2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.46 Mb.
Pdf просмотр
бет1/17
Дата23.04.2017
өлшемі1.46 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 №4 (1292)  27 қаңтар 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 2-бет.

Менталды арифметика 

балаға не береді?

Құрылыс 


қарқынды жүруде

 

„



«... Соңғы уақытта 

біздің ауруханаға 

тереңдетіп оқытатын 

лицей, интеллектуалдық 

мектептердің оқушылары 

бас ауруымен жиі түседі». 

 

„

«Құмшағал» алқабында 



соғылып жатқан 

300 орындық жаңа 

мектептің құрылысына 

негізінен отандық 

құрылыс материалдары 

пайдаланылуда. 

 

7-бет.

 

3-бет.



ЕңбЕк адамына құрмЕт

 

„



Бүгінгі қаржылық дағдарыс ірі-ірі кәсіпорындарды да айналып өтпек емес. 

Өндіріс көлемінің кемуі, нарықтағы бағаның тұрақсыздығы жұмысшылар 

әлеуетіне деген сұранысқа көлеңке түсіріп-ақ тұр. Алайда, Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың ел Үкіметі алдына қойған негізгі міндеттің бірі – бірде-бір жұмыс 

орны қысқармауы тиіс. Күні кеше ғана өңіріміздегі ірі кәсіпорын басшылары осы 

қағиданы мұрат етіп, жұмыс орындарын сақтап, жұмысшыларды қысқартпау 

жөніндегі құжатқа қол қойып, уағдаласты.

Жамбыл Жабаев

170 жыл

Дос-жаранға, кемтарға, 

Қайырлы бол делінген! 

Қылған қайыр болмаса, 

Не әкетесің өмірден?! 

 

5-бет.



қала-қарбалас

2

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4 (1292), 27 қАңТАр 2016 Жыл  //



ЕңбЕк адамына құрмЕт

 

„

аймақта жалпы құны 28,1 млрд. теңгені құрайтын  16 меморандумға қол 



қойылды. бұл шаралар азаматтардың жұмыс орнын сақтап қалуға кепіл болмақ.

Ерман ӘБДИЕВ

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында Жам-

был облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың 

төрағалығымен  жұмысшылардың  еңбек 

құқығы  мен  кепілдігін  қамтамасыз  ету 

мәселесіне қатысты жиын өтті. Жиынға ҚР 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің коми-

тет төрағасы, ірі кәсіпорындардың басшы-

лары мен кәсіподақ комитетінің төрағасы 

қатысты.  Басқосуда  жұмысшылардың 

әлеуметтік  және  еңбек  құқықтарын 

қ а м т а ма с ы з   е ту,   ж ұ м ы с   о р ы н д а -

рын  қысқартпау  жолдары  талқыланды. 

Іскер әйелдер іске кірісті

 

„

бүгінде облысымызда іскер әйелдер 



әр саланың қыр-сырын терең меңгеріп, 

тәжірибелерімен көпшілікпен бөлісіп жүрген 

жайы бар. Жуырда өткен облыстық  Іскер 

әйелдер қауымдастығы және «Ел анасы» 

кеңесінің кезекті жиынында тағы да өзекті 

мәселелер күн тәртібіне шығарылды. 

Арайлым ШАБДЕноВА

Нәзік  жандылар  басқосуын  

о б л ы с т ы қ   І с к е р   ә й е л д е р 

қауымдастығының төрағасы Гүлдара 

Нұрымова ашып, жүргізіп отырды. 

Онда, ең алдымен, салық жүйесіне 

енгізілген  өзгерістер  жан-жақты 

талқыланды. Сондай-ақ,  облыстық 

Іскер  әйелдер  қауымдастығының 

атқарушы  директоры  Хадиша                                                                            

О с п а н о в а   ө т к е н   ж ы л д ы ң 

қорытындысы бойынша хабарлама 

жасады.  Хадиша  Аяғанқызы  өз 

сөзінде атқарылған жұмыстардың 

бірқатарына  тоқталып,  алдағы 

уақытта  да    іскер  әйелдердің 

жемісті  еңбектерінің  нәтижелі 

болатындығын тілге тиек етті.

–  Бүгінде  облысымыздың 

өркендеп,  дамуына  өз  үлестерін 

қосып  жүрген  қыз-келіншектер 

қат ары  күн  с анап  көбейіп 

келеді.  Біздің клубтың өзінде өз 

белсенділігін  танытып,  қоғамда 

болып  жатқан  түрлі  елеулі 

оқиғаларға  қатысып,  өз  ойларын 

ашық жеткізетін 25-ке жуық мүше 

бар. Бұл қатар алдағы уақытта да 

толығады деп сеніммен айта ала-

мын. Жаңадан өз істерін бастап келе 

жатқан кез келген қыз-келіншектерге 

барлығымыз  қолдау  көрсетіп, 

демеуіміз қажет, – деді облыстық 

білім  беру  қызметкерлерінің 

кәсіподақ ұйымының және саясат-

кер  әйелдер  клубының  төрағасы  

Гүлсін Орынбаева. 

Сонымен қатар, жиын барысын-

да әжетханада табылған шақалақ 

пен  тас  жолына  лақтырылған 

сәбилер  туралы  да  сөз  болды. 

Республика  жұртшылығының 

жағасын  ұстатқан  жайт  туралы 

өз  ойын  ортаға  салған  Гүлдара 

Нұрымова бұл жағдайдың  біздің 

өңірдегі  қыз-келіншектерге  күйе 

жаққандығын қадап айтты. Осыған 

орай, жиын барысында бір ауыздан 

Үндеу қабылданып, облыстық Іскер 

әйелдер қауымдастығының қатары 

жаңа мүшелермен толықты. 

Үндеу

Біз,  әжелер,  аналар,  жыл  ба-

сында  облысымызда  орын  алған 

сорақы  жағдайлардың  куәсі  бола 

отырып, ұрпақ тәрбиесіне, әсіресе 

қыз балаларымыздың адамгершілік-

имандылық  бет-бейне сінің 

кері  кеткеніне  алаңдаушылық 

білдіреміз. Безбүйрек қыздардың, 

аналарымыздың көзін жаңа ашқан 



алғыс 

айтамын!

2016  жылдың  алғашқы 

қаңтар  айында  қала  ішіндегі 

қоғамдық көліктерде тегін жол 

жүру билетінің күші жойылды 

деп  көлік  жүргізушілер  мен 

ардагерлер  арасында  аздаған 

түсініспеушілік  болды.  Осы 

мәселені  алға  тартып,  Ауған 

соғысы ардагерлері қала әкіміне 

осы тегін жүру құқын қалдыру 

жөнінде  өтініш  жасаған  едік. 

Осы  мәселені  назарға  алған 

қала әкімі Нұржан Календеров, 

Тараз  қаласы  әкімдігі  тұрғын 

үй-  коммуналдық,  автомо-

биль жолдары және жолаушы-

лар көлігі бөлімінің басшысы 

Бақытжан  Жақсылықов,  №3 

автопарк  басшысы  Айдын 

Алтай  қаржылық  дағдарысқа 

қарамастан, қоғамдық көлікте 

Ауған соғысы ардагерлері мен 

Батыр  аналардың  тегін  жүру 

құқын  күшінде  қалдырды. 

Сондай-ақ,  осы  проблеманың 

оң шешім табуына Жамбыл об-

лысы Кәсіпкерлер палатасының 

д и р е к т о р ы   Қ а р л ы ғ а ш                                                             

Аралбекова да көмек көрсетті. 

Қазір  қоғамдық  көліктерде 

тегін  жүру  құқына  ие  болған 

Ауған соғысының ардагерлері 

жоғарыдағы  азаматтарға 

ризашылығын білдіріп, алғыс                      

айтады.


Дүкенбай ЕРМЕКоВ, 

Тараз қаласы Ауған 

соғысы  ардагерлері 

одағының төрағасы.

шақалақты  әжетханаға,  тас  жолға 

лақтыруы  әр  қазақ  анасының 

намысын  ойрандап,  бізді  жерге 

қаратты, жан-айқайымызды айтуға 

мәжбүрледі. 

Сонау «ақтабан шұбырынды», 

зұлмат ашаршылық жылдары, Ұлы 

Отан соғысы жылдарында да ана өз 

баласына опасыздық жасамағаны та-

рихтан белгілі. Өкінішке орай,  қазір 

«қыз ақылды ескермес, ана үлгісін 

көрмесе,  ұл  жарылқап  ас  бермес, 

әке үлгісін көрмесе» деген халық 

даналығының кері келіп тұрғандай. 

Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі 

жауапсыздығы,  одан  кейін  білім 

беру  мекемелерінде  салғырттық, 

немқұрайлылықтың  көрініс  алуы 

қазақы  қаймағы  бұзылмаған  Та-

лас,  Т.Рысқұлов  аудандарында 

жантүршігерлік осындай салдарға 

әкелді. 

«Адам баласы бүкіл өмір бойы 

жасайтын  ұждани  қателіктерінің 

90  пайызын  жастық  шағында  жа-

сайды екен. Өйткені, жас адам отқа 

ұмтылған көбелек десе болар. Осы 

кезде ұждани қателіктерге ұрынбай 

өткен жас бақытты. Ұл-қыздарына 

сондай ұждани тәрбие бере білген 

ата-ана бақытты» – дейді жазушы 

Смағұл  Елубаев.  Сондықтан  да, 

қымбатты  ата-ана,  құрбы-құрдас, 

замандастар! Ұрпақ тәрбиесіне сақ 

болайық!  «Өлімнен  ұят  күшті». 

Көбіміз заманнан көреміз, біреуді 

кінәлауға келгенде, алдымызға жан 

салмаймыз.  Біреуді  түзету  үшін, 

алдымен  өзің  түзелгенің  дұрыс 

шығар. Осының бәрі ұлтымыздың 

соры  екенін,  ең алдымен,  аналар, 

біз түсінуіміз керек. Осы келеңсіз 

оқиғалар әр отбасындағы аналарды 

ойланса,  қоғам  болып  жұмылып 

ұлымыз  бен  қызымызға  ұлттық 

саналы тәрбие берейік  деп үндеу  

тастаймыз!

Қазақ  -  ұлы  халық,  салты 

мен  дәстүрі  бар,  өз  тілі  мен  діні 

бар.  Сондықтан  да,  бүгінгі  қыз 

бала  –  ертеңгі  ана.  Ұлтымыздың 

болашағы аналардың қолында, сол 

ұлы жауапкершілігімізді ұмытпайық, 

айналайын қазақ қыздары!

Кепілдік құжат рәсімделді. 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

Жиналғандар  алдында  сөз  сөйлеген  об-

лыс  әкімі  Кәрім  Нәсбекұлы:  «Өткен  жыл 

барлығымыз  үшін  жемісті  жыл  болды. 

Әлемдік  экономикадағы  қиындықтарға 

қарамастан, аймақта 274 млрд. теңгенің өнімі 

өндірілді. Әрине, «Қазфосфат», «Имсталь-

ком», «Қант орталығы», «Жамбылгипс» сын-

ды ірі кәсіпорындар қаржылық дағдарысқа 

байланысты өз қуатында жұмыс жасай алма-

ды. Оған қарамастан, кей кәсіпорындардың 

жұмысы жүрді. Индустрияның екінші бес 

жылдығында құны 571 млрд. теңге болатын 

27 жоба жүзеге асып, өңірде жаңадан бес мың 

жұмыс орны ашылады» - деді.

Жиын соңында облыс әкімдігі, кәсіпорын 

басшылары, кәсіподақ комитеті және ұлттық 

компаниялар өзара ынтымақтастық туралы 

екі  бағыттағы  бірнеше  меморандумдарға 

қол  қойды.  Яғни  «Қазфосфат»  ЖШС,                                                                                

«ЕвроХимУдобрение»,  «Имстальком», 

«Батуров  атындағы  ГРЭС»,  «ҚТЖ»  ҰК» 

АҚ-ы филиалы – Жамбыл жол бөлімшесі, 

«ҚазТрансГазАймақ»  ЖӨФ,  «Запчасть» 

АҚ-ы  және  «Жамбылгипс»  сынды  ірі 

кәсіпорын  басшылары  меморандумдарға 

қол  қойды.  Шараның  бірінші  мақсаты-   

жұмысшылардың  еңбек  құқықтары  мен 

кепілдігін  қамтамасыз  ету  бағытындағы 

ынтымақтастық  және  екінші  өндіріс  ба-

рысында  жергілікті  және  қазақстандық 

үлесті  қамтамасыз  ету.  Қол  қойылған 

барлығы 16 меморандум болса, соның ішінде 

6-ы  ірі  кәсіпорындағы  жұмысшылардың 

еңбек  құқықтарын  қамтамасыз  етуге                                                                          

байланысты.  Аталған  кәсіпорындарда 

барлығы  20  000  мыңнан  астам  жұмысшы 

еңбек етеді. Ал қалған 10 меморандум өндіріс 

барысында  жергілікті  және  қазақстандық 

үлесті қамтамасыз етуге арналған. Аталған 

меморандумдардың жалпы құны шамамен 28,1 

млрд. теңге. Сондай-ақ өңірде жұмысшылар 

мен  кәсіподақ  арасындағы  байланысты 

нығайту, жұмысшылардың еңбек құқықтарын 

қамтамасыз етуге байланысты кәсіпорынмен 

меморандумға қол қою өз жалғасын табатын 

болады. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Жамбыл 

облысында 3952 кәсіпорын болса, оның 1721-

імен ұжымдық келісімшарт жасалған немесе 

бұл көрсеткіш – 43,5%. 



3

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4 (1292), 27 қАңТАр 2016 Жыл  //



азаматтық орта бЕлсЕндІ

 

„

Ел ішінде мемлекет саясатын жемісті жүргізуде үкіметтік емес ұйымдардың 



атқарып отырған рөлі орасан зор. олардың жұмысын ширату мақсатында жергілікті 

бюджеттен тиісті қаражат та бөлініп келеді. кала әкімдігі жанындағы үкіметтік 

емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес өтіп, онда ҮЕұ жетекшілері 

қой жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, мешін жылы атқаратын межелі 

міндеттерді айқындады.

Индира БАЙҚонЫС

Қала басшысының орынбасары 

Маржан Қожаеваның жетекшілігімен 

өткен жиынға  қала әкімдігі жанындағы 

үкіметтік  емес  ұйымдармен  өзара 

іс-қимыл  жасау  жөніндегі  кеңес 

отырысының  мүшелері,  қала 

әкімдігінің бөлім басшылары,  ҮЕҰ 

жетекшілері қатысты. 

Маржан Төреғұлқызы жыл санап 

ҮЕҰ-ның мойнына жүктеліп отырған 

жауапкершіліктің  салмағы  артып 

отырғанын,  былтыр  елімізде  кең 

көлемде аталып өтілген мемлекеттік 

мерекелердің  жоғары  деңгейде 

ұйымдастырылуына      қоғамдық 

бірлестіктердің қосқан сүбелі үлесін 

тілге тиек етіп, алдағы уақытта да 

бірлесе отырып, өнімді еңбек ететініне 

сенім білдірді. 

Өткен  жылы  қаламыздағы 

үкіметтік емес ұйымдардың атқарған 

жұмыстары турасында қала әкімдігінің 

ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы                        

Кенжебек Олжабай баяндап берді.

Бөлім  басшысы  әуелі  ҮЕҰ-

ның жұмысын ілгерілету үшін қала 

қазынасынан бөлінетін қаражаттың  

жыл  санап  артып  келе  жатқанына 

тоқталды. Мәселен, 2011 жылы бұл 

мақсатта 11 миллион қаржы бөлінсе, 

биыл оның көлемі 12 миллион 500 

мыңға жеткен. 

- Соңғы жылдары шаһардағы ҮЕҰ-

ның атқарып отырған жұмыстарына 

қанағаттанарлық деген баға беруге 

болады.  Былтыр  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығына, ҚР Конституциясының 

20  жылдығына,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 20 жылдығы мен  

Қазақ  хандығының  құрылғанына 

550 жыл толуына орай 155 іс-шара 

өткізілді. Бүгінде қалада үкіметтік 

емес ұйымдардың саны 11-ді құрап 

отырса, оның 4-і өз міндеттерін өз 

деңгейінде  орындамай  отыр.  Біз 

енді олардың әрқайсысына қатаң та-

лап қоятын боламыз,-деді Кенжебек 

Мамашбайұлы.

Бұл мәселенің маңыздылығына 

тоқталған Маржан Төреғұлқызы да 

әрбір үкіметтік емес ұйымдар атқаруға 

тиісті міндеттерді саралайтын монито-

ринг жүргізіп отыруды, ол сараптама 

жұмыстары  қала  шеңберімен  шек-

телмей, салыстырмалы түрде облыс, 

республика  көлемінде  жасалуын 

шегелеп  тапсырды. 

Келесі  болып  ортаға  шыққан 

«Асыл  Арман»  ұлттық  дәстүр  мен 

өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің 

төрағасы  Ринат  Нұрақбаев  өз  ба-

яндамасында  негізгі  басымдықты 

қыздардың тәлім-тәрбиесіне арнады. 

Ол  өз  кезегінде  4  жылдан  бері 

жұмыс істеп келе жатқан бірлестік 

жанынан  «Инабат»  қыздар  клубы 

құрылғанын атап өтіп, бұл бірлестік 

оң-солын әлі ажыратып үлгермеген 

аруларымызды тура жолдан таймауға, 

олардың  өн  бойларына  қазақы 

тәрбиені сіңірумен айналысып келе 

жатқанын әңгімелеп берді. 

- Қазіргі таңда «Инабат» клубы 

мектептерде, арнаулы және жоғары 

оқу орындарының студенттерімен жиі 

кездесулер өткізіп, қыздар арасында 

байқаулар ұйымдастырып келеміз. Та-

раз мемлекеттік педагогикалық инсти-

туты жанынан «Ақ сезім» қыздар клу-

бы да ашылды. Бұған қоса, облыстық 

Іскер әйелдер қауымдастығы жанынан 

өнегелі ісімен көпшілікке үлгі болған 

аналарымыз  «Ел  анасы»  кеңесін 

құрып, жас ұрпақ тәрбиесіне белсене 

араласуды  қолға  алды.  Осылайша, 



құрылыс қарқынды жүруде

 

„

«нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шарапаты білім 



саласын дамытуға да сеп болып отыр. Әсіресе, аталған бағдарлама 

аясында «құмшағал» алқабындағы үш ауысымды мектептің орнына 

жаңа нысанның құрылысын жүргізуде ата-аналардың ризашылығы 

шексіз болып тұр.

Арсен БАЙЗАҚ

Ауылдағы мектептің құрылысы өткен ғасырдың 

жетпісінші  жылдарының  соңында  жүргізіліпті. 

Бүгінде мұнда 470 бала білім алады. Қала әкімінің 

тұрғындар алдындағы есебінде жиі күн тәртібіне 

көтеріліп келе жатқан бұл проблема өткен жылы 

өз  шешімін  тауып,  алқапта  300  орындық  жаңа 

мектептің  құрылысы  басталды.  Мердігер  «Ник 

Тараз» ЖШС-і бүгінгі күні құрылыс жұмыстарына 

бөлінген 750 млн. теңгенің 550 млн.теңгесін игеріп 

отыр. Қазір мұнда еден салу, ішкі әрлеу жұмыстары 

қалған. Құрылыс жұмыстарына 60 адам жұмыспен 

қамтылған. Айта кетерлігі, жаңа мектепте спорт 

зал, асхана, акт залы, химия-лаборатория кабинеті, 

компьютерлік  сыныптар,  соңғы  жабдықтармен 

қамтылған кабинеттер болады. 

Құрылыс  учаскесінің  басшысы  Қайырбай 

Кулимбетовтің  айтуынша,  құрылысқа    қалалық 

жұмыспен  қамту  орталығында  жұмыссыздар 

есебінде  тұрғандардан  10  адам    тартылыпты. 

Құрылыста пайдаланып отырған барлық матери-

алдар қазақстандық тауарлар екен.  Металдардың 

барлығы  жергілікті  зауыттан  алынуда.  Оның 

қатарында  негізгі  материалдар  «Имсталькон» 

ЖШС-інен, терезелер жергілікті, цемент Мыңарал 

цемент зауытынан, жылуды қамтамасыз ету үшін 

Павлодар  зауытының  минералдық  плиткалары 

(утеплитель) пайдалануда, шағал тас, құм жергілікті 

Құмшағал карьерінен алынуда. Құрылыс басында 

жүрген құрылысшылар – Шоқан Жаймаханбетов 

пен Нұрсейіт Тлеумаханбетов құрылыс басталғалы 

бері осында жұмыс істеп келеді. Айлық жалақылары 

80-90 мың теңге аралығында және жалақыларын 

уақытылы  алып  отыр.  Ал  құрылыстың  аяқталу 

мерзімі - ағымдағы жылдың  20 тамызы. Сөйтіп, 

амандық болса, алқаптағы оқушылар биылғы оқу 

жылын жаңа мектепте бастайтын болады.

Міндеттер белгіленді. 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

қала-қарбалас

жұмыла  отырып  жұмыс  жасасақ, 

ұлттың  болашағына  баланатын 

бойжеткендеріміз  шалыс  қадамға 

бармайды деп санаймын,- деді Ринат 

Даниярұлы.   

Маржан  Қожаева  жас  ұрпақ 

тәрбиесі, соның ішінде қыздардың 

жүріс-тұрысы басты назарда болуы 

керектігін, бұл бірнеше бірлестіктің 

яки  клубтың  атқаратын  жұмысы 

еместігін  алға  тартып,  жастардың 

тәрбиесі барша билік пен бұқараның 

ортақ міндеті екенін жеткізді.

-  Жамбылдықтар  үшін  жаңа 

жыл  жантүршігерлік  жаңалықпен                          

басталды. Бір бойжеткеніміз өз ба-

ласын әжетханаға тастаса, тағы бір 

мектеп жасындағы оқушы екіқабат 

болып,  соңы  қайғылы  жағдаймен 

аяқталғанын күллі республика естіді.  

Мен  толықтай  Ринат  Даниярұлын 

қолдаймын және біздің тарапымыз-

дан қажет көмектің бәрін көрсетуге 

дайынбыз,-деді қала әкімінің орын-

басары. 

Ал  азаматтарды  жұмыспен 

қамтамасыз ету  және оларды қайта 

оқыту мәселесі төңірегінде  Жұмыспен 

қамту орталығының  директоры Сәуле 

Қойбақова сөз тізгінін алды. 

Әуелі Сәуле Әділжанқызы қалада  

«Жұмыспен  қамту  жол  картасы  - 

2020» бағдарламасының екі бағыты 

іске асырылып жатқанын жеткізді.  

Бағдарлама арқылы 2011-2015 жылда-

ры аралығында 6591 адам жұмыспен 

қамтылған.  Айталық,  «Жастар 

тәжірибесі» бағдарламасына 1839 адам 

жолданса, әлеуметтік жұмыс орын-

дарына -519, кәсіптік оқытуға - 1162,  

тұрақты жұмыс орындарына 2700 адам 

жіберілген. Бұл ретте, екі қолға бір 

күрек тапқан тараздықтардың басым 

бөлігі әлеуметтік тұрмысы төмен от-

басылар мен дене мүмкіндігі шектеулі 

жандар екен. Баяндамашының сөзіне 

қарағанда,  қазір тұрақты жұмыспен 

қамтылғандар 50 мың теңге көлемінде 

жалақы алып отырған көрінеді.   

Маржан  Төреғұлқызы  қала 

тұрғындарының, әсіресе жастардың 

мемлекет тарапынан жүзеге асыры-

лып жатқан «Жұмыспен қамту жол 

картасы - 2020» мен «Өрлеу»  сынды 

бағдарламалар  жайында  ел  ішінде 

кеңінен үгіт- насихат жұмыстарын 

жүргізу керектігін тапсырды.  

Кеңес отырысын қорытындылаған 

қала әкімінің орынбасары Маржан 

Қожаева 2016 жылы Қазақ елі үшін 

айтулы  мерекелерге  толы  екенін 

еске  салды:  «Биыл  отандастары-

мыз тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің 

25  жылдығын  тойлайды.  Осынау 

ұлық мерекені лайықты түрде атап 

өтуге міндеттіміз»,-деген ол  биыл  

жүзеге  асырылуға  тиісті  маңызды 

тақырыптарды  да  жеке-жеке  атап 

өтіп, бөлінетін қаржының көлемін де 

нақтылады. 



МәңгіліК ел

4

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №4 (1292), 27  қАңТАр 2016 Жыл  //



 

„

тараз қаласы 



бойынша мемлекеттік 

кірістер басқармасының 

ұйымдастыруымен 

қалалық мәдениет 

үйінде қр салық 

заңнамаларына 

үстіміздегі жылдың 

1 қаңтарынан бастап 

енгізілген өзгерістер 

мен толықтыруларды 

түсіндіру мақсатында 

семинар өтті.

нұржан СЕРІКХАнҰЛЫ

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары ая-

сында салықтық заңнамаларға енгізілген 

өзгерістер  кәсіпкерлік  саласында  оң 

нәтижелерді  байқатуда.  Қарқынды 

жұмыстардың  қадамын  қуаттандыру 

мақсатында енгізілген толықтырулар ел 

экономикасының өркендеуіне де серпінді 

сеп  болмақ.    Салық  Кодексінің  жаңа 

талаптары мен жаңарған заңнамаларды 

түбегейлі  түсіндіру  мақсатында 

ұйымдастырылған  жиын  барысында, 

сала мамандары тарапынан атқарылған 

ауқымды жұмыстар мен нақты нәтижелер 

айтылды.  Тараз  қаласы  бойынша 

Мемлекеттік  кірістер  басқармасының 

басшысы Ерлібек Зикеев жиынды ашып, 

жоспар  бойынша  толық  атқарылған 

жұмыстар мен салық төлеуден жалтарып, 

жалған кәсіпкерлікпен айналысқандарға 

күшейген жауапкершіліктің және жаңа 

өзгерістердің  бірқатарына  түбегейлі 

түсінік берді.

-    2016  жылдың  1  қаңтарына  Та-

раз  қаласында  тіркеуде  тұрған  салық 

төлеушілердің  ұзын  саны  314  мың 

293  болса,  оның  ішінде  6694-і  заңды 

тұлға, 25245-і жеке кәсіпкер және 281 

мың  574-і  жеке  тұлға.  Олар  заңды 

түрде кәсібін дөңгелетіп, ел қазынасына 

салықтар  мен  алымдарды  мерзімінде 

төлеуде. 2015 жылдың қорытындысымен 

мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің 

орындалуы 102,6 пайызды құрап отыр. 

Ал  республикалық  бюджетке  8  млрд. 

473 млн. теңге (107,6%) түсім түсті. Бұл 

көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  

1  млрд.  218  млн.  теңгеге  өсіп  отыр. 

Сондай-ақ,  өткен  жылдың  қазан  мен 

желтоқсан  айлары  аралығында  жеке 

тұлғалардың  мүлік  салығы  бойынша 

берешектері 75,2%, жер салығы бойынша 

23,2% кеміді,-деді басқарма басшысы.

Тараз қаласы бойынша қозғалтқыш 

көлемі  4000  текше  см  болатын  516 

автокөліктің 253-і салық заңнамасына 

сәйкес  жеңілдікке  ие  болса,  219-ы 

салықтарын уақытылы төлеген. Ал 18,2 

млн. теңге салықты төлеуден жалтарған 

44 көлік иесінің құжаттары сот органда-

рына жолданған. Нәтижесінде 32 іс бой-

ынша 15,7 млн. теңге өндіріліпті. Жалған 

кәсіпорындар бойынша қосымша 1 млрд.  

485 млн-нан астам ҚҚС анықталып, 326 

млн-нан астам қаржы өндіріліпті. Соны-

мен қатар, өзгертулер мен толықтырулар 

енгізілген  салық  саласындағы  жаңа 

талаптар  бойынша  өз  жұмыстарын 

жауапкершілікпен    атқарып  отырған 

жеке кәсіпкерлердің күндік табысы мен 

жұмысшыларының  қатары  да  артқан 

сыңайлы. Сала мамандары жиын бары-

сында оған тиісті дәлел де келтірді. Өз 

сөзінде Ерлібек Қырғызбайұлы қаладағы 

кәсіпкерлік  нысандарына  көлеңкелі 

кәсіптен аулақ болып, табыстары мен қол 

астындағы қызмет етушілерге еліміздің 

еңбек заңындағы талаптарды сақтауға, 

олардың  әлеуметтік,  зейнетақылық, 

салықтық жинақтарын мерзімінде бюд-

жетке  аударып  отыруға  түсіндірме 

жұмыстарының тұрақты түрде жүргізіліп 

отырғандығын  да  тілге  тиек  етті.  Со-

нымен қатар, жиын барысында мүлікті 

жария ету, алдағы уақытта жүзеге аса-

тын  жалпыға  бірдей  декларациялау 

және қосымша құн салығына енгізілген 

өзгертулер, пайдалы қазбаларды өндіру 

салығының мөлшерлемелері бойынша 

деректер  айтылды.    Жиын  соңында 

жаңа  өзгертулерге  байланысты  салық 

төлеушілердің  қойған  сұрақтарына 

сала  мамандары  тарапынан  жауаптар 

айтылды.


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 1.46 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет