2016 жыл, сәрсенбі


„ «нұр отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында партияның «қазақстан. 2017 мақсаттары. ұлттық іс-қимыл



жүктеу 1.46 Mb.
Pdf просмотр
бет3/17
Дата23.04.2017
өлшемі1.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 

„

«нұр отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында партияның «қазақстан. 2017 мақсаттары. ұлттық іс-қимыл 



жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық жоспардың «Жастарды қолдау» бағыты бойынша 

өткен сарапшы топ отырысында бала тәрбиесі сөз болды. 

ұрПақ тағдыры - ұлт тағдыры

Диляра ДАРХАн

Ж и ы н д ы   с а р ап ш ы   то п   же т е к ш і с і 

ГүлжанТлеубердиева ашып, жүргізді. Сарапшы 

топ  отырысындағы  күн  тәртібінде  «Жоғары 

және орта арнаулы оқу орындарындағы  жастар 

арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», 

«Елдің үдемелі индустриалды-инновациялық  да-

муы бойынша Елбасы бастамаларын іске асыруға 

жастарды тарту» мәселелері қарастырылды.

Қазіргі таңда көкейкесті мәселеге айналып 

отырған  басты  міндеттердің  бірі  -  кәмелетке 

толмаған  жасөспірімдер  арасындағы  құқық 

бұзушылықтың алдын алу,  қылмыстың өсуіне 

жол бермеу екені аян. Осы орайда  ІІД  Жергілікті 

полиция қызметі Құқық бұзушылық профилакти-

касын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, полиция 

подполковнигі Мұрат Байсеркенов: «Ай сайын 

жасалынған қылмыстар мен ішкі істер бөлімдеріне 

есепке алынған кәмелетке толмағандар бойынша 

салыстырма  жұмыстары  жүргізіліп,  монито-

ринг жасалады. Мониторингтің қорытындысы 

тоқсан сайын басқарма басшысының жанындағы 

Кеңестің кезекті отырыстарында қаралып, тиісті 

бұйрықтармен білім мекемелеріне жолданады. 

2015 жылдың 12 айында 4 алқа мәжілісінде, 5 рет 

басқарма басшысының жанындағы Кеңестерде 

кәмелетке толмағандар арасында жасалынған 

құқық бұзушылықтар мәселесі қаралып, тиісті 

білім  қызметкерлеріне  тәртіптік  шаралар 

қолданылды. Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік 

емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі 

Кеңестің 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспа-

рына сәйкес әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 

3  әлеуметтік  жобаға  4,5  млн.  қаржы  бөлініп, 

игерілді. 3 лоттың біреуі – кәмелетке толмағандар 

арасындағы  құқық  бұзушылықтардың  алдын 

алу жұмыстары  болатын. Жобаны ұтып алған 

«Оңтүстік-арылу»  қоғамдық  қоры  кәмелетке 

толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың 

алдын  алу  мақсатында  5  аудан  мен  Тараз 

қаласындағы  ішкі  істер  бөлімдерінде  есепте 

тұрған оқушылармен 5  марафон-тренинг өтті. 

Қылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – 

оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша 

біліммен қамтылуы. Жыл сайын тәрбие сала-

сына жауап беретін мамандардың саны артуда.  

2014-2015  оқу  жылында  олардың  саны  1694 

болса, 2015-2016 оқу жылында 1722 болып, 28 

бірлікке өскен. Қосымша 29 колледжде   жастар 

ісі жөніндегі педагог-ұйымдастырушы штаты 

енгізілген. Оның 19-ына 1 штаттық бірлік бөлінсе, 

10-ына 0,5 бірлік бөлінген,- деді.

Өткен  жылы  облыстың  білім  беру 

ұйымдарының араласуымен 438 ата-ананың ісі 

сотқа өткізіліп, 61 ата-ана ата-аналық құқығынан 

айырылса, 4051 ата-анаға әкімшілік айыппұл са-

лыныпты. Білім және құқық қорғау органдарының 

қызметкерлерімен  3512 жедел алдын алу рейдтері 

жүргізіліп, қаңғыбастыққа салынған 3849 бала 

ата-аналарына  қайтарылыпты.

-  Облыс  бойынша  ішкі  істер  бөлімдеріне 

2015 жылдың 12 айында 1031 жасөспірім, оның 

ішінде 231 мектеп оқушысы, 93 студент тіркеліп, 

ол 2014 жылдың 12 айымен салыстырғанда жал-

пы кәмелетке толмағандар саны 107-ге, студент 

саны 50-ге көбейсе, мектеп оқушылары 33-ке 

азайды. Құқық бұзушылық фактілерінің көбісі 

жаз маусымында, балалардың мектептен немесе 

колледжден тыс уақытында тіркеледі. Бұл санатқа 

көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс 

мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас 

болып жүрген балалар жатады,- деді полиция 

подполковнигі М. Кәрімұлы.

Жалпы  білім  беретін  мектептерде,  арнау-

лы  орта  оқу  орындарында  Қыздар  кеңесін,  

Қыздар клубын құру мәселесіне бүгінде ерекше 

мән  беріліп  отыр.  Сондай-ақ,    мектеп  олим-

пиадалары және мектептен тыс іс-шараларды 

өткізетін  облыстық  орталықтың  ақпараттық 

бөлімінде  жасөспірімдер  тәрбиесіне  байла-

нысты «Жасөспірім – Подросток-Тинэйджер» 

атты  3  тілде    арнайы  сайт  ашылыпты.  2011 

жылы  білім  басқармасы  тарапынан    білім 

мекемелерінде әкелердің қоғамдық қозғалысын 

дамыту мақсатында Әкелер мектебі, 2012 жылы 

Аналар  мектебін  ашып,қазіргі  таңда  тиісті  

жұмыстар атқарылып жатыр. 

Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 20 қаңтар -1 

ақпан аралығында «Әрбір бала өз отбасымен бірге 

тұруы тиіс» атты акция жарияланғаны мәлім. 

бесігімізді түзейік! 

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев



Әр балаға жауаптымыз!

7

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4  (1292), 27  қАңТАр 2016 Жыл  //

шаМшырақ

 

„

соңғы уақытта қоғамда менталды арифметикаға әуес балалардың қатары 



артып отыр. санаулы секундтарда есепті шемішкедей шағатын бүлдіршіндер мен 

жеткіншектердің бұл қабілеттерін таңғажайып құбылысқа теңеп жатқандар да 

аз емес. тіпті, ресейлік аты шулы бағдарламалар қазақтың балаларын шақырып

таңдайларын қағуда.  расында, менталды арифметиканы меңгерген балалар 

«гений» ме? біз де осы мәселе төңірегінде  зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрдік.

  

Индира БАЙҚонЫС

Жоғарыда  ресейлік  бағдарлама  деп 

отырғанымыз  -  белгілі  тележурналист                        

Андрей Малахов жүргізетін «Пусть говорят» 

хабары.  Ресей  мен  ТМД  мемлекеттерінде 

миллиондаған аудиториясы бар бағдарламаның 

кезекті шығарылымы аса дарынды балаларға 

арналды.  Оған біздің елімізден астаналық 9 жа-

сар Данияр Құрманбаев қатысып, жүргізушінің 

тапсырған күрделі есептерін әп-сәтте ойша 

шығарып, көпшілікті таң қалдырды.  Мұнан 

кейін Данияр бұқаралық ақпарат құралдары 

мен ғаламторда кеңінен насихаттала бастады.  

Кейбір білгіштер Даниярдай дарын иесі жүз 

жылда бір рет туылатынын айтып, жар салып та 

жатты. Тіпті, қоғамда менталды арифметикаға 

үйрететін орталықтарды іздеп жүргендерді де 

естідік.  

Сөйтсек, менталды арифметиканың қыр-

сырына  қанықтыратын орталықтар Таразда да  

аз емес болып шықты.  

Көне  шаһарда  мұндай  орталықтардың 

ашылғанына  небәрі  жарты  жылдан  асқан. 

Нақтырақ айтсақ, алматылық азамат Асхат 

Бақытжанов  тараздық балаларды менталды 

арифметикаға 2015 жылдың 1 маусымынан                                                                                    

бастап баули бастаған.  Қазіргі таңда қаладағы 

3 орталықта 700-ге жуық бала оқып жүр. Бұдан 

бөлек,  аталған  орталықтың  оқытушылары  

бірқатар мектептер мен балабақшаларда дәріс 

беруде. 

- Жалпы, менталды арифметикамен 5-15 жас 

аралығындағы балалар айналысады. Себебі, бұл 

жастағылардың есте сақтау қабілеті өте жоғары. 

Негізінен  бізге  математикаға  әуес  балалар 

келеді. Біздің басты мақсатымыз - менталды 

арифметика арқылы кішкентай бүлдіршіндерді 

білімге,  ой  ұшқырлығына  баулу.  Оның  10 

деңгейі бар.  Оқудың бір айлық төлемақысы - 

15000 теңге. Сабақ аптасына 2 рет өткізіледі. 

Бір  қуантарлығы,  күн  өткен  сайын  бұған 

қызығушылық танытып отырғандардың қарасы 

қалыңдап келеді, - деді ол.

Асхат  Бақытжановтың  сөзінің жаны бар. 

Шынында, менталды арифметикамен бұғанасы 

бекімеген, ойлау қабілеті әлі дұрыс жетілмеген 

балабақшадағы бүлдіршіндердің айналыса-

тынын естіп, қаладағы №9 мектепке дейінгі 

мекемеге бас сұқтық. Әуелі осы балабақшаның 

меңгерушісі Гүлбақыт Мұхатаевамен тілдесуді 

жөн көрдік. 

Гүлбақыт  Тәнкенқызы  өзі  басқаратын 

балабақшада 3 айдан бері менталды арифметика 

курсы жұмыс істейтінін, оған қазіргі уақытта 20-

ға жуық балақай қатысып отырғанын жеткізді. 

-  Өзім  математика  маманы  ретінде, 

балалардың ерте жастан есепке жүйрік болуын 

қолдаймын. Оның зиянынан пайдасы өте көп 

деп санаймын,-деді ол. 

Мұнан  кейін  біз  осы  балабақша 

бүлдіршіндеріне дәріс беретін, жоғарыда атап 

өткен орталықтың бірінде жұмыс істейтін, 

менталды  арифметиканың  білгірі    Лаура 

Сәбитқызының сабағына қатысуды жөн деп 

таптық. Бұл сабаққа қатысқан бүлдіршіндердің 

жасы 4-5 жаста екен. Бір қызығы, бұл балақайлар 

жақында ғана өткен олимпиадада топ жарып, 

қалалық жарысқа жолдама алған. 

-Қазіргі таңда мұндағы балалар менталды 

арифметиканың  бірінші  деңгейін  меңгеріп 

жатыр.  Біріншіден,  бүлдіршіндер  санауды 

жете үйренулері қажет. Мұнан кейін абакустың 

көмегімен  есептеуді  үйрене  бастайды.  Бір 

есепті біреу 5 секундта, екінші біреу 1 минутта 

шығаруы мүмкін. Меніңше, нәтиже дұрыс бол-

са, болды,-деп өз ойымен бөлісті жас мұғалім. 

Ал осында менталды арифметикамен айна-

лысып жүрген 5 жастағы Ажар Абайқызы есеп 

шығаруды өте жақсы көретінін және бұл есепті 

шешу жолдары қызық екенін айтты. 

Күнделікті тіршілікте ересек адамдармен 

қатар  балалар  да  жағымды  әрі  жағымсыз   

ақпаратты миларына сіңіреді. Бұған компьютер, 

смартфондағы ойындар мен күнделікті оқитын 

сабағын қосыңыз. Бұл аздай, баланы жылдам 

есептеуге машықтандыратын курсқа жаздыру 

баланың нервтік жүйесіне салмақ салмайды ма 

деген ой да туады.

  Осы  орайда,  Тараз  қалалық  №1 

ауруханасының  невропатолог дәрігері Лаура  

Губаеваның пікірін білген едік. 

  -  Жалпы,  балалардың  5  пайызы  ғана 

тумысынан аса дарынды болып келеді. Сіз 

айтып  отырған  менталды  арифметика  кур-

сына  жазылғандардың  барлығы  тегіс  бұл 

математикалық  тапсырманы  орындауға 

қабілеттері жетпеулері мүмкін. Айта кетерлік 

бір  жайт,  6  мен  12  жас  аралығында  бала 

миының екі бөлігі белсенді жұмыс істейді. 

Негізі, ғылымда адам миының 3-4 пайызы ғана 

жұмыс істейтіні айтылады. Бірақ дәрігер ретінде 

айтарым,  соңғы  уақытта  біздің  ауруханаға 

тереңдетіп оқытатын лицей, интеллектуалдық 

мектептердің оқушылары бас ауруымен жиі 

түседі. Себебі олар таңертеңнен бастап, түс 

ауғанша оқудан бас көтермейді. Араға екі сағат 

салып, қайта сабақ оқуға кіріседі. Бұл бала 

денсаулығына аса зиянды. Біз баланың миына 

жүк салу арқылы нервтік жүйесі мен психологи-

ясын бұзамыз,-деді дәрігер дабыл қағып.

Уақытының басым бөлігін оқуға жұмсайтын 

жеткіншектерге невропатолог маман тәулігіне 

8 сағаттан кем ұйықтамауға, таза ауада жиі 

серуендеуге кеңес беріп отыр. 

Ал есімі елімізге ғана емес, төрткүл дүниеге 

мәлім физика-математика ғылымдарының док-

торы, профессор, ҚҰҒА-ның академигі Асқар 

Жұмаділдаев республикалық бұқаралық ақпарат 

құралдарына берген сұхбаттарында, менталды 

арифметиканың ғылым еместігін, оны  кез 

келген бала игере алатындығын алға тартыпты.  

- Қоғам кішкентай балалардың ойша есеп 

шығаруына таң қалып жатыр. Десек те, біз бір 

нәрсені жете түсінбейміз. Қазір әлемде не көп, 

жарыс көп... Біреулер қызанақ лақтырудан жа-

есеп білген ұтылмас. 

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

мЕнталды арифмЕтика 

балаға нЕ бЕрЕдІ?

рысса, енді біреулер гамбургер жеуден бәсекеге 

түседі. Сол сияқты менталды арифметикада 5 

таңбалы санды 5 таңбалы санға көбейту арқылы 

жарысады. Бірақ  бұл жарыстан не ұтамыз? 

Нендей пайда бар? Оны ойлап жатқан бірде-бір 

адам жоқ. Бұл меніңше, берері мен мағынасы 

күмәнді жарыстар.  Тағы да қайталап айтамын, 

менталды арифметика ғылым емес. Мысалы, 

циркте біреулер зілтемір көтереді, енді біреулер 

шойын темірді майыстырып жатады. Мұны 

ғылым деп айта аласыз ба? Биік өкшелі туфли-

мен жүгіру, қызанақ лақтыру спорт болып сана-

ла ма? Жоқ. Сол сияқты ойша есеп шығаруды 

ғылым деп қарастыруға, барлық қазақ сол 

жолға түсіп кетуге қарсымын. Бұл халықты таң 

қалдырып, қалтасындағы қаржыны қағып алу 

үшін жасалып жатқан шаруа болуы мүмкін,-деп 

өз ойымен бөлісіпті академик. 

Расында,  математика  ғылымы  –  теңіз. 

Менталды арифметика сол теңіздің бір там-

шысы ғана.   

Қазір менталды арифметика үйретушілердің 

жарнамасы дүрілдеп тұр. Бұған біздің де көзіміз 

әбден жетіп отыр. Демек, ненің дұрыс, ненің 

бұрыс екенін таразыға салып, бір шешімге 

келу 

-  сіздің ғана еншіңізде, ойлы оқырман!



Біле жүріңіз!

Алғаш рет арифметика саласында 

жетістікке  қытайлықтар  жеткен. 

Жергілікті  халық    осыдан  5  мың 

жыл  бұрын  есепшотты  (абакус) 

ойлап  тапқан.  Ал  менталды  ариф-

метика  білім  беру  бағдарламасы 

ретінде 22 жыл бұрын қолға алынған. 

Жүйе  ойша  калькулятордан  жыл-

дам  есептеп,  балалардың  интеллек-

туалды  мүмкіндіктерін  дамытуға 

бағытталған. Қазіргі таңда әлемнің 

56 елінде 5 миллионнан астам бала осы 

тәсілмен білім алады. 

Денсаулық

8

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4 (1292), 27 қАңТАр 2016 Жыл  //



 

„

күнделікті өмірде ең тез таралатын жұқпалы бұл індеттің бүгінгі таңда бет алысы басқаша. Жыл өткен сайын әлемнің 



түкпір-түкпірінде оның бұрын-соңды естіп білмеген түрлері анықталуда. дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 

ақпаратынша, биыл Еуропа мен ресей аумағындағы тұмаудың 80%-ы  а(H1N1) немесе доңыз тұмауы екен. кеше ғана әлемді 

шулатқан осы індет шекара асып, бізге де жетті ме?

нұржан СЕРІКХАнҰЛЫ

Әлемді дүрліктірген шошқа тұмауы біздің елімізге де 

емін-еркін кіріп келді. Бір ескерерлік жайт, шошқа тұмауының 

кәдімгі тұмаудан ешқандай айырмашылығы жоқ. Оны анықтау 

білікті дәрігерлердің ғана еншісінде. Сол себепті дендей 

бастаған дертке қолын бір сілтеп жүре берген отандастарымыз 

аталған науқастың кесірінен жапа шегуде. Тіпті, елімізде шошқа 

тұмауынан қаза тапқан азаматтар жөнінде әлеуметтік желілер 

мен ел арасында  қауесет қаулап кетті.  «Бүгінгі таңда бір азамат 

шошқа тұмауынан қайтыс болды. Бізде жыл сайын осындай 1-2 

жағдай тіркеледі. Бұл жайттар науқастардың өздігінен емделіп, 

дәрігерге қаралмауы салдарынан. Көбіне олар жансақтау 

бөліміне бір-ақ түсетіндіктен, көмек көрсетуге кеш бола-

ды»- деген ҚР Бас санитарлық дәрігері  Жандарбек Бекшин, 

шошқа тұмауы елімізде белең алмаса да, қайғылы жайттың 

болғанын растады. Сондай-ақ,  еліміздің бас санитарлық 

дәрігері биыл тұмау эпидемиясында тіркелген 270 оқиғаның 

75 пайызы шошқа тұмауы екендігін, яғни 270 тұмаудың 75 

пайызы – H1N1 тұмауы, яғни шошқа тұмауы, 25% — H3N2, 

1,2% — В типіндегі тұмау екендігін де өз мәлімдемесінде атап 

өткен болатын. Аталғандардың ішндегі ең қауіптісі- H1N1 

тұмауы. Ол тұмаудың басқа түрлеріне қарағанда әлдеқайда 

қауіпті, тез жұққыш. Ж.Бекшиннің айтуынша, өзге елдердегі 

сияқты аталған вирустан көз жұму оқиғалары бізде де тіркеліп 

отырады екен. Ал бізде науқастар өз бетінше емделіп, ауруы 

әбден асқынып, көмектесуге мүмкіндік қалмаған кезде ғана 

дәрігерлерге жүгінетіні тағы бар. Мамандардың айтуынша, 

кәдімгі тұмау кезінде пневмония 5-7-ші тәуліктен кейін пайда 

болуы мүмкін. Ал H1N1 тұмауында екінші-үшінші тәулікте 

ауру асқынып, тыныс жолдары қабынып шыға келеді. Сол 

себепті ауырған күннен бастап дәрігерлердің бақылауында 

болған дұрыс. H1N1 тұмауын жұқтырған адамның дене қызуы 

39 градустан жоғары күрт көтеріледі, бұлшық еттері мен 

буындары қақсап ауырады. Биыл Атырауда 41, Қызылорда 

және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында 38 адамнан, 

Шымкентте 37, Ақтөбеде 28 адам, Астанада 31 адам осы 

ауруға шалдыққан. Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан 

облыстарында да індет жұқтырғандар анықталған. Қаңтар 

айының аяғына жетпей жатып аталған дерттің кесірінен 60-тан 

астам украиналық, 30-дан астам ресейлік азамат көз жұмды. 

Бүгінде қаза тапқандардың қаралы тізімі қазақстандықтарға 

да ауыз салып отыр. Дәрігерлер кәдімгі тұмаудан бұл аурудың 

белгілерінде еш айырмашылық жоқ дейді. Яғни, тұмауды 

жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, жөтеледі, тамағы 

ауырып, мұрынмен дем алу қиындайды, басы ауырып, бұлшық 

еттері мен буындары сырқырайды. Ауруға шалдыққан адам  

шаршап,  кейбір жағдайда құсып, іші өтеді. Жаңадан пайда 

болған тұмаудың бұл түрі респираторлық ауру сияқты адамнан 

адамға ауа тамшылары арқылы таралады. Негізінде инфекция-

ны кішкентай балалар мен жүкті әйелдер және демікпе, жүрек 

ауруына шалдыққан, дәлірек айтқанда, созылмалы аурулармен 

ауыратын адамдар тез қабылдайды екен. Сондай-ақ,  доңыз 

тұмауы өкпе тінін тез зақымдап, ағзаға бірден жайылатын дерт. 

2009 жылы алғаш рет белгілі болған індеттің вирусы шошқадан 

адамға жұққандықтан «доңыз тұмауы» атауы берілген екен. 

Доңыз тұмауынан сақтану мақсатында елімізде сақтық шарала-

ры қолға алынған. Қазір ауруға қарсы күрес күшейтіліп, шекара 

мен жол тораптарына қатаң бақылау жүргізілуде. Барлық жерде 



 

„

Жамбыл облысында тұмау вирусының айналымына мониторинг жасау және вирустың жаңа штамдарын анықтау түрінде 



тұмауды және тұмау тәрізді ауруларды (ЖрВи) эпидемиологиялық қадағалаудың тиімді жүйесі қамтамасыз етілген. 

тұмауға тұсау салыңыз!

Жедел  эпидемияға  қарсы  шараларды 

қабылдау мақсатында  жыл сайын 1 желтоқсаннан 

бастап  ҚР  халқының  жіті  респираторлық 

вирустық    инфекциялармен  және  тұмаумен 

сырқаттану  жағдайына  және  Қазақстандағы, 

сонымен бірге шетелдегі тұмау вирусының ай-

налымына күн сайын мониторинг жүргізіледі.  

Ағымдағы эпидмаусымда ЖРВИ және тұмау 

бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты 

деп сипатталады. Бақылау деңгейлерінен арту 

анықталған жоқ. Жамбыл облысында биылғы 

эпидемиологиялық маусымда 10 мыңнан астам 

адам  жедел  респираториялық  індетпен  және 

50-ден астам адам тұмаумен ауырып, сауығып 

шықты. 


Биылғы  эпидемиологиялық  маусымның 

өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 

сырқаттанудың 20%-ға төмендегені байқалады. 

Ауырған  адамдардың  негізгі  үлесі  14 

жасқа дейінгі балаларға келеді және ол жалпы 

сырқаттанудың 70%-ын құрайды. 

Ағымдағы эпидмаусымда облыс бойынша 

тұмаудан болған өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Зерттеу  нәтижелері  бойынша  тұмау 

штамдарының  адамантандарға  тұрақтылығы 

және  тамифлю  мен  реленз  сияқты  вирусқа 

қарсы препараттарға сезімталдығы сақталғаны 

анықталды.  

Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді 

әдісі вакцинация болып табылады. Тұмаудан 

екпені эпидемиялық маусымның алдында қазан-

қараша айларында алу қажет.

Жамбыл облысы бойынша 70 мыңнан астам 

адамға екпе егілді. Екпе жұмыстары жергілікті 

бюджет қаражатынан, жұмыс берушілер есебінен  

және ақылы клиникаларда жасалынды. Тұмауға 

қарсы екпені созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры 

ауруларымен ауыратын, иммун жетіспеушілігі, 

әлсіз  және  жиі  ауыратын  балалар,  медицина 

қызметкерлері және жүкті әйелдер алды.

Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың 

тағы бір тәсілі бар – ол ерекше емес профилак-

тика. 


Ерекше  емес  профилактика  организмнің 

өзінің қорғаныш күштерін нығайтуға бағытталған 

және вакцинациялаумен бір уақытта жүргізуге 

болады.  Ерекше  емес  профилактика  ретінде 

иммундық  түзетуші  препараттар  (анаферон, 

интерферон, виферон, интерферон индукторы), 

вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир 

және басқалары), поливитаминдер қолданылады. 

Профилактика әдістерінің бірі науқас адам-

дармен қарым-қатынасты шектеу болып табы-

лады, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, 

маусымға сәйкес киіну қажет.  

Халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ 

науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, 

дені сау адам да бетперде киюі керек. 

Науқас үйде болғанда оны оқшаулау керек, 

бөлмені  жиі  желдету  және  барлық  беттерді 

сүртіп, ылғалды жинау жүргізу керек, науқасқа 

жеке ыдыс бөліп, оны тұрақты түрде өңдеу керек.  

Тұмау  профилактикасының  маңызды 

әдістерінің бірі әсіресе ауырған кезінде немесе 

науқасқа күтім жасағанда қолды  сабынмен не-

месе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып 

жиі жуу болып табылады. 

Арнайы бақылау адам қолының күнделікті 

мұрын мен көздің бөліндісімен, сілекеймен 300 

ретке дейін жанасатынын көрсетті. 

Иммунитетті көтеретін профилактиканың 

қолжетімді  әдістерін  де  пайдалану  туралы 

ұмытпау керек (пияз, сарымсақ сияқты табиғи 

фитонцидтер,  шөптер,  қарақат,  итмұрын 

қайнатпаларын көп ішу, құрамында  С витамині 

бар  ашытқан  қырыққабат,  цитрус  өнімдері 

сияқты өнімдерді қолдану, сондай-ақ белокқа бай 

өнімдерді қолдану). 

Тамақты  салқын  сумен  шаюдан  бастап, 

контрастылы себезгі мен бассейнді пайдалануға 

дейін организмді шынықтыру қажет. 

Тұмау  өзінің  асқынуларымен  қауіпті, 

сондықтан респираторлық аурулардың бірінші 

белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен 

айналыспай, тез арада дәрігерге бару керек. 



Гульфайруз МИРЗАБЕКоВА,

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау комитетінің Жам-

был облысы бойынша тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау департаменті 

басшысының орынбасары.

аталған індетпен күресу мақсатында мамандар үздіксіз жұмыс жасауда. 

Басында дүрбелең тудырған індетке қарсы қазір вакцина да табылған. Тек, 

халық дер кезінде дәрігерге жүгінсе жеткілікті. Әйтпегенде, әлем бойынша 

жылына кәдімгі тұмаудың өзінен 250-500 мың адам жан тапсырады екен. 

Тіпті 1968 жылы тұмаудан әлемде миллион адам қаза болған. Яғни, тұмау 

асқынып, адамның өлшеулі ғұмырын да үзіп кететіні өтірік емес. Жұмыр 

жерде уақытпен жарысқан жүйріктей асау дертке тұсау салу - әркімнің 

өз қолында. Өз бетімізше оны қамшылай берудің қажеті де шамалы. Тек 

уақытты оздырмау керек.  Әлемді алаңдатып отырған денсаулық мәселесін 

назарға ала отырып, тұмауға шалдыққан тараздық науқастардың хал-

жағдайын сұрап, ой-пікірлерін  білген едік. Тұрғындардың басым көпшілігі 

тұмау індетінің жылдан-жылға күшейгендігін растап отыр.


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 1.46 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет