2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Әңгімесі ортақ үш қыз Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту 

орталығында танысқан. Бірінен бірі жіптен түрлі бұйымдар тоқуды 

үйреніп, әлеуметтік желіден жаңа өрнекті тоқымаларды жасауды қолға 

алады. Үш қыздың  ішінде Гүлзат ұяң. Оның осы ұяңдығының себебі 

мүмкіндігінің шектеулігіне орай бір кездері тығырыққа тіреп-ақ тастаған. 

Ішкі күйзелісі жас қызды кейде соғылған қоңырауға жауап бергізбесе, 

енді бірде ешқайда бармағанын қалайтын.   

Гүлзат Ортаева Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. 

Бала кезінде құрбыларымен бірге төстегі гүлдерді теріп, қырда доп та 

қуған. Тек 11 жасқа таяғанда өзінен-өзі сүріншек бола бастайды.

- Ата-анам ем іздеп, апармаған жері қалмады. Болмады. Бәрібір 

аяққа қайта тұрмадым. Қазір өзімнен өзге ешкімге сенбеймін. Кейбір 

кісілер дәлме-дәл уақытын айтып, ай-күнін белгілеп, пәлен күні 

аяғыңа нық тұрғызамын деген. Алайда олар маған тек үміт сыйлапты. 

«Тік тұрғызамыз» деген күні барғанымда сол адамдар тысқа шығып,  

«қолымнан келмеді» деп айтуға да жарамады. Бұрын тұйықталып, 

ешкіммен сөйлеспейтінмін де. Кейін міне қаладағы оңалту орталығының 

арқасында көп өзгердім. Сол жерден достар, орта таптым. Бұрын ән 

салып түрлі байқауларға қатысқанмын. Қазір биге қатысып жүрмін. Бос 

уақытымда тоқумен айналысамын. Тапсырыс қабылдаймын,- деді бүгінде 

әпкесі Ләззатпен бірге тұратын Гүлзат. 

Ал Эльмира Сатыбалдина Тараз қаласының тумасы. 

- Мен дүниеге келгенде, арқа тұсымда тырнақ ізіндей қара із болған.  

8 айға  толғанымда омыртқам майыса бастайды. Ата- анамның демеуімен 

гипс, корсет салдырып, ота жасаттым. Аяғымның жүйкесіне тиіп кетсе 

керек, 10 жастан бастап жүре алмай қалды. 2004 жылы Новосибирск 

қаласының клиникасында омыртқама қайта ота жасады. Отырып, 

«ходунокқа» тұратын болдым. Қолөнермен айналысқанды, Құран 

кітаптарды оқығанды жаным қалайды. Қазір қыздармен бірге биге барып 

жүрмін,- дейді қолындағы өзі тоқып отырған алқызыл  шашақты шәлінің 

соңғы түйінін түйіп.

Өзін Балжан деп таныстырған нәзік қыз да жан-жақты. Бармағынан 

бал тамып-ақ тұр. Моншақтардан картина жасап, түрлі тақырыптарда 

сурет салғанды ұнатады.

- Жамбыл облысы,  Жуалы ауданында туылдым. 10 айлығымда басым 

зақымдалыпты. Кейін ота жасаған. Отадан аяғым қимылсыз қалыпты. 

Мен өмірде жақсы адамдармен кездесіп, сөйлескенді ұнатамын. Алланың 

алдында бәріміз бірдейміз деп ойлаймын. Қазір биге барып жүрмін. Бос 

уақытымда сурет салғанды, тоқығанды ұнатамын,- деді ол.

Бір құмырадағы үш гүлдей тамырласып кеткен тағдырлас қыздардың 

мені таң қалдырған бір ортақ  қасиеті - олар қарап отырмайды. Ас-

ауқаттарын өздері әзірлеп, үй жинап, кір де жуа береді.  Бос уақыттарында 

тапсырыс қабылдап, таныстарына түрлі орамал, шәлі, жылы жемпір, 

көйлекке дейін тоқып береді екен.  Қыздардың тұрмысында кездесетін 

қиындығы да ортақ. Ол Үкімет тарапынан белгіленген «инватакси» 

қызметіне жүргізушіден бөлек тағы бір адамға қосымша қаражат бөліп, 

үйге тасымалдау қызметін көрсетсе дейді. Кейбірі 4-ші, кейбірі 5-ші 

қабатта тұратын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тысқа шығып, көлікке 

мінудің өзі мұң екен. Бүгінде қыздар  тараздық мүмкіндігі шектеулілердің 

бишілер ұстазы Факия Шикованың би үйірмесіне қатысып жүр.

Тіршілік


11

//   «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3 (1291), 20 қАңТАр 2016 Жыл  //

Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі.  

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

Әлдекім есік қаққанда, жүгіріп барып ашуға оқталып барып, ойға 

шомады... Қолын көкке созып билеген сәтте, қанат бітіп қалықтап 

кетеді. Ал олар моншақтан жасаған қызыл-жасыл гүлдер жайқалып 

тұр. Бәлкім,  қанатты адамдар дегеніміз осы жандар шығар, кім білсін?

Қиындыққа мойымайтын  гүл ғұмыр. 

 


ЭКОНОМИКА

12

// «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3 (1291), 20 қАңТАр 2016 Жыл //



тараздық Былғары

Брендке айналса...

 

„

Бүгінде бір жыл тұрмақ, бір мезгілге шыдас бермейтін аяқ 



киімдердің қарасында қисап жоқ. сырттан келген өнімдердің 

бағасына сапасы сай емес екендігі тағы анық. сырты сұлу 

болғанмен, жылуы жоқ аяқ киімдердің кесірінен тепсе темір 

үзетін талай азаматтар мен ел болашағын жалғайтын қыз-

келіншектердің талайы дертке дауа таппай жүргендігі тағы бар. 

шет елдің қаңсығын таңсық ететін уақыт өтті. «тараз былғары 

аяқ киімі» Жшс - сапалы өнімнің сан түрін шығарып, аталған 

мәселемен іс жүзінде күресіп келе жатқан өңірдегі жалғыз 

өндіріс орны.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

«Аяқта аяқ киім тар болса егер, Не пайда дүниенің кеңдігінен?» – 

деген халқымыз өз Отанында тігілетін бір жапырақ шәркейге қолы 

жетпей, өзгеге телміргелі қашан? Ұлан-байтақ даламызда шет елдің 

аяқ киімін қонышынан басып кигенімізге жол болсын... Мәселен, 

тігіншілік кәсібі қашанда қазаққа таңсық емес. Шикізатқа келсек,  

Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүн-жұрқа, тері-терсек атаулы 

іріп-шіріп жатыр. Қай ғасырда  қазақ баласы жалаң аяқ күн кешіпті? 

Бүгінде шет елдің шүберегі халықты манекенге айналдырғаны 

жасырын емес. Айта өтсек, Қытайдың әлемдік аяқ киім шығару 

саласындағы үлесі 60 пайыз. Дүние жүзінде шығарылатын 10 

миллиард жұп аяқ киімнің 6 миллиардын Қытай өндіреді екен. Ал 

қазақстандықтар тұтынатын киімдердің 45-48 пайызы, аяқ киімдердің 

75 пайызы Қытай тауарлары. Аяқ киімдердің 10 пайызын  Ресей, 14 

пайызын  бағасы қымбаттау болса да бренд деген аты бар АҚШ, 

Түркия, Италия, Германия, Нидерланды секілді елдер импорттайды 

екен. Статистика бойынша Қазақстан Қытайға 2 млн. ірі қараның, 

5,5-6 млн. ұсақ малдың терісін экспорттайды. Сондай-ақ, елімізде 

жылына 500 мың тоннадан артық мақта өнімдері, 30 мың тоннаға 

жуық  жүн, 7,5 миллион тонна тері өнімдері жиналса, олардың түгелі 

шикізат күйінде шет ел асады. Себебі  қазақ жерінде өнімді өңдейтін 

кәсіпорындар тапшы. Ал аяқ киім нарығында біздің отандық өнімнің 

алар үлесі саусақпен санарлықтай. КСРО-ның аты жер жарып тұрған 

жылдарда Қазақстанда  11 аяқ киім фабрикасы жұмыс істеген екен. 

Сол фабрикалардан 50 миллион пар аяқ киім шығарылыпты. Бүгінгі 

17 млн. халқымызға үш есе жетерлік өнім.  Қазіргі таңда республи-

камызда содан 5 фабрика қалыпты. Ал, алтауы нарықтың құрбаны 

болған. 2011-2014 жылдар аралығында отандық аяқ киім өндірісі 

1,389 млн. теңгеден екі есе азайып кеткен. Яғни, шет елдің шәркейіне 

қызыққан жұрт таза былғарыдан, бірнеше жылдық киісі бар, берік 

деп танылған отандық, құны әжептәуір аяқ киімдерді көзге ілмеген. 

Сондықтан көптеген кәсіпорындар өз жұмыстарын тоқтатса, 

қалғандары мемлекеттік тапсырысқа мұқтаждықпен өмір сүріп 

келеді. Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып, бес жарым ғасырдан 

асқан хандық тарихымыз барда шет елдің аяқ киіміне телміргеніміз 

ұят-ақ. Ата-бабаларымыз арша ағашынан шеге қағып, қолдан тері 

илеп тіккен төзімді етіктерінің шаңына ілесе алмайтын шет елдің 

сапасыз тауары денсаулыққа да зиян.  Мәселен, мамандар Қытай аяқ 

киімдерін тұтынған жұртшылықтың 75 пайызы жалпақтабандылық 

дертіне ұшырайтынын айтады. Сондай-ақ, 12 түрлі дертке душар 

ету қаупі бар екен. Атап айтқанда, жасанды теріден тігілген бұйым 

буын, аллергиялық аурулар мен ісік ауруларын қоздырады. Ісік 

ауруының туындауына Қытай өнімдерінде кездесетін формальдегид 

қоспасы себеп болады. Тағы бір атап өтерлігі, Қытай өз өнімдерін 

көз жауын аларлық тартымды етуі үшін терінің астына поролон 

салады. Сырттай жылтыраған мұндай өнімдер аяққа кигенде 

ауа өткізбей, терлетіп жібереді. Салдарынан аяқ қан тамырлары 

мен буын аурулары пайда болады. Бүгінде әлемнің 36 елі өз аяқ 

киімдерін отандық нарыққа тықпалауда. Бағасы да арзан емес. 

Түркия өнімдері 25-50 мың теңге аралығында болса, ресейлік 

тауарлар да сондай, ал Италия аяқ киімдерінің орташа құны 40-130 

мыңға дейін. Бүгінгідей дағдарыс кезінде Қытайдың аяқ киімдері 

де 18-30 мыңға дейін сатылуда. Ал өзіміздің өнімдер бұлардан 

гөрі әлдеқайда сапалы әрі арзан. Мәселен, Тараз шаһарындағы 

іргесі сонау 1961 жылдары қаланған «Жамбыл былғары аяқ киімі» 

өндірістік комбинатының қызу жұмысын тоқтатпай, тоқырауларға 

төтеп беріп, 2002 жылы қуатты қадаммен өз жұмысын бастаған 

«Тараз былғары аяқ киімі» ЖШС-нде өндірілетін табиғи қайыс пен 

өңделген сапалы былғарыдан жасалған аяқ киімдердің құны 9-11 

мың теңге аралығында. Кәсіпорын қазіргі таңда ерлерге арналған 

аяқ киімдер, жартылай дайындалған «Вет-блю», «Краст» былғары 

материалдары, түрлі былғары тауарлары, аяқ киімнің жоғары және 

төменгі астарлары, ұлтарақтар мен ұлтарақ астарлары, аяқ киімнің 

төменгі бөліктеріне арналған қатты материалдар шығарады. 

Еліміздің Қорғаныс министрлігі біраз жылдан бері осы кәсіпорынға 

тапсырыспен аяқ киім тіктіріп келеді. Бұған қоса серіктестіктің  

өнімдеріне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» 

ҰК» АҚ, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, 

«Әскери темір жол күзеті» АҚ, ірі құрылыс компаниялары, мұнай-газ 

саласының компаниялары, «Май өнімдері Корпорациясы» АҚ, тау-

кен өнеркәсібі кәсіпорындары, сонымен қатар жақын және алыс шет 

елдердегі былғары өнімдерін өндіретін зауыттар да тапсырыс беріп 

тұрады екен. Дайын аяқ киімдерді саудалау мақсатында кәсіпорын 

қаладағы «Ауыл-Береке» базарында және кәсіпорын жанынан са-

уда нүктесін ашқан. Онда кәсіпорынның 20-ға жуық аяқ киім түрі 

сатылымға қойылған. Өндірістің басты артықшылығы – тігілетін 

аяқ киімдерге тек былғары қолданады және шикізаттың 82 пайызы 

өзіміздікі. Бір кездері зауыттың кей өнімдері Италия, Пәкістан, 

Біріккен Араб Әмірлігіне де экспортталған екен. Кәсіпорын былтыр 

еуропалық стандартқа сай келетін 11 мың шаршы метр былғары 

әзірлепті. Серіктестік бұл өнімін ел аумағынан бөлек Қытайға 

саудалауда. Құрылғанына 14 жыл болған серіктестік басында 

жұмысшылар мен әскерилерге аяқ киім тігумен айналысқан. Ол 

үшін Германиядан құны 2,2 млн. еуроны құрайтын қажетті техника 

сатып алынады. 2012 жылы кәсіпорын Қорғаныс Министрлігінің 

тапсырысы бойынша 92 жұп аяқ киім өндірсе, 2013 жылы 36 мың,  

ал 2014-2015 жылдары тапсырыс мүлде болмапты.

- 2014 жылы жалпы тұтынушыларға арналған сәнді аяқ киімдерді 

шығаруға мәжбүр болдық. Алғашында 9 мың жұп шығарған аяқ 

киіміміз тұтынушылардың сұранысына ие болды. 2015 жылы 

20 мыңдай өнім өндірдік. Жергілікті тұрғындар біздің өнімдерге 

үлкен баға беруде. Біздің тауар өз тұтынушыларын тапты. Алматы 

қаласына да сатылымға шығардық. Астана, Атырау, Қарағанды 

қалаларынан тауар сатумен айналысатын мамандар ұсыныс білдіріп 

отыр. Өнімдердің 82 пайызы отандық шикізат. Қалған шикізат 

Германия мен Ресейден алынады,- дейді «Тараз былғары аяқ киімі» 

ЖШС бас директорының орынбасары Мұхтар Шаюнусов. Әңгіме 

барысында білікті маман өзі киіп жүрген, төрт жыл қатарынан киіс 

берген аяқ киімін де мысал етті. Биыл кәсіпорын 150 мың жұп 

ерлер мен әйелдерге арналған сәнді аяқ киім өндіруді жоспарлап 

отыр. Бұдан бөлек серіктестік вьетнамдық кәсіпкерлермен бірлесіп 

«ИнтерСерко» кәсіпорнын ашпақшы. Аталған өндірістің жұмысын 

бастауға қажетті техникалар да жеткізілген. Спорттық үлгідегі 

киімдер мен аяқ киімдерді өндіруге бағытталған жаңа кәсіпорын іске 

қосылса, тағы да 300 адамды жұмыспен қамтамасыз етейін деп отыр.

Талғам мен талапқа сай. 

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

 

„

н.тілендиев атындағы облыстық мектеп – интернатының 



9-10 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында 

«мамандықты дұрыс таңдау да бақыт» тақырыбында 

кәсіпорындарда жиі саяхат сабағы мен кездесулер 

ұйымдастырылып тұрады.

Атап айтқанда, оқушылармен Тараз қаласындағы 

кәсіптік  өндіріс  нысаналарын  аралап,  мамандар-

мен  сұхбаттар  өткіземіз.  «Жамбылгипс»  ЖШС, 

«Жамбылхимстрой»  ЖШС,  «Жасұлан  флора»,                                                 

«Ширинкомшпрот»  кәсіптік  өндіріс  орындарына 

барған оқушылар әртүрлі мамандық иелерінің жұмысын, 

жұмыс барысында тікелей көрді. Бетон құюшы, слесарь, 

кран   жүргізуші, лаборант, инженер, мастер, конди-

тер, гүл өсіруші, тағы да басқа  мамандық  иелерімен  

жүзбе–жүз кездесіп, сұрақтарына қанағаттанарлықтай 

жауап берілді. Әрине өз көзімен көргенге не жетсін, 

сондай-ақ «көп айтқаннан бір көрген артық»  демекші,  

тәрбиеленушілеріміздің  бұл  саяхаттан алған әсерлері 

зор болды.  Осындай кездесу мен саяхат сабақтары 

арқылы мектеп - интернат әкімшілігінің 2015-2016 

оқу жылындағы жоспарлы жұмысының арқасында, 

келешекте  тәрбиеленушілеріміз мамандық таңдаудан 

қателеспей, «мамандығым - мақтанышым» деп ауыз 

толтырып айта алатындай әртүрлі мамандық иелерін 

көрсек деген  үміттеміз.

Айжан МИРЗАХМЕТОВА,

ұйымдастырушы педагог.

мамандықты дұрыс таңда!


АЛАң

13

// «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3 (1291), 20 қАңТАр 2016 Жыл //



 

„

раф сардаровтың есімі сән әлемінде кеңінен танымал. Бала 



жастан сұлулыққа іңкәр болып ер жеткен ол бар арман-қиялын 

сән саласымен байланыстырды. рафтың арманы алдамады. көп 

жылдық табанды еңбектің арқасында ресейлік модельер-стилист 

алыс-жақын шет елдерді мойындата білді.  Жуырда «аспара» 

мәнерлік өнер және бизнес колледжінің  құрылтайшысы, т.ғ.д., 

өнертанушы  айдархан қалиевтің шақыртуымен раф мырза 

аталған оқу орнына келіп, студенттерге шеберлік-сыныптарын 

өткізді.  Біз де білікті маманмен сән әлемі турасында аз-кем 

сұхбаттасқан едік.

- Раф мырза, киелі Тараз жеріне қош 

келіпсіз!  Жалпы,  Қазақ  еліне,  соның 

ішінде тарихы тереңде жатқан қаладағы  

«Аспара»  мәнерлік  өнер  және  бизнес 

колледжіне жолыңыз қалай түсіп жүр?

-  «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес 

колледжі республикадағы ең іргелі оқу орны 

деп  айтуға  болады.  Осы  оқу  ордасының 

құрылтайшысы,    әйгілі  қазақстандық 

дизайнер Айдархан Қалиев - Еуропа пен 

Азиядағы көшпенді халықтардың дәстүрлі 

киім ерекшеліктері мен қазақтың ұлттық 

киім үлгілерін заманауи стильде дамытып 

келе  жатқан  азамат.  Айдархан  екеуміз 

доспыз әрі  тығыз шығармашылық  бай-

ланыстамыз.  Колледждің  қазақстандық 

және  шетелдік  сән  саласының  үздік  ма-

мандарымен бірлесе жұмыс істеуі - мұнда 

оқитын студенттер үшін жасалып отырған 

үлкен  қолдау  деп  білемін.    Сол  кісінің 

ұсыныс-тілегін жерге тастамай, көне Тараз 

шаһарына келген жайым бар. Мен мұнда 

үш  күн  бойы  студенттерге  дәріс  оқып, 

шеберлік-сыныптарын өткіздім. 



- Тараздық болашақ сәнгерлердің бет 

алысына қандай баға бересіз?

 - Қазақ жастары өте алғыр екеніне көзім 

жетті. Үш күн бойы өткізілген шеберлік-

сыныптарында байқағаным, студенттердің 

білімге  құштарлықтары  өз  алдына, 

шығыстың тәлім-тәрбиесін өн бойларына 

мықтап сіңірген, үлкенге құрмет, кішіге ізет 

көрсете білетін сыпайыгершіліктері мені 

ерекше баурап алды. Өкінішке қарай, Ресей 

мен Еуропа мемлекеттерінің жастарынан 

мұндай асыл қасиет табыла бермейді. Ал 

көркем мінезді адамнан кәсіби біліктілігі 

жоғары маманның шығатыны сөзсіз.

- Біз сіздің Ресей эстрадасының шоқ 

жұлдыздары  Лариса  Долина,  Валерий 

Леонтьев,  Лайма  Вайкуле,  Филипп                

Киркоров,  Татьяна  Булановалармен 

тығыз жұмыс жасайтыныңызды білеміз.  

Жалпы,  сән  әлеміне  жасаған  алғашқы 

қадамыңыз қалай басталды?

- Бұл дүниеде ештеңе маңдай терсіз, 

табанды  еңбексіз  келмейтіні  бесенеден 

белгілі. Мен Бакуде дүние есігін аштым. 

Бала күнімнен сәнгер болсам деген асқақ ар-

маным алға жетеледі.  Мектепті тәмамдаған 

соң, Мәскеуге келдім. Сенесіз бе, ол қалада 

менің бірде-бір туған-туысым,  тамыр-та-

нысым болған жоқ. Бәлкім, жолы болғыш, 

айы оңынан туған адам шығармын. Өмір жо-

лымда тек жақсы адамдар көптеп жолығып, 

алып шаһарға судай сіңіп кеттім. 1979 жылы 

КСРО-да алғашқы сәнгерлердің бірі болып, 

«Стиль» сән театрын құрдым. Бұл театр 

эстрадамызға үлкен жаңалық болып енді. 

Біздің ұжым 1980 жылы Мәскеуде өткен 

жазғы Олимпиада ойындарының  мәдени 

бағдарламасында  сәтті  өнер  көрсетті. 

«Стиль»  театры  тек  Кеңес  үкіметінің 

аумағымен шектелмей, Германия, Испания, 

Италия, Венгрия, Польша мемлекеттерінде 

гастрольдік сапармен болып қайтты. Бұдан 

кейін  ерен  еңбегім  мәуелі  жемісін  бере 

бастады.  Орыс  өнерінің белді өкілдері 

Лариса Долина, Валерий Леонтьев, Лайма 

Вайкуле, Филипп Киркоров, Татьяна Була-

нова, Александр Малинин сынды әншілер 

менімен  жұмыс  істеуге  ниет  танытты. 

Міне, 35 жылға жуық осы есімдері аталған 

өнерпаздармен тығыз жұмыс жасап келемін.  

Сондай-ақ, халықаралық  «RAF  Line» 

сән көрмесінің арт-директоры бола жүріп,  

ұзақ жылдар ресейлік «Говорит Москва» 

радиосы мен бірқатар телеарналарда сән 

бағдарламаларын  жүргіздім.  Көп  уақыт 

ұзамай,  Ресей Суретшілері шығармашылық 

одағының мүшесі, Халықаралық дизайнер-

лер  және  суретшілер  қауымдастығының 

мүшесі атандым.  Шүкір, тағдырыма ри-

замын.


-  Дизайнер  ретінде  өзіндік  берік 

ұстанатын қағидаңыз бар ма?

- Әрине, бар. Раф Сардаровпен жұмыс 

істегісі  келетін  кісі  менің  талғамыма, 

таңдауыма қарсы келмеуі тиіс. Әлі есімде, 

Ресейдің  Халық  артисі  Лариса  Долина 

келіп: «Менің толықтығымды жасыратын 

көйлек тігіп беріңізші»-деп өтініш білдірді. 

Рас, ол кезде Лариса өте толық болатын. 

Соған  қарамастан,  мен  оған:  «Егер  өз 

қалауыңыздағы көйлекті тіктіргіңіз келсе, 

басқа кісіге барыңыз» - деп есікті нұсқадым. 

Менің қатқыл сөйлегеніме таңырқай қараған 

әнші үндеместен: «Сіздің  талғамыңызға 

толық сенім артамын. Қолыңыздан келсе, 

мен секілді қарапайым әйелден ханшай-

ым жасап көріңіз» - деді.  Сөйтіп, екеуміз 

уәделестік. Халық артисіне берген сөзімде 

тұрған болуым керек, әлі күнге дейін тығыз 

жұмыс жасап келеміз (күліп).

-  ХХІ ғасырда сән саласы қарқынды 

дамып  жатыр.  Ісмерлер  арасында 

бәсекеде  жоғары.  Жалпы,  қазандай 

бұрқ-сарқ қайнаған сән индустриясында 

әріптестеріңіз  бір-бірінен  дараланып 

тұру үшін не істеулері керек?

- Дизайнер-стилист өз білімін ұдайы 

жетілдіріп  отыруы  тиіс.  Ол  үшін  өз 

әріптестеріңнің  қолдарынан  шыққан 

дүниелермен етене танысып, қоян-қолтық 

жұмыс жасаған жөн деп санаймын. Бұған 

қоса, дизайнер мамандар ұлттық стильге 

айрықша  басымдық  беруі  тиіс.  Бұл-бір. 

Екіншіден,  әлемге  әйгілі  сәнгерлердің 

жұмыстарын жіті зерттеу де маңызды. 

Өзім сән әлемінде өзіндік қолтаңбалары 

бар  Эндрю  Логан,  Пьер  Паоло  Косс, 

Ада  Эссе,  Валерия  Коттино,  Кристина                       

Фереро сынды белгілі мамандармен тығыз 

жұмыс  жасадым.  Әлі  де  байланысымыз 

үзілген  емес.  Осы  тұста,  мен  жастарға 

ағалық  ақылымды  айтқым  келеді.  Егер 

сен өз ісіңнің хас шебері болғың келсе, бас 

көтермей оқы және үнемі ізденіс үстінде 

бол. Сіз дұрыс айтасыз, бүгінде сән сала-

сы көз ілеспес қарқынмен дамуда. Жастар 

заман ағымынан қалмай, өз шеберліктерін 

шыңдап отырулары шарт. 

-  Ал  қазақстандық  дизайнерлердің 

жұмыстарын бақылап отырасыз ба?

-  Әлбетте!  Жіті  бақылап  отырамын. 

Қазақстанда  сән  индустриясы  айрықша 

леппен дамып келе жатқанына қуанамын. 

Сіздердің отандық дизайнерлеріңіз әлемдік 

сән  үлгісімен  қатар,  қазақ  халқына  ғана 

тән ұлттық колоритті ұтымды пайдаланып, 

көздің  жауын  алатын  киім-кешектерді 

тігуде.  Маған  қазақ  халқының  салт-

дәстүрінен  сыр  шертетін  оюлы-өрнекті 

ұлттық киімдері ұнайды.  Мұның өзі да-

мылсыз дамып жатқан сұлулық әлемінде 

әр ұлттың бітім-болмысын, салт-санасын 

дараландырып тұратын критерий деп са-

наймын.  Қазір байқасаңыз,  көп халықтар 

өздерінің ұлттық нақыштағы, яғни ұлттық 

стильдегі  дүниелерімен  ғана  мақтана 

алады. Бұл тың бастама дер едім. Себебі, 

тап  қазіргі  уақытта  төрткүл  дүниені  тек  

ұлттық дүниеңізбен таң қалдырып, таңдай 

қақтыра аласыз. 

 - Биыл сән әлемінде қандай өзгерістер 

болады? 

-  Мешін  жылы  нақты  мынадай 

киімдер  сәнде  болады  деуге  келмейді. 

Алайда,  көгілдір  және    алқызыл  түстер 

айрықша  сұранысқа  ие  болады.  Десе 

де,  классикалық  үлгідегі  киімдер  көздің 

жауын  алмақ.  Олардың  қатарында  ұзын 

немесе тізеден төмен белдемшелер, сонау 

1980 жылдардағы кең балақты шалбарлар 

және офистік жейделер бар. Осы тұста, сән 

қуалайтын бикештердің есіне сала кететін 

бір жайт,  2016 жылы қысқа белдемшелер 

(мини юбка) мүлде сәнде болмайды. Со-

нымен қатар, жоғарыда атап өткенімдей, 

ұлттық нақышта тігілген киім-кешектерді 

жиі киюге кеңес беремін.



- Қазір нәзік жандылардың барлығы 

тал мүсінді болуды қалайды. Модельер-

стилист  ретінде  айтыңызшы,  арулар 

дене  бітіміндегі  артықшылықтарды 

айқындап, кемшіліктерін қалай жасы-

руларына болады?

- Мен үшін табиғи сұлулықтан артық 

ештеңе жоқ. Сондықтан әйелдерге кеңес 

ретінде айтарым, артық салмақ кемшілік 

емес, керісінше, артықшылық деп білген 

жөн.


Шынында,    қазір  қыз-келіншектер 

арасында  модель  кейпіндегі,  яғни  арық 

пішінде болу сәнге айналып, арулар артық 

салмақтан арылу үшін бар күш-жігерлерін 

салып  жатады.  Тіпті,  бұл  мәселе  үлкен 

бизнес  көзіне  де  айналып  үлгерді.  Ал 

меніңше,  нәзік  жандылар  етжеңділіктен 

құтылуға  асықпаулары  керек.  Әрине, 

тым  семіздік  адам  денсаулығына  зи-

янын  тигізіп,  дене  сымбатын  бұзады.  

Бірақ  «арық  болудың  мәнісі  осы  екен» 

деп  қабырғалары  көрінгенше  диета 

ұстап, соңыра психологиялық анорексия 

кеселіне шалдығып жатқандар қаншама? 

Ашығын  айтқанда,  біраз  жылдардан 

соң  бұлшық  еттері  бұлтиған,  томпиған 

қыз-келіншектердің  дәуірі  басталады. 

Естеріңізде  болса,  бұрынғы  әлемдік 

кинофильмдердегі  біз  бен  сіз  сүйсіне 

қараған актрисалардың ешбірі тырбиған 

арық болған жоқ. Міне, осы жайтты ескер-

сек,  алдағы  уақытта  «барби  қуыршағы» 

секілді сылқымдардың уақыты өз мәресіне 

жетіп, сәннен шығады. 



-  Сіз  Ресейде  жұмыссыз  қыз-

келіншектерге  арналған  Әйелдердің 

іскер  орталығын  ашыпсыз.  Бұл  идея 

қалай туды?

-  Бұл  орталық    екі  қолға  бір  күрек 

таппай жүрген әйелдерді жұмыспен қамту 

мақсатында  ашылған  болатын.  Әсіресе, 

әлемде қаржылық дағдарыс белең алып, 

жұмыс  орындары  жаппай  қысқартылып 

жатқанда, адамдарға жаңа кәсіпті игеруге 

көмектесу үлкен азаматтық іс деп ойлай-

мын. Осы бағытта жұмыс жасап жүрміз. 

- Өмірлік ұстанымыңыз қандай?   

- Менің жасым 52-де. Көп кісілер маған 

бұл жасты бермейді. Менің өз жасымнан 

әлдеқайда жас көрінуімнің басты сыры – 

өмірді сүйгендігімде деп білемін.  Өмірде 

ұстанатын  негізгі  қағидам  –  адамдарға 

жақсылық жасау. Адамдарға шарапатымды 

тигізе алмасам, зиян тигізбеу.

    


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Хандықтың тойы халықтың тойы №41 (1276)

жүктеу 1.15 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет