2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.46 Mb.
Pdf просмотр
бет4/17
Дата23.04.2017
өлшемі1.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ләззат: 

-    Өзім  медицина  саласының  маманы 

болғандықтан,  жыл  сайын  тұмауға  қарсы 

екпе салдырамын. Сондықтан күзгі тұмаудың 

науқанында ауруға алаңдамаймын. Бұған қоса 

көптеген  дәрумендерді  тұтынамын.  Әрине, 

дәрумендердің кез келген жағдайда пайдасы зор 

ғой. Қала тұрғындарына, таныстарыма айтарым, 

өз беттеріңізбен емделуді шектеңіздер. Тұмаудың 

алғашқы белгілері байқалған сәтте дәрігерге 

көрініңіздер! 

Гүлнұр: 

-    Қазіргі  жағдайым  мәз  емес.  Емханаға 

кетіп барамын. Ангинадан басталды. Артынан 

тұмаудың  белгілері  байқалды.  Дене  қызуым 

40-қа жетті. Былтыр бұлай ауырмаған едім. Бір 

апта бойы тұмаумен күресудемін. Ақыры жедел 

жәрдем шақыруға тура келді... 

Анастасия: 

-  Мен бірнеше жыл бойы тұмаумен ауырмаған 

едім. Биыл бірден ауырдым. Дерт әрине жұқпалы. 

Бірінші анам ауырды, артынша маған жұқты. 

Екеуміздің де дене қызуымыз 38-ге бір-ақ бар-

ды,  артынша  жөтелдік.  Туысқандарымыз  да 

тұмауратып жүр. Меніңше, тұмау кезінде дәрі-

дәрмекке үйір болудың қажеті жоқ. Ағза аурумен 

өзі күресіп,  жеңуі қажет.

Жәзира Ибраимова,

 №3 қалалық емхананың бас тіркеушісі:

-  Барлық науқастар алдымен біздің тіркеуден 

өтеді. Тұмауға шалдыққандардың қатары жыл 

сайын азайған емес. Дегенмен, былтырғы жылы 

тұмауға шалдыққандар биылғыдан әлдеқайда 

көп  болды.  Ал  дерттің  ауырлағанын  немесе 

жеңілдегенін науқастың жағдайына қарап-ақ 

білуге болады.



ЖрВи және тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы қандай?

9

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4 (1292), 27 қАңТАр 2016 Жыл  //

спорт

14 оғлан олимПиада 

Жолдамасына таласады

 

„

облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы 2015 жылы атқарған жұмыстарын 



қорытындылады. м.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат 

манжуовтың қатысуымен өткен алқалы жиында басқарма басшысы гамлет қайнарбеков аймақта 

Елбасының халыққа арнайтын дәстүрлі Жолдаулары мен «саламатты қазақстан» бағдарламасын жүзеге 

асыру барысы жайында кеңінен әңгімелеп, өңір намысын қорғап жүрген сақа спортшыларымыздың 

жеткен жетістіктерін тізбектеп шықты.  

Оның айтуынша, 2015 жылы спорт саласына 

6,35 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржылық 

көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 12,0 

пайызға артқан. Есептік кезеңде спортты жа-

нына серік еткен жамбылдықтардың қатары 

22,5  пайызға  артып,  олардың  нақты  саны 

282,3  мың  адамға  жетіпті.  Қой  жылында 

әулиеаталық спортшылар түрлі республикалық 

және халықаралық жарыстарда 1128 медальге 

қол  жеткізген.  Атап  айтқанда,  Әлем,  Азия 

біріншіліктері мен кубоктарында 111 медаль, 

(52  алтын,  31  күміс,  28  қола),  халықаралық 

турнирлерде 194 медаль (59 алтын, 52 күміс, 

83  қола)  және  Қазақстан  Республикасының 

чемпионаттарында 823 медаль (347 алтын, 173 

күміс, 303 қола) иеленген.

-  Бүгінде  облыста  тұрғындардың  спорт-

пен жүйелі түрде шұғылданулары үшін  440 

спорт кешені жұмыс істейді. Оның 73-і  об-

лыс орталығы Тараз қаласында болса, 367-сі 

аудандарда  орналасқан.    Мойынқұм,  Жуа-

лы  аудандарында  спорт  зал  кешендері  бой 

көтерсе,  Тараз  қаласында    №3  Олимпиада 

жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебіне 

арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені 

мен «Қазфосфат» ЖШС тарапынан спорт ны-

саны пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, көне 

шаһардағы  Орталық стадион мен «Атшабар» 

ипподромы  күрделі  жөндеуден  өткізілді. 

Сондай-ақ,  былтыр басқарма тарапынан 2614 

спорттық іс-шара өткізіліп, оған 540 мың адам 

тартылды,-деді Гамлет Төреханұлы.  

Басқарма  басшысы  қой  жылы  айрықша 

жетістікке  жетіп,  күллі  жамбылдықтардың 

мақтанышына  айналған  сайыпқыран 

спортшыларымыздың есімдерін де жеке-дара 

тілге тиек етті.

Олардың  қатарында,  қазақ  күресінен 

Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

жүлдесі үшін дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын 

«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің 

екі дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, елор-

дамыз  Астана  қаласында  дзюдо  күресінен 

өткен әлем біріншілігінде топ жарып, ересек-

тер арасында қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш 

чемпион Елдос Сметов, Азия чемпионатында 

қарсылас  шақ  келтірмеген  былғары  қолғап 

шебері Олжас Сәттібаев, паралимпиада спорт-

шылары арасында ағымдағы жылдың тамыз 

айында  Рио-де-Жанейро  қаласында  жалауы 

желбірейтін ойындарға қатысуға жолдама ұтып 

алған Зульфия Габидуллина, ампутанттар мен 

арбадағылардың арасынан Бүкіләлемдік ойын-

дарында жеңімпаз атанған паратхэквондошы 

Өмірәлі Нышан, волейболдан  2014-2015 жылғы 

маусымда Қазақстан Республикасының ХХІІІ 

чемпионатының  жеңімпазы  және  Қазақстан 

Республикасының  супер  Кубогының  иегері 

атанған «Тараз» волейбол командасы бар.

Гамлет  Қайнарбеков  биыл  ХХХІ  жазғы 

Олимпиада  ойындары  Бразилияның  Рио-де-

Жанейро қаласында өтетінін атап өтіп, төрт 

жылдықтың басты бәсекесіне жолдама ұтып 

алу  үшін  14  спортшымыз  қызу  дайындық 

үстінде екенін тілге тиек ете келе, атқарушы 

билікке қарата: «Жамбыл спортының намысын 

көздерінің қарашығындай қорғап, ел абыройын 

байрақты бәсекелерде асқақтатып жүрген ұл-

қыздарымызды ынталандыру мақсатында ар-

найы гранттар тағайындалса» деген ұсынысын 

да білдірді. 

Басқарма  басшысының  есебін  мұқият 

тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Ерқанат 

Манжуов  соңыра  Гамлет  Төреханұлына 

көкейінде  жүрген  бірнеше  сауалын  қойды. 

Соның бірі – Олимпиада ойындары мен Әлем, 

Азия чемпионаттарында жасындай жарқылдаған 

жампоздарымыздың уақыт өте келе, спорттағы 

жетістіктері мен көрсеткіштерінің төмендеп 

кетуі.

«Біздің чемпиондар жаттығу жұмыстарына 



салғырт қарап, той қуып кеткендері жасырын 

емес. Олар ел қаржысына дайындалатындықтан, 

өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қараулары 

тиіс.  Осы мәселеге орай, басқарма қандайда бір 

зерделеу жұмыстарын жүргізіп отыр ма?» -деп 

сұрады. Өз кезегінде сала басшысы бұл өзекті 

мәселені назарда ұстайтындығын айтып сендірді. 

Байзақ ауданы әкімдігі дене шынықтыру 

және  спорт  бөлімінің  басшысы  Әділхан                

Омаров  пен  жоғары  спорт  шеберлігі  үшін 

спорт мектебінің директоры Фархат Қылышбаев 

жарыссөзге шығып, баяндама жасады. 

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің 

орынбасары Ерқанат Манжуов алда жауапты 

сын Рио Олимпиадасы иек астында тұрғанын, 

жолдамаға  үміткер  спортшыларымыздың 

дайындығын  бүгіннен  бастап  мықтап  қолға 

алу керектігін қатаң тапсырып, әлемде орын 

алып отырған қаржы дағдарысына байланыс-

ты  облыс  бюджетінен  бөлінген  әр  тиынды 

орнымен  жұмсауды,  ысырапшылдыққа  жол 

бермеу керектігін басшылардың қаперіне тағы 

бір салды.

түзету

«Жамбыл-Тараз» газетінің 6 қаңтар 2016 

жылғы  №1  (1289)  санында  жарияланған 

Тараз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 

23  желтоқсан    №48-3  «2016-2018  жылдарға 

арналған қалалық бюджет туралы» шешімінің 

мемлекеттік  тіркелу  нөмері  «2879»  деп 

оқылсын».

 

„

қарағандыдағы с. сәпиев атындағы бокс орталығында бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымы салтанатты 



түрде ашылды. алғашқы кездесуін әзірбайжандық «баку оттары» командасымен өткізген жерлестеріміз қарсыласын айқын 

басымдылықпен ұтты.

Бұл күні шаршы алаңның төрінде 

қос команда «Астана Арланс» пен «Баку 

Файрс» шын мықтыны анықтады. Екі 

команда арасындағы тартысты кездесу-

лер 4:1 есебімен қазақстандық былғары 

қолғап  шеберлерінің  пайдасына 

шешілді. «Астана Арландары» клубы-

на алғашқы жеңісті 49 келі салмақтағы 

Теміртас  Жүсіпов  әкелді.  Ол  өзінің 

қарсыласы  Джавид  Дадашовтан  3:0 

(50:45, 50:45, 50:45) есебімен басым 

түсті. Бұдан кейін рингке көтерілген 

Мейірболат  Тоитов  56  келі  салмақ 

дәрежесінде  Яраш  Магомедовті бет 

қаратпай жеңді- 3:0 (49:44, 50:43, 49:44). 

91  келіде  болған  үшінші  –  шешуші 

жекпе-жекте  Еркін  Мұхамеджан 

қарсыласы Хадж Муртузалиевті ұпай 

санымен ұтып, астаналық жартылай 

кәсіпқой  клубқа  жалпыкомандалық 

жеңісті сыйға тартты. Жалпы есепке 

өзгеріс енгізе алмайтын төртінші жек-

пе-жекте жерлесіміз Асхат Уәлиханов 

(64  кг)  Гайбатулла  Гаджиалиевтен 

0:3 (47:48, 46:49, 47:48:47) есебімен 

ұтылып қалды. Ал соңғы жұп 75 келі 

салмақтағы  Мейірім  Нұрсұлтанов 

пен  Бадри  Хардзиани  арасындағы 

айқас 3:0 (49:46, 50:45, 50:44) есебімен 

біздің боксшының жеңісімен аяқталды. 

«астана арландары» жеңіспен бастады

Жамбыл спортында даму бар. 

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

Бетті дайындаған Индира БАЙҚонЫС

Жарыс  аяқталған  соң  арландардың  бас 

бапкері Нұрлан Ақүрпеков бүгінгі теке-

тіресте жігіттер барлық тапсырманы дұрыс 

орындағанын, алдағы айтулы айқастарда да 

жеңісті жолдарын жалғастыра беретініне 

сенім білдірді. 


сайлау - 2016

10

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4 (1292), 27  қАңТАр   2016 Жыл  //



Тараз қаласы әкімінің

ШЕШІМІ

23 қараша 2015 жыл           №14                   Тараз қаласы

Сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына және «Қазақстан 

Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі 

Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес қала әкімі  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Тараз 

қаласы аумағында сайлау учаскелері құрылсын.

2. Күші жойылды деп танылсын:

«Сайлау учаскелерін құру туралы» Тараз қаласы әкімінің 2014 жылғы 26 ақпандағы №8 

шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2139 болып тіркелген, 

2014 жылдың 2 сәуірінде «Жамбыл - Тараз» газетінде жарияланған).

«Сайлау учаскелерін құру туралы» Тараз қаласы әкімінің 2014 жылғы 26 ақпандағы №8 шешіміне 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Тараз қаласы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы 

№11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2809 болып 

тіркелген, 2015 жылдың 28 қазанында «Жамбыл - Тараз» газетінде жарияланған).

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Жандос Сәрсенбайұлы 

Өмірзақовқа жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 

алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қала  әкімі               

                                                            

    н. КАЛЕнДЕРоВ                                                 

Нормативтік-құқықтық акті 2015 жылдың 29 желтоқсанында Нормативтік-

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2889 болып енгізілді.

Келісім парағы

 «Сайлау учаскелерін құру туралы» 

КЕЛІСІЛДІ:

Жамбыл облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

______________М.Сарыбеков

23 қараша 2015 жыл

Тараз қаласы әкімінің

2015 жылғы 23 қарашадағы

№14  шешіміне қосымша



№1 сайлау учаскесі

Шекарасы: Қарасай алқабы.

№2 сайлау учаскесі

Сорокин көшесі, 4-38 (жұп сан жағы); Талас көшесі, 14-148 (жұп сан 

жағы), 29-173 (тақ сан жағы); Құрманғазы көшесі, 14а, 20-32, 36, 40-44, 

48-52, 56-62 (жұп сан жағы), 41-55, 59, 63-89 (тақ сан жағы); Құрманғазы 

2-бұрылысы, 1-3, 5а, 5б, 6, 8, 10, 14; Сельский 1-бұрылысы, 2, 3, 5, 6, 8, 

11-17, 19-25;  Д.Нүрпейісова көшесі, 2, 6-14, 20, 114, 116/1, 116/2, 118 (жұп 

сан жағы), 1-11, 19-35 (тақ сан жағы);  Цветочный көшесі  2-28, 32, 34 

(жұп сан жағы), 1-17, 21-27, 31, 35 (тақ сан жағы);  Цветочный бұрылысы, 

2-20, 24 (жұп сан жағы),  7, 9, 13, 33, 33а (тақ сан жағы);  Ә.Навои көшесі 

1-22 (екі жағы), 22-38 (жұп сан жағы); Шалғай бұрылысы, 19-23 (тақ  

сан жағы),  1-6, 8, 10, 11-14, 16, 17; Талас бұрылысы, 2/1-4/2, 8/1-16/2, 

20, 24-30 (жұп сан жағы), 1, 3, 7-31, 35-39, 43, 45, 49, 55 (тақ сан  жағы);  

Шалғай көшесі, 2-10, 14-60, 64, 66 (жұп сан жағы),  1, 3, 7-11, 15, 17, 

19-31, 53-65, 79, 81, 87, 89, 91, 93, 97-101, 103, 107-115, (тақ сан жағы);  

Сорокин  1-бұрылысы, 1-17 (екі жағы), Сорокин 2-бұрылысы, 1-48 (екі 

жағы),  Сорокин 3-бұрылысы, 1-100, 107, 109, 110,  Сорокин 4-бұрылысы, 

3-7, 16, 19, 22, 23, 37а; Сельский көшесі, 18-56, 62, 72-80, 84-102, 120, 132, 

134, 138-174 (жұп сан жағы), 3, 9-45, 49-99 (тақ сан жағы); Ассинский 

1-бұрылысы, 1-9, 13/1, 13/2, 38; Ассинский 2-бұрылысы, 2,  Ассинский  

3-бұрылысы, 1, 3, 5, 9,   Ассинский 4-бұрылысы,  2-10 (жұп сан жағы); 

Солтүстік шығыс иіні көшесі, 1;  Шу көшесі, 11-13, 19а, 20, 23, 33, 36, 

38, 39-46, 58, 60;  Краснознаменский көшесі, 2-10 (жұп сан  жағы), 3, 6, 

7, 13, 16-19, 30, 40-44, 46, 47;  Бурненский көшесі, 4, 5, 8, 10, 12, 13, 14, 

16, 19, 20, 23, 24, 25, 32;  Меркі көшесі, 2, 4-8, 10-12, 14, 16, 17, 18, 20, 21, 

23, 26-28, 30, 36, 38, 40, 42, 48, 50-53, 58, 61;  Гончаров көшесі,  11, 13, 15, 

17, 19, 21;  Шмидт көшесі, 2-18 (жұп сан жағы),  Фадеев көшесі, 1а-1, 

3-21 (екі жағы), 21, 23, 27-33; Талас 2-бұрылысы, 9, 11, 13; Ы.Алтынсарин 

көшесі, 1, 2, 4, 6, 7, 9, 12-18, 20, 22, 24, 25-37, 40-45, 47-50, 52-59, 61, 65-75; 

Ы.Алтынсарин тұйығы, 1, 3, 5, 9, 11;  Сорокин көшесі (тақ сан жағы), 5, 

7, 11-21, 22, 25-33, 43-51, 97, 98, 99, 103, 106;   Құрманғазы    көшесі, 1-39 

(тақ сан жағы); Құрманғазы көшесі, 2-38 (жұп сан жағы); Құрманғазы 

көшесінің 1 бұрылысы, 1а-4, 6-18 (екі жағы); Өтеген батыр көшесі, 1, 

7, 9-21, 27-43 (тақ сан жағы), Өтеген батыр бұрылысы, 2, 4; Шевченко 

көшесі; Полевая көшесі.



№3 сайлау учаскесі

Өтеген батыр көшесі, 2-6, 10-16 (жұп сан жағы), 45, 53, 55, 57, 59, 61, 

63, 65а;       Сорокин көшесі, 2а, 2б, 2в, 5а, 5б, 5;  Театр бұрылысы, 1-11 

(екі жағы);  Театральная  көшесі, 1, 3-5, 7, 8; Әуезов көшесі, 2-10 (жұп 

сан жағы); Әуезов көшесі, 7;  Гончаров көшесі, 1-9 (екі жағы); Рафинад 

бұрылысы, 1-3, Рафинад 2-бұрылысы, 2-4 (жұп сан жағы);  Рафинад 

көшесі, 2, 6-16 (жұп сан жағы), 3-11 (тақ сан жағы); Жауғаш батыр көшесі, 

4, 8-22, 26, (жұп сан жағы), 43, 47-59, 61-69 (тақ сан жағы);  Жауғаш батыр 

2-ші 2, 4, 14, 16, 18, 32, 34; Завод 2-ші 1, 3, 4, 5.

№ 4 сайлау учаскесі

Айнакөл көшесі, 3-10, 11, 13, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 24, 30, 32, 35, 38, 40, 42, 

44, 45, 48, 78;   Әкім Қортыс көшесі, 1-5, 7, 11-13, 15, 19, 21, 23, 24-29, 32, 

34, 35, 36, 38, 39, 40, 42; Талас 2-бұрылысы, 1-8, 10, 14-16, 25;   Сауытбек 

ақын көшесі, 1, 2, 4-9, 11-14, 16-27, 29;  Заречный 2-ші 1-6, 8-17, 19, 20, 

23-26, 28, 30, 32, Горная көшесі, 1, 2, 3, 4, 5, 8, 10, 11, 14, 16, 17, 19, 20, 

24, 26, 32, 33, 34, 43, 45- 50, 52-58, 61, 64-73;  Ақыртас көшесі, 2-6, 10, 13, 

16-19, 21, 23-27, 31-33, 35, 37;  М.Жәлел көшесі, 1-12, 14, 15, 17, 19, 20, 

23, 25, 26, 28, 29, 31- 44, 41-46, 48-50, 54-56, 59, 60;  М.Жәлел бұрылысы, 

2, 6, 7, 9, 10, 12, 13;  Урицкий көшесі, 4-14 (жұп жағы); 1, 2, 3, 5, 7, 9, 10а, 

11, 11а, 13, 15, 17, 18, 18б, 19, 20-26, 28-33, 35-39, 41, 42, 44, 49, 50, 52а, 

54, 55;  Урицкий 1-бұрылысы, 3, 9, 11, 12, 13, 14;   Урицкий 2-бұрылысы, 

3, 5, 17, 18, 20, 40, 45, 47, 51, 51б, 53;  Талас көшесі, 1-23 (тақ сан жағы); 

Жауғаш батыр көшесі, 1-3, 5-14, 17, 20, 21, 24, 26, 27, 29, 31, 33, 35, 39, 

39б;  Жауғаш батыр тұйығы 2, 4, 6; Қошмамбетов көшесі, 1, 2, 3, 5-36, 39, 

40;  Заречный 1-ші, 1-4, 8, 10, 13;  Киікбаев көшесі, 1, 2, 4, 6-11, 13, 15, 16, 

18, 19, 22-26, 28-34, 37, 39, 41, 45;  Ш.Уәлиханов көшесі, 1-131 (Сорокин 

көшесіне дейінгі екі жағы), Ш.Уәлиханов 1-бұрылысы, 1-7, 9- 24, 26-33, 

35-37, 39-43 (екі жағы), 45, 47, 49, 51, 53; Ш.Уәлиханов 2-бұрылысы, 1- 8, 

10, 12- 15, 17, 18, 20-28, 30, 32, 35, 38, 40, 44, 46, 48, 50; Ш.Уәлиханов 

3-бұрылысы, 2-19, 21, 22, 24, 25, 26, 28, 30, 32-38, 40, 46, 50, 52а, 52б, 54, 

56, 56а; Ш.Уәлиханов 4-бұрылысы, 49-63 (тақ жағы), 1-4, 6-13, 14, 16, 

18-23, 26-34, 36, 38-42, 44-47;  Ш.Уәлиханов 5-бұрылысы, 2, 4-9, 10, 11, 

12, 15, 18, 20а, 23, 25, 26, 27, 29, 30, 31, 33, 35а, 37, 85, Нұрмамбет көшесі, 

1-38 (екі жағы); Московская  көшесі, 1, 2, 4-24 (екі жағы); Сельская көшесі 

Сорокин көшесіне дейін.



№ 5 сайлау учаскесі

Байқоразов көшесі, 100-140, 148-166, 170-180 (жұп сан жағы) 1-17, 19, 

20, 21, 23, 25, 26, 27, 29, 30, 31, 34, 35, 37, 39, 40-55, 57- 61, 63- 65, 68, 70, 

74, 77- 79, 81, 83, 86, 88, 89, 90, 92, 98,  Строительный 1-бұрылысы, 2, 4, 

5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 19, 19а, 21, 22, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 35, 

37, 39;  Строительный 2-бұрылысы, 1-6, 8-21, 23, 25, 27, 29, 30, 31, 31а;  

Строительный 3-бұрылысы, 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 12, 13, 10, 11, 15, 14, 18, 

19, 16, 23, 21; Строительный 4-бұрылысы, 1, 2, 3, 4, 5;   Строительный 

5-бұрылысы, 23, 25; Строительный 6-бұрылысы, 22, 24, 28, 30, 32;  Стро-

ительный 7-бұрылысы, 7, 8, 9; Строительный 8-бұрылысы, 14, 37, 38, 39, 

40, 42;  Строительный 9-бұрылысы, 46, 32, 37, 39, 41, 43, 45, 48, 48а, 49, 

50, 51, 53, 55;  Хмелевский көшесі, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17а, 19а, 19, 21 а, 25, 

27, 29, 29а, 31, 33, 37а, 39, 39в, 43, 45, 47, 53а, 53б, 55, 57, 59, 61, 63, 65, 

67, 69, 71, 73, 75, 77, 81, 99, 103а, 101, 105, 107, 109, 110, 111, 113, 115, 

117, 121, 123, 125, 129, 131, 133, 139, 141, 143, 145, 147, 147а;  Хмелевский 

1-бұрылысы, 1, 2, 3, 3а, 4, 5, 6, 8, 12, 14, 16, 20, 22, 24, 26, 28; Хмелевский 

2-бұрылысы, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7а, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-2, 20, 

22, 24, 26, 28, 30, 34;  Завод көшесі, 1, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 

16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 

37, 38, 39, 40, 41, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56;  Завод 2-ші 1-22, 24, 26, 27, 

29-33; Завод 3-ші 1-18, 20, 22, 24а, 26, 28, 30, 34, 36;  Стариков көшесі, 4, 

8, 9, 10, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 20, 21, 23, 24, 25, 27, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 37, 

38, 39, 41, 42, 45, 47, 48, 51, 52, 53, 54, 56, 59, 61, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 

71, 72, 73, 75, 77, 78, 80,  81, 81а, 83, 84, 85, 87, 87а, 88, 89, 92, 93, 94, 95, 

96, 97, 99, 100, 101, 103, 104, 105, 106, 109, 116, 118, 120, 122, 124, 126, 

128, 132, 134, 140, 144, 146, 148, 150, 152, 154, 156, 160;  Қ. Рысқұлбеков 

көшесі, 1-10, 16, 16а-18, 20, 22, 28-36 (жұп сан жағы), Сахзавод көшесі 

№73 үй; Барысхан тұрғын алқабы.



№ 6 сайлау учаскесі

Шекарасы: Солнечный поселкесі, Южный массивы

№ 7 сайлау учаскесі

Жібек жолы көшесі, 1, 3, 5, 7, 9, 13, 15, 17, 19, 23, 25, 27, 29, 31, 37, 39, 41, 

43, 47, 49, 51, 53, 55, 57, 63, 69, 71, 73, 77, 79, 81, 85, 87, 103, 105, 107, 109, 

113, 115, 117, 121; Жамбыл көшесі, 1-24, 26-40, 44-58, 61-101, 103-123, 

128-138, 146-150, 154-176 (жұп сан жағы); Жамбыл 1-бұрылысы, 3-9 (тақ 

сан жағы), 10-14, 16-21, 23, 24, 25, 27, 28, 29, 30, 32, 34, 36, 38, 40, 57, 59, 

62;  Жамбыл 2-бұрылысы, 1-5, 7-10, 12, 13, 14-17, 20, 21, 22, 24, 25, 27, 

29, 31, 35, 37, 48;  Жамбыл 3-бұрылысы, 1-7, 9, 10, 11, 12, 16-19, 21-25, 

27, 29, 30, 32, 33, 34, 37-41, 47,48, 50, 52, 54; Жамбыл 4-бұрылысы, 1, 2, 

4-7, 14-30 (жұп сан жағы), 38, 44, 48, 50, 52, 54; Жамбыл 5-бұрылысы, 

1, 2, 5, 6, 8, 10, 12, 13, 14, 15;  Жамбыл 6-бұрылысы, 1, 2, 4, 5, 6, 8, 9, 11, 

12, 13, 15, 16, 20, 22;  Жангелдин бұрылысы 1-2, 12, 14, 16, 20, 24; Бебель 

көшесі, 1-6, 8-22, 24-26, 28-43, 46, 48; Масанчи көшесі, 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 

10, 12, 13, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 23, 24, 27-41; Талас 2-ші 1,2,3,4,5, 7-27 (тақ 

сан  жағы); Масанчи бұрылысы, 2-6, 8, 10; Тектұрмас көшесі, 1-5, 7, 9-16, 

18, 21-24, 26, 30-33, 35-37, 40, 43, 45, 46, 48, 49, 50, 52-56, 57, 61, 63-77, 

79, 82, 83, 86, 87, 88, 89, 94, 100, 104, 110, 112, 114, 116, 118, 122, 124,166; 

К.Байсейтова көшесі, 2, 4, 8, 10, 12, 17, 18, 19, 21, 22, 24, 27, 28, 30, 34, 

36; К.Байсейтова бұрылысы, 1-16, 18-23, 23а, 23б, 24, 26, 26а, 27, 27а, 29, 

30, 51, 53, 55; Жангелдин көшесі, 1-10, 12, 12а, 13, 14, 20-22, 23-32, 32а; 

Ұлтанбаев көшесі, 6, 18, 20, 24, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 44, 48, 56, 58, 62, 66, 68, 

70; Ақбозов көшесі, 5; Меңлібаев көшесі, 6,18; Проект көшесі, 4; Алмалы 

көшесі, 2;   Лесхоз, 6, 8/1, 8/2, 8/3, 10, 12, 14, 21/1, 23, 25/2, 27, 31/1, 31/2, 

34, 36/1, 38, 39, 40, 41, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 54, 55, 57, 61, 63, 65/2.

№ 8 сайлау учаскесі

З.Космодемьянская бұрылысы, 3-30; Самарқанд 2-бұрылысы, 1-47; 

Жібек жолы тұйығы, 1-35; Д.Бедный көшесі, 1-7; Говоров көшесі, 

1-49; Жібек жолы көшесі, 2-118 (жұп сан жағы); 124, 128, 160, 132; 

З.Космедемьянская көшесі, 1-9, 11-17, 19-25, 27, 29, 31, 33, 37, 39, 43, 45, 

47; Мельничный көшесі, 1-7, 9, 11-73;  Мельничный тұйығы 4,7,16,18,20;  

Говоров бұрылысы, 1-45; Самарқанд көшесі, 2-86; Тургенев бұрылысы, 

1-21; Тургенев көшесі, 1-57,  Хмельницкий көшесі, 2-92, Чкалов  

1-бұрылысы, 1-35а.

№ 9 сайлау учаскесі

Самарқанд 1-бұрылысы, 2-48 (жұп сан жағы), 1-31 (тақ сан жағы); Та-

стандиев 1-бұрылысы, 2-56 (жұп сан жағы), 23-45 (тақ сан жағы); ФЗО 

1-бұрылысы, 1-30; Чкалов 2-бұрылысы, 3, 5, 7, 11; ФЗО 2-бұрылысы, 

1-25; Сыздықов 2-тұйығы, 1-13, 13А; Абай даңғылы, 244-316 (жұп 

сан жағы), 307-415 (тақ сан жағы);  Бесағаш көшесі, 1, 2, 4, 5, 6, 10-14, 

7-20, 22-64;  Д.Бедный көшесі, 9-76; Декабристер көшесі, 1-73а; Кос-

медемьянская көшесі, 2-22 (жұп сан жағы); Пархоменко көшесі, 2-44; 

Д.Бедный бұрылысы 1-36, 38, 40, 42; Песочный көшесі, 2-42 (жұп сан 

жағы);  Самарқанд, 31-93 (тақ сан жағы),101; Сыздықов көшесі, 1-69 

(тақ сан жағы);  Чкалов көшесі, 2-10 (жұп сан жағы); Кіші Бесағаш  

бұрылысы, 2-16.



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 1.46 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет