2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында



жүктеу 0.99 Mb.

бет3/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ұлТЖанДы ұрПаҚПыз

Шынболат СЕЙДУАЛиЕв

Ел  егемендігінің  ширек  ғасыры  мен 

балабақшаның 5 жылдығына орайластырылған 

мерекелік шараға «Балдырған» және «Ботақан» 

топтарының тәрбиеленушілері мен ата-ана-

лары  қатысты.  Мерекелік  кеш  кішкентай 

бүлдіршіндердің ҚР Тәуелсіздігіне байланыс-

тырып  қойған  би  қойылымымен  басталды. 

Онда ұлттық нақышта киінген балақайлар көк 

байрағымызды  әсем  гүлдермен  желбіретіп, 

болашақтарының баянды екендігін аңғартты. 

Мұнан соң бой түзеген еңселі шаңырақ астында 

түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киген 

балақайлар әсем би өрнегін көрсетіп, еліміз 

бірлік пен татулықтың мекені екенін білдірді. 

Сондай-ақ  ертеңгілік  барысында  тәрбиеші                    

Динара  Курджиева  тәрбиеленушілерге 

Тәуелсіздік, Астана, Елбасы жайында сұрақтар 

қойып, таным-түсініктерін арттырды. Сонымен 

қатар ол балақайларға еліміздегі қалалар туралы 

айтып, әр шаһардың ерекшеліктерін түсіндірді. 

Бүлдіршіндер рәміздерді ұлықтайтын өлең жол-

дарын жатқа айтып, ән шырқады. 

Еліміздің айшықты белгілерін әспеттеген 

әсерлі  кеште  ұлттық  ойындар  ойнатылды. 

Мәселен, бой сергіту үшін «орамал тастамақ» 

ойыны тәрбиеленушілер үшін қызықты өтті. 

Мұнымен қоса ұл балалар арқан тартысып, 

өзара күш сынасты. Ал қыз балалар «Қамажай» 

биімен ертеңгіліктің ажарын одан сайын аша 

түсті. Балаларына қолдау көрсеткен ата-аналар 

да мерекелік шарадан тыс қалмады. Олар да 

белсенділік танытып, тәуелсіздік туралы ойла-

рын жеткізді. 

 «Ақ қайың» балабақшасының меңгерушісі 

Дана  Досмаханбет  мұндай  шараларды 

тәрбиеленушілер арасында жиі өткізу олардың 

танымдық деңгейін арттыратындығын айтты. 

- Биыл тәуелсіздігімізге ширек ғасыр толып 

отыр. Еліміз үшін маңызды бұл атаулы дата-

ны балалардың санасына сіңіру мақсатында 

тәрбиелік шараларды жиі өткізудеміз. Ойын ба-

ласы көп нәрсені түйсіне қоймайды. Сондықтан 

тәрбиешілер ойын түріндегі түрлі әдістемелер 

арқылы баулып жатыр. Нәтиже де жоқ емес. 

Балалар  өте  белсенді.  Олардың  ата-анала-

рын да шақырып, бірлесе жұмыс жасап жа-

тырмыз.  Сондай-ақ  биыл  біздің  жұмыс  жа-

сап жатқанымызға 5 жыл толып отыр. Осы 

уақыт  аралығында  білікті  34  маманымыз  

бүлдіршіндерге тәрбиемен қатар білім де беруде. 

Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған,-дейді 

балабақша меңгерушісі Дана Амантайқызы.

 

„

осындай тақырыпта Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ақ қайың» балабақшасында 



мерекелік іс-шара өтті.

 

„

Қр Тәуелсіздігінің                



25  жылдығына 

орай «ұлы Дала елі 

– Тәуелсіздіктің 25 

негізі» 25 жұлдызды 

күн жоспарына сәйкес  

жалпыреспубликалық 

акция шеңберінде облыс 

әкімдігінің тілдерді 

дамыту басқармасы 

Тілдерді оқыту орталығы 

қайырымдылық жасады.

 

„

Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 



Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай 

«менің өлкем мен тынысым бір» атты сурет байқауы 

болды. 

Белсенділер 

ынталандырылды

Туған жерім - тұғырым

Диляра ДАРХАН

Облыстық  мүгедек  балаларды 

оңалту және бейімдеу орталығының 

ғимаратында  мүмкіндігі  шектеулі 

жандардың өмірге деген құлшынысын 

оятып, қазақ тіліне деген құрметін 

арттыру  мақсатында  тіл  үйрену 

сабақтары  жүргізілді.  «Нұрбала» 

ОҚ-ның  «Үміт»  жобасы  бойынша 

психологиялық  аурулар  мен  тірек-

қимыл қозғалысында ауытқулары бар 

18 жастан асқан 22 азамат «Тілашар» 

оқу курсын аяқтаған. Оның ішінде 9 

адам өзге ұлт өкілі. 

- Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында 

көмек пен қолдау көрсету мақсатында 

халықтың әлеуметтік осал санатта-

рына қолымыздан келгенін аянбай-

мыз.  Облыс  әкімдігінің  тапсырма-

сымен «Үміт» жобасының күндізгі 

бөлімшесінде 22 тәрбиеленуші қазақ 

тілін оқуға ниет білдірген болатын. 

Міне, осы тіл үйренушілер «Тілашар» 

оқу курсын аяқтап отыр. Үйренген 

ілімі  жеңіл, тілі жатық болсын. Өзге 

тілдің  бәрін  біліп,  өз  тіліңе  деген 

құрметтің асқақтығы арта берсін,- деп 

ізгі тілегін жеткізген Тілдерді оқыту 

орталығының  директоры  Жамбыл 

Ізтұяқ тіл үйренушілерге сертификат 

табыс етіп,  сый-сияпат көрсетті.

Құралай СЕЙСЕНбЕКҚЫЗЫ

Отан анаға деген махаббат кім-

кімнің болса да жүрегін тербетіп, 

жанына  жылылық  нұрын  құяды. 

Күні бүгінге дейін өткізіліп жатқан 

патриоттық рухтағы түрлі іс-шара 

аясында мүмкіндігі шектеулі жан-

дар туған жер, өскен өлке, аяулы 

мекенге  деген  ыстық  ықыласын 

бірі  жүрекжарды  жырымен 

жеткізсе,  енді  бірі  туған  елінің 

құрметіне  ән  жолдап  жатты.  Ал 

облыс әкімдігінің  жастар саяса-

ты  мәселелері  басқармасының                   

«Жастар  ресурстық  орталығы» 

КММ-нің  ұйымдастыруымен 

14-29 жас аралығындағы бір топ 

мүмкіндігі шектеулі жастар сурет 

салу  байқауына  қатысып,  Ота-

нына деген риясыз сезімін қалам 

құдіретімен жеткізуге тырысты. 

- Елбасы жастарды қашанда на-

зардан тыс қалдырған емес. Біз де 

ел азаматы ретінде Елбасымызды 

қолдап, ерекше адамдардың Отан 

анаға  деген  ықыласын  бейнелеу 

өнері  арқылы  жеткізгенін  жөн 

көрдік. Ал сурет сайысы барысында 

қолына қалам алған әрбір азаматқа 

сәттілік  тілейміз,-деді  сайысты 

ашып, ізгі тілегін жолдаған Жам-

был облыстық Жастар ресурстық 

орталығы директорының  орынба-

сары Сандуғаш Байқошқарова.

Қылқалам  құдіретімен  туған 

жерге  деген  жүрегіндегі  сезімін 

білдіруге  тырысқан  ерекше  жан-

дар  арасында  түрлі  ұлт  өкілдері 

де болды. Әсіресе, орыс ұлтының 

қызы Яна Сибирякованың салған 

суретінен қазақ жеріне, кең даласы-

на деген ілтипаты мен қазақ ұлтына 

деген  құрметі  көрініп  тұрды.  Ол 

жасыл жайлауда тігілген киіз үйдің 

қасында қос етек көйлегінің етегі 

жер  сүйген,  оюлы  қамзол  мен 

үкілі бөрігі жарасқан бойжеткенді 

бейнелепті.  Сондай-ақ  даладағы 

ошақта буы бұрқыраған асулы қазан 

қазақ  халқының  қонақжайлығын 

білдірсе керек. 

Сайысқа  қатысушы  Арнат                             

Амалбеков гүл жайнаған Астана-

ны бетке алған әкенің ту көтерген 

ұлын арқалап, алға қарай жүгіріп 

келе  жатқаны  көңілге  мерекелік 

көңіл-күй  сыйлайтыны  анық. 

Қуаныштан жүзі бал-бұл жайнаған 

әкелі-баланың  жүзі  тәуелсіз 

елдің ұландарының қадамы нық, 

болашағы айқын екенін айтқызбай-

ақ ұғындырып тұр. Айна Набатова 

есімді өрімтал ойы ұшқыр, қиялы 

биік  екенін бірден аңғартты. Ол 

өзінің  композициясын екі арнаға 

бөліп салыпты. Қазақ тарихының 

кешегісі  мен  бүгіні  бейнелен-

ген  туындының  оң  бұрышында 

«Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты мүсін 

орын алған. Қызғалдағы жайқалған 

далада алқызыл алмалар пісіп, киіз 

үй маңында асыр салған балалар 

бейнеленген. Ал екінші жартысын-

да Астананың Ханшатыр, Бәйтерек 

сынды  заманауи  ғимараттары 

менмұндалайды.  Көгінде  күн 

күлімдеген көк сеңгір аспанға дом-

быра ілініп, дала төсінде арғымақ 

шауып бара жатқанын айқын су-

реттеген  картина  көрген  жанды 

баурап алары сөзсіз еді. Ал басқа 

қатысушылардың бір-біріне ұқсас 

туындысындағы ортақ бейне - көк 

байрақта бейнеленген қыран құс 

пен күн және елорданың көк тіреген 

Бәйтерегі. 

С а й ы с   с о ң ы н д а   қ а з ы л а р 

алқасының төрағасы ҚР Суретшілер 

одағының  мүшесі  Айдархан                         

Сихаев барлық қатысушылардың 

суреттерін  сын  тезінен  өткізіп, 

бәйгеден оқ бойы озық көрінген 

туындыларды  айқындауға  ат-

с а л ы с т ы .   Б а й қ ау   с о ң ы н д а 

қорытынды  сөз  алған  Сұлтан 

Темірлан барлық қатысушыларға 

сый-сияпат табыстап, Алғыс хат 

ұсынды.    Кеш  соңында  белгілі 

болғандай, 1-орын биігінен Айна 

Набатова көрінсе, 2-орынды Арнат                                          

Амалбеков  қанжығасына  байла-

ды.  Ал    3-ші  орынды  Бақытжан                              

Кабираев иеленді.



-  Мекемтас  Мырзахметұлы, 

бірнеше  күннен  кейін  Қазақ  елі 

Ұлы  Даланың  ұлық  мерекесі 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығын 

атап  өтеді.  біздің  ширек  ғасыр 

уақытта  қол  жеткізген  негізгі 

жетістігімізді айтып берсеңіз...

- Иә, тәуелсіздіктің ақ таңы атқан 

25  жылдың  ішінде,  біз  көптеген 

табыстарға  кенелдік.  Оның  ең 

негізгісі - тәуелсіздік, яғни ата-ба-

баларымыз  армандаған  азаттыққа 

қолымыз  жетті.  Кең-байтақ  еліміз 

солтүстігінде  Ресей  Федерациясы-

мен,  оңтүстігінде  Түркіменстан, 

Өзбекстан және Қырғызстан Респу-

бликаларымен, шығысында Қытаймен  

шектеседi.  Тарихи  қысқа  мерзім 

ішінде еліміз аталған мемлекеттермен 

арадағы шекараны межелеп, іргесін 

бекітті.  Шекараның  халықаралық 

деңгейде танылуы — Қазақстанның 

қауіпсіздігінің кепілі.  Бұл - сөзсіз 

Елбасының ерен еңбегі. Ал бүгінде 

шекарасын  шегендемеген  Грузия, 

Украина, Ливия, Әзірбайжан, Африка 

мемлекеттеріндегі  жантүршігерлік 

қақтығыстардың орын алып жатқанын 

көріп  отырмыз.  Ал  ұлттық  рухы-

мызды  асқақтатып,  талай  жанның 

арманына қанат бітірген Астанамыз 

тәуелсіздіктің символына айналды. 

Жастарымыз жан-жақты білім алуы 

үшін мемлекет тарапынан оңтайлы 

жағдайлар жасалды. Әрине, ел болған 

соң түрлі мәселелер болады. Оның 

үстіне, біз 70 жыл Кеңес үкіметінің 

қол  астында  өмір  сүргендіктен, 

жоғалтқанымыз аз емес. Ұлттық иде-

ология жөнінде атқаратын шаруамыз 

әлі шаш етектен. Сондықтан қасиетті 

тәуелсіздігіміздің арқасында барымыз-

ды бағамдап, жоғымызды түгендеуге 

тиіспіз.


- Өзіңіз айтқандай, тәуелсіздікті 

көзіміздің қарашығындай сақтау 

үшін бізге не істеу керек? Қазақ не-

ден сақтанып, неден жиренуі тиіс?

- Бұл дүниеде ең жаманы- бейқамдық. 

Біздің өмір сүріп отырған  аумалы-

төкпелі  уақытымыз  бейқамдықты, 

жайбасарлықты  көтермейді.  Сол 

себепті қазақ жастары тәуелсіздіктің 

құнын жете түсініп, оның ғұмыры 

ұзақ  болуы  үшін  ұлтқа  қалтқысыз 

қызмет етіп, аянбай еңбек етуі керек. 

Қолымызда тұрған алтынның қадірін 

біліп, бабалар аманатына қиянат жаса-

мау парызымыз.



- Мекемтас аға, сіз өзіңіздің бір 

сұхбатыңызда  «Елбасы  ұсынған 

«Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын 

жүзеге асыру үшін алдымен Абай 

ілімін тану қажет» деген екенсіз. 

Абайтанушы  ғалым  ретінде 

айтыңызшы,  біз  Абайды  толық 

тани білдік пе?

-  Елбасы  ұсынған  «Мәңгілік 

Ел»  тұжырымдамасын  мемлекетте 

қалыптастыру  үшін  алдымен  ұлы 

ақынның табиғатын түгелдей зерде-

леп алған жөн.  Тарихты тану үшін 

Абайды  тану  қажет.    Бұл  -  талап! 

Мемлекет үшін, оның саяси-экономи-

касы дамуы үшін де тарих-шежіренің 

алар орны ерекше. Өкінішке орай, біз 

Абайдың ілімін әлі толық зерттеген 

жоқпыз. Хәкім Абаймен қоса, алаш 

қайраткерлері өз еңбектерінде елді 

дамытудың нақты жолдарын көрсетіп 

кеткен. Біз өткен ғасырларды толық 

білмей жатып, болашаққа қадам жасай 

алмаймыз ғой. Олай болса, мемлекет 

те бұл мәселеге жіті мән беріп, ұлы 

тұлғаларымыздың  кейінгі  ұрпаққа 

қалдырған мол мұраларын зерттеп-

зерделеуге міндетті. 

-  Ал  сіздің  Абай  мұрасына 

а р н а л ғ а н   ғ ы л ы м и - з е рт т еу 

еңбектеріңіздің  саны  жағынан 

Әуезовтің еңбегінен де асып түскен 

деген ақпарат бар. Жалпы өзіңіз 

Абайды толық зерттей алдыңыз ба?

-    Мұхтар  Әуезов  Абайды 

толығымен  зерттеді,  білді.  Бірақ 

сөйлей  алмай,  толық  жаза  алмай 

кетті. Ол кісі ақын әлемінің шетін 

шығарып,  бізге  жол  көрсетті. 

Ақиқатында,  біз  Абайды  Мұхтар 

Омарханұлы арқылы таныдық. Менің 



 

„

мекемтас мырзахметұлы саналы ғұмырын ғылымға арнаған 



азамат. оның абайтану мен бауыржантануға қосқан құнды еңбектері- 

ұлт руханиятының асыл қазыналары. ұлтымыздың төл әдебиетіне

тілі мен діліне қалтқысыз қызмет етіп жүрген ел ағасына тұғыры 

биік Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көкейіміздегі сауалдарымызды 

қоюдың сәті түскен еді.  

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

алаң

7

«Бұл уаҚыТ 



БейҚамДыҚТы 

көТермейДі»

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, 

филология ғылымдарының докторы: 

Абай  мұрасына  арналған  ғылыми-

зерттеу  еңбектерімнің  саны  -  50.  

Олардың әрқайсысы кемінде 2000 да-

намен жарық көріпті. Тіпті, мыңдаған 

ғылыми  жинақтарымның  жарық 

көруі үшін өзімнің жеке қаражатыма 

шығарған кездерім де болды. Абайды 

әлі  де  зерттеуім  керек.  Бұйыртса,  

бұрын  жазған  еңбектерімді  қайта 

қарап, қайта жазу ойымда бар. Абай 

танымы, оның «толық адам» ілімі ту-

ралы тағы зерттеп,  қағаз бетіне түсіру 

маңызды.  Қазіргі уақытта  жастар 

арасынан Абайды зерттеп, оның әлі 

танылмаған қырларын ашуға ұмтылып 

жүрген өрендер баршылық. Былтыр 

12  жас  ғалым  ақынның  Шығысқа 

қатысын зерттеп-талдады.  

-  осыдан  бірнеше  жыл  бұрын 

Астанада халықаралық деңгейдегі 

Абайтану орталығы ашылады деген 

әңгіме тараған еді. Тіпті, оған сол 

жылдары елорданың әкімі болған 

иманғали Тасмағамбетов арнайы 

жер телімін де бөлген көрінеді...

-  Рас,  Иманғали  Тасмағамбетов 

Абай институтын салуға жер бөлген 

еді. Бірақ қаланың әкімі ауысқаннан 

кейін біз ол жерді ала алмай қалдық. 

Егер  халықаралық  деңгейде  Абай-

тану  институтын  ашатын  болсақ, 

Үкіметтен бір тиын алмас едік. Бұған 

демеушілік жасайтын кәсіпкерлеріміз 

де бар.  Шетелдік институттардың 

баламасын  біз  Қазақстанда  жасау-

ымыз керек. Сондай жағдайда ғана 

абайтану ғылымы ары қарай дамиды. 

Абайтануда кандидаттар да, докторлар 

да көп. Бірақ көпшілігі материалистік 

көзқараста. Олар бізді идеалист дейді. 

Ал біз идеалистік емес, жаңа жолға 

түсіп  бара  жатырмыз.    Қысқаша 

айтқанда,  аталған  институтты  аша 

отырып, біз талай құпияның сырын 

ашатын  едік.  Бірақ  мұны  түсініп 

жатқан адамдар аз.



-  Аға,  сіз  қоғамдық  түрлі 

мәселелерге  қатысты  ойыңызды 

ашық әрі батыл білдіріп жүресіз. 

Көпті көрген ғалым-азамат ретінде, 

ел ішінде сізді не толғандырады?

-  Жоғарыда  атап  өткенімдей, 

ең  негізгі  алға  тартып  отырған                       

мақсатым  -  Абайдың  ілімін  кең 

мағынада  тарату.  Бұл  болашақта 

қабылданатын  Қазақстанның 

Моральдық кодексінің іргетасы бо-

луы тиіс. Біз бүгінгі таңда «Халықтар 

достығы» дегенді алға тартып жүрміз. 

Ал Абайдың ілімі тек Қазақстанның 

ғана емес, бүкіл түркі халықтарының 

Моральдық кодексінің негізіне айна-

лары сөзсіз. Сол сәтте мұны көрген 

Батыс  та  ойланатын  шығар.  Бірақ 

өздеріңіз жақсы білесіздер, Батыстың 

қазіргі  тағдыры  қиын.  Абай  бізге 

«Пайда  ойлама,  ар  ойла»  деп  тап-

сырды. Біз қазір арды былай ысырып 

қоя  тұрып,  пайда  ойлауға  кеттік. 

Ал  дүниеде  бай  көп.  Бұл  күнде 

байығандар  не  істерін  білмей  жа-

тыр. Олардың артында несі қалады, 

халқына не береді? Олардың тапқан 

пайдасы қандай жолмен келгенін кім 

білсін, бірақ сонысына қарамай, егер  

тапқан-таянғандарын жұмыс орында-

рын ашуға, онда талай қызметкерлерге 

жұмыс тауып беруге жұмсаса бір жөн.  

Қай заманда болса да, қоғамда бай 

мен кедейдің қатар өмір сүруі - заңды 

құбылыс.  Болашақта  да  осылай 

бола беретін шығар... Кедейлік пен 

байлық  арбасқан  қоғамда  жегідей 

жеген  жемқорлық,  парақорлық, 

надандық,  ұрлық-қарлық  тәрізді 

теріс  қылықтардың  орын  алуы 

жоғала қоймас. Қоғамда мұндай теріс 

әрекеттердің көрініс беруі - жаһандану 

үдерісі мен нарықтық экономиканың 

өріс  алуында  жатса  керек.  Сол 

себепті қоғам өмірінде затшылдық, 

дүниеқоңыздық, нәпсіқұмарлық пиғыл 

үстем  түсіп  тұр.  «Ақыл  ауысады, 

ырыс жұғысады» дегендей, Батыстың 

мерездері,  яғни  таным  мен  мінез-

құлықтағы  теріс  қылықтар  дендеп 

барады. Мұндай алапес құбылыстан 

құтылудың жолы бар ма? Біздер үшін 

бар, бірақ еуропалықтар үшін жоқ! Ол 

жол - кісілік жолы немесе түрік елінде, 

Түркістан  жерінде  пайда  болған 

Абайдағы  «толық  адам»  ілімі.  Бұл 

ілімді Абайдан кейін дәстүр ретінде 

дамытып жалғастырушы, бірегей ой-

шыл, философ, ақын Шәкәрімнің ар 

ғылымы жайлы ой-толғаныстарында 

жатыр. 

– бүгінде елімізде  «Үш тұғырлы 

тіл» саясаты  жүзеге асырылып жа-

тыр.  бұл ретте, біз неден сақтанып, 

неге тәуекел етуіміз керек?  Жалпы 

бұл саясаттың арты неге апарып 

соқтырады?

 

- Біз «Үш тұғырлы тіл» саясатын 



жүзеге асырамыз деп, бірінші сынып-

тан бастап байбалам салудың қажеті 

жоқ.  Мәселен,  шетелде  бастауыш 

сыныпты бітіргенше ешқандай өзге 

тілді қоспай, тек өздерінің ана тілінде 

ғана  оқытады.  Ал  біз  бүкіл  әлем 

мойындаған  тәжірибеден  қашып, 

өзге  тілді  тықпалауға  құмармыз. 

Бұл жерде біздің Білім және ғылым 

министрлігі үлкен ғылыми қателік 

жіберіп отыр. Жас ұрпақты ең әуелі 

ана тіліміздің уызына қандырумыз 

қажет. Бірақ оны қалай, қашан үйрету 

керек, мәселе осыда. Біз бала баста-

уыш сыныпты бітіргенше, ешқандай 

тілді қоспай, таза қазақ тілінде білім 

беруіміз  керек.  Сонда  ғана  біздің 

санамызда  біртілділік  механизмі 

қалыптасады. Өз тілін жетік біліп, 

оң-солын танығаннан кейін үш тілді, 

тіпті одан да көп тілді меңгеруіне жол 

ашуымыз керек. Сонда біз ешнәрседен 

ұтылмаймыз.Ағылшын тілі әлемдік 

тіл  болғандықтан,  оны  міндетті 

түрде  білу  керек.  Дейтұрғанымен 

ағылшын тілін халықтың бәрі білуге 

тиісті емес қой. Мәселен, ғылыммен 

айналысатын азаматтарға ағылшын 

тілі  ауадай  қажет  болуы  мүмкін. 

Бірақ  қарапайым  наубайханашыға 

ағылшын тілі керек пе?  Міне, біз 

«шаш ал десе, бас алып», мәселенің 

түбіріне терең бойлай алмай жатамыз.  

–  Сіз  Қазақ  елі  егемен  ел 

атанғанымен,  әлі  күнге  дейін 

құлдық  санадан  айырылмай 

отырғанын,  шала  қазақтармен 

күрес  әрі  қарай  да  жалғаса 

беретінін айтып жүресіз. Мұндай 

жағдайда  қазақи  бітім-болмысы 

қалыптасқан  ұрпақты  қалай 

тәрбиелейміз?

– Аға ұрпақтың өкілі саналатын 

біздің өзіміз, шынын айтқанда, ша-

ламыз. Себебі біз кеше мәңгүрт едік. 

Енді-енді есімізді жиып жатырмыз. Ал 

бізден туған ұрпақ  –   мәңгүрттен туған 

мәңгүрттер. Қазір біздің қоғамдық ой-

санамыз қазақтың қырық құрау көрпесі 

сияқты.  Сол үшін қырық құрау түсті 

бір түске ендіруіміз керек. Бірақ уақыт 

өзгереді, ұрпақ ауысады. Бұйыртса, 

10-15 жылда шала қазақтардың дәуірі 

аяқталады. Десе де, қазақ тіліне деген 

қажеттілікті  тудырмай,  көсегеміз 

көгермейді. Сондықтан әрбір азамат 

жұмысқа тұрып, ұлтқа қызмет еткісі 

келсе, мемлекеттік тілді білсін! Міне, 

осындай  қатаң  талап  қою  арқылы 

тіліміздің жағдайын түзей аламыз. 

Бұл  әлбетте  ұлттың,  мемлекеттің 

мүддесі  үшін.  Жалпы  жастардың 

бойына ұлттық тәрбиені сіңіру – басты 

мақсатымыз болуы шарт. Тілді, ұлттық 

дәстүрді сақтау отбасынан басталаты-

нын ұмытпайық. Одан кейін қаптап 

кеткен діндерден арылудың жолын 

қарастыру  керек.  Жастарымыздың 

дені  өзге  діннің  жетегінде  адасып 

жүр. Егер біз өзімізді-өзіміз тастай 

қылып ұстайтын болсақ, бізді ала-

тын жау жоқ. Болашағымыз баянды 

болсын  десек,  рухани  дүниемізді 

құлдыратпауымыз керек!

- біздің  бүгінгі  қоғам  ұлтшыл 

деген сөзден қорқады. осы ұлтшыл 

мен  ұлтжанды  деген  сөздердің 

айырмашылығы неде?

-  «Мен  ұлтшылмын»  деп  елін 

шынайы сүйетін азаматтар ғана айта 

алады. Орыстар қазақ үшін жанда-

рын пида еткен алаш қайраткерлерін 

ұлтын жан жүректерімен сүйгендері 

үшін  «ұлтшыл»  деп  айып  тағып, 

көздерін жойып тастады. Міне, осы 

«ұлтшыл» деген бір ғана сөз қазақты 

жалтақтатып, оны «ұлтжанды» деп 

жұмсартып айтып жүр. Ал шынтуай-

тында, ұлтшыл азаматтар ғана ел үшін 

өліп, ел үшін туады. 

 - Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан индира 

бАЙҚоНЫС.


даТа

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



мен көрген 

ЖелТоҚсан

 

„

Биыл ксро-ның ыдырауын жеделдеткен алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне тура 



30 жыл. 1986 жылы желтоқсан айында қаны қазағым деп қайнаған, жүрегі жұртым 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал