Әлихан Бөкейханның қоғамдық 

процесстерде ысыла қоймаған Мұстафаның 

дүниетанымы мен көзқарасының қалып-

тасуына ықпал жасаған маңызды кезеңі 

айтылмай кетеді. 

1912 жылдан Ресей Конституциялық-

демократиялық партиясы ОК-нің мүшесі 

болған, бұған дейін (шамамен 1906 жылы) 

С.-Петербордың құпия «Полярная звезда» 

масон ложасына қабылданып, 1910 жылдан 

кейін «Ресей халықтарының Ұлы Шығысы» 

ложасына мүше болған Әлихан Бөкейхан 

жас Мұстафа Шоқайды Ресейдің жоғары 

саяси ортасына алып кірді. Ол ортаға 1912 

жылы Александр Керенский де кірген 

болатын. 

Ескере кететін маңызды тарихи факты, 

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі 

Ресейдің Уақытша үкіметінің ақырғы 

төрағасы болған А.Керенскиймен Алаш 

көсемі Ә.Бөкейхан жақын таныс қана емес, 

сонымен қатар 1912 жылдан бері құпия масон 

ложасындағы «бауыры» еді. Керенскийдің 

естелігіне қарағанда, масондыққа ол 

IV Мемлекеттік думаға депутат болып 

сайланысымен 1912 жылы қабылданыпты. 

Самар гүбернелік жандармериясының 

құпия құжаттары бойынша, А.Керенский 

1914-1915 жылдары Самарға бірнеше рет 

барып қайтқан, 1908 жылдан саяси айдауда 

жүрген Ә.Бөкейханмен 3 рет астыртын 

кездеседі. Кадет партиясы Самар тобының 

хатшысы әрі масон Александр Елшин деген 

кісінің 1918 жылы жариялаған естелігіне 

сәйкес, Самар қаласындағы Казанская 

көшесі, нөмірі 30 үйде Әлихан Бөкейхан мен 

Александр Керенский жергілікті масондар 

қатарына жаңа мүшелер қабылдапты. Бір 

қызығы, бұл үй В.Кугушев деген жергілікті 

орыс кінәзінің меншігі болған көрінеді де, 

ол осы үйін Ә.Бөкейханға Шыңғыс ханның 

тікелей ұрпағы әрі кадет партиясы бойынша 

үзеңгілесім деп құрметтеп босатып беріпті. 

Сөйтіп Алты Алаш көсемі Самарда саяси 

айдаудағы барлық 9 жылын (1908-1917) 

отбасымен бірге осы 3 қабатты үйде тұрды.   

А.Керенскийді 1916 жылғы көтеріліс 

басып-жаншылғаннан кейінгі қазақтың Дала 

және Түркістан өлкелерін Дума депутаты 

ретінде инспекциялық сапармен аралап 

қайтуға көндірген және оған жолсерік етіп 

өзінің саяси шәкірті М.Шоқайды қосып 

жіберген де Алаш көсемі Ә.Бөкейхан екені 

қазір күмән туғызбайтын тарихи факты.

Мұстафаның саяси публицистикадағы 

алғашқы сабақтарын Әлихан Бөкейханнан 

алғанын да қаперден шығаруға болмайды. 

Оның алғашқы мақалалары 1916-1917 

жылдары «Қазақ» газетінің бетінде Әлихан 

Бөкейханмен бірге жарық көрді. 

Сонымен бірге, Мұстафа Шоқай туралы 

кейбір зерттеулер, жұмсартып айтқанда, 

түпнұсқа мұрағаттық, фактологиялық 

материалдардың жеткіліксіздігімен, 

қандай да бір оқиға дәл уақытын және аты-

жөндердің дәлсіздігімен ғана емес, жанынан 

қосып жазуымен де, тіпті кейбір тарихи 

фактыны қасақана жасырып қалмаса да, 

тоқталмай өтетін кемшіліктері де аз емес. 

Бұл жерде бейтарап әрі сыни көзқараспен 

саралау, бағалау мен әділ тұжырым жасаудан 

гөрі зерттеушінің сезімі - эмоциясы басым 

көрініс береді. 

Әйтсе де бәрінен бұрын «Мұстафа 

Шоқай» көркем фильмі аң-таң қалдырмай 

қоймайды. Кинотуындының авторлары 

(сценарийстер мен режиссері) тарихи 

оқиғалардың желісін көркемдік тұрғысынан 

«еркін» сипаттаймыз деп шынайы тарихқа 

қиянат жасаған, көркемдік еркіндікті 

тарихты өрескел бұрмалаумен шатастырып 

алған. М.Шоқай мен А.Керенский Ташкент 

гимназиясынан бері таныс бола алмайтыны 

былай тұрсын, Мұстафаның Александрдан 

9 жас кіші болғанын ескерсек, олардың бір 

сыныпта немесе қарама-қатар сыныпта оқуы 

санаға қонбайтын «еркіндік».  

Одан да өткен бұрмалаушылық – көркем 

фильмде оның авторлары шәкіртті, яғни 

Мұстафаны, өзінің ұстазына, яғни бүкіл 

Алты Алаш баласы көсемім деп қадірлеген 

Әлиханға қарсы қояды: бір сюжетте 

шәкірт өзінің уәжімен саяси ұстазының, 

Алашорда автономиясы төрағасының 

аузына құм құяды. Осыған байланысты 

аталған кинотуындының авторларына 

менің бермек кеңесім: М.Шоқайдың 

естеліктері мен шетелде қуғында жүріп 

жазған шығармаларын ең болмағанда бір 

рет ден қойып оқып шықса,артық болмас еді. 

Мұстафаның қайсыбір мақала-естелігінде 

Әлихан ағасының есімін сирек те тиіп-қашты 

атаса да (елде қалған ұлы ұстазына кесірім 

тиіп кетпесін деп сақтанғаны түсінікті де), 

одан шәкіртінің ұстазына зор құрметпен, 

қошеметпен қарайтынын аңғару қиын емес.  

Ол қамшының сабындай қысқа өмірінің 

соңына дейін даңқты ұстазына адал болып, 

пір тұтып өтті... 

Қазақтың ұлттық тарихы үшін емес, 

Мұстафа Шоқайдың тұлғалық өмірбаяны 

үшін де маңызы бар, 1918 жылғы ақпанда 

Түркістан Мұхтариаты қиратылғаннан 

соң, оның Түркия арқылы Францияға 

эмиграцияға кеткен кезіндегі аз ғана уақыт, 

бірақ ғасырларға пара-пар 1918 жылдың 

ақпаны мен 1919 жылдың көктемі аралығы 

да – нақтылауды және барынша жіті 

зерттеуді қажет етеді. Бұл кезеңге төменде 

қайта ораламын. 

Әзірше назар аудара кететін бірқатар 

маңызды мәселеге тоқтала кетейін. Мысалға, 

шоқайтанушылардың бірі де, шетелдік 

зерттеушілерді қоса алғанда, Мұстафаның 

Францияда жүріп атқарған іс-әрекетін ғана 

шұқи зерттейді де, ал оның шетелге аса 

құпия жолмен, сол себепті де қыр-сыры көп 

сапарының маңызына, астарына тіпті мән 

бермейді. Оған қоса ешбір зерттеуші өзінен-

өзі туатын «шетелге неліктен Мұстафа 

Шоқай қашты да, Әлихан Бөкейхан неге 

кетпеді?» деген сұраққа жауап іздемегені 

былай тұрсын, ондай сұрақты тіпті 

көтермейді де.


Каталог: upload -> iblock -> aa6
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ әдебиеті»

жүктеу 430.74 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет