№21 (114) 12 қараша, 2015 жыл



жүктеу 0.61 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата04.03.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6

№21 (114) 12 қараша, 

2015 жыл

ҒЫЛЫМНЫҢ ЖОЛЫ – 

ӨРКЕНИЕТКЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Білім  ордамыздағы  ғылыми-зерттеу 

қызметі  қолданбалы  және  іргелі  зерт-

теу  жүргізу  арқылы  білім,  мәдениет  пен 

ғылымды  дамытуға  бағытталған.  Ол 

мемлекеттік  қаржыландыру  және  келісім-

шарттық  негізде  жүзеге  асырылады. 

Жыл  сайын  университеттің  профессор-

оқытушылар  құрамы  әр  түрлі  бағыттар 

бойынша  бюджеттік,  оның  ішінде  ҚР  БҒМ  

гранттық  қаржыландырудың  ғылыми, 

ғылыми-техникалық жобалары шеңберінде 

іргелі  ғылыми  зерттеулер  жүргізуге  ат-

салысады. 

Сондай-ақ, 

халықаралық, 

республикалық  және  басқа  да  гранттық 

байқауларға  қатысады.  Айталық,  2014 

жылы  з.ғ.д., профессор  Е.Дүсіпов, э.ғ.д., 

профессор    А.Шарипов,  з.ғ.к.,  доцент  

Е.Беисов «ЖОО үздік оқытушысы» атанып 

беделімізді арттырды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жанданды-

ру мақсатында университет әр жылы рек-

тор грантына «Инновация» атты аймақтық 

ғылыми-зерттеу  жобаларының  байқауын 

өткізеді.  Оның  негізгі  мақсаты  Қазақстан 

Республикасындағы  білім  мен  ғылымды 

дамыту  бағыттарындағы  басым  сипатты 

практикалық  инновациялық  маңызы  бар 

жобаларды  іріктеу,  аймақтық  ғылыми-

зерттеуді дамыту, ғылым және жоғары білім 

берудің қоғамдық-экономикалық түрде Ал-

маты  облысындағы  даму  интеграциясы-

на  қолғабыс  ету.  Ректор  гранты  бойынша 

аймақтық ғылыми байқаулар: «Инновация-

2014»-ке 18 млн.теңге, «Инновация-2015»-

ке  9,9  млн.  теңге  мөлшерінде  қаражат 

бөлінді.   

Университет базасында ғылыми-зерттеу 

кластері  жемісті  қызмет  атқаруда.  Кла-

стерге  ғылым  мен  білім  саласындағы  3 

орталық: «Ілиястану» ғылыми-практикалық 

орталығы,  «Ғылым  философиясы  және 

өлкетану»  зерттеу  орталығы,  Аймақтық 

жастардың ғылыми-инновациялық зерттеу 

орталығы  және  5  зертхана:  «Математика 

және  жаңа  технологиялар»,  «Адам  психо-

физиологиясы»,  «Аймақтық  экологиялық 

зерттеулер»,  «Геофизикалық  ортаның 

биофизикалық мониторингі» ғылыми зерт-

ханасы және «Виртуалды зертхана» кіреді. 

Ол  магистранттардың,  докторанттардың 

және 


профессор-оқытушылар 

құрамының  ғылыми-зерттеу  қызметіне 

заманауи  жағдайды  қамтамасыз  ететін 

университеттің  құрылымдық  бөлімі  сана-

лады. Оның қызметі негізінен қолданбалы 

және  іргелі  зерттеулерді  жүргізу,  ғылыми-

зерттеу  жұмыстарының  нәтижесін  іс-

тәжірибеге  енгізу  және  интеллектуалды 

жеке  меншік  объектілерінде  құқықтарын 

орындау  болып  табылады.  Ғылыми-

зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  нәтижесінде 

жаратылыстану, 

гуманитарлық 

және 


техникалық  пәндердің  болашақ  әлеуетті 

мамандары анықталады. 

Біздің  университетте  әртүрлі  деңгейдегі 

конференциялар  жиі  ұйымдастырылады. 

Мәселен, 

2014-2015 

оқу 

жылының 


қорытындысы  бойынша  9  конферен-

ция:  оның  ішінде  1  халықаралық,  5 

республикалық және 3 аймақтық дәрежеде 

өтті. Нақтылай   айтсақ, «Ұлытау етегіндегі 

ой-толғау»,  «Инновациялық  технология-

ларды  білім  беру  үрдісіне  ендіру  –  сапа-

лы білім негізі», «Нұрлы жол» - Қазақстан 

халқының  жаңа  экономикалық  саясаты 

мен бірлігінің өзегі» атты аймақтық, «Жаңа 

әлемдегі  жастар  және  ғылым»,  «Қазақ 

мемлекеттілігі:  кеше,  бүгін,  ертең»,  «ҚР 

Конституциясы  Қазақстан  болашағының 

контексінде» атты республикалық ғылыми-

тәжірибелік,  «Ғылым,  білім  және  иннова-

ция  -  «Қазақстан–2050»  стратегиясының 

орындалуының  маңызды  факторлары» 

атты  халықаралық  конференциялардың 

ғылымды  кеңінен  насихаттауда,  ғылыми 

нәтижелерді  жалпылау  мен  талдау 

дағдысын  қалыптастыруда  маңыздылығы 

орасан зор болды. 

Білімгерлеріміз 

республикалық 

олимпиадаларға 

қатысып, 

жүлделі 


орындарға  ие  болуда.  2014-2015  оқу  жы-

лында  22  пән  бойынша  республикалық 

олимпиадаға 64 студент қатысты. Олардың 

10-ы  жүлделі  орындардың  жеңімпаздары 

атанды. 

Соңғы 


жылдары 

университет 

студенттерінде  зерттеу  қызметіне  де-

ген  қызығушылық  арта  түсуде.  Ғылыми 

жобалар  конкурсына  жаратылыстану, 

техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және 

экономикалық салалар бойынша аяқталған 

зерттеу  жобаларымен  жыл  сайын  30-ға 

жуық білімгер қатысады. 

Ұйымдар, 

мекемелермен 

ғылыми-


зерттеу  және  тәжірибелік-конструкциялық 

жұмыстар  жүргізуге  29  келісімшарт 

жасалған. Магистранттар мен жас ғалымдар 

4  жобаны  аймақтың  кәсіпкерлерімен  және 

ауыл  шаруашылық  кешендерімен  жүзеге 

асыруда.  Сонымен  қатар,  университет 

ғалымдары  басқа  жоғары  оқу  орындары 

және ғылыми зерттеу институттарымен, мы-

салы,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

университеті,  Қазақ  аграрлық-өнеркәсіптік 

кешенінің  экономикасы  және  ауылды 

аймақтарды дамыту ғылыми-зерттеу инсти-

туты, Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық 

техникалық  университеттерімен  бірге 

ғылыми жобаларды серіктесе орындайды. 

Импакт-факторы  бар  ғылыми  журнал-

дарда  профессор-оқытушыларымыздың 

еңбектері  жылдан  жылға  көбейіп  келеді. 

2014-2015 оқу жылында Thomson Reuters, 

Scopus  базасына  кіретін  журналдарда 

26  мақала,  РИНЦ  базасына  кіретін  жур-

налдарда  40  мақала  жарияланды.    2014-

2015  оқу  жылында  9  монография,  16 

оқу  құралы  жарыққа  шықты.  Осылайша, 

І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік 

университетінің  ғылыми  қызметі  уни-

верситетте  мамандарды  дайындаудың 

жалпы  үрдісінде  басым  бағыттардың 

біріне  айналуда.  Алдағы  уақытта  да  осы  

үрдісті тереңдете түсіп, білім және  ғылым 

көкжиегінен  жарқырай  беретінімізге    мол 

сенімдіміз.



            

        Е.МҰҚАЖАНОВ,

ғылым және инновациялық технология-

ларды коммерциализациялау офисінің  

директоры.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Бұл жиынды негізінен қаржы-экономика 

факультеті  мен  мәдениет  және  өнер 

факультеті  ұйымдастырды.  Шараға  түрлі 

саладағы  іскерлер,  жеке  кәсіпкерлер 

қатысып, 

өздерінің 

ұйғарымымен 

белгіленген  мөлшердегі  шәкіртақының 

сертификатын  білімгерлерге  табыстап, 

көңілдеріне  шуақ  шашып,  қуаныш  сый-

лады.  Өз  кезегінде  университет  ректоры 

заң  ғылымдарының  докторы,  профес-

сор,  ҚР  ҰҒА-ның  корреспондент-мүшесі 

Ә.Е.Бектұрғанов осындай игі іске жұмылған 

жаны  жомарт,  жүрегі  кең,  пейілі  дархан 

демеушілерге  ризашылығын  білдіріп, 

оларды  алғыс  хаттармен  марапаттады. 

«Сауаптың  ең  үлкені  -  ғылым  жолында 

жасалған  қайырымдылық»  деп  жазылған 

хадисте.  Демеушілік  танытқан  кәсіпкер-

іскерлердің  атын  толық  келтіре  кетейік: 

«Қайнар-АКБ»  ЖШС  бақылау  кеңесінің 

төрағасы Әжмағанбетов Қуаныш Мәдиұлы 

экономика мамандығының 3 курс білімгері 

Баян  Жанғазиноваға,  «АКЛ»  ЖШС-нің 

атқарушы  директоры  Дуров  Абдулпатта 

Абдуллаевич экономика мамандығының 3 

курс білімгері Еркежан  Алтайқызына, «То-

ламисова» жеке кәсіпкерлігінің директоры  

Толамисова  Күлән  Демеубайқызы  қаржы 

мамандығының  3  курс  білімгері  Айдана 

Жақсыбаеваға,  «ТалСайЕт»  ауылдық 

тұтыну  кооперативінің  төрағасы  Амир-

ханов 

Бейбітқазы 



Құрметқазыұлы 

мәдениет  және  өнер  факультетінің  3 

курс  білімгері  Асылбек  Убайдуллаев 

пен  1курс  білімгері  Мақсат  Қарауловқа, 

«Құсманов»  жеке  кәсіпкерлігінің  дирек-

торы  Құсманов  Оразғали  Нұрғожаұлы 

қаржы  мамандығының  1  курс  білімгері 

Аяна  Жалғабаеваға,  «Кенешова  Асем» 

жеке  кәсіпкерлігінің  директоры  Кене-

шова  Асем  Құлтайқызы  мәдениет  және 

өнер  факультетінің  1  курс  білімгері  Дар-

хан  Қалыбаевқа,  «Смағұлова»  жеке 

кәсіпкерлігінің  директоры  Смагулова  

Динара  Дубекқызы  мәдениет  және  өнер 

факультетінің  1  курс  білімгері 

Назгүл 


Мұратхановаға, 

«Тас» 


корпорациясының  бас  директоры 

Ғалымжанов  Ерлік  Адайұлы  есеп 

және  аудит  мамандығының  2  курс 

магистранты  Мирас  Мүсірәліге 

арнайы  шәкіртақы  тағайындап 

білімгерлердің 

мерейін 

асыр-


ды.  Сондай-ақ,  қаржы-экономика 

мамандығының  студенттері  ара-

сында  Президенттік  шәкіртақыға 

да  қол  жеткізген  білімгерлерімізді 

мақтанышпен  айтып  өтейік.  Олар 

қаржы  мамандығының  3  курс 

білімгері  Ақнұр  Бекежанова,  есеп 

және  аудит  мамандығының  3-курс 

білімгері  Баянсұлу  Тасыбай.  Ал 

«Қайнар-АКБ» 

жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестігі  ұсынған  бір  жылдық 

оқу  төлемақысын  төлеу  туралы  сертифи-

каты мәдениет және өнер факультетінің 1 

курс білімгері Сабира Исаеваға бұйырды.

Осы  шараны  ұйымдастыруға  бел-

сене 

атсалысқан 



қаржы-экономика 

факультетінің 

деканы 

Сериев 


Бо-

лат  Абдулдаұлы  мен  мәдениет  және 

өнер  факультетінің  деканы  Толамисов 

Амангелді  Ғабдулкәрімұлына  Қазақстан 

Заңгерлер  одағының  мүшелік  билетімен 

бірге, төсбелгісі қоса тапсырылды.

                                           

 Е. КЕРЕЙБАЙ,

А. ЖАЗЫБЕКОВА,

                                    4 курс  білімгерлері.

ШӘКІРТАҚЫ ШУАҚ 

СЫЙЛАДЫ

Көмекке зәру жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын 



берудің қандай түрі болмасын, қашанда Алла алдында сауап-

ты, қоғам алдында абыройлы іс. Сол мақсатта жуырда Ілияс 

Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 

белсенді, білімге құштар, жалынды шәкірттерге демеушілер 

тарапынан арнайы шәкіртақы белгіленді.

Университетімізде ғылыми бағытта атқарылып жатқан 

жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Әсіресе, бұл салада ғылым 

және инновациялық технологияларды коммерциализациялау 

офисі жан-жақты қызмет етуде. 


Жетісу 

университеті



ҚОҒАМ

бейсенбі, 12 қараша, 

2015 жыл

Баспасөз -2016



2

СПОРТ

АҚПАРАТТАР АҒЫМЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Осы  күндері    «Баспасөз-2016»  

науқаны    жер-жерлерде    қарқынды 

жүруде. Мұның өзі бір қызық қарбалас 

шақ қой. Газет-журналдардың бас ре-

дакторынан  бастап    тілші  қауымына  

дейін  «әр  есікті»  бір  қағып,  тыным  

көрмей  үгіт-насихат  жұмыстарымен 

айналысуда.

Солардың  қатарында  біздің  «Жетісу 

университеті»  газетінің  қызметкерлері  де 

жазылымға  білек  түре  кірісіп,  универси-

теттен  бастап,  қала,  аудан,  ауылдардағы 

мектеп,  колледж  секілді  оқу  орындары-

на  дейін  ат  басын  бұрып  «жар  құлағы 

жастыққа  тимей»  жүр.  «Біреу  тойып 

секіреді,  біреу  тоңып  секіреді»  демекші, 

жазылым  жайлы    оқырманның  түсінігі  екі 

ұдай  екенін  жасыруға  болмайды.  Көкірегі 

ояу,  парасаты  мол,  білімге,  өркениетке, 

әдебиет  пен  өнерге  ынтасы  зор  оқырман 

қауым  қуана  қарсы  алып  жатса,  керісінше 

тоңмойын,  жалқаулығы  мен  енжарлығы 

басым,  «газетіңді  қайтемін?»  деп  бетіңе 

бажырая  қарап,  одырайып  қарсы  ала-

тын  оқырмандар  да  кездеседі.  Бес  саусақ 

бірдей емес қой. Осы орайда мен газетімізге 

жақыннан  жанашырлық  танытып  жүрген 

тағы  бір  оқырманымызға  ризашылық 

білдіріп  қойғанды  жөн  көрдім.  Ол  -  журна-

листика  және  филология  кафедрасының 

доценті,  филология  ғылымдарының  кан-

дидаты  Мұса  Қазымұлы  Бисенқұлов.  Осы 

бір  жайдары  мінезді,  жарқын  қабақты, 

«ақырын  жүріп,  анық  басатын»  ұстазды 

шәкірттері  аса    қадір  тұтады  десем  артық 

айтқаным  емес. Терең біліміне қоса оның 

кісіге деген кішіпейілділігі, көптің алдындағы 

қарапайымдылығы,  шәкіртке  деген  ма-

хаббаты  әрқашан  ерекшеленіп  тұрады. 

Мұса  аға  осыдан  бірнеше  жыл  бұрын  жа-

нына  қалам  тербеп  жүрген  шәкірттерін 

жинап,    «Жас  журналистер»    клубын 

ашып, 


университет 

қабырғасындағы 

алғашқы  газетті  ұйымдастырушылардың 

бірі  болған.  Сондағы  қалыптасқан  тәлім-

тәрбиесін  әлі  де  жалғастырып  келеді. 

Әр  кезде  редакциямызға  бас  сұғып,  хал-

жағдайымызды біліп, білімгерлердің жазған 

мақалаларын  ұсынады.  Орыс  тіліндегі 

беттерді  оқып,  редакторлық    жасап,  ауы-

рымызды  жеңілдетіп  кетеді.  Журналистік 

мамандыққа  баулып  жүрген  шәкірттері  де 

ұстазы  сияқты  алғыр  да  зерек.  Осындай 

жанашырлар  көп  болса  ғой,  шіркін!  «Басы 

ауырмастың  қасында  балтырың  сыздама-

сын» дегендей, әсіресе, жазылым науқаны 

кезінде сырт айналып кететіндерді көргенде 

жанымыздың 

сыздайтынын 

жасырып 

қайтеміз?  Уақыт  бәріне  емші.  Алда  тағы 

бір  ай  бар.  Жазылам  деушілерге  «Жетісу 

университеті»  газетінің    жылдық  бағасы 

Талдықорған  қаласы  тұрғындарына   

920 

теңге  18  тиын,  ал  аудан,  ауылдағылар  

үшін 


1035  теңге  62  тиын  екенін  естеріне 

сала  кетейік.  Газеттік  индексі 



64568.  Іске 

сәт, қадірлі оқырман!..



Үсен ӨМІРЗАҚОВ,

бас редактор.

ЖАРЫС ӨТТІ

Жуырда білім ордамыздың 

факультеттері 

арасында 

кіші  футбол  спорт  ойыны-

нан  жарыс  өтті.  Жарысқа 

мәдениет және өнер, қаржы-

экономика,  жаратылыстану-

техникалық,  гуманитарлық, 

заң, 

физика-математика, 



педагогика  және  психоло-

гия  факультеттері  қатысты. 

Әр  топтан  жиырма  ойын-

шы,  барлығы  сайысқа  140 

білімгер  түсті.  Командалар 

екіге бөлініп, ойын айналым  

бойынша  өрбіді.  Жартылай 

финалға  өткендер  қарама-

қайшы  кездесу  ойындары 

арқылы  ақтық  ойынға  жол-

дама  алды.  Ойын  қорытындысы  бойынша 

ерлерден  құралған  командалар  арасында 

I  орынды  физика-метематика  факультеті, 

II орынды мәдениет және өнер факультеті, 

III  орынды  қаржы-экономика  факультеті 

иеленді.  Ал  қыздар  арасындағы  сайыста  I 

орынға гуманитарлық факультеті, II орынға  

ФУТБОЛЬНАЯ КОМАНДА 

ЖГУ- В ФИНАЛЕ

Команда    футболистов  Жетису-

ского университета «Жетису бары-

сы»  в  результате  упорной  борьбы 

во время игр нациоанальной студен-

ческой лиги сезона Весна-Осень-2015 

одержала  ряд  побед  и  вышла  в  фи-

нал, заняв 2-место.

Лучшие  игроки  команды  Каражанов 

Арман  Тынышулы  (капитан    универси-

тетский  футбольной  команды),  Балта-

беков Асхат Кайратбекович за сезон за-

били в  ворота противников по 10 голов. 

А на счету лучшего бомбардира сезона 

Алишера  Бахытулы  Есимханова  19  за-

битых  голов.  Благодаря  усилиям  и  ма-

стерсту этих спортсменов, команда ЖГУ 

оправдала  надежду  своих  болельщиков 

и сумела занять достойное место в фут-

больных баталиях нынешнего сезона.

Внесли  свою  лепту  в  достижение  ко-

мандой таких результатов также футбо-

листы-  члены  университетской  команды 

Дышкант Николай Вадимович (ФКИ .ФКТ 

511)    Коновалов  Николай  Сергеевич 

(ФКИ,  ФКР  511)  и  другие.  О  растущем 

мастерстве  футболистов  ЖГУ  говорит 

тот факт, что они в нелегкой борьбе по-

бедили  команду  Казахского  националь-

ного    университета    имени  Аль-Фараби 

со счетом (3/2). Футболистов Казахского 

национального  педагогического  универ-

ситета  имени  Абая  (13/1),  Казахского 

национального  университета  имени  К.И 

Сатпаева (6/2), университета имени Су-

лейман    Димереля  (11/0).  Руководитель 

команды  Берик    Амантаевич  и  тренер 

Баймуханбетов Ербол  Айтбекович твер-

до уверены в том, что команда футболи-

стов  этого  высшего  учебного  заведения 

не подведет своих учителей и болельщи-

ков  во  время  еще  более  ответственних 

матчев,  которые  состояться  в  финаль-

ных играх.

А.БИТЛЕУОВ,

председатель спортклуба.

Жақын жанашырымыз

физика-математика  факультеті,  III  орынға 

жаратылыстану-техникалық    факультеті 

қол жеткізді.                      

Мұрат АЛИЕВ,

                  оқытушы

магистр.

"Қауіпсіз жол" акциясы басталды

Республикалық "Қауіпсіз жол"  акциясы басталды. Осыған 

орай  жол  сақшылары  мен  жастар  саясаты  басқармасы 

бірлесіп  "Көріне біл" атты флешмоб ұйымдастырды. 

  Талдықорған  жастары    жаяу  жүрушілері  көп    көшелерде  шоу  қойды.  

Шараның  мақсаты  түнгі  уақытта  көшелерде  абай  болуға  шақыру.  Себебі 

соңғы  10  ай  ішінде  Алматы  облысы  бойынша  500-  ден  астам  жол  апа-

ты  тіркелген.  Ұйымдастырушылардың  айтуынша,  осындай  шаралар  көлік 

қақтығыстарының азайуына септігін тигізеді. Бұл акция он бесінші қарашада 

аяқталады. 

Алматы  облыстық  ішкі  істер  департаменті,  әкімшілік  полиция 

басқармасының  аға  инспекторы  Айжан  Жұмағұлованың  айтуынша,  жаяу 

жүргіншілерге  өз    қауіпсіздігі  үшін  жарық  шығаратын  заттарды  киімдерінде, 

сөмкелерінде  қолданса жақсы болар еді деп ескертті. Бұл акция сондай-ақ, 

көлік  жүргізушілеріне  де  арналады.  Өйткені,  ауа  райына  байланысты  жаяу 

жүретіндерді ертерек көріп, тоқтаулары керек, - деп ойын ортаға салды.

Достықта шекара жоқ

Талдықорғанда  өткен  Татар  жазушыларымен  жергілікті 

қаламгерлердің кездесуі осылай аталды. 

Облыс орталығына Татарстан Жазушылар одағының төрағасы Рафис Қорбан 

және  осы  елдің  халық  ақыны  Роберт  Минулин    келді.  Бұл  шара  татар  -  қазақ 

ынтымақтастығы фестивалі аясында өтіп отыр. Сонымен қатар, еліміздің мәдениет 

қайраткерлері  Ғалым  Жайлыбай  мен  белгілі  ақын  Қасымхан  Бегмановтың  өлең 

жинақтары көпшілік назарына ұсынылды. 

ҚР  Жазушылар  одағы  төрағасының  бірінші  орынбасары  Ғалым  Жайлыбай  өз 

сөзінде былай деді: 

-  Бір-бірімізді  оқымасақ,  бір-бірімізді  іздемесек,  тарихымызды,  өткенімізді 

білмесек, әдебиетімізді білмесек онда күннен күнге алыстап, жағдайымыз қиындай 

берері сөзсіз. Негізгі мақсат байланысымызды жалғастыру татар халқымен ғана 

емес түркі дүниесімен тіпті адамзатпен байланысу,-деп атап көрсетті. 

 Жиынға Жетісу өңірінде тұрып жатқан татар диаспорасының өкілдері қатысты. 

Олар  жуырда  татар  және  қазақ  жазушыларының  бірігіп  құрастырған  "Татар 

әңгімелері" атты кітабымен  танысты.

І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университеті 

профессорлық-оқытушылар  құрамы  мен  білім  алушылары  ара-

сында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына арналған 

мақалалар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты:    Адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекеттің 

мүдделеріне қол сұғатын құқыққа қайшы іс-әрекеттердің алдын алу  ша-

ралары. Жемқорлыққа қатысты оқытушылар мен студенттердің пікірі.

Мақала мазмұны: Факультетте, бөлімдерде сыбайлас жемқорлықты 

болдырмау  үшін  қандай  іс  шараларды  қолға  алар  едіңіз?.    Егер 

жемқорлықтың  нышандары  орын  алып  жатса  онымен  қалай  күрес 

жүргізесіз?.  Білім  алушылардың  санасына  жемқорлықтың  жаман  әдет, 

қылмыс екенін қалай жеткізесіз?

ЕСКЕРТУ:  Мақала  облыстық,  қалалық  басылымдарда,    университет 

газетіне  жариялануы  тиіс.  Шыққан  материалдарды  Баспасөз  хатшысы 

119 каб.өткізесіздер.

Марапаттау рәсімі: 2016 жылдың наурыз айында өтеді.

Ең  үздік  мақала  бағалы  сыйлықпен  марапатталып,  республикалық 

БАҚ-та жарияланады.          

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ.


К 85-ЛЕТИЮ СО ДНЯ РОЖДЕНИЯ

Жетісу 


университеті

ДОСТОЯНИЕ НАЦИИ

четверг, 12 ноября,

2015 год

3

Мы строим новую жизнь

Почему программы накопительного стра-

хования сейчас стали актуальными?

Если  рассмотреть  нашу  жизнь  с  финан-

совой точки зрения ,  то она делится на три 

периода. Первый, когда мы живем за счет 

своих родителей - это детство.

Второй период, когда мы создаем семьи, 

зарабатываем. Именно здесь мы берем на 

себя обязательства по отношению к своим 

детям  и родителям. И должны подготовить 

себе резерв для третьего периода - пенсию.  

Сегодня  ситуация  такова,  что  каждый 

человек должен позаботиться о своей ста-

рости  сам.  Как  известно,  накопительное 

страхование жизни во всем мире является 

самым    популярным    страховым  продук-

том  как  для  людей,  так  и  для  экономики 

государства.  Главным  ключевым  преиму-

ществом  накопительного  страхования  для 

человека    является  получение  страховой 

защиты на время накопления.  Со стороны 

государства –это экономия на согласован-

ных выплатах , поскольку государство ком-

пенсирует  дефицит  государственных  соци-

альных  гарантий.  Сегодня  Национальный 

банк  РК  расширил  возможности  использо-

вания  страхования  жизни  при  получении 

других  видов  финансовых  услуг  -  это    ис-

пользование  полиса  накопительного  стра-

хования, как предмет залога, в том числе в 

рамках ипотечного кредитования.

Изучая рынок страхования в Канаде, Ки-

тае, Индии и других странах, начинаешь по-

нимать демографические, экономические и 

культурные факторы в каждой стране. 

Многие  задаются  вопросом,  зачем  ко-

пить?  Я  лучше  потрачу  деньги  сегодня 

.  Сегодня  стоит  вопрос  о  том  ,  что  не  все 

граждане  будут  получать  пенсию.  И  люди 

говорят:       «Меня прокормят дети». 

Другими словами, вам было бы комфор-

тнее   в будущем, когда вы состаритесь, все 

свои невзгоды переложить на плечи своих 

собственных    детей,  верно?  Или  все-таки 

было бы приятнее дарить подарки внукам 

и быть абсолютно независимыми, если вы 

заранее подготовите себе стартовый капи-

тал к пенсии?

Каким  образом  кормилец  семьи  может 

позаботиться о своей семье?

Путем  создания  резервного  капитала  и 

социальной защиты от непредвиденных об-

стоятельств в жизни. 

Если  сегодня  государство  подготови-

ло  нам  такие  замечательные  социальные 

программы,  значит,  это  неспроста.  Из  по-

становления  правительства  РК  №  886  от 

27.07.2001  года:    "  ...Система  социальной 

защиты  должна  стимулировать  индивиду-

альную  ответственность  каждого  гражда-

нина, а не зависимость от государства. Все  

трудоспособные  граждане  должны  стре-

миться быть ответственными за свое буду-

щее и благосостояние своих семей".   Нам 

говорят: « Каждый трудоспособный гражда-

нин должен создать свое будущее матери-

альное благосостояние уже сегодня». Госу-

дарство перекладывает ответственность в 

решении этой задачи на каждого человека. 

У каждого человека есть свои мечты и пла-

ны  на  будущее:  купить  квартиру,  дать  ка-

чественное    образование  детям,  сыграть 

свадьбу,  обеспечить себе пенсию, посмо-

треть    мир.  И  все  это  можно  решить  уже 

сегодня, пока мы молоды, трудоспособны,  

ведь  мы  же  умеем  зарабатывать  деньги, 

так  почему  бы  взять  и  какую-то  часть  со-

хранить, а главное - преумножить.

400  тенге  в  день  –  это  очень  большие 

деньги,  чтобы  пойти  и  с  легкостью  потра-

тить?    А  Вы  когда-нибудь  задумывались, 

сколько это будет в год? 

 150 000 тенге. Это уже серьезная сумма.   

И  эти деньги можно просто закинуть 

в копилку  и затем открыть счет для 

себя и для своих детей. Почему мы 

говорим о накоплениях?  Все ли зна-

ют, что 1998 год — год Пенсионной 

реформы  в  Казахстане?  Этот  год 

многое изменил в нашей жизни и на-

шем  сознании.  Те,  кто  успел  нара-

ботать  стаж  на  1  января  1998  года 

женщины - 20 лет,  мужчины - 25 лет, 

те будут получать полную гос. соли-

дарную пенсию. И многие радуются, 

что  они  туда  попали.  Но  ведь  есть 

более  молодое  поколение,  которое 

этот стаж не успело заработать и у 

него будет только базовая пенсия от 

государства.  С  первого  января  она 

равняется 11182 тенге. Скажите, что 

можно сделать на эти деньги?  Даже 

комуслуги в полном объеме мы не сможем 

оплатить.  Как  вы считаете, должны ли мы 

объяснить  это нашим детям, что у них уже 

не будет пенсии, как она есть у нас,  их ро-

дителей?  Чем раньше мы об этом задума-

емся, тем будет это дешевле для всех нас.  

Второй шаг –  мы делаем накопления в ПФ.  

С  1  июля  2017  года  базовая  пенсия  в  Ка-

захстане будет назначаться в зависимости 

от стажа участия в пенсионной системе, то 

есть необходимо минимально откладывать 

деньги в ПФ не менее 10 лет и при этом не 

по  минималке,  как  это  привыкли  делать 

предприниматели.  Те,  которые  выйдут  на 

пенсию до 2043 года, должны иметь стаж 35 

лет  плюс  отчисления  в  пенсионный  фонд.  

Поначалу  многие  из  нас  не  хотели  прини-

мать  действительность.  Надеялись  на  то, 

что со временем все изменится, и мы вновь 

вернемся к тому, что пенсию будет платить 

государство.  Что  государство  вновь  будет 

заботиться  о  нас,  о  наших  детях  и  наших 

родителях.  Время  идет,  и  как  показывает 

жизнь — обратной дороги нет. Не будет го-

сударство  платить  нам  достойную  пенсию. 

Не потому, что оно такое плохое, а потому, 

что нет у государства таких возможностей. 

Подумайте сами — в 30-50 -х годах прошло-

го века на 1-го пенсионера приходилось око-

ло 5-и работающих. Сейчас — чуть больше 

1-го  работающего,    т.  е  нам    уже  сегодня 

необходимо  платить налоги 50 % от своих 

доходов. Кто к этому готов?  

Каждый  человек  может  сегодня  открыть 

себе программу пожизненного пенсионного 

аннуитета. И сколько бы вы ни жили,  еже-

месячно у вас будет достойная пенсия. 

 Какая? 


- Это зависит от вас. 

В связи с планом мероприятий по реали-

зации государственной программы  повыше-

ния  инвестиционной    культуры  и  финансо-

вой  грамотности  населения  РК  проводится 

обучение во всех учебных заведениях.  Се-

годня  есть  специалисты  агентства  финан-

совых  услуг  FI,  которые  рассчитают  для 

каждого  отдельного  клиента  ЛФП (личный 

финансовый план).  

1. 

У вас есть дети и Вы готовы дать 



им  достойное  образование  в  ВУЗе?    Для 

Вас есть программа на « Образование» ре-

бенка. 

2. 


У Вас  есть дети  и хотите Вы этого 

или не хотите, но наши дети растут, и рано 

или поздно они придут к Вам и скажут, я вы-

хожу замуж (женюсь). Шок? Где брать день-

ги? Кредит? Не выход.  У нас есть програм-

мы «Свадебные». 

3. 

Мы с каждым годом  идем к тому 



самому возрасту, когда наступит наша пен-

сия. И вот какой она будет, зависит  только 

от нас. Или мы будем отдыхать на пляже за 

границей, или оплатив комуслуги  от своей 

пенсии,  считать копейки до следующего ме-

сяца. 


Какие плюсы в этих программах?  

*  Долгосрочное  накопление  со  100%  га-

рантией,  с  перестрахованием  вкладов,  и 

под защитой государства в нац банке. 

* Гарантированное обучение наших детей 

в ВУЗАх,  плюс социальная защита.

* Пожизненная пенсия.

* Финансовая защита семьи. 

* Тайна вклада.

* Не подлежат конфискации.

* Защита от инфляции. 

* Льготное налогообложение.

*Дополнительный  социальный  пакет. 

Оплачивается  по Н/С травмы, больничный 

лист,  госпитализация,  инвалидность,  уход 

из жизни.  



Каталог: uploads -> files -> 2015-11
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 ф-пр-02 2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2015-11 -> Әож 376 арнайы мектепте бастауыш сынып оқушыларының жазбаша байланыстырып сөйлеу ерекшеліктері
2015-11 -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
2015-11 -> Бекітілдіутвержден
2015-11 -> Әож 372. 851 Үлгермейтін оқушылардың пайда болу себептері
2015-11 -> ӘОЖ: 811. 512. 122ˈ 373. 22: 58 Қазақстан аумағындағЫ Өсімдіктің КҮрделі атауларын мағынасына қарай топтау
2015-11 -> ӘОҚ 581. 1 (075. 8) ХалықТЫҚ педагогика элементтерін биология пәнін оқыту үрдісінде пайдалану
2015-11 -> Бекітілді утвержден

жүктеу 0.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет