2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.15 Mb.

бет4/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының тұрғындармен кездесулері және азаматтарды қабылдаулары туралы 

5. Тараз қалалық мәслихаты аппаратының «сенім телефонының» нөмірі - 43-32-39.               



Тараз қалалық  мәслихатының хатшысы                                  

 Б.НАРБАЕВ

9

//   «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3 (1291), 20 қАңТАр 2016 Жыл  //

Жолдау

Жаңа кезеңдегі міндеттеріміз айқын

 

„

елбасы биылғы Жолдауында еліміздегі денсаулық саласына қатысты «тәуелсіздік алғаннан бері 1 300-



ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын 

ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. аса күрделі операцияларды, емдеулерді өз елімізде өз 

дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі, 

санының өсуінің нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады» - деп атап 

өтті.

тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудің жолдары

 

„

қазақстан президенті өзінің Жолдауында «Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін, кең ауқымды 



жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз» - деді. 

Жекешелендіру және бәсекелестікті арттыру

Жекешелендірудің  негізгі  мақсаты- 

мемлекеттің ел экономикасына араласу-

ын қысқарту және оған жеке сектордың 

үлесін  арттыру  есебінен  экономиканы 

нығайтуға  бағытталған.  Жолдауда  Ел-

басы:  «Бәсекеге  қабілетсіз  компания-

ларды мемлекет есебінен «сүйремеуге» 

тиіспіз.  Бұл  меншік  иесіне  масылдық 

көңіл-күйді  тудырады»  -деп  атап  өтті. 

Бүгінгі  таңда  квазимемлекеттік  сектор 

субъектілерін және мемлекеттің жылжы-

майтын мүлігін жекешелендіру жұмыстары 

қайта зерделеніп, ҚР Үкіметінің бекіткен 

кешенді жоспарына сәйкес  жалғасуда.

2014-2015 жылдарға арналған кешенді 

жоспарына  сәйкес  облыс  көлемінде  27 

нысанның 22-сі жекешелендірілсе, оның 

ішінде қала бойынша 6 ұйымның, есептік 

күнге  4  объектісі  жекешелендірілді. 

Нәтижесінде облыстық бюджетке барлығы  

90,9 млн. теңге (6,4млн.теңге қала бойынша) 

түсіп отыр. Жекешелендіру кәсіпкерліктің 

дамуы үшін мықты серпін болуы тиіс, ол 

бәсекелестікке  жол  ашып,  тұрғындарға 

көрсетілетін қызметтердің сапасын арт-

тырып, олардың тұрмысын жақсартады. 

Елбасы  Жолдауда  кәсіпкерлер,  іскер 

азаматтарға мемлекет тарапынан олардың 

бизнестерінің дамуы, аяққа нық тұруына 

барлық  жағдай  жасалғанын,  бүгінгідей 

сын сағаттарда оларға үлкен жауапкершілік 

артылатынын айтты. Жекешелендірудің 

жаңа легіне белсенді қатысуына, қаржыны 

заңдастыруға,  ашық  жұмыс  істеуіне 

шақырды.


Қарапайым  тілмен  айтқанда, 

маңдай  термен  тапқан  қаржыны  туған 

мемлекетінің  өркендеуіне,  халқының 

тұрмысын  жақсартуға  жұмсаса,  әрі  та-

бысын молайтып, әрі халқының сауабын 

алады. Қазір мемлекеттік сектор нысанда-

рын жекешелендіруге шектеулерді алып 

тастау  қажет.  Жекешелендіру  әділетті 

нарықтық  баға бойынша және бәсекелі 

жүзеге асырылуы керек. Жолдауда Пре-

зидент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы 

қорын Ұлттық Банк бақылауынан шығарып, 

жеке  қазақстандық  немесе  шетелдік 

компаниялардың  басқаруына  берілуі 

тиіс деп атап өтті. Жалпы, бұл - әлемдік 

үрдіс. Осы үрдіске сай, кезең-кезеңмен біз 

зейнетақы қорын жекешелендіруге келе 

жатырмыз.  Сарапшылардың  айтуынша, 

оның айтарлықтай үлкен салдарлары бол-

майды, сондықтан қауіптенуге еш негіз 

жоқ. Бүгінде мүлікті жария ету мерзімі 

2016  жылдың  31  желтоқсанына  дейін 

ұзартылуына байланысты халыққа түсіндіру 

мәселесі кеңінен насихатталуы тиіс. Осыған 

байланысты БАҚ, халық көп шоғырланатын 

жерлерде билборд, баннер т.б. құралдар 

арқылы насихаттау жұмыстары жоспарла-

нып, іске асырылуда. Мүлік пен ақшаны 

айналымға қайтару үшін қосымша ынта-

ландырулар қабылданды. Құпиялылық пен 

сот қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. 

2017  жылдың  1  қаңтарынан  кірістер 

мен шығыстарды жаппай декларациялау 

күшіне енеді. Одан кейін олардың шығу 

төркіні мен салық салынуын анықтау үшін 

шаралар қабылданатын болады. Мүлікті 

жария  ету  бойынша  бүгінгі  күнге  қала 

бойынша 1503 жылжымайтын мүлік жария 

етуге өтініштер қабылданып, оның ішінде 

құжаттары толық болмауына байланысты 47 

өтініш қайтарылса, құны 12,7млрд. теңгені 

құрайтын 1426 жылжымайтын мүлік жария 

етілді.

Бюджет саясатын оңтайландыру 

Президент  қарапайым  мәселе  

үнемшілдік, дүниені босқа шашпауды қадап 

айтып отыр. Мұндай кезеңде халықтың 

қазына қаржысын ең алдымен пайда беретін 

тұсқа бөлу керектігін нұсқады.

Елбасы Жолдауда Үкіметке бюджеттік 

бағдарламалар шығындарына ревизия жа-

сап, тиімсіз шығындарды немесе жеке сек-

тор есебінен жабылуы мүмкін шығындарды 

бюджеттен шығаруды тапсырды. Осыған 

орай, 2015 жылдың қала бюджеті 175,0 млн.

теңгеге қысқартылып,  ағымдағы жылдың 

бюджеті  178,0  млн.теңгеге  әкімшілік 

шығыстарға қысқартылды.

М е м л е ке т   б а с ш ы с ы   Ұ л т т ы қ 

қор  қаржыларын  қалыптастыру  мен 

пайдаланудың  жаңа  тұжырымдамасын 

әзірлеуді,  мемлекеттік  субсидиялар 

жүйесін қайта қарауды тапсырды.

Сондай-ақ, мемлекет кірістер жүйесін 

қайта қарап, кіріс базасын ұлғайту, салық 

режимдерін оңтайландыру, барлық тиімсіз 

салықтық жеңілдіктерді жою көзделіп отыр.

Біз Елбасы айтқандай, алдағы уақытта 

ысырапсыз  өмір  сүруге  бейімделетін 

болсақ,  дағдарысты  мейлінше  тезірек 

еңсереміз.  Жалпы,  ысырап  етпеу  деген 

халқымызда бұрыннан бар.

 «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 

негізгі бағдаршамы болса, «Нұрлы жол» 

бағдарламасы  экономикамызды  алға 

дамытудағы драйвері арқылы алға қойған 

міндеттер жүзеге асырылатын болады.



Жеңіс ПӘРІМБЕКОВ,

Қалалық қаржы бөлімінің 

басшысы.

Жа ң а   ж ы л д а н   б а с т а п 

денсаулық  саласы  ғана  емес, 

жалпы бюджет қызметкерлерінің 

ж а л а қ ы с ы ,   ә л е у м е т т і к 

жәрдемақылар  мен  шәкіртақы 

орташа алғанда 30 пайызға дейін 

көбейетіні  белгілі  болды.  Шы-

нында,  Таразда  бой  көтерген 

еңселі емханалар мен аурухана-

лар, мектептер мен балабақшалар 

қаламызға көрік беріп тұр. Соның 

бірі - облыстық жүйке аурулар 

интернат үйінің жаңа ғимараты. 

Мұндағы  жасалған  барлық 

жағдай  науқастардың  жайлы 

тұрмыс  кешуі,  денсаулығына 

мән  беріп,  дұрыс  тамақтана 

білуі олардың ұзақ өмір сүруіне 

септігін тигізуде.

Елбасы жаһандық дағдарысты 

тек қана қауіп-қатер деп қарауға 

болмайтынын,  оның  жаңа 

мүмкіндіктерге  де  жол  ашаты-

нын баса айтты. Елбасы әлемдік 

масштабтағы  компаниялардың 

б а с ы м   б ө л і г і   д а ғ д а р ы с 

кезеңдерінде аса табыстылыққа 

қол жеткізгенін тілге тиек етті. 

Жолдау халықтың ертеңгі күнге 

деген сенімін нығайтып, жігеріне 

жігер қосқандай болды. 

Бас-аяғы  бес-алты  жылдың 

ішінде біздің елімізде өмір сүрудің 

орта жасы 65-тен 72 жасқа жетіп 

отыр.  Адам  жасын  ұзартудың 

мұндай  жетістігі  бұған  дейін 

ешбір елде болған емес.

Көп жағдайда біз күнделікті 

тұрмыста бұған қандай жолмен 

жеткенімізге  мән  беріп,  үңіле 

бермейміз. Егер бажайлап қарасақ, 

бұл табыстың еліміздегі халыққа 

жасалып отырған қамқорлықтың 

нәтижесінде келгенін аңғарар едік.

Елбасы  саясатының  және 

экономикамыздың  нығаюымен 

байланысты медицина саласына 

жыл сайын қомақты қаржы бөлініп 

келеді. Соның арқасында бұл сала 

айтарлықтай  дамып,  нығайды. 

Кешеге дейін аудан, облыс түгілі, 

астаналық емдеу орындарының 

өресі  жете  бермейтін,  күрделі 

оталарды  жергілікті  жерде  жа-

сай беретін болды. Себебі, осы 

жылдарда  барлық  жерлерде 

жаңа  емдеу  орындары  салын-

ды,  білікті  мамандар  даярлан-

ды,  заманауи  талаптарға  жауап 

беретін  медициналық  күрделі 

құрал-жабдықтар алынды. Сондай 

игілікке жетіп отырғанның бірі - 

біздің мекеме. Мұндай жағдайды, 

қамқорлықты жергілікті жерлер 

бұрын-соңды көрген жоқ.

Ел  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  «Қазақстан 

жаңа  жаһандық  нақты  ахуал-

да:  өсім,  реформалар,  даму» 

атты  халыққа  Жолдауында  ме-

дицина  саласындағы  осындай 

жетістіктеріміз айтылып, алға жаңа 

міндеттер қойылды. Ең қымбат 

дәулет  -  халықтың  денсаулығы 

десек, осы міндет тапсырылған 

біз  өз  жауапкершілігімізді  әр 

кез  жоғары  талап  тұрғысынан 

сезінуге тиіспіз. Әлеуметтік сала 

қызметкерлерінің жалақысының 

өсуі,  соның  ішінде  медицина 

қызметкерлерінің  жалақысына 

қосымша ақы қосылуы- дәрігер 

қауымының  жаңа  кезеңдегі 

міндеттерін еселей түседі.

Мұрат  БЕРДАЛИЕВ,

Облыстық жүйке аурулар 

интернат үйінің директоры.


ҚұндылыҚ

10

//   «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3 (1291), 20  қАңТАр   2016 Жыл  //



«Халық – менің шын атым!»

 

„

Осылай уақыттың үнімен жырлаған дуалы ауыз  Жамбыл Жабаевтың  өлеңдері әлі де халқының 



жүрегінде. ел аумағында 77 жыл бойы ақынның атымен аталып келген жалғыз облысымыздың 

орталығында қасқайып қарт жыраудың ескерткіші тұр. қала тарихына көз салсақ, бұл мүсіннің бой 

көтергеніне де жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Жамбыл деген – жай атым,

Халық – менің шын атым,

Жай –құйрығым, қанатым,

Қазақстан-  Отаным  -  деп,  парасаттың 

биігінде пәрменді жырлары жаңғырған қарт 

жырау жауынгерлік рухтың жаршысы да бола 

білді. Бүгінде Тараз қаласының қақ төрінде 

орналасқан ақын мүсінінің қасқайып тұрғанына 

да 55 жыл болыпты. 

Бұл мүсіндік композиция 1961 жылы ұлы 

ақынның туған күнінен 115 жыл өткен соң арнайы 

жасалған екен. Жоба авторы атақты сәулетші В. 

Сашенко, ал мүсіншісі  Қазақ ССР-нің халық 

суретшісі Х. Наурызбаев болып табылады. 

Ескерткіште ұзын етек шапан және аң терісінен 

тігілген бөрік киген, сол қолында домбыра ұстап 

тұрған, оң қолы бос тұрған Жамбылдың мүсіні 

бейнеленген. Қола мүсін Қордайдың қызғылт 

гранитінен жасалған тастармен қапталған биік 

тұғырдың үстінде тұр. Тұғырдың бет жағында  

«Жамбыл Жабаев. 1846-1945» деген жазу, ал 

оның төменгі бөлігінде-  таудың арғы жағынан 

көтеріліп келе жатқан шұғылалы күннің шуағы 

бедерленген. Мүсін биіктігі - 4 м, тұғырдың 

биіктігі – 4,3м. Мүсін Ленинградта (қазіргі 

Санкт-Петербург қаласы) «Монумент Скуль-

птура»  зауытында  құйылған,  ал  граниттен 

жасалған тұғыр жергілікті материалдан Алма-

тыда жасалыпты. Қазақтың тұңғыш мүсіншісі  

Хакімжан Наурызбаевтың қолынан шыққан 

сәулетті ескерткіш республикада маңызы бар  

тарих пен мәдени ескерткіштердің тізіміне 

енген. Айта кетсек, көпшілік қауым жақсы тани 

бермейтін Х. Наурызбаев тарихи тұлғалардың 

мүсіндерін сомдауда зор табыстарға жеткен. Әр 

тұлғаның бейнесін, жан дүниесін психологиялық 

тұрғыдан тереңірек ашуға ұмтылған. Осы салада 

қажырлы еңбек еткен, жан-жақты зерттеулер 

жүргізген мүсіншінің өмір жолы өнегелі істерге 

толы. Ол – халық суретшісі Әбілхан Қастеевпен 

қатар тұрған тұлға. Қазақтың тұңғыш кәсіпқой 

мүсіншісі 1925 жылы 27 тамызда Қостанай 

облысы, Меңдіқара ауданы, Ұлыкөл ауылын-

да дүниеге келген. Сұм соғыстың алғашқы 

жылдарымен  тұспа-тұс  келген  мүсіншінің 

балалық шағы бақташының, темірші-ұстаның 

ауыр жұмыстарын істеумен өтеді. Оның шебер 

болып қалыптасуына бұл жағдайдың да әсері 

болды дейді көзкөрген ел. ҚР  Мемлекеттік 

сыйлығының иегері, Қазақ КСР Халық суретшісі 

(1969),  Алматыдағы «Абай» (1960, қола, гранит), 

«Шоқан» (1969, қола, 1970 жылы Қазақ КСР 

Мемлекеттік сыйлығы берілді), «Калинин» 

(1973, гранит, У.Рахмановпен бірге), Жамбыл 

қаласындағы «Жамбыл» (1963, шойын, гранит) 

атты монументті ескерткіштерінде пропорция, 

ритм заңдылықтарын тиімді пайдалану арқылы 

образдарды шынайы бейнеледі  әрі ұлттық коло-

ритке аса көп көңіл бөлді. «Жасөспірім Жамбыл» 

(1957, қола) «Салт атты Жамбыл» (1958, қола), 

«Жеңімпаз қаһарман» (1953, бояулы гипс, 1953 

жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді) 

атты композицияларында мүсінші силуэт пен 

фактураны үлкен шеберлікпен пайдаланды. 

«Амангелді портреті» (1948), «Бала Жамбыл» 

(1950), «Құрманғазы» (1957), «Алдабергенов» 

(1959), «М.Хакімжанова» (1961), «Сәкен» (1964, 

бәрі де гипс пен мәрмәрден жасалған), «Шопан 

портреті» (1965, қалайы, Мәскеу, Третьяков 

галереясы) атты еңбектерінде кейіпкерлердің 

жан  дүниесін  терең  де  жан-жақты  ашты. 

1952-54  жылдары  Қазақ  КСР  Суретшілер 

Одағы  басқармасының  төрағасы,  1961-65 

жылдары Лениндік сыйлықтар комитетінің, 

1959-65 жылдары және 1973 жылдан КСРО 

Суретшілер Одағы басқармасының мүшесі 

болған.  X.Наурызбаев  еңбектері  қазақтың 

көркемсурет  галереясында  сақтаулы.    Бір 

сөзбен айтқанда, Алматы қаласындағы Абай 

мүсінінен  бастап  Жамбыл,  Шоқан,  Амангелді,  

Құрманғазы, Дина, Мәншүк ескерткіштерінің 

авторы, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Жұбанов, 

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Се-

ралы Қожамқұлов, Кәмшат Дөнентаева сынды 

өнегелі өмірімен, ерлігімен, еліне жасалған 

қызметі мен елеулі із қалдырған қазақ халқының 

қазанаттай перзенттерінің мүсіндерін де шебер 

сомдап, ол туған халқына 300-ден астам мүсін 

өнерінің туындыларын ескерткіш етіп қалдырды. 

Алыптардың болмысын бедерлеген алтын қолды 

шебердің өмірден қайтқанына да биыл жеті жыл 

өтіпті. Дегенмен, оның есімі, өнері, еңбегі сол өзі 

бейнелеген  Жамбылдай тау тұлғалармен бірге 

мәңгілік жасай берері ақиқат.

қазақ анимациясы, қайдасың?

 

„

 қазіргі таңда теледидар, интернет ойындарын, газет-



журналдарды былай қойып, балалардың ойыншықтары мен 

киімдерін түгелдей шетелдік кино мен анимация кейіпкерлері 

жаулап алған.

Қазіргі тілмен айтқанда, олардың әрқайсысы  

бренд болды. Жақсы жарнама арқасында олардың 

әрқайсысы өз елінде ғана емес, сонымен қатар дүние 

жүзіне тарап, үлкен сұранысқа ие болып жүр. Осын-

дай жолдармен көрермендерді қызықтырып, өздеріне 

тартып, рейтингтік көрсеткіште үлкен жетістіктерге 

жетіп, өз жемісін көруде. Бұл, әрине, дұрыс та шығар, 

бірақ бізге қандай пайдасы бар? Біздің өсіп келе 

жатқан бүлдіршіндер шетелдік өнімдерден қандай 

өнеге алады? Жауап біреу – ешқандай. Себебі, олардың 

мәдениеті, салт-дәстүрі, менталитеті бізге жат екені 

айтпаса да түсінікті. Ал біздің өзімізге тән ұлттық 

мінезіміз, табиғат-болмысымыз, салт-дәстүріміз өзге 

тұрмақ, күннен күнге өзімізге де таңсық болып барады. 

Қазір біз «біреудің қаңсығын таңсық» көріп жүрміз. 

Біз өзгелерді олардың өз «қаңсығымен» қызықтыра 

алмасымыз айдан анық. Қазақ өзіне де, өзгеге де өз 

ерекшелігімен, ұлттық өзгешелігімен қызық та қымбат.

АҚШ немесе Еуропа елдерін алып қарасақ, 

олардың кино, анимация әлеміндегі кейіпкерлерінің 

дені ойдан құралған, қиялдан туған. Фантастика жан-

ры бұл елдерде әлдеқайда алға озып кетті. Сол Гарри 

Поттері де, Өрмекші-адамы да, Шрегі де балалардың 

қиялын дамытады, ой-өрісін кеңейтеді. «Жақсыдан 

үйреніп, жаманнан жиренуге» баулиды, ізгілікке, 

мейірімділікке тәрбиелейді. Мысалы, Өрмекші-адам – 

өз халқына жәрдемші, үнемі жаманшылықпен күресіп, 

адамдарға тек жақсылық жасайды, аяғында міндетті 

түрде жағымсыз кейіпкерлердің барлығын жеңіп, 

батыр болады. Шетелдің қай анимациясын, балаларға 

арналған қай фильмін алып қарасаңыз да, шамамен 

осындай сюжетке құрылған. Осы тәрізді көптеген 

туындылары, асып-тасып бара жатқан ерекшелігі 

болмаса да, кейіпкерлері ойдан құралса да, керемет 

танымалдыққа ие болған. Олардың ерекшелігі де 

осында, яғни, ең бастысы, сюжет аса күрделі болмау 

керек, балаларға түсінікті тілмен жазылуы тиіс және 

әзіл-қалжың араласуы қажет – міне, осы олардың 

басты принциптері. Анимациялары мен балаларға 

арналған фильмдерінің форматтары ұқсас, өте жеңіл 

формада түсіріледі.

  Енді  Ресей  мемлекетінің  анимацияларына 

көз жүгіртіп, ой тоқтатып көрелік. Олар көбінесе 

Крыловтың мысалдарын немесе тарихта болған батыр-

ларын кейіпкер ретінде алып, тамаша толықметражды 

анимациялар жасап шығарды. Қарап отырсаң, олар 

өздерінің «орыс деген ұлы халық» екенін, олардың 

мемлекеттері тамаша екендіктерін ұрпағының санала-

рына құйып отырады. Яғни, жас өркеннің патриоттық 

сезімін, өз елдеріне деген махаббаттарын осылай 

оятады.


 Адам баласы – алып бәйтерек секілді. Бәйтерек 

тамырынан ажырап құласа, көп ұзамай бұтақтары 

мен жапырақтары қурап қалады. Ал адам баласының 

тамыры – оның өткені, тарихы. «Өткенсіз болашақ 

жоқ» деп данышпан ғұламалар тегін айтпаса керек. 

Адам өз тарихынан ажыраған кезде, болашағынан 

да айырылады. Сондықтан болашағымыз бекем, 

мемлекетіміз берік болсын десек, тарихымызды 

түгендеуіміз керек. Түгендеп қана қоймай, сол бай 

мұраны келешек ұрпаққа қалай аманаттаймыз, осы 

жағын тереңінен ойлауға тиіспіз. Тарих пен әдебиетке 

үңілер болсақ, нағыз мақтан тұтар, шын мәнінде кино, 

анимация сияқты өнер туындыларына да кейіпкер бола 

алатын батыл, жүрек жұтқан Алпамыс, Қобыланды, 

Ер Тарғын, Қамбар, Қабанбай, Бөгенбай сынды 

батырларымыз, Абылай хан, Тәуке хан сияқты хан-

дарымыз, нағыз анимациялық кейіпкер бола алатын  

Желаяқ, Таусоғар, Толағай сынды мықты образдар бар. 

Эпостық кейіпкерлер мен тарихи тұлғалар ғана емес, 

бала бойында отансүйгіштік мінез қалыптастыратын, 

елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерді ұлғайтатын 

шынайы өмірде болған, заманауи қаһармандарымыз 

да аз емес. Атақты батыр Бауыржан Момышұлын, Ұлы 

Отан соғысында өз ерліктерімен көзге түскен Әлия, 

Мәншүк секілді батыр қыздарымызды экран арқылы 

жас жеткіншектерге танытсақ жаман болмас еді. Немесе 

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде өз ерліктерімен 

тарихта қалған Қайрат пен Ләззаттарды «мультиксүйер» 

балаларға өздерінің сүйікті жанрында таныстырсақ, нұр 

үстіне нұр болар еді. Әрине, олар туралы бірен-саран 

фильмдер бар. Бірақ ол аздық етері сөзсіз.

Ауыз әдебиетінде де жастарға үлгі болар қаншама 

кейіпкерлер бар десеңізші! Мысалы, Қозы Көрпеш пен 

Баян сұлу,  Қыз Жібек пен Төлеген сынды ғашықтарды 

анимация жанрында көрсетсек, ұтылмаймыз. Шы-

нында, неге бай мұрамыздағы ұмыт бола бастаған 

кейіпкерлерге жан бітіріп, кино мен анимациямызға 

қоспасқа?! Біздің кейіпкерлер «Барби мен Кеннің» 

орындарын  баса  алатындығына,  тіпті,  шебер 

режиссердің қолынан шықса, олардан асып түсетініне 

еш күмәніміз жоқ. Жасөспірімдердің көңілдерін аулау 

үшін оларды қуыршақ ретінде шығарып, олар туралы 

видео-ойындар ойлап табылса керемет болады. Осы 

орайда «Бал бала» компаниясының басшысы, қазақ 

қуыршақтарын шығарып жүрген Қыдырәлі Болманов 

ағамыздың құлағына да алтын сырға дегіміз келеді. Осы 

салада ұлттық брендімізді қалыптастыруға жұмыла 

кірісер кез жетті. Өнерге бай ұлтымыздың ерекшелігін, 

салт-дәстүрімізді, ән-билерімізді, терме-күйлерімізді, 

ешкімде кездеспейтін ұлттық ойындарымызды экран 

арқылы өзімізге де, өзгеге де насихаттап, танытуға 

салғыртпыз. Оның орнына шетелдік өнер туындылары 

мен кино өнімдерінің, әндері мен клиптерінің насихаты 

артып, дәурені жүріп тұр. Бұл, шын мәнінде, үлкен 

мәселе. Мемлекетіміз гүлденіп, мәдениетіміз өркендеуі 

үшін, ең алдымен, өнерді қолға алуымыз керек. Ұлттық 

өнер мен ұлттық мәдениет қана жарқын болашағымызға 

кепіл болмақ...



Ұлдана МЫРЗАҚҰЛ,

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер 

академиясының 1-курс студенті, 

«кинотану» мамандығы.

 

║ Мүсінші



 

║ Хакімжан 

 

║ Наурызбаев.



қыз өссе - елдің көркі

 

„

гүл мен қыз - бөліп жаруға келмейтін егіз ұғым. екеуі де талдырмаш сабағы иіліп, күн көзіне еркелеп 



өседі. алқызыл гүлдің тамыры тым әлсіз бола тұрып, тас жарса, қыздың жолы да тым нәзік әрі жіңішке 

бола тұрып, қырық шырақты. әдемілікке әуес екеудің де қауызына шық тұнатыны тағы бар...

қанатты адамдар

 

„

тағдыр талайдың бәйтерегін құлатты. үмітін үзді. арманын аласапыран етті. кейбіреу сол қиындығының түбіне түсіп, өз 



болмысынан бордай тозып, тұншығып қалды. ал біреулер құлаған бәйтерегін қайта тұрғызып, үзілген үмітін қайта жалғап, алға 

ұмтылды. ал алға жүрген адамның алдынан қашанда жарық күн күтері сөзсіз...

Диляра ДАРХАН

Күн  тектес  мейірімді,  гүл  тектес  сұлу  әйел 

атаулының  жер  бетіндегі  миссиясы  бәрінен  де 

маңызды.  Ол  миссия  соңында  қалар  өнегелі 

ұрпағының  ертеңімен,  үлкен-кішіге  көрсетер 

ілтипат-ізетімен өлшенбек.  Алайда, екі бетінің 

біріне арын, екіншісіне ұятын тең бөлген тағдыры 

тек мән-мағыналы ғұмырды тарту ете бермесі де 

анық.  Желкілдеп өскен құрақтың көктемде гүлдей 

солатыны да кездесер... Сонда  қайтпек?! Қырық 

үйден, қалса қара күңнен  тыйым салуға хақысы бар 

қырмызылардың нәзік жаны арпалысқа түссе кім 

түсінер, кім ұғар?! Адасып кетсе, жөнге салар кім? 

Әрине, ақ жаулықты әжелер, ардақты аналардың 

ақыл-кеңесі, жөн сілтер жөн-жосығы.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы қос әйелдің 

қос бірдей перзентінен бас тартқан жантүршігерлік 

оқиғалары кім-кімді болсын бейжай қалдырмады. Осы 

орайда әр істің алдын алып, ақылмен шешіп, өмірін 

абырой, әдеппен әдіптей білген ардақты аналардың 

өз соңынан ерген нәзіктерінің қателігінен салы суға 

кетті. Қырмызы қыздардың тағдырына алаңдап, 

арулардың бойын адасқақ ойдан аулақ салу үшін 

жан аямай күресіп, барынша салиқалы ғұмыр кешіп, 

нәзік жанына жақсылықтың сәулесін шашу үшін ел 

аналары Қ. Сарымолдаев балалар үйіне жол тартты. 

Осыдан аз ғана уақыт бұрын Жамбыл облыстық 

іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Гүлдара 

Нұрымованың мұрындық болуымен ел аузындағы 

ардақты аналар «Ел анасы» кеңесін құрған болатын.  

Барлық нәзік жандыларға қатысты мәселелердің 

алдын алу немесе қиын сәттері қол ұшын беріп, 

бірлесе күресу мақсатында құрылып отырған кеңес 

құрамында саналы ғұмырларын өңірдің гүлденуіне 

арнаған ақ жаулықтылар топтастырылған.  Өнегелі 

өмірімен көпшілікке үлгі болып, атпал азаматтар 

тәрбиелеп, қазіргі таңда бейнеттерінің зейнетін көріп 

отырған асыл әжелер және жанұя мен қызметті қатар 

алып жүрген нәзік жандылардан құралған «Ел анасы» 

кеңесінің мүшелері бар. 

Кеңес  төрағасы  Лидия  Ахметова,    Разия 

Сарсембаева,  Күлжәмиля  Жолдасова,  Надежда                                 

Врублевская, Кәмилаш Ахметжанова,  Іскер әйелдер 

қауымдастығының атқарушы директоры Хадиша 

Оспанова, Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі 

Әсима Қартабаева және «Жамбыл-Тараз» газеті ре-

дакциясы» ЖШС директор-бас редакторы, қалалық 

мәслихаттың депутаты Эльмира Мырза-Ғали Жамбыл 

облыстық Қ. Сарымолдаев   атындағы балалар үйінде 

тәрбиеленуші қыздармен дөңгелек үстел басында 

кездесіп, «Өнегелі өмір» және «Қыз өссе - елдің 

көркі» тақырыбында әңгіме өрбітті.  

Қыздардың  бойына  ұлттық  тәрбие  мен 

патриотизмді,  инабаттылық  пен  ибаны  сіңіру 

мақсатында  өткен  кеш  барысында  ақ  жаулықты 

аналар  жастық  шағының  қызықты  күндерімен, 

ғұмырының келелі тұстарымен бөлісіп қана қоймай, 

жанұя бақытын сақтап қалудың да  қыр-сырымен 

бөлісті. 

- Аяулы балалар, сендерді көргенде, біз сияқты 

ақ жаулықты аналардың жүрегі елжіресе, сендер 

де  өздеріңдей  балалардың  ата-анасын  көргенде 

толқисыңдар,  ойланасыңдар.  Бүгін  сендердің 

алдарыңа келіп, аналық ақ пейілімізді арнамақпыз. 

Өмір қиын, өмір өзен, өтеді де кетеді. Сол өзеннен 

әрқайсың дұрыс жолын тауып, жүзіп шықсаңдар, 

бәрі дұрыс болады. Менің қызым 17 жасында Мәскеу 

қаласына білім қуып кетті. Одан жаман болмады. 

Өмірде өз орнын адаспай тапты. Бүгінде балала-

ры шет елде білім алып жатыр. Мен 10-сыныпты 

бітіргенде, әкем өмірден озды. Сонда  мені анам 

білім алсын деген ниетпен, жолай кетіп бара жатқан 

көлікке мінгізіп, Алматыға жіберді.  Міне, мен де 

өмір өзеннің ағысына қарсы жүзіп, еш қиындыққа 

мойымастан білім алып, өз орнымды таптым. Сіздерге 

де өмірдің биік шыңына жетелейтін білім екендігін 

айтқым келеді,- деді өз сөзінде Кеңес төрағасы Лидия 

Ахметова. 

Кеш барысында тәрбиеленушілер тарапынан 

ардақты аналарға  сан сауал қойылды. Мұндағы 

жеткіншектердің бірі жанұя бақытының сыры неде 

екендігін білгісі келсе, енді бірін бала тәрбиесіндегі 

маңызды мәселе қызықтыратынын айтты.  

- Соңғы жаңалықтарға құлақ түрсек, безбүйрек 

аналардың қылығы жан шошытарлық жағдайға алып 

келді. Ойлап қарасақ, соғыс жылдары күндіз жұмыста 

еңбек еткен аналар, түнде ай жарығымен бидай 

сұрыптап, үй шаруасымен айналысып, балаларының 

жағдайын жасаған. Сондай қиындық туған сәтте 

аналар балаларынан бас тартқан жоқ. Ашаршылық 

уақытында да аналар баласының қасынан табылды. 

Ал бүгінде  әркім өз қиындығын қоғамнан көреді. 

Барлық нәрсені адам өз қолымен жасайды емес 

пе? Арабтарда «сабыр-жарықтың кілті» деген бір 

жақсы сөз бар. Сабырға білім мен ақылды қоссаңыз,  

бәлкім, қиындықтан шығу жолы оңайлана түсер,- деді 

бүгінгі қоғамның көрінісін дөп баса айтқан Эльмира 

Иниятқызы жиналғандарға ой тастап.

Сондай-ақ,  отырыс  соңында  балалар  үйінің 

тәрбиеленушісі «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» 

атты  Ф.  Оңғарсынованың  өлеңдерін  мәнерлеп 

оқу  байқауынан    бас  жүлдені  жеңіп  алған                                                                              

Сымбат Жұлдызбай поэзия әлемінен сыр шертіп, 

ақындардың өлеңін оқыды. Кеш соңында Күлжәмиля 

Жолдасованың    «Өмірімнің  өрнектері»  атты 

кітабымен қатар, ақ жаулықтылар балғындарға тәтті 

шоколадтар тарту етті.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал