№22 (155), қараша 2013 жыл


Студенттерді де ғарыш кеңістігі қызықтырады



жүктеу 430.74 Kb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата09.01.2017
өлшемі430.74 Kb.
1   2   3   4   5

Студенттерді де ғарыш кеңістігі қызықтырады

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

Газеттің өткен санында хабарлағанымыздай,  Лев Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Ғылыми 

кеңес мүшелері, оқытушылар мен студенттері алдында 2012-2013 оқу 

жылындағы қызмет нәтижелері бойынша есеп берген болатын.

Осы ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында ректордың есе-

бін талқылауға жаратылыстану факультеті химия кафедрасының 

меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Ә.Қ.Ташенов, ғылыми кітапхананың 

директоры, философия ғылымдарының кандидаты Б.Ә. Оразалиев, 

заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор, 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Е.Ә. Оңғарбаев, 

қазақ тілі мен әдебиетінің магистранты Мақсат Хабаров шығып сөйлеген 

еді. Бүгін біз олардың сөйлеген сөздерін жариялап  отырмыз.

Университет 

ректоры          

Е.Б.Сыдықовтың тапсырмасы-

мен Л.Н. Гумилев атындағы Еу-

разия ұлттық университетінің 

делегациясы Өскемен қаласында 

Шығыс Қазақстан облысы 

әкімінің жетекшілігімен өткен 

энергияның баламалы көздерін 

пайдаланудың жаңа әзірлемелері 

мен технологиялары, өзге де 

инновациялық технологиялар 

бойынша жобалар дайындау 

және оларды өндіріске енгізу 

жөніндегі кеңеске қатысты. 

Аймақ басшысы сараптау-

дан өткен үздік ғылыми жо-

балар облыстық бюджеттен 

қаржыландырылатындығын және 

кейбір жобалар бойынша «СПК 

«Ертіс» АҚ тарапынан субси-



Жасыл экономика – тұрақты дамудың жаңа жолы

ЕҰУ ғалымдары жаңартылған энергия көздері бойынша инновациялық 

жобаларды ұсынуда

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ БАЙЛАНЫСЫ

диялау қарастырылатынын атап 

өтті.  

Кеңесте ЕҰУ-дың ғылыми-



зерттеу жұмысы жөніндегі 

проректоры Ж. Оразбаев 

университеттің «Жасыл эко-

номика» саласындағы басым 

бағыттарын баяндап, «Мини 

ЭКСПО-2014» көрмесіне ба-

ламалы энергия көздері, элек-

троэнергетика, тиімді жылу 

жүйелері, тұрмыстық және 

өндірістік қалдықтарды жою 

сияқты инновациялық жобалар-

ды ұсынды. 

Инновациялық парк директо-

ры В.М. Ким Шығыс-Қазақстан 

өңірі кәсіпорындарының өнді-

рістік мәселелеріне қатысты 

өзі ұсыныстарын білдір-

ді.  Іс-шара төңірегінде өткен 

көрмеге университтің жетекші 

ғалымдары жылу энергетика-

сы кафедрасының меңгерушісі 

А.С. Глазырин, профессор 

А.Ш.Әлімғазин, профес-

сор Т.Е. Ермеков, профессор 

Д.С.Ахметбаев, профессор 

А.А. Баубек, профессор М.Н. 

Қамбаров, доцент А.Қалиев, аға 

оқытушы С.М. Демеубаев, маги-

странт Т. Ортамбаев өздерінің 

баламалы энергетика жөніндегі 

ғылыми жобаларымен таныстыр-

ды. 


Шығыс Қазақстан облысы 

әкімшілігі мен осы өңірдегі ірі 

өндірістік кәсіпорындар - «УК 

ТМК» АҚ, «УМЗ» АҚ, «Каз-

цинк» ЖШС өкілдерімен кезде-

су нәтижесінде келесі жоба-

лар бойынша бірлесіп, ғылыми 

зерттеулер жүргізуге келісті. 

Олардың ішінде жел электрстан-

циясы құрамында қуатты жел 

турбиналарын жетілдіру және 

орындау; көмірсутекті жанар-

майды жағуға арналған вихрлі 

жандырғыш; «РАНКА-ХИЛЬ-

ША» кавитациялық қыздыру 

құбырына негізделген жылу 

жүйесін күшейту; энергетикалық 

қазандық агрегаттардағы 

жанғыш газдардың компонент-

терін кешенді жою; сулы-жа-

нармайлы эмульсияны дайындау 

жүйесін жетілдіру сияқты өзекті 

мәселелер бар.

ОЙ. ПІКІР. ТІЛЕК. ҰСЫНЫС

Ғылыми кеңес төрағасы, университетіміздің ректоры Ерлан 

Бәтташұлының есепті баяндамасын тыңдап, осы көрсетілген 

уақыт аралығында  университеттің жеткен жетістіктерін, 

атқарылған жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Бәріміз байқап 

отырғанымыздай, өткен 2012-2013  оқу жылдары Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін нәтижелі және табысты 

жыл болды.

Біріншіден, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ЕҰУ «Қызмет 

көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында ҚР Президентінің 

«Алтын сапа» сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, университетіміздің 

екі жыл қатарынан елдің үздік жоғары оқу орындары арасында 

алғашқы орынды, НКАОКО рейтингісі бойынша көпсалалы 

университеттер арасында бірінші орынды иеленуі кездейсоқ емес, 

бұл қолға алған істі дұрыс ұйымдастырып, тиімді басқара білген 

іскер басшының, үлкен ұжымның қажырлы еңбегінің нәтижесі деп 

білемін.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген 

«Бәсекеге қабілетті маман дайындау» бағдарламасын іске асыру 

бағытында да атқарылып жатқан жұмыстың көрсеткіші ретінде 

«Жұмыс берушілердің ЕҰУ-дың кәсіби дайындық сапасының 

қанағаттану деңгейі» бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелерін 

айтуға болады.

ЕҰУ-дың өткен оқу жылындағы жетістіктерін айтқанда, ғылыми 

кітапхананың директоры ретінде  біздің ұжымның да жетістіктерін 

айтып өткім келеді:

Университеттің жүрегі кітапхана десек, бүгінде ғылыми 

кітапханада ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз бар. Есеп 

беру жылында кітапхананың жұмысы жанданып, жаңа сапалық 

деңгейге көтерілуі университет басшылығы тарапынан көрсетіліп 

отырған қолдауының нәтижесі деп білемін.

Ғылыми кітапхана  дамуының басты міндеті оқырмандардың 

жоғары сапалы білім алуы үшін библиографиялық ақпараттық 

ресурстармен қамтамасыз ету,  студенттердің оқуына қолайлы 

жағдай туғызу болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру 

мақсатында оқу процесін кітаптармен қамтамсыз ету жоғары 

деңгейде жүзеге асырылып келеді, оның ішінде мемлекеттік тілдегі 

басылымдардың саны жылдан-жылға арта түсуде.   Мысалы, өткен 

оқу жылында 37 мыңнан астам кітап алынса, оның 69 % қазақ 

тіліндегі басылымдар. 

Электрондық басылымдардың, яғни отандық, әлемдік 

және ресейдің электрондық кітапханаларына қол жеткіздік: 

Жоғары оқу орындары Қауымдастығының ЭК «РМЭБ», Қазақ 

ұлттық ЭК «КазНЭБ», «Әділет», «і-Кіtap», «SpringerLink», 

«Тhomson Reuters», «ELSEVIER», «ПОЛПРЕДсom», «РГБ» 

диссертациялар қоры, «Книгафонд» және басқалар бар. 

Оқырмандарға қызмет көрсетудің сапасы артты. Кітапхана 

қызметкерлерінің жұмыс орындары компьютерлік техникалармен 

жабдықталып, электрондық қызмет көрсету жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, оқырмандар үшін электрондық ресурстар залының 

орын саны 45-ке артты және барлық орындар қазіргі заманғы 

компьютерлермен жабдықталды, интернетке шығу мүмкіндіктері 

бар. Кітапханаға арнайы көлемі жоғары жеке сервер берілді.

«Аrtа» компаниясы автоматтандырылған кітапхана жүйесінің 

жаңа бағдарламасын жасауда. Кітапханаға күрделі жөндеу 

жұмыстары жүргізілді, 5-6 жылдан бері жұмыс істемей тұрған кітап 

тасымалдау лифті іске қосылды.

Кітапханашылардың біліктілігін жетілдіру мақсатында «ЕҰУ 

кадрлары» бағдарламасы аясында біздің қызметкерлер шет 

елдерде өткен (Болгария-10, Украина, Санкт-Петербург-5) оқу 

семинарларында  болып қайтты. 

Кітапхана үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында 

құрылымға өзгерістер енгізіліп, өткен жылы «ақпараттық-

библиография» бөлімі, биылғы оқу жылында «каталогтау» бөлімі 

ашылды және 7 штат қосылды.

Ректордың қолдауымен  2012 жылдан бастап жыл сайын 

«Университет кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары: әлемдік 

тәжірибелер, мәселелер мен жетістіктер» атты халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік конференция тұрақты түрде өткізілуде. 

Бұл конференцияға алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының 

кітапхана мамандарымен қатар, алыс-жақын шет елдерден мамандар 

қатысуда. Мұның өзі ғылыми кітапхананың әдістемелік орталық 

ретінде әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры, ғылыми кеңестің төрағасы Ерлан 

Бәтташұлы Сыдықовтың есептік баяндамасын қолдаймын және 

жаңа жетістіктерге жетуге тілектеспін.

Б. Ә. ОРАЗАЛИЕВ,

ғылыми кітапхананың директоры, философия 

ғылымдарының кандидаты

Жаңа бағдарлама жасалуда

Ректордың жылдық баяндамасын қолдай отырып, 

университет ұжымы өз міндеттерін толығымен атқарып 

жатыр деуге негіз бар. Білім мен ғылымның шаңырағы, 

қоғамдық бірлестіктің тыныс-тіршілігі әрқашанда 

елдің көз алдында. Сондықтан да баяндама бойынша 

сөз алған университет ұстаздары мен қызметкерлері 

басшылық жұмысына оң бағаларын берді. Шын мәнінде, 

университетте атқарылып жатқан жұмыстар өте ауқымды 

да маңызды. 

Кәсіподақ комитеті еңбек тәртібін сақтауды, олардың 

құқығын қорғауды, әлеуметтік жағдайды жақсартуды 

жүйелі жолға қойып, жаңаша жұмыс жасаудың жолын 

қарастырып жатыр. Ең бастысы, біздің қоғамдық 

ұйым әкімшілікпен тығыз байланыс орнатып, бірлесе 

жұмыс атқаруға қол жеткізді. Ол үшін біз университет 

әкімшілігімен ұжымдық еңбек келісім-шартына отырдық. 

Он үш факультеттегі он үш төраға қоғамдық жұмыста 

тәжірибелері мол белсенділер, олар факультет өміріне 

бей-жәй қарамайтын беделді азаматтар. Солармен 

бірге ақылдаса отырып, төрағалар одағы қабылдаған 

шешімдермен, кез келген ақпараттан хабардар етіліп, 

ортақ шешімге келеміз. Кейінгі жылдары, әсіресе жоғары 

оқу орнына жаңа басшы келгеннен бері одақ қызметінде 

айтарлықтай белсенділік байқалып, еңбегіміз одан әрі 

арта түсті. Ректорымыз Ерлан Бәтташұлы Сыдықов 



Еңбек еленбей қалмайды

жұмысымызға түсіністікпен қарап, әрқашан қолдау 

көрсетіп отырады. Ал басшылықтағы азаматтар заңға 

сәйкес өз міндеттерін қатаң орындауда. Университетте 

оқытушылар мен қызметкерлерді әлеуметтік-тұрмыстық 

жағынан қорғау, олардың еңбек етуіне жағдай жасау 

мәселесі жақсы жолға қойылған. Салауатты өмір 

салтын қалыптастыруда жоғарғы оқу орнының 

жай-жапсарын жақсы білетін Ерлан Бәтташұлының 

спортқа құмарлығы, оған деген ұстанымы осы саланы 

насихаттауда бір серпіліс әкелгендей. Спорт залдары 

қажетті спорт құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

Жалпы демалысты оңтайлы өткізуге арналған Зеренді 

ауданында спорттық кешеніміз күрделі жөндеуден 

өтіп, қысы-жазы оқытушыларды, қызметкерлерді және 

студенттерді қабылдауда. 

Байқап отырсақ, университет ұжымының 

атқаратын  қызметі, рөлі күшеймесе, төмендемек 

емес.    Ендеше,    ЕҰУ-да    атқарылып   жатқан    игі   

шаралар бізге ғана емес өзгелерге де үлгі боларлықтай. 

Сондықтан жасалған еңбек, төгілген маңдай тер 

қашанда еленбей қалмайтынына шын сенімдімін. 



Талғатбек ЖАНАЙДАРҰЛЫ,

Кәсіподақ комитетінің төрағасы 

5

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

ОЙ. ПІКІР. ТІЛЕК. ҰСЫНЫС

Мы выслушали отчет о проделанной работе университета за 2012-2013 учеб-

ный год и о поставленных задачах на 2013-2014 учебный год. Доклад ректора наше-

го университета очень содержателен, приведены все необходимые факты, достиже-

ния университета впечетляют.

Второй год подряд мы занимаем 1(ое) место в национальном рейтинге вузов 

независимого казахстанского агенства по обеспечению качества в образования 

(НКАОКО-IQAA).

Мы заняли 303 место среди более 17.000 вузов мира, участвующих в ежегодном 

рейтинге международного агенства QS Wored University Ranrings-Top Universities.

Мы входим в число 5 лучших университетов стран СНГ.

Присуждение ЕНУ им. Л.Н. Гумилева премии Президента Республики 

Казахстан  «Алтын сапа» в номинации  «Лучшее предприятие, оказывающее услу-

ги» за 2012 год является одним из самых ярких  подтверждений успехов нашего 

ВУЗа.

В послании Президента нашей  страны Н.А. Назарбаева сказано: «Чтобы стать 



развитым конкурентоспособным государством, мы должны стать высокообразо-

ванной нацией». 

Данные слова созвучны идеям наших выдающихся предков, которые призыва-

ли казахский народ овладевать знаниями.

Великий Абай в слове тридцать восьмом «Книга слов» говорил:

«Существует три вещи, способные унизить весь человеческий род, которых 

следует избегать, это: невежество, леность, злодеяние...

Противоядие от этих пороков-человеколюбие, желание всеобщего благоден-

ствия, твердость духа, справедливость, глубокие всесторонние знания».

У Шакарима есть стихотворение «Верь в науку», которое характеризуется 

призывом к нации: стремитесь к знаниям!:

«Если мир постигнуть хочешь в наше время, наши дни,

Истину, одну из прочих, в своем сердце сохрани:

Из того, о чем ты знаешь, вновь стремись все больше знать,

Чтобы то, во что вникаешь, остальным мог объяснять».

Востину актуальные слова и для нас, живущих в XXI веке.

Студенты юридического факультета благодарны университету за создание 

прекрасных условий для овладения знаниями. Тем более, что с 1 сентября учебный 

процесс начался в главном корпусе, в котором присутствует дух Культегина, Льва 

Николаевича Гумилева, аура исторических личностей, посещавших университет: 

Нурсултана Назарбаева, Бориса Ельцина, Ионна Павла II и многих других.

Профессорско-преподавательский состав факультета, сохраняя лучшие 

традиции отечественного образования выводит преподование юридических 

дисциплин на современный международный уровень. Динамично развиваются 

международные связи с известными вузами и научно-исследовательскими центрами 

разных стран мира (например, с Кембриджским и Бременским университетами, 

Московским государственным университетом имени М. Ломоносова, Санкт-

Петербургским государственным университетом).

По нашему приглашению на факультете работают на долгосрочной основе 

в течение двух лет работают два зарубежных ученых. До конца года планируется 

приезд 4 зарубежных профессоров на краткосрочной основе.

В 2014 г. на факультет предполагается пригласить для проведения занятий 

Маркуса Геринга ( Кембриджский университет), Рейна Мюллерсона (Институт 

международного права), Бурхарда Брайна (Свободный университет Берлина), 

Илону Жанкарову (университет Масарика), Томаса Давулиса (Вильнюский 

университет).

  Специальность «Международное право» включена в программу Сетевого 

университета СНГ, в который вошли 23 лучших вуза СНГ (в том числе РУДН, 

МГЮА, МГИМО, Белорусский государственный университет и другие). Маги-

странты по программе «двойного диплома» обучаются один год в ЕНУ, другой в 

вузе-партнере и получают государственные дипломы двух стран.

25 июня 2013 года получен документ об аккредитации, проводимой Инсти-

тутом аккредитации, сертификации и обеспечении качества ACQUIN (Германия) 

по специальности «Международное право», и теперь дипломы выпускников фа-

культета признаются во всех странах Европы. Это, несомненно, огромный успех 

нашего факультета.

Задачи, поставленные в обсуждаемом докладе, нами поддерживаются. На рас-

ширенном заседании Совета факультета мы поставили перед собой большие за-

дачи, вытекающие из Стратегии развития университета. Среди них: прохождение 

национальной, а в дальнейшем международной аккредитации по специальности 

«Юриспруденция»; увеличение числа работающих на факультете преподавате-

лей с высокими рейтингами, способных читать дисциплины на нескольких языках; 

повышение автономности факультета; сделать юридический факультет исследова-

тельским, центром юридической науки стран СНГ. 

Большое внимание Глава государства уделяет дуальному образованию, при-

обретению практических навыков и умений.Это очень актуально для юристов. 

Недостаточно проявлять прекрасную осведомленность в сфере действующего за-

конодательства, гораздо важнее уметь использовать эти знания. Хороший юрист 

должен уметь готовить юридическую документацию, обладать навыками решения 

юридических конфликтов, вести психологическую беседу и т.д.

В связи с этим положительную роль играет установка системы «Параграф», 

позволяющая ползоваться не только базой действующего законадательства, но и 

различного рода аналитическими материалами, необходимыми для будущих юри-

стов. Еще большую роль играет юридическая клиника, функционированию кото-

рой мы хотим уделить более пристальное внимание. Мы планируем, что в юриди-

ческой клинике студенты под руководством опытных преподавателей будут давать 

юридические консультации и практические советы обратившимся гражданам , в 

том числе тем, кто не имеет возможности оплатить услуги за юридическую помощь.     

Выслушанный доклад ректора университета Ерлана Батташевича Сыдыкова 

показывает, что мы на правильном пути, но нам предстоит еще более интенсивная 

и креативная работа по реализации поставленных задач.

Еркин ОНГАРБАЕВ,

декан юридического факультета, 

д.ю.н., профессор

Университет ректоры Ерлан 

Бәтташұлы Сыдықов өз баянда-

масында жоғары білімді, бәсекеге 

қабілетті мамандар даярлау жо-

лында бір жылда жасалған іс-

шараларды жан-жақты айтып 

берді. Ректор мырзаның осы ба-

яндамасына мен де өз пікірімді 

қосқым келеді. 

Осы жылдың көктемінде 

университет 5 жылда бір рет 

міндетті түрде өткізілетін мем-

лекеттік аттестациядан өтіп, 

біздің жұмысымыз жоғары 

бағаланды. Мемлекеттік комис-

сия университеттің халықаралық 

мәртебесін айрықша атап өтті. 

Бұл бәрімізге ортақ қуаныш, 

соған құтты болсын деймін!

Оқу ордасында жаңа оқу 

корпусы бой көтеріп жатыр. 

Бұл корпус университеттің та-

рихында техника саласындағы 

мамандықтарға арналған бірін-

ші ғимарат болмақ.  Бәрімізге 

мәлім: біздің елдің байлығы 

жеткілікті, жер қыртысында 

периодтық жүйенің барлық 

элементтері бар десекте бо-

лады, демек жұмыс бізде жет-

кілікті. Мәселе, осы байлықты 

іске асыруда. Біздің мемлекет 

осы бағытта жоғары білімді 

инженерлерді, орта буындағы 

мамандарды, қарапайым 

жұмысшыларды даярлауда 

үлкен жұмыстар жүргізіп жа-

тыр.  Жаңа корпус іске қосылып 

жабдықталған соң, техника са-

ласында мамандар даярлайтын 

біздің әріптестеріміздің ғылыми-

зерттеу, оқу методикалық, 

инновациялық қызметін одан әрі 

дамытуға мүмкіндік туатынына 

кәміл сенемін.



Руководство к действию

ЗЕРТХАНАЛАР ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНА ТҮСТІ

Ректордың қолдауымен 

дәстүрге айналып келе жатқан 

игілікті іс-шаралардың бірі 

– оқытушылар құрамын 

алыс-жақын шетелдерге 

іссапарға жіберу. Біздің химия 

кафедрасының штатында жыл 

сайын 20-22 оқытушы болады. 

Соңғы 1-1,5 жылда солардың 

кемінде 1/3 бөлігі дамыған 

елдердің (Франция, Швейцария, 

Испания) жоғары оқу орын-

дарында және ғылыми-зерттеу 

мекемелерінде іссапарда болып 

қайтты.  Оқытушылар үшін ше-

телдік әріптестермен араласу, 

тәжірибе алмасу өте қажетті. 

Соның нәтижесінде екі жақты 

келісім-шарттар жасауға, жоғары 

импакт-факторлы басылымдарға 

жоғары сапалы жарияланымдар 

дайындауға, тіпті біріккен 

ғылыми жобаларды бірлесе от-

ырып, жүзеге асыруға жол ашы-

лады.


Дамыған елдер бізден 5-10 

есе артық тұрады дейді. Әрине, 

олардың адамы бізден 5-10 есе 

ақылды емес, бізден 5-10 есе 

артық жұмыс істемейді. Со-

нда олар дайындаған маман-

дар халықаралық деңгейдегі 

сұранысқа неліктен сәйкес бола-

ды? Неліктен ондай деңгейдегі 

мамандарды біз дайындай алмай 

отырмыз? Біздің оқытушылар 

шетелдегі жағдайды өз 

көздерімен көріп келсе, бізде де 

сондай деңгейдегі мамандарды 

дайындау іске асады деп сенемін.

Сонымен қатар жасалып 

жатқан игілікті істердің ішінде 

өзім 16 жылдан бері басқарып 

келе жатқан химия кафедра-

сында жасалып жатқан істер-

ді атап айтқым келеді. Осыдан 

2-3 жыл бұрын өзіміздің 200-

ге жуық студентіміздің, басқа 

мамандықтардың 800-ге жуық 

студенттерінің лабораториялық 

сабақтарын біз небәрі екі зертха-

нада өткізетінбіз. Қазір Құдайға 

шүкір, кафедра 6-7 зертханаға 

ие болып отыр. Олардың ішінде 

біреуін ерекше айтып кетсем деп 

едім. Бұл лабораторияда Испа-

ниядан әкелінген 18 қондырғы 

орнатылды. Университет бұл 

лабораторияларды жабдықтауға 

біраз қаражат жұмсады. Лабо-

ратория іске қосылған соң, за-

манауи химияның ғылым саласы 

біздің студенттерімізді болашақ 

мамандықтарына  жоғары 

деңгейде дайындауға мүмкіндік 

туады. Ал біздің 5 жыл бойы 

жинақтаған табыстарымызға 

қазіргі заман талаптарына сай 

жабдықталған  зертханалардың  

жұмысы да айтарлықтай ықпал 

етті деп ойлаймын. 

Университетте көптеген 

мәселелердің ойдағыдай шешілуі-

не ұйытқы болып отырған Ерлан 

Бәтташұлы, Сіздің еңбегіңізге өз 

атымнан, химия кафедрасының 

ұжымының атынан зор 

ризашылығымызды  білдіремін.  

Алдағы уақытта да еңбегіңіздің 

жемісті болуына тілектеспін.

Ә. К. ТӘШЕНОВ.

химия кафедрасының 

меңгерушісі, 

химия ғылымдарының док-

торы, профессор,


6

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

орнықтыру жөніндегі әлемге белгілі, бірақ 

қатал шаралар жүзеге асырылды. Меншік 

қатынастары батыл өзгертілді, жекешелен-

діру жедел де жігерлі жүргізілді. Осылайша, 

экономикада жекеменшік секторы 1998 

жылдарға қарай қалыптасып үлгерді. Қазіргі 

кезде онда республикадағы өнеркәсіп 

өндірісі көлемінің 85 пайызға жуығы 

өндіріледі.

Мемлекеттік экономикалық саясаттың 

негізіне ақша-кредит, салық-бюджет, баға 

және антимонополиялық, инвестициялық, 

технологиялық саясаты жүргізілді. Оны 

жүзеге асыру үшін екі деңгейлік банк жүйесі 

құрылды, алтын-валюта резерві қорланды, 

қор биржасы, салық, кеден және басқа ор-

гандар секілді қаржы және мемлекеттік 

институттар қалыптастырылды және дамы-

тылды.


Жеке меншік секторын қолдау және 

дамыту үшін еліміздің экономикасын 

мүлдем жаңа арнаға бағытталған әлемдік 

талаптарға сәйкес нарықтық заңнама базасы 

қалыптастырылды. Оны жаңа тұрпаттағы 

қос палаталы Парламент ойдағыдай 

атқарды. Осы жылы елдің өркендеуіне 

қызмет етерлік тағы бір игі іс атқарылды: 

бүкіл халық референдумда Президент-

тік басқару жүйесін орнықтырған жаңа 

Конституцияны жақтап дауыс берді. Осы 

арқылы реформалар талап еткен басқару 

жүйесінде Орталықтың нұсқауын орын-

дайтын әкімдер билігінің күшті вертикалы 

қалыптасты.

Нарықтық экономика мен 

демократиялық дамуды таңдап алған 

елімізге алғашқы серпілісті «Қазақстан - 

2030» Стратегиялық бағдарламасы алып 

келді. Бұл бағдарлама біз қандай бағытта, 

қандай дәрежеде алға жылжудамыз, соны 

терең таразылау, дамуымызды әлемдiк 

тәжiрибе тұрғысынан талдау үшін маңызды 

еді.  Бағдарлама экономикалық тұрғыдан 

– негiзгi факторларды – технологиялық 

тұрғыда артта қалған және қуатты мол 

қажет ететiн өндiрiстердi, шаруашылық 

жүргiзудiң жаңа жағдайларын игере 

алмаған, бәсекеге қабiлетсiздiкке және 

көптеген кәсiпорындардың тұрып 

қалуына, дәстүрлi өткiзу рыноктарын 

жоғалтуға, төлемдерді жүргізе алмайтын 

және өндiрiстiң құлдырауына алып келген 

менеджментті өзгерту мәселесі тұрды.

Бұл кезде Қазақстан шетелдiк капитал 

мен  жеке капиталға, сондай-ақ халықаралық 

қаржы институттарына тәуелдi болып 

қалды. Экономиканы әрi қарай сауықтыру 

инвестициялардың келiп құйылуына 

байланыстылығы, мұның өзi инвестициялық 

ахуал едәуiр жақсартылса ғана мүмкiн 

болатыны белгілі болды. 

Осындай жағдайда біздің жан-жақты 

қабілетті, өрелі, жаңашыл, тәуекелі мен 

табандылығы қатар өрілген  Көшбасшымыз 

болды. Ол ең алдымен еліміздің даму 

шараларының саясаттандырылмауын, 

алдын бастап экономикамызды көтеріп 

алуды ұсынып: «Әуелі экономика, сосын 

саясат» деген қағидамен алға жылжуды 

ұсынды. Осы идея біздің еліміздің 

даму жолын белгілеп берді және оның 

дұрыстығына қоғамымыз көз жеткізді.

Бағдарламаның ұзақ мерзімді 

басым мақсаттары мен оларды іске 

асыру стратегиялары қатарында 

шетел инвестициялары мен iшкi 

жинақталымдардың деңгейi жоғары 

ашық нарықтық экономикаға негiзделген 

экономикалық өрлеудiң нақтылы, тұрлаулы 

және барған сайын арта түсетiн қарқынына 

қол жеткiзу және де мұнай мен газ өндiрудi 

және экспорттауды қалыпты экономикалық 

өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға 

жәрдемдесетiн табыс алу мақсатында 

жедел арттыру жолымен Қазақстанның 

энергетикалық ресурстарын тиiмдi 

пайдалану жоспарланды.  

Инфрақұрылым, әсіресе көлік және 

байланыс секторларын ұлттық қауіпсіздікті 

нығайтуға, саяси тұрақтылық пен 

экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей 

етіп дамыту белгіленді. Түпкiлiктi мақсат 

экономикалық өрлеу, ал макротұрақтандыру 

осы мақсатқа жетудiң құралы ретінде 

назарда ұсталды.

Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында 

елімізге Шеврон, Бритиш Петролеум, Мит-

тал, Дженерал электрикс, Дженерал моторс 

сияқты аса ірі инвесторлар келе бастады.

1999 жылдан 2007 жылға дейін ішкі жал-

пы өнімнің жыл сайынғы өсімі орташа есеп-

пен жылына 10 пайызды құрады.

2000 және 2010 жылдар аралығында 

Қазақстан кейбір түйінді салаларда 

айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Ішкі 

жалпы өнімнің өсуі жыл сайын орташа 8,5 

пайызды құрап, 2008 жылы жобаланғаннан 

2,3 есе асып түсті. 2007 жылы өнеркәсіп 

өндірісі 78 пайыз нақты өсімге жетіп, 

онжылдық кезеңінің деңгейіне жетті, ауыл 

шаруашылығы өндірісі 1,5 есеге өсті. Эко-

номиканы жедел әртараптандыру үшін 

берік негіз қаланды. Даму институттары 

құрылып, табысты жұмыс істеу үшін қажетті 

заңнама дайындалды.

2008 жылы Ұлттық экономиканың 

тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін 

қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-

Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» құрылды. 

Қор корпоративті басқарудың жаңа 

әдістерін енгізумен қатар, еліміздегі және 

шетелдегі стратегиялық нысандарды сатып 

алумен айналысуды және ірі мемлекеттік 

активтерді біріктіру арқылы экономиканың 

стратегиялық саласын бір орталыққа бірік-

тірді. Оған еліміздегі мұнайгаз саласын, те-

мір жол, телекоммуникациялар, транспорт 

пен ұлттық даму институттарын қосқанда 

экономиканың әртүрлі саласындағы ұлттық 

компанияларды иелігіне алды. 

Осы жаңа тарихымыздың алғашқы 

жылдарынан бастап, экономикамыздың 

өрлеуіне жол ашатын тағы да біршама істерді 

қатар атқардық. Мәселен, шекарамызды 

нақтыладық және ол арқылы өтетін тауар 

бақылауын жүзеге асырдық. Бұл кедендік 

бақылауды жақсартты, сол арқылы елімізден 

тыс жерге кетіп жатқан тауарлар ағысына 

бақылау және мониторинг жасап отыруға 

мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, Қазақстаннан шығып, 

қайтып елімізге кіретін автожолдар 

мен темір жолдарды еліміздің өз ішімен 

жүргіздік. Бұл шара біздің тәуелсіз ел ретінде 

әрлі-берлі жүргенде түрлі тексерістерден 

өтуге мәжбүр болып, шығынға ұшырап 

және жүйкелерін жұқартудан қорғады және 

өз ішімізге өткен жол бұрынғыдан гөрі 

арақашықтықты жақындатты. Осылайша 

біз халқымыздың бір бөлігін Ресейдің, 

Қырғызстанның және Өзбекстанның 

керексіз бақылауларынан құтқардық.

Тәуелсіздік жылдарында бар лы ғы бір 

жарым мың шақырым нан астам темір жол 

тартылды, 40 мың шақырымнан астам авто-

мобиль жолдары салынды және жөнделді. 

Бұл жолдар, темір жол стан салары мыңдаған 

адамға жұмыс беріп, еліміздің транзиттік 

әлеуеті көптеген есе ұлғаяды.

Жақын жылдары ұзындығы 1200 

шақырым болатын екі жаңа – Жезқазған-

Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл темір-

жол бағыттары ашылады. Тәуелсіздіктің 22 

жылы ішінде ел экономикасына 120 милли-

ард доллардан астам шетелдік тікелей инве-

стиция тартылды. Ішкі инвестиция бұдан да 

көп болды.

Еліміз алдағы уақытта да инвестиция 

тарту бағытындағы байланыстарын 

кеңейте түсетін болады. 2010 жылы 

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің 

Кедендік одағы іске қосылды. Бұл біздің 

еліміздің экспортына ашық жол ашып, 

экспорттық көрсеткіштерімізді арттырып, 

осы бірлескен елдердің экономикалық 

мәселелерін шешуде прагматикалық нақты 

жоба екенін дәлелдеуде. Осы арқылы  170 

миллион адамды қамтитын ірі нарыққа жол 

ашылды.


Бұл арқылы еліміз ресейлік және бе-

ларусьтік көлік инфрақұрылымына жеңіл-

детілген жағдайда қол жеткізуде, іс жүзінде 

батыста – Еуроодақ шекараларына, шы-

ғыста Жапония мен Азия-Ты нық мұхит 

қоғамдастығының басқа да елдерінің ры-

ноктарына шығуға мүмкіндік жасалды. 

Әріптестеріміз біз арқы лы Қытайдың үлкен 

рыногына шығатын болады.

Жалпы ішкі өнім өсімі соңғы жылдары 

жылына 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісіміз – 10 

пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді 

құрап тұр. Біздегі өңдеуші өнеркә 

сіп 


экспортының көлемі 21 миллиард долларды 

құрайды, біздің өнімдеріміз әлемнің 126 

еліне тарайды.

Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 

мыңнан қазіргі күнде 100 мың теңгеден 

асып, екі есеге көбейді, зейнетақының 

орташа көлемі 4 есе артты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем 

мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан 

2012 жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел 

арасынан 50-орынға көтерілді.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 

төмен халықтың үлесі 2000 жылғы 31,8 

пайыздан 2010 жылы 11,4 пайызға дейін 

қысқарды. Адам өмірінің ұзақтығы 65 

жастан 68 жасқа дейін өсті. Тәуелсіздік 

жылдары ішінде 500-дей жаңа денсаулық 

сақтау нысандары салынды. Өткен 

онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 

есеге көбейді.

1994 жылы еліміздегі ішкі жалпы өнім 

көлемі жан басына шаққанда 700 долларды 

құраса, ол 17 есе өсіп 12 мың долларға жетті. 

Бұл – әлемдегі ең озық көрсеткіштердің бірі, 

бұл көрсеткіш бойынша біз ТМД елдерінің 

ішінде Ресейден кейінгі екінші орындамыз. 

Жиырма жыл ішінде мұндай көрсеткішке 

жеткен ел жоқ: өз егемендігінің бастапқы 

жиырма жылында Оңтүстік Кореяда ол 3 

есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 3 есе, 

Польшада – 4 есе, Венгрияда – 5 есе өскен.

2010 жылдың қаңтарында   жарияланған 

Индустриялық-инновациялық даму бағдар-  

ламасы жоспарлаған көрсеткіштердің 

кейбірі жүзеге асырыла бастады. 

Индустрияландыру 

бағдарла ма сы ның 

арқасында тек 2010-2011 жылдары 350-ден 

астам түрлі өн ді рістер пайдалануға берілді. 

Осы 


мен біздің елде адамдар бұрынғыға 

қара ғанда анағұрлым көп ақша та ба тын 

200 мың білікті индустриялық жұмыс орны 

құрылды. Тәуелсіздік жылдарында барлығы 

800-дей жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 

ел экономикасының өрлеуіне қызмет етуде.

Тәуелсіздік уақытында шағын және 

орта бизнес субъектілерінің нысаны 37 

есеге көбейді – 1993 жылғы 19 мыңнан 2012 

жылы  700 мыңға дейін өсті. Бүгінде шағын 



Каталог: upload -> iblock -> aa6
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ әдебиеті»

жүктеу 430.74 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет