2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында



жүктеу 0.99 Mb.

бет4/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

деп жұлқынған жалынды жастар «Тәуелсіздік! Бостандық! елге азаттық беріңдер!» 

деген ұранмен алматының орталық алаңына шықты. Шыбын жанын шүберекке 

түйіп шайқасты. Шегінбеді. Қаршадай қыздар «елім» деп еңіреді, жігерлі жігіттер 

«тәуелсіздік» деп тоталитарлық жүйеге тас атып, түбегейлі қарсылық білдірді. 

Қаншама жастың өмірі қыршыннан үзілді. Бұл тарихи оқиғаға Жамбылдың жастары да 

үн қосты. 

Арайлым ШАбДЕНовА

Ресми түрде жарияланған деректер бой-

ынша,  «шеруге  қатысты»  деген  күдікпен 

Алматы қаласындағы ішкі істер органдарына 

2366 адам жеткізіліпті. Ал қалалық партия 

комитетінің 24 желтоқсан күнгі мәліметі бой-

ынша, «ұлтшылдық пиғылдағы арандатушы 

элементтер ұйымдастырған тәртіпсіздіктерге 

қатысты» деген күдікпен 2335 адам ұсталған. 

30 коммунистің дербес ісі қаралып, олардың 

25-і СОКП қатарынан алыстатылған. Сондай-

ақ 591 БЛКЖО мүшесінің дербес ісі қаралып, 

245  жас  комсомол  мүшесі  қатарынан 

қуылды»  деп  атап  көрсетілген.  Ресми  де-

ректерде қайтыс болған төрт адамның ғана 

аты айтылса, бейресми дереккөздер марқұм 

болғандар  санының  бұдан  әлдеқайда  көп 

екенін  мәлімдеп  келеді.  Сондай-ақ  осы 

көтеріліске қатысқан 99 жас азамат сотта-

лып, 264 студент оқудан шығарылған. Сол 

оқиға кезінде Желтоқсанның суық аязына 

тоңып, алаңда болған сұмдықты көздерімен 

көріп, тіпті Алматы секілді шаһардан алыс 

жатса  да,  жігері  жалындаған  жамбылдық 

жастар  өңір  жастарына  қозғау  салды. 

Сол  азаматтардың  бірқатарын  редакцияға 

шақырып,  әңгімелескен  едік.  Олардың 

дені – бүгінде ел ағалары. Еркін форматта 

өткен  басқосуды  бас  редактордың  орын-

басары  Ерман  Әбдиев  жүргізіп  отырды.  

Әңгіме  барысында  «Желтоқсан  ақиқаты» 

Патриоттық  қозғалысы»  Республикалық 

Қоғамдық бірлестігінің мақсаты мен міндеті 

туралы да сөз болды. Көздерінде намыс оты 

жанған  аға-әпкелеріміздің  айтқан  естелік 

әңгімелері  Желтоқсан көтерілісіне қатысқан 

азаматтардың  әлі  күнге  тиісті  бағаларын 

алмағандықтары төңірегінде өрбіді. Шындық 

қандай еді...

Санат Конарбаев, 

 «Желтоқсан ақиқаты» Патриоттық 

қозғалысы»  республикалық  Қоғамдық 

бірлестігінің Тараз қалалық филиалының 

төрағасы:

–  Ел  Тәуелсіздігінің  ширек  ғасырында 

еліміз  талай  тарихи  толқыныстар  мен 

қиын-қыстау  заманды  бастан  өткерді. 

Меніңше,  Желтоқсан  оқиғасына  «Ұлт 

азаттық көтеріліс»  деп баға берсе де қате 

болмас. Өйткені оқиға ол табан астынан бо-

латын жайт. Бүгінде «Желтоқсан ақиқаты» 

Патриоттық  қозғалысы»  Республикалық 

Қоғамдық  бірлестігінің  қалалық  филиа-

лында 16 мүше бар. Біз әлі де тұрғындар 

арасынан Желтоқсанға қатысқан азаматтар-

ды іздестірудеміз. Қоғамдық бірлестіктің 

мақсаты  –  қыршыннан  қиылып,  мұз 

жастанған, ар-намысы тапталған қазақтың 

ұл-қыздарының  ерлігін  кейінгі  жастарға 

насихаттау,  дәріптеу.  Сол  кездегі  қазақ 

қыздарын тумасын деп қарға отырғызған, 

жігіттердің  жыныстық  мүшесін  инемен 

шаншып  қорлағандары  бүгінгі  таңда 

енді-енді айтылып келеді. Тіпті, Алматы-

да  құқық  орындарының  қызметкерлері 

ұсталған  жастарды  тауға  апарып,  жеті 

түнде итке талатқан сол кездері. Осындай 

жантүршігерлік оқиғалардың барлығын тізе 

берсең, жүрегің сыздайды. Қазақ жастарын 

«ішкіш»,  «арандатушы»,  «есірткі  пайда-

ланатын нашақор» деп айыптап, қорлады. 

Ол  кезде  мен  Жамбыл  мәдени-ағарту 

училищесінде оқимын. 18 желтоқсан күні 

Алматыдан жатақханаға екі қыз келді. Екеуі 

де  жас.  Жігіттермен  жиылып,  келген  екі 

қызбен танысу мақсатында оларды  әңгімеге 

тартпақ болғанбыз. Бастарын таңып алған. 

Жәбірленгенін көрдік. Сұсты жүзбен бізге 

қарап: «Алматының азаматтары жан алысып, 

жан берісіп жатқанда, сендердің жүрістерің 

мынау,  қызға  қырыңдап»  –  деді  Гүлнар 

есімді қыз. Мән-жайды білген соң намысқа 

тырысып, жан-жақта не болып жатқанын 

сұрастыра бастадық. Ол кезде мұндай жайт-

тар радио, теледидардан берілмейді. Сөйтіп, 

Жамбылға  16-нан  басталған  көтерілістің 

дүмпуі  жетті.  Жоғары,  орта  арнаулы  оқу 

орындарының  мұғалімдері  мен  милиция 

қызметкерлері  есік-терезені  торуылдап, 

сағат сайын тексеріс жүргізіп, училищеге 

ешкімді  кіргізбеді,  шығармады.  Досым 

Қайрат екеуміз бөлмелерді аралап, естіген-

білгенімізді көрші бөлмедегілерге айттық. 

Сондағы  азаматтардың  барлығы  бізді 

қолдап,  алаңға  шығатындықтарын  айт-

ты.  Кешкі  сағат  11-де  тексеріс  біткеннен 

кейін,  терезеден  сыртқа  шықтық.  Келесі 

тексеріске  дейін  бір  сағатымызды  тиімді 

пайдалануымыз  керек.  Екінші  қабаттан 

төсек  жабдықтарын  байлап,  барлығы 

80-ге  жуық  жас  сыртқа  шықтық.  Соны-

мен  төменгі  көшемен  оқу  орындарының 

жанынан  өтіп  бара  жатып,  басқаларды 

да  өзімізге  қосылуға  үгіттеп,  айқайлап 

келеміз. Желтоқсан мен Пушкин көшесінің 

қиылысына  жеткенде,  соңымызға  түскен 

жасақты  байқадық.  Орталық  саябаққа 

жеткеніміз  сол  еді,  жан-жақтан  шамдар 

жағылып, әскери киінген шенділер алды-

мыздан кесе-көлденең шығып, дубинкамен 

оңды-солды ұра бастады. Қыздардың шашы-

нан сүйреп, көлікке лақтырды. Ол жерде 30 

қыз бен 3 жігіт ұсталды. Қалғандары қашып 

үлгердік. Мен соққының астында қалдым. 

Ол түні жатақханаға бармай, ағамның үйіне 

қондым. Таңертең мемлекеттік емтиханым 

бар етін. Диплом алатын уақытым еді. Оқу 

орнына  барғанымда,  мұғалімдер  түрімді 

көріп, менің де қатысымның барын біліп, 

жеке  кабинетке  барып,  сұрақтың  астына 

алып,  тергей  бастады.  Барын  баяндап 

бердім.  Маған  ең  жеңіл  жаза  «Оқудан 

шығарылдың» деді. Ол үшін қамықпадым. 

Ата-анамды  жұмыстан  шығарамыз  деді. 

Бірақ  ол  кісілер  зейнетте  еді.  Ешқайда 

жұмысқа тұра алмадым. Кейін ақиқат айты-

лып, шындық дәлелденгенде, мен ақталдым. 

Міне, одан бері 30 жыл өте шықты. Менің 

ғана емес, Желтоқсанға қатысушылардың 

барлығы  өздеріне  лайықты  бағаны  әлі 

алмағаны жараға тұз сепкендей жаныңды 

ауыртады. 

Эльмира оСПанова, 

облыстық  «Қан  орталығы»  КММ 

директорының орынбасары:

– Мектепті бітіріп, Әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың  «Заңгер»  мамандығы  бойын-

ша  1-курс  оқып  жүрген  кезім.  Сол  оқиға 

күндері университетке келіп, сабағымызды 

түгендеп  отырғанымызда  көрші  оқу 

орындарының жігіттері келіп, алаңда орын 

алып жатқан жайттар туралы айтты. Бала 

кезден бірбеткей, өжет болып өскендіктен, 

мен  бір  орында  отыра  алмадым.  Не  де 



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

даТа


9

болса  ол  жақты  өз  көзіммен  көремін  деп 

шештім.  Өзім  туысқан  әпкемнің  үйінде 

тұрамын.  18  күні  университетке  келіп, 

қыздарды жаныма жинадым. Бары бес қыз 

екен.  Жиналып,  автобусқа  міндік.  Көлік 

дәл алаңға тоқтау мүмкін еместігін айтып, 

жолдан түсірді. Қалың топтың ортасынан 

қалай шыққанымызды білмей қалдық. Ба-

сымызды көтеріп, алға қарай бергенім сол 

еді  «Қашыңдар!  Қашыңдар!»  деген  ащы 

дауысты  естідім.  Қолымнан  ұстап  келе 

жатқан Ақмарал есімді құрбымнан сол сәтте 

көз жазып қалдым. Ол қашып үлгергенімен, 

мен жерге құладым. Артқа қашқан адамның 

барлығы  үстіме  қатталып  құлап  жатты. 

Басқа  тиген  соққыны  сездім,  есімнен 

тандым. Бір көзімді ашқанымда, милици-

ялар  иттерді  студенттерге  қарай  босатып 

жіберді.  Ол  күннің  аязын  ұмыту  мүмкін 

емес еді. Аппақ қардың үсті қанмен боялды. 

Тұруыма көмектеспек болған адамның түрі 

бұлыңғыр,  есім  кіресілі-шығасылы.  Енді 

тұрдым  ба  дегенде,  дубинкамен  тағы  бір 

соққы  алдым.  Есімді  жисам,  шашымнан 

біреу сүйреп  барады. Жан-жағыма қарасам, 

соғыс  басталып  кеткендей.  Айқай-шу. 

Бір  қызды  соққыға  жыққан  жігітке  көзім 

түсіп кетті. Айуандар дерсің. Бар даусым-

мен  оларға  «Тиіспеңдер!»  деп  айқайлап 

жатырмын.  «Үніңді  өшір!»  деген  сөзден 

кейін,  соққы  алдым,  есімді  жоғалттым. 

Автобусқа  жеткенде,  оған  шығатын 

баспалдақ  тым  биік  болып  көрінді.  Мені 

ұстағандар бар салмақпен мені автобусқа 

лақтырып  жіберді.  Кейін  білгенімдей, 

қасымда  мен  секілді  40  бойжеткен  бо-

лыпты.  Автобусқа  ентігіп  жүгіріп  келген 

қазақ  жігіті:  «Қаракөз  қарлығаштарым, 

жыламаңдар! Қазақтың арулары жыламауға 

тиіс!»  -  деп  жігерлендірмек  болды  бізді. 

Өзінің түрі де оңып тұрғаны шамалы. Басы 

жарылған, үстінің бәрі қан. Екі әскери жігіт 

қолтықтап оны да күштеп алып кетті. Оған 

қарап санама «шегінерге жол жоқ, енді тек 

өлім  күтіп  тұр  бізді»  деген  оймен  өлімге 

іштей дайындалдым. Қаланы шарлап ұзақ 

жүрдік. Бағытымыз Қаскелең секілді. Жол-

жөнекей  автобустың  ішіндегі  бір  қыздың 

жан дауысы шығып қиналды. Көлік тоқтап, 

оны  айдалаға  тастап,  бетіне  қар  жауып,  

жөніне кете берді. Болысайын десем даусым 

шықпайды... Бізді мемлекеттің жауы ретінде 

көрді.  Қаскелеңге  келгенде,  айдаладағы 

тар, темір қораның ішіне бәрімізді  қамап 

тастады.  Аязға  бойымыз  үйреніп  кетті. 

Денеміз  ештеңені  сезбеді.  Аяқтарымды 

ұрсам,  жан  жоқ.  Тек  тоқылдаған  дауыс 

шығады.  Бұл  кезде  әркім  өзін  ойлайтын 

жағдай  болмады.  «Бәріміз  біріміз  үшін, 

біріміз бәріміз үшін» неге болса да дайын 

тұрдық. Жас шамасы менен үлкен келіншек 

қасыма  келіп:  «Сіңілім-ау,  жаурадың 

ғой» - деп мойнына оралған шәліні маған 

байлады.  Түріне  қарасам,  өзі  де  жетісіп 

тұрған  жоқ.  Тергеуге  екі  адамнан  алып 

кетіп жатты. Кезек менікі. Ішке кіргенімде, 

капитанның  тегі    Оспанов  екен.  Маған 

ағалық  қамқорлығын  көрсетіп:  «Пештің 

түбіне  жылы  жерде  жылынып  ал,  бар 

білетініңді бүкпесіз жазып бер. Олар бәрібір 

соңыңнан  қалмайды»  –  деді.  5-6  парақты 

кезек-кезек көшіріп, 08 нөмірімен суретке 

жан-жағымнан түсірді. Шамалы уақыттан 

кейін  сыртқа  шықтым.  Тергеу  біткеннен 

кейін бізді дәліздің соңындағы бос камераға 

алып баруды бұйырды. Ішке кіргенімізде, 

20-25  жыл  әлемнің  жарығын  көрмеген 

қылмыскерлердің осында екенін ескерткен 

сақшылар  дыбысымызды  шығармауды 

бұйырды.  Жылы  жерге  кіргеннен  кейін 

жаралардың  беті  жіпсіп,  солқылдата                                                                                       

бастады.  Қасымдағы  татар  қызы  ағып 

кеткен көзін ұстап, тапжылмай отырғанын 

қалай  ұмытайын?!  Түрмедегілер  бізді 

сезіп,  дауысымызды  естіді  ме,  өздерінің 

жағымсыз дауыстарын ұлып шығара баста-

ды. О баста бізге «Шындықты айтпасаңдар, 

солардың  қасына  салып  береміз»  деп 

қорқытқан  болатын.  Оны  естіген  қыздар 

сұраған  нәрселерін  жазып  беруге  дайын 

болды. Ұлыған дауыстарды естімес үшін, 

екі құлағымды қолыммен барынша жауып 

отырып  ұйықтап  кетіппін.  Оянсам,  күн 

бетіме  түсіп  тұр  екен.  Таң  атты  деп  топ-

шаладым.  «Оспанова,  сыртқа!»  дегенді 

естіп, есікке жақындадым. Сыртқа шықсам, 

жездем келіпті. Мені қаладан шықпау ту-

ралы  шешіммен  босатты.  Жарты  жылдан 

астам уақыт ауруханада жаттым. Бір аяғым 

толық жұмыс істеуден қалды. Содан оқудан 

қуылып, 1988 жылы Қарағанды медицина 

институтына  тапсырып,  ол  жерді  бітіріп 

шықтым.  4-ші  курста  оқып  жүргенімде, 

ҚазҰУ-ға  қайта  оқуға  алынғандығымды 

естідім. Бірақ бәрі кеш еді. Бүгінде 3 ұлдың 

анасымын. Желтоқсан көтерілісінің бейне-

жазбаларын қарасаңыздар, ішінен мені де 

көресіздер. Бірақ мен ол жазбаларды өзімде 

сақтамаймын. Жүрекке ұмытылмас сызат 

түсірген  сол  күннің  естеліктері  жадымда 

мәңгі  жатталған.  Менімен  бірге  қиын-

қыстауды  басынан  өткеріп,  тіпті  жастай 

үзілген өмірлердің үміті, арманы орындал-

май қалды деп ойлаймын. Оларға көрсетілер 

құрмет пен тағзым әлі ақсап келеді...



Мұрат бердалиев,

Жүйке аурулары интернат-үйінің ди-

ректоры:

–  1986  жылы  Алматы  медицина 

институтының  4-ші  курс  студентімін.  17 

желтоқсанға  дейін  алаңда  бейбіт  шеру 

болды. Ал кешкісін аласапыран басталды. 

18-і  күні  таңертең  қаланың  ортасынан 

адамдарды  көліктерге  салып,  құдды  бір 

қаланы «тазарту» болып жатқандай көрінді. 

Сабаққа барғанымда, басшылық бізді үйге 

тыныш қайтуымызды өтініп, таратты. Со-

нымен  қатарластарыммен  алаңға  барып, 

«Өзіміздің  құқығымызды  талап  етейік!» 

деп  үндедім.  20-ға  жуық  адам  алаңға 

шығамыз  дегенмен,  жолда  жартымыз 

ұсталды.  Қашқанымыз  қашып  үлгердік. 

Екі  жолдасым  түрмеге  түсті.  Түрмеде 

қазақ солдаттары қандастарымызға есікті 

ашып, сыртқы терезеден қашып шығуына 

көмектескен. Бір досым қашып үлгерген. 

Ал ұсталғандар соққының астында қалған. 

Ертесіне оны ауруханадан адам танымастай 

халде таптық. Барлығымызды институттан 

шығармақ  болды,  мен  деканның  орын-

басарына  барлық  мән-жайды  түсіндіріп, 

оқуда қалдым. Содан ел тәуелсіздігін алған 

1991 жылы «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») 

газетіне болған оқиғаның барлығын баян-

дап, мақала жаздым. Қабылдамады. Содан 

1993 жылы өздері мені іздеп тауып, мақалам 

жарық көрген еді. Әрине уақыт бәрін орнына 

қоятынына сенімдімін.

исмаил ХадЖиМураТов,  

«Желтоқсан  ақиқаты»  Патриоттық 

қозғалысы»  республикалық  Қоғамдық 

бірлестігінің  Тараз  қалалық  филиалы 

төрағасының орынбасары:

– Ол кезде Алматы ветеринарлық институ-

тында сырттай оқитынмын. Алматыға курстық 

және дипломдық жұмыстарымды тапсыру үшін 

келгенмін. Әйтеуір желтоқсанның басында 

Д.Қонаевтың тақтан кеткені туралы әңгіме 

ел арасында қызу талқыланып жатты. 16-сы 

күні институтқа келіп, жұмысымды бітірдім. 

Қыз-жігіттердің бейбіт шеруге жиналғандарын 

естідім. Мен де қосылдым оларға. Алғашқы 

күннің өзінде алаңда ине шаншыр жер бол-

мады. Барлығымыз «Менің Қазақстаным!», 

«Алатау» әндерін хормен орындап, алаңда 

«Әр  халыққа  өзінің  басшысы  керек!»  деп 

ұрандатып жүрміз. Бір мезетте халық екіге 

жарылып, үлкен автокөлік ортаға тоқтады. 

Ішінен шыққан адам есік-терезені ашып, өзі 

кетіп қалды. Көліктің іші толған арақ. Бір кезде 

көліктің жанына барып, бар даусыммен: «Бұл 

араққа ешқайсың жақындамайсыңдар. Ертең 

«қазақтың жігіттері ішіп алып, алаңда бүлік 

шығарды» деп айыптайды» – дедім. Сөзіме 

барлығы  құлақ  асты.  Осы  кезде  мен  үйге 

қайтуға беттегенмін. Көзім айқайлап жатқан 

егде әйел мен қолында баласы бар келіншекке 

түсті.  Әскерилер  оларды  күштеп  көлікке 

отырғызды. Шерудің ең алдында 3-4 қатар 

болып тұрған қазақ арулары екіге бөлініп, 

милиция  көлігінен  әйелдерді  шығарып, 

көлікті  төңкеріп,  өртке  орады.  Сол  кезде 

қазақ қыздарының қайсарлығы жігіттерге 

дем берді. Үйге келгенімде, радиодан Ермек 

Серкебаев, Роза Бағланова, Ғафу Қайырбеков 

сөз сөйлеп, халықты тыныштыққа шақырды. 

Радиодан өртенген көліктер санының 8-ге 

жеткенін естідім. Ертесі алаңға тағы беттедім. 

Келе бергенім сол еді, екі әскери ұстап, мені 

дубинкамен қойып қалды. Ернім жыртылып 

кетті. Екінші рет бастан ұрғалы жатқанда, 

портфельді қойып үлгердім. Бірі орыс, бірі 

қазақ  жігіті  екен.  Менің  мұнда  не  үшін 

жүргенімді  сұрады.  «Үйге  кетіп  бара  жа-

тырмын. Мына үйде тұрамын» – деп қолым 

шошайған жақты көрсеттім. «Онда үйіңнен 

шықпай отыр» – деп  бұйырды. Мен көрсеткен 

үйдің ауласына кірдім, сөйтсем мұнда мен 

сияқты «мекенжайдан шатасқандар» қаптап 

жүр екен. 18-і күні сынған жақпен Таразға 

келдім. Менің алаңға шыққандығым туралы 

ешбір дәлел болмады. Оны тек өзім білдім. 

2012 жылы «Егемен Қазақстан» газетіне «Ба-

тыр қыз» мақаласы жарияланып, Желтоқсанға 

қатысқан қыздың суретін үлкейтіп беріпті. Сол 

жерден өзімді таптым. Ол қыз менің қасымда 

тұрып, әр қазақ үшін жанын беруге дайын 

екенін көрген едім. Міне, бойында қасиеттілік 

пен ұлтжандылық дарыған елімнің болашақ 

азаматтары өрескел болуы тиіс.



досберген СағынТаев, 

Сарыкемер  орта  мектебінің  музыка 

пәнінің мұғалімі:

– Біз Санат екеуміз бірге оқыдық. Бірақ екі 

бөлек факультетте. Қалай болғанын Санат өте 

жақсы айтып берді. Барлық студенттер сол 

кезде елі үшін, жері үшін, әрбір қазақ үшін жан 

беруге дайын болды. Алаңға біз де шықтық. 

Бейбіт шерудің қанды қырғынға айналарын 

білмедік. Қасымда орыстың Татьяна есімді 

қызы бар. Алаңға жақындай бергенімізде, 

қаруланған жасақ шығып, студенттерді таяқ 

астына алды. Біз қашып үлгердік. Бірақ келесі 

көшеге өту үшін алаңды басып өту керек 

болды. Содан не керек, алаңға беттедік, бірақ 

алдымыздан шыққан адамдарға ештеңеден 

хабары жоқ, қос ғашықтың рөлін сомдап, ол 

жерден аман-есен өтіп кеттік.  

P.S:  Тәуелсіздік  алғалы  бері  осынау 

көтеріліс жай ғана «Желтоқсан оқиғасы» 

деген ресми атауға ие. «Ұлт азаттығы»,  

тіпті «көтеріліс» деген баға да берілген жоқ. 

Желтоқсан қозғалысына үш күндік оқиғамен 

баға беру де әділ болмас. бұл оқиға ұлттық 

сананы қалыптастырып, ұлттық рухты 

өсірді. Әлі де зерттеушілер қозғалыстың 

түпкі  қайнарын,  оның  маңызын,  әсерін 

жалпыұлттық  дәрежеде  қарауы  керек 

шығар... бүгінде Желтоқсан оқиғасы ту-

ралы ақиқат ашық айтылып жатыр. ал 

баға беруге келгенде, әлсіздігімізді көрсетіп 

отырмыз...


 

„

ТармПИ-де «Тәуелсіздік. елбасы. мәңгілік ел!» атты жастар форумы өтті.



Тілегіміз, ЖҮрегіміз - 

ҚазаҚсТан!

 

„

Жамбыл медициналық колледжінің 



студенттері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 

арналған құттықтауларын би арқылы 

жеткізді. 

 

„

Тәуелсіздік. осы сөздің мағынасын төменгі 



сыныпта оқып жүргенімде онша түсіне 

бермеуші едім. келе-келе сабақта апайдың

үйде әкемнің айтуы, түсіндіруі бойынша 

түсінігім кеңейді.

Жастардың жылы тілегі

Тәуелсіздік - тірегім

Сейділдә ТӨРЕН

ҚР Тәуелсіздігінің ширек ғасырын жоғары деңгейде атап 

өтуде  «25  жұлдызды  күн»  аясында  шаһарда  бірқатар  іс-

шаралар іске асырылып жатыр. Сондай мерекелік шараның 

бірі Жамбыл медициналық колледжінде жалғасын тауып, «Ел 

үшін еңбегім» атты жастар флешмобы өтті. Шараны қала 

әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы 

ұйымдастырды.  Қолына    Туды  ұстаған  100-ге  тарта  сту-

дент патриоттық әндер тізіліміне би билеп, тәуелсіздікке 

деген тілектерін білдірді. Ал шараны ұйымдастырушылар 

флешмобтың  мақсаты  Тәуелсіздіктің  25  жылында  қол 

жеткізген жетістіктерімізді паш ету, жастарды патриоттық 

сезімге тәрбиелеу екендігін айтты. 

- Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, 

егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің 

Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттықты 

аңсаған елдің арманы бұдан 25  жыл бұрын орындалды. 

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген 

елеулі  табыстарға  қол  жеткіздік.  Бұл  -  Президентіміздің 

жүргізіп отырған парасатты, көреген саясатының нәтижесі. 

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан 

Тәуелсіздік - ешкімге бағынышты, ешкімге тәуелді емес деген сөз. 

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіз мемлекет болып жариялан-

ды. Дәл осы жылы менің үлкен ағам дүниеге келіпті. Әкемнің айтуына 

қарағанда, сол жылдары біраз қиыншылықтар болған екен. Міне, содан 

бері 25 жыл өтті. Қазір ағам да 25 жаста.

Мен өз Отаным туралы көп нәрсе білгім  келеді. Көбінесе теледидардан 

көрсетіп жатқан жаңалықтардан Астана туралы көрген, естігенім бар. 

Биыл жазда отбасыммен Астанаға қыдырып бардық. Менің кішкентай 

жүрегімді үлкен қуаныш кернеп тұрды. Себебі Астананы бірінші рет 

көруім еді. Бәйтеректің үстінен Астананы көрдім. Қаланың төбесінен 

қарағанда  биік  үйлер,  әдемі  ғимараттар  көзге  бірден  түседі  екен. 

Бәйтеректің үстінен бәрі анық көрінеді. Шетелдің киноларын көргенде, 

осындай көріністерді көресің. Мен өзімді бір шетелде жүргендей сезіндім. 

Аз уақыттың ішінде еліміз осындай жетістікке жеткеніне  қуандым.

Енді Астанада «ЕХРО–2017» халықаралық көрмесінің ашылуына 

бірнеше ай қалды. Көрменің абыройлы өтуіне дайындықтар қызу 

жүргізілуде. 166 жылдық тарихы бар көрменің дәл біздің елімізде, Аста-

нада өтуі - үлкен мәртебе. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің 

осындай жетістіктерге жетуіне қосқан үлесі зор. Қазақ елі, қойнауында 

табиғаттың адамға берген сыйының бәрі бар, жерімізге бес Франция сый-

ып кететін кең-байтақ, жазиралы далам көркейіп, әлемді таң қалдыратын 

кезге жетсін деп тілеймін.

Менің  бір  үлкен  арманым  бар.                            

Арманым  -  Астанада  оқу  оқып,  білім 

алу.  Содан  кейін  Отанға,  өз  еліме  адал 

еңбек  ету.  «Жақсы  оқу  оқысаң,  үлкен 

жетістікке  жетесің,  барлық  ойлаған 

арманың орындалады»-дейді әкем. Мен өз 

арманымның биік шыңына жетуге барлық 

күшімді саламын. Тек елімізде бейбітшілік, 

татулық болсын. Басқа шет мемлекеттер 

сияқты бір-бірімен қақтығысып, соғыспаса 

екен. Татулық нышанында дүниеге келген 

біздер  әрқашан  бейбіт  өмір  сүрсек  деп 

тілеймін. Бұл - менің ғана емес, әр баланың, 

әрбір ата-ананың тілегі.

      



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал