2017 жыл №67 (8088) Газет 1933 жылы



жүктеу 304.44 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата08.09.2017
өлшемі304.44 Kb.
1   2   3

МӘҢГІЛІК

№163 орта мектебінде өткен Білім күні мерекесі 

«Мен өз елімнің патриотымын деген тақырыпта та-

лантты өрендердің өнерімен ажарлана түсті.

Бір  ерекшелігі,  шара  үш  тілде  жүргізілді. 

Елбасының  «Үштұғырлы  тіл»  саясатын  сана-

лы  түрде  тәжірибиемен  ұштастырған  ұстаздар 

ұжымының  талпынысы  зор.  Тілге  деген  мейірімі 

зор,  қабілетті  ұландар  құттықтауларын  үш 

тілде  жолдап,  ортаға  Қазақстан  Республика-

сы  Мемлекеттік  Туы  келтірілді.  Оны  спорттық 

жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Синар Са-

уранбай және Тәжібай Бекзат алып жүру құрметіне 

ие болды.

Салтанатты  жиынды  мектеп  директоры 

Күләнда  Жақыпбекова  ашты.  Ол  биылғы  оқу 

жылы жетістіктеріне тоқталып, мектеп басшылығы 

атынан  үздік  ұстаздар  еңбегіне  алғысын  айт-

ты.  Одан  әрі  мектеп  ата-аналар  комитетінің 

төраға орынбасары Мұрат Рыспанбетов өз тілегін 

жеткізді.  Шара  концерттік  бағдарламаға  ұласып, 

оқушылар Тілеуберген Нұрсұлтан, Жамал Әйгерім, 

Күзембай  Назым  әннен  шашу  шашты.  Кішкентай 

бүлдіршіндер  бірінші  сыныптықтар  кезекпе-кезек 

тақпақ айтып, ата-аналарының мерейін бір көтеріп 

тастады.  Шәкірттер  жаңа  оқу  жылының  алғашқы 

сабағына кірісті.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.

Жайдары жазғы демалысты аяқтап, көңілдері 

жырға,  құшақтары  гүлге  толған  №110  мектеп-

лицейінің  оқушылары  алғашқы  қоңырау  соғып, 

1-сыныпқа  келген  бүлдіршіндер  білім  кемесіне 

аяқ  басты.  Балапандарын  алғашқы  сыныпқа 

әкелген  ата-аналар  мен  шәкірттерін  қабылдап 

алған ұстаздар мектеп ауласына жиналып, сал-

танатты шараның куәсі болды. Білім күніне ар-

налып,  үш  тілде  өрбіген  кешті  мектеп  басшы-

сы  Әділмырза  Тәждинов  алғы  сөзбен  ашып, 

мұғалімдер мен оқушыларды айтулы мерекемен 

құттықтады.

–  Өткен  оқу  жылы  біздің  мектеп  үшін 

сәтті  жылдың  бірі  болды.  Өйткені,  был-

тыр  біздің  шәкірттеріміз  мектеп  абыройын 

асқақтатып  бірнеше  облыстық,  республикалық 

білім,  өнер  додаларынан  жүлделі  орындар-

ды  қанжығасына  байлады.  Сондай-ақ,  ҰБТ-ға 

қатысқан  15  оқушы  өз  білімін  дәлелдеп,  оның 

13-і  елдің  әр  қаласына  ЖОО-ға  түсті.  Сонымен 

қатар,  «Алтын  белгіге»  ұсынылған  екі  оқушы 

оны  қорғап,  екеуі  де  С.Асфендияров  атындағы 

медициналық  университеттің  студенті  атанды. 

Бұл  –  біздің  мұғалімдердің  ізденімпаздығы  мен 

еңбекқорлығының  нәтижесі,  –  деді  мектеп  ди-

ректоры.

Одан әрі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас-

шысы  Әбілғазы  Төлегенов  сөз  алып,  «Сіздерге 

жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен баста-

малар, шығармашылық табыс, мықты денсаулық 

тілеймін.  Шәкірттеріңіз  білім  нәрімен  сусын-

дап,  ақылды  да  парасатты  азамат  болып,  биік 

шыңдарды  бағындыра  берсін»,  –  деп  ыстық 

ықыласын жеткізді.  

Сондай-ақ,  кент  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  Мұзарап  Махмутовқа,  мектеп  ата-

аналар 


комитетінің 

төрағасы 

Әбушахма 

Әлайдарға,  еңбек  ардагері  «Нұо  Отан»  парти-

ясы  аудандық  филиалы  кеңесінің  мүшесі  Серік 

Мұсабайға,  еңбек  ардагері  Айдар  Әуезбековке, 

ауданның бас имамы Сейдулла қажы Омаровқа 

сөз кезегі беріліп, ел ағалары оқушыларға жылы 

лебізін жеткізіп, оқуда озат болуға тілектестігін 

білдірді.

Айта  кетейік,  өткен  оқу  жылы  №110 

мектеп-лицейі 

үшін 

табыспен 



аяқталды. 

Мәселен,  Халықаралық  ІХ  Ғұмырдария  ән-би 

байқауынан  екі  оқушы  бас  жүлдесін  иеленсе, 

Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік 

университетінің    80  жылдығына  арналған 

«Әлемді  өзгертетін  идеялар»  тақырыбындағы 

физика  пәнінен  ғылыми  зерттеу  жоба-

лар  конкурсынан  5  оқушы  жүлделі  орал-

ды.  «Жас  дарын»  пәндік  олимпиадасында  12, 

Республикалық пәндік олимпиададан 17 шәкірт 

алдыңғы қатарда болып, жүлдеге ілігіп, «Астана 

ЭКСПО-2017» әлемді өзгерткен идеялар ғылыми 

зерттеу  жобалары  бойынша  8  оқушы    үздіктер 

қатарынан көрінді. 

Шара барысында мектеп оқушылары өнерін 

ортаға  салып,  ән  мен  биден  шашу  шашты. 

Көпшілік көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

*** 

Білім  күніне  орай  ұйымдастырылған  сал-

танатты  шара  Кейден  ауылындағы  №208  орта 

мектепте де жоғары деңгейде өтті. «1 қыркүйек 

–  Білім  күні»  атты  мерекелік  жиын  мектеп 

оқушылары  мен  ата-аналарға  көтеріңкі  көңіл-

күй  сыйлады.  Мектеп  табалдырығын  алғаш 

аттағалы отырған балақайлар өлең шумақтарын 

жатқа  айтып,  алғашқы  қоңырауды  сыңғырлата 

соқты.


Шараны мектеп басшысы Айжан Шерубаева 

алғы сөзбен ашып, ұстаздар мен ата-аналарды, 

оқушыларды Білім күнімен құттықтады. Сондай-

ақ,  ауыл  әкімі  Бақтияр  Тоқтыбаев,  ата-аналар 

комитетінің  төрағасы  Әбузайыр  Әбжаппаров 

пен  ауыл  ақсақалы  Дәуітжан  Мекебаев  сөз 

алып,  ұстаздар  мен  оқушыларға  жылы  лебізін 

білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік пен толағай 

табыс тіледі. 

  «Күш  –  білімде,  білім  –  кітапта»  демекші 

биылғы  оқу  жылында  білім  нәрімен  сусындау 

үшін  мектеп  табалдырығын  15  шәкірт  бірінші 

сыныпқа, 27 оқушы даярлық сыныбына аттағалы 

отыр екен. Осы тұста, айта кететіні өткен жылы 

бітірген  он  түлектің  алтауы  ҰБТ-ға  қатысып, 

оның барлығы жоғары балл жинап, грант иелері 

атанған.  

Айсұлу АЛДАНАЗАР.


1. Жалпы ережелер

1. Республикалық«Ғани Мұратбаев» атындағы жастар 

сыйлығы(бұдан әрі - Сыйлық) Қазақстандық патриотизмді 

арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді 

қолдау  мақсатында  өткізіледі.  Сонымен  қатар,  Сыйлық 

талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша 

сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.

2. Сыйлықты беру тәртібі

2. Сыйлықты беру мақсаттары:

1)  Қазақстан  халқының  бірлігін  нығайту,  қоғамдық 

келісімді қамтамасыз ету; 

2)  жастарды  жан-жақты  дамыту  және  қазақ  тілін, 

мәдениетті,  өнерді,  дәстүрлерді,  тарихи  мұраны  жастар 

ортасында насихаттау;

3)  Қазақстанның  жас  патриоты  бейнесін  көпшілікке 

тарату.

2.  Сыйақыларды  тағайындау  және  дипломдар  мен 



бағалы сыйлықтарды тапсыру рәсімі шығыс жастарының 

жалынды  жетекшісі  «Ғани  Мұратбаевтың  туған  күніне 

байланыстырылады.

3.  Сыйлық  иелерін  анықтау  және  сыйлықтарды 

тағайындау  комиссия  (бұдан  әрі  -  Комиссия)  шешімімен 

жүзеге асырылады.

4.  Комиссия  құрамына  облыс,  аудан  әкімі 

аппаратының жауапты қызметкерлері, депутаттар, қоғам 

қайраткерлері,  жастар  ұйымдарының  және    үкіметтік 

емес ұйымдардың өкілдері, сала мамандары, БАҚ өкілдері 

кіре алады. 

5. Конкурстың жұмысшы органы Қазалы ауданының 

әкімдігі (бұдан әрі - ұйымдастырушы) болып табылады.

6.  Осы  Ереже  конкурсқа  қатысуға  үміткер  барлық 

тұлғаларға  танысу  үшін  ұсынылады  және  бұқаралық 

ақпарат құралдарында жарияланады.  

7.  Жеңімпаздар  байқауға  қайта  қатысуға  5  жылдан 

кейін ғана құқылы.

8.  Сыйлық  жылына  бір  рет,  Комиссия  шешімімен 

белгіленген номинациялар бойынша тағайындалады. 

9.  Үміткердің  бір  ғана  конкурстық  өтінім  беруге 

құқығы бар.

10.  Сыйлықтың  әр  номинация  бойынша  ақшалай 

мөлшерiн Қазалы ауданы әкімдігі жыл сайын белгiлейдi.  

11.  Конкурсқа  жіберілген  материалдар  қайтарып 

берілмейді.

12.  Сыйлық  жеңімпазына  «Ғани  Мұратбаев» 

сыйлығының дипломы, омырауға тағатын белгi,  ақшалай 

және естелік сыйлығы беріледі. 

13. Сыйлық Ғани Мұратбаевтың туған күнінде туған 

жері – Қазалы ауданында салтанатты түрде тапсырыла-

ды.  


3. Сыйлыққа қатысу шарттары

1. Сыйлыққа қатысушылар:

Сыйлықты  алуға  үміткер  ретінде  35  жасқа 

дейінгі  жоғары  кәсіби  жетістіктері  бар  Қазақстан 

Республикасының азаматтары бола алады.  

2. Сыйлық келесі бағыттар бойынша беріледі:

мәдениет  пен  өнер  саласындағы  жетістіктері  (қыл 

қалам шеберлері) үшін;

білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін;

әдебиет және журналистика саласындағы жетістіктері 

(ақын немесе шығармашыл жастар) үшін;

спорт саласындағы жетістіктері үшін;

мемлекеттік  тіл  саясаты  саласындағы  жетістіктері 

үшін;


Қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  ісіндегі 

қоғамдық-саяси белсенділігі үшін.

Қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін.

4. Өткізу кезеңдері

1. Бастапқы кезең.

Конкурсты өткізу және оған қатысу шарттары туралы 

хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында 1 (бір) 

ай аралығында жарияланады.

2. Негізгі кезеңі.

Конкурсқа  қатысушылар  жазбаша  нысандағы  өтініш 

және материалдарын электрондық немесе қағаз түрінде 

Ұйымдастырушыға ұсынады.

Конкурсқа 

үміткерлердің 

материалдары 

Ұйымдастырушының мекен-жайына келіп түседі. 

Ұйымдастырушы  Сыйлықты  тағайындауға  10  күн 

бұрын  материалдарды  әр  номинация  бойынша  бөліп, 

тізімін  қалыптастырады  және  Комиссияның  қарауына 

ұсынады. 

Комиссия  өз  жұмысының  нәтижелері  бойынша 

Сыйлық жеңімпаздарын белгілейді.

3. Сыйлық бойынша номинациялардың саны  25-дан 

аспауы тиіс.

5. Үміткерлерді бағалау және іріктеу рәсімі

1.  Комиссия  сыйлыққа  үміткерлерді  таңдау  кезінде 

келесі критерийлерді басшылыққа алады: 

үміткердің қоғамда алатын орны мен беделі; 

шығармашылық жобасының мән-мағына тұрғысынан 

тереңдігі; 

қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан үлесі; 

ұлтаралық достастық пен келісімді нығайтуға тигізген 

әсері; 

ұлттық мәдениетті, тілді, өнерді, салт-дәстүрлерді на-



сихаттау мен жаңғыртуға қосқан үлесі; 

жеке,  кәсіптік,  байқау  жұмыстарымен  жеткен 

жетістіктері үшін қоғамдағы танымалдылығы.

Комиссия шешім шығару барысында шығармашылық 

және кәсіби одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің пікірін 

ескеруге құқылы.

Комиссия  шешімі  ашық  дауыс  беру  жолымен 

қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы са-

нынан басым бөлігі дауыс берсе, қабылданған деп сана-

лады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы 

шешуші болып табылады. Шешім хаттамамен ресімделеді. 

6. Комиссияның құқықтары мен міндеттері

1. Комиссия:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;

Сыйлықты өткізудің жариялығын қамтамасыз етуге;

Сыйлық нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан 

бұрын жария етілуіне жол бермеуге міндетті.

Спектакльдердi,  кино  және  телефильмдердi,  бей-

нелеу  өнерiнiң  көрмелерiн  қарауды,  концерттiк 

бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды 

ұйымдастыру,  сыйлыққа  ұсынылғандардың  қызметімен 

танысуға.

Комиссия: 

ұсынылған  жұмыстар  осы  Ереженің  талаптары-

на  сәйкес  келмеген  жағдайда,  үміткерді  конкурсқа 

қабылдамауға; 

келіп түскен материалдарға баға беруге;

Сыйлықты 

тағайындай 

отырып, 

конкурс 


қорытындыларын шығаруға;

комиссия мүшелері өз өкілеттігін теріс пайдаланғаны 

анықталған  жағдайда  Сыйлық  беру  қорытындыларын 

жоққа шығаруға құқылы.



7.  Үміткерлердің  құқықтары,  міндеттері  мен 

жауапкершілігі

1. Үміткер:

Сыйлықты  өткізу  шарттары  мен  тәртібі  туралы 

ақпарат алуға;

Ұйымдастырушы органынан осы Ереженің тармақтары 

бойынша түсіндірме алу үшін жүгінуге құқылы.

Осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген мате-

риалдарды уақытылы ұсынуға;

Осы Ережеде көзделген шарттарды сақтауға міндетті.

Үміткер  материалдар  мен  түйіндемеде  көрсетілген 

ақпараттардың  шынайылығына  қойылатын  талаптарды 

бұзғаны үшін, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген шарт-

тарды сақтамағаны үшін жауапты болады.

8. Үміткерлердің дайындайтын құжаттары

-  1.Өз  саласы  бойынша  жоғары  және  жақсы 

көрсеткіштерге  қол жеткізгені үшін;

- Әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге 

белсене қатысуы

-  Мемлекеттік  жастар  саясатын  жүзеге  асыру  және 

жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;

- Жеке басының жетістіктері

-  Облыстық,  республикалық,  сайыстарға  қатысуы 

және жеңімпаз аталуы;

-  Жұмыс  орнынан  /оқу  орнынан/,  саласы  бойынша 

мемлекеттік  мекемелер  мен  ұйымдардан  ұсыным  хатта-

ры (қол жеткізген жетістіктері мен марапаттарын көрсете 

отырып);


-  Түйіндеме  (қазақ  және  орыс  тілдерінде,  3х4 

фотосуретімен);

- Өмірбаяны;

- Жұмыс орнынан /оқу орнынан/ анықтама;

- Орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом 

(көшірмесі);

-  Жетістіктері  (алғыс  хаттары,  мақтау  қағаздары, 

дипломдары  және  т.б)  сканер  арқылы  жасалған 

көшірмелері;

-  «Мен  осы  сыйлыққа  неге  лайықтымын?» 

тақырыбында  жазылған  эссе  (кемінде  1,2-2  беттен  кем 

емес);


-  Мемлекеттік  жастар  саясатын  жүзеге  асыру  бой-

ынша  өткізген,  қатысқан  шаралары  жайлы  мәлімет, 

жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары және 

басқа да ұсыныс, кепілдеме хаттары;

- 10х15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен);

-  Жеке  куәлігі  (көшірмесі),  тұрғылықты  мекен-жайы 

бойынша анықтама.

Құжаттар беттеліп, бекітіліп ұсынылуы қажет (порт-

фолио түрінде).

Ескерту:Республикалық  жастар  сыйлығын  табыстау 

салтанаты 2017 жылғы қыркүйек айының ІІІ он күндігінде 

өткізілетіндігін және мерзімі өзгерген жағдайда қосымша 

хабарланатындығын  білдіремін.  Тапсырылған  құжаттар 

рәсімдеу  талаптарына  сәйкес  келмеген  немесе  толық 

ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды.

Қосымша ақпараттарды: Қ.Пірімов көшесі №5 Әйтеке 

би  кенті  әкімі  аппараты  ғимаратының  2  қабатында 

орналасқан  «Қазалы  ауданының  ішкі  саясат  бөлімі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

8/724 38/ 22-0-13, 8/724 38/ 23-7-00.



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҒАНИ МҰРАТБАЕВ» АТЫНДАҒЫ ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҢ  ЕРЕЖЕСІ

КОНКУРСТАН ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ!

3

Жаңақорған 

            тынысы

№67 (8088) 5 ҚЫРКҮЙЕК, 2017 - СЕЙСЕНБІ

http://zhanaqorgan-tynysy.kz



КӨҢІЛ АЙТУ

Ж.Қыдыров атындағы №54 орта мектептің 

ұжымы және кәсіподақ комитеті осы мектептің 

мұғалімі Дабарова Ақнұрға әкесі 



Дабаров Смайылдың

қайтыс болуына байланысты қайғысына 

ортақтасып, көңіл айтады.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАБЫЛСЫН

Бегалиев Батырхан Тлегеновичтің атына берілген жүргізу куәлігі 

NJ№010106 26.04.2011 жылы берілген жоғалуына байланысты жарамсыз деп 

табылсын.



***

«Көзжан» шаруа қожалығына 29.08.2016 жылы берілген, кадастрлық 

нөмері №10-149-040-1727 мемлекеттік жер актісі жоғалуына байланысты жа-

рамсыз деп табылсын.



САТЫЛАДЫ

Шонабаев көшесінде «Өтеміс» 

ЖШС-нің өндірістік базасы сатыла-

ды. Құрамында 50 соттық жері, 50-13 

әкімшілік үйі бар. Хабарласу телефоны: 

87079979715. (БИН 480740002707).

С 11 сентября по 1 октября (включительно) 2017 года 

акимат Кызылординской области в целях повышения заин-

тересованности жителей области и увеличения  доли госу-

дарственных услуг, оказываемых через портал электронно-

го правительства (www.egov.kz)  проводит акцию «Удобен 

всем доступен каждому». По итогам акции участников ждут 

нижеследующие призы:

– Каждому 120-му услугополучателю сотовые телефоны 

и флешки (флешка)  

– Каждому 250 -му услугополучателю картридер

– Каждому 350-му услугополучателю смартфон телефон

– Каждому 800-му услугополучателю планшет

– Каждому 1500-му услугополучателю ноутбук

– Каждому 4000-му услугополучателю телевизор

Акция  проводится  среди  пользователей  следующих 

электронных государственных услуг:

1) Выдача справок по опеке и попечительству

2)  Выдача  справок  в  единый  накопительный  пенсион-

ный  фонд  и  (или)  добровольный  накопительный  пенсион-

ный фонд, банки, органы внутренних дел для распоряжения 

имуществом несовершеннолетних детей и оформления на-

следства несовершеннолетним детям

3) Выдача справок органов, осуществляющих функции 

по  опеке  или  попечительству,  для  оформления  сделок  с 

имуществом, принадлежащим на праве собственности несо-

вершеннолетним детям

4)  Постановка  на  очередь  детей  дошкольного  возрас-

та  (до  7  лет)  для  направления  в  детские  дошкольные  ор-

ганизации

5)  Выдача  направлений  лицам  на  участие  в  активных 

формах содействия занятости

6) Назначение жилищной помощи

7)  Постановка  на  учет  и  очередность,  а  также  приня-

тие  местными  исполнительными  органами  решения  о  пре-

доставлении  жилища  гражданам,  нуждающимся  в  жилище 

из государственного жилищного фонда или жилище, арен-

дованном местным исполнительным органом в частном жи-

лищном фонде

8) Выдача повторных свидетельств или справок о реги-

страции актов гражданского состояния

9) Регистрация перемены имени, отчества и фамилии, в 

том числе внесение изменений, дополнений и исправлений 

в записи актов гражданского состояния

10) Регистрация заключения брака (супружества), в том 

числе внесение изменений, дополнений и исправлений в за-

писи актов гражданского состояния

11) Выдача справок о наличии личного подсобного хо-

зяйства


12) Выдача архивных справок

13) Выдача лицензии на медицинскую деятельность

14)  Выдача  лицензии  на  фармацевтическую  деятель-

ность


15)  Выдача  лицензии  на  осуществление  деятельности 

в сфере оборота наркотических средств, психотропных ве-

ществ и прекурсоров в области здравоохранения

16) Утверждение землеустроительных проектов по фор-

мированию земельных участков

17) Выдача разрешений на эмиссии в окружающую сре-

ду для объектов II, III и IV категорий

18) Выдача заключений государственной экологической 

экспертизы для объектов II, III и IV категорий

19) Аттестация экспертов, осуществляющих экспертные 

работы  и  инжиниринговые  услуги  в  сфере  архитектурной, 

градостроительной и строительной деятельности

20) Выдача лицензии на проектную деятельность

21) Выдача лицензии на изыскательскую деятельность

22) Выдача лицензии на строительно-монтажные рабо-

ты

23) Выдача лицензии на право занятия деятельностью 



по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микро-

автобусами в междугородном межобластном, межрайонном 

(междугородном внутриобластном) и международном сооб-

щениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобу-

сами, микроавтобусами в международном сообщении.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

2017  жылдың  11  қыркүйек  -  1  қазан  (қоса 

алғанда)  аралығында  Қызылорда  облысы  әкімдігінің 

ұйымдастыруымен  электронды  үкімет  порталы  арқылы 

(www.egov.kz) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 

арттыру  мақсатында  облыс  тұрғындарын  ынталандыруға 

бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акци-

ясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы:

–  әрбір    120-шы  қызмет  алушыға  ұялы  телефон  және 

ақпарат тасығыш (флешка) 

– әрбір  250-ші қызмет алушыға картридер 

– әрбір  350-ші қызмет алушыға смартфон 

– әрбір 800-ші қызмет алушыға планшет

– әрбір  1500-ші қызмет алушыға ноутбук

– 4000-шы қызмет алушыға теледидар сыйға тартыла-

ды. 


Акция  төмендегі  электронды  мемлекеттік  қызметтерді  

пайдаланушылар арасында жүргізіледі:

1)  Қорғаншылық  және  қамқоршылық  жөнінде 

анықтамалар беру

2)  Бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қорына  және  (не-

месе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі 

істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне 

иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу 

үшін анықтамалар беру

3)  Кәмелетке  толмаған  балаларға  меншік  құқығында 

тиесілі  мүлікпен  жасалатын  мәмілелерді  ресімдеу  үшін 

қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функциялар-

ды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру 

4)  Мектепке  дейінгі  балалар  ұйымдарына  жіберу  үшін 

мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезек-

ке қою 


5)  Адамдарға  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің 

белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру 

6) Тұрғын үй көмегін тағайындау

7)  Мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан  тұрғын  үйге  не-

месе  жеке  тұрғын  үй  қорынан  жергілікті  атқарушы  орган 

жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және 

кезекке  қою,  сондай-ақ  жергілікті  атқарушы  органдардың 

тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

8)  Азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  туралы  қайталама 

куәліктер немесе анықтамалар беру

9) Атын,  әкесінің атын, тегін  ауыстыруды тіркеу, оның 

ішінде  азаматтық  хал  актілері  жазбаларына  өзгерістер, 

толықтырулар мен түзетулер енгізу

10)  Неке  қиюды  (ерлі-зайыптылықты)  тіркеу,  оның 

ішінде  азаматтық  хал  актілері  жазбаларына  өзгерістер, 

толықтырулар мен түзетулер енгізу

11)  Жеке  қосалқы  шаруашылықтың  бар  екендігі  тура-

лы анықтама беру

12) Архивтік анықтамалар беру

13) Медициналық қызметке лицензия беру

14) Фармацевтикалық қызметке лицензия беру

15) Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, 

психотроптық  заттар  мен  прекурсорлардың  айналымына 

байланысты қызметтерге лицензия беру 

16) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орна-

ластыру жобаларын бекiту 

17)  ІІ,  ІІІ  және  IV  санат  объектілер  үшін  қоршаған 

ортаға эмиссияға рұқсат беру

18)  II,  III  және  IV  санаттардағы  объектілер  үшін 

мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

19)  Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметі  са-

лаларында  сарапшылық  жұмыстарды  және  инжинирингтік 

көрсетілетін  қызметтерді  жүзеге  асыратын  сарапшыларды 

аттестаттау

20) Жобалау қызметіне лицензия беру

21) Іздестіру қызметіне лицензия беру

22) Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру

23) 


Жолаушыларды 

облысаралық 

қалааралық, 

ауданаралық  (облысішiлiк  қалааралық)  және  халықаралық 

қатынаста  автобустармен,  шағын  автобустармен  тұрақты 

емес  тасымалдау,  сондай-ақ  жолаушыларды  халықаралық 

қатынаста  автобустармен,  шағын  автобустармен  тұрақты 

тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 304.44 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет