2016 жыл, сәрсенбі


Қоғамдық кеңестің қалыптастыру



жүктеу 1.46 Mb.
Pdf просмотр
бет17/17
Дата23.04.2017
өлшемі1.46 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 

Қоғамдық кеңестің қалыптастыру 

 

бойынша жұмысшы тобының төрағасы                              

 

  Б.нАРБАЕВ

 

 тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне тараз 

қаласы  аумағынан орнатылатын монументтің ең 

үздік жобасына арналған облыстық конкурстың 

шарттары 

Облыстық конкурсты Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі өткізеді.



Конкурстың мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тарихи- идеологиялық бейнесін 

ашатын, аса мәнерлі мүсіндік көркемдік шешімді анықтау.



1. Конкурстың бағдарламасы құрамы және оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар. 

Ескерткіштің жобасын іріктеу талаптары:

- Көркемдік деңгейі жоғары, эстетикалық мәнерліліктің болуы;

- Идеялық мазмұны, көркемдік тұтастығы мен бітімі ерекше болуы;

- Мүсіннің алыстан көз тартуы;

- Орналасатын жердегі көріністің (панорама) басым композициясына айналуы керек.



2. Конкурстық материалдар құрамында ұсынылатын құжаттар:

1. Орналастыру сызбасы       М 1:500

2. Бас жоспар                          М 1:500

3. Нұсқа                                   М 1:500

4. Ескерткіш қасбеттері         М 1:500

5. Мүсіннің эскизі –Н -0,50-0,60см.

6. Сметалық құны

7. Ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы 

мазмұндалған  №14 өлшемді «TimesNewRoman»  шрифтімен бірінші жоларалығымен басылған 2 беттен 

аспайтын мәтіннен тұратын, 2 дана қосымша түсініктеме жазба.

8. Барлық графикалық жұмыстар 60х90см планшетте беріледі.

Графикалық орындау әдістер – макеттің түсі, техникасы, материалы және мүсін – автордың өз қалауы 

бойынша орындалады.

Көрнекті түрде назарға ұсыну үшін барлық материалдар электрондық нұсқада қосымша ұсынылады.



3.Конкурс шарттары

 1.  Конкурсқа қатысуға мүсіншілер және авторлық ұжымдар шақырылады.

 2. Ескерткіштің орнатылған жері: Жамбыл облысы,  Тараз қаласы.

 3. Конкурсқа ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен 

монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияда (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001жылғы 1 

наурыздағы №311 қаулысымен бекітілген) қаралатын болады. 

   4. Авторлар конкурс материалдарын Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне  

2016 жылдың 22 ақпанына дейін ұсынуы керек.

   5. Конкурс жобалары алты таңбалы сандармен белгіленген цифрмен ұсынылады. Шифр-конкурсқа 

ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ конверттің оң жақ жоғарғы бұрышына жазылады (биіктігі 

1 см). Жобаға қосымша желімделген конвертте авторлардың аты-жөні, тегі көрсетілген ақпараттық парақ 

тіркеледі.

   Конкурс шарттары сақталмаған жобалар байқауға жіберілмейді және комиссияда қаралмайды.

   6. Бағдарлама мен конкурс шарттары бойынша ақпарат алу үшін төмендегі мекен-жайға хабарласуға 

болады: Тараз қаласы, М.Жүнісәлиев көшесі №1, тел: 455497; факс 434061.

 өнертапқыштық саласындағы 

жетістіктердің «шапағат» республикалық 

конкурсы басталды 

2016 жылдың қантар айында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде республи-

када өнертапқыштықты насихаттауға және қолдауға бағытталған Өнертапқыштық саласындағы 

жетістіктердің «Шапағат» республикалық конкурсы басталды.

Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК 

болып табылады.

Конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан басталады және 1 

сәуірінде бітеді. Өтінімдерді іріктеу ғылыми мекемелердің, мемлекеттік органдарының, Қазақстан 

Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан Республикасы патенттік сенім 

білдірілген өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.   

Конкурсқа ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына жататын өнертабыстарға 2015 

жылы жарияланған патенттері бар Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан 

Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар қатысады.



Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі: 

Жыл өнертабысы;

Өнертапқыш әйел;

Ең жас өнертапқыш (16-29 жас);

Жас дарын (16 жасқа дейін).

«Жыл өнертабысы» номинациясы бойынша «Химия», «Медицина», «Ауыл шаруашылығы, 

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу», «Байланыс және коммуникация»,  «Мұнай-газ және 

тау-кен саласы» ғылымның келесі салалары бойынша заңды және жеке тұлғалардан өтінімдерді 

іріктеу жүзеге асырылады.

«Жас дарын» номинациясына 16 жасқа дейін колледж студенттерінің және оқушыларының 

санынан үміткерлер іріктеледі. Аталған номинацияға патентпен қорғалмаған ғылыми жұмыстар 

қатыса алады.

Сонымен қатар Конкурстық комиссиясы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының және 

Еуразиялық патенттік ұйымының ұсыныстары бойынша осы халықаралық ұйымдардың медаль-

дарымен марапаттауға ұсыну үшін өтінімдерді іріктеуді жүзеге асыра алады.

Марапаттау рәсімі және конкурс қорытындылары Дүниежүзілік зияткерлік меншік күнін той-

лауына орай ағымдағы жылдың 26 сәуірінде жасалады.

     Байқауға қатысу өтінімдері келесі мекен- жайлар бойынша қабылданады:

• Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8 үй, Министрліктер үйі, Кіреберіс № 1 («ҰЗМИ» РМК);

• Алматы қ., Ришат және Муслим Абдуллиндер к-сі (бұрынғы Емелев к-сі), 6 үй, 1 павильон 

(«ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы);

Өскемен қаласы, Ворошилов к-сі, 6 үй («ҰЗМИ» РМК Өскемен қ. филиалы);

• Атырау қ. С.Датов к-сі, 8а үй («ҰЗМИ» РМК Атырау қ. филиалы);

• Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 үй, 212 кабинет («ҰЗМИ» РМК Петропавл 

қ.филиалы);

• Шымкент қ., Желтоқсан к-сі, 16 үй («ҰЗМИ» РМК Шымкент қ. филиалы).



талдар билеп, таулар ән салып... 

  

Құралай СЕЙСЕнБЕКҚЫЗЫ                    

Бүгінде Алматы қаласының тұрғыны Мақсат 

Қырғызбайұлына туған жерінің тауы да ыстық, тасы 

да қымбат. Жамбыл топырағында туып өскен талант-

ты ұл қай қиырда жүрсе де, туған жерін жүрегінің 

бір бұрышына сақтап, сағынышқа толы жан сырын 

қылқалам арқылы төгеді. 

Әкесі Қырғызбай физика-математика саласының 

ұстазы бола тұра, ағаштан ою ойып, темірден түйін 

түйген.  Қазіргі  таңда  да  бірқатар  мұражайлар 

әке қолынан туған туындыларын сақтап қалған. 

Әке көріп оқ жонып өскен кішкентай Мақсат та 

балабақша қабырғасында жүріп-ақ  сурет салуға 

құштарлығы  артады.  Ал  9-шы  сыныпқа  аяқ 

басқанда,алғашқы туындысын сынып жетекшісі 

Ольга Жұмабаеваға арнаған. Мектепке келген жас 

та білімді ұстазға деген бала махаббаты Мақсатты 

ұстазының портретін айнытпай салып, Мұғалімдер 

күніне орай қабырға газетіне шығаруға жетеледі.

Менің  алғашқы  туындымды  көрген 



ұстазымның маған артқан сенімі орасан еді. Ол 

маған  түрлі  бояулар  алып  беріп,  үнемі  қолдап 

жүретін болды. Кейін мектеп бітірген соң Абай 

атындағы  ҚазПИ-дің  көркемсурет  факультетіне 

оқуға түсіп, үздік оқып  бітірдім. Оқу бітірген соң 

Луговойда көркемсурет мектебіне мұғалім болып 

орналастым. Үш-төрт жыл сурет саласында еңбек 

етіп, қиын-қыстау кезеңдерде сурет салуды қойып, 

жеке кәсіппен айналысуға бет бұрдым. Дегенмен, 

Алла берген қасиетті тұмшалау мүмкін емес екен. 

Он жылдан аса қалам, қағазды қойғаныммен, 2013 

жылдары сурет салуға қайта ден қойдым. Ақ қағазды 

қолыма алсам болды талдар билеп, таулар ән салып 

қоя  беретіндей  күй  кешемін.  Тұмса  табиғаттың 

Алла  жаратқан  туындысынан  артық  сурет  жоқ 

шығар. Дегенмен, орыс суретшісі Репин айтқандай: 

«Суретшінің басты мақсаты табиғатты дәл салуын-

да  емес, қалай салуға тиістілігінде». Бүгінгі таңда 

адам аяғы баспаған жер қалмады. Ал адам жүріп 

өткен  жердің  соңы  өзгеріске  ұшырап,  бастапқы 

көрінісін жоғалтатыны белгілі. Мен сол алғашқы 

кейіптегі тұнық табиғаттың тұңғыш болмысын, пәк 

сұлулығын сақтап қалғым келеді,- дейді суретші.

Сондай-ақ  қылқалам  шебері  бойдағы  да-

рын  еңбекпен  ұшталып,  тәжірибе  арқылы 

ғана  шыңдалатынын  айтады.    Ғұламалардың 

пайымдауындағы «талант 10 пайыз болса, жеңіс 

нәтижесінің  90 пайызы еңбекпен келетінін» жа-

дынан шығарған емес. Қазақ қылқаламшыларынан 

Ә.  Қастеев  пен  Телжановтың  туындыларына 

таңданысын жасырмады. Бір жылдары ұмыт қалған 

қылқаламын қайта қолға алған Мақсат Қаңтарбаев 

алдағы уақытта да бұлақтың сыңғырынан сыр іздеп,  

дала гүлдерінің нәзіктігі мен тау-тас, тал-дарақтың 

бойынан тараған табиғат сұлулығын паш етер туын-

дыларымен бөліспек.

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4 (1292), 27 қАңТАр  2016 Жыл  //

24

 

„

Жамбыл облысының тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында  

«Туған елдің тұғыры» атты суретші Мақсат қаңтарбаевтың жеке 

шығармашылық көрмесі өтті. 

өнер


табиғат сұлулығынан 

артық сурЕт Жоқ

Суреттерді түсірген В.Алсуфьев, А.Қартабай



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 1.46 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет