2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.15 Mb.

бет2/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ел экономикасында 

даму бар

 

„

елбасының 5 институционалдық реформасы аясында «Ұлт Жоспары- 



қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын түсіндіру 

бағытында Жамбыл облысы  кәсіпкерлер палатасының директоры  

қарлығаш аралбекова  мен м.Х.дулати атындағы  тарму-дың экономика 

ғылымдарының докторы  сұлтан әбілдаев Бақ өкілдерімен брифинг 

өткізді.

кәсіпкерлікті дамыту – 

экОнОмиканы  Жаңғырту

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Аталмыш брифингте Қарлығаш Әмірқызы 

«Индустрияландыру мен кәсіпкерлікті  дамыту- 

экономиканы жаңғырту» тақырыбында әңгіме 

өрбітіп, бизнесті қолдау мен кәсіпкерлер құқын 

қорғау бағытында  Кәсіпкерлер палатасы тарапы-

нан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал 

Сұлтан Таласбайұлы «Бюрократтық шығынсыз 

экономикаға  қадам  басудың»  мәнін  тілге 

тиек етті. Сондай-ақ  өңірдегі кәсіпкерлерге 

мемлекеттің  қолдауы,  ЖОО-да студенттерге 

Елбасы саясатын насихаттау барысы жайлы да 

сөз қозғалды.

- Нақтылы кезеңде облысымыздағы жалпы 

бизнес субъектілерінің саны 75 453-ті құрап отыр. 

Оның 99,3 пайызын шағын, 0,5 пайызын орта, 

0,1 пайызын ірі бизнес субъектілері құрайды. 

2015  жылы  облыс  кәсіпкерлерінен  палатаға 

барлығы  5454  өтініш  келіп  түскен.  Палата 

қызметін пайдаланушылардың 62 пайызы об-

лыс орталығынан болса, 38 пайызы аудандағы 

кәсіпкерлер.Құқықтық  мәселелер  бойынша 

палатаға келіп түскен 279 арыз-шағымның 76 

кәсіпкерлер  құқын  қорғау  жүйесі  бойынша 

болса,  оның  42-сі  оңтайлы  шешімін  тапты.

Арыз-шағымның 48 пайызы жер мәселесіне, 21 

пайызы салық, 18-і мемлекеттік сатып алулар, ал 

19 пайызы басқа да салаларға қатысты. Жалпы 

жыл басынан бері 1 640 016 954 теңге көлемінде 

кәсіпкерлер құқы қорғалған,- дейді Кәсіпкерлер 

палатасының директоры. 

БАҚ өкілдері отандық өнімдердің сырттан 

келген тауарлардан бәсекеге қабілетсіз және екі 

есе қымбат болатындығы, сондай-ақ несие беру 

және жаңа заң құрылымдарының өзгерістері тілге 

тиек етілді. 

Брифинг барысында БАҚ өкілдері тарапынан 

түрлі сұрақтар қойылды. Палатаның кәсіпкерлік 

субъектілерінің мүддесіне қатысты заңнамалық 

немесе нормативтік-құқықтық актілеріне  бай-

ланысты  сұрақтарға:  «Есепті  мерзімде  214 

нормативтік-құқықтық акті жобасы қаралып, 

оның 156-сы бойынша  сараптамалық қорытынды 

беріліп, 58-і толықтыруларды қажет ететіндіктен 

кері қайтарылды. Кәсіпкерлер мүддесін қорғау 

және бизнестің жүйелік сипаттағы  проблемала-

рын  анықтау мақсатында палата сарапшылары 

консультативті-кеңесші  органдар жұмысына 

да белсенді түрде қатысуда»-деп жауап берді                        

Қ. Аралбекова.

 «Қазақстан - Тараз» телеарнасының тілшісі 

Ж. Саңғыл отандық өнімнің құнының шетелдік 

өнімдерден  әлдеқайда  қымбат  болатыны 

жөнінде  сауал  тастады.  Қ.Аралбекова:  «Өз 

өнімдеріміздің  қымбат  болуы  оған  кететін 

шығынның ақталмауынан болса керек» - деп 

жауап берді.Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің шағын 

және орта бизнестің дамуы туралы сұрағына: 

«Бұрын  доллармен  несие  алған  кәсіпкерлер 

қарызын қайтаруда қиналуда. Сондықтан да 

ондай азаматтардың бизнесін одан әрі ұлғайтпақ 

түгілі, сақтап қалуының өзі қиынға соғып жа-

тыр. Дегенмен, облыстық Кәсіпкерлер палатасы 

тарапынан оларға қолдан келген көмек-қолдау 

жалғасып жатыр.  Ал орта бизнес облыста болсын, 

сонымен қоса елімізде  болсын экономиканың 

негізі болып табылады. Ауылдағы кәсіпкерлікті 

дамыту әсіресе маңызды. Біз бүгінгі күні шағын 

және орта бизнеске қолдау мен көмек көрсетуге 

бағдарланған сервистік қызмет көрсетуге қашанда 

әзірміз» - деп жауап берді.

 

„

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы 



басқармасы басшысының міндетін 

атқарушы еркебұлан анабековтің 

қатысуымен Жамбыл облысының өңірлік 

коммуникациялар қызметінің алаңында 

«индустрияландыру және экономикалық 

өсім негізгі міндет – шикізат базасын 

дамыту» тақырыбында жиын өтіп

аграрлық сала әңгіме болды.  

өз өніміміз өзімізге жетеді

Индира БАЙҚОНЫС

 Еркебұлан Даниярбекұлы Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары-  

қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында көрсетілген 

аграрлық саланы дамыту мәселесіне тоқталып, аталған сала бойынша 

облыстың өткен жылы қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етті.

- Елбасы өз мақаласында атап өткендей, Жер Кодексіне енгізілген 

өзгерістер  фермерлік және бүкіл аграрлық секторды дамыту үшін 

айтарлықтай ынталандырушы күш болмақ. Осы арқылы жермен жұмыс 

істейтін агроөнеркәсіптік кешен субъектілері, фермерлер қауымы жерді 

пайдалануда көптеген  жеңілдіктерге қол жеткізетін болады. Ал Жамбыл 

облысы өткен жылды әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан, 

көңіл толарлық нәтижемен аяқтады,-деді ол. 

Еркебұлан Анабековтың айтуынша, былтыр облыс қамбасына 241,6 

мың гектар масақты дәнді дақылдар түссе, 227,5 мың тонна сүт өндіріліп, 

сүтті қайта өңдеу үлесі 40.0 %-дан  53,0 %-ға ұлғайған. Сондай-ақ облыста 

өткен жылы ет экспортын 700 тоннаға жеткізу тапсырмасын орындау 

бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Қазіргі таңда өңірімізде 21 мал 

бордақылау алаңы жұмыс жасауда. 

Брифингке қатысқан журналистерді биыл Жамбыл ауданындағы  

«Оңтүстік халал ет өнімдері» ЖШС-нің етті қайта өңдеу кешенін іске 

асыру жоспарының келешегі қызықтырды. Бұл мәселеге орай, Еркебұлан 

Даниярбекұлы аталған ет өңдеу кешені алдағы уақытта іске асуы мүмкін 

екенін алға тартып, егер бұл жоба іске асса, өңірдегі мал бордақылау 

алаңдары шикізатпен қамтамасыз етіліп, алдағы уақытта қайта өңделген 

ет өнімдері эспортқа шығарылатынын жеткізді.  

Өткен жылы өңірде ет-сүт өнімдерінің қарқын алғанын ескерген 

тілшілер Еркебұлан Анабековтен облыс тұрғындарын ет-сүт өнімдерімен 

толық қамтамасыз ету жайы мен ол өнімдерді өзге облыстарға экспорттау 

мәселесін сұрады.  

- Біз ауыл шаруашылығы дамыған өңірге жатамыз. Бүгінде бұл сала 

бойынша республикада            4 -орында тұрмыз. Қазір АҚШ доллары өсіп, 

теңгеміз құлдырағанына қарамастан базарда, дүкендерде ет-сүт және нан 

бағасы көтерілген жоқ. Бұл өз өніміміз өзімізге жететіндігін көрсетеді. 

Қазір де жамбылдық ауыл шаруашылығы өнімдері басқа облыстарда саты-

луда. Мәселен, республикада Жуалының ірімшігі мен сары майына, Меркі 

ауданының сүт-айранына сұраныс жоғары.  Болашақта бұл көрсеткіш 

өсетініне сеніміміз кәміл,- деп қысқа қайырды ол.


5

//   «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3  (1291), 20  қАңТАр 2016 Жыл  //

Қала-ҚарБалас

 

„

Бесінші шақырылған тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 49-шы 



сессиясында ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының 

лауазымына кандидатураны келісу мәселесі қаралды.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Бес 

институционалдық реформаны жүзеге асыру 

жөніндегі «100 нақты қадам»  Ұлт Жоспарына 

сәйкес Қазақстанда жергілікті қоғамдастыққа 

есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру 

керектігі туралы тапсырма жүктеген болатын. 

Осыған байланысты, жергілікті полиция құру 

ішкі  істер  органын  оңтайландыру  жолымен 

жүзеге  асып,    оның  құрылымына  учаскелік 

инспекторлар,  жол-патрульдік,  ювеналдық, 

табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-

зомбылықтан қорғау және арнайы қабылдау 

бөлімшелері біріктірілген болатын. Жергілікті 

полиция  қызметкеріне  қоғамдық  тәртіпті 

қадағалау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 

тұрмыстық қылмысқа қарсы күресу міндеттері 

жүктелген.    Сонымен  қатар,  жергілікті  по-

лиция қызметіне шағымдарды қарау бойынша 

Қоғамдық кеңестердің өкілеттігін кеңейту шара-



 

„

қала әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 



күрес мәселелері, қылмысқа қарсы күрес пен қылмыстың алдын алу 

бойынша қалалық комиссиялардың кеңейтілген  отырысы өтті. алқалы 

жиынға қатысқан қала әкімі нұржан календеров алдағы уақытта 

жергілікті полиция бөлімі жұмысын күшейту үшін бірқатар шаралар 

атқарылатындығын айтты.

Жергілікті  пОлицияның  

Жауапкершілігі мОл

Ерман ӘБДИЕВ

Жиында  күн  тәртібіндегі  бірінші 

мәселе  бойынша  қала  аумағындағы 

2015 жылы қылмысқа қарсы күрес пен 

қылмыстың алдын алу мәселелері бой-

ынша  атқарылған  жұмыстары  тура-

лы облыс орталығындағы үш полиция 

бөлімінің өкілдері есеп берді. Алғаш 

мінберге көтерілген №1 ПБ басшысының 

орынбасары Нұрбол Махановтың айту-

ынша, 2015 жылдың 12 айында 1-ПБ-

нің әкімшілік аумағында жалпы 4250 

(2014 ж. 3388) қылмыс тіркелген, өткен 

жылмен салыстырғанда қылмыс саны 

25,4%    өскен.  Сотқа    барлығы  1232 

(2014ж.-805) қылмыстық іс жолданса, 

қылмыстарды  ашу  көрсеткіші  33,3% 

(2014ж.-12,8%)  құрапты.  Сондай-ақ, 

өткен жылға қарағанда, тіркелген жал-

пы  қылмыстар  санатынан  бөтеннің 

мүлкін  ұрлау  қылмыстарының  саны 

18,4 % өсу деңгейі байқалыпты (2245-

тен  2659-ға  дейін).  Ашу  көрсеткіші 

20,2%.  487 іс сотқа жолданған. Және 

есепті мерзімде 6931 әкімшілік құқық 

бұзушылық анықталып, оның 1437-сі 

ескертіліп, 3480-іне айыппұл салынған, 

сотқа жолданған 2015 іс, оның ішінде 

577 тұлға әкімшілік қамауға алынған. 

Ал  №2  ПБ  басшысының  орынбаса-

ры  Бауыржан    Үдіргеновтің  айтуын-

ша, есепті кезеңде жалпы қылмыстық 

құқық бұзушылықтардың тіркелуі 8,7%, 

соның  ішінде  аса  ауыр  қылмыстар 

20,0% төмендеген, және онша ауыр емес 

қылмыстардың саны 74,3% өскен. Бұған 

қоса,  қоғамдық  орындарда  жасалған 

қылмыстардың саны 52,2% (1749-дан 

836-ға дейін), көшелерде 52,9% (1026-

дан  483-ке  дейін),  топпен  жасалған 

қылмыстар 17,5% (114-тен 94-ке дейін), 

кәмелеттік  жасқа  толмағандармен 

жасалған қылмыстар саны 13,2% (38-

ден  33-ке  дейін)  төмендеген  және 

мас  күйде  көлікке  отырғандардың 

көрсеткіші 9,1% (110-нан 120-ға дейін) 

өсіп  отыр  екен.  Бөлім  қызметкерлері 

пәтер ұрлықтарын ашу бойынша жақсы 

көрсеткішке қол жеткізген. Көрсеткіш 

58,8% құрады (2014ж. – 11,5%), сонымен 

қатар бұл облыстың орта көрсеткішінен 

де жоғары (облыс – 46,0%) екен. №2 

ПБ  қызметкерлері  қызмет  көрсететін 

аумақта ағымдағы жылда 4 суицид орын 

алып, ішінде біреуі қайғылы жағдайда 

аяқталыпты.  Сондай-ақ,  жиында  №3 

ПБ  бөлімі  басшысының  орынбасары 

Талғат Ерсейітов те мәліметтерді келтіре 

кетті.  Құзырлы  сала  мамандарының 

есебін  тыңдаған  қала  әкімі  Нұржан 

Сәбитұлы:  «Жақын  арада  жергілікті 

полиция басшысы тағайындалады. По-

лиция қызметкерлері жергілікті билікке 

қарайтын  болады.  Әрине,  полиция 

қызметкерлерінің жұмысы ауыр. Қала 

бойынша үш мың тұрғынға бір учаскелік 

полиция қызмет көрсету керек болса, кей 

аумақтарда 27 мың тұрғынға үш қана 

учаскелік полиция қызметкері қызмет 

көрсетеді. Және екінші мәселе – ол өз 

ісінің кәнігі мамандары зейнет жасына 

жетіп, зейнетке кетіп жатыр. Олардың 

орнына жас мамандар келіп жатыр. Сол 

жас  мамандарға  тұрғындармен  етене 

жұмыс жүргізуді үйрету керек. Кәсібилік 

керек.  Бұл  проблемалардың  барлығы 

бізге таныс» - деді. Жиынға қатысып 

отырған бірқатар кварталдық комитет 

төрағаларының біразы өз аумақтарындағы 

учаскелік  полиция  қызметкерлерінің 

жұмысына  көңілі  толатындығын 

жеткізсе, енді біразы аумақтарындағы 

ұрлық, тазалық бойынша мәселелерді 

көтерді. Сондай-ақ, алқалы басқосуда 

Тараз қаласында 2015 жылы сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы  күрес мәселелері  

бойынша атқарылған жұмыстары тура-

лы  Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс 

бөлімінің басшысы Нұрбол Қалдыбаев, 

Басты мақсат - қылмысты жою. 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

лары да көзделген. Тұтастай алғанда, жергілікті 

полиция қызметінің жергілікті атқарушы органға 

есептілігі және Қоғамдық кеңестердің қызметі по-

лиция қызметі  жұмысының ашықтығын қамтып, 

азаматтардың сенімділік деңгейін арттыруға 

ықпал ететін болады. Ал жергілікті полиция 

қызметі басшылары жергілікті әкімшілік пен 

мәслихат алдында жылына 2 рет, ал халық алдын-

да бір рет есеп беруі қарастырылған. Қала әкімі 

Нұржан Календеров, мәслихат хатшысы Балабек                                                                                           

Нарбаев қатысқан сессия отырысында қалалық 

мәслихаттың ұйғарымымен Тараз қаласы Ішкі 

істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің 

басшысы  лауазымына  полиция  полковнигі 

Талғат Саулебаевтың кандидатурасы ұсынылды. 

Т.Б.Саулебаев 1978 жылы туылған. 2003 жылы 

ҚР ІІМ Академиясының Заң институтын «құқық 

қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген. 

Құқық  қорғау  органдарында  1995  жылдан 

бастап  қызмет  етеді.  Атап  айтқанда,  1995-

1997 жылдары ҚР ІІМ Павлодар техникалық 

колледжінде,  1997-1998  жылдары  Жамбыл 

облысы ІІБ Жол полициясы басқармасының 

жанындағы анықтау бөлімінде, 1998-1999 жыл-

дары Алматы облысы Қапшағай қалалық Ішкі 

істер бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінде 

жауапты қызметтер атқарса, 1999-2001 жылда-

ры Жамбыл облысы Шу аудандық Ішкі істер 

бөлімі  штаб бөлімшесінің кезекші инспекторы, 

2001-2002 жылдары аталған ауданға қарасты 

әкімшілік  полиция  бөлімшесі  басшысының 

орынбасары, 2002-2009 жылдары сол аудандағы 

Ішкі  істер  бөлімінің  қоғамдық  қауіпсіздік 

бөлімше  бастығының  орынбасары,  2009-

2012,2013 жылдары Шу аудандық Ішкі істер 

бөлімі  басшысының  орынбасары,  қоғамдық 

қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы міндеттерін 

атқарған.  2013  жылдан  бері  Тараз  қаласы 

ІІБ басшысының орынбасары лауазымында. 

Қалалық мәслихат депутаттары жиын бары-

сында Талғат Бахытұлының кандидатурасын 

бірауыздан қолдап, жергілікті полиция қызметі 

басшысын тағайындау мәселесіне байланысты 

шешім қабылдады. 

-  Бұл  -  Елбасы  бастамасымен  құрылған 

жаңа  лауазым.  Басты  мақсаты  -  қылмысты 

болдырмау мен профилактикалық жұмыстарға 

бағытталған. Қалған жұмыстар бұрынғы жүйе 

бойынша жүргізіле береді. Енді жергілікті по-

лиция қызметкері орын алған барлық қылмыс 

түрлеріне жауапты. Бұл жүйе арқылы жергілікті 

басшылық пен халық, полиция қызметкерлері 

бірлесе жұмыс жасап, қылмысты құрықтауға 

сеп  боларына  сенімдімін,-дейді  полиция 

полковнигі.

Жиналғандардың атынан еңбек  ардагері 

Қаржаубай  Бекболатұлы  сөз  сөйлеп,  қалада 

әлі күнге қылмыстың азаймай тұрғандығын, 

оған  қарсы  күресу  жұмыстарын  күшейту 

керектігін айтып, жаңа лауазымға лайық деп 

танылған  Т.Саулебаевтың  жұмысына  табыс 

тіледі. Бұдан әрі қалалық мәслихаттың кезекті 

50-ші сессиясының төрағалығына  №12   сай-

лау  округінен  сайланған  депутат  Ғазизжан                           

Мадимаров сайланды.



тұрғындар сенімінен шығу - парыз

Тараз  қаласы  әкімдігінің  тұрғын  үй 

инспекциясы  бөлімінің  басшысы 

Есенкелді Бейсенбеков,Тараз қаласы әкімі 

аппаратының  мемлекеттік-құқықтық 

бөлімше басшысы Бауыржан Молдашев 

хабарлама жасады.

-  Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым 

бағыттарының бірі болып белгіленген 

соң,  бұл  саладағы    жұмыстар  қатаң 

түрде жүргізіліп келеді. Қалада сыбай-

лас  жемқорлықтың  алдын  алу  және 

жемқорлықпен күресу мақсатында 2015 

жылы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрес  мәселелері  бойынша  қалалық 

комиссияның  ағымдағы  жылдың                                                                          

жоспары бойынша 4 отырысы өтті. Ко-

миссия отырыстарында қалалық комис-

сия өкілдерінің, сондай-ақ құқық қорғау 

органдары, ардагерлер және ақсақалдар 

Кеңесі мүшелерінің қатысуымен қала 

әкімдігінің  бөлім  басшыларының 

есептері  тыңдалды.  Қала  әкімдігінде 

және  құрылымдық  бөлімдерінде  сы-

байлас жемқорлық  фактілері туралы 

ақпараттар үшін жәшіктер орнатылған.  

2015 жылы жәшікке 12 хат келіп түскен. 

Жемқорлық сипатында хаттар түспеген. 

Жыл басынан әртүрлі сұрақтар   бойынша   

қала  әкімі, әкімнің орынбасарлары және 

аппарат басшысы 282 жеке қабылдау 

өткізген. Қала әкімі аппаратына және 

әкімдіктің бөлімдеріне жеке және заңды 

тұлғалардан келіп түскен 31221 өтініштер 

қарастырылған. 2015 жылы сенім теле-

фондарына 83 өтініш-арыз келіп түскен. 

Олар арнайы журналда тіркеліп, тиісті 

сала бойынша жауапты қызметкерлерге 

орындау үшін жіберілген. 2016 жылы 

Тараз  қаласы  бойынша  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы бағытталған нақты 

кешенді іс-шаралар жоспарын құрып 

отырмыз. 2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» 

Заңы жаңа редакция өз күшіне еніп отыр,- 

деді Тараз қаласы әкімі аппаратының 

мемлекеттік-құқықтық бөлімше басшысы 

Бауыржан Молдашев.


есеп

6

//   «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3 (1291), 20  қАңТАр 2016 Жыл  //



 тараз қаласының әкімі н.с.календерОвтің        2015 Жылдың қОрытындысы БОйынша 

Халық алдында есеп Беру Баяндамасының       негізгі тезистері

2015 жыл Қазақстан халқы үшін атаулы оқиғалармен 

ерекшеленді. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы, 

«Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 

алғашқы белестері, Ұлт жоспары «Бес институционалдық 

реформасын  жүзеге  асырудың  100  нақты  қадамының» 

басталуын қамтамасыз ету үшін алғашқы заңнамалық 

және ұйымдастыру іс-шаралары, Қазақстан Республикасы 

Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: 

өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында дағдарысқа қарсы 

басты стратагемасы халыққа жолданды.

Сонымен бірге, 2015 жыл Қазақстан мемлекеті мен халқы 

үшін  өте  маңызды  саяси  тарихи  оқиғаларға  толы  болды. 

Қазақ  хандығының  550  жылдығы,  Ата  Заңымыздың  және 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 

жылдығының мерейтойлары кең көлемде аталып өтілді. 

Жоғарыда айтылған атаулы оқиғалардың аясында, Тараз 

қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты деңгейде 

сақталды.

ӨНЕРКӘСІП

2015 жылы қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 182 млрд. 

200 млн. теңгеге өнім өндірілді. Өндірілген өнім құрылымында 

өңдеу өнеркәсібінің үлесі 122 млрд. 598 млн. теңге немесе 67,3% 

және электрмен жабдықтау, газ беру саласының үлесі 57 млрд. 

471 млн. теңге немесе 31,5% құрайды. Халықтың жан басына 

шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 503 мың теңге болып 

қалыптасты.

 

 «Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық 



даму»  Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылы «Полиэ-

тилен-Агро» ЖШС-і құны 381,2 млн. теңгені құрайтын полиэти-

леннен жасалынған өнімдерді және полиэтилен шикізатын қайта 

өңдейтін зауытты іске қосты.



ИНВЕСТИцИя

2015 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың 

жалпы көлемі 49 млрд. 497 млн. теңгені немесе нақты көлем 

индексі 100,5% құрады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі 

шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттарының үлесі 30 

млрд. 010 млн. теңге немесе 60,6%,  бюджеттік салымдар -  17 

млрд. 980 млн. теңге немесе 36,3%, банктерден несиелер және 

басқа да қарызға алынған қаражаттар – 1 млрд. 507 млн. теңге 

немесе 3,1% құрады. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі 

капиталға салынған инвестициялардың көлемі 136,5 мың теңге 

болып қалыптасты.

  

  



САуДА ЖӘНЕ шАғЫН, ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТу

Өткен жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 153 

млрд. 752 млн. теңге немесе халықтың жан басына шаққанда 424,2 

мың теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 142 млрд. 

184 млн. теңге немесе халықтың жан басына шаққанда 392,3 мың 

теңгені құрады. 

Қалада қазіргі уақытта 22 431 кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, 

оның ішінде 17 288 жеке кәсіпкер,  5107 шағын және 36 орта 

кәсіпорын субъектілері. Шағын, орта бизнес субъектілерімен 

өндірілген өнім көлемінің үлесі 21 млрд. 666 млн. теңгені құрап, 

жалпы өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің 11,9%-

ды  құрады.

      

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында, 2015 



жылы 3 млрд. 438 млн. теңгеге 69 жоба қаржыландырылды. Оның 

ішінде жеңілдетілген банк несие беру тетіктері  бойынша 3 млрд. 

303 млн. теңгеге 62 жоба, өндірістік инфрақұрылымды дамыту 

тетігі бойынша 123,5 млн. теңгеге 3 жоба және жаңа бизнес 

бастамаларға грант бөлу тетігі бойынша 11,7 млн. теңгеге 4 жоба 

іске асырылуда. Бұл жобалар арқылы қосымша 300 жаңа жұмыс 

орындары ашылды.

Осы  жобалар  аясында,  «Аулие-атаТрансПасс»  ЖШС-і 

«Donfeg» маркалы 17 автобус сатып алуға 71 млн. теңге және 

«Арай-логистик»  ЖШС-і  қонақ  үй  комплексі  бар  бизнес 

орталығының құрылысын жүргізуге 900 млн. теңге және тағы 

басқада бизнес өкілдері жеңілдетілген несие алды. 

Сонымен қатар, «Микрокредиттік мекеме «KazMicroFinance» 

ЖШС-і арқылы 1 млрд. 653 млн. теңгеге шағын кәсіпкерлік 

субъектілеріне 4958 несие берілді. 

  

БАғА ЖӘНЕ ИНфЛяцИя 

Жыл басынан бері баға және тұтыну тауарлары мен қызмет 

көрсету тарифтері  12,9% - ға, азық-түлік тауарлары 9,9% - ға, 

азық-түлік емес тауарлар 20,7%-ға,  ақылы қызметтер тарифі 

9,1%-ға өскен. 

Өткен жылы бағаны тұрақтандыру мақсатында жергілікті 

атқарушы органдардың тарапынан 172 тонна қант ірі сауда 

ұйымдарына және 14,5 мың тонна ұн қаладағы наубайханаларға 

арзан  бағамен  жеткізіліп,    қамтамасыз  етілді.    Қалада  48 

ауылшаруашылық жәрмеңкелер ұйымдастырылып, өткізілді. Онда 

азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатыл-

ды.  Аталған жұмыстар ағымдағы жылы да өз жалғасын табады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал