2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Гауһар СҰЛТАНбЕКҚЫЗЫ,   

Төле би атындағы №8 гимназияның 

3 «А» сынып оқушысы.

 

„

1991 жылы 



туған Тәуелсіздіктің 

құрдастары да 

25-ке келді. Жаңа 

өмірге қадам 

басып, ел еңсесін 

биіктетуде олардың 

да азаматтық 

позициясы биік.

Жедел жасақ 

сарбазы

Арайлым ШАбДЕНовА 

Сондай азаматтың бірі – Бақдәулет Бекзатов. Бақдәулет Жамбыл ауда-

ны, Қаракемер ауылында дүниеге келіп, Төле би атындағы орта мектепті 

тәмамдаған. Бала күнінен аттың құлағында ойнап, ұлттық ойындардың 

қадір-қасиетін ұғынып  өскен ол спортқа  бейім болды. Бақдәулет 

спорттың мейбукан годзю-рю каратэ-до түрін игерген. Спорттың бұл 

түрі бізге жапондықтардан келген. Ол «қарусыз қолмен қорғану» дегенді 

білдіреді. Бақдәулет - Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ 

экономикалық университетінің түлегі. «Экономист» мамандығын алып 

шыққан Егемендіктің құрдасы халықаралық додалардың чемпионы. 

2012 жылы Ресейдің Томск қаласында өткен халықаралық турнир-

де ел намысын қолдан бермей, Туымызды көкке желбіреткен. Осы 

жылдың күз айында Қытай мемлекетінің Гонконг қаласында, 2013 

жылдың көктемінде Чехия Республикасының  астанасы Прагада да 

ел қоржынына алтын салған. Сондай-ақ ол АҚШ-тың Сан-Франциско 

қаласында 75 келі салмақта өнер көрсетіп, Халықаралық чемпионатта 

әлем чемпионы атанған. Бақдәулет бүгінде Халықаралық дәрежедегі 

спорт шебері. Ол 2008-2013 жылдар аралығында Алматы қаласындағы 

мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттыққан. 

Жаттықтырушысы– Мейбукан годзю-рю каратэ-до федерациясының 

президенті Нұрлан Керімбаев. 

Бақдәулет Мұхтарұлы бүгінде облыстық ішкі істер департаментінің 

жылдам қимылдайтын жасақ бөлімінде қызмет етеді. Жасақ қылмысқа 

қарсы күресте қашанда алғы шепте жүреді. Демек, оларға артылған 

жауапкершілік те ауыр. Қарулы қылмыскерлерді құрықтап, аса ауыр 

құқық  бұзушылықтарды  ауыздықтауда  жасақ  сарбаздары  талай 

рет  өздерінің  нағыз  біліктіліктері  мен  кәсібиліктерін,  анттарына 

адалдықтарын дәлелдеп берді. Еліне талмай қызмет етуді алдына мақсат 

етіп қойған Бақдәулет те осы санатта. 

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Егеменді еліміздің жарқын 

болашағы – бүгінгі жастар» – деді. Демек, Қазақстанның болашағы – біз, 

Тәуелсіздік құрдастары,– дейді Тәуелсіздіктің төл құрдасы Бақдәулет. 

10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



ОРТа

Еліміздің ертеңі - біздер!   

Болашағымыз жарқын!  

Шынболат СЕЙДУАЛиЕв

Қазақстан Республикасының Тұңғыш 

Президенті  күніне  орай  өткізілген 

жиынға жоғары оқу орнының студенттері, 

түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары 

және  үкіметтік  емес  ұйым  мүшелері 

қатысты.  Форумды  Тараз  мемлекеттік 

педагогикалық институтының ректоры 

Дария Қожамжарова кіріспе сөзбен ашып, 

шараның  мәні  мен  маңызына  кеңірек 

тоқталды.

 - 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет 

басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев 1 желтоқсанда аталып өтетін 

жаңа  мемлекеттік  һәм  бүкілхалықтық 

мереке  –  Қазақстан  Республикасының 

Тұңғыш  Президенті  күнін  белгілейтін 

Заңға қол қойды. Бұл – егемен еліміздің 

жаңа  тарихындағы  ерекше  күн.  Бұл  – 

бүгінде Ұлт көшбасшысының биік саяси 

бейнесі,  зор  тарихи  тұлғасы  ұлтымен 

ажырамас егіз ұғымға айналғандығының 

айқын көрінісі. Бұл – Елбасының сын-

дарлы  саясаты  арқасында  елімізде 

әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-

саяси реформалар табысты жүзеге асып, 

Қазақстанды жаңа ғасырдағы бәсекеге 

қабілетті мемлекет ретінде әлемге паш 

етуінің  тағы  бір  айқындала  түсуінің 

нышаны. «Кемел елдің келешегі - жас-

тар»  деп  білетін  Елбасы  жастарға, 

яғни Сіздерге үлкен сенім артып отыр. 

Сіздердің  басты  құндылықтарыңыз 

тәуелсіздік  болуы  керек.  Алаштың 

ардақты перзенті, айтулы ақын Мағжан 

Жұмабаев «Арыстандай айбатты, Жолба-

рыстай қайратты» деп әспеттеген бүгінгі 

ұрпаққа  еліміздегі  ырысты  ынтымақ 

пен  тату  тірлікті  қастерлейтін  үлкен 

жауапкершілік  жүктеліп  отыр.  «Отан-

ды сүй, елге қызмет ет» деген Елбасы 

өсиеті  де  осыған  саяды,  –  деді  Дария 

Пернешқызы.

Сондай-ақ  форум  барысында 

«Қазақстан–Тараз» телеарнасының дирек-

торы, Жамбыл облыстық мәслихатының 

депутаты  Мейрамбек  Төлепберген, 

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ас-

самблеясы хатшылығының меңгерушісі 

Маржан Қожаева, Тәуелсіздік құрдасы, 

Тараз қалалық мәслихатының депутаты 

Серікбол Берікқожа, Жамбыл облыстық 

кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлсін 

Орынбаева,  ТарМПИ  «Тарих  және 

әлеуметтік  педагогика»  факультетінің 

деканы  Зағира  Тоқбергенова  және                       

ТарМПИ  Студенттік  ректоры,  «Физи-

ка-математика»  факультетінің  2-курс 

студенті  Диас  Бәйдібек  сөз  сөйлеп, 

мерекенің  ауқымдылығына  тоқталып, 

еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының 

жүзеге асырылуы мен облыс жастарының 

өзге де мәселелері туралы сөз етті. 

Шара барысында Тараз мемлекеттік 

п е д а го г и к а л ы қ   и н с т и т у т ы н ы ң 

«Жібек  жолы»  халықтық-эстрадалық 

оркестрі,  «Көне  Тараз»  фольклорлық-

этнографиялық, «Томирис» және «Салта-

нат» секілді би ансамбльдері сынды өнер 

ұжымдарының  қатысуымен  мерекелік 

концерт  ұйымдастырылды.  Сондай-ақ 

Елбасы Н.Назарбаевқа арналған «Дана 

тұлға – дара тұлға» атты кең көлемді кітап 

көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.  

халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып 

отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, 

ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, 

Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  

қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге 

айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.  Сондықтан 

жастар осы жеткен жетістіктерді сақтап, одан әрі дамыту жолында 

аянбай еңбек етуі керек. Бүгінгі шара - соның айқын бір дәлелі, - 

дейді Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыру бөлімінің басшысы 

Айбек Кадралиев.   

Мұнан кейін колледжде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда 

тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерімізді айқындайтын түрлі 

кітаптар қойылыпты. Сондай-ақ мұнда Елбасының жыл сайынғы 

дәстүрлі    Жолдауларына  да  орын  берілген  екен.  Студенттер 

кітаптармен танысып, егемендік жылдарындағы елеулі оқиғаларды 

танып білді. 



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

сПОРТ


11

Аталған  оқу  орнының  құрама 

командасы    еліміздің  жоғары  оқу 

орындары арасында футзалдан өтетін 

жыл сайынғы Студенттік лига ойын-

дарында биыл алғаш рет бақ сынап, 

үздік нәтиже көрсетіп отыр. Алматы 

қаласында  ҚР  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығына орай ұйымдастырылған 

сайысқа еліміздің барлық аймағынан 

19  команда  қатысып,  бақтарын 

сынаған болатын. 

ТарМПИ «Өнер және мәдениет» 

факультетінің  «Дене  шынықтыру» 

мамандығының  студенттерінен 

құрылған құрама команда тәжірибесі 

аз  болса  да,  топтық  кезеңнен 

іркілмей  өткен.  Ширек  финал-

да  Семей  мемлекеттік  медицина 

университетінің  жігіттерін  оңай 

жеңген.  Ал  жартылай  финалда 

Е.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 

мемлекеттік  университетінің  фут-

залшыларын  8-6  есебімен  қапыда 

қалдырып,  Студенттік  лиганың 

ақтық  кезеңіне  шыққан.  Басты 

бәсеке жолында ТарМПИ студенттері 

Халықаралық ақпараттық технологи-

ялар университетінің командасымен 

кездесіпті.  Тартысты  бәсекеде  на-

мысты қолдан бергісі келмеген қос 

командадан  да  матчтың  небары  5 

минутында бір-бір ойыншы қуылған. 

Дегенмен  Студенттік лигада ысылып-

төселіп  қалған  алматылықтар                                                                                

ТарМПИ құрамасының қақпасынан 

2  рет  саңылау  тауып  кеткенімен, 

 

„

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының аяқдоп шеберлері студенттік лига ойындарының 



күміс жүлдесін жеңіп алды.

ЖеңімПазДарға ҚолДау 

көрсеТілДі

 

„

облысымыздың спорт саңлақтары                  



2011 жылдан бергі аралықта қоржынымызға 

5 мың 88 медаль салыпты.

 

„

су добынан біздің құрамамыз қолаға қол жеткізіп, Әлем чемпионатына берілген 



лицензияны еншіледі. 

Жетістік аз емес, 

алар асу одан көп

Әлем біріншілігіне қатысады

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «25 жұлдызды 

күн»  аясында  еліміздің  намысын  абыроймен  қорғаған  спорт 

шеберлерімен кездесу өтті. Кездесуге Әлем чемпионатының 5 

дүркін жеңімпазы, самбошы, Еңбек сіңірген спорт шебері Алмас 

Мұсабеков, Афины Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер 

кубогының иегері, даңқты боксшы Бақтияр Артаев, 3 дүркін әлем 

чемпионы, 2 дүркін Әлем кубогының иегері, кәсіби қол күресшілер 

арасындағы құрлықаралық белбеудің иегері Дмитрий Трубин мен 

өзге спортшылар және бапкерлер қатысты. 

Жиында құттықтау лебізін білдірген облыс әкімінің орынбасары 

Ерқанат Манжуов спортшылар мен бапкерлердің өлшеусіз еселі 

жетістіктері өскелең ұрпақ үшін өнеге екендігін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ Бақтияр Артаевтай даңқты спортшының томағасын 

сыпырған білікті бапкер Нұрлан Ақүрпеков жетістікке жетудегі 

үлкен күш Елбасының спортқа деген зор қолдауы мен сенімі 

екендігін баса айтты. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген 

бапкер мемлекеттің жасап жатқан жағдайына көңілі толатындығын 

да жеткізді. 

Басқосу барысында облыс әкімдігінің дене шынықтыру және 

спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков өңірдегі 

спорт саласының жағдайына тоқталды. Оның сөзінше, тәуелсіздік 

алғаннан бергі уақытта облыста 62 спорт нысанына қайта жөндеу 

жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілген. 

- Өңірде 2011 жылдан бастап спортшыларымыз әлем чемпио-

наттары мен кубоктарында, сондай-ақ Азиада жарыстарында 613 

медальге қол жеткізді. Оның 276-сы алтын, 176-сы күміс болса, 

161-і қола медаль. Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында  

бас-аяғы 3766 медаль еншілегенбіз. Ал халықаралық турнирлерде 

709 жүлде алдық. Егемендік жылдары 4 жылдықтың басты бәсекесі 

Олимпиадаларда 9 медаль еншімізге жазылған. Сонымен қатар 

Сурдлимпиада және Паралимпиада ойындарында 2 рет тұғырдың 

ең биік сатысынан көріне білдік, - дейді облыстың бас спортшысы 

Гамлет Қайнарбеков. 

Ватерполдан  еліміздің  әйелдер  құрамасы  облысымыздың  «Айша-Бибі» 

командасының негізгі ойыншыларынан жасақталған. Аталған құрама Токио 

қаласында өткен құрлықаралық турнирдің қола жүлдегері атанып қайтты. 

Жалпы құрлықаралық турнир екі жылда бір рет ұйымдастырылып отырады. 

Жапония төрінде өткен бәсекеге 700-ден аса спортшы қатысқан. Ондағы сайыс 

су добы, трамплиннен секіру, классикалық және синхронды жүзу бойынша 

медальдерді сарапқа салды. Жарыстың алғашқы күні ватерполшыларымыз Гонконг 

құрамасын 22-1 есебімен оңай жеңсе, Тайланд құрамасын да 19-5 есебімен ұтып 

кетті. Мұнан кейін құрамамыздың қыздары азулы Қытай құрамасымен кездесті. 

Тәжірибелі қытайлықтар осыған дейін Рио Олимпиадасында да өнер көрсеткен 

еді. Олармен болатын ойын легінің оңай болмайтынын қыздарымыз алдын ала 

сезген де болатын. Текетіреске толы өткен ойын 7-8 есебімен аспанасты елінің 

пайдасына шешілді. Келесі ойын көрші Өзбекстан құрамасымен болып, оларды  

15-4 есебімен қапыда қалдырды. Мұнан кейін алаң иелерімен өткен қиын ойында 

ватерполшы қыздарымыз Жапония құрамасының қақпасына 10 доп ұрса, олар 

біздің қақпамыздан 7 рет саңылау таба білді. Ал қола медаль үшін Сингапурмен 

болған тартысты бәсекеде қыздарымыз айқын басымдылық танытып, 13-1 есебін 

көп ұзамай жігерлі жігіттер есепті 

теңестірген.  Бірақ  тәжірибелі 

қарсыластар  ойын  аяқталар  тұста 

есепті  еселеп  кеткен.  Қорытынды 

есеп - 2-4. Лигаға алғаш рет қатысқан 

ТарМПИ ұжымы Алматыдан күміс 

жүлдені қанжығалап қайтып отыр. 

Оқу орнының абыройын асқақтатып 

қайтқан футзалшы жігіттерді елеусіз 

қалдырмаған  ТарМПИ  ректоры                                                                         

Дария  Қожамжарова  қабылдап, 

құрмет  көрсетті.  Басқосуда  инсти-

тут басшысы болашағынан зор үміт 

күттіретін  аяқдоп  шеберлерінің 

жеңісті  жолы  оңай  келмегендігін 

алға тартып, оның артында бапкерлері 

мен  өлшеусіз  төгілген  тердің 

жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ ол 

құрама команданың барлық жігіттері 

мен  бапкерлеріне  ақшалай  сый-

сияпат көрсетіп, спорт бәсекесінде 

асықтарының үнемі алшысынан түсе 

беруін тіледі. Өз кезегінде команда 

ойыншысы Райымбек Қожамқұлов 

жарысқа қатысуға жағдай жасағаны 

үшін оқу орны басшылығына алғысын 

білдіріп, келесі жылдың мамыр айын-

да болатын Жазғы универсиада ойын-

дарында жеңімпаз болатындықтарына 

сенімді  екендіктерін  жеткізді.                            

Сонымен қатар спорт сайысына ко-

манданы басқарып барған ТарМПИ 

«Ұстаз» спорт клубының төрағасы 

Олжас  Сүлейменов  жарыстың  өту 

барысындағы  жігіттердің  еңбегін 

тілге тиек етіп, Дария Пернешқызына 

Студенттік  лиганың  төсбелгісін 

табыс етті. 

Ж и ы н   б а р ы с ы н д а   ж а с т а р 

арасындағы бокстан Азия және әлем 

чемпионы  Аман  Қазанқапов,  кик-

боксингтен  ересектер  арасындағы 

Әлем  кубогының  иегері  Арайлым 

Әуезова,  кикбоксингтен  ересектер 

арасындағы VII  Әлем  кубогының 

күміс  медаль  иегері  Алдияр                                                                                    

О р ы н б а й ,   с а м б од а н   ж а с т а р 

арасындағы  Әлем  чемпионатының 

қ о л а   ж ү л д е г е р і   А р а й л ы м                                                  

Шегенова,  д зюдо  күре сінен 

халықаралық жарыстың жеңімпазы 

Бекәділ Шаймерденов және күрестен 

Әлем чемпионатының қола жүлдегері 

Ғабит  Есжановтарға  да  институт 

басшылығы тарапынан сый-сияпат 

көрсетілді.

тіркеді. Құрлықаралық турнирдің қоласын қанжығаға 

басқан құрамамыз келесі жылы Венгрия елінде жалауы 

түрілетін Әлем чемпионатына лицензияны қоса ұтып 

қайтты. Токиодағы жарыста Айжан Ақылбекова, Ана-

стасия Миршина, Камила Закировалар үздік ойыншылар 

ретінде танылды.

Сонымен  қатар  «Айша-Бибі»  командасы  Ресей 

біріншілігінде де өнер көрсетіп жүр. Кириши қаласында 

Ресей біріншілігінің екінші тур ойындары өтті. Бұл 

турға 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. 

Аталған  турда  біздің  мақтаулы  командамыз  «А» 

тобында сынға түсті. Біріншіліктің алғашқы күні ва-

терполшыларымыз Мәскеудің «СКИФ» командасына 

қарсы тұрды. Аталған команда Ресей чемпионатының 

көшбасшы командаларының бірі екенін ескерсек, біздің 

қыздарымызға ойын оңайға түсе қоймаған. Дегенмен 

осалдардың қатарынан табылмайтын біздің команда 

5-5 есебімен тең түсті. Мұнан кейін спортшыларымыз 

Ресей біріншілігінің өткен жылғы жеңімпаздары «Ки-

неф-Сургутнефтегаз» командасымен бақ сынасты. Бұл 

сында жерлестеріміз чемпиондарға 4-16 есебімен жол 

берді. Дегенмен бұл жеңіліс командамыздың сағын еш 

сындыра қоймады. Кезекті ойында Нижний Новгородтың 

«Буревестник-ННГУ» командасын 12-9 есебімен ұтып 

кетті. Мұнан кейін де командамыз жеңісті жолын есе-

лей түсіп, «Кинеф-2» командасын 9-6 есебімен қапыда 

қалдырды. Ал турдың соңғы ойынында әулиеаталық 

ұжым Волгоград қаласының «Спартак» командасына 

8-11 есебімен жол беріп қойды. Бұл турдан кейін ко-

мандамыз Мәскеудің «СКИФ» командасымен 5-орынды 

өзара бөлісіп тұр. 

- Ұлттық құрамамыз - өте жас құрамалардың бірі. 

Мәселен, бізде 2000 жылы және одан кіші туылған 

қыздар ел намысын қорғап жүр. Қазіргі біздегі бас-

ты мақсат - 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада 

ойындарына  мықты  құрам  дайындап,  тыңғылықты                                                 

дайындалу, - дейді ватерполдан әйелдер құрамасының 

бас бапкері Алан Балфанбаев.    

Жеңісті күндер көп болғай!   

Қақпа алдындағы қарбалас.   

бетті дайындаған Шынболат СЕЙДУАЛиЕв.


12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

алуаН

Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күні 

«Тәуелсіздіктің жиырма бес шыңы» аясында 

ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралардың 

ЖосПары

«баласағұн» оКЗ

13 желтоқсан 2016 жыл

17.00

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің       

25 жылдығына арналған салтанатты 

жиналыс


15 желтоқсан 2016 жыл

11.00

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің                  

25 жылдығына орай Астана қаласында 

өтетін салтанатты жиналыс, мерекелік 

концерттің тікелей көрсетілімі

Қалалық мәдениет үйі 

7 желтоқсан 2016 жыл

10.00

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына орай «Тәуелсіз 

Қазақстан – менің мақтанышым» атты 

фестиваль,  тәуелсіздік жылдарындағы 

қала мектептерінің жетістіктерінің 

көрмесі

14 желтоқсан 2016 жыл

16.00

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің                          

25 жылдығына арналған «Қазақстанда 

жасалған» атты отандық өндірушілер 

жетістіктерінің көрмесі, салтанатты жиын 

және мерекелік концерт



«Арай» алқабы

10 желтоқсан 2016 жыл

11.00

Көп пәтерлі үйден тұрғындарға кілт 

тапсыру рәсімі

«Тараз - Арена» спорт кешені

9 желтоқсан 2016 жыл

16.00

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына арналған «Болашағымыз 

бірлікте» атты облыстық форум



Тараз инновациялық–гуманитарлық  университеті

8 желтоқсан 2016 жыл

11.00

«Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл» атты 

ғылыми-тәжірибелік конференция

 9 желтоқсан 2016 жыл

11.00

«Независимость - золотая строка в 

летописи Казахстана» атты дөңгелек 

үстел

 Жамбыл политехникалық колледжі 

8 желтоқсан 2016 жыл

11.00

«Біз – Тәуелсіз Қазақстанның 

келешегіміз!» атты жастар флешмобы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы

14 желтоқсан 2016 жыл

11.00

«Арайлы Астанам – бас қалам!» атты 

жастар акциясы



Төле би даңғылы мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысы

13 желтоқсан 2016 жыл

16.00

«Гүлденген Қазақстан» монументалды-

сәулеттік кешенінің ашылу рәсімі

16 желтоқсан 2016 жыл

10.00

Монументке салтанатты түрде гүл қою 

рәсімі

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші 

16 желтоқсан 2016 жыл

10.30

Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне 

салтанатты түрде гүл қою рәсімі

орталық «Достық» алаңы

16 желтоқсан 2016 жыл

18.00

«Тәуелсіздікке жол» атты 

театрландырылған көрініс, 

Қазақстанның эстрада әншісі Ернар 

Айдар және қала әншілерінің 

қатысуымен мерекелік концерт, сауда-

саттық,  отшашу

 

„

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді 



оқыту орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл аудандық бөлімшесі 

орналасқан  В.Чкалов  атындағы  орта  мектептің  мәжіліс  залында 

«мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» атты семинар өтті.

 

„

Желтоқсан айының басында «өрлеу» Баұо» аҚ филиалы Жамбыл 



облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру 

институтының ұйымдастыруымен Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығын 

мерекелеу іс-шара жоспарына сәйкес  Жамбыл ауданы абай атындағы 

орта мектеп базасында «отбасылық құндылықтар – тәрбие негізі» 

тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

„

адам табиғатында өмір бойы тазалықты сақтау, адамгершілік құндылықтарға 



үйрену,  жақсы  қасиеттерді  өз  бойына  дарыту  арқылы  кемелденуге  талпынады. 

сондықтан  жаман  мен  жақсыны  ажырата  біліп,  жаманнан  бойын  аулақ  ұстап, 

бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана өзінің өмірлік мұратын таба алады. 

Дегенмен кейбір жандар жаман қасиеттерге бой алдырып, есірткі, шылым, ішімдікке 

әуестеніп, денсаулығына немқұрайлы қараумен өзіне де, қоғамға да зиянын тигізетінін 

сезінбейді.

мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік тірегі

отбасылық құндылықтар – тәрбие негізі

есірткісіз болашақ таңдаймыз!

Семинарда  «Тараз-Достық»  білім  беру  орталығының  қазақ  тілі  мұғалімі  Сандуғаш                        

Мамбетиярова «ҰБТ-ның жаңа форматына сәйкес «Оқу сауаттылығы» пәнінен мәтін-сұрақ 

шешу жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетсе, «Rose Kaplan» ағылшын тілін 

оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушылары Найля Байрамова, Сара Альжанова «The 

modern methods of teaching speaking skills» тақырыбында сабақ өтуде өз тәжірибелерімен 

бөлісті. Сонымен қатар Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары П.Маханова «Жамбыл 

ауданына саяхат», А.Сейтқадірова  «Our Kazakhstan», Г.Исабекова «Гордость казахского на-

рода - Жамбыл Жабаев» тақырыптарында шеберлік сабақтарын көрсетті. 

Шара соңында Тілдерді оқыту орталығының директоры Жамбыл Ізтұяқ  Жамбыл аудандық 

бөлімшесінде деңгейлік топтарды оқып бітірген тыңдаушыларға сертификат тапсырып, семи-

нар барысындағы баяндамалар, әртүрлі форматта құрастырылған сабақ үлгілері жинақталған 

арнайы әдістемелік көмекші құралды қатысушыларға таратып, сертификат тапсырды. 


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Хандықтың тойы халықтың тойы №41 (1276)

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет