2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.46 Mb.
Pdf просмотр
бет2/17
Дата23.04.2017
өлшемі1.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

салық саласында 

тың серпін

 

„

Елбасының 5 институционалды реформаны жүзеге асыру аясындағы «100 нақты 



қадам» кешенді даму бағдарламасының 70-ші қадамы – «астана ЭксПо-2017» 

инфрақұрылымы негізінде халықаралық қаржы орталығын(AIFC) құру міндетінің 

тұрғандығы бәрімізге мәлім. астана қаржы орталығы дубай қаржы орталығының 

тәжірибесі негізінде құрылатын болады.

астананың кЕлЕшЕгІ зор

Неге Дубай моделі? Әлемде 80-ге жуық қаржы 

орталықтары бар. Әйгілі экономистер әлемдік қаржы 

орталықтарын ғаламдық (Лондон және Нью-Йорк) және 

аймақтық (Гонконг, Сингапур, Франкфур-на-Майне, 

Сидней, Чикаго, Токио, Йоханнесбург, Дубай және 

Шанхай) деп топтайды. Дубай қаржы орталығының 

моделін таңдау кездейсоқтық емес. Өйткені, Дубай 

мен Астананы қарқынды даму тарихындағы ұқсастық 

қана емес, соңғы жылдардағы нығайған экономикалық 

қызметтестік жақындастырып отыр.

Дубай– Таяу Шығыстағы қарқынды дамушы қаржы, 

сауда және туристік орталық. Өсу қарқындылығы 

жағынан Қытайдың Шанхайымен теңеседі. Дубай 

қаржы орталығы - «Dubai International Financial Centre» 

(DIFC) –салық жеңілдігі қарастырылған оффшорлық 

аймақ 2004 жылдан бері табысты қызмет етіп келе 

жатыр.Оффшор  деп  отырғанымыз  –  салықтарды 

оңтайландыру әдістерінің бірі. Ұлыбританияның 

қаржы қызметтері Агенттігі жасаған өзінің азаматтық 

және шаруашылық заңы, жеке соты және арбитражы 

бар. Сот төрешілері Англия, Сингапур, Гонконг сынды 

елдерден шақыртылады. Қызмет ету аясы: банк ісі, 

инвестициялық қызмет, бағалы қағаздармен операци-

ялар, ислам қаржысы, сауда операцияларын құжаттық 

рәсімдеу және заңмен қорғау. Табысқа салынатын салық 

мөлшерлемесі 0%-ды құраса, қаржы орталығы 100% 

шетелдік меншік болып табылады.Осының барлығы 

Дубайды табысты әлемдік қаржы және заң орталығына 

айналдырды. Мұндай жетістікке қаржы орталығы 10 

жылда жетіп отыр.

Дәл осы модельді негізге ала отырып құрылған 

Астана халықаралық қаржы орталығы мыңдаған жұмыс 

орындарын құрып, бюджетке кіріс әкеледі. Шетелдік 

инвесторларға барынша қолайлы инвестициялық 

жағдай жасай отыра, экономиканы әртараптандырады. 

Қазақстан  экономикасына  қосымша  шетелдік 

және отандық қаржы ресурстарын тартады. AIFC 

айналымдағы шетелдік бағалы қағаздар санын көбейту 

арқылы халықтың жеке жинақ салымдарын тартуға 

мүмкіндік тудырады. 

Болашақта Астана халықаралық қаржы орталығы 

толыққанды оффшорлық аймақ болады деп күтілуде. 

Қаржы  орталығын  құру  туралы  Парламентпен 

қабылданған заңда орталыққа тіркелген компанияларға 

корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығы және 

мүлік салығы бойынша 50 жылға дейін жеңілдіктер 

қарастырылған. Мұндай қолайлы салықтық жеңілдіктер 

бизнестің жандануына үлкен септігін тигізеді. Дубай 

халықаралық  қаржы  орталығының  тәжірибесіне 

сүйенсек, орталық қаржы айналымының үштен екі 

бөлігін қаржы институттары, қалғанын қызмет көрсету 

саласы (аудит, заңгерлік кеңестер, мейманханалар)

қамтамасыз етеді екен. 

Аталған орталық тек қана қаржылық емес, сонымен 

қатар, халықаралық арбитраждық орталық болады. 

Бұл заңгерлік қызметтер көрсетіліп, сотпен қорғауға 

мүмкіндік беретін, іскерлік белсенділікті ынталанды-

ратын аймақ болмақ.  

Сонымен,  Қазақстанның  әлемдік  деңгейде  өз 

орнын алуға керемет мүмкіндік бар! Күннен-күнге 

сырттан қызығушылық танытушылардың саны артып 

келеді. Өйткені Қазақстан қарқынды дамушы мемле-

кет, геополитикалық және инвестициялық жағдайы 

қолайлы, бір сөзбен айтқанда, Астана халықаралық 

қаржы  орталығының  құрылуына  барлық  қажетті 

алғышарттар бар. Ендігі кезекте қаржы орталығының 

ауқымды да пәрменді жобаларды жүзеге асырып, табыс-

ты жұмыс бастауын күтеміз!

Гульмира АМАЛБЕКоВА,

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, «Қаржы» 

кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к.

 

„

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері  қоғам өмірінің барлық салаларын дамыту,  республика 



халқының әл-ауқатын жақсарту, құқықтары мен міндеттерінің сақталуын қамтамасыз ету 

мақсатында  реформалар мен  өзгерістер толастаған емес. сот жүйесін дамытуға да Елбасы 

н.назарбаев үнемі ерекше көңіл бөліп келеді. 

сот  жүйесін  жетілдіру – күн тәртібінде

 Ол түсінікті де. Өйткені тәуелсіз, кәсіби сот жүйесі еліміздің мызғымастығының  

бір  негізі.  Әлбетте реформалар тек сот жүйесін ғана емес, бүкіл құқықтық 

құрылымдарды қамтиды. Алайда бұл жаңғырулар ішінде маңыздысы – сот жүйесін 

биік стандарттарға жеткізу.

Халықаралық талдау ұйымдарының сараптаулары, әлеуметтік сұраулар бүгінгі 

күнгі сот жүйесінің тиісті деңгейде екенін, тұрғындар арасында сотқа сенімнің 

артқанын, заңнамамыздың сапасы бірқатар шетелдік мемлекеттерден көш ілгері  

екенін көрсетіп отыр. Дейтұрғанмен, сот жүйесін  жетілдіру күн тәртібінен 

түспек емес. Бұл «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының  дамыған 

мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі  Ұлт жоспарында  ерекше көңіл 

бөлінуінен көрінеді. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев сот төрелігі  жұмысын 

жақсартуға байланысты бірқатар тапсырмалар  берді.   Олардың қатарында  сот 

жүйесін үш сатылы болуын енгізу, судьяларға қойылатын біліктілік талаптарын 

күшейту, Сот төрелігі Академиясын Жоғарғы сот  бағыныстылығына көшіру, жаңа 

судьялар  әдебі Кодексін жасау, барлық сот процестерін  жүз пайыз  бейне-аудио 

таспаға жазу, инвестициялық даулар бойынша жеке сот өндірісін қарастыру, сот 

рәсімдерін оңайлату және сот процестерін  жеделдету үшін азаматтық-құқықтық  

даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту бар. Бұған қоса, алқа 

билер соты қолданылатын салаларды, тергеу судьяларының өкілеттіктерін кеңейту, 

Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC халықаралық арбитраждық 

орталық құру, шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттарын енгізу 

үшін Жоғарғы Сот жанынан халықаралық кеңес құру көзделіп отыр. 

Сонымен қатар  соңғы  жылдар көлемінде әкімшілік юстиция жүйесін енгізу 

мәселесі айтылып жүр. Бұны Президентіміз де бірнеше алқалы жиында қадап айтты.  

Әкімшілік юстиция жүйесін енгізудің алғышарты –  Әкімшілік-процессуалдық 

кодексті  қабылдау  болмақ.  Әкімшілік  юстицияның  мәнісі  неде?  Көптеген 

зерттеушілер мемлекеттегі адам құқықтары, олардың жағдайы, сақталу мен қолдану 

деңгейін сол елдегі әкімшілік юстиция жүйесінің деңгейімен байланыстырады. 

 Біздің сот жүйесінің өкілдері және ғылыми қауымдастық мүшелері германдық 

әкімшілік сот жүйесі қызметімен таныса отырып, оның ішкі бақылау жүйесінің 

орнын басқанын зерделей келе, мұны  біздің қазақстандық қоғам жағдайында 

енгізу мүмкін екендігін айтып жүр. Әлбетте германдық әкімшілік юстиция моделін 

біздің қазақстандық құқықтық жүйеге лайықтау қажет. 2013 жылғы 20 қарашадағы 

судьялардың 6-шы съезінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев әкімшілік юстицияны 

кезең-кезеңімен енгізу қажеттігін баса айтты. Мемлекеттік билік өкілдері тарапы-

нан өз  өкілеттіктерін  асыра пайдалану  азаматтардың құқықтары мен мүдделерін 

жүйелі түрде бұзады. Бұл әрекетсіздіктен  (мысалы, арызды қараудан бас тарту) не  

теріс  әрекеттен (құқыққа қайшы әкімшілік актіні қабылдау) көрінуі мүмкін. Демек, 

мемлекеттік басқару органдарының қызметіне соттық бақылауды енгізу  керек. Ал  

әкімшілік юстицияның негізгі міндетті  элементі   сот органы  болып табылады.

Қазақстан Республикасының судьяларының 6-съезіндегі Елбасының тапсыр-

масына сай Әкімшілік іс-жүргізушілік кодекстің жобасы жасалды. Бұл жоба жер-

жерде талқылану үстінде. Жобаға  сәйкес мамандандырылған әкімшілік соттарға 

барлық жария   құқықтық даулардан туындайтын арыздар қабылданады. Жария 

құқықтық даулар  дегеніміз  билік ету және бағыну қарым-қатынасындағы әкімшілік 

процеске  қатысушылардың арасында туындайтын даулар.  Бұған мемлекеттік 

қызметкерлердің және лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік билік органдарының, 

өзін-өзі басқару органдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) 

шағым келтіру істері  де  жатады. Яғни,  жеке немесе заңды  тұлғалардың 

құқықтары мен бостандықтары шектелсе, заңсыз белгілі бір міндет жүктелсе 

немесе жауапкершілікке тартылса, осы Кодекс  шеңберінде қарастырылады.  Аза-

маттар мен қоғамдық ұйымдардың сайлау құқығын қорғау, нормативтік құқықтық 

актілердің заңдылығын даулау,  прокурорлардың мемлекеттік органдар мен лауа-

зымды  тұлғалардың шешімдерін заңсыз деп тану туралы  актілеріне шағым келтіру 

т.б.мәселелер де осында  шешімін  таппақ.

Бұл  Кодекстің  «әкімшілік  іс-жүргізушілік»  деп  айтылуы  белгілі  бір 

түсінбеушіліктер туғызады. Тіпті заңгерлер арасында бұл Кодекстің мақсатын 

әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің процессуалдық нормаларын 

жеке бір нормативтік құқықтық актіге жинақтау деп қате түсіну бар. Шын мәнінде, 

бұл Кодексті қабылдау мемлекеттік органдар іс-әрекетіне талап-арыздардың 

барлығының бір сотта қаралуын реттеп, жаңа мамандандырылған сот өндірісін 

қалыптастырмақ. 

Думан МӘУЛЕноВ,

Тараз қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының cудьясы, з.ғ.к.


 

„

тараз – шырайлы шаһар.  Әсіресе, жасыл желекке оранған қаламыздың 



ажарын тақтайдай теп-тегіс, ұзын жолдар ашып-ақ тұр.  сондай кең жолдың                                                                                                                                           

бірі – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімін иеленген Жамбыл даңғылы. 

қалада химия өнеркәсібінің дамуы кезінде пайда болған көше бүгінде облыс 

орталығындағы ірі магистральді көшелердің біріне айналды.

Индира БАЙҚонЫС

Автобекет маңынан басталатын көшенің 

ұзындығы 7 шақырым болса, ені –  40 метр. 

Кеңес  үкіметі  тұсында  Жамбыл  даңғылы 

«Трудовая» деп аталып келген. Тек 1984 жылы 

Жамбыл қалалық атқару комитетінің №195 

ұйғарымы бойынша көшеге екі ғасырдың куәсі, 

жырау, халық ақыны, айтыскер ақын Жамбыл 

Жабаевтың есімі берілді.  

Жамбыл даңғылы қалалар арасын бай-

ланыстырып тұрған магистральді  жол деуге 

негіз бар. Себебі, Алматы –Ташкент тас жолы 

арқылы қатынайтын жеңіл және жолаушылар 

тасымалдайтын көліктер осы жолды басып 

өтеді. Бұл даңғыл  үлкен көпірімен танымал. 

Алып көпір арқылы күніне мыңдаған көлік 

қатынайды. Қазақ хандығының 550 жылдығы 

тұсында қайта жөндеуден өткізіліп,  оған 8 млн. 

теңге жұмсалған болатын. 

Ал бүгінгі таңда тұрғындарының саны 

400 мыңға жуықтайтын Тараз қаласындағы 

көшелердің жалпы ұзындығы - 965 шақырым. 

Асфальт-бетондысы 612 шақырым болса, шағал 

тастысы 353 шақырымға жетеді.  Жалпы, 2015 

жылы жергілікті бюджеттен 1 928,6 млн. теңге 

қарастырылып, жалпы ұзындығы 46 шақырым 

жол күрделі және орташа жөндеуден өткізілді. 

Оның ішінде, қаламыздың басты көшелерінің 

бірі    Жамбыл  даңғылы  598,1  млн.  теңгеге 

жөнделгенін атап өткен жөн.  

Жамбыл  даңғылы  бойында  қаладағы 

маңызды әлеуметтік нысандар, оқу орындары,  

қонақ үйлер, мейрамханалар мен дүкендер 

көптеп орын тепкен. Шаһардағы ең көрнекті 

нысанның бірі  - “Тараз” қонақ үйі.  Онда зама-

науи үлгідегі 200-ден аса номерлер бар.  Қонақ 

үйде меймандар үшін  мейрамхана, түнгі бар, 

химиялық тазалау, шаштараз, көлік тұрағы 

қызмет көрсетеді.  Мейманханаға  туристер мен 

өзге қалалардан келген азаматтар тоқтайды. 

А л   т ү рл і   с п о рт т ы қ   ту р н и рл е р 

ұйымдастырылып,  қала халқы да спортпен 

ұдайы  шұғылданатын «Олимпик» спорт - де-

малыс орталығы  көшедегі сәнді ғимараттың 

бірі. Бұл жерге күнделікті жүздеген адам сала-

уатты өмір салтын ұстану мақсатында келеді. 

Облыстағы іргелі оқу орындарының санатына 

жататын Тараз педагогикалық институтының 

корпусы да орналасқан. Жыр алабының есімі 

берілген көшеде қанша жастар өздерінің бал-

дай тәтті студенттік шақтарын өткізіп жүр 

десеңізші?! 

Биыл  «Олимпик» пен ТарМПИ  оқу кешені 

маңындағы жер асты жолы қайта жөндеуден 

өтіп, жолаушылардың жол қауіпсіздігі назарға 

алынды. Бұл қуанышты жайтқа тараздықтар бір 

шаттанған еді. 

№1 аурухана мен Қазақстан Халық Банкінің 

ғимараты шаһар тұрғындары өмірінде ерекше 

алатын нысандар. Көше бойымен жүре берсеңіз, 

қаламыздың  сәулет өнеріне айрықша сән беріп 

тұрған сан алуан мейрамханалар мен қонақ 

үйлерді көзіңіз шалады. Көңіл де бір марқаяды 

екен. Міне, Жамбыл даңғылының тұрғындары 

осындай ғимараттармен мақтанады.  

Ал  даңғыл  жолдың    жолаушыларға 

жайлылығын қала билігі де жіті бақылауда ұстап, 

оның көркеюі жолында тынбай еңбек етіп келеді.     



көшЕсІмЕн Жамбылдың ...

    

«Жамбыл       баба  атындағы 

даңғыл   жайнап       тұр»                                                                                                                                                                   

          

 Серік КӨШЕРБАЕВ, 

ТАРМУ-дың «Заң» 

факультетінің аға 

оқытушысы:

-   Ж а м б ы л                               

Жабаев  атамыздың 

атын иеленген Жамбыл 

даңғылы  –  қаладағы 

ең ескі әрі ең маңызды 

көшелердің  бірі.  Бұл 

көшенің тазалығы мен 

жолдың  сапасы  өте 

жоғары деп ойлаймын. 

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойы 

тұсында үлкен көпір жөнделіп, көше жаңа кел-

бетке ие болды. Бұрын бұл даңғылдың бойында 

дүңгіршектер мен қалалар арасында қатынайтын 

таксилер, автобустар самсап тұратын. Қазір ол 

көліктердің біреуі де жоқ. Міне, енді автобекетте 

де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Бұл 

қуантатын жағдай. 



«Атамыздың еңселі ескерткіші қасқайып 

тұрса дейсің...»

Нұрғайша                                            

ОРМАХАНОВА,                         

қала тұрғыны:

-   Ж а м б ы л 

даңғылының  кеңдігі, 

т а з а л ы ғ ы   к ө з 

сүйсіндіреді.  Бұл 

көшеде қаладағы аса ірі 

ғимараттар орын алған. 

Атамыздың ескерткіші 

бұрынғы  көк  базар 

маңында тұр.  Десе де, 

өзінің есімі берілген көшеде тағы бір ескерткіші 

бой көтерсе, артық етпес еді.   



«ойын-сауық орталықтары 

бой көтерсе...»

Нұралы   ҚОЙШЫБАЙ,                                                         

студент:

- Жамбыл даңғылы 

қ а л а д а ғ ы   ү л к е н 

жолдардың  қатарына 

жатады. Қарап отырсақ, 

бұл  көшеде  қонақ 

үйлерден бастап, мей-

рамханалар,  жиһаз, 

азық-түлік  дүкендері 

мен  спорттық  кешен-

дер  де  бар.  Алайда 

жастардың бос уақытын 

тиімді өткізетін ойын-сауық орталықтары мен 

кинотеатрлар тапшы. Мен айтып отырған «Мега» 

секілді ойын-сауық орталықтары Тараз бойынша 

жоқ. Осы жағынан қала басшылары жастардың 

жағдайын жасап берсе, мұндай әмбебап орталық 

Жамбыл  атамыздың 

атындағы  көшеде  бой 

көтерсе ғанибет емес пе?

қалаға көрік беріп... 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

5

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4  (1292), 27  қАңТАр 2016 Жыл  //



әлеуМет

қазақстан республикасы Парламенті мәжілісі мен қазақстан республикасы мәслихаттары депутаттарының 

сайлауына қатысатын үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін  «Жамбыл-тараз» газетінің бетінде 

баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі жайлы

ақПарат

ҚР  «Қазақстан  Республикасындағы  Сайлау  туралы» 

Конституциялық Заңының 28-бабының 1,2,3-тармағына сәйкес 

«Жамбыл-Тараз» газеті редакциясы сайлауалды үгіт-насихат 

материалдарын 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде жариялайды.

Үгіт материалын үміткердің өзі дайындайды.



Үгіт материалын газетке ұсыну үшін тіркелген кандидат 

немесе оның сенімді өкілінен сұралатын қажетті құжат:

1. Редакцияға кандидат немесе сенімді өкілдің толық аты-жөні, 

тіркелу нөмірі, күні, сағаты, сайлау округі толық жазылған, канди-

дат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.

2. Құжаттардың көшірмесі және жеке куәлігі нотариалды 

бекітіліп берілуі керек.

Онда кандидаттың жеке куәлігі және кандидат куәлігі, сенімді 

өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі 

қоса болуы кажет.

ҮГІТ МАТЕРИАЛЫн ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ

Редакция тіркелген кандидаттардың үгіт материалдарын 

жариялау үшін баспасөз бетінен орын береді. Кандидаттардың 

газетке шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп 

түсу  ретімен,  егер  өтініштер  бір  мезгілде  келіп  түссе, 

материалдардың жариялану реті жеребе бойынша белгіленеді. 

Жазбаша өтініш редакцияға келіп түскеннен кейін үгіт ма-

териалына басылым бетінде лайықты орын берілгені үшін 

«Жамбыл-Тараз» газеті және кандидат мақаланың жариялану 

ақысы жайында екі жақты келісімшарт жасасады.

Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі 

редакцияның есепшотына жүз пайыз көлемінде түскеннен 

кейін барып бір-ақ жарияланады.

Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні-16 наурыз, 

2016 жыл.

ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫн ҰСЫнУДЫҢ ТӘРТІБІ

Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама 

бөліміне «Жамбыл-Тараз» газетінің кезекті саны жарыққа 

шықпай тұрып, үш күн қалған мерзімге дейін ұсынуы тиіс. 

Материалдың  мәтіні  қағазға  басылып  шығарылып,  оған 

кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Соны-

мен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек (дискета, 

диск, электрондық пошта). Берілген күні және тіркеу нөмірі 

көрсетілген материалдың жазбаша нұсқасы редакцияға екі 

данамен тапсырылып, оған редакция тарапынан қабылданған 

күні, уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні, қызметі 

жазылып, қол қойылады. Мәтіннің біреуі газеттің жарнама 

бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып 

кетуі тиіс.

ҚР  «Қазақстан  Республикасындағы  Сайлау  туралы» 

Конституциялық Заңының талаптарына сай келмейтін үгіт 

мақалалары жарияланбайды.

ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫн ЖАРИЯЛАУДЫҢ 

ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының 

жариялану құнын жүз пайыз төлейді. Төлемақы редакцияның 

алдын ала келісімшартта қарастырылғандай арнайы реквизиті 

көрсетілген есепшотына аударылуы керек.

Баспасөзде ақпараттық үгіт материалдарын орналастыру 

құны (қосымша құн салығын қоса есептегенде) 1 шаршы 

сантиметрге - 150 теңге (ішкі беттер), 200 теңге (соңғы бет) .



қала-қарбалас

6

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4 (1292), 27  қАңТАр 2016 Жыл  //



 

„

«қыздарға қырық үйден тыйым салып», ұлдың ізін бағып, «тәрбие басын тал бесіктен» қолға алған халықпыз. алайда 



бүгінгі таңда қоғамдағы жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыс, қаршадай қыздардың қауызын ашпай жатып солуына 

әкеліп жатыр. Ерте есейіп, ата-анаға құлақ аспаудың салдарынан талай жас маңдайын тасқа соқты. осы орайда Жамбыл 

облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен «аймақтағы жасөспірімдер мен балалардың жыныстық және 

отбасылық – құқықтық тәрбиесіндегі әлеуметтің, мектептің және отбасының рөлі» тақырыбында облыстық ата-аналар 

комитетінің ашық жиналысы өтті. 

Құралай СЕЙСЕнБЕКҚЫЗЫ

Аталмыш  жиынды  облыстық  білім  беру  басқармасы 

басшысының орынбасары Дәмеш Үскімбаева ашып, жүргізіп 

отырды.  Оған аудандағы ата-аналар және қамқоршылық кеңесінің 

төрағалары, қала және аудандағы білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі  

әдіскерлері, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы жанындағы 

«Ел анасы» кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ мен  БАҚ өкілдері қатысты. 

Әлеуеті артқан отыз елдің қатарының табалдырығын әне-міне 

аттағалы тұрмыз. Айшылық алыс жерлерден көзді ашып-жұмғанша 

жылдам хабар алғызар мүмкіндік туды. Алайда адамгершілік 

құндылығы құлдырап, жасөспірімдердің қолымен жасалған ар 

ұялар іс көбейіп келеді. Соның бір айғағы қабырғасы қата қоймаған 

қаршадай қыздардың шалыс басып, жүкті болып, балпанақтай бала-

сын жол бойына тастап, қайырылмай кете барар қылығына ұласты.

Жиында  алғашқы  болып  сөз  алған  облыстық  ата-аналар 

қауымдастығы кеңесінің төрағасы Эльмира Мырза-Ғали «Тәрбие 

кілті – рухани азық, имандылық» тақырыбында баяндама жасады.

- Бесігін енді-енді түзей бастаған қазақ қоғамы үшін бұл өте бір 

жауапты кезең. Жаһанданудың басты ұстанымы -  Батыс өркениеті. 

Ал Батыс пен Шығыстың қай жағынан алып қарамайық, бір-бірінен 

айырмашылығы  жер мен көктей екені  баршаға мәлім. Шығысқа тән 

ізгілік, адамгершілік, тәрбиелік сияқты адами қасиеттердің  Батыс 

өркениетіне  жат екені  жасырын емес. Бірақ Батыс өркениетінен  

тек солақай жақтарды іздеу дұрыс емес.  Батыстың технологиялық 

жаңалығы, білім саласындағы, нарықтық қатынастағы  жетістіктері 

біздің қоғамға өте қажет. Соған ұмтылу үшін ұрпаққа білім мен 

тәрбиені  қатар  беру  аса  маңызды.  Мектеп  психологтарының 

санын арттыру, олардың жұмыстарының  сапасын жақсарту - 

сұранып тұрған мәселе. Ол үшін аймақтағы  білім беру саласы  

психологтарының  қауымдастығының  құрылуына ықпал етіп, 

олардың өзара тәжірибе алмасуда, біліктілігін бағалауда  осындай 

тәуелсіз ұйымды міндетті түрде  қатыстыру керек. Егер жергілікті 

билік өкілдері  идеологиялық жұмысты дұрыс ұйымдастыра білсе, 

ақсақалдар кеңесі ресурсын да пайдалануға болар еді. «Ислам – екі 

дүние бақытының кілті» десек, осы тұста имандылық тәрбиесін 

күшейтуді қолға алуды ұсынып, қала, ауыл мешіттерінің  имамда-

рын уағыз-насихат жұмысын күшейтуге шақырамын. Жоғарыда 

келтірілген  ұсыныстардың  барлығы жүзеге асып жатса,  біздің 

қоғам бұдан жақсы болатынына үміт бар.  Алайда, ата-аналар  

жауапкершілігін  сезінбеген жағдайда, атқарған істердің нәтижесі 

біз ойлағандай болмайтынына күмәніңіз болмасын. Сол үшін ата-

аналар комитеттері мүшелерінің құрамынан ата-аналардан тұратын 

лекторлық топтар құруды ұсынамын,- деді Эльмира Иниятқызы.

Қазіргі қоғамда кездейсоқ жүктілік ең бір түйіткілді мәселелердің 

біріне айналып отыр. Бұл ең алдымен қыз баланың денсаулығына 

зиян келтіріп, болашақ өміріне балта шабатыны белгілі. Гинеколог 

мамандардың айтуынша, егер жасөспірім 12-13 жастан бастап 

жыныстық  қатынасқа  түсе  бастаса,  ол  психикалық  ауытқуға 

ұшырауы мүмкін. Жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарынан 

бала туу барысында ана өліміне әкеледі. Осы тектес келеңсіз 

жағдайларды болдырмау үшін күресіп жүрген облыс әкімдігінің 

денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл          

Айтбаева «Облысымыздағы жасөспірімдердің жүктілігі» жай-

ында айта келіп,жастар мен жасөспірімдердің ақпаратқа және 

медициналық қызметтерге қолжетімділігін талқыға салды.  Мектеп 

жасындағы жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру мақсатында 

контрацепция әдістерін таныстыру қажеттігін айтты.  Бұл қадам 

кездейсоқ жүктілікті болдырмау салдарынан туындап отыр. Бірақ, 

түйіткілді  ойдың  түйініне    келгенде  контрацепция  «бесіктен 

белі шықпаған мектеп қабырғасындағы балаға жат ұғым» деп 

кейбір ата-аналар қарсы болды. Осы тұста облыстық ата-аналар 

қауымдастығы кеңесінің төрағасы Әлеуметтік талдау қызметтерінің 

көмегіне жүгініп, ата-аналар мен оқушылардың арасында сауалнама 

жүргізіп, соның нәтижесіне қарай шешім қабылдауды ұсынды. Ра-

сында, жас пен жасамыстың таңдауын өзіне қалдырғаннан ұтпасақ, 

ұтылмасымыз анық.

Сондай-ақ, жиын барысында «Облыстық салауатты өмір салтын 

қалыптастыру орталығы» ЖШС директоры Гүлжан Иманбекова 

«Қыз тәрбиесіндегі ерекшеліктер» тақырыбына тоқталды. Ал Тараз 

қаласы ІІБ-ның полиция капитаны Талғат Құласбеков  «Отбасы және 

кәмелетке толмағандардың қылмыстық заң бұзушылығы» туралы 

баяндама жасады. Алайда, құзырлы сала қызметкерінің толық  

мәлімет бере алмағандығына ата-аналар наразылығын білдірді. 

«Ел анасы» кеңесінің төрайымы, Жамбыл облысының Құрметті 

азаматы Лидия Ахметова өз кезегінде аналық ақылын айтып, ҮЕҰ-

ның көшбасшысы Айнұр Зәуірбекова да пікір білдірді.

Отырыстың соңында, бірнеше ұсынымдар қабылданды. 

Жалпы  жиын темірді шоққа басқандай қарып түсер толғауы 

тоқсан қызыл тілдің көсіле сайрап, шешіле шапқан ашық пікір 

алаңына айналды. Қыз-қыз қайнаған пікір алаңы ортақ бір шешімге 

келген тұста жиынға қатысушылар алдағы уақытта да мұндай жина-

лысты аудандарда  өткізуді  қолға алмақ ниетте тарқасты.



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 1.46 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет