2017 жыл №67 (8088) Газет 1933 жылы



жүктеу 304.44 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі304.44 Kb.
  1   2   3

5 ҚЫРКҮЙЕК 

СЕЙСЕНБІ

ТЫНЫСЫ


АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

Жаңақорған



2017 ЖЫЛ 

№67 (8088)

Газет 1933 жылы

 қыркүйектен 

шыға бастады

Сыр – Анам, Қаратау– Панам!

ТАУ ЕТЕГІНДЕГІ 

ҚЫЗАНАҚ АЛҚАБЫ

БИЫЛ ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ТЫҢ БАСТАМАНЫҢ БІРІ – 

БЕСАРЫҚТАҒЫ ТОМАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚЫЗАНАҚ ӨНДІРІСІ. 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНАН ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙҒАН «ЗЕР-

ДЕ СТРОЙ» ЖШС ОСЫ ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛЫП, ТОМАТ ӨНДІРІСІН 

ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСПАҚ. СОНДЫҚТАН, ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫ КӨЗБЕН 

КӨРІП ҚАЙТУҒА ТАУ ЕТЕГІНДЕ ОРЫН ТЕПКЕН ҚЫЗАНАҚ АЛҚАБЫНА 

БЕТ АЛДЫҚ. ЖОЛ БАСТАУШЫ АУЫЛ ӘКІМІ ӘЛІБЕК АБДУЛЛАЕВ. ЖО-

ЛАЙ АУЫЛ БАСШЫСЫНАН БІРАЗ МӘН-ЖАЙҒА ҚАНЫҚ БОЛДЫҚ. 

 «САПАРБАЕВТЫҢ МЕКТЕБІ». ЕСІМІ ӨЗІ БАСҚАРАТЫН МЕКТЕППЕН ЕТЕНЕ 

ӨРІЛІП, ӨРНЕКТЕЛУІ ЕКІНІҢ БІРІНЕ БҰЙЫРА БЕРМЕЙТІН БАҚЫТ. ӨЙТКЕНІ 

ЕСІМІҢДІ БҮТІН ЕЛГЕ МОЙЫНДАТУ ҮШІН БІР ЕРЕКШЕЛІК КЕРЕК.

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЗОР ЖҰМЫС БАР

ПАРЛАМЕНТ АЛДЫНДА

Парламент  палаталары  мүшелерінің  алдында  сөз  сөйлеген  Қазақстан 

Президенті  депутаттардың  өткен  сессиядағы  қызмет  нәтижелеріне 

тоқталып, еліміздегі реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету 

жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

– Өткен сессияда Парламент 84 заң жобасын қарастырып, қабылдады. 

Соның  ішінде  «Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  заң  да  бар.  Бір  жылда  сіздердің 

бастамаларыңызбен 15 заң жобасы әзірленді, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген саяси реформалардың нәтижелеріне 

назар  аударып,  бүкіл  мемлекеттік  аппарат  алдына  қойылған  міндеттерді 

іске асыруда Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігі жоғары екенін айтты.

–  Қазақстан  бүгінде  стратегиялық  маңызы  бар  бірқатар  міндетті 

іске  асыруда.  Парламент  Үкіметпен  бірлесіп,  Ұлт  жоспарын,  Жолдауды 

және  қолданыстағы  бағдарламаларды  орындау  үшін  барлық  шараларды 

қабылдауы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан  Президенті  қоғамды  дамытудың  жекелеген  бағыттарына 

тоқталды. Елбасы рухани жаңғыру және экономикалық өсімді қамтамасыз 

ету жөніндегі міндеттердің орындалуына назар аударды.

– Биыл Парламенттің қарауына жаңа Салық кодексінің жобасы енгізіледі. 

Біз  салық  саясатын  мейлінше  жақсартып,  бизнесті  ашық  жұмыс  жасауға 

ынталандыруға тиіспіз. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар 

бойынша заңнаманы жетілдіру керек. Сондай-ақ, банктерге тиімді бақылау 

жүргізу  үшін Ұлттық  банкке  заңнамалық  тұрғыдан  көбірек  мүмкіндік  беру 

қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен  бірге,  Мемлекет  басшысы  сақтандыру  жүйесін  дамыту  және 

дәрі-дәрмек  айналымын  тәртіпке  келтіру,  сондай-ақ  еліміздің  ақпараттық 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мен  құқық  қорғау  жүйесін  реформалау 

мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

– Парламенттің және бүкіл еліміздің алдында көп әрі жауапкершілігі 

зор жұмыс бар. Ауқымды міндеттер мен шешімдер – біздің 2017 жылғы 

жаһандық  сын-қатерлерге  жауабымыз.  Жаңғыру  барлық  күшімізді 

жұмылдыруды  қажет  етеді.  Жаңа  жағдайда  биліктің  заң  шығару 

және  атқарушы  тармақтары  сындарлы  түрде  ынтымақтасуға 

тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҮШІНШІ СЕССИЯСЫНЫҢ АШЫ-

ЛУЫНА ҚАТЫСТЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ АKORDA.KZ.

Әлемнің ең танымал астофизиктерінің ғарыш 

жайында тұжырымдамаларын мониторлардан үш 

тілде оқып танысуға болады. Қазақстанда космо-

дром  болғандықтан  да,  бұл  тақырыпқа  әлемдік 

ғылыми-техникалық  жетістіктерді  жүйелі  түрде 

топтай  білген.  Соның  бірегейі  Халықаралық 

Ғарыш  стансасына  (ХҒС)  ерекше  көңіл  бөліп, 

көрнекті  орын  бөлген.  ХҒС  –  ғылыми  зертхана 

есебінде әлемнің ең ірі НАСА, Роскосмос, Еуропа 

және Жапонкосмос сияқты ғарыш агенттіктерінің 

бірлескен жобасы болып табылады. ХҒС 400 ки-

лометр биіктікте жерді тәулігіне 15 рет тұрақты 

түрде айналып жүреді, салмағы – 360 тонна, күн 

батареясы орналасқан қанатының ауданы футбол 

алаңындай.  Бортында  бір  мезгілде  6  ғарышкер 

жұмыс істей алады. бүгінге дейін 104 ғарышкерді 

қабылдап, соңғы 17 жылда жерді айнала 3,5 мил-

лиард километрдей жол жүрген. Жобаға 100 млрд 

еуро қаржы салынған. ХҒС негізінен жер атмос-

ферасын зерделеп, климаттық, метеорологиялық 

зерттеулер  жүргізеді,  бағдарламасын  2024 

жылы  аяқтайды.  Ракетадағы  жанармай  ғарыш 

кемесі  жер  атомсферасынан  шыққанға  дейін 

қолданылады,олар  орбитаға  шыққаннан  кейін 

орбитада  ұзақ  қалу  үшін  күн  сәулесінің  қуатын 

пайдаланады, күн батареясынан энергия ала от-

ырып қызмет атқарады. 

Күн энергиясы болашақ үшін энергия көзінің 

маңызды  баламасы  болып  табылады,  себебі  ол 

қоршаған ортаны ластамайды, климат өзгерісіне 

қарсы  тұруға  көмектеседі.  Күн  энергиясы 

қолжетімді қуат көзі болып табылатыны, көрмеде 

басымдылық бере отырып көрсетілген. 



(Жалғасы 3-бетте)

«НҰР ӘЛЕМ» 

ЖӘНЕ ҒАРЫШ

ЭКСПО-ҒЫ ҚАЗАҚСТАН ПАВИЛЬОНЫНЫҢ КҮН ЭНЕР-

ГИЯСЫ МЕН ҒАРЫШҚА АРНАЛҒАН БӨЛІМДЕРІНДЕ 

ТЕҢДЕССІЗ ҒАЖАЙЫПТАРДЫҢ КУӘСІ БОЛАСЫҢ. 

«НҰР ӘЛЕМ» СФЕРАСЫНЫҢ6-8 ҚАБАТТАРЫНДА 

ОРНАЛАСҚАН ПЛАНЕТАРИЙ, ПАНОРАМА, ДИОРАМА-

ЛАР ЖӘНЕ КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР ҒАРЫШ ТУРАЛЫ 

ЖАН-ЖАҚТЫ МАҒЛҰМАТ БЕРЕДІ.



БАҚЫТТЫҢ  КІЛТІ – БІЛІМДЕ

БҮГІН КЕНТТІҢ КӨШЕЛЕРІ 

ДЕ КҮНДЕГІСІНЕН КӨРІКТІ. 

ТҰС-ТҰСТАН АҚ ШАҒАЛАДАЙ 

КИІНГЕН КІЛ ӨРЕНДЕР АЛ-

ТЫН ҰЯЛАРЫНА БЕТ 

ТҮЗЕПТІ. ЖЕТКІНШІКТЕРДІҢ 

КҮН НҰРЫ АЙМАЛАҒАН 

КЕЛБЕТТЕРІНЕН ШАТТЫҚТЫҢ, 

БАҚЫТТЫЛЫҚТЫҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ.

АТА ЗАҢЫМЫЗДАҒЫ БІР 

АРТЫҚШЫЛЫҚ – ЖАЛПЫҒА 

БІРДЕЙ ТЕГІН БІЛІМ БЕРУДІ 

МҰРАТ ТҰТҚАН БІЗДІҢ ЕЛДІҢ 

БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ЕСІГІ 

АЙҚАРА АШЫҚ, ҚАБЫРҒАСЫН 

КҮМІС КҮЛКІГЕ ТОЛТЫРАР 

ШӘКІРТТЕРІН ТАҒАТСЫЗДАНА 

ТОСЫП ТҰРҒАН ТӘРІЗДІ.

Аудан орталығындағы қазығы қадалғанына 

жарты ғасырға жуықтаған қасиетті шаңырақ – 

№3 мектеп-интернаты алдында тұрмыз. Аудан 

білім саласының «генералы» атанған Әбіласан 

Әшірбеков  негізін  қалаған,  одан  соң  Ара-

сат  Фейзулдаев,  Зинабдин  Шермұхаммедұлы 

қымбат құндылықтарын қалыптастырған, одан 

беріде  Бақтияр  Тоқтыбаев,  қазірде  Ләззат 

Нәлібаева  басқаратын  ұстаздар  ұжымының 

осынау  дәстүрді  ұлықтап,  асыл  аманат-

ты  адалдықпен  жалғастырып  келе  жатқан 

киелі  мекеннің  тағдыры  да  өзгешелеу  өріліп 

келеді.  Тәуліктер  бойы  бала  тәрбиесімен 

айналысатын  мұндағы  тәлімгерлерге  ата-

ана  қамқорлығынан  бір  де  кем  емес  кемел 

мейірбандық, дархан пейілділік тән.

240 орынға лайықталған мектеп партасын-

да биыл 320 бала жаңа оқу жылын бастағалы 

отыр.  Жағдай  солай.  Толық  емес  отбасылар 

мен шалғай мекеннен қатынауға мүмкіндігі жоқ 

ұландарды  қамту  мәселесі  жыл  сайын  осын-

дай  қиындық  тудырады.  Мектеп  басшылығы 

қанша  талаптанғанымен  реті  келмей,  таудай 

реніш  арқалатып  кететіндер  қаншама.  Бала-

сын  озық  білім  ордасына  оқытқысы  келетін 

ата-ана көп. Бұл заңды. Аталмыш білім орда-

сында  қалыптасқан  мықты  қағида  –  үлгірімі 

қалыс  оқушының  болмауы  көптің  ықыласына 

қауыштырып, аудан білім саласын да алдыңғы 

көштен танытып отыр.

Биылғы  оқу  жылы  қорытындысында  да 

№3  мектеп-интернаты  алғашқы  ондықтың 

төрінен  таныла  білді.  ҰБТ  сынағына  бітіруші 

27 оқушы түгел қатысып, 22 түлек жоғары оқу 

орны грант иегері атанса, 5 оқушы колледжде 

білімін жалғастырмақ. Екі «Алтын белгі» иегері 

шықты. Олар: Жүніс Назым, Әбдіғаппар Айда-

на. Екеуі де білімдерін ақтап, жоғары балл жи-

нады. Назым жалпы медицина, Айдана халық 

шаруашылығы  мамандығын  қалапты.  Айман 

Назарбекқызы  «Үздік  аттестатты»  иеленді. 

Бұл  жетістіктерде  пән  мұғалімдері  Шол-

пан  Мажитова,  Айгүл  Ақбаева,  Сәбира  Зей-

далиева,  Гүлсім  Ахметова,  Сәуле  Орынха-

нова,  Жазира  Абибуллаева,  Әлия  Үсенова, 

Гүлназ  Ботақұлованың  және  оқу  мен  тәрбие 

процесіндегі  нәзік  үйлесімдікті  нәтижелі  іске 

асырып келе жатқан білікті мамандар мектеп 

директоры  оқу  және  тәрбие,  кәсіби  бағдар 

жөніндегі  орынбасарлары  Гүлнар  Әлібекова, 

Ғазиза  Бегентаева,  Мөлдір  Қалдыбаева, 

Жұмагүл  Аблаева,  бас  тәлімгер  Шолпан 

Маханбетованың  еңбектерін  айрықша  атап 

өту орынды. 

Алғашқы  қоңырау  салтанатын  ашқан  оқу 

ордасының басшысы Ләззат Машбекқызы мек-

теп  мерейі  жолында  уақытпен  санаспай  там-

шылатып  тер  төккен  осынау  ағарту  саласы 

тарландарының  ерен  еңбегіне  шын  пейілді 

алғысын  жеткізіп,  кеше  Тамыз  мәслихатында 

өзінің аудан әкімі Ғалым Әміреевтың қолынан 

алған  «Алғыс  хаты»  барша  ұжымның  атына 

жолданған  жоғары  баға  екенін  мақтанышпен 

айтып өтті.

Салтанатты шара келбетіне көрік сыйлаған 

ең  кішкентай  өрендер  бірінші  сыныптықтар 

мен жоғары сынып оқушылары ән мен жырдан 

шашу шашып, көрермен көңілін киелі өнердің 

тылсым  құдыретімен  толққытты.  Тағдырлы 

мектептің  таңы  жарқырай  атып,  теңінен 

қалмай, тіпті еңсесі тұлғалана түсуіне тілектес 

ниетте  жанды  көмегін  аямай  келе  жатқан 

Амангелді Абдуллаев, Нұрғали Оңалбаев, Бо-

лат  Азнабаев,  Фарида  Қоңырбаева,  Қуандық 

Бекзат,  тағы  басқа  ата-аналар  мерекенің 

мәртебелі  қонақтары  ретінде  төрден  орын 

алды.


Бақыттың кілті – білімде. Барлық ізгі ниетті 

жандардың  арман-тілегі,  ортақ  мүддесі,  ай-

налып  келгенде  ұлағатты  ұрпақ  игілігіне 

бағытталып  отыр.  Жаратушы  Иеміз  де  білім 

жолына  қадам  басқан  пендесінің  табанының 

астына  періштенің  қанатын  төсеп  қояды.  Ол 

оны  құлатпай,  сүріндірмей,  желеп-жебеп, 

тіршілікте-бақыттың,  ақыретте  жәннаттың 

төріне  бастайды  екен.  Білімге  ұмтылған 

тәуелсіз елдің ұл-қызы табанының астындағы 

қауырсын-қанатты сындырып алмай, барынша 

аялап, Абай атамыз айтқандай «Ақырын жүріп, 

анық  басып,  теңіздей  білім,  таудай  тәрбие 

алып, ертеңіміздің тұтқасы болуға лайық аза-

мат  болып  өссе  үмітіміздің  ақталғаны.  Біз 

бәріміз осыған тілектеспіз.

Баян ҮСЕЙІНОВА.

МЕНІҢ ДИРЕКТОРЫМ

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.

ЖАҢАҚОРҒАН – 

ЕРКІН БИЗНЕС АЛАҢҢЫ

АУДАН  ӘКІМІ  ҒАЛЫМ  ӘМІРЕЕВ  ШАҒЫН  ЖӘНЕ  ОРТА  БИЗНЕСТІ  ӨРКЕНДЕТУДІҢ 

ТЫҢ ТЕТІГІН ҰСЫНДЫ. ЯҒНИ, «ЖАҢАҚОРҒАН – ЕРКІН БИЗНЕС АЛАҢЫ» ЖОБА-

СЫ  АЯСЫНДА  КӘСІПКЕРЛІК  САЛАСЫНА  СЕРПІЛІС  БЕРУГЕ  КІРІСТІ.  ЖОБАНЫ 

ЖАН-ЖАҚТЫ  ТҮСІНДІРУ  ҮШІН  М.КӨКЕНОВ  АТЫНДАҒЫ  АУДАНДЫҚ  МӘДЕНИЕТ 

ҮЙІНЕ  КӘСІПКЕРЛЕРМЕН  ҚАТАР  АУЫЛДЫҚ  ОКРУГ  ӘКІМДЕРІН  ЖӘНЕ  МЕКТЕП 

ДИРЕКТОРЛАРЫ  МЕН  БАЛАБАҚША  МЕҢГЕРУШІЛЕРІН,  КЛУБ  ҮЙІНІҢ  БАСШЫЛА-

РЫН  ЖИНАДЫ.  АЛҚАЛЫ  ЖИЫНДА  АУДАН  БАСШЫСЫ  ҒАЛЫМ  МАХМҰТБАЙҰЛЫ 

«ЖАҢАҚОРҒАН – ЕРКІН БИЗНЕС АЛАҢЫ» ЖОБАСЫНЫҢ МАҚСАТЫН ТҮСІНДІРДІ. 

АЛ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҒАЛЫМЖАН СОПБЕКОВ ПЕН СӘУЛЕТ ЖӘНЕ 

АРХИТЕКТУРА  БӨЛІМІНІҢ  БАСШЫСЫ  ЗЕЙНУЛЛА  ӘШІРБЕКОВ  КӘСІПКЕРЛІККЕ 

ЫНТАЛЫ ТОП ҮШІН ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АЙТТЫ.



МАҚАЛАНЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН 

ГАЗЕТТІҢ КЕЛЕСІ НӨМІРІНЕН ОҚИ АЛАСЫЗДАР. 

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

4

БЕТТЕ

4

БЕТТЕ



2

Жаңақорған 

            тынысы

№67 (8088) 5 ҚЫРКҮЙЕК, 2017 - СЕЙСЕНБІ

http://zhanaqorgan-tynysy.kz

№160 орта мектеп ауласына жианалған ата-аналармен ұстаздар қауымы 

«Білім  күні»  мерекесіне  арналған  концерттік  бағдарламаны  тамашалады. 

Әдемі  бимен  өрілген  мерекелік  кешті  мектеп  директоры  Жанаділ  Ибраги-

мов ашып берді. Мерекемен көпшілікті құттықтап, оқушылардың қадамының 

сәтті болуын тіледі. 

– Өткен оқу жылы біздің мектеп үшін жаман болмады. Нәтиже жыл сай-

ын жақсарып келеді. Былтыр білім ошағын тәмамдаған жеті түлектің бесеуі 

ҰБТ-ға  қатысып,  жоғары  балл  жинай  алды.  Бір  алтын  белгіміз  бар.  Әрі, 

жоғары  оқу  орынының  грантын  жеңіп  алды.  Бұл  да  ұстаздардың  жемісі. 

Осындай сапалы еңбектің арқасында 2016-2017 оқу жылында үздік бестікке 

ендік. Сондықтан, осы деңгейде түсіп қалмай, жүйелі жұмысты жалғастыра 

берулеріңізге сәттілік телеймін, – деді мектеп басшысы. Әрі, ерен еңбегімен 

көзге түскен мектеп тәлімгерлерін кәсіподақ ұсынған «Алғыс хатпен» мара-

паттады.


Иә,  небәрі  653  тұрғыны  аядай  ғана  ауылдағы  бұл  білім  шаңырағының 

ашылғанына биыл он жыл болыпты. Дегенмен көрсеткіш жоғарылап келеді. 

Мәселен,  2015-2016  жылғы  оқу  жылындағы  ҰБТ  қорытындысы  85  баллды 

көрсетсе, былтырғы жыл 89-ды құрап отыр. 2017-2018 оқу жылында да жо-

спар бар екені айқын. Жалпы, 138 шәкірт бүгінгі күні осы білім ордасында 

тәлім алуда екен.

Келесі кезекте ауыл әкімі Ербол Әльменов, ауылдың ақсақалдар кеңесінің 

төрағасы Қуанышбек Мейірбеков жерлестеріне жылы лебізін, ыстық ықыласын 

білдіріп, білім күнімен тұспа-тұс келген құрбан айт мерекесімен құттықтады. 

Жаңа  оқу  жылында  жаңа  табыстарға  жете  берулеріне  тілектестік  білдірді. 

Одан  әрі,  мектеп  табалдырығын  алғаш  аттағалы  отырған  кішкентайлар 

тақпақтарын оқыды. Вальс биі биленді, мұғалімдер құрметіне «Ұстазым» әні 

шырқалып, алғашқы қоңырау соғылды. 

– Қасиетті құрбан айт мерекесімен бірге келген білім күнін жақсылыққа 

жоримыз. Шүкір дейік, ауыл тынысы, білім сапасы жақсарып келеді. Бала саны 

да көбеюде. Енді тек жақсы оқып, осы мектептен сапалы білім алып шығу ке-

рек. Себебі, келешек бүгінгі ұрпақтың қолында, сондықтан ұстаздарға да ар-

тылар жүктің салмағы ауыр екені түсінікті, – деді Замира Бәйменова әжей.



***

№166 орта мектебінде «1 қыркүйек – Білім күніне» орай «Сыңғырла күміс 

қоңырау» тақырыбында өткен мерекелік шара бірінші сынып оқушыларына 

естен кетпес көңіл-күй сыйлады. Қуанышты жүзді кішкентайлар тақпақ жат-

тап, мектеп жайында алғаш өлең шумақтарын оқыды.

Иә,  биыл  бұл  мектеп  табалдырығын  20  бала  аттағалы  отыр  екен.  Бір 

айта кетерлігі бұл білім ошағы да 2016-2017 оқу жылында бес түлегі ҰБТ-

ға  қатысып,  жоғарғы  оқу  орнының  білім  грантын  жеңіп  алған  еді.  Соның 

нәтижесінде мектеп үздік бестікке енген. Құралай Орынбасарова басшылық 

ететін мекемеде бүгінде 200 бала оқиды. 

Сонымен,  концерттік  бағдарлама  аясында  алдымен  ұстаздар  мен 

шәкірттерді,  ауыл  тұрғындарын  мектеп  директоры  құттықтап,  ізгі 

тілектестігін  жеткізді.  Оқушылар  әндерді  әуелетті.  Жайсанкүл    Байбатыро-

ва  жетекшілік  ететін  бірінші  сынып  оқушылары  сап  түзеп  ортаға  шығып, 

жаттаған тақпақтарын айтып, ата-аналарды бір серпілтіп тастады.  

–  Мен  бүгін  мектепке  алғаш  рет  келіп  тұрмын.  Сабақты  жақсы  оқып, 

өскенде  үлкен  жетістіктерге  жеткім  келеді.  Ол  үшін  осы  мектептен  жақсы 

білім  алуым  керек,  –  дейді  Мерей  Сұлтанбек.  Бұл  білім  ошағының  жеткен 

жетістіктері  толағай  екен.  Мәселен,  биологиядан  Республикалық  пәндік 

олимпиада  да  Ұлбосын  Сұлтанбек,  математика  пәнінен  Нұрдаулет  Нұралы 

және  ағылшыннан  ҚЫМБАТ  Мұсылманбек  жүлделі  орындардан  көрініпті. 

Ал, жетінші сынып оқушысы Сәкен Мәжит қазақ күресінен 32 келі салмақта 

облыстық  біріншілікте  алтыннан  алқа  тағынған.  Міне,  Екпінді  ауылындағы 

білім шаңырағының жетістігінің бір парасы осындай.

Қорыта айтқанда, бүгінгі бала ертеңгі ел болашағы. Сондықтан, оларға са-

палы білім мен саналы тәрбие берудің маңызы зор. Осындай жауапкершілікті 

арқалаған педагогтар жаңа оқу жылында жұмысқа кірісті. 

Әлібек ТЕМІРБЕК.

Білім және ғылым министрі 5 күндік оқу 

аптасын енгізудің ең маңызды механизмдері 

жайлы  түсініктеме  берді.  Ата-аналар 

мен  оқушыларды  каникулдар  мерзімінің 

қысқаруы  мүмкін  деген  ой  мазалап  отыр. 

5  күндік  оқу  аптасына  келер  болсақ,  оның 

енгізілуі  үшін  министрлік  тараптан  барлық 

жағдай  жасалып  жатыр.  Бұл  тұста  ерек-

ше атап өтер жайт, оқу жылының ұзақтығы 

өзгермей, үйреншікті тәртіп сақталады. 

Оқу жылы еш өзгеріссіз қыркүйекте баста-

лып, әдеттегідей 25 мамыр күні аяқталмақ. 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  «Орта 

білім  беру  ұйымдарында  2017-2018  оқу 

жылының басталуын, ұзақтығын және дема-

лыс кезеңдерін айқындау туралы» бұйрығы 

маусым айында шықты. Онда оқу жылының 

ұзақтығы  мектепалды  дайындық  сыныпта-

рында 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда 33 оқу 

аптасы, 2-11-сыныптарда 34 оқу аптасы деп 

белгіленген. 

Каникулдар  ұзақтығы  да  өзгермейді. 

1-11  сыныптарда  күзгі  каникул  –  7  күн, 

қысқы  –  10  күн,  көктемгі  –  13  күн.  Мекте-

палды  даярлық  сыныптарында  күзгі  кани-

кул – 7 күн, қысқы – 14 күн, көктемгі – 15 

күн, сондай-ақ бүлдіршіндер үшін 1-7 ақпан 

күндері  аралығында  7  күндік  қосымша  де-

малыс белгіленді. Балалар жүктемесін азай-

ту  бағытында  да  жүйелі  жұмыс  жүргізіліп 

келеді. 


Естеріңізде  болса,  былтыр  ата-аналар 

қоғамдастықтары 

мен 

сарапшылардың 



ұсыныстары бойынша үй тапсырмаларының 

көлемі  азайтылған  болатын.  Министрлік 

үй  тапсырмаларын  орындау  бойынша 

методикалық  ұсынымдарды  бекітті.  Демек, 

үй  тапсырмаларын  орындауға  жұмсалатын 

уақыт,  бұрынғы  жағдаймен  салыстырғанда 

үштен  бір  бөлікке  қысқармақ.  Үй  тапсыр-

масын  орындауға  2  сыныпта  50  минуттан, 

3-4  сыныптарда  70  минуттан,  5-6  сынып-

тарда  90  минуттан,  7-9-сыныптарда  110 

минуттан,  10-11  сыныптарда  130  минут-

тан  аспауы  тиіс.  Үй  тапсырмалары  мере-

ке  күндеріне  және  каникулдық  кезеңдерде 

берілмейді.  Тек  көркем  әдебиетті  оқуға, 

жобалық  жұмыстарды  орындауға,  ма-

тематиканы  тереңдетіп  оқуға  арналған 

есептерді  шығаруға,  сондай-ақ  1-сынып 

оқушыларының екінші жартыжылдықтан ба-

стап  оқу  дағдыларын  жақсартуға  қатысты 

тапсырмалар  ғана  ерекше  жағдайлар 

ретінде қарастырылған. 

Сонымен  қатар  жаңа  оқу  жылынан  ба-

стап  сабақ  ұзақтығы  40  минут  болмақ. 

Мұндай  тәртіп  Назарбаев  зияткерлік  мек-

тептерде қалыптасқан. Демек, 40 минуттық 

сабақ кестесінде күніне 30 минут уақыт «бо-

сайды». Сондықтан қосымша сабақ қосылған 

жағдайдың  өзінде  оқушылар  мектеп-

те  әдеттегіден  тек  10  минут  артық  өткізіп, 

жүктемесі  айтарлықтай  өзгермейді.  Оқу 

бағдарламалары мен әрбір пәнді меңгеруге 

бөлінген  сағаттар  саны  өзгермейді.  Жаңа 

санитарлық ережелер бойынша мектептердің 

1-11-сыныптарында  5  күндік  оқу  аптасын 

енгізуге  рұқсат  беріледі.  Бұл  жалпы  орта 

білім  беретін  және  дарынды  балаларға 

арналған  мамандандырылған  мектептердің 

барлығына  да  қатысты.  Мектептердегі  оқу 

жүктемесінің  көлемі  5  күндік  оқу  аптасына 

бөлу  оңай.  Гимназиялар  мен  лицейлердегі 

жағдай  біршама  күрделірек.  Бүгінгі  жал-

пы  білім  беретін  мектептердегі  үлгілік  оқу 

жоспарларына  сәйкес,  1-11-сыныптардағы 

апталық оқу жүктемесінің максималды шама-

сы 24 сағаттан 39 сағатқа дейінгі мөлшерде. 

Жаңа  санитарлық  ережелерде  осындай 

жүктеме  қарастырылған.  Ал  күнделікті 

жүктемені,  басқаша  айтқанда,  күніне 

қанша  сабақ  болу  керектігін  әр  мектеп  өз 

мүмкіндіктері мен жағдайын ескере отырып, 

өздігінен белгілейді. Әрине, сабақтар кестесі 

ата-аналар комитетімен келісілуі тиіс. Бұл да 

мектептерде құрылып жатқан қамқоршылық 

кеңестерінің,  жалпы  қоғамның  өкілеттілігі 

мен жауапкершілігінің жылдан жылға артып 

келе жатқанының белгісі. 

5  күндік  оқу  аптасын  енгізудің  негізгі 

мәні  –  балаларымызға  2  күндік  дема-

лыс  беру.  Министрлік  бұл  үшін  барлық 

қажетті  жағдайлар  мен  мүмкіндіктердің  бо-

луын  қамтамасыз  етеді.  Біздің  ойымыз-

ша, министрлік әр мектептің сабақ кестесін 

белгілеп,  бекітуге  араласпауы  тиіс.  Бұл 

мәселені  әрбір  мектеп  өздігінен  шешеді. 

Мысалға, мектепте барлық сабақтар бір ау-

ысыммен өткізілсе немесе мектеп көлемі мен 

кабинеттер саны 5 күндік оқу аптасын екі ау-

ысымда жүргізуге мүмкіндік берсе, онда мек-

теп басшылығы қамқоршылық кеңеспен не-

месе  ата-аналар  комитетімен  келісіп,  жаңа 

тәртіпке көшуді таңдай алады. Мектептердің 

басым  көпшілігінің  «бескүндікті»  таңдау 

мүмкіндіктері  бар.  Оқу  процесі  3  ауысым-

да  жүргізіліп  жатқан  мектептердің  мұндай 

тәртіпке көше алмасы түсінікті. 

Жоғарыда  айтылғандай,  гимназиялар 

мен лицейлерде 5 күндік оқу аптасын енгізу 

–  күрделірек  мәселе.  Мұндай  мектептерде 

негізгі жүктемеден бөлек гимназиялық және 

лицейлік  компоненттер  болады.  Еліміздегі 

7100 мектептің 300-ге жуығы – гимназия мен 

лицейлер.  Ондағы  бастауыш  сыныптарда  5 

күндік  оқу  аптасын  енгізу  мүмкіндігі  бар. 

Жоғары сыныптар жағдайына келер болсақ, 

гимназия-лицейлерде 

үйірмелік 

және 

жобалық  жұмыстар  көлемінің  біршамасы 



сенбі  күндеріне  жүргізуге  мәжбүр  бола-

ды.  Бұндай  жағдайда  біз  сенбі  күндеріне 

күрделі  пәндерді  қоймай,  мәселен,  дене 

шынықтыру,  бастапқы  әскери  дайындық 

бойынша сабақтар мен үйірмелік жұмыстар, 

байқаулар  мен  экскурсиялар  өткізуді 

ұсынамыз.  Бұл  тұста  кейбір  пәндер  бойын-

ша сабақтардың музейлер мен басқа да та-

рихи,  мәдени  нысандарда  өткізу  қажеттігін 

ескерсек, кейбір сабақтарды мектептен тыс 

жерлерде  өткізу  мүмкіндігі  бар  екендігін 

ұмытпаған жөн.

Дайындаған 

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.

Төрге 


оз, 

елімнің 


ұланы, 

Сөнбесін 

білімнің 

шырағы!




МӘНІ НЕДЕ?

КҮНДІК ОҚУДЫҢ

ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ. АТА-АНАЛАР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БЫЛТЫРДАН 

БЕРІ АЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАҢАЛЫҒЫ – МЕКТЕПТЕРДЕ 5 КҮНДІК ОҚУ АПТАСЫН ЕНГІЗУ 

МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ «БҰЛ ИДЕЯ ҚАШАН ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ?», «ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАНША КҮНГЕ 

ҰЗАРУЫ МҮМКІН?» ДЕГЕН САУАЛДАР ҚОЙЫП ОТЫР, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ.

СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ

СӘЛЕМ САҒАН,

МЕКТЕБІМ!

ҚАЗАҚТЫҢ МАҢДАЙЫНА 

БІТКЕН БІРТУАР АҚЫН, АЙТЫ-

СКЕР МАНАП АУЫЛЫНДА ДА 

ҚОҢЫРАУ ҮНІ ЕСТІЛДІ. ҚОЛ 

ҰСТАСҚАН 20 БАЛА АЛҒАШ 

РЕТ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН 

АТТАҒАЛЫ КЕЛІПТІ. КӨҢІЛДЕРІ 

АЛАҢДАУЛЫ БОЛҒАНЫМЕН 

ОЛАРДЫҢ КӨЗДЕРІНДЕ ҚУАНЫШ 

ЛЕБІ СЕЗІЛЕДІ.

ІЛІМНІҢ ІЗІ – 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 304.44 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет