2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Маматаев Д. 

37 жас. Алматы қаласы.                  

 «АлкАтекАктив» - бұл:

- алкогольге тәуелділіктен арылтатын табиғи кешен;

-алкогольге құмарлықты өзгертетін табиғи құрам;

- жүрек-қан тамырлары, жүйке, ас қорыту жүйелері 

мен бауырдың ферменттік жүйесіне табиғи әсер ету 

формуласы.



ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ үЙІ

2 наурыз 2016 жыл

10.00  «Бақытты  балалық  шақ»  атты  бос  жұмыс 

орындар жәрмеңкесі



2 наурыз 2016 жыл

11.00  «Жолдау қуаты-жастар ықыласы» атты жастар  

форумы


3 наурыз 2016 жыл

14.00  «Үкілі ару» байқауы

4 наурыз 2016 жыл

11.00  «Кедергісіз келешек» атты акция

7 наурыз 2016 жыл

15.00  Тараз Жастар орталығының ұйымдастыруымен 

«Инабатты ару» атты байқауы



8 наурыз 2016 жыл

17.00  Әбілхайыр Әділхановтың концерті

12 наурыз 2016 жыл

17.00  «Мерей» продюсерлік орталығының концерті

№1 ҚАРТТАР үЙІ

3 наурыз 2016 жыл

11.00  «Өмір  иесі  Сен,  ғазиз  ана»  атты  қалалық 

мәдениет үйінің мерекелік бағдарламасы



«БАЛАСАғҰН» оРТАЛЫҚ КоНцЕРТ ЗАЛЫ

5 наурыз 2016 жыл

17.00  8 наурыз  Халықаралық әйелдер күні мерекесіне 

орай облыстық салтанатты жиналыс, мерекелік концерт



8 наурыз 2016 жыл 

19.00  А.Сыпабековтің «Мама» атты концерті.

9 наурыз 2016 жыл

19.00  Төреғали Төрәлінің  концерті.

оРТАЛЫҚ «ДоСТЫҚ» АЛАңЫ

8 наурыз 2016 жыл

19.00  8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне  

арналған «Анашым. Асылым. Ардағым» атты мерекелік 

бағдарлама

 

оРТАЛЫҚ «ДоСТЫҚ» АЛАңЫНАН 



ТҰңғЫШ ПРЕЗИДЕНТ САяБАғЫНА ДЕЙІН

5 наурыз 2016 жыл

8.00 

Қала тұрғындары арасында көктемгі кросс



«ТАРАЗ - АРЕНА» СПоРТ САРАЙЫ

5 наурыз 2016 жыл

15.00  Этно-мәдени бірлестік өкілдерінің арасында 

ұлттық дәстүрлі ойындарынан қалалық спартакиада



ЖАМБЫЛ оБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

2 наурыз 2016  жыл

16.00  Қ. Жүнісов «Алғашқы махаббат»  спектаклі

3 наурыз 2016 жыл

16.00  Б. Ұзақов «Жандауа» спектаклі

10 наурыз 2016 жыл

16.00  Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы» атты ме-

лодрама


11 наурыз 2016 жыл

11.00  М. Ахманов «Екі дос» ертегісі

11 наурыз 2016 жыл

16.00  К. Қасенов «Рахмет, Сізге» атты мультимедия

Не? қайда? қашан?

2016 жылдың  8  наурыз халықаралық әйелдер күніне орай өтетін мәдени 

іс-шаралар жоспары

руханияТ

14

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз   2016 Жыл  //



 

„

«Пәруана», «у», «жұлдыздан терем өлеңді», «Тығырық»... 



Бұның бәрі - қоғами қиялдан жүрекке қан болып құйылып, 

серігін сағынған елдің сағынышын баса алмай, ақынның 

артында қалған жыр жинақтары. Оның өлеңдері қоңыр мұң 

мен қап-қара қасіретке төгілген аппақ үміт. асқақ адалдық. 

4-ші наурыз - серік Томановтың туған күні. ақын көзі тірі 

болғанда  биыл 60 жасқа толар еді...                                                                                                   

жасыН ғҰМыр, 

жалыН жыр

Айсана НҰРБАП

Мен – терекпiн,

Тоналып тозған бүгiн.

Күзi жеткен жайдары жаздан бұрын.

Tipi өлiктей түнерiп тұрғанша бұл,

Қопарыла құлайын қозғал, дiңiм!- 

деп  тереңге  тамыр,  көкке  бұтағын 

жайған  теректің  шешімін  адамның 

тілінде сөйлеткен ғазиз ақын Серік 

Томанов  1956  жылы  Талас  ауданы, 

Жданов атындағы кеңшарда дүниеге 

келді. ҚазМУ-ды тәмамдаған ол  еңбек 

жолын «Ленин жолы» (қазіргі «Талас 

тынысы»)  газетінің  редакциясында 

бастаған. Алғашқы өлеңдері де сол 

басылымда  жарияланған. Ақынның 

тұңғыш    жыр  жинағы  2000  жылы 

«Адасып жүрген ақбөкен едім» деген 

атпен жарық көрді. Оның «Аққулар», 

«Қызыл көйлек киген қыз», «Сатушы 

қыз», «Аузынан айдың түскен қыз», 

«Сезімді қайтем тулаған», «Құс қанат 

менің  ғұмырым»  атты  өлеңдеріне 

сазгерлер  ән  жазды.  Бүгінде  ҚР 

Еңбек  сіңірген  қайраткері  Мейрам-

бек  Бесбаев,  «Нұр-Мұқасан»  тобы 

орындап  жүрген  ол  әндер  барлық 

жүректен  ойып  тұрып орнын  алды. 

Сыршыл ақын, қарымды қаламгер 47 

жасқа қараған шағында 2003 жылы 

дүниеден өтті.                                                                                                                       

Шаруа едім тірліктің көшіне ерген,

Таусап таттым жердегі несібемнен.

Көп жыл болды мәңгілік ұйқыдамын,

Топырағым бұйырды осы жерден.

Ата-бабам, бауырым, туысым да,

Осы жерде: төбенің қуысында.

Алып кеткен өзімнің ештеңем жоқ,

Топырақ тек қалғаны уысымда,-деп 

өз құлпытасына өзі өлең жазған ақын 

ағамыздан көз жазып қалғанымызға 

да табаны күректей 13 жыл өтіпті. 

«Серік  пенделіктің  басынан  аттап 

кеткен ақын еді. Жер бетінде жарты 

ғасырға  жуық  ғұмыр  кешіп,  дені 

дұрыс  бір  кітабын  көре  алмай  кету 

деген…  Алматыға  келді,  Таразға 

қайтты…  Алматы  аямаған  ақынды 

Тараз  аялап  па?  Оны  әдеби  орта 

таныған әм мойындаған да болатын. 

Ол  бәрібір  картаға  түспеген  елді 

мекендей елеусіздеу күн кешті…То-

машадай қалпымен, құдды Мұқағали 

сияқты  шашын  сілкіп  тарап  өлең 

оқитын,  оқыған  өлеңімізге  ырза 

болғанда  бас  бармағын  көрсетіп, 

«мы-на-дай!»  деп  баға  беретін, 

«Бөлтіріктерім»  деп  еркелететін, 

«Таласты» жағалап сырласатын, «Та-

ласты» қылдай қиып аттандыратын, 

тасмаңдай  тағдырының  арқасынан 

қағып  мүсіркеген  ақжалын  аға, 

ардақты ақын еді… енді қазақта ту-

майды»  деп ауыр күрсінген екен ақын 

Маралтай  Райымбекұлы  «Пәруана» 

кітабына  жазған  алғы  сөзінде.  Ал 

ақын Дәурен Берікқажыұлы: «Серік 

Томанов  ағамызды  көргенде  ақын 

деген  халық  жоғары  технология-

лар  дәуірінде  тек  қазақтарда  ғана 

қалғандай көрінетін» - дейді.

Асып-тасып жатса да ырыс бүгін,

Ақын бірақ алмайды, тыныс-тыным.

Қаламына сүйеніп қалғиды ақын,

Ж ұ м ы р   ж е р д і ң   к ү з е т і п 

тыныштығын,  -  деп  өмірден  жа-

сындай  жарқылдап  өткен  Серік 

Жапарұлының туылғанына биыл 60 

жыл. Әдеби классиктердің арасында 

«ақынды  ақын  ететін  оның  аңызы» 

немесе  «тағдырлы  ақын»  деген 

мағынасы терең түсінікті ұғым бар. 

Серік ағаның артында қалған аңызы 

да,  тағдыры  да  еліне  белгілі.  Күні 

кеше  ғана  Ш.  Уәлиханов  атындағы 

облыстық  әмбебап  кітапханасында 

кітапхана  ұжымы  мен  облыстық 

филармония  бірлесіп,  ақынның  60 

жылдығына  орай  «Ақкөз  ақынның 

ары  атылса  да,  өлмейді…»  атты 

еске  алу  кешін  ұйымдастырды.  

Жиынға  ақынның  замандастары, 

қаламдастары  –  ақын,  Жамбыл 

облыстық  қазақ  драма  театрының 

директоры Болат Бекжан, облыстық 

«Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі                                                               

Баймаханбет Ахмет, «Жамбыл-Тараз» 

газеті  редакторының  орынбасары                                                                     

Ерман  Әбдиев,  ақынның  жары 

Бибігүл  Томанова  және  жергілікті 

ЖОО  студенттері  қатысты.  «Жам-

был-Тараз»  газетінің  тілшісі,  жас 

ақын  Нұржан  Қадірәлінің  арнау 

өлеңімен ашылған рухани кездесуге 

арнайы келген көзкөрген қауым Серік 

Томановтың  балалық  шағынан  ба-

стап, оның екінші - мәңгілік өмірінің 

басталған шағына дейінгі аралықты 

ардақтап, әдеби әңгіме өрбітті. Болат                                                                                           

Бекжанов  ақынның  тапқырлығын 

айтса,  Баймаханбет  Ахмет  оның 

кітапқұмарлығын тілге тиек етті. Ал 

Ерман Әбдиев ақынның өлеңдеріндегі 

пәлсапа  ойларды  тізіп  шығып, 

60  жылдыққа  орай  оның    жасын 

ғұмырының  басқа  қырларын  та-

нытатын  жаңа  жинақтың  әзірленіп 

жатқанын  айтып,  оқырмандарды 

қуантып  т аст ады.  Бұдан  әрі 

ақынның  жары  Бибігүл  Томанова, 

ақынның  ізбасар  інілерінің  атынан 

ақын  Хамит  Есаман  сөз  сөйлесе, 

Серік  Жапарұлының  көзі  тірісінде 

сөздеріне  ән  жазған  белгілі  сазгер 

Сәрсенбек  Бәкір,  облыстық  филар-

мония  әншілері  Ғани  Мәтебаев, 

Мәдина  Сағымбекова,  Маралбек 

Бабақұлов жиналған көпшілік алдын-

да «Аққулар», «Әкені аңсау», «Соғады 

сен деп жүрегім», «Аузынан айдың 

түскен қыз» әндерін шырқады.   Бұдан 

бөлек,  наурыз  айында  ақын  Серік 

Томановтың 60 жылдығына орай об-

лыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар 

және  құжаттама  басқармасының 

ұйымдастыруымен жас ақындардың 

республикалық жыр мүшәйрасы өтеді. 

«Ұлтыма  деген  сеніммен  ұрпағым 

үшін у ішем» деп өмірден ерте өткен 

арқалы  ақынның  азулы  жырлары 

жастардың да жүрегінде жазулы тұр, 

жазыла  береді  де.  Серік  ақынның 

табиғаты, болмысы, рухы қазақтың 

жадынан  еш  уақыт  ұмытылмай, 

ұлықтала  беретіндігіне  күмәніміз 

жоқ, сеніміміз мол!



Бір өлең, бір әуен…

 

„

дәл осындай тақырыпта Тараз шаһарында бұрын-соңды болмаған, жергілікті ақындар 



мен олардың сөзіне жазылған әндерді орындайтын жезтаңдай әншілердің басын қосқан 

ерекше ән-жыр кеші өтті. 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Облыстық  мәдениет,  мұрағаттар  және 

құжаттама  басқармасының  қолдауымен  халық 

шығармашылығы  орталығы  және  «Хұснихат» 

әдебиетті  қолдау  қоғамдық  қорының 

ұйымдастыруымен  қалалық  мәдениет  үйінде 

өткен  шараға  қазақтың  қара  өлеңін  өмірлік 

жансерігіне айналдырған 16 ақын мен елге таны-

мал әншілер қатысты. Ұйымдастырушылардың 

айтуынша,  бұл  ешқандай  да  байқау  емес.  Тек 

бір шаңырақ астында өнер иелерінің басын қосу. 

- Соңғы үш-төрт жылдың ішінде қазақтың 

небір  марғасқа  ақындары  өмірден  кестеленіп 

өтіп  кетті.  Қарап  отырсақ,  талай  қабырғалы 

ақындарымыздың  сөзіне  жазылған  әндерді 

топтап, елдің алдына шығаратын шаралар жоқ 

екен. Осы орайда ақынды өз еліне, туған жерінің 

халқына көрсетейік деген ой туындады. Алдағы 

уақытта  Қазақстанның  барлық  облыстарында 

ұйымдастырамыз.  Әр  ақынға  елдің  алдында 

өлең оқытып және оның сөзіне жазылған әнді 

тыңдатсақ  деген  ниет  бар.  Келесі  жылы  да 

жалғасатын болады. Көп жағдайда халық ара-

рухты жыр мен лирикалық әуен.  

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

сына әні кеңінен таралып, әншілер ғана танылып 

жатады. Ал сөзін жазған талантты ақындар тасада 

қалып кетеді. Бұл жоба осы мәселенің шешімі 

болады  деген  ойдамын.  Жобаның  Әулиеата 

жерінде  өтуіне  ақын,  жерлестеріңіз  Маралтай 

Райымбекұлы және қазақтың мақтанышы Ұлықбек 

Есдәулетов  ықпал  етіп,  үлкен  қолдау  білдірді. 

Қазақтың киелі әдебиетін кеңінен насихаттауға 

қолдау білдіріп, осы шаңыраққа жиналған барлық 

жұртқа алғысым шексіз, - деген  жобаның авторы 

Ғалым Қалибекұлы, сөз соңында «Үркер ауып 

барады»  атты  өз  өлеңін  де  көпшілік  алдында 

оқып берді. 

Ал      жобаның  Жамбыл  жерінде  өтуіне  се-

бепкер болған Маралтай ақын сахнаға бірінші 

болып шығып, өлең оқыды. Артынша Нұрғали 

Нұрбаев ақынның сөзіне, Жанат Тұрғынбаевтың 

әніне жазылған «Мәңгілік ел»  әнін шырқады. 

Сонымен қатар, кеште Күләш Ахметованың сөзіне 

жазылған, Әуезхан Салабековтің «Ана» атты әнін 

Гүлдана Азизхан, Арғынбай Бекбосынның сөзіне 

жазылған, Алтынбек Қоразбаевтың «Таразым» 

әнін  «Тараз»  триосы,  Болат  Бекжановтың  сөзі 

мен  әніне  жазылған  «Тараз  аруы»  әнін  «Та-

лас»  дуэті,  Үміт  Битенованың    сөзі  мен  әніне 

жазылған, барлық қазақстандықтардың сүйіктісіне 

айналған  «Мені ойлап қам жемеші, мама»  әнін 

Аманғали  Сыпабеков,  Олжас  Отардың  сөзіне 

жазылған,  Құрмаш  Махановтың  «Бабаларым» 

әнін  «Астана»  тобы,  Хамит  Есаманның  сөзіне 

жазылған «Қызыл бөрік» әнін әуен авторы Асхат 

Абзалбеков орындап шықты.  Қайырбек Асанов, 

Шырын Мамасерікова, Айша Көпжасарова, Эра 

Орманова, Ғайни Әлімбекқызы, Мадина Көбеева, 

Жанат Тұрғынбаев, Ақтолқын Құлекеева, Жамбыл 

Әміребековтер жырдан шашу шашып, олардың 

сөзіне жазылған әуезді әндер шырқалды.  Кеш 

соңында барлық ақындар естелікке суретке түсіп, 

өнер шаңырағынан қимай тарқасты.



15

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз  2016 Жыл  //

Таным

Ұлы дала жыршысы

Жалғасы. Басы 2-бетте.

Жамбыл  облысы  әкімдігінің  мәдениет,  мұрағаттар  және 

құжаттама  басқармасы  халық  шығармашылығы  орталығының 

ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында өткен 

додаға республикамыздың әр аймағынан 24 жыршы-термеші қатысып, 

бақтарын сынады.

Қазылар  алқасының  құрамында  елімізге  танымал  өнер 

қайраткерлері, атап айтқанда,  ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Қазақ 

Ұлттық  өнер  университетінің  «Дәстүрлі  ән»  кафедрасының 

доценті  Қапаш Құлыш, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері 

Дүйсенбек Өмірәлиев, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 

«Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, сазгер, күйші  Әбдімомын 

Желдібаев, ҚР Еңбек сіңірген   мәдениет қызметкері, «Құрмет» 

орденінің иегері, жыршы-термеші Аяз Бетбаев, Қазақ Ұлттық өнер 

университетінің ұстазы, жыршы-термеші Елікбай Иса қатысып, 

талапкерлердің  талпынысына  баға  берді.  Ал  қатысушыларға 

ереженің шарты  бойынша Ж.Жабаевтың жыр-дастандарынан 1 

үзінді және Жетісу жыршыларының (Қабан, Сүйінбай, Үмбетәлі, 

К.Әзірбаев, Ә.Қосбасаров,  А. Бетбаев т.б)  шығармаларынан үзінді 

орындау міндеті жүктелді. Қазылар алқасының ұйғарымымен Жам-

был Жабаевтың және Жетісуда өмір сүрген ақын-жыршылардың 

шығармаларын нақышына келтіре орындап, оқ бойы оза шапқан  

Данияр Рахымбай (Алматы облысы) бас жүлдені иеленді. Алматылық 

Мақпал Тоқтағанова мен жамбылдық дүлдүл Сұлужан Әбенова 

1-орынды, Жарасхан Төлебай (Қызылорда облысы) мен Ербо-

лат Шалдыбеков (Алматы облысы), Мұратхан Донбаев (Шығыс 

Қазақстан облысы) жүлделі 2- орынды,  ал 3-орынды Марат Сүгірбай 

(Қызылорда облысы), Құрман Байтасов (Астана қаласы), Төлеген 

Шәкәрімов (Шығыс Қазақстан облысы) тақымға басты. Сүйінбай 

атындағы арнайы жүлдеге ақтөбелік Ғазиза Абдирова, Қабан жырау 

жүлдесіне жамбылдық Қарлыға Жамбаева, Сауытбек атындағы 

жүлдеге жерлесіміз Жұлдыз Ысқақова, Бармақ ақын атындағы 

жүлдеге атыраулық Байбақ Ыдырбай, Кенен Әзірбаев атындағы 

жүлдеге Шығыс Қазақстан облысынан келген Гүльмира Темірбекова, 

Аяз Бетбаев атындағы жүлдеге қостанайлық Абзал Алпысов лайық 

деп танылды. Байқау соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға 

ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар мен арнайы 

дипломдар тапсырылды.

 

ғасыр сҮргеН ғазиз

Абыз ақынның өңіріміздегі он күндігінде жас жазба ақындар 

арасында екі бірдей облыстық, бір қалалық мүшәйра өтті.  Ең алды-

мен, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған 

«Жамбыл оқулары» байқауына 18-30 жас аралығындағы әр аудан-

нан келген 14 үміткер қатысты. Барлық қатысушыларға байқаудың 

бірінші кезеңінде Жамбыл Жабайұлына арнаған өлеңін, екінші 

бөлімде ақынның бір жырын жатқа айту талабы жүктелді. Оларға 

Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер 

одағының  мүшесі,  облыстық  «Ақ  жол»  газетінің  директор-бас 

редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы,  ақын, облыстық қазақ драма 

театрының  директоры  Болат  Бекжан,  М.  Х.  Дулати  атындағы 

ТарМУ-дың кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Сәмен Құлбарақ, 

облыстық «Арай» жастар газетінің директор-бас редакторы Гүлнұр                                                                                                                          

Ембердиева, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, 

қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Нұржан Қадірәлі қазылық 

етті. 

Жарық тапқан жүрегі бұлқынарға,



Ғасыр сүрген ғазизім ұмтылар ма?!

Қырдан шыққан күндей боп шуақ шашып,

Абыз Жәкем жасайды ұлты барда!-деп жырлаған жас ақын 

Нұрболат Сатымқұл үзеңгілестерін басып озып, бас жүлдені иеленді.  

1-орынды Тараз қаласы атынан қатысқан Қонысбай  Ембергенов, 

2-орынды Шудан келген келген жас ақын Асқар Қожағұлов, 3-орын-

ды сарысулық Бекайдар Аманбаев қанжығаға басты. Жүлдегерлерге  

бағалы сыйлықтар табысталып,  жеңімпазға республикалық байқауға 

жолдама берілді. Байқау аяқтала салысымен, қалалық мәдениет 

үйінде екінші облыстық дода басталды. Облыс әкімдігінің жастар 

саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған «Жыр алыбы – 

Жамбылым!» атты мүшәйраға қатысуға 20-дан аса өтініш түскен 

екен. Дейтұрғанмен, бұл жолғы байқауда да жас ақын Нұрболат 

Сатымқұлдың өлеңі жоғары бағаланып, 1-орынға лайық деп таныл-

ды. Айта өтсек, Нұрболат екі байқауға бір-бірінен бөлек екі өлең 

алып келген. Сондықтан, байқау шартына қарсы ешқандай мәселе 

туындаған жоқ. Ал 2-орынды Жуалы ауданының атынан қатысқан 

Нұрболат Жолдасбек, 3-орынды  тараздық Қонысбай Ембергенов 

пен Талас ауданынан келген Ерімбет Нұрланұлы еншіледі. Байқауға 

қазылық еткен қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас 

редакторы Эльмира Мырза-Ғали өз сөзінде сонау Мәскеу жастары 

құрметтеп, айбарын асқақтата тойлап жатқанда,  жыр алыбының 

жамбылдық жастар үшін ерекше қадірленуі керектігін баса айтты. 

Ал басқарма басшысы Еркебұлан Құралбаев жас ақындардың абыз 

жырауға арнаған өлеңдерін топтап, жинақ қылып шығаруға уәде 

берді. Бұл байқауда жеңімпазға Жамбылдың мерейтойына арнайы 

дайындалған домбыра, ал жүлдегерлерге бағалы кітаптар табыс 

етілді. Қос бірдей облыстық дүбірлі додадан кейін дәл осындай 

шартпен қалалық байқау ұйымдастырылып, М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ-дың  студенті  Файзулла  Төлтай  бас  жүлдені  иеленіп, 

Шымкент шаһарында ұйымдастырылған республикалық Жамбыл 

оқуларына жолдама алды. Айта өтсек, Тараздың атынан қатысқан 

Файзулла Шымкентте өткен ол байқаудан 1-орын иегері атанып, 

жеңіспен оралды. 



ҰлТ МақТаНышы

Өмірі ғасырды, өнері мәңгілікті бағындырған қарт жыраудың 

мерейтойына орай «Баласағұн» ОКЗ-да «Жамбыл – жырдың өшпес 

өнегесі» атты салтанатты жиын өтті. Шараны ашып берген Жам-

был облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков 

жауынгерлік рухтың жаршысы болған, ел бірлігін нығайту жолында 

мәңгілік өнегелі жырлар қалдырған ақынның тауқыметке мойымаған 

тағылымды тағдырын тілге тиек етті.

-  Жамбыл  тауы  етегінде  дүниеге  келген  бабамыздың  170 

жылдығы - облыс халқы үшін мерейлі мереке. Себебі біздің өңір 77 

жыл бойы Жамбылдың есімімен аталып келеді. Ал облыс орталығы 

60  жыл  бойы  аты  аңызға  айналған  ақынның  есімімен  аталды. 

Сондықтан да өңірде ұйымдастырылған тағылымды шаралардың 

барлығы - ақынның өлмес рухына деген тағзым. «Ұлы Жамбыл 

қазақтың дәстүрлі әдебиетінің, аса дарынды асқақ өкілі» деп Елбасы 

атап көрсеткендей, ұлтымыздың мақтанышы, ұшқыр ойдың иесі 

кешегі Ұлы Отан соғысы жылдары тұсында да еңсесі езілген елдің 

рухын көтерді. Ақынның жыры Ұлы Жеңістің гимніне айналды,-

деп Бекболат Серікбекұлы Жамбыл жұртын айтулы мерекемен 

құттықтады. 

Бұдан әрі ҚР Мәдениет қайраткері, драматург Әлібек Әмзеев, 

ТарМПИ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, 

ф.ғ.д. Тұрсынай  Әбдіқадырова сөз сөйлеп, ақынның өнегелі өміріне 

қатысты танымды пікірлерін көпшілікпен бөлісті. Ал Тараз жастары 

абыз ақынның өлеңдерін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жатқа 

оқып, көрермен қошеметіне бөленді. Жиын Қазақ ұлттық аспап-

тар оркестрі мен  «Тыңда, дала, Жамбылды» атты республикалық 

жыршы-термешілер байқауының жеңімпаздарының орындауында 

ұлттық сарындағы концерттік бағдарламаға жалғасты. 

аңызға айНалғаН, 

заМаНы қайрағаН...

Апта соңында облыс тұрғындары шаһарымыздағы Жамбыл 

Жабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. 

Рухани рәсімге облыс басшылығы бастаған барлық басқармалар, 

қалалық бөлім басшылары, ақсақалдар мен жастар түгел қатысты. 

Облыстық мүшәйра жеңімпаздары Жамбылға арнаған жырларын 

оқыса, мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Бұдан 

әрі  жиналған  жұртқа  «Баласағұн»  ОКЗ-да  арнайы  мерейтойға 

орай «Қазақстан» ұлттық телеарнасы арнайы әзірлеген 4 сери-

ялы тарихи драма көрсетілді. Жаңа туындының тұсауы кесілер 

тұста  облыстық  «Қазақстан-Тараз»  телеарнасының  директоры                                                   

Мейрамбек Төлепберген сөз сөйлеп, көрермендерді жаңа  түсірілімге 

қатысты  деректермен  таныстырып  өтті.  Жалпы  фильмде  Жам-

был  Жабаевтың  шығармашылығы  мен  өмірлік  жолы  толықтай 

көрсетіліпті. Экранда тек қана тарихи кейіпкердің өмірбаяны емес, 

сонымен қоса ХХ ғасырдың ортасындағы еліміздің сол дәуірдегі 

шынайы көрінісі бұған дейін көп айтыла қоймаған ұлы тұлғаның 

өмірінен алынған қызықты деректер көрсетілген. Телесериалдың 

негізгі көріністері табиғаты әсем Алматы облысының Үшқоңыр  

баурайында, Жамбыл облысы мен Мәскеуде түсіріліпті. Жамбыл 

рөлін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар 

сыйлығының лауреаты, актер, әнші, композитор, драматург  Байғали 

Есеналиев ойнап шыққан. Фильмнің режиссері – «Лавэ», «Жеңіс 

семсері», «Қазына» және тағы басқа кинотуындыларды түсiрген 

Әнуар  Райбаев.  Картинада  сонымен  қатар  Айгүл  Үлкенбаева 

(Дина Нұрпейісова), Ілияс Тұрманов (Лаврентий Берия), Әйгерім 

Сәменова (Күләш Бәйсейітова), Жоламан Әміров (Жабай), Ерген-

бай Әбуев (Сүйінбай), Нұрбек Мұқыш (Кенен Әзірбаев), Боранбай 

Молдахметов (Мұхтар Әуезов), Қанат Жүнісов (Сәкен Сейфуллин), 

Кентай Ақүрпеков (Темірбек Жүргенов), Бақыт Беделхан (Бауыржан 

Момышұлы) мен тағы да басқа танымал актерлер ойнайды. Жаңа 

туынды жамбылдық жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Хандықтың тойы халықтың тойы №41 (1276)

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет