№22 (155), қараша 2013 жыл



жүктеу 430.74 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата09.01.2017
өлшемі430.74 Kb.
  1   2   3   4   5

№ 22 (155),  

қараша 2013 жыл

www.enu.kz

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

(Жалғасы 6-7-бетте)

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ



ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

Біздің университетте де Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті күнін 

атап өту  жақсы дәстүрге айналған. Жоғары оқу 

орнының барлық факультеттерінде осы датаға 

орай іс-шаралар өткізіліп, жаңа мемлекетті 

қалыптастырудағы және оны дамытудағы 

Елбасының ролі жөнінде әңгімелер өткізіліп, 

дәрістер оқылды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – 

халқымыз өз таңдауымен ел Президентін 

сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет 

жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. 

Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша 

әлемге танылған, қайнаған өмірдің шытырман 

жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты 

көрегенділікпен саралап, болжай білетін 

азамат, өткенінің өзі – көпке үлгі болар 

өмірбаян.  

Еңбек жолын Теміртау қаласындағы 

металлургия комбинатында қатардағы 

жұмысшыдан бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы 

Қазақстан Республикасын тәуелсіздік алған 

жылдардан бері басқарып келеді. Бүгінде 

Н.Ә.Назарбаев егемен еліміздің қамын 

ойлайтын, оның жарқын болашағына кәміл 

сенетін ТМД елдерінде ғана емес, әлемдегі 

көрнекті қайраткерлердің біріне айналып 

отыр.

Қазақстан  халқы  1  желтоқсан  күні  еліміз  үшін  елеулі  оқиға  – 

Тұңғыш  Президент  күнін  атап  өтеді.  Былтыр  ел  Парламенті  1991 

жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты 

осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі тәуелсіз Қазақстанның 

іргетасын  қалап,  шекарасын  шегелеп,  болашаққа  бағыт-бағдар 

берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен 

халқымыздың өткені жаңғырып, ұмытылған 

дүниелер санаға қайта сіңіріліп, еліміздің 

мәртебесі төрткіл дүниеге асқақтап, 

шарықтауда. Дүниежүзіндегі өркениетті 

мемлекетттермен ынтымақтастық қарым-

қатынастар орнап, Қазақстанның аты әлемді 

мойындатуда. Қайсы бірін айта берейік, 

Тұңғыш Елбасымыз қандай келелі мәселені 

алса да, олардың бәрі де біртіндеп өз шешімін 

тауып келеді. 

“Ел қамын жеген ер – басшы” демей 

ме қазақ атамыз?! Шындығында да солай. 

Елдің бірлігін ойлап, өткені мен бүгінін 

таразылап, келешегін қамдар азамат  халықтың 

қалаулысына айналары хақ. Жұртының мұңын 

мұңдап, жоғын жоқтаған, ел қайғысын бірге 

тартып, қуанышымен бірге бөлісетін жанашыр 

басшы қашанда халқына керек-ақ. Тәуелсіздік 

алып, бодандықтан босаған заманнан бері 

ұлт қамын өзекті мәселеге қойған, елім деп 

елеңдеп, Қазақстанның босағасының берік, 

шаңырағының биік болуына ат салысып келе 

жатқан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев қандай құрметке де лайық жан.



Назым КЕНЖЕБАЕВА,

Журналистика және сасясаттану 

факультетінің І курс студенті 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке 

қол жеткізген бастапқы жылдары, яғни 

1990-1994 жылдар ішінде өнеркәсіп өнімі 

өндірісінің көлемі тең жартылай кеміп 

кетті. Ауыл шаруашылығында құлдырау 

үштен бірге төмендеп, ал көлік тасымалы 

бойынша көрсеткіштер үштен екіге кеміді. 

Өнеркәсіп алыптары тоқтап, жұмыссыздық 

өршіді,  жаппай  экономикалық  құлдырау                                            

басталды. Мемлекеттің өз кәсіпорындарын 

басқаруға шамасы жетпей қалды. Инфляция 

2 мың пайыз деңгейіне дейін құлдырады. 

Тұрғындардың 40 пай ы зы кедейшілік ше-

гінде өмір сүрді.

1995 жылы орташа айлық еңбекақы 

1991 жыл деңгейінің 35 пайызын ғана 

құраса, ал зей нет ақы тек 29 доллар бол-

ды. Осы қиындықтарға қарамастан 

Қазақстанның қарышты дамуына он жылға 

жетпейтін уақыт жеткілікті болды. Жағдай 

түбегейлі өзгерді. Біз Отанымыздың 

шаңырағын көтеріп, ордасын тіктік, 

қауіпсіздігін нығайтуға кірістік, экономи-

камызды нарық жолына бағыттадық. Ке-

шегі қиындықты халқымыз ұмыта бастады. 

Қазір Қазақстан әлемдегі ең қарқынды 

өркендеу үстіндегі экономиканың біріне 

ие болып отыр. Бізді алдыңғы қатарлы ел-

дер сенімді экономикалық, саяси әріптес 

санайтын болды. Реформаның осы бір 

күрделі кезеңдерінде Нұрсұлтан Назар-

баев көрегендікпен, байсалдылықпен, 

салқынқандылықпен ел басқару ісін сәтті 

атқара білді. 

Осы жылдардағы басып өткен 

жолдарымызға ойша назар салып қарасақ, 

ең шешуші міндет  – экономикалық 

қатынастарды түбегейлі өзгерту жүзеге 

асты. Халықты жеке меншікке баулудың 

бастапқы тетіктерінің бірі ретінде 1994 

жылы елді мекендердегі  жер телімдері, 

саяжайдағы жерлер азаматтарға тегін беріл-

ді.


Мемлекеттік пәтерлер азаматтардың 

жеке меншігіне тегін берілді. 1993 

жылы қарашада біздің төл валютамыз 

– теңге дүниеге келді. Ол бізге дербес 

макроэкономикалық саясат жүргізуге 

мүмкіндік берді. Бірақ теңгені енгі-

зу оңайлықпен жүзеге аса салған жоқ. 

Әуелі құлдырауға ұшыраған төл теңгеміз 

айналымға енгізілген соң бір жыл ішінде-ақ 

гиперинфляция тоқтады.

Кең ауқымды әлеуметтiк, саяси және 

экономикалық реформалар 1995 жылы 

30 тамызда қабылданған Қазақстан 

Республикасының Конституциясына 

сәйкес жүргiзіле бастады, себебі 

сол тағдырнамалық құжат елімізде 

Президенттік басқаруға жол ашып, бір 

басшының тәуекеліне, ақыл-парасатына 

сеніммен ілгері басуға мүмкіндік берді. 

Конституция 

қабылданған 

кезден               

бастап экономиканы батыл реформалау 

және макроэкономикалық тұрақтылықты 



БІР ЕЛ. БІР ТАҒДЫР. БІР 

КӨШБАСШЫ.

2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

ЕҰУ – QS - APPLE  - 2013  

жеңімпаздары қатарында

Қараша айының басында Сюнгюнкван (Sungkyunkwan 

University) университеті базасында (Сеуіл қаласы, 

Оңтүстік Корея) «QS Asia Pacific Professional Leaders in 

Education - Азия-Тынық мұхиты аймағының QS-APPLE 

жоғары білім саласы көшбасшыларының» ІХ халықаралық 

көрме-конференциясы өтті. Көрме-конференция әлемнің 

30-дан астам елінен келген 60-қа жуық университет 

өкілдерінің басын қосты. Олардың қатарында Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті де болды. 

QS-APPLE ІХ халықаралық көрме-конференциясына 

Еуразия ұлттық университеті атынан оқу ордамыздың 

бірінші проректоры, философия ғылымдарының докторы, 

профессор Жәмилә Нұрманбетова мен веб-өкілдігі 

бөлімінің бастығы Айнұр Әмірбекова қатысты. 

– «QS-APPLE-ге қатысудағы негізгі мақсат – ең 

алдымен, халықаралық әріптес ретінде өзіміздің жоғары 

оқу орнымызды таныстыру. Бұл жерде шетелдік 

әріптестермен жоғары білім саласында озық тәжірибе 

алмасу ғана емес, сонымен қоса, университеттер 

арасындағы өзара қарым-қатынас аса маңызды болып 

есептеледі», – дейді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 

бірінші проректоры Жәмилә Нұрманбетова, – өкінішке 

орай, біздің аймақ әлемге айтарлықтай танымал емес. 

Университеттердің мұндай конференцияларға қатысуы 

елімізді әлемдік деңгейде танытуға, жоғары оқу орнының 

білім беру жүйесімен етене жақын танысуға мүмкіндік 

бермек. 


QS-APPLE ІХ халықаралық білім беру көрме-

конференциясының ашылу салтанатында қатысушы 

университеттер арасындағы креативті дизайн мен 

промо-өнімдер байқауының қорытындысы жарияланып, 

жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Байқау төрт 

аталым бойынша жүргізілді: ең креативті корпоративтік 

бейне, ең үздік халықаралық баспа жарнамасы, 

шетел студенттерінің рекрутингі бойынша ең үздік 

халықаралық кітапша және ағылшын тіліндегі ең үздік 

сайт. Әр аталымдағы жеңімпаздар алтын, күміс және қола 

жүлделеріне ие болды. 

«QS Asia Pacific Professional Leaders in Education 

– Азия-Тынық мұхиты аймағының QS-APPLE жоғары 

білім саласы көшбасшыларының» ІХ халықаралық білім 

беру көрмесінде Еуразия ұлттық университеті екі бірдей 

«күміс» және «қола» жүлдесімен марапатталды: ең үздік 

халықаралық баспа жарнамасы үшін ІІ орын және ЖОО 

туралы ең үздік фильм – ІІІ орын алды. Іріктеудің негізгі 

белгілері ретінде олардың мазмұнына, релеванттық (уақыт 

ағымына сай) жағына, инновациялық және техникалық 

атқарушылық роліне ерекше маңыз берілді. Л.Н. Гумилев 

атындағы ЕҰУ-дың Малайзия, Оңтүстік Корея, Жапония, 

Сингапур және басқа да инновациялық-техникалық даму 

деңгейі жоғары елдердің атақты ЖОО-ларымен қатар 

тұруы еліміз үшін зор мәртебе екені сөзсіз. 

Айта кететін жәйт, Қазақстанның алдыңғы қатарлы 

жоғары оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті QS-APPLE халықаралық 

көрме-конференциясына бірнеше мәрте қатысып келеді

2010 жылы www.enu.kz ресми веб-сайтының ағылшын 



тіліндегі нұсқасы QS-APPLE Халықаралық білім беру 

көрмесінде  ең үздік ЖОО сайттарының тізіміне (ІV 

орын) іліккен.

Осы сапар кезінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 

делегациясы 2013 жылдың тамыз айында ынтымақтастық 

туралы меморандумға қол қойған Йонсей Университетінде 

болды. Йонсей Университеті 1885 жылы құрылған. 

Бүгінде оның құрамында 18 факультет (гуманитарлық 

ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану 

ғылымдары, инженерлік ғылымдар, биотехнологиялар, 

әлеуметтік ғылымдар, құқықтану және тағы басқа), 22 

колледж, 5 зертхана бар. Білім алушылардың саны – 38 

мыңнан астам.

Йонсей Университетінің ректоры Инсунг 

Лимен кездесу барысында еуразиялықтар екіжақты 

ынтымақтастықтың келешегі туралы сөз етті: академиялық 

мобильділік, қос дипломды білім беру, ғылыми 

тағылымдамалардан өту, жеке бағдарламалар бойынша 

әріптестік жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, 

ЕҰУ-ден келген қонақтар үшін корейлік жоғары оқу 

орнының инфрақұрылымымен танысу мақсатында арнайы 

кампус-тур ұйымдастырылды. 

Еуразия ұлттық университетінің мұндай ірі көлемдегі 

іс-шараларға қатысуы білім, ғылым және мәдениет 

жолында қарқынды дамуына орасан зор септігін тигізері 

анық. 4 жыл ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ QS World 

Universities әлемнің үздік ЖОО рейтингісінде 17 000 

университеттің ішінен топ жарып, 303-ші орынға қол 

жеткізді. Сонымен қатар университеттер арасындағы 

ұлттық рейтингте екі жыл қатарынан І орынға табан тіреп, 

2012 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы 

Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Қызмет 

көрсетуші үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша 

жеңімпазы атанды. 

Бұл жетістіктер университет ұжымының бірлескен 

күш-жігерінің және құрылымдық бөлімшелердің 

үйлесімді жұмысының арқасы деп білеміз. Біз барлық 

«еуразиялықтарды» зор жетістігімен құттықтай отырып, 

білім ордамызға биік белестерді бағындыруына игі тілек 

білдіреміз. 



«Еуразия-ақпарат»

ВЫИГРАЙ ГРАНТ НА 

ПРОХОЖДЕНИЕ ЛЕТ­

НЕЙ СТАЖИРОВКИ 

В ЛАБОРАТОРИИ 

США

Научно-образовательный  Shakhmardan 

Yessenov Foundation объявляет КОНКУРС 

на предоставление пяти грантов студентам 

2,3 курсов технических и естественно-

научных специальностей, обучающихся 

в казахстанских ВУЗах и являющихся 

гражданами РК для прохождения научной 

стажировки в лабораториях США. 

ЕСЛИ ТЫ:

 Студент 2,3 курса казахстанского ВУЗа;

 Твоя специализация – естественно-

научная или техническая;

 Ты мечтаешь поступить на программу 

PhD в ведущие зарубежные ВУЗы;

 У тебя есть научные проекты и особые 

достижения в этой области;

 Ты хочешь заниматься наукой и 

сможешь это доказать;



У тебя есть шанс получить:

 Экспертную поддержку и содействие от 

ученых из Казахстана, работающих в США;

 Пройти тренинги и соответствующую 

подготовку для поступления;

 Поступить на одну из выбранных по 

программе стажировок;

 Получить грант и поехать на стажировку 

в США на лето 2014 года;

Подробную информацию о Программе 

Летних Стажировок Научно-образовательного 

Shakhmardan Yessenov Foundation, пожалуйста, 

см. на сайте:

www.yessenovfoundation.org 

Әкім Тарази “Құйрықты жұлдыз”, “Үлкен ауыл”, “Асу-асу”, 

“Көкжиек”, “Басынан Қаратаудың” повесть-әңгімелерінің, “Қыз  

махаббаты”  пьесалар жинақтарының, “Бұлтқа салған ұясын”, 

“Тасжарған”, “Кен”, “Жаза”, “Шер”, “Махаббат жыры”, “Қиянат” 

романдарының авторы. Сондай-ақ  “Тұлпардың ізі”, “Арман-

аманат”, “ Қараш-қараш оқиғасы”  т.б. кинофильм сценарийлерін 

жазған. Бірқатар кітаптары орыс, венгр, чех, неміс  тілдеріне ау-

дарылып, жарық көрген.

Бұл кештің ерекшелігі – тек сұрақ-жауап ретінде өтуі. Әкім  

аға әдемі күлкісімен кеш қонақтарына ыстық көрінді. Болмы-

сы бітік нар тұлғаның салмақты сөздері  санаға ой саларлық, 

тұшымды болды. Екі сағатқа жалғасқан  кездесуде қаламгерге 

жиырмадан аса сұрақ қойылды. Мән-мағынасы терең қойылған 

сауалдарға  Әкім Таразиден шынайы жауаптар естідік. Қоғамның 

сан-саласын қамтыған әдеби, мәдени, саяси, тұлғалық сұрақтар 

да қамтылды. Қазақ кино саласы да тыс қалмады. Кеш соңында 

Әкім ағаға арналған өлеңдер оқылып, университет тарапынан 

сый-сияпат жасалды. Танымдық шара Әкім ағаның алғысымен 

аяқталды. 

Айбек МОЛДАБАЙ,

Журналистика және саясаттану

 факультеті 1-курс  студенті 

САНАҒА ОЙ САЛДЫ

Университетінде “Кәусар” мәдени танымдық 

бірлестігінің ұйымдастыруымен  жазушы, Қазақстанның 

еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының 

мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әкім Тарази-

мен кездесу кеші  өтті. Рухани құндылыққа толы айтулы 

шараны Кенжеғали Мыржықбай жүргізіп отырды. Кеш 

қонақтары Намазалы Омашев, Дихан Қамзабекұлы және 

басқа да Әкім ағаның шәкірттері, елге танымал азаматтар 

болды. Қаламгердің кешіне қатысып залды лық толтырған 

студенттердің басым бөлігі әдебиетке жақын тіл маманда-

ры, болашақ журналистер еді.


3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (155), 

қараша, 2013 жыл

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінде Украина-

Қазақстан ғылыми-техникалық ын-  

тымақтастығы  мәселелері  жөнін-   

дегі комиссияның  ІІ отырысы өтті.

Алқалы жиынды проректор, тех-

ника ғылымдарының докторы, про-

фессор Жұматай Оразбаев ашып, 

кездесудің қадірлі қонақтарымен 

таныстырып өтті. 2013 жылдың 

сәуір айында университетке 

шақырылған Харьков мемлекеттік 

университетінің профессоры, фи-



Білім саласындағы екі жақты байланыстар

зика-математика ғылымдарының 

докторы, Измир қаласындағы 

«TUBITAK-Мармара» зерттеу 

орталығының жоғары технология- 

 

лар халықаралық зертханасының 



директоры Алексей Вертий және 

А.Я. Усиков атындағы Украина 

ұлттық академиясының радиофизи-

ка және электроника институтының 

математикалық физика бөлімінің 

меңгерушісі, ғылым-техника са- 

ласындағы Украина мемлекеттік 

сыйлығының иегері Юрий Сирен-

ко Еуразия ұлттық университетінде 

жоғары технологиялық жұмыстарды 

жүргізу үшін ғылыми платформаны 

және ғылыми-зерттеу зертханасын 

құру мәселелерін талқылады. 

Іс-шараға «Радиотехника, 

электроника және телекоммуника-

ция» кафедрасының Украина және 

отандық ғалымдары, оқытушы-

профессорлар қауымы, докторант-

тар, магистранттар мен студенттер 

қатысты. 

Қазақстан Республикасындағы Словакияның Төтенше және Өкілетті Елшісі бастаған Словакия Республикасының 

Кирилл мен Мефодий атындағы Университетінің делегациясы университетімізге жұмыс сапарымен келді. Іссапар 

барысында ынтымақтастық және келешекте өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселелері талқыланды.

Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Словакияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юза, сауда-

экономикалық мәселелер жөніндегі бірінші хатшы Караба Марцел, Кирилл мен Мефодий атындағы Словакия 

Университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Петер Хорват, әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының 

орынбасары Высоцкий Марцел және тілдік дайындық орталығының директоры Мария Игазова, сондай-ақ  Л.Н. Гумилев 

атындағы ЕҰУ-дың ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры Жұматай Оразбаев, халықаралық ынтымақтастық 

департаменті директорының міндетін атқарушы Дина Тұртұғұлова, халықаралық қатынастар факультетінің деканы 

Баубек Сомжүрек, әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Амантай Шәріп және әлеуметтік ғылымдар факультеті 

деканының орынбасары Айгүл Сәлиева қатысты. 

Айта кету керек, бүгінде Еуразия ұлттық университеті Словакияның екі жоғары оқу орнымен ынтымақтастық 

орнатқан: экономика университеті және Словакия технология университеті. Былтырғы жылы академиялық мобильділік 

бағдарламасы бойынша Экономика университетіне екі, ал Словакия технология университетіне 5 студент барған 

болатын.  

Словакиядан жұмыс сапарымен келді

Ғылыми-техникалық және инновация саласындағы 

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында Гуанчжоу 

қаласындағы техникалық-экономикалық даму аймағы мен ТМД 

елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Гуандун провинциясының 

Халықаралық технологиялық одағының өкілдері универси-

тетімізде болды. Қонақтар ғылыми-техникалық және инновация 

саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде қызығушылық 

танытқаны үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан 

Сыдықовқа зор алғыстарын білдірді. Өз кезегінде жоғары оқу 

орнының басшысы Ерлан Сыдықов бүгінде екі ел арасындағы 

достық қарым-қатынастың қарышты дамып келе жатқандығын 

жеткізді. «Елордамыз Астана тек мемлекетіміздің ғана орталығы 

емес, сондай-ақ, ол бүкіл Еуразияның орталығына айналды. 

Бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Әсіресе, білім беру 

қызметі саласындағы ынтымақтастықтың атқаратын рөлі зор,»  

– деп атап өтті Ерлан Бәтташұлы. 

Кездесу барысында Luo Weifeng техникалық-экономикалық 

даму аймағы үкіметінің басшысы Қазақстанда өтетін «EXPO-

2017» халықаралық көрмесіне қатысуға және мұндай көрмелерді 

ұйымдастыруда тәжірибе алмасуға ниет білдірді. Және ол 

ЕҰУ ректорын қала басшысы атынан Гуандун провинциясына 

шақырды. 

Гуандун провинциясы ҚХР-дың ЖІӨ-нің 10 пайызын 

құрайды.  Провинция өз елінің ең бай еркін экономикалық 

аймағы болып саналады. Қытай өкілдері халықаралық көрмеге 

аймақтағы кәсіпорындардың қатысу мүмкіндігін қарастыруды 

ұсынды.

Университеттің инновациялық паркінің директоры Вла-



димир Ким ғылыми орталықтың жұмысы мен инновациялық 

шешімдері туралы энергия тиімділігін арттыру саласындағы 

жетістіктері жайлы сөз етті. Бұл орайда Қытайдан келген 

қонақтар аталмыш парктің, зертханалар мен ғылыми-зерттеу 

институттарының қызметімен етене танысуға қызығушылық та-

нытты. 


  Кездесу соңында Гуандун провинциясының делегациясы 

мен ЕҰУ басшылығы ғылыми-инновациялық және білім беру 

саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Ынтымақтастық туралы 

меморандумға қол қойды

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында 

философия кафедрасының меңгерушісі, профессор 

Ғарифолла Есімнің бастамасымен философия, 

мәдениеттану мамандығының магистранттары мен 

оқытушылары Малиновка ауылындағы Саяси қуғын-

сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды-

мұражай кешенінде  болып қайтты. 

Мұражай директоры Болат Жүнісбеков экскурсия 

жасаушыларды «АЛЖИР» тарихымен таныстырып, 

деректі фильм көрсетті. Академик Ғарифолла Есім «Қазақ 

тарихы және инновациялық ойлау» тақырыбында дәріс 

оқып, кешегі Кеңестер үкіметінің зорлық-зомбылығының 

астарын ашып берді. 



«Еуразия-ақпарат»

  «АЛЖИР» 

тарихымен танысты

Қазан айының аяғында Қытай Халық Республикасының Шаньси провинциясының делегациясы ресми 

сапармен әлеуметтік ғылымдар факультетінде болды. Делегация құрамында Шаньси қ. медицина және 

ғылым институтының қытай ғалымдары – институт ректоры, профессор Wang Jiangong, профессор Huaijun 

Yang, профессор Suping Guo және Шаньси қ. ғылыми-техникалық комитетінің директоры бар. Қонақтар 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлеуметтік ғылымдар факультеті мен Қытай Халық Республикасының 

Шаньси провинциясы арасында екіжақты ынтымақтастық орнату мақсатында өз ойларымен бөлісті.

Солтүстік Қытай жерінде орналасқан Шаньси провинциясынан (аймақтың екінші атауы - Хэдун) келген 

қонақтар университет әкімшілігінің өкілдерімен және факультет ғалымдарымен түрлі кездесулер өткізді. 

Олар іссапар барысында биология ғылымдарының докторы, жалпы биология және геномика кафедрасының 

профессоры С.Әбиевпен, сондай-ақ микология саласы бойынша басқа да атақты ғалымдармен бірлескен 

монографиялар басып шығару, университетпен етене танысып, осы жоғары оқу орнында мамандар даярлау 

және студенттер алмасу жөніндегі өз пікірлерін білдірді.

Ынтымақтастық нығая түседі

Оқу ордамызда Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, ғарышкер, авиация генерал-

лейтенанты, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы және Ресей батыры Талғат Мұсабаевпен 

кездесу өткізілді. Бұл шараның өтуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, саяси 

ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Талғат Мұсабаевтың 

досы Анатолий Башмаков ұйытқы болды. 

 Студенттерді қазіргі басты мәселе – Қазақстанның ғарыш саласын дамыту келешегі қатты 

қызықтыратыны байқалды. Барлық қатысушылардың көкейінде АҚШ, Ресей, Қытай, Үнді және Франция 

сынды әлемнің ғарыш державаларымен Қазақстан тең дәрежеде қуатты ғарыш инфрақұрылымы бар 

мемлекет бола алады ма? – деген сауал тұрды. 

– Бүгінде ғарыш саласының құрылымы мен оның болашағы айқындалған. Демек, қазіргі ғарыш қызметі 

жайлы айтуымызға әбден болады. Біз ғарыш аппараттарын құрастырып, сынақ кешенін құрып жатырмыз, 

оған білікті де білімді түлектер келеді деп үміттенемін, – деп жауап берді Қазақстанның ұлттық ғарыш 

агенттігінің төрағасы. 

 Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасының айтуынша, ғарыш аппараттарын құрастыру,  

сынақ кешені – мұның бәрі техниканың соңғы жетістіктері бойынша жабдықталған, мұнда Франциямен 

бірлесе қашықтықтан зондпен тексерудің 2 жолсерігі жасалуда. Осы кездесуде жиі қойылған сауалдардың 

бірі – білім алушылардың өндірістік тәжірибеден өтуі мен оқытушылардың біліктілігін арттыру мәселесі 

болды. Бұл сұраққа агенттік төрағасы:

 – Өкінішке орай, бізге бакалавр дәрежесі жеткіліксіз. Ол үшін Ресейде осы салаға сәйкес білім алу қажет, 

– деп кеңес берді.

Кездесуде Талғат Амангелдіұлы өзінің өмір жолы мен қызметі және осы салада алған тәжірибесі жөнінде 

де өз ойларымен бөлісті. Ол кездесуден соң Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында болып, оның 

жұмысымен танысты. 



Каталог: upload -> iblock -> aa6
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ әдебиеті»

жүктеу 430.74 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет