2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында



жүктеу 0.99 Mb.

бет2/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

индира бАЙҚоНЫС

Егемендіктің 25 жылдық мерекесі 

қарсаңында «Баласағұн» концерт за-

лында «Әйел. Қоғам. Болашақ» атты 

облыстық форум өтті. Облыстық іскер 

әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған 

алқалы жиынға отбасының, әулетінің 

көсегесін көгертіп қана қоймай, туған 

өлкесінің де гүлденуіне үлкен үлестерін 

қосып  жүрген  қыз-келіншектер 

қатысты.  Форумның ашылу салтана-

тында сөз алған облыс әкімінің бірінші 

орынбасары Бекболат Орынбеков  бір 

қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді 

тербететін  әйелдердің  даналығын, 

іскерлігін  тебірене  әңгімелеп,  об-

лыс демографиясын алға ілгерілетіп 

жүрген алтын құрсақты аналарға ҚР 

Президенті Жарлығына сәйкес «Алтын 

алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін 

тапсырды.

- Ана - өмірдің шамшырағы, әрбір 

отбасының бақ-берекесі. Елбасы өзінің 

бір сөзінде: «Ықылым заманнан әйелдер 

ілкімді істер бастаушысы немесе ұлы 

істер тек нәзікжандылар үшін жасалады» 

деп айтқан-ды. Расында, Президенттің 

бұл сөзін тарихтың өзі айғақтайды. Ал 

ата-бабамыздың  ұлы  мұраты  болған 

тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың 

ішінде әйелдер өмірдің барлық сала-

сында табанды әрі табысты еңбек етіп 

келеді. Бүгінде облыс тұрғындарының 

51 пайызын әйелдер құрайды. Оның 

20600-і көп балалы болса, 8300-ге жуығы 

«Алтын алқа», 12500-і «Күміс алқа» 

иелері атанған батыр аналар. Сондай-

ақ  жамбылдық  қыз-келіншектердің 

арасында халық қалаулылары, білікті 

басшылар, іскер кәсіпкерлер және тағы 

да басқа мамандық иелері бар,-деген                                                                                          

Бекболат Серікбекұлы барша халықты 

Ұлы  Даланың  ұлық  мерекесі  ел 

Егемендігінің  25  жылдығымен 

құттықтады. 

Сондай-ақ  облыс  әкімінің  бірінші 

орынбасары  көп  балалы  аналар 

А.Әбішева  (Шу),  Р.Тұрлыбекова 

(Қордай)  және  А.Аймаханбетоваға 

(Жуалы)  «Алтын  алқа»  төсбелгісін 

тапсырса,  ал  Р.Аманбаева  (Байзақ), 

С.Жанғазиева (Қордай), А.Мырзағұлова 

(Қордай) және тағы да басқа ардақты 

аналар «Күміс алқа» төсбелгісіне ие 

болды.    

Бұдан  кейін  есімдері  тек  облысқа 

ғана емес, күллі республикаға белгілі ер 

азаматтар сахна төріне шығып, бірнеше 

аталым бойынша өмірдің әр саласында 

табанды еңбек етіп жүрген бірқатар 

әулиеаталық аруларды марапаттады. 

«Аңыз  әйел»  аталымын  Еңбек  Ері 

Мәрзия Рыспаева мен облысымыздың 

Құрметті азаматы Лидия Ахметоваға «Қазфосфат» ЖШС-і 

директоры Мұқаш Ескендіров тапсырды. Ел үшін атқарған 

елеулі еңбектерін ұдайы ескеріп, құрмет-қошеметтерін 

аямайтын  жас  ұрпаққа  алғыстарын  жеткізген  қос  ана 

заманымыздың  тыныштығын,  Елбасының  амандығын 

тілеп, жас буынға қарата ерен еңбек қана асыл мұратқа 

жеткізетінін ақыл ретінде айтты.  «Әлем таныған Қазақстан»  

мәртебелі аталымы Рио-де-Жанейро Паралимпиадасының 

чемпионы  Зульфия  Габидуллинаға 

бұйырды.  Саңлақ  спортшыға  бұл 

атақты қол күресінен әлем чемпионы 

Дмитрий  Трубин  салтанатты  түрде 

тапсырып, ел мерейін асырып жүрген 

әріптесіне зор денсаулық, алдағы жа-

рыстарына тек сәттілік тіледі. Ал «Ұлт 

денсаулығы» аталымын Кардиология 

және трансплантология клиникасының 

директоры, ақ желеңді абзал жан Сейт-

хан Жошыбаевтың қолынан қалалық 

№1  аурухананың  дәрігері  Светлана 

Белая иеленді. 

Сонымен қатар салтанатты жиын-

да  облыстық  Іскер  әйелдер  қауым-

дастығының  төрайымы  Гүлдара 

Нұрымова да аймақ дамуына айрықша 

үлестерін қосып жүрген нәзік жандардың 

еңбектерін ескеріп, олардың әрқайсысын 

белгілі бір аталым бойынша марапатта-

ды. Ал тұғыры биік Тәуелсіздік мерекесі 

қарсаңында құрмет-қошеметке кенел-

ген әйелдер қауымы алдағы уақытта 

да  тек  ел  игілігі  үшін  жұмыс  істей 

беретіндіктеріне сөз берді.

Форум  барысында  жиналған 

көпшілік  облыс  өнерпаздарының 

өнерлерін  тамашалап,  жамбылдық 

ісмер әйелдердің қолдарынан шыққан 

қолөнер туындылары қойылған көрмені 

аралап көрді.  

Дәл осы күні  қала әкімінің орынбаса-

ры Кенжебек Олжабай көне шаһардағы 

алтын  құрсақты  аналарға    «Алтын 

алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін 

т апсырды.  Мұндай  мәртебелі 

атаққа  тараздық  төрт  ана  ие  болды. 

Атап  айтқанда,  Г.Рахымберленова 

мен  Г.Сейтбаева  «Алтын  алқа»,  ал 

Ж.Исатова мен Л.Ноғайбаева «Күміс 

алқа» иегерлері атанды. Сондай-ақ бұл 

жиында  әлеуметтік сала қызметкерлері 

Ш.Малшыбаева мен Рита Алпысбаева 

Құрмет  грамотасымен  марапаттал-

ды.  Кенжебек  Мамашбайұлы  мара-

пат иелерін алда келе жатқан егемен 

еліміздің  ұлық  мерекесі  Тәуелсіздік 

күнімен құттықтады. 


заң-заМаН

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



 

„

м.Үркімбаев атындағы 



Жастар сарайында Тараз 

қалалық прокуратурасының 

кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда 

бірқатар мәселелер қаралды. 

Иесіз пәтер және 

баспана

Шынболат СЕЙДУАЛиЕв

Тараз қаласының прокуроры Бекзат 

Сейілхановтың төрағалығымен өткен 

басқосуға  шаһар  басшысы  Нұржан 

Календеров,  қалалық  жергілікті 

полиция  бөлімінің  бастығы  Талғат 

Сәулебаев пен қала әкімдігінің бөлім 

басшылары қатысты. Жиында иесіз 

пәтерлерді  анықтау,  туберкулездің 

таралуына  жол  бермеу,  мемлекет-

ке  келтірілген  залалды  уақытында 

өндіру  сынды  мәселелерді  өткір 

шешуге  бағытталған  арнайы  жо-

балар  жайлы  сөз  болды.  Шарада 

алғашқы мәселе бойынша хабарлама 

жасаған  қалалық  прокуратураның 

бөлім басшысы Қайыржан Қуатбеков 

прокуратура тарапынан «Әрбір иесіз 

пәтерді есепке алу» жобасы қараша 

айынан  басталғандығын  және  со-

дан  бері  шаһарда  иесіз  қалған  15 

пәтер  анықталғандығын  жеткізді. 

Оның  сөзінше,  жүргізілген  жүйелі 

жұмыстардың  арқасында  қазіргі 

таңда пәтер кезегінде тұрған 2 отбасы 

баспаналы болып үлгерген. Дегенмен 

бүгінгі күні қалада иесіз 43 пәтер бар 

болса,  оның  тек  20-сы  ғана  Әділет 

басқармасына  тіркелген.  Ал  қалған 

23  пәтердің  мәселесі  иелік  етуде 

3-ші жақтың ықпалы болғандықтан, 

орта  жолда  тоқтап  тұрған  көрінеді. 

Д е й т ұ р ғ а н м е н   б ұ л   м ә с е л е н і 

қалалық  тұрғын  жай-коммуналдық 

шаруашылық, жолаушы көлігі және 

автомобиль жолдары бөлімінің бас-

шысы Бақытжан Жақсылықов жақын 

арада шешетіндіктерін жеткізді. 

Ал прокуратураның тағы бір өкілі 

Жәнібек Жұмасаев құзырлы органның 

«Дені  сау  ұлт  –  дені  сау  болашақ» 

жобасы бойынша атқарылып жатқан 

жұмыстарға тоқталып, туберкулездің 

ашық  түрімен  ауыратын  науқастар 

стационар жағдайында емделуден бас 

тартып жүргендерін анықтағандарын 

жеткізді. Бүгінгі күні облыс бойынша 

21 азамат мәжбүрлеп емделуге жолда-

ныпты. Бірақ қала бойынша 2 азамат 

тиісті  медициналық  емделуден  бас 

тартып  отыр екен.  Прокуратура та-

рапынан оларды ауруханаға жатқызу 

бойынша тиісті шаралар қолданылып 

жатқан  көрінеді.  Сондай-ақ  шара 

барысында қалалық прокуратураның 

бөлім  басшысы  Болат  Мұстафаев 

«Мемлекетке залалсыз  сотқа дейінгі 

тергеп-тексеру» жобасын жүзеге асы-

ру арқылы азаматтардың қылмыстық 

әрекеттерінен мемлекетке келтірілетін 

залал төмендейтінін алға тартты. 

Басқосуда  сөз  алған  Нұржан 

Сәбитұлы  қолға  алынып  отырған 

аталған  жобалардың  әлеуметтік 

маңызы  бар  екендігіне  тоқталып, 

алдағы уақытта өзге де бөлімдермен 

бірлесіп жұмыс жасау керектігін тілге 

тиек етті.

- Бүгінгі күні Тараз қаласында түйіні 

тарқамаған бірқатар мәселелер бар. 

Оның ішінде атап айтатыны - иесіз 

қалып отырған пәтерлер. Бұл мәселені 

көтеру  барысында  біз  шаһардағы  

иесіз пәтерлерді анықтадық. Жалпы 

қалада пәтер кезегінде 50 мыңнан аса 

азамат тұр. Пәтер мәселесі көкейкесті 

болғандықтан  жобаларды  іске  асы-

рып,  үйсіз  жүргендерге  баспаналы 

болуына ықпал етсек дейміз. Сондай-

ақ туберкулездің таралуына жол бер-

меу, мемлекетке келтірілген залалды 

уақытында өндіру сынды мәселелер 

де кезек күттірмейді. Бұл бағытта да 

жұмыстар атқара беретін боламыз, - 

деді қала прокуроры Бекзат Сағатұлы.

 

„

Қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес 



отырысында жастар қылмысына қатысты бірқатар 

мәселелер талқыланды.

Жастар қылмысы есеппен түзелмейді 

Арайлым ШАбДЕНовА

Жылына екі рет өтетін кеңесті қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің 

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-і ұйымдастырды. Жиынды қала 

әкімінің  орынбасары  Кенжебек  Олжабай  ашып,  күн  тәртібіне  төрт 

мәселе шығарылды. Алдымен мінберге көтерілген қалалық ішкі істер 

басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары 

Жақсылық  Бойтеков  жасөспірімдер  мен  жастар  арасындағы  құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу  жұмыстарының  барысы  туралы  кеңінен 

баяндады. Оның берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, қылмыс саны 

өткен жылмен салыстырғанда 20 дерекке өсіпті. Мәселен, соңғы он 

айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандармен жасалған 

қылмыстың саны 90-ға жеткен. Оның ішінде автомобильді немесе көлік 

жабдықтарын ұрлау бойынша 5, тонау 5, бұзақылық 10, алаяқтық 5, 

денсаулыққа қасақана зиян келтіру  2, ұрлық бойынша 35 дерек тіркелген. 

Сондай-ақ ең көп тіркелетін ұялы телефон ұрлығы бойынша атқарылған 

жұмыстар нәтижесінде 1133 ұялы телефон тәркіленіп, профилактикалық 

және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңды иелеріне қайтарылған. Ал 

ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, баланы қалыпты 

қамтамасыз етіп және тәрбиелеуде өз міндеттерін елемеген 33 ата-ана 

және заңды өкілдері ата-ана құқынан айырылыпты. Бүгінде кәмелетке 

толмағандардың арасында орын алатын қылмыстың басты себебі жайсыз 

отбасында дейді мамандар. Осы орайда, қала бойынша 169 отбасы жай-

сыз отбасы есебіне алынған, ІІО-да 198 жайсыз отбасы есепке қойылса, 

оларда 241 бала тәрбиеленуде, түзелуіне байланысты 215 отбасы есептен 

алынса, оларда 263 бала тәрбиеленуде екен. Есепті кезеңде жасөспірімдер 

арасында құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу мақсатында 

әртүрлі себептермен есепке алынған 3713 жас кәмелетке толмағандар 

қатарынан екен. Оның ішінде 420 кәмелетке толмаған жасөспірім түрлі 

санаттағы алдын алу есебіне қойылған. 

мінсіз ҚызмеТ - 

айрыҚШа ҚұрмеТ

 

„

 6 желтоқсан - Қазақстанның прокуратура қызметкерлерінің 



кәсіби мерекесі. айтулы күнге орай, қалалық мәдениет үйінде 

салтанатты жиын ұйымдастырылып, бірқатар сала үздіктері 

марапатталды.

индира бАЙҚоНЫС

Мерекелік  басқосуда  сахна  төріне  ҚР 

Мемлекеттік  Туы  шығарылып,  Әнұран 

әуеледі. Мұнан соң көпшілік қауым слайд 

арқылы ел егемендігі жарияланған 25 жылдың 

ішінде Қазақстанның қол жеткізген толайым 

жетістіктері  мен  прокуратура  саласында 

қалтқысыз еңбек сіңірген азаматтар жайында 

бейнеүзікті тамашалады.

Өңір  прокурорларын  тұғыры  биік 

Тәуелсіздік және төл мерекелерімен құттықтау 

үшін ортаға облыс әкімінің бірінші орынба-

сары Бекболат Орынбеков шығып, азат елде 

заң үстемдігін орнатып, халықтың құқығын 

қорғап жүрген сала қызметкерлерінің елеулі 

еңбегін айрықша атап өтті.

-  Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл еліміз 

үшін  маңызды  мерекелерге  толы.  Оның 

біріншісі  -  ата-бабаларымыз  ғасырлар 

бойы  аңсап  жеткен  Тәуелсіздігіміздің 

ширек  ғасырлық  тойы  болса,  екіншісі-  

Еңбек еленеді.

   

Егемендігіміздің  төл  құрдасы  ҚР  Прокура-

турасы күні. Бұл - аз уақыт ішінде Қазақ елі 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

көреген  саясаткерлігінің  және  барша 

отандастарымыздың ерен еңбегі мен мызғымас 

татулығының арқасында келген жетістік,-деген 

Бекболат Серікбекұлы бірқатар сала мамандары-

на облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс 

хатын тапсырды. 

Аймақ  басшысының  бірінші  орынбасары 

Бекболат  Орынбековтің  сөзін  әрі  сабақтай 

түскен облыс прокуроры  Ернат Сыбанқұлов та 

Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылда еңсерген биік 

белестеріне кеңінен тоқталып,  ел егемендігін 

нығайтуда  сүбелі  үлестерін  қосып  жүрген 

әріптестерін марапаттап, құрмет көрсетті.

-  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

егемендігі  туралы  Декларациясына  сәйкес 

Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің 6 желтоқсан 

1991  жылғы  қаулысымен  еліміздің  тәуелсіз 

прокуратура  органдары  құрылған  болатын. 

Осыған  байланысты  ҚР  Бас  прокурорының 

2004  жылғы  25  ақпандағы  бұйрығымен  6 

желтоқсан  Қазақстан  Республикасы  Проку-

ратура органдарының құрылған күні ретінде 

жарияланып, жыл сайын атап өту белгіленген-

ді.  Міне,  ел  Тәуелсіздігімен  түйдей  құрдас 

ҚР Прокуратурасы жас мемлекетімізбен бірге 

жасап, қанатын кеңге жайып келеді,-деді Ернат 

Мұхаметқалиұлы.

Мұнан соң облыс прокуроры еңбектері елеулі 

азаматтарға І және ІІ деңгейлі «Мінсіз қызметі 

үшін»  медальдерін,  «Прокуратураның  үздік 

қызметкері», «Прокуратура үздігі» төсбелгілерін, 

ҚР Бас прокуратурасының Құрмет грамотасын, 

«ҚР  Прокуратурасына  25  жыл»  және  «Ерен 

еңбегі үшін» мерейтойлық медальдерін салта-

натты түрде табыс етті. 

Мұнымен прокурорларға арналған құрмет-

қошемет  түгесілген  жоқ.  Сондай-ақ  сала 

үздіктеріне облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» 

партиясы облыстық филиалының, облыстық про-

куратура ардагерлерінің бірлестігінің  Құрмет 

грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. 

Салтанатты шара соңында жас прокурорлар 

ант қабылдап, көпшіліктің назарына концерттік 

бағдарлама ұсынылды. 

Мақсат - құқық бұзушылықтың алдын алу.   суретті түсірген н.Тұрғынбек.

– Он айдың қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық 

жасағаны үшін 2991 жасөспірім мен ересек тұлғалар әкімшілік 

жауапкершілікке  тартылса,  оның  ішінде  1641  жасөспірім  түнгі 

мезгілде,  яғни  23.00-ден  кейін  заңды  өкілсіз  жүргендері  үшін 

анықталған. Республикалық акция аясында қылмыстың алдын алу, 

профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде тұрғындарды, оның ішінде 

ата-аналарды барынша хабарландырып, білім, денсаулық салалары-

мен және мектеп инспекторларымен жұмыс жасап жатырмыз, – деді 

Жақсылық Бойтекұлы.

Сондай-ақ жиында «Мемлекеттік жастар бағдарламаларына сту-

дент жастардың қамтылу барысы туралы» Жамбыл медициналық 

колледжі директорының тәрбие, құқық бұзушылықтың алдын алу 

жұмысының  меңгерушісі  Рахат  Үсенов  хабарлама  жасады.  Ал 

қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова 

әлеуметтік маңызы бар жобалардың іске асырылу барысы туралы 

кеңінен баяндады. Ұлана Сламбекқызы өз хабарламасында үкіметтік 

емес  ұйымдардың  тарапынан  жасалынып  жатқан  жұмыстарға 

тоқталып, олардың кейбіреуін сынға алды. Ал күн тәртібіндегі 4-ші 

мәселе бойынша кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын 

бекіту келесі отырысқа қалдырылып, бөлім басшыларына бірқатар 

тапсырмалар берілді. 



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

5

ҚОғаМ



Елім - жүрегім!

   суреттерді түсірген  н.Тұрғынбек.



 

„

Қр Тұңғыш Президенті күні қалалық мәдениет 



үйінде Жастар ресурстық орталығының 

ұйымдастыруымен салтанатқа жалғасты.

елбасы күні ұлықталды

Сейділдә ТӨРЕН

Онда  әуелі  Тараз  қалалық  орталықтандырылған  көпшілік 

кітапханалар жүйесі келушілердің назарына кітап көрмесін ұсынды. 

Көрменің «Елін ұлықтаған Елбасы» бөлігінде Мемлекет басшысы 

Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, ел басқару ісіндегі елеулі оқиғалары, 

қызмет хроникасы, өзінің авторлық кітаптары мен ой-жинақтары, 

әр  жылдардағы  Жолдаулары  және  фотосуреттері  орналасқан.  Ал 

«Тәуелсіздікке тарту» деп аталған бөлікте тәуелсіздік жылдары жеткен 

жетістіктер, Желтоқсан оқиғалары туралы жазылған кітаптар орын 

тепкен. Көрмеге келушілерге кітапхана қызметкерлері кітаптар туралы 

мол мағлұмат беріп, әр жинақтың тарихын тереңірек түсіндірді.

Сондай-ақ «Made in Kazakhstan» атты жастар флешмобы жиынға 

келушілердің назарын өздеріне аударды. Аталған флешмобтың мақсаты 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және отандық өнімдерді қолдау бол-

ды. Онда №13 Темір жол колледжінің 50 студенті заманауи музыка 

ырғағына би билеп, атаулы даталарға өздерінің тілектес екендіктерін 

білдірді. 

Мерекелік шара  «Елбасы – ел тірегі!» атты қалалық жас патриоттар 

форумымен жалғасын тапты. Жиынға арнайы келіп қатысқан шаһар 

басшысы  Нұржан  Календеров    жиналған  көпшілікті  ҚР  Тұңғыш 

Президенті күнімен құттықтап, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

- Елбасымыз ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар 

бойы армандаған арманын ақиқатқа айналуына мүмкіндік туғызды. 

Ол - әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды дамып келе жатқан 

мемлекеттің бірегей моделін жасаған аса көрнекті мемлекет және саяси 

қайраткер. 140-тан астам ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақ астында 

жинаған еліміз 25 жыл ішінде ауқымды саяси-экономикалық және 

әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асырған тұрақты әрі көркейген 

мемлекетке айналып отыр. Қазақстанның ұлтаралық бірлік пен келісім 

тәжірибесі көптеген мемлекеттер үшін үлгі болып табылады. Тағы бір                                                                                                             

жетістігіміз -  келер жылы Астана қаласында өтетін дүниежүзілік  

«ЭКСПО-2017» көрмесі. Бұл - бүкіл Қазақстан үшін ортақ жеңіс 

және халықаралық қоғамдастықтың зор сенімінің Мемлекет бас-

шысына беріп жатқан жоғары айғағы. Тәуелсіздік - біздің ең басты 

құндылығымыз! Тәуелсіздікке бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін 

ғана еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 

25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын 

өткелдерінен  аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды әлемдегі 

ең мықты мемлекеттердің қатарына жеткізген Ұлт көшбасшысы,                                                                           

Құралай СЕЙСЕНбЕКҚЫЗЫ

Салтанатты  жиынға  қатысқан  облыс 

әкімінің орынбасары Тимур Жанке жиылған 

жұртшылықты мерекемен құттықтады. Ол өз 

сөзінде көкке көтерілген Туымыздың биіктей 

беруіне тілектестігін білдіріп, Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың егемен еліміздің күн 

санап көркеюіне, татулық пен бейбітшіліктің 

тұғыры нық болуына қосқан үлесінің зор екенін 

айтып өтті. 

Мерекелік  шара  барысында  Ермұрат 

Зейіпхан мен Алмас Ахметбекұлы «Көк тудың 

желбірегені» әнін шырқады. Ал салтанатты 

шараға қатысқан жас буын өкілдері «Made in 

Kazakhstan» флешмоб-акциясын ұйымдастырды.

Сондай-ақ  он  алты  «Jeep»  автокөлігінен 

құралған  «Джип-тур»  автоэкспедиция-

сы  Тұңғыш  Президент  саябағынан  бастау 

алып,  жолға  шықты.  Шараға  қатысқан  жол 

талғамайтын көліктердің барлығының сыртында 



 

„

Қазақстан республикасының Тұңғыш  Президенті күніне орай Тұңғыш Президент саябағында 



еліміздің Әнұраны шарықтап, көк байрағымыз көкке көтерілді. Тамыры тереңнен тартқан 

тәуелсіздіктің символындай  қанатын кеңге жайған қыран құс бейнелі байрақ көтерілгенде,  

халықтың да көңілі асқақтай түсті.

елДікТің БеДелі асҚаҚ

«Тәуелсіздікке – 25 жыл» деген сөз жазылған.

Облысымыздың тарихи және табиғаты көркем 

аумақтарын аралауға шыққан автоэкспедиция 

бірінші күні Қарасай шатқалы, Ботамойнақ асуы, 

«Ақыртас»  тарихи  кешені,  Мақпал  шатқалы 

және Қарақыстақ шатқалындағы лагерьлерді 

бетке  алса,  екінші  күні  Мойынқұм,  Топағаш 

тоғайы, Шұқыркөл, Арғынқамалған шатқалы, 

Үмбет қорықтары аумақтарын басып өтіп, Тұран 

тоғайына жол тартты.

Және  де  мерекелік  іс-шара  барысы  жеңіл 

атлетикалық  марафон  жарысымен  жалғасын 

тапты. Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және 

спорт  басқармасы  ұйытқы  болған  спорттық 

шараға 600-ге жуық азамат қатысты. Тұңғыш Пре-

зидент саябағынан бастау алған марафон баста-

уында облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке 

сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік 

тіледі. Желдей жүйіткіп жүгіргендер арасынан 

оқ бойы озық келген қырық қатысушыға арнайы 

сертификат тапсырылды. 

Жастарға қолдау әкімнен!

   суретті түсірген н.Тұрғынбек.



 

„

Қр Тәуелсіздігінің 25 



жылдығына орай №46  орта 

мектепте «Тәуелсіздікке 25 жыл: 

жасампаздығы мен жарқын 

болашағы» тақырыбында  

қалалық ғылыми-практикалық 

конференциясы өтті.

Жаңартылған білім –

Тәуелсіздік жемісі

Құралай СЕЙСЕНбЕКҚЫЗЫ

Конференцияны ашқан қалалық білім бөлімі 

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлжан 

Атақұлова Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығында 

жеткен  жетістіктері  мен  жаңа  бағыттағы 

оқыту  жүйесін  насихаттап,    жаңартылған 

білім мазмұнына  біршама  тоқталды. 

Ал  шарада  сөз  алған  №5  мектеп-

гимназияның  директоры    Салтанат  Төлеу 

«Заманауи  жаңартылған  білім  беру  жүйесі 

–  Тәуелсіздік  жемісі»  тақырыбында 

дайындаған  баянсөзінде:  «Қазақстанда 

білімнің жаңартылған жүйесі құрылуда. Бұл 

оқу  үдерісіне  елеулі  өзгерістер  енгізумен 

бірге, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы 

білім  беру  қызметіне  жаңаша  қарауды, 

мұғалімдердің шығармашылық қабілетін да-

мытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды, 

яғни өмір бойы өздігімен үйренуді, білім беру 

үдерісін қамтамасыз ететін тиімді ресурстар-

ды қолдануды талап етеді» - деді. 

Сондай-ақ  жиын  барысында    №21  орта 

мектептің  директоры  Ғалым  Сламов  «За-

манауи  білім  беру  үрдісі  –  заман  талабы»,  

№53  орта  мектеп  директорының  ғылыми-

әдістемелік  ісі жөніндегі орынбасары Фарида 

Шортанбекова «Білім берудің  инновациялық  

үлгісін мектепте жүзеге асырудың тиімділігі» 

тақырыптарына кеңінен тоқталды. 

Президент Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан 

айтып жүретін боламыз, - деді Нұржан Сәбитұлы. Сондай-ақ ол 

мереке қарсаңында қалада мемлекеттік жастар саясатын іске асыру 

шеңберінде ғылым мен білімді, мәдениет пен өнерді, бұқаралық спорт 

пен ақпаратты дамытуға елеулі үлес қосып, өз қызметінде ерекше 

белсенділік танытып, шаһардың көркеюі мен экономикасының өсуіне 

өзіндік үлесін қосып жүрген шығармашыл жастарды марапаттады. 

Марапатталғандардың қатарында Нұрзат Мыңжасаров «Жас ғалым», 

Шынболат  Сейдуалиев  «Жас  қаламгер»,  Әйгерім  Дәулетбаева 

«Жігерлі жас», Мәулім Кенжеалы «Жас дәрігер», Алмаз Сейдан 

«Жас көшбасшы», Наурызбек Саршаев «Жас ақын» және Мөлдір 

Музарат «Жас спортшы» номинациялары бойынша жыл сайынғы 

қала әкімінің сыйақысына ие болды. 

Форум барысында қала мектептерінің озат, белсенді оқушылары, 

халықаралық  интеллектуалдық  олимпиада  жүлдегерлері, 

республикалық, облыстық және қалалық байқаулардан жеңімпаз 

атанған оқушылар «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 

қабылданды.  Мүшелікке  қабылданған  көшбасшы  оқушыларға 

қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдиярбек Түсіпов пен 

қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Ғазизжан Ма-

димаров галстук пен арнайы төсбелгілерді салтанатты түрде табыс 

етті. Өз кезегінде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 

қабылданған оқушылар жиналған көпшілік алдында білімді бола 

отырып, елімізге адал қызмет етуге және оны шексіз сүюге ант 

етті.  


  Елбасын  ұлықтаған  мерекелік  шара  қалалық  мәдениет 

үйінің  өнерпаздарының  арнайы  ұйымдастырған  концертімен 

қорытындыланды. 


ӘлЕуМЕТ

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



Бірлігіміз жарасқан.   суретті түсірген н.Тұрғынбек.

алаш туы астында.   суретті түсірген н.Тұрғынбек.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал