2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сұхбаттасқан 

Индира БАЙҚоНЫС.

Айман КӘРІМОВА,

Облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық  саясат жөніндегі 

комиссиясының хатшысы:

 «Әйел АнА, Әйел дАнА қАшАндА!»

 

„

соңғы он жылдықта еліміздің қоғамдық 



саяси өмірінде әйелдердің белсенділігі артқаны 

байқалады. Бұл елбасы Н.Назарбаевтың 1998 

жылы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі 

ұлттық комиссиясын құруымен тікелей 

байланысты. Осы жылдардың ішінде комиссия 

әлемнің нұрына баланған нәзік жандыларға 

қатысты түрлі мәселелерді шешуге атсалысып 

келеді. Осы орайда, облыс әкімдігі жанындағы 

әйелдер істері және отбасы демографиялық  

саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы айман Өмірзаққызын сөзге 

тартып, әулиеаталық арулардың отбасындағы және қоғамдағы рөлі 

турасында тілдескен едік... 

9

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз  2016 Жыл  //

ҚұраҚ көрпе

Желідегі жазбалар

 

Әйелі таң ата үйіне келеді де, күйеуіне достарының 



үйіне қонғанын айтады. Күйеуі тексеру үшін әйелінің 

ең жақын он досына қоңырау шалады. Оның бесеуі 

«қонған жоқ» деп айтса, қалған бесеуі басқа жерде 

көргенін айтады. Бұл - әйелдер достығы.

Күйеуі үйіне таң ата келеді. Ол да түнде досының 

үйінде болғанын айтады. Әйелі тексеру үшін күйеуінің 

ең жақын он досына телефон шалады. Оның бесеуі «иә, 

біздің үйде қонды» десе, қалған бесеуі «әлі ұйықтап 

жатыр» деп айтады.

* * *


Бір сұлу қыз көшеде кетіп бара жатып, аяғы 

сүрініп құлап түсіпті. Сол маңда тұрған бір топ жігіт 

қарқылдай күліп жіберіпті. Орнынан тұрып, үстін 

қағып тұрған қыз жігіттерге қарап:

- Бұл маңда ер адамның болмағаны қандай жақсы 

болды! Әйтпесе, ұят болатын еді...,- депті.



Құрақ көрпені құраған Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Келін болып ғұмыр кешіру... 

Інім жұмыс бабымен сыртта, әкем түзде, мен қалада. Үйде 

таңсәріден кеш қарайғанша шешем жалғыз қалады. Бар ермегі- 

құстары. Тауықты бағып-қағып, күрік тауық балапан ашса, ала 

қойып, басқа жұмыртқа салып, сол тауықтың жағдайын жасап, 

бірнеше  рет  балапан  бастырады.  Анда-санда  тауық  бағып 

жүрген таяғын лақтырып жіберіп: «Құдай-ау, қашан балапан 

емес, бала бағам?» - деп жылап қоя беретін. 

Сөйткен жалғызы шешесіне: «Үйленейін деп жүрмін» - деп 

16 жасар қызын көрсетеді. Үрпиген балаусаға қарап: 

- Құдай-ау, мынауың балапан ғой?! Қой, уылжып тұр екен. 

Тым жас! - депті 9-сыныпты жаңа бітірген қызға қарап. 

Сонда інім: 

- Ой, мама, қойыңызшы тегі!Сіз жылда балапан бағасыз, 

демде тауық болып кетеді ғой...,-деп жеңіп кеткен еді.

17-ге толар-толмас қалалық ерке қызға келін атану рас, 

ерте-тін. Жазда отау құрды. Жазық дала, табиғат аясында 

шөп шабуға шықты. Жаз айларында Билікөл жағасында бір-

екі ай уақытша қоныстайды. Сондай жайма шуақ күндердің 

бірінде әкем жас келінді бұлаққа жұмсайды. Кешігіп кеткен 

келіннің соңынан өзі шығыпты. Сол сәт анам адуынды әкем 

шыдамсыздығына басып, келінге тіл тигізіп қоя ма деп, соңынан 

тұра жүгіреді. Сөйтсе, халатының ішінен киген ұзын балақты 

«штанын» түріп тастаған келін құрбақаға қамыс салып, үрлеп 

жүр екен...

Әкемді көре сала: «Папа, қараңызшы үрлей берсең жа-

рылады» - депті. Әкем сасқанынан теріс бұрылып үйге қайта 

беттейді. Мамам бетін шымшып, «енді бір дау шықпаса игі» деп 

отағасының бетіне жалтақтап, соңынан ереді. Әкем үйге кіре 

сала темір-терсек салынған сөмкесін ақтарып: «Әй, кемпір! Біз 

обал жасаппыз! Балалығы қайтпапты мына келіннің... Екі-үш 

күн ойнасын, тамақты өзің әзірле! Суықтап қалар, құрбақаны 

қолымен ұстамасын, мына торды апарып бер» - деп темірден 

тор жасап берген екен... 

Келіннің  құрсағына  бала  бітіп,  мәре-сәре  күй  кештік. 

Жалғызының өрісі кеңейетініне разы болған пейілмен әкем: 

Тұңғыш  немере  атасының  баласы  болады,-  деді. 



Ағыл-тегіл жылаған келінім: 

- Ия, сізге! Біреу жаны қиналып туады, ал біреу алып қоям 

дейді! Бермеймін баламды,- деп ботадай боздайды. Бәрі бір 

шаңырақтың астында өмір сүріп жатқанымен ісі жоқ: «Папам 

тұңғыш немере менікі болады деп айтты» - деп туа туғанша 

жылап жүрді...

Ия, келінімді жас дедік. Оң-солымды танып, отызға таяп 

жанұя құрған маған не жорық?... Құрсағыма бала біткенде 

базарға барып, өз аяғымның өлшемі 35 болса да, арнайы 39-

шы аяқ киім сатып алдым. Сатушы киіп көргенімде: «Бұл сізге 

тым үлкен ғой» деп таңдана қарады. Тұңғышымды көтеріп, 

көңілім алай-дүлей күй кешкен күйі: «Мен жақында нәрестелі 

болатын едім» - деп қымсына жауап бергенім әлі есімде... Сонда 

нәресте құрсақта! Ал құрсақтың табанға қатысы қанша екеніне 

миым жетпепті ғой... Ал қызымды босанғаныма 3-ші күні 

перзентханадан сұранып шығып, жаңа туылған 1 жарым келі 

қызыма балағы «кала-кала» джинсы шалбар іздеп , табанымды 

тоздырғаным ше?..

Кейде жаңа түскен келіндердің адамдардан жаңылысып, 

шатасып  қалуы  да  шатақ,  дау  тудырып  жатады.  Беташар 

бітісімен, келін шайға жиналған көрші-қолаң, туған-туысқа 

дастархан жайып, жас келін босағаға отырады. Шай құйып 

отырып, жанында отырған күйеуіне еркелегісі келіп кетсе керек, 

қос қолдап құшақтай алады. Жұрт жалт қарайды да, жанында 

отырған күйеуі қолын итеріп, сасып қалса керек, атып тұрыпты. 

Сөйтсе, құрбым күйеуін емес, інісінің жейдесін үстіне киіп келе 

салған қайын ағасын құшақтап алған екен...

Бір құрбым тұрмысқа шықты.  Әке-шешесінің ерке елігіндей 

болып өскен қыздың жағдайын білмекке анасына қоңырау 

шалдым. Сонда анасы: «Ой, ол жынды қызға қанша ұрыссам 

да,    сөзім  өтпей,  ұятқа  қалдым.  Өткенде  қоңырау  соқсам, 

үйленгеніне бір апта болған қызым: «Үйде қайын інім, абы-

сыным, олардың бала-шағасы көп қой. Шай жасап енді ішейін 

десем «жише шай, келін шай» деп кесесін бере береді, бере 

береді. Бәріне қайта-қайта шай құйып отырып, өзім шай ішіп 

үлгере алмай жатсам, атам бата береді де, бәрі орнынан тұрып 

кетеді. Сосын шыдай алмай кеттім де, аяғымды созып жіберіп: 

«Не «жише», «келін» дей бересіңдер?! Жише адам емес пе не? 

Әлде маған шай ішуге болмай ма? Өздерің ішсең болды, тұрып 

кетесіңдер. Мен не сонда, шай ішпей жүре берем бе өстіп?!»- деп 

айғайлап жыладым. Содан бері шайды атам, мен, апам үшеуміз 

«спальныйда» ішеміз. Олар мен ішіп болғанша орындарынан 

тапжылмай күтіп, қарап отырады» - депті. 

Бағзыда әжем айтушы еді: «Бір байдың қызы тым ерке, 

мақтаншақ болған соң, құда түсушілер алмай кетеді екен. Оң 

босағада отырып қалыпты. Сонда жеңгелері тағы бір жігіт құда 

түсуге келмек болғанын естіп, қызға орынсыз сөйлеп, күлуге 

тыйым салып, үнсіз отыруын талап етеді. Құдалар түсіп, арқа-

жарқа болады. Үнсіз ғана майысып отырған қыз бәріне ұнайды. 

Сөйтіп, жанары жәудіреп, артық ауыз сөз айтпаған момақан 

қызды құдалар шай үстінде жата кеп мақтай беріпті, мақтай 

беріпті. Сонда мақтаншақ қыз мұншалықты мадаққа шыдай 

алмай: «Аяғымды сүтке малып алайын ба?» - деген екен... 

Е, қыз болып дүние есігін ашқан адамға, келін болып ғұмыр 

кешіру оңай деймісіз?..

Әйелге құрмет 

Көктем. Әне-міне 8-ші наурыз мейрамы да жақын. Көше 

бойлап үй іздеп  жүрмін. 28-ші үй тұр. 30-шы үй тұр. Алайда 

29-шы үй ұшты-күйлі жоқ. Ерсілі-қарсылы жүргіншілердің бірі 

арғы жақты нұсқаса, бірі бергі жақты көрсетеді. Соңымнан тық-

тық еткен дыбыс шықты. Қолына темір таяқ ұстаған азамат аяқ 

жолын бағамдап келеді екен. Көзінде қара көзілдірік. 

- Мына жер немене өзі,- деді күбірлей сөйлеп. Лай суды 

таяғымен түртпектеп түсінбей тұр екен. Қолынан ұстап құрғақ 

жерге алып өттім де, тағы алға озып, жүргіншілерден 29-шы 

үйді сұрастыра бастадым. Жөн сілтер ешкім жоқ. Сұлу қыз 

құлағындағы  «наушнигін»  алмастан  басын  қиқаң  еткізді. 

Соқталдай жігіт көп ойланбастан басын шайқап, ол да өз жөніне 

кетті. Сатушы апай да: «Мынау 28, мынау 30-шы үй. 29-ды 

білмейді екем»,- деді. Жөн сұрап аялдап тұрып қалғанымда, 

аяңдап басып зағип кісі де жақындап қалыпты. 

- Не сұрап жүрсің, айналайын?- деді.

- Жәй,- дей салдым. «Көзіміз шырақтай біз білмегенді, 

зағип жан қайдан білсін» деген оймен.

- Айтып көр, білетін шығармын,- деді қасыма келе бергенде 

қара көзілдірігін қолына алған кісі. Қос түйір ақ моншаққа 

айналған жанардан қара түнектің азалы әні естілгендей жүрегім 

шым ете қалды. «Көңілі үшін айта салайын» деген оймен:

- 29-шы үйді,- дедім.

- Бері кел,- деді ол көзілдірігін қайта киіп жатып. Мен қасына бардым. 

Қолымен қолымды ұстады да, 30-шы үй жаққа қарата созып:

- Анау 30-шы үй. Ал анау 28-ші үй. Бұл екі үйдің арғы қуысындағы 

дүкенді көрдің бе?- деді. 

- Ия,-дедім барлай қарап. 

- Сол дүкеннен ары оңға бұрылсаң, 29-шы үй тұр. Қай пәтер керек?

-57...

Іштей күбірлеп әлденені санап тұрды да: -Онда үшінші подъезд, 



төртінші қабат болатын шығар,- деді.

- Сіз бәрін біледі екенсіз. Тура айттыңыз,- деппін таңданысымды 

жасыра алмай. 

- Білмегенде! Бәрін көріп те тұрмын. Бағаналы «көзі көрмейді ғой» 

Қызы бардың назы бар

Айтып, айтпай жақсы көру

Ұстазы тақтаға «Анашым, 8-ші наурыз мейрамыңмен!» деп жазып 

қойды. 1-ші сынып оқушыларының қолында қағаз, қайшы, желім. Әр бала 

өз анасына арнап гүл жасап, ақ қағазға жапсырып жатыр. Барлығы барын-

ша ұқыптылықпен, нәзіктікпен жасап отыр.  Үнемі тапсырманы алғашқы 

болып орындауға талпынатын Диляра ғана сабақ соңына дейін ақ қағазды 

түртпей ойға шомып отырды да қойды. Ұстазы мән-жайды білмек болып:

- Иә, неге түк жасамай отырсың?- дегенде ғана:

-  Сіз  тақтаға  «Анашым,  8-ші  наурыз  мейрамыңмен»  деп  жазып 

қойдыңыз ғой, - депті жанары жасаурап.

- Ия, басқа қалай жазу керек?

- Сіз жазған «Анашым» сөзінің орнына «Әжетай» деп жазсам болады 

ма?

- А, сен әжеңнің қызы екенсің ғой. Өзің біл,- деп ұстазы басынан си-



папты. Сөйтіп, 8-ші наурыз күні анам қызымнан маңдайында «Әжетай» 

деген жазуы бар ең қымбат сыйлық алыпты...

Осы әңгімені Диляраның нағашы әжесі, менің анам әңгімелеп жатқанда 

орнынан бір тұрып, бір отырған қызым: 

- Маматай, мен сіздің атыңызды да жазғанмын. Бірақ ешкім оқи ал-

масын деп гүлдердің астына тығып жаздым. Әжемді айтып, сізді айтпай-

ақ жақсы көремін ғой, - деп түрлі-түсті қағаздан қиылып жасалған гүл 

жапырағын ашып көрсетті... Расында, «Анашым» деп жазылып тұр екен.

деген оймен менен сұрамай, әркімнен сұрап таппай жүрсің, ә? 

Еее, үш күннен соң тозаққа да үйренесің. Үйде отырғанша бір 

пайдам тисін деп жүрген жайым бар, айналайын. 

- Қалай бәрін жаттап алғансыз?- дедім тағы да.

-  Ой,  ер  азаматқа  бұл  да  сөз  боп  па?  Менің  әйелім 

балаларының жиналысына қатысып көрмеген. Бәріне өзім 

барамын. Әйелім жұмыстан келгенше ас әзірлеп, үй де жинап 

қоямын. Әйелдер әлпештеу үшін жаралған ғой. Оларға күш 

салуға болмайды, оларды құрметтеу керек!

- Жұбайыңыз бақытты екен! - дедім. 

- Бақытты ету үшін алдық қой сіздерді. Әр мейрамда гүл 

сыйлап тұрамын. Міне, 8-ші наурызға раушан гүлдеріне тап-

сырыс та беріп қойдым.

- Жарайсыз, аға! 29-шы үйде тұрасыз ба? 

- Жоға. Білген жерімді сұрастырып жүргеннің арқасы ғой. 

Әйтпесе, мен басқа мөлтек ауданнанмын. Таза ауада тыныстап, 

барар жеріме жаяу барып келу - әдетім,- деді зағип жан. Бұл 

жолы оның жанарынан қара түнектің азалы әні емес, өмірге 

деген махаббаттың лаулап жанған шырағын көріп тұрдым!.. 

Менің әйелім 

сіздің үйде 

қонды ма? 


сайлау-2016

10

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз  2016 Жыл  //



№8 сайлау округі бойынша жамбыл облыстық 

мәслихатының депутаттығына кандидат 

Төлтебай Олжабайұлы Нышанбаев

№8 сайлау округі бойынша жамбыл облыстық 

мәслихатының депутаттығына кандидат 

Оңғар серік Оңғарұлы

Өмірбаян

М е н   Н ы ш а н б а е в   Т ө л т е б а й 

Олжабайұлы  1954  жылы  1  сәуір  күні 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш 

ауданы, Полторацкое ауылында дүниеге 

келдім, үйленгенмін, 3 балам бар. 

1961  жылы  ОҚО,  Сарыағаш 

ауданындағы    Амангелді  атындағы 

орта  мектеп  табалдырығын  аттап,  

оны  1971  жылы  тәмамдадым.  1972-

1977  жылдар  аралығында  Жамбыл 

Гидромелиоративтік-құрылыс  инс-

титутында  «инженер-гидротехник» 

мамандығы  бойынша  білім  алдым. 

1999-2000  жж.Еңбек  және  әлеуметтік 

қатынастар академиясында «құқықтану» 

мамандығы бойынша білімімді жалғадым. 

1977-1979 жж. - Ташкент қаласында  

«Союзгипрорис» жобалау институтында 

инжинер-гидротехник. 

Ал 1979-1980 жж. - Ташкент қаласында 

«Узбектрансгазстрой»да    «ПМК-2» 

Тресінде шебер-прораб. 

1980-1982 жж. - «Казюжмежхолхоз-

строй» «ПМК-309»  шебер-прораб.

1982-1983жж. - «Узбектрансгаз»-да 

«ПМК-2» Тресі шебер-прораб. 

1983-2001 жж. - Жамбыл станциясын-

да ЖІІБ-да  қызмет еттім.

2001 жылы запастағы подполковник 

шенінде отставкаға шықтым.

2001-2007 жылдары  - Жамбыл стан-

циясында «ӘТЖК» АҚ-да заңгер.

2007 жылдан бері жеке кәсіпкермін.



Өмірбаян

Оңғар Серік Оңғарұлы 1973 жылы 

8 ақпанда Тараз қаласында туған. 1999 

жылы  Д.Х.Дулати  атындағы  Тараз 

мемлекеттік  университетін  «инже-

нер-механик»  мамандығы  бойынша 

бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Тараз 

қаласындағы  Тәжірибе-механикалық 

зауытында қарапайым жұмысшы болып 

бастаған. 

1991-1993  жылдар  аралығында 

отандық әскер қатарында болған.  

1993-1994  жылдары  -  «Жамбыл» 

қонақ үйінде жабдықтаушы. 

1994-1996 жылдары  - «Энергоре-

монт» ЖШС-інде жабдықтаушы.

1996  жылы  Алматы  қаласындағы 

«Тұмар» сақтандыру компаниясында бас 

маман болып істеген.

1997-2000 жылдары - «Латон-Полис» 

сақтандыру компаниясы директорының 

орынбасары.

2000-2002 жылдары - «АТФ-Полис» 

сақтандыру  компаниясының  жетекші 

менеджері, Алматы қаласы.

2002-2009 жылдары - «НСК» (Тараз 

қ.) сақтандыру компаниясының дирек-

торы. 


2010  жылдан  бері  «Сәлем» 

сақтандыру компаниясы филиалының 

директоры қызметін атқарады. 

Үйленген, 4 баласы бар.



сайлауалды 

бағдарламасы

«Нұр  Отан»  партиясының  атынан 

Жамбыл  облыстық  мәслихатының 

депутаттығына  ұсынылуымды  маған 

артылған үлкен сенім деп есептеймін.  

Облыстық мәслихаттың депутаты болып 

сайланған жағдайда облыс тұрғындарының 

құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға 

тырысамын. 

Еліміз бүгінде дамудың даңғыл жолына 

қадам басты. Барлық салада өрлеу мен 

өркендеу бар. Мұның бәрі де Елбасымыз 

жүргізіп  отырған  салиқалы  саясаттың 

жемісі. Дегенмен, алда атқарылар істер 

де  ауқымды.  Егерде  сайлаушылар 

сенім білдіріп, қолдау көрсетіп жатса, 

бірқатар жұмыстарды жүзеге асырсам 

деп  ойлаймын.  Осы  бағытта  өзімнің 

сайлауалды бағдарламамды жасадым. 

Жетістікке  жету  үшін  төмендегі 

мақсаттарды іске асыру қажет:

- отандық тауар өндірушілерді қолдау;

- агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің 

бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Әлеуметтік салада:

- салауатты өмір салтын қалыптастыру, 

таза ауыз сумен қамтамасыз ету, әрбір 

азаматтың экологияға деген мәдениетінің 

деңгейін көтеру;

- жаңа жұмыс орындарын құру арқылы 

жұмыссыздықпен күресу;

-әрбір  зейнеткердің  лайықты  өмір 

сүруін қамтамасыз ету;

Тараз  қаласында  қоршаған  орта-

ны  қорғауға,  санитарлық  тазалыққа, 

тұрмыстық  және  өндірістік  қатты 

қалдықтарды  жоюға,  тал  –теректер 

отырғызуға,  арықтық  суару  жүйесін 

қалпына келтіруге күш саламын. 

Экологиялық  таза  қала  тұрғындар 

денсаулығының кепілі болып саналады. 

Отанымның  патриоты  және  заң 

құрметтеуші  азамат  ретінде  өзіме 

жүктелген  өкілеттік  шеңберінде 

облыстық бюджет қаражатының мақсатты 

жұмсалуына бақылау жасайтын боламын. 

С ы б а й л а с   ж е м қ о р л ы қ п е н , 

жұмыссыздықпен күрес, менің сайлауалды 

бағдарламамның маңызды бөлігі болмақ. 

Сайлау округіне қарасты елді мекенде 

жаяу жүргіншілер жолағының құрылысына, 

көшелердің  жарықтандырылуына 

облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға 

ықпал ететін боламын. 



сайлауалды бағдарламасы

Еліміз бүгінде дамудың даңғыл жолы-

на қадам басты. Барлық салада өрлеу мен 

өркендеу бар. Мұның бәрі - Елбасымыз 

жүргізіп  отырған  салиқалы  саясаттың 

жемісі. Дегенмен, алдағы атқарылар істер 

де ауқымды.

Жамбыл  облыстық  мәслихатының 

депутаттығына  ұсынылуымды  маған 

артылған  үлкен  сенім  деп  есептеймін.  

Облыстық мәслихаттың депутаты болып 

сайланған жағдайда облыс тұрғындарының 

құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға 

тырысамын.  Егерде  сайлаушылар  сенім 

білдіріп, қолдау көрсетіп жатса, бірқатар 

жұмыстарды жүзеге асырсам деп ойлай-

мын. 

Жетістікке  жету  үшін  төмендегі 



мақсаттарды іске асыру қажет:

- отандық тауар өндірушілерді қолдау;

-  агроөнеркәсіп  кешені  өнімдерінің 

бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

-шағын және орта кәсіпкерлік саласын 

дамыту үшін лизинг және несие жүйесімен 

жаңа техникалар алу механизмін жетілдіру; 

-  болашағы  зор  сала  ретінде  туризм 

индустриясын дамыту үшін инфрақұрылым 

құру;


Әлеуметтік салада:

-  жастар  және  балалармен  мақсатты 

түрде жұмыс жүргізу, олардың бос уақытын 

тиімді пайдалану:

- салауатты өмір салтын қалыптастыру, 

таза  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету,  әрбір 

азаматтың экологияға деген мәдениетінің 

деңгейін көтеру;

- жаңа жұмыс орындарын құру арқылы 

жұмыссыздықпен күресу;

-әрбір  зейнеткердің  лайықты  өмір 

сүруін қамтамасыз ету;

-ұлтаралық татулық пен рухани келісімді 

нығайту бағытында жұмыс жүргіземін. 

Облыста  қоршаған  ортаны  қорғауға, 

санитарлық тазалыққа, тұрмыстық және 

өндірістік қатты қалдықтарды жоюға, ағын 

су жүйесін қалпына келтіруге күш саламын. 

Отанымның  патриоты  және  заң 

құрметтеуші азамат ретінде өзіме жүктелген 

өкілеттік  шеңберінде  облыстық  бюджет 

қаражатының  мақсатты  жұмсалуына 

бақылау жасайтын боламын. 

С ы б а й л а с   ж е м қ о р л ы қ п е н ,  

жұмыссыздықпен күрес, менің сайлауалды 

бағдарламамның маңызды бөлігі болмақ.

Елді  мекендерде  жаяу  жүргіншілер 

жолағының  құрылысына,  көшелердің 

жарықтандырылуына облыстық бюджеттен 

қаржы қарастыруға ықпал ететін боламын.



Өмірбаян

Әбиев Мейірхан Жамбылханұлы 1978 жылдың 30 сәуірінде, 

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында, көп балалы от-

басында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Қазақ, түрік, орыс тілдерін 

меңгерген.

1998 жылы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз 

мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша 

тәмамдаған. Жұмыс өтілін «ИП Абиев» жеке кәсіпкерлік ашу-

дан бастаған. Ұжымның негізгі қызметі облыстағы әлеуметтік 

мекемелерді тамақ өнімдерімен жабдықтау болған. Ұжым бұдан 

бөлек халық тұтынатын химиялық және косметикалық өнімдерді 

саудалаумен айналысқан.

2004  жылы    «Құрылыс-2004»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігіне  жабдықтау  қызметіне  тағайындалған.  2008 

жылы  Әбиев  Мейірхан  Жамбылханұлы  «AYAN  RECORDS» 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашты. Мекеменің  негізгі 

жұмысы  -  қала  тұрғындарын  құрылысқа  қажетті  заттармен 

қамтамасыз ету. Үйленген, бір ұл, үш қыз  тәрбиелеп, өсіріп отыр. 



сайлауалды бағдарламасы

- Қаладағы белсенді азаматтардан құралған қоғамдық кеңестің 

құрылуына септік тигізе отырып, өңірдегі келелі мәселелердің 

шешімін табуға атсалысу.

-Қаладағы жасыл желектің заңсыз кесіліп, жойылуына  жол 

бермеу.


-Жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету жүйесін 

қалыптастыруға атсалысу.

-Халық  бірінші  кезекте  тұтынатын  тамақ  өнімдерінің 

қымбаттамауын және құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы 

биліктің жұмысын кеңес арқылы қадағалауға мүмкіндік туғызу.

-«Жасыл Ел» бағдарламасына сәйкес, жастарды қала эко-

логиясын жақсарту мақсаттарында, жасыл желектерді көбейту 

жұмыстарына тарту.

-Халықтың  құқықтық,  салық  алымдары  тұрғысындағы 

сауаттылығын арттыру мақсатында азаматтармен семинарлар өткізу.

- Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы  темекі шегу, есірткі 

мен алкогольдік ішімдіктерді  тұтынуға жол бермеу.



№21 сайлау округі бойынша жамбыл облыстық мәслихатының  депутаттығына кандидат 

Мейірхан жамбылханұлы әбиев

Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.

Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.

Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.

11

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз 2016 Жыл  //

сайлау-2016

Өмірбаян

Досов  Рустем Амантаевич 1985 жылы 

28 ақпанда Тараз қаласында дүниеге кел-

ген. Ұлты – қазақ.

2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Та-

раз мемлекеттік университетін «инженер- 

систематехник»  мамандығы  бойынша 

тәмамдады.

2007-2008жж.  әскери қызметін өтеді.

2008  жылдан  бері  кәсіпкерлікпен 

айналысады.

Үйленген, 1 ұл тәрбиелеуде.



сайлауалды бағдарламасы

1. Мемлекеттік ТКШ бағдарламасын  

жүзеге асыру:

Өмірбаян

Битуғанов  Қайрат  Тұрғанғалиұлы 

1966 жылы 11 наурызда Тараз қаласында  

дүниеге келген. Мекенжайы: Тараз қаласы 

Пушкин көшесі, №66/2.

1 9 8 7   ж ы л ы   А л м ат ы   Х а л ы қ 

шаруашылық институтына түсіп, 1993ж. 

«жоспарлы  экономика»    мамандығын 

алдым. 

1984 – 1986ж.ж.  СССР Қарулы күштер 



қатарында борышымды атқардым.

Еңбек жолын 1991жылы МКФ «Ақ 

Жайық». 

1993-2013ж.ж. - «Кулан ТБ» ЖШС 

директоры. 

2013 жылдан –  «БиНус» ЖШС ди-

ректоры.

Отбасылы, екі қыз, екі ұл тәрбиелеуде. 

- көп пәтерлі үйлердің жертөлелері 

мен  шатырларын  мемлекеттік 

бағдарлама аясында жөнделуіне ықпал 

ету;


-  коммуналдық  жүйелердің 

жөнделуін  және  ауыстырылуын, 

және үйлердің қасбетінің жөнделуін 

қадағалау;

-  ТКШ  жұмысының  тиімділігін 

арттыру.


2. халықтың әлеуметтік қорғалмаған 

топтарын қолдау:

- жергілікті деңгейде мемлекеттік 

әлеуметтік  бағдарламаларды  жүзеге 

асыру;

-  жұмыссыз  азаматтардың  санын 



азайту;

-  көп  балалы  отбасылар  мен 

мүгедектердің  әлеуметтік  жағдайын 

мемлекет  назарында  ұстап,  олардың 

әлеуметтік  жағдайларын  жақсартуға 

атсалысу.

3. Аулалар мен спорттық және ба-

лалар ойын алаңшаларын абаттандыру:

-  халықты  салауатты  өмір  салты-

на баулу мақсатында, аула клубтары 

мен  спорттық  және  балалар  ойын 

алаңшаларының  құрылуына  жағдай 

жасау және жасөспірімдердің рухани 

байлығын көтеруге әрекет жасау;

- көп пәтерлі үйлерге кіреберіс және 

көше жиегіндегі жолдарды жөндеуден 

өткізуге ықпал ету;

- х а л ы қ т ы ң   с а н и т а р л ы -

эпидемиологиялық нормаларын сақтау 

мақсатында  қоқыстың  дер  кезінде 

шығарылуын қамтамасыз ету.


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Хандықтың тойы халықтың тойы №41 (1276)

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет