№21 (1361) 24 мамыр 2017 жыл, сәрсенбі «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» атты этнографиялық керуен 26 шілдеде Сарыарқа төсінде болады. 17 күн қалды



жүктеу 3.33 Mb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата15.09.2017
өлшемі3.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

www.z-taraz.kz

 №21 (1361) 24 мамыр

 

2017 жыл, сәрсенбі



«Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» атты 

этнографиялық керуен 26 шілдеде Сарыарқа төсінде болады.



17 күн қалды

ҰрлықТАн Келер зАрдАп Көп

Мемлекет басшысы 

«Болашаққа бағдар: 

рухани жаңғыру» 

бағдарламалық  

мақаласында: «қазақ 

тілін біртіндеп 

латын әліпбиіне 

көшіру жұмыстарын 

бастауымыз керек. Біз 

бұл мәселеге неғұрлым 

дәйектілік қажеттігін 

терең түсініп, байыппен 

қарап келеміз және 

оған кірісуге тәуелсіздік 

алғаннан бері мұқият 

дайындалдық. Яғни 

2025 жылға қарай 

іс-қағаздарын, 

мерзімді баспасөзді,  

оқулықтарды – бәрін 

де латын әліпбиімен 

басып шығара бастауға 

тиіспіз» – деген болатын. 

Облыс әкімдігі тілдерді 

дамыту басқармасының 

ұйымдастыруымен 

М.Х.дулати атындағы 

ТарМУ-де өткен «латын 

әліпбиіне көшу – тіл 

реформасының бір 

сатысы» атты облыстық 

ғылыми-тәжірибелік 

конференциясында 

ғалымдар латын 

әліпбиіне көшу тәуелсіз 

еліміз үшін рухани 

жаңғырудың бір сатысы 

әрі уақыт талабы екенін 

айтты. 

Мен Сені ТАпТыМ, әКе!



Ұлы ЖіБеК ЖОлы БОйыМен

 

„



Алтын ұя мектеп әркімге ыстық. Бала шақтан болашаққа қанат қағып, қимастық пен қуаныш, аңсау 

мен арман сезімдері араласқан ең бір қымбат, ұмытылмас күн баршамыздың жүрегімізде жылы естелікпен 

сақталады. Биыл қала мектептерінен 2278 түлек үлкен өмірге жолдама алады. 

 

4-бет

 

10-бет

 

11-бет

 

8-бет

 

2-бет



армандар күтеді алдан

қАлА-қАрБАлАС

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №21 (1361), 24 мамыр 2017 Жыл  //



 

„

Өткен сенбі күні облыс орталығынан «Ұлы Жібек жолы. 



көне тараздан асқақ астанаға тарту» атты этнографиялық 

керуен астанаға жол тартты. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Келесі  айдың  басында  елорда  төрінде                      

«ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесінің ашылу 

салтанаты өтеді. Еліміз үшін айрықша маңызға ие 

көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келіп, 

ұлтымыздың бай тарихын, іргелі мәдениеті мен 

өнегелі өркениетін тамашаламақ. Әлем назары ауып 

отырған осынау шараға шаһардан арнайы керуен ат-

танды. «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы 

Жамбыл ескерткіші алаңынан аттанған «Ұлы Жібек 

жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» атты 

керуенді Астана қаласына «Нұр Отан» партиясы 

Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-

Мұхаммед,  облыс  әкімі  Кәрім  Көкрекбаев  пен 

аймақ атқамінерлері бастаған тараздықтар салта-

натты түрде шығарып салды. Шара барысында 

нар тұлғалы жігіттер жер тарпыған тұлпарлармен 

көк байрағымызды әуеде желбіретті. Сондай-ақ 

Жамбыл  ақынның  мақамымен  «ЭКСПО–2017» 

көрмесіне әулиеаталықтардың арнауы айтылды. 

Салтанатты жиынға келушілердің назарына Жамбыл 

облыстық филармониясы мен Қазақ ұлттық аспаптар 

оркестрінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. 

Керуен құрамында 20 түйе, 46 ат, 6 ат арба, 10 

жүк автокөлігі, 3 автобус, ұйымдастырушылар, ішкі 

істер, жедел жәрдем, төтенше жағдай салаларының 

қызметкерлері қамтылған 6 қызметтік автокөлік 

бар. Сонымен қатар облыстық филармония, театр 

мен оқу орындарынан 100-ден аса адам аталған ке-

руенмен бірге жолға шықты. Олар Астана қаласына 

жеткенше,  облыс  аудандары  мен  Қарағанды 

облыстарындағы  жол  бойында  орналасқан  10 

елді  мекенге  тоқтап,  ЭКСПО-ны  насихаттауға 

бағытталған іс-шаралар ұйымдастырады. Іс-шаралар 

аясында киіз үйлер тігіліп, қазақ халқының тұрмыс-

тіршілігі, салт-дәстүрлері сахналанады және ұлттық 

спорт ойындары мен концерттік бағдарламалар 

өткізу жоспарланған. 

Өткен аптада жолға шыққан керуен бас шаһарға  

бірнеше  күн  жүріп  отырып,  26  шілде  күні 

Сарыарқа төсіне табан тіремек. Сөйтіп, 26-30 шілде 

кезек күттірмес мәселе

 

„

мемлекет басшысы жақында ғана жарық көрген «Болашаққа бағдар: 



рухани жаңғыру» атты мақаласында: «қазақ тілін біртіндеп латын 

әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге 

неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз 

және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни 

2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды – 

бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз» – деді. Бүгінде 

бұл мәселені өңір тұрғындары да кең талқылауда.

мемлекеттік 

рәміздер – 

елдігіміздің нышаны

 

„

Биыл тәуелсіз қазақстанның 



жаңа мемлекеттік рәміздері 

қабылданғанына 25 жыл.

Мемлекеттік  рәміздер  ұлттық 

бірегейліктің  қалыптасу  тірегі  және 

әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас 

бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттік 

рәміз бойынша елімізді тануға және оны 

бүкіл әлемге танытуға болады. Өйткені 

онда халқымыздың бүкіл бастан кеш-

кен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр, 

сондықтан  ол  отансүйгіштік  сезімнің 

бастау көзі бола алады. 

1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан 

Республикасының рәміздері бекітілген 

күн болып тарихта қалды. Ал 2007 жылы 

4 маусымда Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қол қойып 

бекіткен «Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік  рәміздері  туралы»  Заңы 

Мемлекеттік  рәміздерімізді  пайда-

лану  тәртібін  нақты  белгілеп  берді. 

Мемлекетіміздің Елтаңбасы қазақ тіліне 

аударғанда,  ол  «таңба»,  «белгі»,  тіпті 

«мұра» деген мағына береді. Бұл тер-

мин  ежелгі  Түркі  қағанаты  (551-630 

жылдар)  кезінен  бастап  қолданыла 

бастаған. Қазақстанның қазіргі таңдағы 

Елтаңбасы үлкен еңбектің арқасында, 

екі сәулеткер Жандарбек Мәлібек пен 

Шота  Уәлихановтың  шығармашылық 

ізденістерінің  нәтижесінде  дүниеге 

келді.  Елтаңбадағы  шаңырақ  –  өз 

ұлтымызға ғана тән, сәтті таңдалынған 

нышан. Шаңырақ қай кезде де қазақ үшін 

отбасының берекесі мен тыныштығының 

белгісіндей  қызмет  атқарып  келген. 

Елтаңбамыз еліміздегі барша халықтарды 

бір  шаңырақтың  астына  шақырып,  

біздің ортақ үйіміз Қазақстанның мықты 

уықтарына айналуды үндейді. 

Кез келген халықтың тарихында за-

манында  сол  халыққа  күш-қуат  бер-

ген,  рухын  жанып,  жігерін  шыңдаған 

музыкалық  шығармалары  бар.  Ол 

тарихтың  белгілі  бір  уақытында  сол 

жұрттың Әнұранына айналған. Осындай 

ән – «Менің Қазақстаным». Бұл шығарма 

Қазақстан КСРО құрамында болған тұста 

өмірге келді. Ақын Жұмекен Нәжімеденов 

пен  сазгер  Шәмші  Қалдаяқовтың 

шығармашылық бірлестігінен туындаған 

«Менің  Қазақстаным»,  шын  мәнінде, 

қазақ халқының рухын көтерген, келер 

күнге деген сенімін арқалаған бейрес-

ми Әнұран болды. Ал заман талабына 

сай,  2006  жылғы  6  қаңтарда  Парла-

мент  палаталарының  бірлескен  оты-

рысында «Мемлекеттік рәміздер тура-

лы» Жарлыққа түзетулер енгізілгеннен 

кейін, яғни қаңтардың 10-ында «Менің 

Қазақстаным» ресми түрде Әнұран бо-

лып бекітілді. Сөйтіп, бұл күн тарихқа 

еліміздің  жаңа  Әнұранының  туған 

күні ретінде жазылды. Әуенін Шәмші 

Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов жазған 

Әнұранның  сөзін  уақыт  өлшемімен 

үндестірген бірлескен автор – еліміздің 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Е л і м і з д і ң   е ж е л д е н   а ң с а ғ а н 

тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының 

салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта 

жаңғыруы,  Мемлекеттік  рәміздердің 

бекітілуі  –  болашақ  дамуға  бет  алған 

егемен  еліміз  үшін  ерекше  құбылыс. 

Ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті на-

сихаттау жолында және мемлекетіміздің 

әлемдік  деңгейде  танылып,  өзіне  тән 

белгілерімен дамыған елдер қатарынан 

орын алуы үшін төл нышандарымыздың 

атқаратын қызметі айрықша.

А.БЕЙСЕнБАЕВ,

Қазақстан Республикасы 

Инвестиция және даму министрлігі 

Техникалық реттеу және метрология 

комитетінің Жамбыл облысы 

бойынша департаментінің бас 

маманы.

керуен Жолға шықты

ЖАңғырТУ 3.0



Арсен БАЙЗАҚ

Облыс  әкімдігі  тілдерді  дамы-

ту басқармасының ұйымдастыруымен 

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ М.Үркімбаев 

атындағы Жастар сарайында «Латын 

әліпбиіне көшу – тіл реформасының 

бір сатысы» атты облыстық ғылыми-

тәжірибелік конференция өтті. Жиынды 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 

университетінің ректоры, педагогика 

ғылымдарының  докторы,  профессор 

Махметғали Сарыбеков жүргізіп, ойларын 

ортаға салып отырды. Шараны кіріспе 

сөзбен ашқан облыс әкімінің орынбасары 

Ерқанат Манжуов Президент мақаласының 

өзектілігі мен маңыздылығын сөз етіп, 

латын әліпбиіне көшу тәуелсіз еліміз 

үшін рухани жаңғырудың бір сатысы әрі 

уақыт талабы екенін айтып өтті. Сондай-

ақ Ерқанат Нұрбапаұлы конференция 

жұмысына сәттілік тілеп, жиналғандарды 

баяндамашылардың келелі пікірлеріне 

мұқият назар аударуға шақырды.

Латын  әліпбиіне  көшу  –  Мемле-

кет  басшысы  тарапынан  бүгін  ғана 

туындап отырған бастама емес. Ел-

басы  Нұрсұлтан  Назарбаев  осыдан 

үш  жыл  бұрын  «Қазақстан–2050»                                                                                                     

Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің 

жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан 

халқына  арнаған  Жолдауында:  «Біз 

2025 жылдан бастап әліпбиімізді ла-

тын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге 

кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып ше-

шуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде 

тарих бедерінде біз мұндай қадамды 

жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы 

үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз 

және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, 

балаларымыздың  ағылшын  тілі  мен 

интернет тілін жетік игеруіне, ең ба-

стысы, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай                                     

туғызады» – деп айтқан болатын. Әлбетте, 

бұл орайда басты мәселе ұлттық сана 

жаңғырып, құлдық санадан арылуда жатыр. 

Енді Үкімет, арнайы құрылған комиссия 

қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің 

нақты кестесін биыл жыл аяғына дейін 

дайындап, тапсыруға тиісті десек, бұл 

жерде салмақ латын әліпбиінің нұсқасын 

дайындайтын ғалымдарға түсетіні анық. 

Конференцияда алғашқы болып баянда-

ма жасаған ф.ғ.д., профессор Шерубай 

Құрманбайұлы осы мәселелерге нақты 

жауаптар беруге тырысты. Ғалым жазу 

реформасы рухани серпілудің негізгі 

бастамасы болатынына көңіл бөлді. Ол 

бұған дейін осы әліпбиге көшкен елдердің 

тәжірибесіне сүйеніп, өзіміздің ұлттық 

болмысымызға ден қоя отырып әрекет 

етсек, жаңғыру жолындағы еліміздің 

еңбегі  еш  болмайтынына  сенетінін 

жеткізді. Шерубай Құрманбайұлы кейбір 

зиялы қауым өкілдерінің латын әліпбиіне 

көшуде кездесетін қиындықтар тура-

лы пікірлерін де негізсіз демей, алайда 

оның қиындығынан гөрі тиімділігі, ұлт, 

ұрпақ үшін ұтымды тұсы көп болаты-

нын тілге тиек етті. Баяндамашы өзінің 

ұсынып отырған латынша әліпби үлгісін де                        

таныстырды. Онда бүгінгідей 42 әріп емес, 

бар-жоғы 28 ғана әріп болатынын, қазақ 

тіліне жат в,ё, и, ц, щ, ч, ь, ъ, ф, х, һ, э, ю, я 

секілді он төрт әріптің енбейтінін айтады. 

Сондай-ақ баяндамашылар А.Байтұрсынов 

атындағы тіл білімі институтының ғылым 

жөніндегі  орынбасары,  ф.ғ.к.  Анар                                                                                                           

Фазылжанова  «Латын  әліпбиі  – 

өркениетке жол», ф.ғ.д., профессор Қасиет 

Молғаждаров «Қазақстанның келешектегі 

латын  жазуы»  тақырыптарында  сөз 

қозғап, ойларымен бөлісті. Олар да жазу 

реформасының жағымды жақтарын тілге 

тиек етіп, сол арқылы тіл сауаттылығының 

артатынын  алға  тартты.  Қасиет 

Молғаждаров латын әліпбиіне ауысқанда, 

компьютер пернетақтасындағы әріптерді 

ғана пайдалану керектігіне назар аударды. 

Әрине, ұлттығымыздың негізгі белгісінің 

бірі тілімізді сақтап қаламыз десек, әлемнің 

озық елдері игілігін көріп, көпшілігі 

қолдап отырған латын әліпбиіне біздің 

де көшкеніміз кезек күттірмейтін мәселе.

ЭКСпО–2017

Алдымызда Астана.   Суреттерді түсірген а.рысмахан.

аралығында «ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесі 

аясында Астана қаласында Жамбыл облысының 

мәдениет күндеріне қатысатын болады. Онда об-

лыс өнерпаздары ЭКСПО аумағындағы «Амфи-

театрда» мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізсе, 

одан  кейін  «Қазанат»  қалалық  ипподромының 

аумағында  салынатын  «Этноауыл»    шеберлер                                                 

ауылы, шеберлердің туындыларын сатуға арналған 

«Шығыс базары» орын алса, театрландырылған 

қойылымдар, концерттер мен ұлттық спорт ойын-

дарын ұйымдастырмақ.

– «ЭКСПО–2017» көрмесіне арналған Аста-

на  қаласындағы  Жамбыл  облысының  мәдени 

күндері аясында өңір өнерпаздары бес күн бойы 

қала тұрғындары және қонақтарының назарына 

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық 

драмалық орыс театры сахнасында, Жастар театры, 

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының алаңында 

көрмелер,  театрландырылған  қойылымдар, 

концерттік  бағдарламалар  ұсынатын  болады. 

Сондай-ақ «Қазанат» ипподромындағы этноау-

ылда дәстүрлі өнердің әр алуандығын көрсететін 

«Шығыс базары», қолөнер және сәндік-қолданбалы 

бұйымдардың  жәрмеңкесі  ұйымдастырылып,                                                                                                               

ЭКСПО  қонақтарына  Ұлы  Жібек  жолы 

орталықтарының  бірі  болған  ежелгі  Тараз 

қаласының тарихын таныстырады, – деді облыс 

әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама 

басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев. 

дАТА


//   «Жамбыл - Тараз»  // №21 (1361), 24 мамыр  2017 Жыл  //

3

қАлА-қАрБАлАС



Мерей

лайықты қҰрмет

 

„

қала әкімі рүстем дәулет қаланың мәдени өміріне атсалысып жүрген бірқатар 



мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар 

табыс етті. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Биылғы жылы айтулы күн төртінші рет аталып өтті. Осы мерекеге 

орай ұйымдастырылған салтанатты шарада шаһар басшысы мәдениет 

саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін ерекше бағалайтынын 

жеткізді. 

– «Өнер – ұлттың жаны» дейді дана халқымыз. Кез келген ел 

өнерімен,  мәдениетімен  танылып,  бағаланатыны  анық.  Демек, 

сіздер өз өнерлеріңізбен елдің рухын көтеріп, адамзат баласына 

шексіз қуаныш, зор мақтаныш сыйлайсыздар, халқымыздың мәдени 

талғамы мен танымын қалыптастырып, еліміздің әлеуметтік-рухани 

құндылықтарын паш етесіздер. Бүгінгі Қазақстан жаңа заманға сай 

жаңа мемлекет құрып, әлемдегі өркениетті елдердің көшіне қосылып, 

өзінің мәдениеті мен өнерін өз қолымен жасап жатса, сол ұлы іске 

өзіндік үлес қосқан мәдениет қызметкерлері – сіздерсіздер. Елбасымыз 

айтпақшы, өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, 

ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын 

қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады, – деді Рүстем 

Рысбайұлы. 

  Сондай-ақ  жиынға  қатысқан  қалалық  мәслихаттың  хатшысы                     

Батырбек Құлекеев пен «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков сөз тізгіндеп,  

сала мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, шығармашылық 

табыс тіледі. 

Жиында  қала  әкімі  бірқатар  мәдениет  және  өнер  саласының 

қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттап, құрмет көрсетті. Соны-

мен қатар қалалық мәслихат, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық фи-

лиалы және «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің 

кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы 

атынан сала мамандарына Алғыс хаттар табыс етілді. Шарада қалалық 

мәдениет үйінің халықтық «Мерей» квартетінің жетекшісі Әріпбай 

Мұсапанов сөз алып, қала басшылығына алғысын жеткізіп, алдағы 

шығармашылық жолында аянбай еңбек ете беретіндіктеріне сенім 

білдірді. 

Мәдениет майталмандары.   



еңбектері еленді

АлғыС


өзеКТі

қоғам болып күресу шарт

 

„

қала әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 



күрес жөнінде Жамбыл облыстық мемлекеттік орган басшылары 

есеп берді.

Сейділдә ТӨРЕн

Қалалық  бөлім  басшылары,  Ардагерлер 

кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері 

мен  ПИК  төрағалары  қатысқан  жиынға  шаһар 

басшысы Рүстем Дәулет төрағалық етті. Рүстем 

Рысбайұлы өз сөзінде жемқорлықтың алдын алу 

және оны болдырмауға бағытталған іс-шаралардың 

өзектілігіне  тоқталып,  ҚР  Президентінің  2005 

жылғы  14  сәуірдегі  «Сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күресті  күшейту,  мемлекеттік  органдар 

мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен 

реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы»  

№1550 Жарлығына сәйкес,  сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес жөнінде қолданылған шаралар туралы 

мекеме басшыларының халық алдындағы есебі 

жыл сайын тыңдалатындығын атап өтті. 

Шарада алғаш болып ҚР Ұлттық экономика 

министрлігі  Табиғи  монополияларды  реттеу 

және бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл 

облысы  бойынша  департаментінің  басшысы 

Мүслім Қасымовтың есебі тыңдалды. Департа-

мент басшысы өзі басқаратын мекемеде сыбайлас 

жемқорлық сипаттағы іс-әрекеттердің алдын алу 

және оларға жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл 

аударылатындығын және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы  заңнаманың  бұзылуына  қарсы  әрекет 

жасау және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз 

ету  мақсатымен  жұртшылықты  хабарландыру 

жөніндегі  мемлекеттік  шараларды  жетілдіру 

шаралары  үнемі  жүргізіліп  отыратындығын 

тілге тиек етті. Департаменттің негізгі қызметі 

табиғи  монополиялар  субъектілерін  реттеуге, 

бәсекелестікті қорғау салаларында заңнаманың 

сақталуын  бақылауға,  тауар  нарықтарындағы 

адал бәсекелестікті қолдауға және оған қолайлы 

жағдайлар  жасауға  бағытталғандығын  айтқан 

департамент басшысы өзі жұмыс атқарып келе 

жатқан  2012  жылдан  бері  мекемеде  сыбайлас 

жемқорлықтың  көріністері  байқалмағанын 

жеткізді.  Сондай-ақ  онда  мекеме  басшысы, 

басшының  орынбасарлары  және  бөлім  бас-

шылары  азаматтарды,  табиғи  монополия  және 

нарық  субъектілерінің  өкілдерін  арнайы  бей-

не-аудио  жабдықтармен  жарақталған  бөлмеде 

қабылдайды  екен.  Бұдан  өзге,  департамент-

те  сыбайлас  жемқорлық  сипаттағы  құқық 

бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелік 

тәсілдеме бағыттарының бірі болып табиғи моно-

полиялар субъектілерінің өтінімдері мен тарифтік 

сметаларын  қарау  кезінде  жария  тыңдаулар 

өткізіледі. 

Мұнан соң Жамбыл мемлекеттік мүлік және 

жекешелендіру  департаментінің  басшысы 

Сәуле  Оралбаева  хабарлама  жасап,  «Сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы» 

Заң  ережесі  мен  талаптарын  орындау  және 

мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің 

талаптарының  сақталуы  жөніндегі  жұмыстар 

легіне кеңінен тоқталды. Өзінің басқаруындағы 

мекеменің  облыс  аумағында  республикалық 

меншік  объектілерін  басқару,  жекешелендіру 

және  экономиканың  стратегиялық  маңызы 

бар  салаларындағы  меншіктің  мемлекеттік 

мониторингі салаларында іске асыру және бақылау 

функцияларын жүзеге асыратындығын айтқан ол 

республикалық жекешелендіру объектілерін сату 

бойынша өткен жылы мемлекеттік мекемелерден 

30 объектіні сату туралы департаментке сұраныс 

түсіп, сату кестесіне қосылғанын және аталған 

30 объектінің 28 объектісі электронды аукцион 

арқылы  сатылғанын  мәлім  етті.  Сатылған  28 

объектінің 4 автокөлігі сауданың көтеру әдісімен, 

ал  24  автокөлігі  төмендету  әдісімен  сатылып, 

республикалық  бюджетке  6591,9  мың  теңге 

көлемінде қаражат түсіпті. 

Шарада  облыс  әкімдігінің  экономика  және 

бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы 

орынбасарының  міндетін  атқарушы  Әбірхан 

Жанқұловтың да қоғамның дерті болып отырған 

сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары туралы 

баяндамасы тыңдалды. 

–  Сыбайлас  жемқорлықтың  қандай  да  бір 

түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті. Қоғамның 

дамуының басты қозғаушы күші жастардың сон-

шама сыбайлас жемқорлықты көріп отырып жігері 

құм болады, қайда барсаң да алдыңнан жемқорлық 

шыға  берсе,  кім-кімнің  де  жасуы  хақ.  Өзегін 

сыбайлас жемқорлық құрты кеулеген қоғамның 

экономикалық дамуы да ойдағыдай болмайды. 

Себебі сыбайлас жемқорлық даму үшін бөлінген 

қаржыны талан-таражға салып, оның мақсатты 

жұмсалуына мүмкіндік бермейді. Мұның салдары 

әлеуметтік жағдайдың әлсіреуіне әкеп соғатыны 

айдан анық. Міне, мемлекет тарапынан осынау 

қауіпті дерттің алдын алу мен оны болдырмау 

жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылуда, – деді 

ол. Сонымен қатар Жамбыл облыстық мемлекеттік 

кірістер департаменті басшысының бірінші орын-

басары Нұрғали Құдайбергенов те сөз тізгіндеп, 

өткен жылы мекемеде сыбайлас жемқорлықтың 7 

фактісі орын алғандығын айтып, күресу шаралары 

қарқын алғандығын жеткізді.  

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Рүстем 

Дәулет жемқорлықпен күресу шараларын күшейту 

қажеттігіне тоқталып, оның негізін мемлекеттік 

органдардан бастау керек екендігін жеткізді. 

–  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес 

жүргізу  және  сыбайлас  жемқорлықтың                                                         

алдын алу – барлық мемлекеттік органдар мен 

мемлекеттік  қызметшілерге  қойылған  міндет. 

Осыған  орай,  барлығымыз  қоғам  алдындағы 

есептік  принципті  дұрыс  орындап,  сыбайлас 

жемқорлық сипатындағы құбылыстарға қарсы 

шараларды бірлесіп жүзеге асырған кезде ғана 

мемлекеттік бағыттағы саясаттың оң  нәтижесіне 

қол жеткізетінімізге кәміл сенемін, – деді Рүстем 

Рысбайұлы. 


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 3.33 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет