2017 жыл №67 (8088) Газет 1933 жылы


ОБЪЯВЛЕНИЕ! ЖАН ДОСЫМЫЗ ЖАПЕКОВ ТЕҢЛІКБАЙДЫҢ РУХЫНА!



жүктеу 304.44 Kb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі304.44 Kb.
1   2   3

ОБЪЯВЛЕНИЕ!

ЖАН ДОСЫМЫЗ ЖАПЕКОВ ТЕҢЛІКБАЙДЫҢ РУХЫНА!

Біздің аяулы досымыз, тай-құлындай тебісіп бірге өскен құрдасымыз Жапеков Теңлікбай 

Бижанұлы 11 наурыз 1969 жылы өмірге келген еді. Орта мектептен соң шаруашылықта озат 

механизатор болып, өмірінің соңына дейін аудандық су шаруашылығы мекемесінде еңбек 

етті. Жазмышқа не шара, осы жылдың 10 тамызы күні қайырымсыз ажал ақжарқын досы-

мызды арамыздан алып кетті.

Жан досымыз Теңлікбайым – Тәпәнім,

Қайғымызды қалай тежеп басамын.

Түс көргендей арамыздан кеттің-ау,

Мекен етіп мәңгіліктің жатағын.

Үлкен үй ед сенің алтын босағаң,

Азамат ең әулет қамын жасаған.

Арашалай алмадық-ау шарқ ұрып,

Сұм ажалдың құрығынан тақаған.

Амал қанша, тағдыр жазса көнеміз,

Ізің өшпейді, оған кәміл сенеміз.

Сен бақұл бол, замандастар ішінде,

Жүзі жарқын кең пейілді төреміз.

Қадірлі  досымыз  Теңлікбай  (Тәпан)  Жапековтың  40  күндік  асына  шақырамыз.  Ас  16 

қыркүйекте Жайылма ауылында беріледі.



Еске алушылар: 1968-1969  жылғы достары.

ЕСКЕ АЛЫП, АСҚА ШАҚЫРУ

Біздің қадірлі де, ардақты әкеміз Жолан Тұрысбаев 1948 жылы 12 қыркүйекте өмірге 

келген.  «Красная  звезда»  кеңшарындағы  №52  орта  мектебін  бітірген  соң  Кеңес  арми-

ясы  қатарында  әскери  борышын  өтеп  оралды.  1970  жылы  Қазақтың  Еңбек  Қызыл  Ту 

орденді  ауылшаруашылығы  институтының  «Ауыл  шаруашылығын  механикаландыру» 

факультетінде  оқыды.  Еңбек  жолын  аудан  орталығындағы  №187  кәсіптік  техникалық 

училищесінде  мұғалімдіктен  бастады.  Одан  әрі  ауылда  машина-трактор  шеберхана-

сында  меңгеруші,  1974  жылдан  1990  жылға  дейін  аудандық  арнайы  шаруашылық 

бірлестігінде,  «Красная  звезда»  совхозында  партком  хатшысы,  сол  совхоздың  дирек-

торы,  өндіріс  жөніндегі  орынбасары,  «Сүттіқұдық  шағын  кәсіпорнының»  директоры 

қызметтерін атқарды. 1997-2004 жылы «Тұрар» шаруа қожалығының төрағасы, 2004-2012 

жылдары «Сүттіқұдық» ауылдық округі әкімі, 2012 жылдан бастап өмірінің соңына дейін 

«Жаңақорған көмек» қоғамдық қорының атқарушы директоры болып қызмет жасады.

Анамыз Гүлнәзи екеуі 5 перзент өсіріп, жетілдірді. Қазірде барлығымыз да түрлі сала-

да абыройлы еңбек етіп жатырмыз.

Әкеміздің тұла бойы тұнған кеңпейіл қасиеті, турашыл мінезі, қолынан келсе айна-

ласына  жақсылық  жасауға  дайын  тұратын  ізгі  ұстанымдары,  ағайын-туыс,  жолдас-дос 

арттырған ақжарқын келбеті біздің көңілімізге жарқын сәулесін түсіріп, оның салған ізінен 

адаспай, ұлы мұратына адалдық танытуға тырысып келеміз. Өмір заңы қатал екен, қапыда 

айрылған қымбаттымыздың алдында өтелмеген перзенттік борышымызға әке өсиетіне де-

ген адалдығымызбен жауап берсек дейміз.

Өмірден өтті, Алатау аға жаны ізгі,

Сағыныш жасы жанардан жасты тамызды.

Әруақты еске ап, рухына дұға бағыштау,

Соңында қалған ұрпақтарының бұл парызы.

Қадірлі әлеуметті әкеміз Тұрысбаев Жоланның осы жылдың 21 қыркүйек күні сағат 12,00-де Орталық мешіт асханасын-

да берілетін жылдық асына шақырамыз. Қонақасы 20-қыркүйек күні Қорасан Ата көшесі №197 үйде беріледі. Ниетімізге 

ортақ болыңыздар.



Еске алушылар: жұбайы Гүлнази, бауырлары, ұл-қыздары.

Диаметрі  он  метрден  астам  күннің 

макеті,  «Нұр  Әлемнің»  орталығы  іспетті 

әсер береді. Гелий мен сутегі элементтерінің 

қосылысынан түзілетін ішкі температурасы 

15  млн.  0С  күннің,  галактика  құрамында 

секундына  220  км  –  сағатына  шамамен 

800  мың  шақырым  жылдамдықпен  ұшып 

бара  жатуы  ойланған  адамды  бей-жай 

қалдырмайтыны  анық.  Күннен  қалмай 

оны  тұрақты  айналып  жүрген  жер 

планетасының  да  жылдамдығы  сағатына 

108 мың шақырым болса, айдың да асықпай, 

ұшақтың  жылдамдығындай  қозғалыспен 

тек бір бетімен ғана жерді айналып жүруі – 

физиканың заңына бағынбайтын, ғажайып 

тұрақты  қозғалыстар.  Қозғалыстағы  атом-

нан  бастап  планета,  жұлдыздарға  дейін 

пішіндері  сфера  болып  келеді.  Күннің 

осындай орасан зор жылдамдықпен ұшып 

бара  жатқанына  қарамастан,  жер  күнді 

айналғанда  атомдық  сағаттың  дәлдігімен 

бір секунд та кешікпей  шыққан орнына бір 

жылдан кейін қайтып келуде. 

Ғарыш 

кеңістігінің 



орталықтан 

сыртқа  қарай  кеңеюі  барлық  бағыттарда 

бірдей.  Жұлдыздармен  салыстырғанда 

нүктедей  ғана  болып  көрінетін  жер-

ге  айдың  аржағынан  суретке  түсіріп 

жүрген  ғарышкерлердің  материалдарын 

да  осы  көрмеден  көруге  болады.  Астро-

навт  Майкл  Коллинздің:  «Жерге  қарай 

көз  салған  сәттегі  ең  маңызды  сезім,  О 

Құдайым,  бұл  кішкентай  ғана  дүние  осы 

тұстан  сондай  нәзік  болып  көрінеді  екен» 

деп,Жаратушыға бас июі де, ғарышкерлер 

түйінсөздерінің қатарында ілулі тұр. Отан-

дасымыз  ғарышкер  Айдын  Айымбетовтің: 

«Бір  жағынан  жер,  екінші  жағынан  үлкен 

ғарыш кеңістігі. Адамдар ойлап тапқан жа-

санды шекара жоқ ғажайып қашықтықтар» 

деген анықтамасы көп нәрсені аңғартады. 

Павильонда  айда  келешекте  жүретін 

лунаходтың  және  адам  тұрақтайтын 

станса-үйлердің 

жобалары, 

диорама-

сы  жақсы  көрсетілген.  Айда  аздау  бол-

са  да  гравитациялық  тартылыс  күші 

болғандықтан,  ғарыш  стансасынан  гөрі 

айдағы  станса-үйде  тұру  қолайлылау.  Де-

генмен  станса-үйдің  сыртында  скафан-

дрсыз  жүре  алмайсың,  ауа  мен  суды 

жерден  алып  баруың  керек.  Келешек-

те  ғарышкерлердің Марс планетасына ба-

рып қонуы жоспарланған, бірақ, Шолпанға 

адамның  қонуының  мән  маңызы  жоқ, 

себебі  онда  күкіртті  улы  газ  бар  әрі  өте 

ыстық. 

Ғарыш әлемі өте кең. Мысалы, жерге ең 



жақын  орналасқан  Центавр  атты  жұлдыз 

жерден  40  триллион  шақырымнан  астам 

қашықтықта  орналасқан.  Секундына  12 

шақырым жылдампен ұшатын ғарыш кемесі 

оған  жетуі  үшін  100  мың  жылдайуақыт 

жібереді.  Сол  себепті,  барып-келу  мүмкін 

болмағандықтан,  аспандағы  жұлдыздарға 

тек  тамашалап  қана  қарап  қою  керек. 

Рахаттың бәрі жерде,сондықтан біздің бұл 

өмірдегі  тұрағымыз  жер  планетасындағы 

экологияны  сақтап,  табиғатты  аялау  –  әр 

адамның міндеті.

Көрмеде  қойылған  құрылғылар,  экс-

позиялар  студенттермен  ғалымдар  үшін 

келешекте  де  көрнекті  құрал,  зертха-

на  есебінде  қызмет  атқаратын  бола-

ды.  ЭКСПО-ның  тақырыбы  энергия  тура-

лы  болуы,  өзге  елдермен  салыстырғанда 

жастарымыздың  ғалам  туралы  ой-өрісінің 

жоғары  болуына  жол  ашады.  Өскелең 

ұрпақтың  таным  мүмкіншілігінің  мол  бо-

луы  үшін,  мемлекетіміздің  болашаққа  жа-

сап  отырған  баға  жетпес  зор  мүмкіндігі 

деп  түсінген  жөн.  Қазақстан  павильоны 

–  рухани  жаңғыру  заманында  жастардың 

ғылымға деген ізденісін, бәсекелік қабілетін 

арттыруға жасалған ғажайып көрнекті ке-

шен.


Аманкелді ЕСЕЙ, 

инженер-технолог, Республикалық 

қайырымдылық мекемелер қауымдастығы

«Жібек жолы» ассоциациясы 

төрағасының орынбасары.

«НҰР ӘЛЕМ» 

ЖӘНЕ 

ҒАРЫШ


(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Бозкілем  төрінде  өнер  көрсеткен  Жаңақорғанның 

білекті  балуандары  ел  біріншілігінде  бес  алтын  және 

үш  күмісті  еншіледі.  Бір  айта  кетерлігі  Түгіскен  спорт 

мектебінен  тәлім  алып  жүрген  жасөспірімдер  кейінгі 

кезде аудан абыройын асқақтатып жүр.

Сонымен, 60 келіде белдесуге шыққан Мұхамедхан 

Сағындық  барлық  қарсыластарының  жауырынын 

жер  иіскетсе,  Нұрсұлтан  Өтепбергенұлы  да  (65  келі) 

тұғырдың биігінен көрінді. Сондай-ақ, 71 келіде облыс 

намысын қорғаған Наурызбек Мамыт кілемде кім мықты 

екенін көрсете білді. Ал, Мереке Құдайбергенова сын-

ды  сақа  бұрымды  балуанның  ізінен  еріп  келе  жатқан 

Аида  Қален  (44  келі)  мен  Жұлдыз  Жұмахан  (70  келі) 

Қазақстан чемпионы атанды. 

–  Әрине,  жарыстың  республикалық  деңгейде 

өтіп  жатқанын  ескерсек,  біріншілік  оңайға  соқпады. 

Қыр-сырын  танып  білмейтін  кіл  мықтылар  бас  қосқан 

аламанға  мен  де  жоғары  дайындықпен  келген  едім. 

Бапкерлердің берген тапсырмаларын ойдағыдай орын-

дап шықтым. Арманым әлемдік ареналарда ел абырой-

ын асқақтату, – деді жарыс жеңімпазы Аида. Ал, Айбер-

ген Алдаберген, Диана Ғайбулла мен Нұрбану Убайдул-

ла  күмісті еншіледі.

– Нәтиже көңіл қуантады. Жоспар орындалды, ендігі 

мақсат желтоқсан айында Ташкентте өтетін Әлем чем-

пионатында  осы  көрсеткішті  қайталай  алу.  Қазірдің 

өзінде қыздар мен жігіттер сақадай сай тұр десек бола-

ды, – деді білікті бапкер Әбдісаттар Садықов.

Әлібек ТЕМІРБЕК.

СЫР БАЛУАНДАРЫ 

ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА БЕЛ-

БЕУ КҮРЕСІНЕН 2000-2001 

ЖЫЛДАРЫ ТУЫЛҒАН 

ЖАСӨСПІРІМ ҰЛДАР 

МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫН-

ДА ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНА-

ТЫНДА СЫРДЫҢ БАЛҒЫН 

БАЛУАНДАРЫ ТОП ЖАР-

ДЫ. ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ 

ЕСЕПТЕ ҮЗДІК ШЫҚҚАН 

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 

САҢЛАҚТАР 8 АЛ-

ТЫН, 7 КҮМІС, 6 ҚОЛА 

ЖҮЛДЕНІ ҚОРЖЫНҒА 

САЛДЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ 

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАРДЫҢ 

ҮЛЕСІ ЗОР.



Меншік иесі:

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Бас директор



Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Жаңақорған аудандық

«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы

Бас редактор



Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

Телефондар:



Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -21-4-35

Бас редактордың орынбасары -21-9-71

Жауапты хатшы -79-1-35

Тілшілер -22-2-44

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде 

19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.

«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009

«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді 

және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті 

көзқарасын білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4 А. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы 

бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-

на хабарласуға болады.



       

        Таралымы 6666             Тапсырыс № 1111

Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru



СЫР

МЕДИА

№67 (8088) 5 ҚЫРКҮЙЕК, 2017- СЕЙСЕНБІ

http://zhanaqorgan-tynysy.kz

4

Жаңақорған 

            тынысы



1

бет

Нөмірдің кезекші редакторы Айсұлу АЛДАНАЗАР.

– Шыны керек, биыл дала диқандарының шаруасы ширақ. Ме-

кеме  жұмысында  ілгерілеу  бар.  Ең  бастысы  ауыл  тұрғындарын 

жұмыспен қамтуда. Бұл жұмыссыздықты шешудің, яғни «Нәтижелі 

жұмыспен қамту» бағдарламасын іске асыруда керемет мүмкіндік 

болып  отыр.  Бұл  бір.  Екіншіден,  трансформатор  іске  қосылғалы 

ауыл жарықтан қиындық көрмейтін болды. Тоқ күші тіпті 10 мың 

адамға дейін қызмет көрсете алады. Ал, қазір біздің ауылда небәрі 

3600 тұрғын бар. Демек, бұл мәселеде біздің ұтарымыз көп, – деді 

ауыл әкімі. 

Сонымен, жүйіткіген көлік зауыт ауласына келіп тоқтады. Бізді 

күтіп  алған  «Тату-Агро»  шаруа  қожалығының  төрағасы  Әділхан 

Асқаров іске көшпес бұрын қызанақтың дәмін татуды ұсынды. Иә, 

өнімнің сапасы жоғары, дәмі керемет.

– Биыл 200 гектарға қызанақ дәнін сепкен болатынбыз. Әзірге 

еңбек  еш  кетіп  жатқан  жоқ.  Тамшылатып  суару  әдісімен  суары-

лып  жатқан  голландиялық  қызанақтың  сапасы  да  сын  көтереді. 

Қазірдің өзінде Шымкент қаласына 30 тонна қызанақ жөнелттік. 

Келісім  бойынша  Оңтүстік  өңірдегі  арнайы  цехқа  барлық  өнімді 

өткізу  жоспарланған,  –  деп  сөз  бастады  шаруашылық  басшысы. 

Иә,  биыл  200  гектар  аумақ  тәжірибе  есебінде  егілген  екен.  Ал, 

негізгі мақсат зауыт жұмысын жандандыру болмақ. Оған «Зерде 

Строй» мекемесі қатты көңіл бөліп отыр екен, себебі алдағы меже 

ауқымды.  

–  Инвестор  компания  алдымен  ішкі  инфрақұрылымына 

300  млн.  аса  қаржы  жұмсап,  биылғы  жоспарды  орындады.  Ке-

лер  жылы  толықтай  жерге  еңбек  ететін  болады.  Мақсат  айқын, 

болашаққа жоспар мың гектардан таза өнім алып, томат өндіретін 

зауытты іске қосу. Қауқарымыз жетеді, жер құнарлы, оған Укра-

инадан келіп зерделеп жүрген мамандар да көз жеткізіп отыр. Су 

мәселесі де шешімін тауып отыр. Сондай-ақ, экспорттау жайы да 

жоспарда бар. Бұл алдағы уақыттың еншісінде. Негізгі мақсат за-

уытты толықтай қызметке қосып, отандық өнімді арттыруды биыл 

жүзеге асыру. Мүмкіндік болса лаборатория ашу да жоспарда бар, 

– деді Әділхан Мұханұлы.  

Ала  жаздай  ауылдық  ағайынға  азық  болған  дала  егісіне 

бесарықтық тұрғындар мен көрші ауылдардан және өзге өңірден 

150-ге  тарта  жұмысшы  тартылыпты.  Науқандық  уақытта,  яғни 

дән  себіліп,  оған  күтімге  осынша  дала  еңбеккерлері  білек  сыба-

на кіріскен. Нәпақасын жерден тауып жүрген жандарға түскі асы 

мен жатар орны шешілген. Отбасындағы адам санына шектеу жоқ. 

Олар жалдамалы жұмысшы топ. Ал, қазір мекемеде 34 қызметкер 

тұрақты  жұмыспен  қамтылып  отыр  екен.  Айлығы  тұрақты  дейді 

басшылық. Сондай-ақ, 10 техника, үш трактор екі соқа мен үш дәрі 

себетін көлік пен комбинат қазір қызмет үстінде. 

– Биыл алғаш рет осында еңбек етіп келемін. Маусым баста-

лысымен  екі  баламмен  егіннің  басында  болдық.  Қос  ұлым  мек-

теп оқушысы болғандықтан оқуға киімі мен керек жарағын осын-

да еңбек етіп тапты. Өзім енді тұрақты жұмысқа орналасып жа-

тырмын. Сондықтан мекеме басшылығына алғыс айтамын, – деді 

аспазшы, көп балалы ана Гүлсара Құлбабаева. Осы орайда ауыл 

басшысы Жұмыспен қамту орталығы арқылы қызметке орналасу 

жайын түсіндірді. Оның тиімділігі, бірінші мемлекеттік қызметкер 

есебінде  әрбір  қызметкерге  зейнетақы  қоры  жүреді,  екіншіден, 

міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыруға  уақытылы  төлем 

төленеді. 

Түйіндей  айтқанда,  «елде  болса  ерінге  тиеді»  демекші,  бұл 

зауыттың  келешегінің  кемел  болуы  елдің  әлеуетін  арттырып, 

экономикалық өсімнің жоғарылануына сеп болары сөзсіз. Сонымен 

қатар, Елбасының тапсырмасына сай отандық өнімнің санын арт-

тырып, «Made in Kazakhstan» брендін шет елге тасымалдау жайы 

да шешілмек. Ең бастысы адал еңбек еш қалдырмайды.



Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ,

Жаңақорған-Бесарық-Жаңақорған.

МЕНІҢ 

ДИРЕКТОРЫМ



Аудан  орталығындағы  еліміз  егемендік  алғанға  дейін  «Октябрьдің  40 

жылдығы  атындағы  мектеп  болып  аталып  келген  №163  мектебін  отыз  жыл 

басқарған Сапарбаев Сәдірбай ағай осындай жан болатын. Мен де осы кісінің 

мектебі №163-тің түлегімін. Менің директорым деп меншіктеп отырғанымның 

мәнісі сол.

Сапарбаев  Сәдірбай  1926  жылдың  26  желтоқсанында  «Ынтымақ»  колхо-

зында  дүниеге  келді.  1935-1942  жылдары  «Ынтымақ»  жеті  жылдық  мектебін 

тәмамдап, шаруашылықта түрлі жұмыстар атқарды. Соғыстан кейінгі елдің енді 

еңсе  көтере  бастаған  ауыр  кезеңдерін  балаң  иығымен  көтеріп,  ата-анасына 

қолқанат бола білді.

Ол  1946  жылдың  қыркүйегінен  бастап  екі  жыл  «Талдысу»  бастауыш 

мектебіне мұғалім болып, бала оқытады. Одан әрі Түркістандағы педучилище-

де оқып, оны үздік тәмамдайды. Білімін жалғастыру үшін Н.В.Гоголь атындағы 

педагогикалық институттың қазақ тілі, әдебиеті бөлімін 1954 жылы үздік ди-

пломмен  бітіріп  шығады.  Еңбек  жолын  №51  «ВЛКСМ-ның  30  жылдығы» 

атындағы орта мектепте мұғалім болып бастайды. Одан әрі №161 «Ынтымақ» 

орта мектебінде оқу ісі жөніндегі меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ал 1956 

жылы  аудан  орталығында  алғаш  өзі  қазығын  қадап,  жұртшылықтың  жұмыла 

күш салуымен асарлатып мектеп үйін тұрғызады. Үш айда мектеп бала оқытуға 

толық дайын болып, оның алғашқы директоры болып тағайындалды. Осы білім 

ошағын 1956 жылдан 1986 жылға дейін отыз жыл өзі басқарды.

Ол кісінің сұсының өзі мектепке айбар дарытып тұратыны сондай, дәліздің ана 

шетінен қарасын көзіміз шалып қалса бітті, қыбыр етпей, қашан қасымыздан өтіп 

кеткенше қалт тұра қалатынбыз. Жақындаған сәтте сәлем беретінбіз. Ол кісінің 

біздің сәлемімізге жауап беретіні, не бермейтіні есімде жоқ, әйтеуір қаһарына 

ілікпей  абыройды  сақтауды  мұғалім  де,  шәкірт  те  бір  міндет  санағанымызды 

ұмытпаймын.  Жас  өскін  тәрбиесі  сынды  атан  түйе  тарта  алмас  таудай  жүкті 

арқалау үшін күш-жігердің қайраты ғана емес, мінездің айбаты да керек шығар, 

бәлкім, әйтпесе ауа жайылып, тәртіп тізгіні де босаңсып кетеді ғой. Оның үстіне 

әрбір  шегесіне  дейін  қолынан  өтіп,  көңіліне  орныққан  қараорынның  қадірін 

басқалардан  гөрі  өзі  артық  бағалап, басынан құс ұшырмайтыны сондай, ескі 

еденінің  сықырын  білдірмей  аяқтың  ұшымен  абайлап  басып,  мектептің  әрбір 

мүлкін аялап тұтынуға әдеттенген едік. Сабақтан негізсіз қалу, кешігу дегенді 

ойға да алмай-ақ қой. Сабақ басталғанша шәкірттерді дәліздің қақ ортасында 

Сапарбаевтың өзі көзімен түгендеп тұратын. 

Әркімнің өз басқару стилі бар. Бұл кісінің бұлжымас ұстанымы – қаталдық 

болған  тәрізді.  Қаталдық  болғанда  қамқорлықтан  туындаған,  осылар  дұрыс 

адам  болып  жетілсе,  жолдан  жаңылмаса  деген  жанашыр  пейілден  туған 

қаталдық  болса  керек.  Ал  бала  мүддесін  қорғауға  келгенде  ол  кісіден  асқан 

патриот жоқ. Оқушының қалтасын қағу, ақша жинау дегенге түбірімен қарсы 

болған адам. Оныншыны бітірерде мектебімізге, ұстазымызға сыйлық алайық 

деп талпынып, 5 сомнан ба, 3 сомнан ба жинамаймыз ба, соны да директоры-

мыздан қорқып, табыстай алмадық қой. Ол мұндай әдетті мектептің маңайына 

да жуытпады.

Ол  1982  жылы  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің  кезекті  шақырылымына  де-

путат болып сайланған Әзия Қыстаубаеваның бастандыруымен қолға алынған 

орталықтағы  №163  орта  мектеп  ғимаратының  құрылысына  бастан-аяқ    өзі 

қадағалау жасады. Қызылорда қаласынан тасымалданған құрылыс материалда-

рына өзі бас-көз болып, екі ортада  шабылумен жарғақ құлағы жастыққа тимеді. 

Мектеп құрылысын жүргізген сол кездері Сәулебек Дүйсебеков басқарған ПМК-

3  мекемесінің  сыңғырлаған  білім  ордасын  «әке-көкелеп»  жүріп,  Сәкеңе  әзір 

қабылдатқаны әлі есте. Талапшыл да, ымырашылдыққа жаны қас принципшіл 

тұлға кәсіби деңгейінің жеткенінше жауапкершілігіне алған елдің игілігіне ине-

дей де кінарат келтірмеуге тырысып бақты. Мамандығы құрылысшы емес, қапы 

қалған тұстары да болған шығар, бірақ әңгіме ниетте ғой...

Сәдірбай  ағай  1986  жылы  облыстық  дәрежедегі  дербес  зейнеткерлікке 

шықты.  Осы  жылы  Жаңақорған  қоныстық  Кеңесіне  депутат  болып  сайлан-

ды.  Ауданда  мәдени-ағарту  саласы  тұрақты  комиссиясының  төрағасы  болып, 

қоғамдық жұмыстан қол үзбеді. Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің 

меңгерушісі, ал 1988 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық білім бөлімінде 

әдіскерлік қызмет атқара жүріп, аудан мектептерінде оқу процесін замана тала-

бымен ұштастыра жаңашылдыққа жетелеуде тынбай тер төкті. Қатал қағидаға 

негізделген  төл  ұстанымның  тізгінін  бұл  жерде  де  бос  жіберген  жоқ.  Мұның 

өзі жергілікті жердегі мектептердің етек-жеңін жинақы ұстап, темірдей тәртіпті 

сезінулеріне,  жұмыстарына  жауапкершілікпен  қарауына  дағдыландырды. 

Сөзіміз жалаң болмасын, бір оқиғаны баяндай кетейікші. 90-жылдардан бергі 

уақыт  болатын,  аудандағы  маңдайалды  мектебімізде  ұлттық  тәрбие  жөнінде 

облыстық семинар ұйымдастырылды. Біздің бір нәрсені жаңадан қолға алсақ, 

науқаншылыққа  айналдырып,  алаулатып-жалаулатып  жіберетініміз  бар  ғой. 

Соның  кері.  Байырғы  өзі  басқарған  мектепке  Сәдірбай  ағай  да  келді.  Газеттен 

тілші  ретінде  қатысып  отырдық.  Шараға  байланысты  атшаптырым  бөлмені  ба-

рынша жайнатып, жасандырып қойыпты. Қызыл-жасыл ою-өрнекпен көмкерілген 

ұлттық  бұйымдарымыз  –  жүкаяқ,  сандықтарымызға  дейін  сән  түзеп  тұр.  Зоя 

апамыздың  тапсырмасының  тап-тұйнақтай  атқарылғаны  сондай,  есіңді  алып, 

әуесіңді келтіреді. Жиналғандар да кезекпе-кезек сөз алып, тақырып төңірегінде 

ой-пікірлерін ортаға салып жатыр. Сол кездегі аудандық білім бөлімінің әдіскері 

Сүлеймен Садыбай жиынды жүргізіп, бүгінгі тілмен айтқанда модераторлық етіп 

отырған.  Шараны  қорытындылау  үшін  аудандық  білім  бөлімі  әдіскері  Сәдірбай 

Сапарбаевқа  сөз  берілетінін  айта  келіп:  «Ал,  сөз  кезегі  өзіңізде,  Сәке,  Құдай 

сізге де, маған да абырой берсін», - деді. Сәкеңнің анау-мынау деп күлбіктелеп 

тұрмайтын, бетің бар, жүзің бар демей айтарын тіке айтып салатын мінезіне әбден 

әккі болған Сүлеймен Садыбаевтың бұл айтқанына іштей күліп алдық. Біздің ағай 

шынымен-ақ тікесінен тартты. Өз тәуелсіздігін алған елімізде жас ұрпақ тәрбиесін  

мүлде жаңа арнаға бұруда қандай алғышарттар қажет? Семинарда осы мәселені 

тұжырымдай алдық па, дей келе, дәстүрді жандандыру дегенде жан-жақтарыңды 

оюлап,  байдың  үйі  сияқты  бірдеңелерді  жинап  қою  міндет  пе,  түге,  жоқ,  олай 

емес, ұлттық тәрбиені жас өреннің жүрегіне орнықтыруымыз керек. Жүрегіне! Ол 

– ата-бабадан келе жатқан қасиетті қазынамыз – тіліміз, дініміз бен діліміз, үлгілі 

үрдіс, салт-дәстүрлеріміз. Біз өткеннің өнегесін, тәлім-тәрбиесін талғап, жақсысын 

жалғауымыз  керек.  Сонда  ғана  біз  өз  қазығымызды  табамыз.  Қадір-қасиетімізді 

қалпына  келтіреміз.  Осы  мақсатта  қайсың,  қандай  ұсыныс  айттың?  Түге,  маған 

соны  айтыңдаршы,  -  деп,  бәрі  тамаша,  бәріміз  жақсымыз  деп  жып-жылмағай 

тарқасқалы  отырған  шырайымызды  тас-талқан  етті.  Анығында,  шырылдаған 

шындықты  айтты.  Жылы  орнымды  суытпай,  ешкімнің  көңілін  жықпай,  «сен 

тимесең, мен тимен, бадырақ көз», деген енжарлыққа бейім тұратын көптің ара-

сында ақиқатты айта білер осындай дуалы ауыз ағалардың жүргені қандай жақсы. 

Бірдің  емес,  мыңның  қамы  үшін,  болашақ  үшін  басын  бәйгеге  тігер  елжанды 

тұлғалар болмаса қазақтың көсегесі көгерер ме? Қанша қатал болса да Сәдірбай 

ағаның есімі бізге осындай қырымен қымбат. Қадірлі.

ЕҢБЕК – ЕР АТАНДЫРАДЫ

Кісініңі тұлғалық болмысы, қадір-қасиеті отбасында қалыптасады. Қиындыққа 

қасқая қарсы тұрып, қайыспай көтере білер қаһармандық мінез әкесі Сапарбай-

дан ауысқан болса керек.

Сапарбай Сұлтанмұратов 1890 жылы «Ынтымақ» ауылында  дүниеге келген. 

1929-1938 жылы осы шаруашылықта жылқышы болып, 51 биеден баспа-бас құлын 

алып  отырған.  1948  жылдан  бастап  ферманы  басқарған.  Социалистік  Еңбек  Ері 

атағын алған. 1957 жылы қазан айында құрметті зейнеткерлікке шыққан. Кіндігінен 

өрбіген  2  ұл,  бір  қызынан  13  немере  көрген  кісі.  Өмірінің  соңына  дейін  жиыр-

ма жыл ұлы Сәдірбай мен келіні Нағиманың қолында шат-шадыман қамқорлыққа 

бөленіп, батасын бере-бере кеткен жан.

Сапарбай Сұлтанмұратұлының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында көшеге 

есімін  беру  туралы  облыстық  ономастикалық  комиссиясының  қортындысы 

негізінде Жаңақооған кент әкімінің шешімі шығарылды. 

Жексенбі күні осы айтулы оқиғаға куә болған жаңақорғандықтар «Ипподром-8» 

көшесіне Сапарбай Сұлтанмұратов есімі берілуіне орай ұйымдастырылған шараның 

куәсі  болды.  Жиналғандар  алдында  кент  әкімі  Аллаберген  Ахметов  шешімді  та-

ныстырды.  Келесі  кезекте  сөз  алған  ел  ағасы  Өмірсерік  Тақырбасов  кезінде  өзі 

де  ыстық-суығын  түгел  басынан  өткерген  мал  шаруашылығының  тауқыметіне 

тоқтала келіп, тар жол тайғақ кешулерде тағдыр табыстырып, бір шаруашылықта 

жылқы санын 12 мыңға жеткізген тың ерлері арасынан 4 бірдей Социалистік Еңбек 

Ері шығуы ғажайып құбылыс екенін айтса, ағайын-туыстары атынан ардагерлер 

Алмас  Бекжігітов,  Қуанышбек  Мейірбековтер  сөйлеп,  оның  сәйгүлік  ат  баптап, 

бәйгеде бас жүлдені бермеген жеңіс жолдарынан сыр шертті. Соңынан көше ба-

сына қойылған тұғырдың салтанатты түрде лентасы қиылып, ауданның бас има-

мы  Сайдулла  Омаров  әруақтарға  Құран  бағыштады.  Бірі  шаруашылықта  еңбек 

ері, бірі ағарту саласының ақтаңгері атанған әкелі-балалы қос тұлғаның рухына 

перзенттері халықты жинап, «Би-Бек» мейрамханасында ас берді.

Тектіден текті туады, ата жолын қуады.

Сұлтанмұратов Сапарбай атамыздың жарық өмірден өткеніні 40 жыл, Сәдірбай 

ағайымызға 14 жыл болыпты. Осыған орай бұл кісілердің ұрпағы аталарына көше 

беру  құрметіне  куә  болумен  қатар  аудан  орталығындағы  №163  орта  мектебіне 

ағайдың атына ескерткіш тақта ашу ашылу салтанатының басы-қасында болды.

Алғашқы  қоңырау  салтанатынан  соң  мектеп  білімгерлері  қатысуымен  өткен 

қастерлі  шараны  аудандық  мәслихат  хатшысы,  әрі  С.Сапарбаев  басқарған 

мектептің  түлегі  Ерғали  Ильясов  сөз  сөйлеп  ашты.  Ол  өзінің  көкірегіне  түйген 

естеліктерін  де  ортаға  салып,  ұлы  ұстазды  мәңгі  есте  қалдыру  мақсатында 

қолға  алынған  қандай  бір  бастаманың  халық  жүрегінен  қолдау  табатынын  жан 

толқынысымен  жеткізді.  Одан  әрі  ағайдың  қарамағында  бірге  қызмет  атқарған 

әріптестері атынан Ира Хасенова, Нағима Айдауылова апайлар жарқын естеліктер 

айтса, сол кездегі алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген Нақипов Ахмет 

ағайымыз шәкірттерді патриоттық бағытта мызғымас тәртіп пен талапшылдыққа 

тәрбиелеген  дағдысынан  танбай,  мектеп  тарихынан  дәлме-дәл  мәліметтер 

келтірді. Ағай туралы жүрекжарды пікірлерімен бөліскен ардагер ұстаздар Манас-

бай Жалғасбайұлы, Жібек Төлеуова, Роза Ильясова, Анар Абдрахманова, Әзия Ба-

лабекова, Үсен Жөлекбаев, Тұрсынхан Абдразақовтардың алғаусыз тілектері көп 

көңіліне үлкен әсер қалдырды. Жиында ұстаздың жолын қуған шәкірті, аудандық 

білім бөлімі әдіскері Дариха Айдарова «аңыз адамның» өнегелі жолынан баянда-

ма жасады. 

Шара  соңында  ел  ағалары  қатысуымен  мектеп  қабырғасына  Сапарбаев 

Сәдірбай ағамыздың құрметіне қойылған ескерткіш тақтаның лентасы қиылды. 

Қазақта «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» деген қанатты сөз бар. Сәдірбай 

ағамыз  бен  Нағима  апамыздан  тараған  8  ұл-қыздың  екеуі  жастай  бақилық  бо-

лып кетті. Бүгін перзенттері атынан сөз алған қызы Клара мен ұлы Мұрат аудан 

басшылығына  және  әкесінің  көзін  көрген  әріптес,  замандастарына  рахметін  ай-

тып, риясыз алғыстарын жеткізді.

Бұл  күн  біз  үшін  де  өткенді  қайта  жаңғыртқан,  жанымызды  көл-көсір 

естеліктермен жадыратқан мағыналы күн болды. Құрбан айт мерекесі және Білім 

күнімен сәйкес келуімен де тарихтың алтын парағына айналды. Айтпақшы, осы ша-

рада мектеп бітіргелі көрмеген кластасым Мұхтар Битасовты кездестіріп қалдым. 

Сол баяғы өзгермеген қалпы. Тек шашы... Сапарбаевтың бұлжымас тәртібі бой-

ынша ер балаларға мектеп бітіргенше шаш қоюға рұхсат берілген емес. Мұхтарды 

көргенде тақта алдына шыққанда тықыр басынан қысылып,  алақанымен сан си-

пап әлек болатын балаң жігіттің бейнесі көз алдыма келе қалды. Тәйірі, шашта 

тұрған не бар. Ұстаз – ұлы тұлға деген атқа айнымас адалдығымен танылған тама-

ша жанның тәлім-тәрбиесі таусылмас рухани азық болып біздің жүрегімізде қалды 

ғой. Ең бастысы да осы емес пе?



ТАУ ЕТЕГІНДЕГІ 

ҚЫЗАНАҚ АЛҚАБЫ

Біріншісі  –  тілге  қатысты  белгі.  Аллаһтан  қорыққан  адам 

тілінің  қызметі  арқылы  өтірік,  өсек,  ғайбат  айтпайды,  ешкімді 

шағыстырмайды. Оның орнына Құран оқиды, зікір айтады, іліммен 

шұғылданады.

Екіншісі  –  жүрегіне  байланысты  белгі.  Аллаһтан  қорыққан 

адамның жүрегінде басқаларға деген қызғаныш, көре алмаушылық, 

іштарлық,  жалақорлық  болмайды,  өйткені  хадисте  «От  ағашты 

қалай өртеп жоқ қылса, қызғаныш та адамның жақсылықтарын со-

лай жалмап қояды» делінген. Ол кеселдің емі – ілім мен ізгі амал-

дар жасауда.

Үшіншісі – көзіндегі белгі. Аллаһтан қорыққан адам харам асқа, 

харам сусынға, харам киімге, қысқаша айтқанда, харамға көз сал-

майды.  Дүниеге  қомағай  көзбен  емес,  ғибрат  алу  ниетімен  ғана 

қарайды. Адал емес нәрселерден көзін аулақ ұстайды, өйткені ха-

дисте «Кім көзіне харам толтырса, қиямет күні Аллаһ оның көзіне 

от толтырады» делінген.

Төртіншісі – қарны арқылы болатын белгі. Аллаһтан қорқатын 

адам харам жемеуге қатты көңіл бөледі, өйткені харам жеу – ауыр 

күнәлардың бірі. Хадисте бұл туралы «Адам баласының қарнына 

харам  ас  барса,  сол  ас  асқазанында  тұрған  уақыттарда  аспан 

мен  жердегі  періштелер  қайта-қайта  лағынет  жаудырады.  Сол 

асты қорыту кезінде өліп кетсе, баратын жері тозақ болады» деп 

ескертілген.

Бесіншісі  –  қолының  себепкерлігімен  туындайтын  белгі. 

Аллаһтан  қорқатын  адам  қолымен  харамға  бармай,  қайта 

Аллаһтың разылығына сай істер жасауға құмартады. Сахабалардан 

Кағбул-Ахбардан (р.а.) жеткен хадисте «Ұлы Жаратушы әр бөлігі 

жетпіс мың көзден тұратын, жетпіс мың бөлмесі бар жақұттан са-

рай жаратқан. Қиямет күні бұл сарайға Аллаһтан қорыққандықтан 

өзіне кезіккен харамнан аулақ болғандар кіреді» делінген.

Алтыншысы – аяғында. Аллаһтан қорқатын адам күнә істеуге 

емес, Аллаһтың әміріне сай істерді істеп, сауап алатын орындарға 

барады.  Ғалымдармен,  ізгі  амал  жасаушылармен  жүздесу  үшін 

қадам басатын болады.

Жетіншісі  –  амалында.  Аллаһтан  қорқатын  адам  амалдарын 

тек қана Аллаһтың разылығы үшін жасайды. Басқалар көрсін деп 

істеуден, екіжүзділіктен бойын аулақ ұстайды. Осының арқасында 

«Раббыңның қасындағы ақырет (мекені) күнәлардан қорқатындар 

үшін» деген Рабб кәламына лайық деңгейге жетеді 



ИМА

НДЫНЫҢ

 



ТҮРЛІ 

БЕЛГІСІ


1

бет

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 304.44 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет